Халықаралық валюта жүйесі

0
7520
\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Кіріспе\r\n\r\nХалықаралық валюта жүйесі\r\n\r\nХалықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері\r\n\r\nХалықаралық валюталық қор\r\n\r\n  Валюта бағамы: негізгі түсініктер\r\n\r\n  Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар\r\n\r\nВалюта бағамын реттеу құралдары\r\n\r\nҰлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау\r\n\r\nҚазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы\r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\nПайдалынған әдебиеттер тізімі 3\r\n\r\n5\r\n\r\n5\r\n\r\n9\r\n\r\n13\r\n\r\n13\r\n\r\n14\r\n\r\n \r\n\r\n16\r\n\r\n \r\n\r\n24\r\n\r\n28\r\n\r\n29

\r\nКіріспе\r\n\r\n \r\n\r\nЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы  халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.\r\n\r\nВалюта саясаты мәселесі, ұлттық валютаның айырбас бағамын қалыптастыру және әлемдік валюта нарығында оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары тәрізді валюталық қатынастарға Қазақстандағы нарық реформаларының байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.\r\n\r\nВалюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу  пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және  ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын  жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.\r\n\r\nЗерттеудің мақсаты және міндеттері. Курстық жұмысының мақсаты: Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, курстық жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:\r\n

    \r\n

  • ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
  • \r\n

  • сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;
  • \r\n

  • ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;
  • \r\n

  • валюталық тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы қаржы нарығының ықпал ету мүмкіндіктерін айқындау;
  • \r\n

  • экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында валюталық саясат механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
  • \r\n

\r\nЗерттеу объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның валюталық реттеуі.\r\n\r\nКурстық жұмысының құрылымы және көлемі. Курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.\r\n\r\n1 Халықаралық валюта жүйесі. Халықаралық валюталық қор\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1.1 Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері\r\n\r\n \r\n\r\nХалықаралық валюта жүйесі дүниежүзәләк нарықтың маңызды элементі болып табылады. Валюта жүйесін ұлттық және халықаралық валюта жүйелері деп ажыратады.\r\n\r\n¥лттық валюта жүйесі — белгілі бір елдегі,сол елдің заңдарымен анықталатын валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы.\r\n\r\nӘлемдік валюта жүйесі — мемлекет аралық келісімдермен бекітілген, тарихи қалыптасқан халықаралық ақшалай қатынастарды ұйымдастыру формасы болып табылады. Оның пайда болуы және дамуы халықаралық ақша саласында парапар шарттарды талап етуші капиталдың интернационализацияндырудың дамуының обьективті көрінісі ретінде қарастыруға болады.\r\n\r\nӘлемдік шаруашылық байланыстар — валюталық қатынастарды тұрақты жүйесіз елестету қиын. Валюталық қатынастар шаруашылық байланыстардың әр түрлі салаларында қызмет етеді.\r\n\r\nХалықаралық валюта жүйесі дүниежүзілік ақшалардың функциясын орындайды, атап айтқанда, әлемдік ақшалар айналдыру құралы, төлем құралы , байлық қорлану құралы ретінде қолданылады.\r\n\r\nХалықаралық валюта жүйесіне бірқатар құрылымдық элементтер тән, олардың ішінде аса маңыздылары :\r\n\r\n— халықаралық ақшалай тауар ;\r\n\r\n— халықаралық өтемпаздық;\r\n\r\n— валюта бағамы ;\r\n\r\n— валюталық нарықтар ;\r\n\r\n— халықаралық қаржы-валюталық ұйымдар ;\r\n\r\n— халықаралық келісім шарттар.\r\n\r\nХалықаралық ақшалай тауар — әрбір елмен, оның аумағынан әкетілген байлықтың эквиваленті ретінде қабылданады. Алғашқы халықаралық ақшалай тауар ретінде алтын болды. Кейіннен экономикасы жоғарғы дамыған елдердің валюталары әлемдік ақша болып қабылданды .\r\n\r\nВалюта — бұл халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылатын ақша. Оның негізгі екі түрі бар:\r\n\r\n— халықаралық сауда валютасы ;\r\n\r\n— халықаралық резервтік валюта .\r\n\r\nХалықаралық сауда валютасы — халықаралық сауда операциялардың бағалауы үшін қызмет етеді (тауарлар мен қызметтердің экспортты және импорты), ол өзі сату — сатып алу объектісі бола алады.\r\n\r\nХалықаралық резервтік валюта елдер арасындағы қатынастардағы халықаралық ақша айналымымен байланысты. Ол елдің валюта жүйесіне қажетті жағдайда көмек көрсетуге қолданылатын мемлекеттің валюта резерві.Сонымен қатар валюта белгілі бір критерийлер бойынша жіктеледі.Біз оны 1- кестеден көре аламыз.\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Критерий Валюталардың түрлері
валюта статусымен үлттық шетел халықаралық аймақтық
қолдану тәртібімен еркін айырбасталатын жартылай айырбасталатын айырбасталмайтын
валюталық операциялардың түрлерімен келісім бағасының валютасы төлем валютасы несие валютасы вексель валютасы
басқа валюталардың бағамына қатынасы бойынша күшті әлсіз

\r\n Кесте 1— валютаның жіктелуі\r\n\r\n \r\n\r\nНегізгілеріне назар аударсақ. Ұлттық валюта дегеніміз мемлекеттің заңымен тағайындалған сол мемлекеттің ақша бірлігі.\r\n\r\nШетелдік валютаға шетелдік банкноталар мен монеталар және банктік вексельдер мен чектер түрінде көрсетілген талаптар жатады\r\n\r\nОсыған қоса, резервтік валюта ұғымы аса маңызды.Резервтік валюта дегеніміз бұл мемлекеттің орталық банктері жинақтайтын және сыртқы сауда операциялар мен шетелдік инвестициялар үшін халықаралық есеп айырысуға сақталатын шетелдік валюта. Сондай валюталарға АҚШ доллары , неміс маркасы , жапон иенасы , фунт стерлингі жэне швейцария франкісі жатады .\r\n\r\nСонымен қатар валютаның маңызды үш түрі бар:\r\n\r\n1 Еркін — айырбасталатын валюта — елдердің әлемде өз валютасының айналысына шектеулер қойылмайтын сол елдердің валютасы\r\n\r\n2 Жартылай айырбасталатын валюта — елдердің белгілі бір шеңбер ауқымында халықаралық операциялар\r\n\r\nЗ Айырбасталмайтын — бұл елдердегі ерекше немесе әр түрлі шектеуліктерді іс-жүзінде қолданылатын сол елдердің валютасы.Мысалы: қандай да бір мемлекет валютаның әкеліп-әкетуге қарсы болуы.\r\n\r\nХалықаралық валюта жүйесінің тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылқтың құрылымына сай болуына тәуелді. Егерде дүниежүзілік шаруашылығының құрылымы өзгерсе, сонымен қатар халықаралық валюта жүйесінің формасы жаңаға ауысуы тиіс. 19 ғасырда пайда болып, халықаралық валюта жүйесі эволюцияның үш сатысынан өткен.\r\n\r\nАлғашқы халықаралық валюта жүйесі алтын стандарт жүйесі болған. Алтын стандарт жүйесі 1879 — 1934 жылдар аралығында әлемдік валюта жүйесінде қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді. Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды :\r\n\r\n— ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет ;\r\n\r\n— алтың қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет ;\r\n\r\n— алтынның экспорты мен импортына кедергілердің болмауы қажет.\r\n\r\nӘр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайты және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдіреді. Мысалы, АҚШ доллары = 25 грамм, фунт = 50 грамм, сонда 1 фунт = 2 доллар.