Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері

0
25606

Мақсаты: Зерттеу әдістерімен таныстырып, оларды іріктеп алу кезеңін ұйымдастыру мен сүйенетін принциптерін көрсету.
Жоспар:
1.    Зерттеу әдістері және олардың жіктелуі.
2.    Зерттеу әдістерінің жалпы сипаттамасы.
3.    Эксперимент әдісі және оны жүргізу принциптері.
1. Зерттеу әдістемесінің дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл әдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайлылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық және эмпирикалық әдістер тобынан құралады. Әдістердің тұтастай бір бөлігін қолдануда назарға алынған проблема жан – жақты айқындалады, оның біршама қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамадан өзгешелігі – бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нәтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс — әрекет жолдары мен тәсілдерінің өзі. Әдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бәрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тә»жірибені зерттеу әдістері; 2) теориялық зерттеу әдістері, 3) математикалық әдістері.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тәжірибесін зерттеудің жолдары. Зерттеуге озат тәжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тәлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс  қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тәжірибені зерттеу барысында келесідей әдістер қолданылады: бақылау, әңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық және шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.
2. Бақылау – зерттеу барысында дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді:міндеттері мен мақсаттарын айқындау;

1)    бақыланатын объект, оның элементтерін және ситуацияларын тандастыру;
2)    бақылау және оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы әрі тиімді тәсілдерді іріктеу;
3)    байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру;
4)    жинақталған ақпараттарды өңдеу және дәйектеу.
Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау – зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық және жасырын бақылау; тұтастай және таңдамала ыбақылау.
Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай әдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нәтижеге зерттеушінің тұлғалық — әлеуметтік жеке – дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайлылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.
Сұхбат әдісі – қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мәнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тәсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Әңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға әлеуметтану саласынан – интервью алу. Бұл әдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.
Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе – бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы тиіс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат – қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу – тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар ақпараттармен қаруланады.
3. Эксперимент — белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.
Білім беру жүйесінде эксперимент деген түсінік-«іздену», «іздену жұмыстары», «тәжірибе», «тәжірибелі эксперименттік жұмыс», «зерттеу жұмыстары» т.б.
Педагогикада эксперимент деп нені атайды ?
Эксперимент- болжауды (гипотеза) тексеру.
Эксперимент-бір ізденушімен шығарылған әдістеме немесе жаңа шарттармен жасалған технология , өлшем жүйесі.
Эксперимент- білім мекемесіндегі іздену жұмыстары.
Эксперимент-мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау.
Эксперименттеу ,демек ол даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар   және білім саласында ізденушілер.
Эксперименттік алаң- бұл болашақта мектептің дамуына жол сілтейтін , бірақ қазіргі уақыттағы қажеттілігі байқалмайтын процесс.
Эксперименттік жұмыс білім мекемесіндегі кешенді көп функциялы әдістердің әртүрлі міндеттерді шешуді және шығармашылық қабілет деңгейлерін көрсетеді:
Модификациялық- белгілі әдіс –тәсілдерді өзгеіске ұшыратып, түрлендіріп, жаңашаландырып көрсету.
Комбинаторлық-   жаңа элементтерді танымал бұрынғы әдістермен кіріктіру. ( бұл тиімді эффект береді немесе жаңа технология туындайды)
Радикалдық   — (инновациялық) принципті түрде жаңашылдықты тудыратын наваторлық жағынан қарау,бұрын –соңды қайталанбаған жоба.
Эксперимент деңгейі
Зерттеу жұмысының сұрау деңгейі мен білімінің дамуы үшін нәтиженің маңыздылығы деңгейімен анықталады. Бір ғана білім беру ордасында бірнеше эксперимент жүргізілуі мүмкін. Мысалға қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе бейіндік білім беру және бейін алды дайындау. Бейін алды дайындау бірнеше деңгейде өтуі мүмкін.
Республикалық, облыстық – Қазақстан субъектілік деңгейінде бейіндік оқытуды енгізуді басқару.
Облыстық,қалалық – оқушылардың бейін алды дайындығын ұйымдастырушы білім ордаларының тығыз байланыс моделдерін құру және апробациялау.
Қалалық, аудандық – бейіндік, бейін алды дайындау бойынша оқушылардың оқудағы нәтижелерін бағалау жүйесін құру.
