Селжұқ мемлекетінің тарихы

0
13984

ХІ ғасырда Азияның батысында алғаш құрылған түркі мемлекетін негізінде тарих сахнасына шыққан салжұқ мемлекетінің құрылу тарихы, ішкі және сыртқы саясаты, мемлекеттік құрлымы және салжұқтардың әлем тарихындағы орнын жан-жақты айқындап көрсету.

Лекция мәтіні: «Түркия тоғыз ғасыр бойы Еуропада түрып келеді. Түріктер әуелде Анадолыда тамыр жайды да, кейін Бұл олардың басты қоныс-өрісіне айналды.

Анадолының өзі — ежелгі өркениет ошағы. Археологиялық қазбалар өркениет дамуының алғашқы қауым мен қола дәуірінен бастап, оның кейініректегі дамыған сатыларына дейінгі күллі кезендерінің болғанын дәлелдеп, дәйектеп береді. Кіші Азияда, Анадолыда пайда болған Хеттер мемлекеті ең ескі мемлекет болып табынады. Оның өмірі онша ұзақ болмаса да, артына өжептәуір мөдени із қалдырды. Ол құлағаннан кейін Анадолы үзақ уақыт өз тәуелсіздігінен айырылады. Оның жері ұдайы: әуелі парсылардың, сонан соң грек-римдердің жорығынан көз ашпады».

Византияда империя құралған соң ғана оның тәуелсіздігі қалпына келтірілді, бірақ батыс, шығыстың жортуыл-жорықтары бір толастамады.

Түріктердің алғашқы ата қонысы Анадолы жерінде 1071 жылы Маласкерт шайқасынан кейін пайда болды. Сұлтан Осман 1299 жылы жаңа мемлекетің негізін тап осы арада қалайды. Алғашқы кезде ол шағын ел болады, ал Византия империясы әлсіреген сайын оның иелігіндегі жерлер де кеңейе түседі. Хеттер сияқты түріктер де Анадолының Саяси және моральдық бірлігін нығайтуға көп көңіл бөлген. Кіші Азиядағы түріктер түркі тілінде сөйледі. Түріктің көпшілігі мұсылман-суннит дінін ұстайды. Түріктің этникалық құрамы, негізінен екі топтан: селжуктар кезінде XI-XIII ғасыр аралығында Орта Азия мен Ираннан Кіші Азияға қоныс аударған түркілердің көшпелі тайпаларынан (негізінен Оғыздар мен Түрікпендер) және Азияның тұрғын халқынан құралған. Түріктің біраз бөлігі Кіші Азияға Балқан арқылы (уздар, печенеттер) өтті. Түріктің тарихы жайында ежелгі жазба деректің ең құндысы — армян деректері. Мовсес Хоренацидің (V ғ.) «Армян тарихы» мен VII ғасырдағы армян «Географиясында» Түрік тайпаларының Кавказ сырты мен Кіші Азияныңшығыс аймағына қоныс аударуы жазылады. Мовсестің«Армян тарихында» сувер мен хазарлардың Кавказ сыртымен, Кіші Азия халықтарымен қатысы баяндалған. XI-XIII ғасырлардағы армян жазбаларында оғыздар түрікмеңдердің селжук шапқыншылығы кезінде Кіші Азияға өткені жазылған. Сонымен қатар түрік жайында араб, иран, грузин, түрік тілінде жазылған шығармалар өте көп. Әсіресе Селжук мемлекетінің тарихы жайындағы Ибн-Биби еңбегін, монғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңді көрсететін Ақсарай жылнамасы — Түрік ұлтының қалыптасуын айқын көрсететін еңбектер. Бұған қоса Осман тарихнамасының алғашқы шығармаларының бірі — Языджиоглу Али жазған «Оғызнама» немесе «Селжукнама». Бұл шығармада Рашид-ад-Диннің еңбегі пайдаланылған. Түркі тайпаларының құрамы, орналасуы жайында түрік тарихшысы А.Р.Алтынайдың Осман империясының архив құжаттарын пайдаланып жазған еңбетінде құнды деректер бар. Түрік құрамы жайында Еуропа саяхатшысы Г.Рубрук пен Марко Поло жазбаларында құнды деректер бар. Ф.Демирташ Осман империясының XV-XVIII ғасырлардағы архив құжаттарынан Кіші Азиядағы Түрікмен тайпалары туралы мол дерек тапқан. Мұнда Махмуд Қашқари, Рашид-ад-Дин, Әбілғазы жазбаларындағы тайпа атауларының бәрі кездеседі. Оғыз-түрікмен тайпасынан өзге қарлұқ, қыпшақ, чигиль (шігіл), ұйғыр, аққойлы, Агачері, құман, Хазар т.б., тайпалар да аталады. Түрік этногенезінің қалыптасуына әр кезендерде Араб, Күрт, Рум (Рим) т.б. халықтарының да қатысы болды. XIV-XVI ғасырлардағы Түрік жорықтарына байланысты олар Балқан мен Кипрге енді. Түрік халықтарының қалыптасуы шамамен XV ғасырда аяқталды.

Түріктердің құрамында түрік, түрікмен, тахтадж, абдал, зейбек т. б. этнографиялық топтар бар. Бұлардың біраз бөлігі көшпелі, жартылай көшпелі болып тіршілік етеді, басым көпшілігі малшы болды. Өзгелері отырықшылыққа айналды.

