Шәкірт жүрегіне жол тапқан

0
2035
Ұстаз

Ұлағатты ұстаз Женіскүл Садуахасқызы туралы сөз

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенмен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім», – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы – қиыншылығы мен рахаты бір басқа жетерлік мамандық атаулының ұлысы. Білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың бірі – «Алпамыс Батыр» бөбекжай балабақшасының орыс тілі мұғалімі Жеңіскүл Садуахасқызы. Ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған Жеңіскүл Садухасқызы жайлы ерекше ілтипатпен айтуға болады. Ол – ұлағатты ұстаз. Себебі ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құя білген Жеңіскүлдей ұстаздың өмірі – болашақ үшін үлкен өнеге.

Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. Шәкірт ұстазға қарап өседі. Ол ұстазының білімін, берген тәрбиесін, кеңесін алады. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейеді.

Сүйікті кәсібіне жан-тәнімен беріліп, жүрек жылылығын, мерейлі шуағын, адамгершілік ұлылығын шәкірттерінің бойына дарыта білген Жеңіскүл Садуақасқызы балабақшамыздың орыс тілі пәнінің мұғалімі. Жеңіскүл Садуақасқызы балабақшамызға келгеніне аз уақыт болсада. Сол уақыт ішінде балаларымыздың жүрегінен өз орнын ала білді. Сонымен қоса балабақшамыздың бүлдіршіндері орыс тілінде әр түрлі тақырыпта жаңа сөздер мен өлең шумақтарын жақсы меңгерді. Ол — жауапкершілікті жете сезінетін ерекше еңбекқор жан.

Ендеше мұғалімінің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Әрине мұндай міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Сонымен қоса Астана қаласы «Шабыт» білім беру орталығы ұйымдастырған «Ұстазым-ұлағатым» атты республикалық сырттай байқауында «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша шәкірті Абишева Асылжан І дәрежелі дипломмен, Женіскүл апай жүлделі орын алған білім алушыларды дайындағаны үшін «Мақтау қағазымен» марапатталды. Алматы қаласы, «Жаңа ғасыр таланттары» интеллектуалдық, олимпиадалық шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Астана-ғажайып жыр» атты республикалық көркем сөз байқауына «Балапан жыршы» номинациясы бойынша шәкірті Абишев Жанасыл І дәрежелі дипломмен, Женіскүл апай жүлделі орын алған білім алушыларды дайындағаны үшін «Мақтау

қағазымен» марапатталды. Астана қаласы «Өнеге» интеллектуалды білім порталының Республикалық қашықтықтан өткізілген «Үздік ашық сабақ» байқауына қатысып, жүлделі І орынға ие болып, «Мақтау қағазы» және «Сертификатпен» марапатталды. Алматы қаласы «Skills academy» орталығы ұйымдастырылған online.test олимпиадасына қатысып, «Қазақстан ұстазы» төсбелгісімен марапатталды. Білім санаты республикалық ғылыми әдістемелік, педагогикалық ақпараттық электрондық журналына «В гостях у сказки» тақырыбында ашық сабақ жоспарын тапсырып, «Құрмет грамотасы», «Мәртебелі педагог» төсбелгісімен марапатталды, сонымен қоса ашық сабағы республикалық журналға жарияланды.

Ал осы шәкірт бойында оянған білім құштарлығы енді тұтанған шырақ секілді. Ең қиыны — осынау шырақты сөндіріп алмау. Ол үшін талмай еңбектену мен іздену қажет. Сонда ғана осы білім шырағы лаулаған жалынға айналары сөзсіз. Осы орайда менің ұжымымның жоғарыда аталған әрбір ұстазы – оқушыларының бойындағы білімге деген құштарлықтан туған шырақты жалынға айналдыра білген нағыз еңбекқор жандар.

Осы орайда өзім қызмет жасайтын Хатира Арубайқызы бастаған балабақша ұжымымдағы өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін барша әріптестеріме, яғни ұстаздар қауымына шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілеймін.

 

Абдужаббарова А.А.

Жетісай қаласы «Алпамыс Батыр» бөбекжай балабақшасының ағылшын тілі маманы 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