\r\n\r\nБұл жердегі алтындық қатынасты есептегенде біз орауыштың құнын, тасымалдау шығындарын, сақтандыру шығындарын есептемейміз. Бірақ бұл шығындар үлкен емес. Біз 50 грамм алтынға мүндай шығындарды 3 цент деп есептейік. Бұндай жағдайда американдықтар бір фунт үшін 2,03 доллар төлейді. Бұл жағдайдан бағам үлкен болса Америкадан алтынның ағылуы басталады. Бұл нүктені алтынның экспорттық нүктесі деп атайды.\r\n\r\nАлтын Америкаға ағылу үшін бағам 1,97-ге дейін түсуі керек. Бұл бағамнан төмен бағам қалыптасқан жағдайда алтын Америкаға ағыла бастайды. Ал бұл нүкте алтынның импортттық нүктесі деп аталады.\r\n\r\nБұл жүйенің макроэкономикалық негіздерін қарастырайық. Мысалы, фунт пен доллар тепе-теңдік жағдайында деп алайық. Белгілі бір себептердің әсерінен фунтқа сұраныс артсын. Соның нәтижесінде Америка үшін бағам алтынның экспорттық нүктелерінен артып, алтынның елден ағылуы пайда болсын. Алтын стандартын алғашқы заңына сәйкес елдегі ақша көлемі мен алтын көлемі тең болып, Америкада ақша көлемі қысқарады, ал Британияда ақша көлемі керісінше үлкейеді. Ақша жиынының азаюы Америкада жалпы сұранысты азайтады және оның нәтижесінде ұлттық өндірістің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Оған қоса ақша жиынының азаюы пайыздық мөлшерлеме деңгейін үлкейтеді. Ал Британияда керісінше жалпы сұраныс деңгейінің, ұлттық табыс деңгейінің, жұмысшылар санының, баға деңгейінің өсуі байқалады. Ал банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі керіснше төмендейді. Осыдан барып фунтке деген сұраныс төмендеп, долларға деген сұраныс артады. Себебі арзан америкалық тауарлар британдықтардың салыстырмалы қымбат тауарларынан тиімді көрініп, доллар қажет бола бастайды және үлкен пайыздық мөлшерлеме инвесторлардың қызығушылығын тудырады. Осындай себептерден фунтқа деген сұраныс қайтадан бастапқы деңгейіне түседі. Бүл жүйенің нашар жағы:\r\n\r\n— жұмыссыздық деңгейінің өсуі;\r\n\r\n— жалпы сұраныс деңгейінің төмендеу жағдайына ұшырауы.\r\n\r\n1944 жылы АҚШ-тың Нью-Хемпшир штатының Бреттон-Вуд қаласында болған халықаралық бас қосуда (саммитте) «әсер етілетін байланған валюталык бағам жүйесі » туралы келісімге қол қойылды. Жаңа жүйе алтын стандарттын тиімді жақтарымен оның келіңсіз әсерін жоятын жүйе болуы керек. Бұл конференцияда — Халықаралық валюта қоры құрылды. Ол бұл жүйені қадағалау мен оған әсер ету қызметін 1971 жылға дейін жүргізіп келді.\r\n\r\nБүл жүйенің пайда болуына не әсер етті ? Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақсатында девальвацияға ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Мысалы, «а» және «б» елдері бар және «а» елі өз валютасының құның «б» елінің валютасына қарағанда арзан етіп, өзінің тауарларына сұранысты үлкейтті.Соның нәтижесінде таза экспорт ұлғайып, елдің өндіріс көлемі мен жұмыс орындары арта түсті. Бірақ өнімде «а» және «б» елдері жалғыз емес және олардың көбі өзін «а» елінің жағдайына жеткізгісі келеді. Сондықтан бұл жүйенің ең басты мақсаты — дүние жүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды.\r\n\r\nЕгерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиімділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.\r\n\r\nБұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп, әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда қиыншылықтарға ұшырамауын қамтамасыз етті.\r\n\r\nБұл жүйе неге жойылып кетті ? Оның себебі бұл жүйеде халықаралық валюта ретінде алтын немесе доллар қолданылуы қажет болды. Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:\r\n\r\n1 АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.\r\n\r\n2 Алтынның үлкен қоры құрап алды.\r\n\r\nОсы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бұл рөлді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағамен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша рөлін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігн жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба алмауынан 1971 жылы 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын (37 жыл бойы 35 доллар 1 унция алтынға тең болды) тоқтатты.\r\n\r\nБұл жүейні «реттеулі ауытқулы валюта бағамы» деп атаған дүрыс болады. Қалыпты валюта бағамын кейбір кезде Орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясаттын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі бағамды реттеді қажет етеді. Ал тапшылық немесе артықшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады.\r\n\r\nОсы жүйенің жақтаушылары мен қарсыластары да болған. Жақтаушылардың келтіретін дәлелі :\r\n\r\n— сауда көлемінің өсуі;\r\n\r\n— келеңсіз жағдайлардың басқарылуы.\r\n\r\nҚарсыластары бұл жүйенің келесідей кемшіліктерін айтуда :\r\n\r\n— ауыспалықпен бейімделу.Валюта бағамы экономикалық көрсеткіштер бірқалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отыруы ;\r\n\r\n— «жүйелі еместігі».\r\n\r\nҮшінші халықаралық валюталық жүйенің құрылымы 1976 жылдын қантарында Ямайканың Кингстон қаласында өткен жиналыста қабылданды. Осы валюта жүйенің негізі еркін айналымдағы валюталық бағам және көп валюталық стандарт болды.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1.2 Халықаралық валюталық қор\r\n\r\n \r\n\r\nХалықаралық валюталық қор дегеніміз ұйым мүше-елдері арасындағы валюталық-несиелік қатынастарды реттеуге және оларға валюталық,қаржылык қиындықтар жағдайында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы қаржылық көмек көрсетуге арналған халықаралық ұйым. Қор БҰҰ-ның арнайы ұйымы. Халықаралық валюталық қор 1944 жылы 1 шілде мен 22 шілде аралығында Бреттон-Вуд қаласында БҰҰ-ның өткен конференциясында құрылды.\r\n\r\nХалықаралық валюталық қордың басқару жүйесіне тоқтала кетсек, Халықаралық валюталық қордың басқару жүйесі Басқарушылар кеңесі, уақытша комитет, даму комитеті, атқарушы кеңес, басқарушы, персонал кіреді:\r\n\r\n— басқарушылар кеңесі — әрбір мүше-елдің бес жылға тағайындалатын өзінің басқарушысы мен оның орынбасарынан құралатын Халықаралық валюталық қордың жоғарғы басқару органы.Әдетте оларға қаржы министрлері немесе орталық банктердің басқарушылары жатады және олар сессияға жылына бір рет жиналады.\r\n\r\n— уақытша комитет. Атқарушы кеңестің шешімдерін іске асыру қызметін атқарады. Халықаралық валюталық қордың 24 басқарушысынан тұрады. Уақытша комитет жылына 2 рет жиналып, Басқарушылар кеңесінің алдында істелінген жұмыс нәтижелері мен болашақ жоспарлар туралы жауап ұстайды.\r\n\r\n— даму комитеті. Уақытша комитет сияқты Халықаралық валюталық қордың 24 басқарушысынан тұрады және Халықаралық валюталық қордың Басқарушылар кеңесінің алдында жауап ұстайды.\r\n\r\n— атқарушы кеңес. Басқарушылар кеңесінің өкілеттіліктерінің едәуір бөлігін атқарады. Сонымен қатар Халықаралық валюталық қордың мүше-ел қатынасында саясаттың кандай да бір мәселелерін шешумен айналысады.\r\n\r\n— басқарушы. Атқарушы кеңеспен ұйымның персоналына басшылық етеді. Басқарушы Халықаралық валюталық қордың күнделікті жұмысына жауапты. Басқарушы Атқарушы кеңеспен бес жылға тағайындалып,содан кейін қайтадан келесі мерзімге тағайындалуы мүмкін. Халықаралық валюталық қордың әр мүшесі СДР түрінде көрсетілген, квотаға ие. Квота мүше-елдер мен Қор арасындағы қаржылық және ұйымдастырушылық сипаттағы қарым-қатынастардың негізгі элементі болып табылады. Сонымен қатар ол ХВҚ мүшелерінің дауыс саның анықтайды және әрбір елге 250 базистік дауыс беріледі. Әрбір елге 1 млн. СДР үшін 1 дауыс қосылып отырады.\r\n\r\n2008 жылдың 1 қаңтарына ХВҚ-дың капиталы 217 млрд. СДР-ға тең болды. Ол қордың мүшелерінің жарналарынан құралады. Әдетте, әрқайсысы өз квотасының 25%-ын СДР-да немесе басқа мүшелердің валютасында, ал қалған 75%-ын өзінің ұлттық валютасында төлейді. Қор мүшелері арасындағы дауыстар әрбір мүшенің квотасының мөлшеріне байланысты бөлінеді. 