Хазар қағандығының құрылымы мен шаруашылығы

0
5911

Хаза́р қағандығы (650969) — хазарлар құраған, орта ғасырлық мемлекет. Хаза́р қағандығы (650969) — хазарлар құраған, орта ғасырлық мемлекет. Батыс Түрік қағандығында 630 — 651 жылдары дулу мен нушеби тайпалары арасында азамат соғысы жүрді. Нушебилер Орта Азияның бай қалаларына арқа сүйеп, Қытаймен одақтасты. Дулу бастаған жауынгер көшпенділер шығыс түрік ханзадасы Юйгу шадқа сүйенеді. Ал хазарлар нушеби құрамында еді. Осы кезеңде күшейіп алған Таң әулиеті қағандықтың батыс иеліктерін басып алды. Нушебилердің өз арасында да наразылықтар туындап, Қытайды жақтаған Иби — Шегуй ханды қуып жібереді. Дулу тайпасынан шыққан Дулу Хэлу Шаболо хан билікті тартып алған соң, хазарлар іштей бөліне бастады. Хазарлардың алғашқы билеушісі жергілікті билеушілерден емес, тақтан қуылған түрік қағаны болды.

7 ғасырдың ортасында Түрік қағандығының еуропалық бөлігінде екі тәуелсіз саяси құрылым — Хазарлар мен Бұлғарлар құрылды. Хазар қағандығы өз қуатын арттыру мақсатында көрші тайпаларды, әсіресе, туыстас, бірақ жаулық көхқарастағы бұлғарларды бағындыруға кіріседі. Бұлғарлар жеңіліс тауып, Ботбай басқарған бір бөлігі оларға бағынады. Олар кейіннен «Қара Бұлғарлар» деп аталған кубаньдық бұлғарлар тобын құрайды. Хазарларға бағынғысы келмеген бір бөлігі Еділ бойымен жоғары өрлейді, сөйтіп, Еділ бұлғарлары пайда болды. Үшіншісі — Аспарух бастаған болгарлар 660 жылы Дунайға жетіп бекінеді. 679 жылы олар грек әскерін талқандап, ізінше Добрджаға басып кіріп, Дунай мен Балқан аралындағы елдерді түгелдей бағындырады.  Қағандық Батыс Түркі қағанатынан бөлініп шыққан. Солтүстік Кавказ, Ортаңғы және төменгі Жайық ағысын, қазіргі Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігін, Азов теңізі маңын, Қырымның шығыс бөлігін, және Шығыс Еуропаның Днепрге дейінгі даласы мен орманды-даласын мекендеді.

Хазар қағандығы 735 жылы Кавказдың арғы бетінде арабтардан жеңілді. VIII ғасырдың басыңда Византияның әсерінен хазарларға христиан діні тарала бастады. Арабтар ислам дінін, Византия христиан дінін енгізуге тырысты. VIII ғасырдың бірінші жартысында (731 ж.) Солтүстік Дағыстандағы хазарлардың бір тобы иуда дінін қабылдады. VIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басында хазарлар ұрпағы — Обадия Хазар қағандығын басқарды да, өздерінің мемлекеттік дінін иуда деп жариялады. Бірақ осы кезде хазарлар мұсылман мәдениетінің шекаралық облыстары Хорезммен көрші еді. Ал хазарлар хорезмдіктерге қарсы 764 жылы Кавказдың мұсылман облыстарына жорық жасады.

Хазар елі тікелей халифатпен, олардың бас қаласы Итил мұсылман елімен шекаралас болды.

Орыстардың Еділ бассейініне қол сұғуынан бұрын Хазарлар шығыс славян әлеміне шабуылдап өткен еді. (біз IX ғасырдың екінші жартысында бірнеше славян халқы хазар қағанына салық төлегенін орыс шежірелері арқылы білеміз.) Хазарлар солтүстікке терендеп енген бұл кезде орыстар әлі нормандар деп аталатын. Орыстар швед тілінде сөйлеген кезде солтүстік Новгородқа жақын жерде тұрған орыс князі қаған шенін иемденгені де тарихтан белгілі. Кейіннен орыс патшасының өз туыстарына, балаларына неміс сөзінен шыққан «князь»термині жиі қосылып, түрмыста қолданылып кетті.

