Менің көзімше әлемдегі ең ықпалды адамдардың бестігі…

          Барлығыз бала кезімізде бір адамдарға еліктеп өсеміз. Кумир болуға лайықты, сізді таң қалдырған адамға қарап, тамсанып сол сияқты даңты болуды армандайтынбыз. Бірақ шындап келгенде әрбір адам жеке дара қалыптасушы тұлға. Ал, ең танымал әрі беделді адамдардың тізім тарихқа көз жүгіртіп, біраз мағұлмат береді.

          Әйгілі адамдарды жөнінде ақпарат олардың жүріп өткен жолын оқып, танысу үлкен мотивация сыйлайды. Сол себепті ең қызықты тақырыптардың бірі әлемдегі әйгілі адамдар тізіміне үңілейік.

          «Тарихтағы ең ықпалды 100 адам», — атты кітапты негізге ала отырып үздік ықпалды адамардың тізімін жасадық. Американдық астрофизик Майкл Харттың 1978 және 1992 жылдары жарық көрді. Кітаптар қысқаша өмірбаяндар жинағы болып табылады. Негізгі тізімдегі адамдардан басқа, кітапта құрметті сілтемелер тізімі берілген. Осы тізімдегі кейбір адамдар үшін өмірбаяндар да берілген, бірақ негізгі тізімдегі адамдарға қарағанда әлдеқайда аз.

Бірінші орында күллі мұсылман жұрты құрмет тұтатын, пайғамбар Мұхаммед (салаАллаху алейхим ассалям). Араб діни және саяси қайраткері, монотеизмді уағыздаушы және исламның орталық қайраткері. Ол үмметтің негізін қалаушы және басшысы болды оның тікелей билігі кезінде араб түбегінде күшті және жеткілікті үлкен мемлекет құрған. Мұсылман қауымдастығында алғаш ислам таратушы, миллиондаған халықты үмбеті етіп, соңынан ергізген Аллах елшісі. Алла елшісінің келуімен тәрбие мен тәртіп орнады. Ұрлық, зорлық – зомбылық, арақ – шарап, әйелдерге деген құрмет артты.

Альберт Эйнштейн – теориялық физик, қазіргі теориялық физиканың негізін қалаушылардың бірі, физика бойынша 1921 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, гуманистік қоғам қайраткері. Әлемнің 20-ға жуық жетекші университеттерінің құрметті докторы, көптеген ғылым академияларының мүшесі, соның ішінде КСРО шетелдік құрметті мүшесі Эйнштейн физика бойынша 300-ден астам ғылыми еңбектердің, сондай-ақ Ғылым тарихы мен философиясы, публицистика және басқа да салалардағы 150-ге жуық кітаптар мен мақалалардың авторы. Ол бірнеше монументалды физикалық теорияларды жасады:

Мохандас Карамчанд Махатма Ганди — Үнді саяси және қоғам қайраткері, Үндістанның Ұлыбританиядан тәуелсіздік қозғалысының жетекшілері мен идеологтарының бірі. Оның зорлық-зомбылықсыз философиясы (сатяграха) бейбіт өзгерісті жақтаушылардың қозғалыстарына әсер етті.

Авраа́м Ли́нкольн — американдық Мемлекеттік және саяси қайраткер, АҚШ-тың 16-шы президенті (1861-1865) және Республикалық партиядан шыққан алғашқы, Америка халқының ұлттық батыры. Құлдықтың жаңа аумақтарға кеңеюіне қарсы ретінде Республикалық партияны құрудың бастамашыларының бірі болды, оны президенттікке кандидат етіп сайлады және 1860 жылғы сайлауда жеңіске жетті. Оның сайлануы оңтүстік штаттардың бөлінуіне және Конфедерацияның пайда болуына сигнал болды. Өзінің ұлықтау сөзінде елдерді бірігуге шақырды, алайда оған мүмкіндік болмады.

Мұхаммед – Али — ауыр салмақта өнер көрсеткен американдық кәсіпқой боксшы; әлемдік бокс тарихындағы ең танымал боксшылардың бірі. Ол, көзі тірісі кезінде қара нәсілді адамдардың құқығы үшін күресіп, есіркі мен зиянды заттардың көзін жоюға арналған қозғалыста бой көрсеткен. Халық арасында сүйіспенілік пен аса құрметті лауазымға ие болған спортшы. Ислам дінін қабылдап, оны таратуға әркет жасаған. Көптеген қайрымдылық пен айналысып, өз еліндегі әділетсіздікпен ашық әр айқын күрескен.

Кімге еліктесеңде саған өмірлік жолды нұсқай алатын, тарихы бар тұлғаны пір еткенің абзал, бұл үлкен мотивация.