2006 жылдың 16 маусымына дейінгі мәлеметтер бойынша ең көп дауыс иеленушілер:\r\n\r\n1 США-17.8%;\r\n\r\n2 Германия — 6.99% ;\r\n\r\nЗ Жапония-6.13%;\r\n\r\n4 Ұлыбритания — 4.95% ;\r\n\r\n5 Франция — 4.95% ;\r\n\r\n6 Италия-4.18%;\r\n\r\n7 Сауд Арабиясы — 3.22% ;\r\n\r\n8 Ресей — 2.74% .\r\n\r\nХВҚ-дың негізгі функциялары:\r\n\r\n— халықаралық сауданы кеңейту;\r\n\r\n— несиелендіру;\r\n\r\n— ақша айырбастау бағамдарын тұрақтандыру;\r\n\r\n— дебитор елдерге кеңес беру.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы мен Халыкаралық Валюта Қорының арасындағы кредиттік келісімдерге тоқталуын маңызды деп ойлаймын.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы мен Халықаралық Валюта Қорының арасында мынадай кредиттік келісімдер жасалды:\r\n\r\n1 1993 жылғы 2 ақпанда макроэкономикалық тұрақтылық және жүйелі қайта құру (SТF) үшін Қазақстан Республикасында 123.75 млн. СДР сомасына ресурстар беру бағдарламасы қабылданды.\r\n\r\n2 1994 жылғы 26 қаңтарда ХВҚ Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтылық және құрылымдық реформалар бағдарламасын мақұлдады және осы бағдарламаны қолдау үшін резервтік капитал (Stand-by) туралы алғашқы Келісімді жасады. 185.6 млн. СДР сомасына  1995-1996 жылдарға жаңа Келісімге қол қойып, Stand-by бағдарламасын кеңейту туралы шешім қабылдады.\r\n\r\n3 1996 жылғы 17 шілдеде EFF Келісіміне қол қойылды, осыған сәйкес Қазақстан EFF бағдарламасының іс-әрекет ету кезеңі ішінде Үкімет пен ҚҰБ қандай да бір валюталық шектеуліктерді енгізуге немесе күшейтуге, қандай да бір болмасын көптеген валюталық бағамдарды қолдануды тәжірибеге енгізуге немесе модификациялауға, Келісім Баптарындағы VIII Бапқа қайшы келетін. кез келген екіжақты төлем келісімдерін жасауға немесе төлем балансына байланысты себептер бойынша импортқа шектеулер енгізуге немесе күшеитуге тиіс емес деген міндеттеме алады.\r\n\r\n4 1999 жылғы 13 желтоқсанда 329,10 млн. СДР сомасына EFF -2 Келісіміне қол қойылды. Оның мақсаты мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту және халықаралық резервтерді жинақтау болып табылады.\r\n\r\n2000 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ХВҚ кредиттік желісі бойынша 295,8 млн. СДР мөлшеріндегі өз міндеттемелерін уақытынан бұрын өтеді.\r\n\r\nҰлттық Банк ХВҚ-ына апта сайынғы және ай сайынғы негізде монетарлық статистика жөнінде деректер ұсынады. Статистикалық деректер сондай-ақ ХВҚ-ының АКС-ға қатысты жыл сайынғы (сәуірдегі) миссиясы үшін, сондай-ақ қаржы тұрақтылығы көрсеткіштері бойынша (сұрақтарға жауап беру) ұсынылады.\r\n\r\nХВҚ Статистикалық Департаментінің Сарапшылары ақша-кредит статистикасын жасау жөнінде әдіснамалық мәселелер туындаған кезде консультациялық көмек береді.\r\n\r\nХалықаралық Валюта Қоры үш жылда 1 рет макроэкономикалық статистикаға, оның ішінде акша-кредит статистикасына 2003 жылы Қазақстанға қосылған ДТАС («Деректер таратудың арнайы стандарттары») жүйесіне сәйкес бағалау жүргізіледі. Бағалаудың негізінде «Стандарттарды және кодекстерді сақтау туралы есеп» (ROSC) жасалады.\r\n\r\nСоңғы рет ХВҚ-ның Стандарттарды және кодекстерді сақталуын тексеру жөніндегі миссиясы Алматыда 2006 жылғы караша желтоқсанда жұмыс істеді.\r\n\r\n2004 жылы ХВҚ-ның миссиясы инфляциялық таргеттеуді ендіру миссиясы бойынша техникалық көмек көрсетті.\r\n\r\n2008 жылы мынадай жұмыстар жүзеге асырылды:\r\n\r\n— Қазақстандағы ХВҚ миссиясының жұмысы шеңберінде (21-30 сәуір) миссия мүшелерімен ақша-кредит статистикасы мәселелері жөнінде талқылау өткізілді, миссияның жұмысы үшін материалдарды тексеру және дайындау жүзеге асырылды;\r\n\r\n— ROSC есебінің ақырғы нұсқасы тексерілді және оны жариялауға келісім берілді;\r\n\r\n— монетарлық статистика мен осы мәселеде техникалық көмек көрсету деректеріндегі айырмаға қатысты ХВҚ миссиясының басшысымен және мүшелерімен хат жазысу жүргізілді;\r\n\r\n— ХВҚ мен Әлемдік Банктің «Қаржы секторын бағалау бағдарламасы» деген бірлескен баяндамасындағы ақпаратты тексеру жүргізілді;\r\n\r\n—  ХВҚ мен Даму Банкінің экономика секторын нақтылау жөнінде хат алмасу жүзеге асырылды;\r\n\r\n— ұлттық шоттардың жаңартылған жүйесі жөнінде, ұлттық шоттар бойынша деректер ұсыну жөнінде ХВҚ-ның сұратуы бойынша есептер ұсынылды, ҚРҰБ деректемелері жөнінде ақпарат ұсынылды;\r\n\r\n— «ХВҚ-ның мүше мемлекеттермен өзара іс-қимылын бағалау: елдердін ресми органдарымен байланыс жасау» сауалнамасын толтыру бойынша ХВҚ-ның сұратуына жауаптар ұсынылды.\r\n\r\nСонымен қатар, ХВҚ ҚРҰБ қызметкерлерін БВИ-да, ХВҚ-да, РФ оқу орталығының базасында ақша-кредит статистикасының негіздерін жасаудын әдіснамалық негіздеріне оқытуды жүргізеді.\r\n\r\nХВҚ миссиясы ХВҚ Келісімі Баптарының IV Баптарына сәйкес жыл сайынғы консультацияларды жүргізу үшін жыл сайын Қазақстанға келеді.\r\n\r\n2008 жылғы 7 қарашада Банктік қадағалау жөніндегі жобаны қаржыландыру туралы Ұлттық Банк пен Халықаралық Валюта Қоры арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.\r\n\r\nХалықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының квотасын ұлғайту мәселесі жөнінде.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы Халықаралық Валюта қоры (бұдан әрі — ХВҚ) Келісімдерінің Баптарына 1992 жылғы 15 шілдеде қосылды. 1992 жылғы 11 қарашадан бастап Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының квотасы 247 500 000 СДР құрады. Осыған байланысты Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының жазылу шотына 247 500 000 СДР сомасына №1 Қазынашылық векселі шығарылды (1995 жылғы 27 ақпандағы №1 Қазынашылық векселі).\r\n\r\nХВҚ Басқарушылары Кеңесінің «ХВҚ мүше елдердің квоталарын ұлғайту жөнінде 11 жалпы шолу» 1998 жылғы 30 қаңтардағы №53-2 шешіміне сәйкес ХВҚ жарғылық капиталы 146,2 млрд. СДР-дан 212,0 млрд. ҚАҚ-ға дейін немесе 45% ұлғайды. Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, квоталар есептеу кезінде 1994 жылғы статистикалық деректер пайдаланылды. Қазақстан Республикасы үшін есептелген квота 365,7 млн. СДР күрады. СДР жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы квотасының үлғаюына байланысты 1999 жылғы 11 ақпанда ¥лттық Банк 118 200 000 СДР мөлшерінде квотаның жалпы үлғаю сомасына пайызсыз, берілмейтін №19018/50 векселін шығарды.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының ¥лттық Банкі Қазақстан Республикасынын ХВҚ жарғылық капиталындағы квотасын 62 100000 СДР мөлшеріне дейінгі сомаға вексель шығаоүлы камтамасыз етүі кажет.\r\n\r\n2.1 Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар\r\n\r\n \r\n\r\nВалюта — бұл тауар жэне эрбір тауардың бағасы болады .Влюта тауарының бағасы — валюта бағамы . Валюта бағамы белгілі бір елдің ақша бійлігін қандай да бір басқа елдің ақша бірлігімен салыстырғанда онын қжа;ылығы. Валюта бағамының негізгі рөлі:\r\n\r\n1 Халықаралық операциялар жүргізген кезде белгілі бір ақша бірліктерін баскшварға айырбасталу кажеттілігімен ;\r\n\r\n2 Халықаралык тауар нарығындағы бағалардың салыстыруымен, сонымен қатар әр түрлі елдердің көрсеткіштерімен ;\r\n\r\nФирмалардың,банктердің, үкіметтердің есеп шотының шетелдік валютаға кезеңдік қайта бағалауымен байланысты.\r\n\r\nВалюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :\r\n\r\n— валюта нарығындағы сүраным жэне ұсыным;\r\n\r\n— елдің төлеу қабілеттілігі;\r\n\r\n— төлем балансының сальдосы ;\r\n\r\n— инфляция.