Селжұқ мемлекетінің негізін оғыздардыңқынық руынан шыққан Селжұққалаған. бұл мемлекет адам атымен аталған еді. Селжұқәкесі Дукактан кейін әскер басы болып, оғыз жабғулармен келісе алмай 935 жылы өзіне қарасты ру тайпаларымен бірге Жент қаласына қоныс аударып, орналасты. Жент қаласының тұрғындары сол кезеңде Ислам дінін қабылдап біткен еді. Сондықтан Жент айналасына қоныс тепкен Селжұқ мұсылмандықты тез арада қабылдап алды. Ол қысқа мерзімде өзіне қарасты әскер бірліктерін жинап, қуаттана бастады. Слнымен қатар оғыздардан бөлініп шыққан басқада бірлесітк тайпаларды қоса бастады. өз кезеңінде ол ұлы Арсланды жіберіп, Саманұлдарына Қарахандықтарды қирату үшін көмекке аттандырады да Мауеранахрға орнығады. Алайда селжұқтардың Мауеранахрға орналасуы бір жақтан Қарахандықтардың екінші жақтан ұазнауилердіңқыспауына қалуына жол ашты. Бұл жағдай селжұқтарға тиімсіз болды. 1007 жылы Селжұқтыңөзі жүз жасында қайиыс болады. Селжұқтың Микаил, Арслан, Жүсіп және Мұса есімді төрт ұлы болатын. Микаилдің Тұғрыл және Шағры атты ұлдарын Селжұқтыңөзі тәрбиелеген еді. оның басты себебі Микаилдің ерте қайтыс болуына байланысты еді. Осы кезде Мәуеранахрда билік үшін күресті Қарахандықтар мен ұазнауилер бастаған еді. Оларға қарсы селжұқтарда өз тәуелсіздігін сақтап қалуды көздеді.

ХІ ғ. Басында Қарахандықтардан шыққан Әли Текін есімді кісі дербес мемлекетті құру үшін селжұқтардан көмек сұраған еді. Қарахандықтар мен ұазнауилердің соққыларынан әбіржіген селжұқ билеушісі Арслан жабғу Әли Текінге көмек беріп, оның Бұқара әміпшісі болуына да көмектесті. Бұл саяси жағдай селжұқтардыңқұаттана түсуінің белгісі болды. Сондықтан оны қаламаған ұазнауи сұлтаны Махмуд Арсланды өлтіріп, Селжұқ мемлекетін жоЮды көздеді. Оныңәзірлеген жоспары бойынша сұлтан Махмуд Арсланды өз сарайына қонаққа шақырып, өлтіруді көздеді. Сұлтан Махмуд бұд жоспарды іс жүзіне асырып, Арсланды тұтқындап, үндістанның Каленжер атты бекінісіне қамауға алады. Арслан жабғұ сол жерде жеті жыл болып, 1032 жылы қайтыс болады.

Арслан қайтыс болғаннан кейін оның орнына Мұса жабғу отырғанымен шын мінінде билікті Микаилдіңұлдары Тұғрыл /Махмуд/ мен Шығры /Дауыт/ жүргізді. Дегенмен Әли Текіннің селжұқарға қарсы жиі-жиі соққы беруінен әбіржіген Тұғрыл мен Шағры Хорасанға көшуіне тура келді. 1035 жылы селжұқтар ұазнауи әулетінің билігінде болған Хорасанға келіп қоныстанды. 1038 жылы селжұқтар ұазнауилерді Серахс аумағында жеңді. Соғыстан кейін селжұқтар құрылтай жинап, Тұғрылды ресми түрде селжұқтардың билеушісі деп жариялады.

Бұл жағдайдан үрейі ұшқан ұазнауи сұлтаны Месут селжұқтарға қарсы әскер бірліктерін жинай бастады. Соғыс Мерв маңындағы Данданакан аймағында 23 мамыр 1040 жылы селжұқтардың жеңуімен аяқталды. Сұлтан Месут әскер бірліктерімен бірге үндістанға ығысуға мәжбүр болды. Осылайша көптеген жерлерге иеленген селжұқтан өздерінің мемлекеттігін жария етті.

Тұғрыл бей селжұқтарды 1040-1063 жылдары аралығында басқарды. Оның кезінде селжұқ мемлекетінің жері кеңейіп, олар 1046 жылы Әзірбайжанның Генже маңында Византия империясыныңәскерлерін талқандады. Селжұқтардың басты мақсаты Кіші Азия болып, олар Эрзурумға дейін жылжыды. 1048 жылы Пасинлер маңында қайтадан Византиялықтардыңәскерлерін жеңді. Мұндай жағдайдан шошынған Византиялықтар селжұқтармен келісімге келуге бет бұрды. Олар селжұқ сұлтаны Тұғрылдан Грузия патшасы Липаристі босатуды сұрайды да көптеген силықтарын жібереді. Алайда византиялықтардың силықтарын қабылдамаған Тұғрыл, Грузия патшасын силықтарды қабылдамастан жібереді.

