Химия сабақтарында оқушылардың белсенді ойлау қабілетін дамыту

0
1690
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Мақсаты: Химия сабақтарында белсенді ойлау қабілетін дамыту арқылы білім сапасын арттыруға көмектесу.

Міндеттері: Химия сабақтарын өткізуде ойлау қабілетін тиімді қолдану жолдарын үйрету;

Қазақстан Республикасы ғылыми техникалық, экономикалық, дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Қазір заманның өзі жаңашылдықты талап етеді. Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімінің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату – басты міндет болып қала береді. Мұның бәрін мектеп қабырғасынан бастау қажет. Өйткені егемендік елдің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз әр күн сайын тіпті әр секунд сайын өзгеріп тұрған әлем әрбір адамнан қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс:

  • Оқушыларды өзгеріске толы өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау.
  • Білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәлім-тәрбие беру.
  • Біреуге арқа сүйетпей, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын

қалыптастыру, дамыту.

Оқушылардың оқуы сонымен білім сапасы оқу барысында оқушының өзі сабаққа тікелей қатысуы, сабақ барысында тек мұғалімнің айтқаның ғана жазып,сызып қоймай өз бетінше білім алуға жағдай жасалғанда ғана оқушы білімге өзі ұмтылатыны және алған білімін одан әрі дамытуға қызығатыны анық. Мұғалімнің септігі өте жоғары деңгейде.

Белсенді ойлау сабағының құрылымы үш кезеңнен тұрады:

1.Қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау). Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

2.Мағынаны таныту (мағынаны ажырату) Реализация – оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең, сондықтан, оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― — “мен үшін түсініксіз”, + — “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.

3.Ой-толғаныс (рефлексия, жаңа білім құрастырылады) – Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады


ПІКІР ҚАЛДЫРУ