Халесова Роза Гарифуллиевна 1956 жылы 30 наурызда Атырау облысы Новобогат ауданы, Новобогат (қазіргі Исатай ауданы, Х.Ерғалиев) ауылында дүниеге келген. 1963 жылы осы ауылдағы Амангелді атындағы орта мектебіне қабылданып, 1973 жылы орта мектепті бітірген. Осы жылы Батыс Қазақстан облысы , А.С.Пушкин атындағы пед.институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түсіп, 1977 жылы аяқтап, туған жерінде ұстаздық қызметін бастаған. 1979-1986 жылдары аудандық айтыстарға қатысқан. 1983жылы отбасын құруымен байланысты Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданына келіп, ұстаздық қызметін жалғастырған. 2009 жылдан Астана қаласы № 56 мектеп-лицейінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Абай-Шәкәрім» клубының меңгерушісі.
Білімі: Жоғары Бітірген оқу орны: 1977 жыл, А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық инст. қазақ тілі және әдебиеті факультеті
Біліктілік санаты: Жоғары (1993 жылдан бері)
Жоғары марапаты: «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі ,1993ж
Педагогикалық еңбек өтілі: 40 жыл
2009-2015ж. Астана қаласы, № 56 мектеп-лицей, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, «Абай-Шәкәрім» клубының меңгерушісі
2008-2009ж. Орал қаласы, ББЖ КБА және КДИ институты, «Ұстаз» журналының редакторы
1997-2008ж. Батыс Қазақстан обл, Жәнібек ауданы, Ұзынкөл орта мектебі, жоғары санатты мұғалім
1994-1997ж. Жәнібек ауданы, Ұзынкөл орта мектебінің директоры
1990-1994ж. Жәнібек ауданы, Ұзынкөл орта мектебі, оқу ісінің меңгерушісі
1989-1994ж. Жәнібек ауданы, Ұзынкөл орта мектебі, қаз. тілі әдебиеті пәні мүғалімі.
1983-1989ж. Жәнібек ауданы, Тегісшіл орта мектебінің қаз. тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
1982-1983ж. Атырау обл, Новобогат ауданы, Ақтоғай орта мектебі оқу ісінің меңгерушісі
1977-1982ж. Атырау обл, Новобогат ауданы, Амангелді орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Басылымдарда жарияланған материалдары
«Тәрбие және білім» республикалық педагогикалық журнал №2 «Балажан ақын және балалар» мақала 2015жыл, маусым
«Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемелігі» республ-ғылыми әдістемелік журнал №1(4) «Оқушылардың оқырмандық қасиетін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі» атты мақала, 2014 жыл
Ғылыми-көпшілік «Қазанат» журналы «Тәуелсіз Қазақстанның балаларға арналған басылымдары» мақала 2014 жыл,қараша
«Астана ұстазы» респуб.-ғылыми әдістеме журнал №2 Ұстаз шығармашылығы Өлеңдер топтамасы жарияланды
Қызығушылықтары: Өзі оқытатын ақын өлеңдерін жатқа айту; тіл оғыландарының ой салар сөздерін теріп жазу; көңілдің күйі келгенде өлең шығару, кітапханадан рухани азық алу.
Өмірлік ұстанымы:
-Сөзден кесте тігетін, өлеңнен өрнек тоқитын, ақылын айна қылып, ана тіліне адал болар ұрпақ тәрбиелеу.
-Адам жүрегі тербетіп, ақылы таразылап, тілі кестелеп айтатын сөз өнерін меңгерту.
Алға қойған мақсаттары, арманы:
Салт-дәстүрін сақтайтындардың,
Ақын жырын жаттайтындардың,
Еңбегімізді ақтайтындардың,
Ұстазы болсам деймін.
Өз ақындарын білетіндердің,
Жырын ойға түйетіндердің,
Тіліне жаны күйетіндердің,
Ұстазы болсам деймін.