Осындай саяси беделге иеленген Тұғрыл халифатпен де саяси байланыстарға кірісті. Көптеген жетістіктерге қол жеткізген Тұғрыл сұлтан халифаттың бір қызымен саяси билікті нығайту үшін үйленді. Дегенмен жетпіс жасында ол қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін оның орнына жиені Шағрыныңұлы- Алп Арслан келді /1063-1072/. Оның басқару жылдарында Хорезм, Хорасан, Кавказ елі мен Грузия селжұқтардыңқоластына өтті. Содан соң ол Кавказдағы Малазгирд бекінісін өзіне қаратты. Осы соғыстан кейін селжұқтар Византия империясына қауіп төндіре бастады. Данданакан соғысында селжұқтар мемлекет құру үшін соғысса, Малазгирд соғысында олар отанын қорғау үшін соғысты. Себебі византиялықтардың басты мақсаты түркілерді Орта Азия ығыстыру болды. Сондай-ақ Малазгирд соғысы Ислам әлемінің де жеңісі ретінде қарастырылады./1071/ Алпарслан болса Малазгирд соғысынан кейін Мауерахарға шыққан жорықта жарақаттанып, қайтыс болды. /1072/

Алпарслан қайтыс болғаннан кейін оның орнына оныңұлы Мәликшах келді /1072-1092/. Ол билік басына келгенде бар жоғы он сегіз жасында еді. Мәлікшахтың мүддесіне баста өзіне қарсы шыққан Қырман әкімін талқандап, Термез бен Белхты өіне қаратты, Қарахандықтардыңқұлауына себепші болды, ұазнауи мемлекетін селжұқтардың орталығына бағындырды. Оның кезінде Мысыр, Сирия және Палестина селжұқтардыңқұрамына енді. Мәлікшахтың тұсында селжұқтардың жер көлемі Қытайға дейін кеңейді. Кіші Азияның көп бөліктері мен арабтардың жерлеріне дейін кеңейді. Алайда 39 жасында ол уланып қайтыс болады. Мәлікшах қайтыс болғанда оның мұрагер ұлдары басқару жасында болмады. Сондықтан билік басына Мәлікшахтыңәйелі Теркен хатун келді. Теркен хатун басқару жылдарында селжұқ мемлекетінде билік үшін күрес басталып, мемлекеттің территориясы тарылды. Тарих сахнасына көптеген ұсақ мемлекеттер пайда болды

Шыңғыс хан әскерлерінің Түркістанды жаулауға келе жатқанын естіген Сүлейман есімді бір әскер басы басқа халықтармен бірге өз жақындарын ертіп көшіп кетеді. Сүлеймен езеннен өтіп бара жатып, атымен суға кетеді. Оның Ерторғыл атты ұлы қалады. Әкесінің сапарын ары қарай жалғастырып, Рум тарапына жүріп кетеді.

Ерторғыл өз серіктерімен күндердің күнінде бір тау аңғарына келіп жетеді. Осы жерде екі әскер қарама-қарсы ұшырасып қалады. Қарсы жолыққан әскер соғыста жеңіліп келе жатқандықтан, бұларды көріп тағы да қашуға әзірленеді. Сол сәт Ерторғылдың оларға жаны ашып, жаралыларына көмек көрсету үшін керуеннің алдына шығып тоқтады. Кімнің пайдалы, кімнің зиянды екенін ойлап жатпастан, әлсіреп келе жатқан әскерлерге көмек көрсетеді. Соның арқасыңда жеңіліп қашын келе жатқан жақ қайта күш жинап, жеңіп қуып келе жатқандарға қарсы соғысып, оларға күйрете соққы береді. Алғашқы соғыста жеңілгендер — селжук түркілері, ал қуғыншылар монғол-татарлар еді. Осындай себеппен әлсіздері әлділерді жеңіп шығады.

Өздеріне көмек көрсетіп, жаудан құтқарғаны үшін селжук түркілері әсіресе, олардың патшасы Ғиясалдин Көксары Ерторғыл мен оның серіктерін адал дос ретінде қабылдап, оларға Анкаражақтан қоныс береді. Түріктер ездеріне берілген жерге орналасып, малын бағып, тіршілік етеді. Әр уақыт селжук түріктерімен бірге жорыққа аттанып, оларға қызмет керсетеді. Сөйтіп Селжук мемлекетінің біраз өмір сүруіне септігін тигізеді.

Осы селжук түркілері Константинопольдік румдерге шабуыл жасап, Константинополь қаласын тартын алын, астана етеді де, Селжук өкіметі атты Түрік мемлекетін құрады.

Бұлардан басқа Иран селжуктері атты тағы бір түрік өкіметі бар еді. Осман мемлекетінің негізін құрушы Түркия сұлтандарының атасы Осман хан осы Ерторғылдың ұлы болатын. Ерторғыл 1281 жылы қайтыс болады.

Осман хан түрік шейхтарының ішіндегі ең бір сыпайы, білімді кісісінің Малхатун атты қызына үйленеді. Осы әйелден атақты Орхон сұлтан туады. Осман хан осы ұлы Орхонның басшылығымен Бурса қаласын басып алады. Жеңістің соңынан Осман хан халыққа соңғы өсиет, аманаттарын айтын, қайтыс болады. Өзінің тәж-тағының Бурсаға көшірілуі және оның астана болуы керектігін сол өсиетінде айтып кетеді.