IX ғасырда Балтық теңізінен Қара тенізге дейінгі аймақ орыстар құрған мемлекет болды. Орыстар хазар хандығынан бірнеше рет соққы жеді. Орыстар 910-915 жылдары Камадая Каспий теңізіне, Хазарға Святослав шапқыншыларын жіберген кезде оларды хазарлар жойып жібергені де тарихтан белгілі.

Мұсылмандар дерегі бойынша орыстардың 943-944 жылдары жасаған шапқыншылығы кезінде Кавказ мұсылмандарының бас қаласы — Бердьев, соңдай-ақ хазарлар қоныстанған жерлер тонауға түсіп, қиратылған. Святославтың үшінші жорығы 965 жылы Хазар қандығына қарсы бағытталды. Бүдан соң бірнеше жыл бойы хазарлар Дағыстанға шектескен жерімен қоса орыстардың қол астында болды. Бірақ көп уақыт өтпей-ақ орыстар өзі жаулап алған жерді тастап кетті де, кейін Хазар қағандығы қайта қалпына келді. Ресей үшін Бұл сәтті кетіс болды. Егер Святослав Итилде қалып қойған болса, онда орыстар мұсылман әсеріне еріксіз тап болар еді.

Бұл оқиғаның барысын түсіну үшін сол князь Святославьтың басқа жерлердегі әрекетіне назар аудару керек. Оның нормандарға және Батыс Еуропаға жасаған жорықтары алғашында тонаушылық сипатқа ие болды. Орыстардың Каспий теңізіндегі алғашқы қимылдары да осылай болатын.

964-965 жылдары орыс князі Святослав Игоревич Еділге жорық жасап, Хазар қағандығын талқандады.

Хазар қағандығы X ғасырда түгелімен ислам дініне кірді.

Ішкі қайшылықтары мен көшпелі халықтардың шабуылынан талқандалған Хазар қағандығы XI ғасырдың басында өмір сүруден біржола қалды.

Хазар мемлекетінің құлауына орыстардың жеңісінен басқа мынадай себептер өсер етті: түркі тайпаларының арасында «кундар» немесе «кайилар» деп аталатын түркілердің сонау шығыстағы бір бүтағы осы аласапыран жылжулар кезінде Сырдарияның төменгі ағысындағы ғүздардың иеліктеріне бірінші болып бас сұққан болатын. Осыдан бұрынырақта ғүздардың жартысы ислам дінін кабылдап, екінші жартысымен қырқысып жатқан. Осы қырқысудың арқасында ғүз немесе түрікмен халқының жартысы парсы еліне қоныс аударған. Олар барып алдыңғы Азияда Селжуктар империясын құрды. Ғүздардың екінші жартысының үрыс салып батысқа қарай жылжуы Хазар хандығының құлауын тездетті. Хазарлар туралы соңғы деректі араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің жазын, курдтардың қолбасшысы Фазлун 1030 жылы хазарларға жорық жасағаны туралы баяндайды.

Хазарлар хандығы ҮІІ-ІХ ғасырлар арасында үздіксіз өсіп ұлғая берді, хандықтың шығыс шекарасы Жайық (Орал) өзенінен бастап, батысқа Дон өзеніне дейін, ал солтүстікте Мәскеу маңынан, оңтүстіктегі Аралға дейін созылып жатты. Бұл аумақтың ішінде Бұлғарлар, мажарлар, толып жатқан фин қауымдары, славяндар, кавказдық құрама халықтар т.б. тайпалар аралас-құралас тіршілік етті. Сонысына қарамай, сол бір заманда аталмыш ұлан-байтақ өңірде біршама тыныштық, жайлы өмір сүру мүмкіндігі жасалған болатын.

Хазарлар хандығының құлауы. IX ғасырдың екінші жартысында Еділден өтіп шабуылдай кірген печенегтерхазарлардың апшысын қуырып, сарсануа түсірді. Хазарлардың күн көріс көзі болған сауда-саттық ісі тығырыққа тірелді. Ақыры X ғасырдың соңын ала хазарлардың туы жығылып күйреді. Қолда бар дерек көздерінде келтірілген мәліметтер тым аз болғандықтан нақтылы қай жылы Хазар теңізі (Каспий) деп аталғаны белгісіз. Бұл да сол хазар халқының атынан қалған бір белгі еді.