Хайдарова Сара Есмағамбетқызы

Әлемдік руханият, заманауи трендтер және инновациялық тәжірибе

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері.

Университет — ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.

Қазіргі таңда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті — қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның экономикасының өсуіне, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды белсенді жүзеге асырып отырған, ірі халықаралық деңгейдегі ғылым, білім ордасы, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ең озығы және беделдісі болып табылады.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Times Higher Education University Impact Rankings-2021 рейтингінде ең үздік, әрі осындай межеге жеткен жалғыз қазақстандық ЖОО деп танылды.

Білім ордасы Біріккен ұлттар ұйымының 2030 жылға дейін тұжырымдаған тұрақты дамудың барлық 17 мақсаты бойынша басымдық көрсетіп, қазақстандық ЖОО арасында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Times Higher Education University Impact Rankings (THE IR) рейтингінде әлемнің 1115 университетінің көрсеткіштері сарапталған. Әлемдік рейтинг жоғары оқу орындарының тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысын бағалауға арналған.

БҰҰ айқындаған 17 мақсаттың қатарына кедейлікті жою; салауатты өмір салты; сапалы білім беру; гендерлік теңдік; су ресурстарын тиімді пайдалану және баршаға арналған тазалық; энергия көздеріне қол жетімділік; лайықты жұмыс және экономикалық өсу; өнеркәсіп, инновациялар және инфрақұрылым және басқа талаптар кіреді.

Нәтижесінде ҚазҰУ-дың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тепе-теңдікті жоғары дәрежеде қамтамасыз етіп отырғандығын дәлелдеді.

Бұдан бөлек, білім ордасында сандық жүйеде оқытудың жаңа әдістері енгізілуде. Бұл пандемия жағдайында аса маңызды болып отыр. Университет «баршаны қолайлы оқытуды» – кез келген уақытта және барлық құрылғыда қолжетімді етуге кірісті. Нәтижесінде оқытушы-профессорлар құрамы бағалау мен тиімділікті арттыру құралдарын қолдана отырып, жаңа педагогикалық мүмкіндіктерге жол ашуда. . Білім ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың Смарт-университетке айналудың соңғы кезеңіне аяқ басқанын жеткізді.

«Бүгінгі таңда жоғары оқу орнының техникалық жабдықталуы қарқынды жүргізілуде. Кампус студенттер мен қызметкерлер үшін толықтай қолайлы ортаға айналатын болады. Барлық бизнес-үдерістер мен байланыс жүйелерін оңтайландыру, жекелеген қызметтер желісін автоматтандыру қолға алынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен түрлі автоматтандыру жүйелерін интеграциялау жүзеге асырылады» деп атап өтті

Университеттің дәл осындай жетістіктері халықаралық әріптестер тарапынан мойындалып, ҚазҰУ СМАРТ-технологиялар мектебін ұйымдастыру мәртебесіне ие болды. Білім алаңында әлемнің 7 елінен, оның ішінде Еуропа мемлекеттерінен ақпараттық-

коммуникациялық технологиялар және автоматтандыру саласының жетекші ғалымдары қатысып, өз тәжірибесімен бөлісуде.

Мектеп жұмысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың смарт-технологияларды қолданудағы үздік жобалары көпшілік назарына ұсынылды.

Атап айтсақ, ЖОО-ның барлық коммуникацияларының сандық жүйеге көшуі, кампусқа кірген кезде тұлғаны тану технологиясы, қалашықтағы қауіпсіздік мониторингі. Сондай-ақ сабақтарды бақылау, оқушылардың үлгерімін талдау, қызметкерлер жұмысының тиімділігін сараптау, ақылды қалалар технологиялары, «жасыл» кампус және тағы басқалар. Сондай-ақ ҚазҰУ магистранттарының «ақылды жылыжай» арнайы жобасы қатысушылардың қызығушылығын оятты. Республикалық физика-математика мектебі үшін дайындалып жатқан жобаға оқушылар да тартылатын болады.

Қазіргі сәтте кампустың сандық қызметтері толығымен жаңғыртылу үстінде. Барлық ғимараттарды басқару үшін арнайы қабылдағыштар және ақылды технологиялар пайдаланылады.

Айта кетсек, Erasmus ақылды қалалар технологиясының магистрлік бағдарламасына инновациялық тәсілдерді ендіру жобасы аясында бүгінде грек университетімен қос диплом бағдарламасы әзірленіп, табысты іске асырылуда. Нәтижесінде Қазақстанның алты магистранты Грекия халықаралық университетінде білім алды. Сонымен қатар еуропалық ЖОО мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында магистрлік диссертациялар қорғалады деп күтілуде.