Бурса қаласының османдықтар тарапынан басып алынуы әлемдегі ұлы оқиғалардың бірі болды. Сол себепті Осман түріктердің даңқы шығып, беделі артты, іргелі үлкен мемлекеттердің қатарына енді. Бурса қаласы ол кезде әсем қала болған. Дәл осы гүлденіп тұрған шағында ол исламның орталығы болды, Осман түріктерінің астанасы осында ауысты.

Осман хан жігерлі, заманына лайық білімдар, көреген, дүниеге қызықпайтын қанағатты, діндар адам болған. Оның өте кедейлікте өмір сүргеніне жұрттың көзі қайтыс болған кезінде әбден жетеді. Артына қалдырған ешқандай жеке дүние-мүлкі болмаған.

Осман хан 1326 жылы 20 шілдеде 70 жасында қайтыс болды. Қабірі Бурса қаласындағы Манастыр деп аталатын орынға жерленген.

Түрік халқының калыптасуы мен мемлекетінің нығаюында түркі тілі шешуші рөл атқарды.

Түрік (ескі аты — Осман тілі) — түрік халқының тілі. Түркиядан басқа Жерорта теңізі мен Балқанға тараған. Бұл тілде 60 миллиондай (1992 ж.) адам сейлейді. Ол түркі тілдерінің оғыз тобына жатады. Негізгі екі диалектілік топқа: Батыс немесе түрік-дунай тобына және адакалий, адрионополь, босния, македон диалектілері мен Шығыс Анатолия (айдын, измир, караман, конии, сивас) диалектілерін біріктірген топқа бөлінеді. Қазіргі түрік әдеби тілінің негізі болған Анкара мен Кипр диалектісі де шығыс Анатолия тобына кіреді. Түрік тілінде жалпы түркі тілдеріндегі сияқты фонетикасындағы дауыстыларда сингарманизм заңы, дауыссыздарда ассимилияция заңы сақталған.

Түрік тілінің негізгі сөздік қоры түркі тілдерімен төркіндес. Қазіргі түрік әдеби тілінің нормасы XX ғасырдың 30-50 жылдарында орнықты.

Алғашқы жазба ескерткіштері XIII ғасырға жатады. Жазу ісінде 1928 жылға дейін араб алфавитін қолданды. Ал 1928 жылдан бастап латын алфавитіне көшті.

Түрік халқының қалыптасуы мен нығаюында түркі тілі орасан зор рөл атқарғаны туралы Мүстафа Кемәл Ататүрік былай деді: «Түркия мемлекетін құрған — түрік халқы, түрік ұлты. Түрік ұлты деген сөз — түрксі тілі деген сөз. Түркі тілі — түрік ұлтының қасиетті қазынасы. Өйткені, түрік ұлты өткеңдегі шексіз бақытсыздықтардың ішінде өзінің адамгершілігінің, дәстүрінің, естеліктерінің, мүлделерінің, қысқасы, бүгін өзін ұлт ретінде қалыптастырған барлық қасиеті тілінің арқасында сақталғанын көріп отыр. Түркі тілі — түрік халқының жүрегі, ақыл-ойы».

Қорыта келгенде, Түрік мемлекеті XIV ғасырда Кіші Азия жеріңде ұйымдасты. Бұл әскери-феодалдық мемлекет бодцы. XIV-XVII ғасырдың I жартысында оның жер аумағы кеңейді. Бұдан бұрын ежелгі заманда және ертедегі орта ғасырларда түрлі мемлекеттік бірлестіктердің — Хетт патшалығының, Мидияның Ахемен әулеті билеген мемлекеттің, Александр Македонский державасының, Селевк әулеті билеген мемлекеттің, Цонтий патшалығының, Пергамның, Римнің (ежелгі), Византияның, Коний сұлтандығының тағы басқа мемлекеттердің құрамына кірді.

Түріктер Византияның Анатолиядағы соңғы иеліктерін 1326 жыны Бурсаны (Түріктің алғашқы астанасы болған) алды.

XI ғасырдың 70 жыдцарында Кіші Азияда түрік-селжуктар құрған Иконий (Румск) сұлтанаты Византия шекарасына қатты қысым жасады. Византия императоры I Мануил орасан мол қолмен түрік-селжуктарға қарсы шықты. Бірақ ол Мирнокелфал түбінде быт-шыты шығып талқандалды. Империя өзінің барлық шекараларында қорғанысқа көшуге мәжбүр болды. Осы жеңілістен кейін Византия мемлекеті XII-XVI ғасырларда құлдыраған үстіне құлдырай берді. Үнемі болып тұратын феодалдық өзара қырқысулар мен тақ үшін күрес, орталық өкіметтің әлсіреуі, халықтың күйзелуі, финанс тәртібінің бұзылуы және армияның әлсіреуі, міне, империяның ішкіжағдайы осындай еді. Оның сыртқы саяси жағдайы да күрт нашарлап кетті. XIII ғасырдың аяғынан бастап Византияның нағыз қатерлі жауы — түрікгер — османдар болып, олар оны Кіші Азиядан ығыстырып шығара бастады. 1331 жылы Никеяны қаратып алумен байланысты түріктердің Византияның Кіші Азиядағы иеліктерін жаулап алуы аяқталды.

