ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси ойдың дамуы (сабақ жоспары)

0
1299

Оқыту мақсаты
– қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру.

– ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;

Зерттеу сұрағы:
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы және отаршылдық

Тірек сөздер
● Білім беру
● Ағарту
● Дәстүр
● Мәдениет
● Молдалар

Оқулық
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық-саяси ойдың дамуы. 169—171 беттер.

Ресурстар
История Казахстана. Энциклопедический справочник. — Алматы, 2010.
Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу құралы» (М.Жолдасбекұлы,
Қ.Салғараұлы, А.Сейдімбек). — Астана,2001.
Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан
отаршылдық және тоталитарлық жүйелер қыспағында. 3-кітап. — Алматы,
2016.

Көрнекілік
Мұсылмандық білім беру жүйесіндегі медреселердің, мешіттердің суреттері. Слайдтардан мұсылмандық қасиетті орындардың суреттерін алу.

Мақсатты айқындау
Оқытушы отаршыл әкімшілік жүйенің мұсылмандық білім беру жүйесіне жағымсыз көзқарасын және медреселердің дәстүрлі білім берудегі рөлін ашып көрсетуге баса мән береді.

Дамытушылық маңызы. Бүгінгі Қазақстандағы діни білім беретін оқу орындарының бастаулары ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мұсылмандық білім беру жүйесімен жалғасуы керектігін оқушыларға түсіндіреді.

Тәрбиелік маңызы. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мұсылмандық білім берудегі ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, оқытушы мұсылмандық білім берудің қазақтың рухани тұрғыдан ұлттық тәрбие алуына зор ықпал жасағанын түсіндіре отырып, мұсылмандық білім жүйесіне деген оқушылардың құрметін арттырады.

Сабақтың деректік материалдары
1.Ресей империясының білім беру жүйесімен мұсылмандық білім берудің
ерекшеліктерін көрсететін кестені толтыр.

  • Ресей білім беру жүйесінің ерекшеліктері;
  • Мұсылмандық білім берудің ерекшеліктері.

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақ барысында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы медреселердегі білім беру жүйесінің қазіргі Қазақстандағы мұсылмандық оқыту жүйесімен сабақтастығын көрсетуді әрқашан есте ұстау керек.

Бағалау мүмкіндігі
Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарату арқылы жазғызу.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