Мектепішілік – білім ордасында бейін алды дайындықты оқушы іске асыруына арналған жеке оқу жоспарын құру және апробациялау.оқушылардың бейін алды дайындығы үшін таңдалынған курс бағдарламалары, оқыту әдістемелері, формалары мен мазмұны, моделдері жасалуы керек.
Егер сіз өлкелік – эксперименттік аймақ мәртебесін таңдасаңыз, онда эксперименттің проблемалық шешімдері өлкетану бағдарламасын дамытудағы білімге арналуға міндетті. Ал егер басқасын таңдасаңыз, қалалық – аудандық деңгейге сай бағдарлама құрасыз.
Белгілі бір білім ордасында эксперименттік аймақ ашу үшін, басқару ұйымдары міндетті түрде ұсыныс жасаған авторлардың эксперименттік құжаттарына экспертиза жүргізу керек.Эксперименттік аймақ ашу үшін сұраныс жасалынып, таңдалынған эксперименттік жұмыс бойынша бағдарлама құрылуы керек.
Бұл екі құжатта эксперименттің толық мазмұны ашылып, негізгі сұрақтары алдын – ала өтетін экспертизаға ұсынылады.
Егер бұл документтердің біреуі жоқ болса немесе эксперименттік жұмыстың нәтижесімен болмысын толық деңгейде көрсете алмаса, онда эксперт материалдарды толықтыру үшін қайтарып тастауы мүмкін.
Автор эксперттік топтың құрамына ене алмайды. Сұраныстың және бағдарламаның алдын – ала экспертизасы – эксперименттік істің құндылығын болжайтын процесс. Сұраныс — бұл ұсынылып отырған эксперименттік жұмыстың жарнамасы,сондықтан ол сұраныс берушілердің ойынан шығуы тиіс.Ұсыныс жасаушы автордың жобасын іске асыру үшін, нақты уақыт берілуі керек және материалдық — техникалық қамсыздандыру керек, экспериментке дейінгі жағдайымен салыстырылып отыруы керек.
Экспертиза жүргізуші маманның міндеті:
—   жобаның ерекшілігі
—   белгілі технологиялардың ұсынылуы
—   жобаның жаңалығы
—   ұсынылатын мониторингі
—   бағалау механизмі
—   жобаның болжамы
—   жобаның нәтижесі
Эксперттерге нақты сараптама жасау үшін төмендегі сұраныс және бағдарлама мәтінін төмендегі ұсынытарға бағыттай отырып жасауға болады:
Сұраныс ережесінің мазмұны
·  білім жүйесін дамыту үшін эксперименттің маңыздылығы
·  экспериментке келісім берген нақты білім ордасы туралы мәлімет / заңды және факты бойынша мекен – жайы, байланыс телефоны, электронды поштасы/
·  автор туралы мәлімет / аты-жөні, қызметі, жұмыс орны, пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны, басқа да байланыстары/
Эксперименттік бағдарлама құрылымы:
·  эксперименттік жұмыстың тақырыбы
·  эксперименттік жұмыстың мақсаты
·  негізгі идеялары
·  гипотезасы
·  экспериментті бастаудағы қажетті басқарушылық – ұйымдас-тырушылық, педагогикалық және басқа шарттар негіздері
·  эксперименттік шығармашылықты қамтитын, оқу- методикалық жоспарлары, зерттеу жұмыстары, нәтижелерді қамтамасыз ететін бақылау әдіс-тәсілдері және эксперимент этаптары, олардың мазмұны мен мерзімі
·  алдын-алу өнімі /эксперименттік жұмыстың нәтижесінде алынған ғылыми, оқу-методикалық және басқа өнімдер/
·  эксперименттің идеясын таратуда, практикалык қорытындысында пайда болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар және білімдегі кемшіліктер мүмкіндігі
·  эксперимент нәтижелерін тарату мүмкіндіктері
·  қажетті қаржыландыру көзі және материалды- техникалық , ғылыми, кадрлық есеп
Проблеманың қойылымы:
Сұраныстың кіріспе бөлімінде «Ұсыныстың қай негізге сүйенетіндігі», «Негізгі идеялары», «Эксперименттің концепциялық негізі» т.б, эксперименттің көкейкестілігі берілуі керек. Сіз осы жобаның көмегімен қандай нақты проблемены шешетініңізді ұсынасыз. Эксперименттік бағдарламаны іске асыру үшін проблеманы білу маңызды. Проблема Сіздің сұраныс берушілеріңіздің (білім алушылар) қажеттілігін шешу керек. Бірақ, егер сіздің кадрларыңыздың потенциалы, мектебіңіздің материалды – техникалық базасы жоқ болса, ол проблемаға жатпайды. Бұл эксперимент қандай жалпы педагогикалық проблеманы шешетінін нақтылау керек. Ол үшін статистикалық дәлелдер, үкімет органдарының өкілдерінің құжаттары (әсіресе локальды ), нақты қандай міндеттерді шешетіндігіңізді анықтаңыз.