\r\n\r\nБұлардың ішіндегі маңыздылары:\r\n\r\n— инфляция екпіні;\r\n\r\n— пайыздық қойылымның өзгеруі ;\r\n\r\n— елдің төлем балансы ;\r\n\r\n— ұлттық табыс ;\r\n\r\n— жағдаятты факторлар .\r\n\r\nИнфляция екпіні және валюта бағамы. Басқа шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды эсер етеді.Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керіснше үлттық валюта бағамының жоғарлауына экеліп соқтырады.\r\n\r\nПайыздық қойылымның өзгеруі жэне валюта бағамы. Пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі эсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сүранымнын азаюына экеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады.Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік қүнын көбейтеді жэне ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне экеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.\r\n\r\nЕкінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын үстауь^өте табысты болады. Екі түрлі пайызды үтыс тігулердің өзгертуі валюталык бағытқа әсер етеді.\r\n\r\nСондықтан пайыздык қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей жэне кері пропорционлды эсер етеді.  Елдің төлем балансы жэне валюта бағамы. Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей эсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс үлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше үлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады.Төлем балансының валюта бағамына эсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дэрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғүрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғүрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.\r\n\r\nҰлттық табыс жэне валюта бағамы. ¥лттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тэуелсіз құрылым емес. Алайда үлттық табыстың өзгеруіне эсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да эсер етеді. Демек тауарлар үсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сүранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Үзақ мерзімді кезеңде үлттық табыс неғүрлым жоғарғы болса, соғүрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бүл үрдіс кері жүреді.\r\n\r\nЖағдаятты факторлар және валюта бағамы. Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде үлттық валюта бағамынын көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік жэне ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.\r\n\r\n \r\n\r\n2.2 Валюта бағамын реттеу құралдары\r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі эдіс бар :\r\n\r\n— валютаның еркін айналымдағы бағамы ;\r\n\r\n— тағайындалатын валюта бағамы.\r\n\r\nВалютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам үсыныс пен сүраныстың эсерінен қалыптасады.\r\n\r\nВалютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар :\r\n\r\n— түтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарларына леген тұтынушының талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, американдық машиналардың беделі артса, онда түтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль үсынысы көбейіп, арзандайды.\r\n\r\n— табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің үлттық табысы басқа елдердің үлттық табысына қараганда өсімі салыстырмалы жоғарғы болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты табыс деңгейіне қатысты болады.\r\n\r\n— бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты  болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы  арзан тауарларын  түлынуға  тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарларды түтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бүл екі жағдай бірігіп, теңгені қүнсыздандырады.\r\n\r\n— салыстырмалы нақты пайыздық қойылымының өзгеруі. Мүндай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нэтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық қойылым мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғарғы болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімлі елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені алуға итермелейді.\r\n\r\n— алыпсатарлық. Қазақстан экономикасында :\r\n\r\n1 Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар;\r\n\r\n2 Басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қаупі бар ;\r\n\r\n3 Төмен қойылымның пайыздық мөлшері күтілуде.\r\n\r\nОндай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол осы валютаға сүранысты жоғрлатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттады.\r\n\r\nЕркін айналымдағы валюта бағамының кемшіліктері:\r\n\r\n— белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік жэне қауіп сауда жүргізгуде қиыншылықтарды туғызады. Мысалы, қазақстандық кэсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларга машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 теңге болды. Сонда кэсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.\r\n\r\n— сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тэуелді болады.\r\n\r\n— түрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз эсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы эдісі жоғарғыда қарастырылған әдіске\r\n\r\nқарама-қарсы эдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілгі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жою керек. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады:\r\n\r\n— резервті қолдану. Бүл валюта бағамын түрақтандырудың ең бір жеңіл тэсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен эсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады ? Мысалы, қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдолы болып, біраз валютаны иемденіп қалды, Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тэсілдің тиімсіз жағы, егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бүл саясаттан бас тартуға мэжбүр болады.\r\n\r\n— сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қалыпта үстау мақсатындағы импортты, яғни шетел валютасына деген сүранысты, шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалған щектеулер экономиканың дамуына кедергілер жасайды.\r\n\r\n— валюлық бақылау, оңтайландыру. Тағы бір балама валюталық бақылау. Оның мэні келесіде, мемлекет өзінің шетке тауар шығарушылығына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді.\r\n\r\n— ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.\r\n\r\nСонымен қатар, мемлекет валюта бағамын реттеу мақсатында қолдаулық немесе протекционистік шаралар қолданады. Бұл шараларға валюталық шектулер, валюта девальвациясы жэне ревальвациясы.\r\n\r\nВалюталық шектеулер — бүл мемлекеттің валютамен немесе басқа валюталық қүндылықтармен операцияларды жүзеге асыруын заңды түрде шектеу немесе тыйым салуы.\r\n\r\nДевальвация — ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын төмендету.\r\n\r\nРевальвация — ұлттық валютаның шетелдік валюталарға қатынасындағы айырбастау бағамын өсуі.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n2.3  Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық шараларды талдау\r\n\r\n \r\n\r\n         Теңгенің айырбас бағамына ықпал ету немесе бұрынғы деңгейінде  қалдыру мақсатымен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылықты жабу үшін Ұлттық банк валютаны сатады немесе сатып алады. Бұл – Ұлттық банктің валюта бағамына тікелей ықпал ету әдістері. Алайда, капиталдың кезеңі көбірек болса, ұлттық валютаның тұрақты бағамын қолдауға талпынған жағдайда Ұлттық банктің валюталық резервтері тез сарқылады. Ондайда Ұлттық банк валюта бағамына әсер етудің жанама шараларын қолдана алады. Олардың негізгілері резервтік мөлшер мен есептік ставканы  өзгерту болып саналады.