Осман мемлекетін құрушы Түркия сұлтандарыныц атасы Осман хан (Ерторғылдың ұлы) әкесі қайтыс болғаннан кейін өз қауымының басшысы болды. Әкесі Ерторғын тірі кезінде-ақ селжуктармен тату болып, олардың дүшпандарына қарсы соғысқан. Сол дәстұрді сыйлап, селжук ханы Ғияселдин Масғд бұған көп жер, су береді және сол жақтағы халықтарға әмір етіп қояды. Селжук түркілерінің 15-ші ханы Ғаллаләлдин Кейкібатты Ғазанхан әскері тұтқынға алады да, мемлекет басшысыз, мүлде басқарусыз қалады. Заңға қарсы заңсыздықтар бас көтереді. Сол үшін Селжук түркілері өздеріне Осман сұлтанды хан сайлайды. Және оған мемлекет мекемелерін тапсырады. Осы күннен бастап Анатолы жеріндегі ұлыСелжук мемлекеті Осман хан есімімен аталады. Бірте-бірте Селжук есімі ұмытылады.

Осман мемлекеті осылайша 1300 жылы құрылды. Қайсы ай, қайсы күні екені нақты болмаса да, мөлшермен маусым айының 9-ы күні деуге болады.

1352 жылы түріктер Дарданеллдің Еуропалық жағалауындағы маңызды тірек пункт Цимпе қамалын, ал 1354 жылы Галлиполи қаласын қаратып алады.

Осман түріктердің Балқан түбегіндегі жаулап алулары басталады. Византия мемлекетінің ішкі құлдырауын пайдаланған түріктер Византияның Балқандағы Еуропалық аймақтарын жаулауға кіріседі.

1363 жылы сұлтан I Мурад Андрианопольді алады да, бұған өз астанасын көшіреді. 1369 жылы түріктер Андрианопольді басып алып, оны одан ары шабуыл жасаудың базасы етеді. Болгариядағы феодалдық өзара тартыстар, оның ХІҮ ғасырда үш дербес мемлекетке бөлінуі, Сербияның бірнешедербес өзара қырғи қабақ феодалдық иеліктерге бөлініп кетуі түріктердің тез жылжып кіруіне, сөйтіп олардың Балқан түбегіне орнығып алуына мүмкіндік туғызды.

1389 жылы 15 шілдеде Косов жазығында сербтер мен түріктердің арасында үлкен шайқас болады. Бұл шайқаста сербтер түріктерге қарсы жақын көршілес елдердің көмегінсіз жалғыз шықты.

Сербтер жеңілді, сербтердің князі Лазаре қаза тапты.Түріктер әлі де Сербияны түбегейлі жаулап алмағанмен, Сербтердің осы жеңілісі түріктердің Балқан түбегінің бүкіл шығыс және онтүстік-батыс жағына қожалық жүргізуіне қол жеткізді. Бұл қожалық ету 1390 жылы 29 жасында таққа отырған Мурадтың баласы Иылдырым Баязит (1360-1403 ж.) кезінде іске асты.

Баязит бұған дейін талай қанды соғыстарға тікелей араласып, ерлігімен көзге түсіп үлгерген еді, яғни болашақ тақ мүрагері көпшіліктің құрметі мен сүйіспеншілігіне әбден бөленген болатын. Соғыс майдандарында көрсеткен тамаша ерлігі мен шапшандығына, сүйсінгендер оған Иылдырым (Найзағай) деген лақап ат берген болатын.

Иылдырым патшалық таққа отырысымен іске бірден кірісіп кетті. Сайлаулы сарбаздарын жасақтап, рум еліне жорыққа аттандырды. Балқандағы жеңісті жорықтарын аяқтасымен Анатолыға оралып, ісін жалғастырды. Бұл түста Анатолыда дара билік жүргізіп тұрған Айдынүлдарына, Саруханүлдарына, одан кейін Мептеше бектігіне шабуылдап, өзіне қаратты. Осыңдай сәтті жорықтарын жалғастыра отырып, әйгілі Қараманүлдарына шүйлікті. Кония, Нигде, Ақшақар және Ақсарайды бағындырғаннан кейін көптен бері бүра тартып, бүлік шығарып келген Қараманұлдарын тізе бүктірді.

1391 жылы Ефлак бектігінің опасыздықпен жасаған бүлігін жаныштап, Рум елін біржола өзіне қаратты.

Дәл осы кезде Анатолыда қайтадан бас көтерген Қараманұлы Алаедин Әлиді тыныштандыру үшін аттың басын кері бүруға мәжбүр болды. Қараман бегі өлтірілгеннен кейін жағдай женге келді. Осыдан кейін шығыс аймақта өрекпіп, атойлап жүрген басбүзар Қади Бүрханелдиннің кеудесін басуға кірісті. Тоқат, Сивас, Қайсари және оның айналасын Османлы иелігіне біржола қосып, өрісін кеңейтті.