Осылардың барлығы Елімізге халықаралық деңгейге сай, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алатын орны ерекше екенінің айқын көрінісі.

Әбенова Айнұр
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4 курс студенті

Ғылыми жетекші:Андабаева Г.К.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,ЭжБЖМ профессор м.а.

Келешекке сеніммен көз тігеміз

Қазіргідей ала-құйын кезеңде ақпараттар тасқыны,күн сайынғы өзгерген заманында бағыт-бағдарымызды байыптау оңай емес. Шет елдің бізге жат мәдениеті мен өнері тоқтаусыз енуде. Олардың қайсысы жақсы,несімен пайдалы екендігін ажырату жас буынға қиынға соғып тұр. Іріктеп ала білу тек көзі қарақты,жан дүниесі сан тараптан саналы ойды түйсікке ала білер білімді адамның ғана қолынан келеді.

Жаңа замандағы ұлттық сана,ұлттық кодты сақтап қалу,ұлттық дәстүрді дамыту,бәсекелестікке қабілеттілік,білім біліктілігі,шет ел тілдерін меңгеру,зияткерлік өнім,мұның бәрін талдау – өз алдына бөлек әңгіме. Оны ұғыну,кәдеге жарату – біздің басты міндетіміз. Онсыз еліміздің ілгерілеуі мүмкін емес.

Туған жердің байлығын сақтау,үнемдеу мен қорғау,тиімді пайдалану,экологиялық өмір салтын қалыптастыру,техникалық үдерістерді игеру – жастарға жүктелген аманат.Біз осының бәрін     жан – тәнімізбен  санаға сіңіргенде ғана,тәуелсіз елдің ертеңін қалыптастыра аламыз.

Мен биыл универ қабырғасында,құрбы-құрдастарыммен бірге  арман жолында келеміз.Келешекке сеніммен көз тіккен достарыма «Уақыт – жүйрік,кешеуілдеуді күтпейді,асығайық,азат елдің мақсатшыл азаматы,жаһандану заманында ойымыз сергек болсын»дегім келеді.Сонда Елбасы айтқан ұлағатты тапсырмаларды орындай аламыз.

 

Ерсайынова Бибақыт

Тұран университеті

3 курс студенті

Медиа-этика кітабы туралы

Ақпарат тарату, ақпарат беру, жөнді ақпарат қабылдау – бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі. Медиа саласындағы мәселелерді шешу мен ортақ тәртіпті сақтау, тығырықтардан шығу да жас журналистер мен ақпарат саласының мамандарына көп кезігетін қиыншылықтар қатарында.

Әрбір саланың өзіндік ортақ ережесі болатыны іспетті, медиа саласының да өзіндік этикасы, тәртібі бар. Мен бүгін «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша аударылған, Ли Энн Пек және Гай С.Рил есімді журналистер топтастырған «Медиа этика» кітабына пікір айтпақпын.

Мен Тұран университеті журналистика мамандығының  студентімін.Біз негізінен медиа саласының этикасын осы «Медиа-этика» кітабынан бастадық. Сырты түрлі-түсті бұл кітап басында маған өте қызық болып көрінді.Бұл кітап негізінен студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған.Еңбекке жарнама,жаңалықтар,қоғамдық қатынастар саласында жұмыс істейтін жас мамандар тап болған күрделі мәселелер мен шынайы оқиғалар арқау болған.Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып,қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі.Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен істер едім?» — деген ой үстінде болады.

Кітапта қамтылған мәселелер барлық медиа мамандарына ұшырасуы мүмкін,сондықтан тараулар мамандық бойынша емес,адалдық,сезімталдық және тепе-теңдік сияқты тақырыптарға бөлінген.

Менің пікірімше кітапта барлық мүмкіндіктер қарастырылған яғни,болашақ журналистке керекті ақпараттар көбірек кездеседі.Алайда сол жазылған ақпараттардың кейбірі түсініксіз болды.Яғни,ұғынуға қиындық соқтырды.
Кітап – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып,өмірде кездесетін тосын,күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағлымды еңбек деп білемін.

 

Ерсайынова Бибақыт

Тұран университеті

3 курс студенті

Шет тілін меңгерудің әдістері

Тіл – қарым – қатынас құралы. Адамды жақындатын да тіл, алыстататын да – тіл. Адам қанша тіл білсе, сонша елдің мәдениетін таниды. «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деп халық даналығы  бекер айтпаса керек.

Ғаламторды ашып қалсаң шет ел тілін оңай әрі тез үйретемін деген жарнамадан көз сүрінеді. Иә, қазіргі таңда кез – келген үшінші тілді еркін меңгеру сәнге айналған. Расымен де, қазір бой емес ой салыстыратын заман екенін жастар түсінгендей.