\r\n\r\nРезервтік мөлшер – өз операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктердің пайдалануына  қақысы  жоқ банк депозиттерінің бөлігі. Оны реттей отырып  монетарлық биліктер  елдегі жиынтық ақша массасын көбейтіп немесе азайтады. Ол өз кезегінде валюта бағамын азайтады немесе көбейтеді.\r\n\r\nҰлттық банк резервтегі мөлшерді көбейткен кезде коммерциялық банктер несие эмиссиясын төмендетуге мәжбүр болады. Резервтік  мөлшердің өсуі коммерциялық банктердің ағымдағы шоттарын қысқартуға және қаржы  бөлігіндегі  резервтерді жоғарлатуға және бағыттауға мәжбүр етеді. Бұл несие бойынша пайыздардың өсуіне, соның салдарынан елде ақша массасының азаюына және ұлттық валюта бағамының көбеюіне қозғау салады. Ұлттық банк резервтік мөлшерді төмендеткен  кезде  ақша массасы көбейіп, ұлттық валюта бағамы төмендейді.\r\n\r\nЕсептік ставканы өзгерту тетігі де соған ұқсас әрекет етеді. Есептік ставка – Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген ссудалары бойынша пайыз. Оның өсуі несие алуға деген коммерциялық банктердің ықыласын төмендетіп, яғни  елдегі ақша ұсынысын азайтады, сондықтан  төмендеу оны да, соған сәйкес өзгені де ұлғайтады.\r\n\r\nВалюта нарығының және бағалы қағаздар нарығы құралдарының қарқынды өзара сіңсуі және тұтасуы қаржы нарығында мемлекеттік реттеудің міндеттерін айтарлықтай күрделендіріп және бұл процес үлкен шығынды талап ету жағдайына ұшыратады. Осыған байланысты сыртқы сауда операцияларында алтын-валюта активтерін тиімді және оңтайлы пайдалануда, сыртқы несие ресурстарын қарызға алуда, батыс елдерінің өтімділігі жоғары қағаздарын инвестициялауда, валюта айырбастау мәмілелерінде және шетел мемлекеттерінің валюталық девиздерін тарту бойынша операцияларда проблемалар туындайды.\r\n\r\nАлайда резервтік активтерді қолданған кезде шешім қабылдаудың шекараларын анықтайтын бірқатар факторларды есепке алу қажет. Ондай факторларға мыналар жатады: трансакциялық шығындардың мөлшері, өтімділік, несие тәуекелдігі бойынша шектеу, резервтік қаржының құрылымына мүмкін өзгерістердің енгізілу жылдамдығы.\r\n\r\nҚазақстанның валюта саясаты — ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Оны теңестіру  теңгенің, валюта бағамының  ауытқуын  шектеуді тікелей мақсат ететін валюта нарығындағы валюталық интервенцияның тетігі арқылы жүзеге  асырылады.\r\n\r\nАлтын-валюта резервтерін қалыптастыру және пайдалану  мемлекеттің валюта саясатының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Халықаралық өтімділіктің көлемі мен құрылымы елдің халықаралық міндеттемелерінің қажетті төлем қаржыларымен қамтамасыз етілу дәрежесін анықтайды. Резервтік активтердің қосалқы қорлары үкімет органдарының да, елдің коммерциялық және қаржы құрылымдарының да борышқорлық міндеттемелерін өтеудің халықаралық есеп айырысуын жүзеге асыруға қолданылуы мүмкін. Алтын-валюта активтерін тиімді пайдалану валюта резервтерінің төтенше жоғары дәрежеде болуын, валюта қоржынын әртараптандыруды, активтердің құрылымдарын оңтайландыруды талап етіп, сонымен қатар ол сыртқы экономикалық қызметке мүмкіндігінше және барынша жәрдем көрсетуге, сонымен қатар ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамын тиімді реттеуін қамтамасыз етеді.\r\n\r\nЕркін айырбасталатын валюта резервтері елдің төлем балансын теңестіру үшін тікелей пайданылады. Ресми резервтердің құрамында болатын алтын авуарлары осы мақсаттарға своп операциялары арқылы немесе өздеріне қойылған баға бойынша нарыққа еркін айырбасталымды валютаға айналу сатысынан өткеннен кейін ғана пайдаланылуы мүмкін.\r\n\r\nРеспубликаның төлем балансында көрінетін резервтік активтер ішкі  қорланымның жылыстауы және елге шетел капиталы түсімінің нәтижесінде  алтын-валюта авуарларының өзгерісінің жағдайын көрсетеді.  Төлем балансы тапшылығын жабу үшін, яғни үкімет сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етудің негізгі көздерінің бірі саналатын қаржы тартатын алтын-валюта резервтерін қолданады. Халықаралық Валюта Қорының қарыздарымен және айрықша қаржыландыру бойынша операциялармен бірге  резервтік активтер Қазақстанның халықаралық есеп айырысуын теңестіру үшін,  өтімділіктің баламалы қаржылары ролінде шығады.\r\n\r\nАлтын-валюта активтерінің елеулі көбеюі және ел экономикасына шетел валютасының айтарлықтай массасының түсуі, біріншіден, инфляцияны шұғыл  жоғарылатуы,  екіншіден, ұлттық акция бірлігі бағамының  құлдырай құлауына соқтыруы мүмкін. Осы  жылдарда жинақталған артық өтімділікті айықтырмай ақша базасын тұрақтандыру және инфляциялық үдірістердің дамуына қарсы әрекет ету мүмкін болмады. Сондықтан таза халықаралық резервтер салық банкісінің қысқа мерзімді ноталарын шығару және тарату бойынша активтендірумен бейтараптандырылды. Ұлттық банктің ноталар эмиссиясының көлемі 2006 жылғымен салыстырғанда 2007 жылы 12,2 %-ке, 156,4 млрд. Теңгеге дейін, айналыстағы нота көлемі 2,8 есе, 24,6 млрд. теңгеге дейін төмендеп, соған қарамастан 2007 жылы қысқа мерзімді ноталар өтімділікті реттеудің негізгі құралдарының бірі болып қалды.\r\n\r\nСыртқы нарықта қазақстандық тауарлардың баға бәсекесіне қабілетілігін қолдау үшін ақшаның сұранысы мен ұсынысына тәуелді бағамның ауытқуына себепші болатын, сондай-ақ теңгенің өзгермелі айырбас бағамы тәртіптемесін 2003 жылы Ұлттық банк сақтап қалды. Жыл бойы АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің нығаюға беталысы іс жүзінде байқалды. Ішкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі теңгенің нығаюына мүмкіндік туғызды. Ағымдағы жылдың басынан бері әлемдік нарықтағы энергетикалық ресурстардың жоғары бағалары, мемлекеттік меншік үлесін жекешелендіру, сонымен бірге корпоративтік сектор мен екінші деңгейдегі банктердің сыртқы нарықтағы қарыз алуы себепші болған экспорттың ақшалай валюта түсімінің елеулі көлемі шетел  валютасының негізгі түсім көзі болып саналады.\r\n\r\nІшкі валюта нарығына шетел валютасының елеулі түсімінің түсуі жағдайында Қазақстанның қор биржасынан және банкаралық валюта нарығынан шетел валютасының Ұлттық банк сатып алған таза көлемі         2007 жылы 4,2 млрд.-қа жуық АҚШ долларын құрап, соның  жартысынан астамы Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталар шығарылымымен  айықтырылды. Одан басқа Ұлттық Қордың активтерін толтыру мақсатын көздеген Ұлттық банк Қаржы министірлігіне 1,3 млрд. АҚШ долларына, валюта сатты.\r\n\r\nТеңгенің орташа салмақталған айырбас бағамы 2008 жылы 1 АҚШ долларына шаққанда 149,45 теңге құрады. 2008 жылы теңге номиналы АҚШ доллары қатынасына қарай 8,03 %-ға нығайды. Саудадағы негізгі серіктес елдердің валюталарының қатынасына қарай теңгенің нақты девальвациясы 2003 жылы 2,5 % құрады. АҚШ доллары қатынасына қарай теңгенің елеулі  нығаюына қарамастан қазақстандық экспорттаушылардың сыртқы бәсекеге қабілеттіліктерін қамтамасыз ететін жағдай саудадағы негізгі серіктес елдерге ара қатысы бойынша жалпы алғанда 2005 және 2006 жылдармен салыстырғанда 2007 жылы тым қолайлы деңгейде сақталды.\r\n\r\nТеңгенің орташа алынған айырбас бағамы 2008 жылы бір доллар үшін 145 теңге болды. Кезең аяғындағы биржалық бағам бір доллар үшін 149,77 теңге болды. Жыл басынан бері номиналдық көрсеткішпен теңге долларға қарағанда 2,9% әлсіреді. Ең жоғары құнсыздану жылдамдығы наурыз және маусым айларында байқалды (тиісінше 1,82% және 1,95%). 2008 жылы теңгенің еуроға қатынасы бойынша ресми бағамы 6,69% нығайды, ресей рубліне 0,22% құнсызданды.