Анатолыдағы үлкен жеңістерімен шабыттанған жас патша Османлы елінің тәніндегі қанды жарадай сыздап келген Византия империясын жоқ қылу мақсатымен Станбулға кіруге дайындала бастады. 1391 және 1392 жылдары екі рет Станбулды қоршай шабуылдады. Екінші рет қоршау соғысында бұғаздың Анатолы жақ жиегіне тамаша қамал (Анатолы қамалы) салғызды. Бұл жағдай византиялықтардың халын мүшкілдендіріп жіберді. Румдіктер Станбулды аман сақтап, Византия империясына қолдау көрсету мақсатымен тағы да крестшілер жорығын үйымдастыруға кірісті. Ақырында Мажарстанның Патшасы Сигизмундтың қол астына 130000 адамдық қалың қол жинап беріп, жорыққа аттандырды. Мажарстан, Франция, Англия, Польша, Венедік, Норвегия, Родос, Италия, Ефлақ және Папаның өз әскерін қоса есептегенде жер қайысқан қалың қол жолында кезіккенді қырып-жоя, ертей отырып Нигболға дейін жетті. Доған бек деген түрік қолбасы қарамағындағы шағын әскерімен Нигбол қамалын жан аямай қорғап тұрды. Сондай қиын-қыстауда аты затына сай Баязит хан найзағайдай жарқылдап қамалды қорғаушыларға көмекке келіп үлгерді. Өліспей беріспейтін екі армия 1396 жылдың 25 қыркүйегінде бетпе-бет кездесті. Тарихтағы ең зор қанды шайқастың бірі болып саналған осы айқаста крестшілер ауыр жеңіліске үшырап, быт-шыт болады. Сигизмунд патша өзінің қара басын әрең қорғап, алды-артына қарамай қашады.

Жеңісті жорық одан кейін де жалғаса берді.

1398 жылы Станбулды тағы қоршауға алды. Бұл кезде Византиялықтардың үміті үзіліп, күдер үзе бастаған еді. Бір өкініштісі — осындай бір алмағайып, шешуші кезеңге жеткенде, шығысты шандатқан Ақсак Темірдің қалың қолы төніп келе жатты.

Аса құдіретті түркі империясының негізін қалап, дүниені дүр сілкінтіп тұрған Темір сынықты сылтауратып Османлы жеріне басып кірді. Сивасты талқандап, Анкараға төнеді. Бұл жағдайдан хабар алған Иылдырым Баязит Станбулды қоршауын тоқтатып, асығыс Анкараға қайтады. Түркілердің екі жеңімпаз армиясы 1402 жылдың 20 шілдесінде Чубук даласында бетпе-бет кездесіп, соғысқа кіріседі. Қанды соғыстың ақырында османлы әскері жеңіліп қалады. Османлы империясының ұлы патшасы Иылдырым Баязит тұтқынға түседі. Оның әскери қолбасшылпры мен балалары майдан даласынан кетуге мәжбүр болады. 1402 жылы Осман державасы Анкара түбінде Темір әскерінен ойсырай жеңілгендіктен, Византия жарты ғасырға өзінің өмірін ұзартты. Сұлтан Баязиттің балалары арасында тақ үшін болған (1415-1418 ж.) күрес Византиядан түркілердің назарын біраз уақытқа аударып әкетті. Алайда 1422 жылы түріктер Константинопольге шабуыл жасап, басып алуға тырысты. II Мурад сұлтан Кіші Азиада Осман ақсүйектерінің бүлігі тағы басталған соң қоршауды тастап кетті де, Византия, Македония мен Фракиядағы бірсыпыра қалаларды түріктерге беруге мәжбүр болды және бір кездегі иеліктерінің болмашы бөлігін ғана сақтап қалды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі экономикалық орталығы Фессолониканы басып алды.

Сонымен, Түріктер Болгарияны толығымен жаулап алып, болгардың Тырново патшалығын, онан кейін қалған екі болгар мемлекетін өзіне бағындырды. Қалжыраған Сербия мен Болгария түріктерге айтарлықтай қарсылық көрсете алмады. Содан соң түріктер Константинополь төңірегін түрік иеліктері етіп қаратып алды.

1452 жылдың жазында түріктер Константинополъды басын алу үшін тікелей әзірлікке кірісті.Олар оны сыртқы дүниеденбөліп тастап, блокода ұйымдастырды. 1453 жылы көкектің басында II Мехмед сұлтан құрлықтағы және теніздегі үлкен күшпен Византия астанасын қоршады. XV ғасырдағы Византия тарихшыларының айтуынша Константинополь түбінде сол кездегі тамаша артилериямен жабдықталған 200 мыңдық түрік армиясы болды, ал қыруар түрік флоты қаланың теңіз жағын мықтап ұстап тұрды. Византия тарихшысы Дуканың айтуы бойынша империяның ежелгі астанасын қоршап алушының 20 адамына қорғаушылардың бір адамы қарсы тұрды. Оның үстіне қала қорғанысының әлсіреуіне өз ішіндегі басшылардың арасындағы талас-тартыстың тоқталмауы да көп әсер етті.

Аса маңызды қамалдарды қорғау шетелдік жалдамалыларға тапсырылды.Константинопольге қарама-қарсы Алтын мүйіз шығанағының солтүстік жағалауында орналасқан Генуя отары Галатаның басшылары қаланы қоршап алғанға дейін-ақ II Мехмедпен өздерінің сауда артықшылықтарын сақтап қалу жөнінде келіссөз жүргізіп, түрік әскеріне жасырын түрде көмек көрсетіп отырды.

Осының бәрі жиналып, халықтың бір бөлігі түріктерге ерлікпен қарсылық көрсеткеніне қарамастан, Константинополь 1453 жыны 29 мамырда түріктердің үдере шабуылымен алынды және үш күн бойы тоналды. Византияның соңғы императоры Константин XI Палеолог (1449-1453 ж.) шайқас үстінде өлтірілді. Константинопольдің құлауымен Византия империясы да өмір сүруін тоқтатады. Константинопольдің атын Стамбул (Истанбул) деп өзгертіп, Осман империясы астанасын осында көшірді. Түркия Осман империясы болып жарияланды.