         Біздің заманымызға дейін өмір сүрген аса көрнекті жазушы, дана, ақындардың  көпшілігі біраз тілді меңгергені жұртшылыққа мәлім. Мысалға үлгі етер тұл – тұлғалардың бірі Әбу Насыр Әл Фараби 70-ке жуық тіл білген.

Ал, бүгінгінің үлгісі, Мейіржан есімді 24 жастағы жас жігіт бүгінгі таңда 8 тілді меңгерген. Өзінің  «Ниет» бағдарламасына берген сұхбатында 8 тілді қалай үйрегені мен қазіргі таңда өз оқушыларына онлайн оқуды үйретіп жүргендігін айтқан болатын.

         «Тілді үйретуде қысым болмауы қажет, яғыни баланың қызығушылығын анықтай отырып, сол бағытта ақпараттар беру керек. Сонымен қатар сол қызығушылық туралы шет ел тілінде сөйлесу маңызды» — дейді жас маман.

Қазіргі таңда, мектептер де үйретілетін ағылшын тілін неге 11 жыл ішінде еркін үйреніп шыға алмайтындығына Мейіржан мырза: «Көпшілік мұғалімдер ағылшын тілі туралы қазақша жеткізіп, оқушылармен қазақша талқылайды. Ал,тілді тек сол тілде сөйлеу арқылы үйренуге болады» деп кеңес береді.

Әлемде қазіргі таңда сұранысқа ие бес тілдердің көшін қытай тілі бастап тұр. Бұл тілде бүкіл дүниежүзінің 7/1 бөлігі сөйлейді. Қытай тілін меңгеру өте қиын. Ал, екінші орында ағылшын тілі, дүниежүзінде 508  млн адам ағылшын тілінде сөйлейді.

Одан бөлек жылына 400 млн адам ағылшын тілін үйренеді. Қазіргі уақытта ағылшын тілінде АҚШ, Австралия, Англия, Канада, Зимбабва, Оңтүстік Африка т.б. елдерде сөйлеседі. Үшінші орында, дүниежүзінде 497  млн адам хинди тілінде сөйлейді. Хинди – Үндістан мемлекетінің ресми тілі. Елде хинди мен ағылшын тілдері қатар жүреді. Әйткенмен, ағылшын тілі әлемдік тіл болғандықтан, осы тілде сөйлеушілердің саны басым.

Келесі орынға испан тілі жайғасқан, дүниежүзінде  392  млн адам испан тілінде сөйлейді. Испан тілі Испания, Оңтүстік және Орталық Америка, Куба, Мексика елдері үшін ана тілі рөлін атқарады. Ал, бесінші орынға өзімізге таныс, көршілес Федерация тілі жайғасқан. Дүниежүзінде  277 млн адам орыс тілінде сөйлейді. Орыс тілі халықаралық тілге жатады. Бұл тілде көбіне ҚСРО мемлекеттері, яғни қазіргі ТМД халықтары тілдеседі. Ал жалпы Ресей Федерациясында 146 млн адам орыс тілінде араласады.

Бүгінгі таңда тіл үйренудің аса қиындығы жоқ. Онлайн отырып – ақ, өзіңді қызықтыратын тілде сөйлеп үйрене аласың. Ақша төлеп, бір жаққа барудың да қажті жоқ. Тек қағаз бен қалам және интернеті бар смартфоның болса жеткілікті. Алған біліміңді ұмытып қаламау үшін сол тілде сөйлеуді үйреніп жүрген немесе әуелден сөйлейтін жолдасыңмен шет тілде әңгімелессең, алған біліміңнің тез ұмытылып кетпейтіндігіне кепілдік бола алады.

Оқырмандар үшін қысқа «Чек лист» жасайтын Ақтөбелік Азамат Жанболатұлы «Менімен үйрен» атты жобасының авторы ретінде өз ойымен инстагарм парақшасында  бөліскен. «Күніне бір сағат уақыт шет тілін үйренуге арнап жақсы нәтижелерге жетуге болатынын айтады.

Бастысы — қолданысын арттыру. Ал тіл үйрететін түрлі қосымшалар оған мүмкіндік бере бермейді», деп жазады автор. Сонымен қатар, ол қиынға соғатын тілдерді төрт топқа бөледі. «Ең қиын тілдер қатарына араб, қытай, жапон, корей тілдері жатады. Ал ағылшын тілін білетіндерге итальян, испан, португал, француз тілдерін үйрену оңайға соғады», — дейді Азамат мырза. Мақалада тіл үйренген кезде өзіңе ұнайтын тақырыптарда мақала оқып, аудио тыңдаудың маңызы зор екені айтылған.