\r\n\r\n2008 жылы доллар позициясындағы биржалық сауда-саттық көлемі 2007 жылы осындай көрсеткіштен 26,3% 11,7 млрд. долларға дейін асып түсті.\r\n\r\nБиржадан тыс валюталық нарықтағы резидент банктердің мәмілелер көлемі 19,6 млрд. долларға дейін 126,4% ұлғайды (1 сурет).\r\n\r\n \r\n\r\n 1 сурет  Теңгенің АҚШ долларына, еуроға және ресей рубліне бағамның өзгеру динамикасы\r\n\r\nРесей рублімен және еуромен жасалған операциялардың валюталық нарықтың биржалық және биржадан тыс сегменттерінің айналымында шамалы үлесі болды. Биржалық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған операциялардың көлемі 11,5% және 62,9% тиісінше 106,7 млн. ресей рубліне және 18,6 млн. еуроға дейін азайды. Биржадан тыс валюталық нарықта ресей рублімен және еуромен жасалған айырбастау операциялардың көлемі 12,1% және 15,4%, тиісінше, 1306,8 млн. ресей рубліне және 87,1 млн. еуроға дейін азайды.\r\n\r\nҚолма-қол шетел валютасы нарығында өткен жылдардағыдай долларға артықшылық берілді және тиісінше нарықтың бұл сегментінде осы шетел валютасын сатып алу жөніндегі операциялар басым болды. Мәселен, 2008 жылы айырбастау пункттерінің долларды нетто-сату көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2,3 есе ұлғая отырып, 7087,8 млн. доллар болды.\r\n\r\nБір жылдың ішінде айырбастау пункттерінің еуроны нетто-сату көлемі 35,4% 523,1 млн. еуроға дейін көбейді.\r\n\r\nАйырбастау пункттерінің ресей рублін сатып алу және сату көлемі іс жүзінде өзара сәйкес келеді, мұны жинақ ақшаға қарағанда туристік мақсат және іссапар шығыстары үшін осы валютаға қажеттіліктің басым болуымен түсіндіруге болады. 2008 жылы айырбастау пункттерінің ресей рублі нетто-сату көлемі 96,0%-ға 1895,4 млн. рублге дейін көбейді.\r\n\r\nАлдын ала деректер бойынша теңгенің нақты тиімді айырбас бағамының (НТАБ) индексі 2008 жылғы қараша айында 2007 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 6,8% өсті. 2008 жыл теңгенің долларға және еуроға қатысы бойынша нақты нығаюы тиісінше 1,5% және 15,9% болды. Ресей рубліне қатысы бойынша теңге нақты көрсетуде 2,6% әлсіреді.\r\n\r\nҰлттық Банк 2008 жылы 1960,2 млрд. теңгеге қысқа мерзімді ноталар шығарды (2007 жылмен салыстырғанда 3,5 есе ұлғайды). Ноталардың ең төменгі эмиссиясы (207,7 млрд. теңге) 2008 жылғы І тоқсанда болды, қалған тоқсандарда ноталардың эмиссиялары үлкен көлемдермен жүзеге асырылды (ІІ тоқсанда – 538,3 млрд. теңге, ІІІ тоқсанда – 645,0 млрд. теңге, IV тоқсанда – 569,3 млрд. теңге).\r\n\r\nЖоғары банктік өтімділікпен қатар осындай күрт өзгерудің себебі қысқа мерзімді ноталардың айналыс мерзімдерінің қысқаруы және тиісінше бұрын шығарылған ноталардың көлемін неғұрлым қысқа мерзімге ауыстыру болып табылғанын атап өту қажет. Осылайша қысқа мерзімді ноталар бойынша дюрацияның көрсеткіші 2007 жылдық аяғында 121,7 күнді, ал 2008 жылдың аяғында 15,2 күнді құрады.\r\n\r\nБұл ретте қысқа мерзімді ноталарды өтеу көлемі есептік кезеңде 2210,3 млрд. теңгені құрады, нәтижесінде олардың айналыстағы көлемі 2007 жылдың аяғындағы 596 млрд. теңгеден 2008 жылдың аяғында 361 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 3,21%-дан 2,24%-ға дейін төмендеді (жылдың соңғы айындағы орташа алынған кірістілік).\r\n\r\nЭкономикада сыртқы және ішкі баланстылықты қамтамасыз ету ақша-несие және валюта  саясатының стратегиялық мақсаттары болып саналады. Оған жетудің жолдары 2-суретте көрсетілген.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nОсы мақсаттарды іске асыру үшін сұраныс пен ұсыныс тәуелділігінде бағамның ауытқуына себепші болатын теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының тәртіптемесін сақтау қажет. Бұл – сыртқы нарықта Қазақстан тауарларының баға бәсекесіне қабілеттілігін дамытуға мүмкіндік береді. Ұлттық валюта бағамын қалыптастыруға монетарлық биліктің араласуы аз шамада болу керек. Ішкі валюта нарығында айырбас бағамына алыпсатарлықтың алдын алу қажеттілігі туғанда оған монетарлық билік қатысады.\r\n\r\nАқша-несие және валюта саясатының негізгі мақсаты 2006-2007 жылдары орташа жылдық инфляцияны 5-7% шекте ұстау және 2008- жылдың аяғына дейін оны 4- 6%-ға дейін төмендетуге тиіс болатын.\r\n\r\nАқша-несие, валюта саясаты, экономиканың ақша-несие және валюталық реттеуі қаржы және валюта нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуына, банк жүйесінің нығаюына, экономиканың нақты секторындағы банкілердің келешектегі несие беруінің өсуі үшін жағдай жасауға, сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіруге мүмкіндік туғызады.\r\n\r\nАқша-несие және валюта реттеуінің 2007-2008 жылдарындағы негізгі құралдары РЕПО (Қысқа мерзімді капиталды тартуға арналған қаржы құралы) операциялары және вексельдермен  жасалатын қайта есептеу операциялары тәрізді ашық нарықтың операциялары болуға тиіс. РЕПО (Қысқа мерзімді капиталды тартуға арналған қаржы құралы)  мөлшерлемесі және вексельдер бойынша есептік ставка сияқты ресми ставкалардың реттеушілік ролдерін күшейту үшін Ұлттық банк шара қолдануға тиіс. Бұл 2007-2008 жылдары экономиканы ақша-несие және валюталық реттеудің инфляцияны шектеуге (таргетирование) көшуіне дайындық үшін база болады.\r\n\r\nҚайталама нарықтағы репо операцияларының көлемі есептік кезеңде 477,4 млрд. теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 39,0% аз. Осы операциялар бойынша мерзім 1,5 күн, кірістілік – жылдық 1,57% болды. Бұл ретте 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап тікелей репо операцияларын жүргізу практикасы, сондай-ақ мерзімдері 1 жұмыс күнінен аспағандықтан «овернайт» және «овердрафт» заемдарын ұсыну уақытша тоқтатылды.\r\n\r\nКері репо операциялары 7,9 млрд. теңгеге жүргізілді, олар бойынша мерзім 3,6 күн, кірістілік – жылдық 6,12% болды.\r\n\r\n2008 жыл ішінде Ұлттық Банк мемлекеттік бағалы қағаздарды сату бойынша операциялар жасаған жоқ. Сатып алу көлемі жылдық 5,38% өтеуге орташа алынған кірістілікпен 967 млн. теңге болды. Өтеуге дейінгі мерзім 1897 күн болды.\r\n\r\nИнфляцияны шектеуге (таргетирование) көшуі Ұлттық банктің 2002 жылы басталған монетарлық саясатының басым бағыты болып  есептелмейді. Ұлттық банк бағалардың әр алуан индекстерін қадағалап, аралық мақсаттарға тіпті ақша агрегаттарын да пайдаланды. Бірақ инфляцияны шектеу жағдайында инфляцияның мақсатты бағдарын  жариялау белгілі кезең ішінде оны ұстау бойынша  міндеттеме  нысанаға ие болып, ол осы процестің өзіне тән бірқатар белгілерге себепші болады. Жалпыға белгілі шарттарды орындауды талап етеді. Солардың ішінде валюта бағамы да бар экономикалық көрсеткіштерді нысаналаудан бас тарту болып табылады. Теориялық көзқараспен қарағанда, яғни инфляцияның мақсатты көрсеткішін жариялау негізінде ақша-несие саясатының түпкілікті мақсаты – баға тұрақтылығына жетудің тиімді тетігі болып саналады. Бірақ, инфляцияның негізгі көрсеткіші тұтыну бағасының серпініне көптеген факторлар әсер етіп, олардың қатарына ұлттық валютаның айырбас бағамы да кіреді. Одан басқа, отандық экономиканың бұрынғыша экспортқа бағдарланған бағытының үстем болуы нарықтың берекесіз жағдайында валюта бағамын қалыптастыруға, монетарлық билікке толық сенуге мүмкіндік бермейді.\r\n\r\nБіздің ойымызша, істің нақты жағдайы мынадай: Ұлттық банк қазір инфляция мен валюта бағамын бір мезгілде нысаналайды. Бірақ, бұл инфляциялық нысаналаудың принциптеріне сөзсіз қайшы келеді.\r\n\r\nЕлдің алтын-валюта резервтері тауар және қызмет көрсету импортының 3 айдан астамын жаба алатын деңгейде ұсталады.