Константинопольдан соң іле-шала түріктер бұрынғы Византия мемлекетінің Орта Грециядағы және Пелопеннестегі басқа аймақтарын басып алды. Осыдан кейін түріктер Серб жерлерін толығымен бағындыра бастады. 1459 жылы Сербтердің соңғы бекінісі Смедерево құлады, ал 1461 жылы Трапезунд империясының астанасы Трапезундты да өзіне қаратты.

II Мехмедтің әскерлері Константинопольді алғаннан кейін арада 25 жыл өткен соң бүкіл Балқан түбегін Дунайға дейін Осман империясына қаратты. Түріктер Молдова мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. Осман империясы XV-XVII ғасырларда дамудың ең жоғарғы сатысына көтерілді. 1514 жылы парсылар, Әзірбайжан, Күрдстан мен Месопатамия бағындырылды.

1516 жылы бүкіл Сирия, Мекке мен Медине, 1517 жыны Каир, бүкіл Египет тізе бүкті. 1553 жылы Грузияның батыс бөлігі, 1574 жылы Кипр мен Тунис, іле-шала Алжир мен Триполи сұлтан өкіметін мойындады. Оңтүстік Венгрияны, Критті (1669 ж.), Цодолия мен Украинаның бір бөлігін (1672 ж.) басып алды.

XVI ғасырдың ақырындағы бұқара халық көтерілістері,ауыл шаруашылығының құлдырауы салдарынан империяныд әскери-лендік (міндеттілік) жүйесінің іргесі сөгілді. Сөйтіп барған сайын шиеленісе түскен ішкі алауыздықтар Осман империясының әскери қуатын кемітті.

1664 жылы Сенттотхард түбінде австриялықтар мен венгрлерден ауыр жеңіліс тапқан түріктер бүдан кейінгі соғыстарда сәтсіздікке ұшыраумен болды.

1684 жылы түріктерге қарсы Австрия, Поллшна, Венеция «Қасиетті Лига» құрды, оған 1686 жылы Ресей қосылды.

Австрия, атап айтқанда, 1735-1739 жылдарғы орыс-түрік соғыеында Ресейдің одақтасы болды. Бұл соғыста Ресей Қырымның көптен бергі талан-тараж шабуылдар жасауын тоқтатуды, сәтсіз болып шыққан Прутск жорығының салдарын жоюды және Қара теңізге шығуға жол ашуды көздеді. Соғыс әрекеттері Днепр өзенінің төменгі жағында, Молдовада және Қырымда кең өріс алды. Орыс армиясы Ставучан төңірегінде маңызды жеңіске жетті. Очаковты, Кинбурнды, Яссыны басып алды; Перекопке бұзып-жарып өтті; Қырым хандығының астанасы Бахшасарайды алды. Алайда, 100 мың орыс солдаты құрбан болған бұл соғыс алға қойылған мақсаттарды шеше алмады: Иран Түркиямен соғыс бастау жөніндегі міндеттемесін орындаған жоқ, Австрия сепараттық бітім жасады, Фельдмаршал Миних бастаған орыс армиясы соғыс әрекеттерін баяу жүргізді және өз жеңістерін орынды пайдаланбады. Миних армиясы прусс тәртібін: уставтарын, тактикасын, киім-кешегін, таяқтау жазасын қолданды. Армияны азық-түлікпен, жем-шөппен, қару-жарақ, оқ-дәрімен жабдықтау өте нашар болды. Осының нәтижесінде Ресей бітімге келуге мәжбүр болып, бұл бітімге 1739 жылы Белградта қол қойылды. Келісім-шарт бойынша Ресей теңізге шығатын жолды да, Азов пен Қара теңізде флот ұстау құқын да ала алмады.

Қорыта келгеңде, Осман Түріктері XIV-XVIII ғасырдың бірінші жартысында ұлы империя құрды. Қуатты әскери күштің иесі болды, жер аумағын кеңейтті. 1329 жылы (басқа мәліметтер бойынша 1331 ж.) Никеяны (Изник), 1337 жылы Никомедияны (Измит) басып алды. 1354 жылы Балкандағы Галипольді (Гелиболу) және оның маңындағы Византиялық бекіністерді бағындырды. I Мурад (1359-60 немесе 1362- 89 ж. билік еткен) 1361 жылы немесе 1362 жылы Андрианополь (Эдрне) мен Шығыс Фракияны, көршілес аймақтарын, сонан соң Пилиппопольды (Пловдив), Софияны, Шуменді, Ништі басқа да болгар және серб қалаларын өзіне қаратты.