«Шет тілін үйренгенде сол тілде аудио тыңдап, жиі-жиі сөйлеу керек. Шет тіліне күніне бір сағат арнау тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді», деп өз оқырмандарына кеңес береді.

Тіл үйренудің ең тиімді әдістерін бүгінгі таңда кез келген ғаламтор платформаларынан жүктеп алуға болады.

Сіздерге өз тәжірибемнен тілді тез үйренуге арналған 10 қадамды ұсынамын.

  1. Ниет ету – кез келген істі бастамас бұрын, өзіңізді және санаңызды жақсы нәтижеге бейімдеу қажетсіз. Яғни іс барысында түбі өзіңіз қалаған нәтижені көретіндігінізге сену қажетсіз.
  2. Ізденіс – өзіңіздің қызығушылығыңызды туғызған тіл туралы ақпараттарды жинай отырып, сол елдің мәдениетімен танысыңыз. Неге бұл тілді білу сіз үшін маңызды? Болашақта сізге қолданысқа кере пе? деген сұрақтарға жауап беріңіз.
  3. Жоспар – неден, қалай бастаймын? Қайдан, немен үйренемін? Осы сұррақтарға жауап беру үшін алдымен жоспар құруыңыз қажет. Яғыни тіл үйренуге арналған қаражат немесе кітап, сенімді әрі білікті мамандарға жүгіну немесе онлайн бастау. Күніне осынша уақыт бөлу, осындай жоспар болу қажет.
  4. Ереже – ережесіз және тәртіпсіз білім болмайды, жоспарға сәкес жүріп отыру үшін, өзіңізді қадағалаңыз
  5. Кумирді бақылау – әлеуметтік желіден өзіңіздің ұқсағыңыз келетін, немесе сіз үйренгіңіз келетін тілде сөйлейтін адамның парақшасын тауып, оның жазбаларын оқу. Ол сіздің сол адамның тілін оңай түсінуге ынталандыратын болады.
  6. Тілді жаттықтыру – әріптерді және жүргізіп оқуды үйренгеннен соң сол тілдегі кітаптарды түсінбесеңізде оқи беріңіз. Бұл сіздің кідірмей оқуыңызға дыбыстардың жатталуына, дұрыс сөздерді айтуға жаттықтырады. Кейін дәптерге оқығаныңызды көшіріп жазыңыз, уақыт өте оны жатқа жазыңыз.
  7. Хоббиіңізбен байланыс – әр адамның бос уақытында айналысатын хоббиі болады, сол хоббиге тілңізді араластырыңыз.Үй жинағанды ұнатсаңыз музыка қосып қойыңыз, ол сіздің үйренгіңіз келетін тілде болса тіпті жақсы. Ән айтқыңыз келсе сол тілде кораоке орынданыз.
  8. Фильм көріңіз – фильмді дұрысы субтитермен тамашалаған жөн. Айтылған сөздің мағынасын түсінесіз және ол сөдің айтылуы мен аудармасы ойыңызда қалады.
  9. Тіл өкілімен сөйлесіңіз – сол тілде сөйлейтін адаммен ғаламтор арқылы болсын сөйлесіңіз. Егер түсінбесеңіз онда аудармашыны қолдансаныз болады.
  10. Қайталау – әр жаттығуыңыз бен жасаған істеріңізді, жаттаған сөздеріңіз бен оқыған мәтіндеріңізді қайталаңыз. Бұл сізге тез ұмытылып кетпеуіне кепілдік береді.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!

 

Пайдалы және қызықты спорт түрлері

 

Адам өмірінде дене қозғалысының маңыздылығын бәріміз білеміз. Дегенмен ұзақ уақыт бір орында тік отырып қалу, не бүгіліп қисаю секілді іс – әрекеттер адам бұлшық етінің қатаюына әкеледі. Бұл процесс адамның өзін шаршаңқы сезініп, ұйқысы келіп, әлсіздік туғызады.

Спорт пен түрлі жаттығулар адамның тек физикалық қозғалысын жақсартып ғана қоймай, психологиялық күйінде жайландырады.

Әлемде әрбір екінші аам депрессиялық күйді жиі бастан өткереді. Ал, депрессия мен күйзелістен арылтуға көмектесетін бірден бір әрекет ол – спортпен аййналысу. Сіздер үшін физикалық әрі психлогиялық балансты қалыпқа келтіретін жаттығулар мен спорт түрлерінің жиынтығын ұсынамыз.