\r\n\r\nАқша агрегаттарының болжамды жылдық өсімі болжанған экономикалық өсу қарқынына бара-бар болады.  2007 жылы ақша базасының өсімі 12,9%-ға, 2008 жылы 14,7%-ға және 2007 жылы ақша массасы 16,6%-ға, 2008 жылы 15,5%-ға өседі деп болжанған.  Инфляцияның қарқыны 2007 жылдан аяғына қарай қайта  қаржыландырудың мөлшерлемесін жылдық 6,9%-ға дейін, ал  2005 жылдың аяғына қарай 7,5%-ға өсті. 2007 жылы резиденттердің депозиттері 17,4%-ға, 2008 жылы 15,9%-ға және соған  сәйкес банктердің несие қызметтерін кеңейту есебінен 2007 жылы несие көлемінің өсуі 18,0%-ға, 2008 жылы 17,0%-ға өсетіні  болжанады.\r\n\r\nДегенмен 2007 жылы экономикалық өсудің жоғарғы қарқынының сақталуына қарамастан ақша ұсынысының ұлғаю қарқыны 2008 жылғымен салыстырғанда біршама қысқарды.\r\n\r\n2008 жылы ақша базасы 863,0 млрд. теңгеге дейін 14,7% кеңейді, бұл Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің өсуіне байланысты болды. Дегенмен оның кеңею қарқыны 82,3% дейін өскен 2007 жылмен салыстырғанда біршама бәсеңдеді. Өсу қарқынының төменденуінің негізгі факторы Ұлттық Банктің таза сыртқы активтерінің азаюы болды.\r\n\r\nРезидент еместердің инвестициялық бағалы қағаздарына салынған инвестициясында  валюталық реттеу тәртіптемесін жұмсарту, шетелге тікелей инвестиция жасау операциясын ынталандыру, сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезіндегі шектен тыс әкімшілік кедергілерді жою бағыттарында Қазақстан Республикасының валюталық тәртіптемесін ырықтандыруды жалғастыру қажет. Капитал ағынымен байланысты тәуекелдікті төмендету үшін, шоғырландырылған негізде пруденциалық қадағалауды жетілдіру, банктерде, жинақтаушы зейнетақы қорларында және сақтандыру компанияларында тәуекелдікті басқаратын ішкі жүйе енгізу, ішкі валюта нарығының ірі қатысушылары – қаржыдан тыс ұйымдар тарапынан болатын  алыпсатарлықты бақылау және тежеу тетігін әзірлеу қажет.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n3 Қазақстан Республикасындағы валюталық саясат және валюталық операциялардың заңды анықтамасы\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының валюталық саясаты ұлттық валютаның және ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.\r\n\r\nНарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық    дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР  банк жүйесі маңызды роль атқарады.\r\n\r\nҚР  Ұлттық  банкі  түрлі  күрделі  операцияларды  орындайтын  және     ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын     қамтамассыз  ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк    болып есептеледі.\r\n\r\nВалюталық және өзге де экономикалық халықаралық қатынастар аясында жүзеге асырылатын валюталық саясат, шаралардың жиынтықтағы нарықтық экономиканы реттеу жүйесінде  маңызды орын алады. Ел дамуының белгілі бір кезеңінде сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асыру және ұлттық экономиканың өсуі соның тиімділігіне байланысты болады. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат аса маңызды орын алады. Сондықтан да, Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттары анықталған, соның ішінде негізгі мақсат болып ақша-несие саясаты екендігі баса айтылған. Себебі, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және экономикалық өсу мен ынталандыруды қатамасыз ететін негізгі бағыт екені айқын көрсетілген.\r\n\r\nСондықтан да, валюталық саясаттың мақсаты негізінен орнықты экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның  тұрақтылығын (құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-теңдікті (төлем балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық саясаттың шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.\r\n\r\nВалюталық саясаттың нақты міндеттеріне мыналар жатады: валюта жүйесі мен валюта нарығының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; валюта дағдарысын жеңіп шығу, валютаның және ұлттық валютаның бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету; валюталардың айырбасталымдылығына көшу, валюта операцияларын ырықтандыру және тағы басқалары.\r\n\r\nМемлекет әзірлеген салық-бюджет, ақша-несие және сыртқы экономикалық саясаттардың негізінде валюталық саясат қалыптасады. Олардың барлығы өзара байланысты болып, экономикалық мақсаттардың жалпы жүйесінен туындайды. Әрбір мемлекеттік саясат үшін өзіндік жеке жүйе құрылып, оларды іске асырудың әдістері таңдалады.\r\n\r\nВалюталық саясатты үкіметпен бірлесе отырып Орталық банк ойластырып, ол заң негізінде бекітіледі. Валюталық саясатты валюталық стратегияның, валюталық реттеуімен ұштастырылуы ретінде қарастыруға болады. Валюталық стратегия саласына валюта бағамы тұжырымдамасын, сол бағамға ықпал ету әдістерін таңдау.\r\n\r\nВалюталық саясаттың әдістері, нысандары мен бағыттары елдің валюталық-экономика жағдайына, әлемдік шаруашылықтың өрістеуіне, дүниежүзілік аренада күштерді орналастыруға байланысты. Әр алуан тарихи кезеңдерде валюталық саясаттың мынадай нақты міндеттері алғашқы жоспарға қойылады: валюта дағдарысынан шығу, валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, валюталық шектеу, валютаның айырбасталымдылығына көшу, валюта тәртіптемесін ырықтандыру және басқалары.\r\n\r\nАбсолютті дербес ұлттық экономикалық саясат, соның ішінде валюталық, несиелік, қаржылық елдердің өзара тәуелділігінің дамуымен және әлемдік шаруашылықтағы бірігуімен сыйыспайды.\r\n\r\nВалюталық саясатты заңды түрде, яғни валюталық құндылықтармен ел ішінде және тыс жерде операцияларды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нысандары жиынтығы – валюталық заңдармен, сонымен қатар валюта проблемасы  бойынша мемлекеттер арасында жасалатын екі жақты және көп жақты валюталық  келісімдермен рәсімделеді.\r\n\r\nВалюталық саясатты  жүзеге асырудың бір құралы – халықаралық есеп айырысуды және валюта операцияларын жүргізу тәртіптерін мемлекеттің реттеуі. Ол ұлттық, мемлекетаралық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады. Тікелей валюталық реттеу заң актілері және атқарушы үкіметтің әрекеті арқылы орындалса, ал жанама реттеу экономикалық, соның ішінде валюта-несие әдістерімен нарықтағы экономикалық агенттердің мінез-құлқына ықпал ету жолымен іске асады. Шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру мемлекетаралық валюталық реттеудің дамуына әсер етеді. Ол мынадай мақсаттарды көздейді: жекелеген елдердің валюталық саясатын үйлестіру, валюта дағдарысынан шығудың бірлескен шаралары, бұл турасында басқа елдерге қарағанда жетекші мемлекеттердің валюталық саясатымен келісу.\r\n\r\nҚазақстаннң Ұлттық банкі ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отандық өндірушілер үшін жағымды бәсекелестік ортасын сақтауға бағытталған саясатын жүргізуде.\r\n Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 ақпандағы отырысында теңгенің айырбастау бағамы ауытқуларының дəлізін жою жəне 2011 жылғы 28 ақпаннан бастап теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамының режиміне өту туралы шешім қабылданды.\r\n            «Басқарылатын өзгерудің пайдасына валюталық дəлізден бас тарту теңгенің, қажет болған жағдайда, теңбе-тең, экономика үшін «қолайлы» деңгейде нығаюына, алтынвалюта активтерін ұлғайтуға жəне валюта нарығындағы ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасайды», — деп өз шешімдерін өткен отырыстың мүшелері басым бөлігі негіздеді. \r\n Валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға жəне халықтың девальвациялық күтулерін төмендетуге бағытталған уақытша шара ретінде\r\n енгізілген валюталық дəліз теңгенің нығаюына күшейіп келе жатқан үрдіс жағдайларында өз қажеттілігін жойды. Бұған əлемдік нарықтардағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына оңтайлы баға конъюнктурасы жəне төлем балансының жай-күйі себепші болды.