Осы мамандықты таңдау себептері:
1. Сыншыл әкенің айтқан сөзі: «Қызым, табиғатыңа ұстаздық жарасады. Ұстаз болсаң қор болмайсың, өйткені ол адамды тәрбиелейді».
2.Мектеп өмірінен әдебиетке,кітапқа деген қызығушылық пен қоғамдық жұмыс арқылы ұстаздық мамандықтың қыр-сырын білуім Балалармен жұмыста басты назарда нені ұстау керек? Оқушыларға жеке басыммен үлгі болу, сөз өнерінің құдіретін сезінуге ықпал ету. 3. Білімге, пәнге қызығушылығын арттыру жолдарын іздестіру.
4. Өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жетілдіру. Әдебиет пәні- ойлаудың, ойлантудың пәні. Оқыған материалы бойынша өз пікірі,түсінігін айтатын, сол пікірін оқулықпен ,қосымша ғылыми еңбектермен байытқан шәкірт тәрбиелеу .
4. Мұғалім мен оқушы арасында сенім қалыптастыру.
5. Кәсіби бағдар беру;
Өзіңіздің ұстаздығыңыздың өзгешеліктері
1.Өзім өлең жазатын болғандықтан, шәкірттерімді де әр түрлі тақырыпта өлең, ойтолғау, мақала, эссе ,ғылыми жоба, баяндама жазуға жетелеймін. Мектептегі «Абай-Шәкәрім»клуб-мұражайының және «Сөз өнері»үйірмесінің жетекшісімін
2.Кезінде тереңдетілген сыныпта теледидардың экранын алып тастап,ар жағынан сөйлеуге үйретіп, шәкірттерімді теледидар тіліне, жүргізушілікке әзірлегенім өз нәтижесін берді. Олар мектеп бітіргеннен кейін, журналист,әдебиетші- мұғалім ,тарихшы т. б. мамандық иелері болып абыройлы қызмет атқарса, олардың ішінен айтыскер, термешілер де шықты.
3.Бала қабілетін жетілдіріп, өзіндік ізденіске баулу бағытындағы іс-тәжірибем әріптестерімнің қажетіне жарайды деп ойлаймын. Ұрпақ зердесіне ұялар тіл көркемдігін арттырып, ой-өрісін кеңейту , сөздік қорын байыту мақсатында « Журналистика және поэзия» атты әдістемелік көмекші құралымды ұсындым. «Қолданбалы курс бойынша үздік оқу әдістемелік кешен» байқауының жүлдегерімін.
4. 40 жылдық ұстаздық қызметімде уақытпен санаспай олимпиада мен ҰБТ-ға үйден де даярлап, нәтижеге жетіп, әріптестерім мен шәкірттерімнің «Бүгінгінің Ы. Алтынсарині» деген бағасына қанағаттанған ұстазбын.
Астана қаласының мектептеріндегі білім сапасын одан да арттыру мақсатында қандай шараларды немесе қандай тың бастамаларды жүзеге асыру керек деп ойлайсыз?
1.Менің ойымша, оқу жоспарында көп пәнділікке жол бермеу қажет. Оқушы алдымен негізгі пәндерді ( гуманитарлық пәндер мен жаратылыстану бағытындағы пәндер) игеріп, осы ғылым негіздерінен өздері таңдаған пәндерді тереңдетіп оқу арқылы бағдарлы білім алуға қол жеткізер еді.
2.Тәрбие мәселесі бірінші орынға қойылып, халық педагогикасы арқылы ұлттық тәлім-тәрбие беруге қол жеткізу-қазіргі кезеңде ауадай қажет.
3.Бастауыш сыныпта көркем жазуға көбірек сағат бөлініп, жазу дағдысын төменнен қалыптастыруды жүзеге асырсақ.
4.Заман талабына сай кіріктірілген сабақтар өткізу жоғары сыныптар үшін тиімді