Егер сіздің тұрғылықты жеріңізде таулар мен биік төмпешіктер бар болса, жылы киімдеріңізді киіп тауға шығыңыз. Жерден биіктікке көтерілген сәтте ауа қысымы жоғарылайды, сіздің физикалық күшіңіз бұлшық еттерге күш түсіріп оларды қозғалтады. Бұл істі хоббиіңізге айналдырсаңыз арықтауғада көметеседі. Биіктікке шығып өз қалаңызды жоғарыдан көресіз, ойыңызды жинақтап бар энергияңызды табиғатпен байланыстырңыз. Жаңа баланс жинаңыз.

Омыртқа мен сүйектердің тың қозғалысы жүзу кезінде өте жақсы іске асады. Өкпе ашылып, тыныс жолдары да тазарады. Сіздің қалаңызда немесе ауылыңызда көл яки жүзу бассейндері болса, бұл спортпен айналысқан өте пайдалы. Бала кезен жүзуге барсаңыз бойыңыздын биік болуы ықтималдылығы жоғары болмақ.

Жеңіл атлетика – спорттың бұл түрі жүгірумен теңестіріледі. Жүгіру жалпы салауатты өмір салтын ұстанушы жандар үшін жат нәрсе емес. Күнелікті таң ертенгісі жүгіріп тұру денсаулыққа өте пайдалы. Сонымен қатар артық салмақтан арылуғада көмегі зор.

Спорттың күрес түрі – әрбір адам өзін қоғамның жамандығынан сақтай алуы қажет. Қанша ақтағанымыз бен біздің қоғамда арам ниеттес адамдардың бары жалған емес.   Өзімізді өзіміз қорғау үшін де, әрі сымбатты дене бітімін қалыптастру үшінде пайдалы спорт түрі.

Вилоспорт, анығырақ айтқанда «велосипед спорты» — жарыс велосипеді арқылы өте қысқа мерзімде белгілі бір жерге бірінші болып жету, сонымен қатар велосипед көлік ретінде немесе демалу және спортпен шұғылдану үшін қолданылады. Бұл спорт түрі ширақтық пен жылдамдықты шыңдайды. Әрі аяқ бұлшық еттері мен бел омыртқасына пайдалы.

 

Хайдарова Сара Есмағамбетқызы

Үздік әрі қажетті мамандықтар

Жыл өткен сайын зымыраған уақытта заман талабыда өзгеріп барады. Әлемдік иновация мен тенденцияға тең қатар жүру үшін, жақсы мамандық иегері болу бірден – бір талап.

Үздік әлемдік  мамандықтар қатарының көшін IT саласының мамандары бастап тұр. Бұл саланың мамандары біздің өмірімізге өте көлемді тамырын жайып үлгерді. Бірақ, бұл болашақта IT саласының қызметкерлері көбейеді деген сөз емес. Өйткені, күнделікті өміріміз ақпараттық технологияларға барынша бейімделіп жатқан соң бұл мамандар қанша көп болса сонша жақсы болып тұр.

Тағы бір маңызды мамандықтардың бірі Инженерлер.  Қазірдің өзінде көп елдерде мықты инженерлердің жетіспеушілігі байқалады. Елдің өндіріс пен техника саласында дамуында бұл мамандардың орны ерекше.түрлі сәулет өнері мен биік ғимараттарды салынуының басты себепкерлері осы мамандық игерлері. Әлемде адам санының өсуіне байлансты, ғимараттар мен тұрғын үйлер қажеттілігі артуда.Сол себепті бұл сала алдымыздағы 50 жылдықта сұранысқа ие болып қалмақ.

Түрлі адамның қоңырауына жауап беріп, ұйымдастыру жұмыстарын атқаратын қызмет көрсету саласыда сұраныстан түсер емес. Қызмет көрсету бойынша мамандар, адам баласы күннен күнге көбеюде, елдердің жағдайы жақсаруда. Уақыт өткен сайын қызмет көрсету бойынша сапаның жақсарғаны олар үшін ең басты нәрселерден бірі. Батыс елдері мен АҚШ-тың өмір сүру қалпына қарап оларға деген сұраныстың күн сайын артып жатқанын ұғуға болады.

Адам өмірінің бөлінбес бір бөлшегі ол – табиғат. Қазіргі таңда  экологтар да маңызды мамандықтың бірі болып саналады. Қалалар үлкейіп, өндірістер көбейген соң, өте үлкен экологиялық мәселелер пайда болуда. Оларды шешу үшін жоғарғы дәрежелі мамандар қажет. Үлкен қалалардағы кептелістер т.б. мен адам өмірінің ұзаруы бойынша экологтардың жоғары үлесі болады деп күтілуде.