\r\n           Соңғы бір жарым жылда мұнай, металдар жəне астықтың əлемдік бағаларының өсу үрдісі байқалып отыр. Нəтижесінде ішкі валюта нарығындағы шетел валютасы ұсынысының ұлғаюы теңгенің нығаю жағына қарай айырбастау бағамына қысым көрсетіп отырды. Қазақстан                                           Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің айтарлықтай нығаюын болдырмау мақсатында соңғы айлар ішінде сол арқылы оның\r\n ұсынысын қысқарта отырып жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің көлемін ұлғайта отырып, ішкі нарықта айтарлықтай көлемде шетел валютасын сатып алуда. \r\n          Мəселен, егер 2010 жыл бойы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің нығаюын алдын алу мақсатында нарықта 2,0 млрд. АҚШ долларын сатып алса, тек ағымдағы жылдың қаңтарында жəне ақпанында ғана 4,5 млрд. АҚШ долларына жуық сатып алды, бұл өткен жылдың жылдық көлемінен екі еседен астам көп.\r\n\r\nВалюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кезде резидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:\r\n\r\n—  жеке басын куәландыратын құжат (жеке түлғалар үшін);\r\n\r\n—  Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке түлғалар — шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер болса;\r\n\r\n—  Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын резидент жэне резидент емес заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;\r\n\r\n— Қазақстан Республикасы мемлекеттік статистикасының уэкілетті органы берген КҮЖЖ коды берілгенін растайтын құжат (Қазақстан Республикасында мемлекеттік   тіркелген   заңды   түлғалар   үшін),    егер   осы   құжат   бұрын үсынылмаған не өзгерген жағдайда;\r\n\r\n—  салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде түрмағаны туралы қүжаты, егер осы қүжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;\r\n\r\n— валюта шарты;\r\n\r\n— Ережедегі көзделген жағдайлардағы лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлігі;\r\n\r\n—  мәміле паспорты (мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортына немесе импортына байланысты мәмілелер бойынша);\r\n\r\n—  міндеттемелердің орындалғанын растайтын немесе, не соның негізінде орындалуы   қажет   қүжаттар   (экспортпен      немесе   импортпен   байланысты мәмілелер бойынша).\r\n\r\nМәміленің жағдайларын нақтылау және оның. қатысушыларын жіктеу мақсатында резидент және резидент емес заңды тұлғалар сондай-ақ уәкілетті банктердің талап етуі бойынша құрылтай қүжаттарын ұсынады.\r\n\r\nРезидент (резидент емес) осы тармаққа сәйкес талап етілетін қүжаттарды және мэліметтерді ұсынбаған жағдайда уәкілетті банк осы Ереженің 7-тармағының екінші абзацында, 8 және 10 тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізбейді.\r\n\r\nРезидент лицензия жэне (немесе) тіркеу куәлігі және (немесе) хабарлама туралы куәлік талап етілетін валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын жүргізген кезде резидент уәкілетті банкке осындай қүжаттардың түпнүсқасын жэне көшірмесін береді. Оларды салыстырғаннан кейін көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал түпнұсқалары резидентке қайтарылады. Осы Ереженің 69-тармағында көзделген жағдайларда тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) түпнұсқасының орнына нотариалды куәландырған немесе Ұлттық Банк растаған тіркеу куәлігінің (хабарлама туралы куәліктің) көшірмесін үсынуға рұқсат етіледі.\r\n\r\nРезидентте хабарлама туралы куэлік болмаған жағдайда уәкілетті банк оны алу қажеттігі туралы резидентке кез келген түрде хабарлай отырып, операцияны жүргізеді. Бүл ретте уәкілетті банк ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына резиденттерде хабарлама туралы куәліктер болмаған кезде олардың тапсырмалары бойынша жүргізілген операциялар туралы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша есеп береді.\r\n\r\nТіркеу куәлігі талап етілетін валюталық операция жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен кезде уәкілетті банк резидентке тіркеу куәлігін ұсыну қажеттігі туралы хабарлайды және түскен ақшаны. резиденттің банктік шотына ол тіркеу куәлігін ұсынғаннан кейін ғана есептейді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\nКурстық жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады.\r\n\r\nЖалпы, курстық жүмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.\r\n\r\nБірінші бөлімде Халықаралық валюта жүйесінің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен бірге Халықаралық валюта қордың ақша — несие саясатының түрлері қарастырылды.\r\n\r\nОсы бөлімде Халықаралық валюта қордың қажеттілігінің мәні, мазмүны ашылды. Халықаралық валюта қордың жэне Қазақстан Республикасының арасындағы келісімдер қарастырылып, бұл келісімдердің шарттары анықталды..\r\n\r\nЕкінші бөлімде, валюта бағамына, оның көлеміне әсер ететін факторлар және осы факторлардың валюта бағамына әсер ету көлемі маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар әр фактор жекелей талқыланып, талдалды деген қорытындыға келуге болады. Талдау нәтижесінде осы осы факторлардың, атап айтқанда инфляция екпіні, елдің төлем балансы, үлттық табысы, жағдаятты факторлар, валюта бағамына тікелей немесе жанама және қандай көлемде әсер тигізетіні анықталды деп ойлаймын.\r\n\r\nОсы бөлімде Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының теңгенің қызмет етуін қамтамасыз ететін шаралар анықталып, талқыланды. Статистикалық мәліметтер көрсетілген.\r\n\r\nҮшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының ұлттық валюта жүйесіне тоқталдық. Оның пайда болуының алғышарттары, жүргізелетін саясатының негізігі мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді. Сонымен қатар валюта жүйесін реттеу жолдары қарастырылды.\r\n\r\nКурстық жүмыстың жазылу барысында жэне тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет -журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдалынған әдебиеттер тізімі:\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы / Ә.Әбдіманапов. 1- бас. Алматы. Евразия, 2005. — 230 б.\r\n\r\n2 Байгужаева Ж.Н. Сборник методических рекомендаций по применению международных стандартов финансовой отчетности / Алматы: 2006 ж. — 132 б.\r\n\r\n3 Бакирова І. Ізденіс / Алматы, 2000 ж.-189 б.\r\n\r\n4 Бухгалтерлік бюллитені, № 22, 2005 ж. — 16 б.\r\n\r\n5 Ғабдуллин Т.Ғ. Бухгалтерлік есептің салалық ерекшелігі / Т.Ғ.Ғабдуллин — 1 бас. — Алматы:Ғылым 2004 ж. — 556 б.\r\n\r\n6 Ғабдулин Т.Ғ. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп / Өңделіп және толықтырылып 3-ші басылым. — Алматы: Қазақстан – аудит орталығы, 2002. — 656б.\r\n\r\n7 Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Экономика: Оқу құралы / К.С.Есенғалиева, М.Ә.Тілеужанова — бас. — Алматы: Жеті жарғы, 2003. — 240 б.\r\n\r\n8 Заң газеті, 10 наурыз, Алматы, 1999 ж. — 4 б.\r\n\r\n9 К.Маркс. Капитал / Алматы, 1968 ж. — 564 б.\r\n\r\n10 Тұраров Н. С. Ақша-несие  саясаты // Саясат. – 2006, №7.\r\n\r\n12 Тактамысова Д. А. Экономическая теория: ответы на вопросы студенту. – М.: Экзамен, 2006 ж. – 58 б.\r\n\r\n13 Хамитов Н. Н. «Банк ісі»  «Экономика», Алматы – 2006 ж. – 49-55 б.\r\n\r\n14 Шамрай И. Н. Ақша, несие, банктер : Оқу құралы / И. Н. Шамрай,\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