Философия. Таным. Ғылыми таным

0
5095

Тақырып. Таным. Ғылыми таным.\r\n\r\nНегізгі мақсаты: Ғылыми танымның мәні мен құрылымын, теориялық сипатын түсіндіру, практиканың маңыздылығын дәлелдеу.\r\n\r\nНегізгі түсініктер: метод, методология, эмперика, эксперимент, фальсификация, синтез, анализ, индукция, дедукция, идеализация.\r\n

    \r\n

  1. Таным, қоғамдық процесс.
  2. \r\n

  3. Таным процесінің негізі.
  4. \r\n

  5. Сезімдік және логикалық таным
  6. \r\n

  7. Ақиқат теориясы.
  8. \r\n

  9. Ғылыми таным логикасы мен методологиясы.
  10. \r\n

  11. Ғылым этикасы.
  12. \r\n

\r\nАқыл парасат, сана – сезім иесі ретінде адамның ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып – білуге деген ерекше ұмтылыс. Адам айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғи әлемді танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үнілнді, қасиеттерін анықтайды, даму заңдылықтарын біледі, өзінің орнын, басқа адамдармен қарым – қатынасын белгілейді.\r\n\r\nБасқашаайтқанда, таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ңшкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады.\r\n\r\nФилософиядағы тиянақты идеалистік ағым жалпы алғанда дүниені танып – білуге болатындығын мойындайды.\r\n\r\nДиалектикалық материализмнің таным теориясының метафизикалық материализмінің таным теориясының ең басты екі айырмашылығы бар: ол, біріншіден, таным теориясына практика жайындағы ілімнің енгізілуі, екіншіден, таным теориясына диалектиканың қолданылуы.\r\n\r\nДиалектикалық материализмнің таным теориясы қоғамдық практиканың негізінде дамитын және шындықты қоғам мүдделері үшін практикада қайта құру мақсатын көздейтін таным процесінің заңдылықтарын зерттейді.\r\n\r\nСонымен диалектикалық материализм таным процесінде бейнелеу принципін басшылыққа алады. Ал бейнелеу дегеніміз айнаның бетінен шағылысқан көру емес, оған механикалық тұрғыдан да қарауға болмайды. Бейнелеу – таным – білуге тиіс объекті мен танушы субъектінің арасындағы күрделі қарым – қатынас процесі.\r\n\r\nСөйтіп, танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сонда – ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынайтарды таным объектісі ретінде қарастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айлады. Бақаша айтқанда, таным объектісі дегеніміз материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым – қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс — әрекет барысында субъекті игерген бөлігі.\r\n\r\nТаным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Таным процесінің негізінде адамның объективті дүниеге тигізетін белсенді әсері жатады. Себебі таным адамның объективті құбылыстарымен байланысына, оларға тигізетін әсеріне және оларды өзгертугіне байланысты дамып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, таным дүниенің белсенді әрі нысаналы бейнеленуі деп қарастыруға болады. Қоғамдық практика таным процесінің қозғаушы күші болып табылады. Ол өмір сүру, іс — әрекет жасау барысында адамдардың алдына ұнемі шешуін талап ететін проблемалармен міндеттер қойып отырады.\r\n\r\nҚорыта айтқанда, таным процесіндегі субъект – объект, объект – субъект қатынастары, адамның ой санасы мен сыртқы пактикалық қызмет арқылы байланысқан. Таным болмыстың жай ғана бейнесі емес, ол адамның практикалық қызметі барысында іске асады.\r\n\r\nТаным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз.\r\n\r\nАқиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады.\r\n\r\nАқиқат дегеніміз не? Аристотель өзінің «Метафизикасында” ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттармен құбылыстардың адам санасында бейнеленуі деп түсінді. Дегенмен ол ақиқаттың дәйекті материалистік ұғымын бере алмады.\r\n\r\nШын мәнінде, ақиқат дегеніміз біздің біліміміздің бізден тысқары түрған объектіге сәйкес келуі, оның санамызда дәл көрініс тауып, бейнеленуі. Ақиқатөа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс.\r\n\r\nЕгер объективті ақиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның тұсінігі сол ақиқатты бірден, толығы мен, тұтасынан объсолютті тұрде емес, тек шамамен, біртіндеп, салыстырмалы тұрде ғана білдіреді. Бұл жерде салыстырмалы ақиқат пен объсолютті ақиқаттың ара қатынасын көреміз.\r\n\r\nСонымен, ақиқат теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді: 1) ақиқат — әлеуметтік процес; 2) объективті ақиқатты мойындау – объсолютті ақиқатты мойындау деген сөз; 3) ақиқат барлық жағдайда нақты; 4) практика – ақиқаттық жалпы өлшемі; 5) ақиқатты тану – қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.\r\n\r\nТаным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылған процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында тұрлі әдістер мен тәсілдер қолданыланына өзінен — өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз белгілі бір мәселені шешу үшіни таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әететтер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу.\r\n\r\nҒылыми танымның әдістері өте көп, әрі сан салалы, себебі танып білудің объектісі болып табылатын материалдық және рухани дүниенің өзі көп түрлі, сан салалы. Дегенмен, ғылыми танымның барлық әдістердің шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2)жалпы ғылыми әдістер. Олар ғылымның барлық саласвнда пайдаланылғанымен, таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді; 3) жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады.\r\n\r\nҒылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпириалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктерімен әдістері бар. Эмпириялық деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет түрғысынан қабылданады.\r\n\r\nТеориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстарымензаңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.\r\n\r\nҒылыми танымның эмпериялық деңгейінде кең қолданылатын ең қарапайым әдіс – бақылау деп аталады. Оның мәні – зерттеу объектісін белгілі бір мерзім арлығында нысаналы ұйымдасқан тұрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді қадағалау. Келесі әдіс – эксперимент – ғылыми тәжірибе деп аталады. Оның ерекшелігі – зерттеліп жатқан объектіге адамның, зерттеушіні тікелей әсер етіп, ондағы процестерге арласуы.\r\n\r\nОсы заманға кең пайданылатын әдістердің бірі – модельдеу. Модельдеу дегеніміз эксперименттің бір түрі, бірақ мында объектінің өзі емес, оның орнын басатын модель зерттеледі.\r\n\r\nҒылыми теоррияның қалыптасуы барысында гипотезаның маңызы зор. Гипотеза – ғылыми тұрғыдан дәйектелген болжамға негізделген теория. Әрине, кез келген болжам гепотеза бола алмайды.\r\n\r\nҚысқасы, ғылыми жолы – қиын жол, инемен құдық қазғандай. Ғылыми танымның жеңісіне үлкен ізденіс, қажылы еңбек, шыдамдылық, терең білім жеткізеді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