Ауру мен инфекция жайылып тұрған осы кезде дәрігерлердің орыны бөлек. Бұл процесc тіршілік біткенше жалғасатыны сөзсіз. Сондықтан дәрігерлерге нан мен суға зар болар күннің ауылы өте алыс десек те болар.

Көпшілік халық балалары сырқаттанып қалған жағдай да, халықтан көмек сұрап теңіз асып кетеді. Себебі елімізде күрделі ауруларға арналған препараттар жоқтың қасы. Сол себепті химектер отанымызға аудай қажет. Мұнай сарқылатын өндіріс көзі болғандықтан, болашақтағы химиктердің негізгі міндеті алтернативті өндіріс пен энергия көздерін табуда болып тұр. Бірақ қазірдің өзінде жақсы химиктеріміз болмағандықтан мұнайды өз ішімізде өндіре алмай отырмыз.

Тағы бір үздік мамандықтың бірі – логистер. Мемлекетті әлемдік нарықпен интеграция жасауда бұл мамандардың қажеттілігі айқын көрінеді. Өнімдерді шетке шығару мен ішке кіргізуде, халықаралық және ішкі тұтынушылар іздеуді жоғарғы сапада атқаратын мамандар тапшы болғандықтан, дәл қазір әлемдік нарыққа шығудағы «қазанымыздың» бір құлағы кем болып тұр.

Сапалы әрі жоғары ақылы мамандықтың бір түрі – Маркетология. Маркетологтар  жұмыс басқару, бизнес, шаруашылық, тіпті мемлекеттік жүйеге өте қажетті болған, болып жатыр және бола бермек. Болашақта өндіруші мен тұтынушының ортасындағы ортақ көзқарастармен тығыз жұмыс жасап жетістікке жетуде бұл мамандардың ерекше орны болатыны сөзсіз.

 

Хайдарова Сара Есмағамбетқызы

Мектеп формасы – білім ошағының имеджі ме?

Қазіргі таңда еліміздің білім ошақтарында 3 миллионнан астам оқушы білім алады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенсек мемлекетімзде жеті мыңнан астам білім ошақтары бар. Республика заңына сүйенсек орта білім беру ұйымдарында, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңы, 5-бабының 14-ші тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Жоғарыда аталған талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін жоюға бағытталған.

Ал, білім беруші мекеменің имеджі білім деңгейіне ғана емес, мектеп формасымен де тікелей байланысты. Конституцияның 12-ші бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Респулика азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қазақстан мемлекеті мойындайтын әрі кепілдік беретін өз азаматтарының белгілі мінез-құлқының заңдық мүмкіндіктерін білдіреді. Осының нәтижесінде өркениетті мемлекеттердегі адам мен азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары, толық көлемде Республика Конституциясынында бекітілген. Конституция бойынша оларды  жеке, саяси, экономикалық және әлуметтік топтарға бөлуге болады. Жеке құқықтар мен бостандықтар. Өмір сүру құқығы. Өмір сүру құқығы – ол ешкімнің қандай жағдайда болсын айыруына болмайтын адамның басқа барлық құқығының ең негізгісі. 1948 жылғы «Адам мен азамат құқығының жалпыға бірдей Декларациясында жеке адамның адами құндылығын мен әр адамның өмір сүру құқығы жарияланған.

Бұл заңда адам қандай дінді ұстанып, қай тілде сөйлеуді, қандай мамандықта, қай мекемеде оқитынын, қандай ауру ханаға емделетйнін өзі шешуге құқылы.
Мектеп жасындағы ислам дінін ұстанушы бойжеткендерінің орамал тағуы, елімізде біраз үлкен дау туғызған еді. Ал, көршілес мемлекеттермен салыстырған кезде біздің Республикамыздың талерантты мемлекеттердің санатына жатпайтынын байқауға болады. Салыстырмалы түрде АҚШ мемлекетінде оқушының жеке бас құқығы мен таңдау еркіндігіне қолайлы жағдай қалыптастырылған. Мекетп оқушысының ол жақта өзін толық комфортта сезінуі басты талаптардың бірі. Психологтардың кеңесінше: «Адамға бір жерде қызмет атқарудың қолайлылығы, толық жайлылықты сезінумен тікелей байланысты. Себебі комфорт болған жерде көңіл күйде көтерінкі, мотивацияда жоғары болады», — дейді.
Біздің елімізде қыз балалардың мектеп ошағына орамалмен келуі үлкен дау мен проблема бастауын аәкеліп ссоқтырды. Біреулер діни пропаганда десе, біреулер атрибутка дейді. Тейсінше діни басқармаларда — ормалдың исламның бөлінбес бір бөлшегі екендігі айтылып жатсада  нәтиже берер емес. Елімізде ислам дінін ұстанушы бойжеткендердің құқығы бұзылып, дискриминация орын алуда. Бұл үкімет тарапынан халықтың қажеттіліктігімен жоғарыда аталған таңдау еркіндігі бабына қарама – қайшы әрекет болып табылады.
Мектеп имеджі қаншалықты жоғары болса, соншалықты комфорт ұсына алу маңызды. Оқуға деген ынатаның жоғарлылығында, балалар мен жасөспірімдерің қолында болашақ дамыған Қазақстан бар.
Ел боламыз десек безігімізді түзеуіміз қажет!
 