I Баязид (1389-1402 ж. билік өткен) бүкіл Болгарияны жаулап алып, Никополь шайқасыңда (1396 ж.) Еуропалық рыдарлардың біріккен күшін талқандады. Бұл кезенде Осман мемлекеті Анатолыда өз шекарасын кеңейтті. Мұнда негізінен түрік халқы қалыптасты. XIV ғасырдың аяғына қарай Анатолы иеліктерінің (князьдықтар) бәрі Осман мемлекетіне қосылды. XV ғасырдың 40 жылдары Осман түріктері Балканда тағы да жорық бастады. Сұлтан II Мурадтың әскері (1421-1452 ж. билік еткен) 1444 жылы Варна маңыңдағы шайқаста еуропалық мемлекеттердің армиясын, ал 1448 жылы крестілер жасағын талқандады. Сұлтан II Мехмедтің (1451-81 ж. билік. еткен) әскері 1453 жыны 29 мамырда Константинопольді алды. Сонымен Византия империясы құлады. Осман мемлекеті енді империяға — Осман империясына айналды. XVғасырдың 50-70 жылдары Сербияның тәуелсіздігі біржолата жойылып, Морея, Аттика, Трапезунд империясы Боснияны, Эвбея аралы, Эгей теңізінің басқа бірсыпыра аралын жаулап алды. Қырым хандығы мен Валахияда түрік суверенитеті орнады. IIМехмед өзі билік жүргізген жылдардың аяқ шенінде, бүкіл Албанияны басып алды.

Сұлтан IIБаязид (1481-1512 ж. билік еткен) Оңтүстік Шығыс Еуропаны жаулап алуды аяқтап, Герцеговинаны қосып (1482 немесе 1483 ж.), Молдоваға өз суверенитетін орнатты (1501 жылы).

Сұлтан IСелимнің (1512-20 ж. билік еткен) әскері 1514 жылы Сефеви мемлекетінің армиясын талқандап, оның астанасы Тебризді өзіне қаратты. 1514-15 жылдары Арменияны, Күрдстан мен Солтүстік Месопатамияны (Мосулмен қоса) басып алды. 1516-17 жылдары Сирияға, Ливанға, Палестинаға, Египетке, Хиджазға, 1519 жылы Алжирдің бір бөлігіне билік орнатты. 1521 жыны түріктер Белградта, 1526 жылы Венгрияның астанасы Буданы бағындырды. Родос, Эгей архипелагының өзге де аралдары,

Триполитения, бүкіл Алжир түрікгердің билігіне көшті. 1664 жылы Түрік армиясы Сенттотхард маңында австриялықтар мен венгриялықтардың, 1683 жылы Вена шайқасында поляк әскерлерінен күйрей жеңілді. 1684 жылы түріктерге қарсы «Қасиетті Лига» (Австрия, Полыиа, Венеция, 1686 ж. Ресей) үйымдасты. Австриямен болған соғыста (1716-18 ж.) түріктер Кіші Валахиядан, Боснияның бір бөлігінен, басқа да иеліктерінен, оның ішінде Белградтан, Иранмен болған соғыста (1730-36 ж.) Тебриз бен Хамаданнан айырылды. 1715-1739 жылдардағы соғыста Ресей Азов пен Запорожьені қайтарып алды. Қырым хандығы тәуелсіздік алды.

Әскери-лендік жүйе дағдарысы тереңдей түсті. Армияның жауынгерлік қабілеті төмендеді. Билеуші тап шаруаларды қанауды күшейтті. Алжирде ауыл шаруашылығының негізі шайқала бастады. Шаруа жерін тастап, қалаға қашты. Сыртқы сауда іс жүзінде шетелдер капиталы мен компрадарлық буржуазияға бағынды. Рынок қысқарды.

Батыс Еуропа болса, оның жөні басқа еді. Ол бұл кезде Жаңғыру реформасын жасау, француз революциясы, либерализм, өнеркәсіп революциясы кезендерінен өткен еді. Ал Осман мемлекеті Византия империясының дәстүрлерін айнытпай қабылдаған болатын. Ал оның экономикасы мемлекеттің басқару мен бақылауына негізделген еді. Ол бағаны белгілеуден және қымбат тауарлар мен тұтыну заттарын сатуды уысынан шығармаудан анық көрінетін. Бұл дәстүрлерді экономиканың ислами қағидасымен үйлестіру өте қиын іс еді. Империя әлсіреуінің алғашқы белгілері үкіметті алаңдатпай тұра алмады. Билеушілердің рухы түсті. Бірақ реформашылар тек мемлекетті күшті үкіметпеннығайту жайын ойлады. Олар сөйтіп өткенде болған нәрселерді ғана қалпына келтіруге ұмтылды. Империяның құлдырай бастауы Батыстың оған деген көзқарасын өзгертті. XVIғасырда құрмет-қошеметке бөленген түріктер енді надан да жабайы деген атқа иебола бастады. Сөйтіп, Түркияның өз ісіндегі христиандарға көмектесу саясатының негізі қаланды. Ал дін Батыстың нағыз шын саяси мақсаттарын бүркемелеуге қызмет етті. Осман империясындағы елді еуропаландыру жөнінде жүргізілген реформалар экономикалық жаңғыруға қажетті жағдайларды жасай алмады. Тек Батыс институттарын қабылдап қана қою мүлде жеткіліксіз еді. Ол қайта империя мен Батыс Еуропа дамуының арасындағы айырмашылықты бұрынғыдан бетер ұлғайта түсті. Ел ішінде түріктер Еуропа деңгейіне ешқашаңда жақындай алмайды деген пікір де туады. Батыстағы өркениеттің негізгі қозғаушысы — жеке бастың шымыр-ширақтығы Осман түріктерінде мүлде жоқ, үкімет билігінен тыс жерде ешбір принцип те, ереже де болмады», — деп жазды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