Проблеманы суреттеу барысында:
· сіздің шешкелі отырған проблемаңызды сол оқу орнының міндеттерімен логикалық байланыстыру
· сіздің қолда бар ресурстарыңызбен нақтыланған мерзімде, барлық проблемаларды шешуге шамаңыз жететіндігіне сенімді болуыңыз керек
· қосымша материалдардың көмегімен проблемалардың санын нақтылайсыз: статистикалық мәліметтер, мониторингтер, мамандарды зерттеу т.б.
· проблемаға реалистік көзқараспен қарау: барлық проблеманы бірден 2-3 жылда шешіп тастаймын деп ойламаңыз.
Алдын – ала баға беру немесе сұранысқа экспертиза жасау
Бұл процесс барысында, сіз ұсынған проблеманың барысын болжау және анықтау жүргізіледі. Сіз эксперименттік жұмысты ұйымдастыруды жоспарлай отырып, белгілі бір өнім /продукт/ құрудың нәтижесін қарастырасыз.
Құжаттарды толтыру барысында мынадай ұсыныстар береміз:
—   Сөйлемдері қысқа, және сол саладағы маман емес адамдарға түсінікті болу керек, ғылыми терминдерді пайдаланбау керек.
Эксперимент тақырыбын қалай таңдау керек немесе көкейкестілігі
Сіз экспериментті бастау үшін негіз болған проблемалар ортасын анықтадыңыз (мысалы ):
· ұсынылған эксперименттік тәжірбиелік жұмыстың қажеттілігі қандай сұраныстан туындайды
· дәстүрлі жолдан шығып жаңаша ізденуге мәжбүрлейтін қарама – қайшылықтар
Енді эксперимент тақырыбын құрастырамыз.Тақырып – эксперименттік зерттеудің бейнесі. Бір проблеманы эксперименттік жұмыста бірнеше тақырыппен көрсетуге болады. Сондықтан тақырыпты нақтылап алу керек.
Эксперименттің негізгі сатылары мен жобалау бағдарламасы
(сатылы бағдарлама, мониторинг)
1. Диалностикалық – экспериментті өткізу барысында проблеманы анықтау және сараптау;
2. Болжау – Экспериментальды жұмыстың мақсатын нақтылау, ЭЖ бағдарламасының жоспарын толықтыру, сараптаудың критерилерін көрсету (мониторинг бағдарламасы), нәтижесін болжау; жобаның ішкі және сыртқы сараптамасын жүргізу;
3.   Ұйымдастыру – экспериментальдық жұмыстың мерзімдеріне түзетулер егізіп отыру,кадрларды дайындай, әдістемелік қамсыздандыру және қатысушылар арасындағы қызметтерін бөлу;
4.   Практикалық — өзіндік экспериментік жұмыстың мониторингі (бастапқы, соңғы және ағымдағы өлшемдер)
5.    Жалпылау — Алынған мәліметтерді талдау, сипаттау және басылымдарға шығару;
6.    Енгізу (Внедренческий) – тәжірибе алмасу, құрылған технологияларды тарату.
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері дегеніміз не?
2. Бақылау әдісі, оның түрлері, жүргізілуреті қандай?
3. Эксперимент дегеніміз не, оның міндеті, мақсаты, түрлері?
4. Эксперименттік бағдарлама құрлымы қандай?
5. Эксперименттің негізгі сатыларын сипаттаңыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Жексенбаева Ү.Б.Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.А.,2005.
2. Брежнова Е.В,Краевский В.В.Основы учебно-исследовательской деятельности студентов. – М.,2005.
3. Загвязинский В.И,Поташник М.М.Как учителью подготовить и провести эксперимент. – М.,2004.
4. Кухарев Н.В.Педагог-мастер,педагог-исследователь.Гомель,1992.
5. Беспалько.В.П.Слагаемые педагогической технологии-М.,Педагогика 1989ж


ПІКІР ҚАЛДЫРУ