Хазар халқы мен хазар мемлекеті 7 ғасырдан 10 ғасырға дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қара теңізден Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар түріктер болды және алғашқы уақытта олар Батыс түрік қағанатыныңқұрамына енді. Кейін олардыңқарауынан шығып, олар өз елдерін құрды.

Хазарлар Еуразияда араб экспансиясымен түйісіп қалған бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен бірінші шайқас өтті. Бірінші соғыс кезінде арабтардыңәскербасы мерт болып, хазарлар жеңіп кетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді, бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек хазарлар ордасы орын ауыстырып Самандарға көшеді, содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады.

Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады.

ІХ ғасырдағы орыс жылнамаларында Днепр бойындағы тайпалар хазарларға сансыз ақ терілермен немесе қарулармен, қылыштармен алым-салық төледі делінген, ал Х ғасырда сол алым-салық олардан ақшалай алынған.

|Исламдық (арабтық) жазбаларда хазарлар тамаша егіншілер және шебер балықшылар деп айтылады. Соларда хазарлар жері кең және су қоймаларына бай, әсіресе қыста судың молдығы соншалықты, балық пен жануарларға бай сансыз көлдер пайда болады. Сол көлдердегі балықтар семіз болып келіп, оларды хазарлар өз майына қуырады. Су тартылған көктем мен жазда хазарлар астық себеді. Сөйтіп, бір жерден хазарлар екі өнім: қыста — балық, жазда — бидай жинады.

Кезінде хазарлар мұсылмандықты қалай қабылдағаны туралы тамаша аңыз бар.¤з халқына мұсылмандықтың, христиандықтың және иудаизмнің бірін таңдап алу үшін хазар \-64\қағаны\ өзіне үш ірі дінніңөкілдерін шақырады. Қаған христианинді және иудейді тыңдап болған соң, өз құлағын исламды уағыздаушы Фараби ибн Кораға тосады және одан осы қарсаңда көрген түсін жорып беруді сұрайды. Бұл түсінде оған періштелер келіп, хазарлар қағанның істі жүргізуіне наразылығын білдіреді. Сонда Фараби ибн Кора: «Сіздің түсіңізде періште санадан әлде ашылудан көрінді ме? Әлде ол сізге алма ағашы түрінде, әлде басқа түрде келді ме?» — деп сұрайды. Қаған періште оған бірінші (сана) адамнан да, екінішісінен де (ашылу) және үшіншісінен де (алма ағаш түрінде) келген жоқ дейді. Содан кейін Фараби ибн Кора қағанға: «Әрине, періште біріншісі де, екіншісі де |және үшіншісі де болған жоқ. Мәселе оның мүлдем басқа періште болғанында. Бұл Адам Рухының періштесі. Сіз өзіңіздің серіктестеріңізбен соған дейін көтерілгіңіз келеді. Бұл сіздің игі ниетіңіз және бұл жақсы. Бірақ сіз бәріне тек түсіңізде көретін Адамды теңестіргіңіз келеді, оны шын адам жасамақ боласыз, оны кітапқа жазғандай етіп жазып алғыңыз келеді. Бұл сіздіңқылығыңыз және бұл дұрыс емес. Мәселе сізде қасиетті кітап\Құранның\ жоқтығында», ал сіз осыныңөзінде өз кітабыңызды жасағыңыз келеді, Қасиетті кітап бізге жоғарыдан сыйланған, оны сіз біздерден алыңыз, бәрімен біздермен бөлісіңіз, бәрінде, істе де, ниеттеріңізде бізбен бірге болыңыз және өз кітабыңызды өзіңіз жасауға талпынбаңыз …»-дейді.

Бұл сөздерден кейін хазарлар қағаны Фараби ибн Кораны құшақтап, халықтың исламды қабылдағаны туралы жарлық шығаруға бұйырды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