Хайдарова Сара Есмағамбетқызы

Қарттарыңа пана бол, елім

0

Жиырма бірінші ғасырдың басты қасіреті-қарттар үйінің көбейіп бара жатқандығы. Қаншама ақ жаулықты аналарымыз бен мейірбан әкелеріміз кәрілік құрсауында қалды. Өмір бейнеттерін төрт қабырғаға қамалып, терезеге телмірумен көріп жатыр.  Екі жылдың ішінде қарттар үйіндегі зейнеткерлердің саны екі есеге өсті. Бұл қуантарлық жайт емес.

Сұрапыл соғыстар мен қанды майдандарды басынан кешірген қазақ бейбітшілік тұнған  қалпын сақтауға тырысқан еді. Сол ынтымақтың айқын көрінісі мен үлгісі болған отбасының басты тірегі-ата-ананы ежелден қадірлеген. Оларды қастерлеп, көңіліне кірбің, пейіліне дақ түсірмей, аялай білген. Ананың ақ сүті мен әкенің тәрбиесін бағалап, аяғын жерге тигізбей сыйлап келген халықпыз. Қазақтың бүгінгі ұрпағы сол ұстанымдарды ескеріп жатыр ма?

Қазаққа жат әрекет

«Егде жастағы 7 мыңнан астам адам қарттар үйінде өмір сүруде. Олардың көбінің дені сау, табысты балалары бар. Қартайған ата-анасын тастап кету деген біздің дәстүрімізде жоқ. Ата салтымызда да болмаған. Қоғам туған баласы мен ата-анасын тастап кету секілді әрекеттерді масқара құбылыс ретінде бағалауы тиіс»-деген болатын елбасымыз 2014 жылы «Мерейлі отбасы» конкурсының қатысушыларын марапаттауға арналған салтанатты жиында. Бірақ, статистика комитетінің ресми ақпаратына сүйенсек, 2016 жылы Қазақстандағы зейнет жасындағы азаматардың саны екі миллионнан асқан. Ал олардың ішінде 18821 зейнеткер қарттар үйінен пана тапқан. Осы мәліметтерге сәйкес, екі жылдың ішінде қарттар үйіндегі зейнеткерлердің саны екі есеге өскенін байқаймыз және бұл қуантарлық жайт емес.

Кішігірім сауалнама

Қазіргі жастар-елдің ертеңгі болашағы. Сондықтан, жастардың осы мәселе төңірегіндегі ойын білу өте маңызды. 15-17 жас аралығындағы оқушыларға қойылған бірнеше сұрақ нәтижесінде олардың көзқарасын оңай анықтауға болады. Сұралушылардың 82%-ы қарттар үйінің көбею себебі заманауи жастардың жауапкершілігінің аздығынан деп ойлайды. Сонымен қатар, қарттар үйі болмауға тиіс, себебі әрбір қарт өз отбасында тұруға лайық деп есептейді. Оқушылардың тек 9%-ы қарттар үйіндегі күтім отбасыдағы күтімнен жақсырақ және қарттар үйі болуы тиіс деп жауап берді. Негізінен, бұл мәселе жан-жақты қаралуды талап етеді. Себебі, қарттар үйін мекендеушілердің ішінде үй-жайы, жататын орны, ішерге асы табылмай, туыс-туғансыз қалғандары да бар. Сол үшін де қарттар үйінің болуының өзіндік мәні бар десе де болады.

Қарттарын қазынасындай көрген қазақтың  бүгінгі жай-күйі кімді болса да алаңдатпай қоймайды. Себебі, міз бақпай ана мен әкеге қол көтеретін санасыздардың заманы туып келе жатқан тәрізді. Қытымыр қыстың аязынан да суық болған бұл мәселе неге көпшілікті тоңдырмайды? Қайткенмен де, ұлттың ұлт болып сақталуының түп тамыры тәрбиеде жатыр ғой, ал тәрбие тал бесіктен басталады. Келешек ұрпақтың бойына ата-анаға деген зор құрмет пен сүйіспеншілікті сіңіріп, бақыттың мәнін түсіндіретін болсақ, осы сауалдардың да жауабын тауып қалармыз, бәлкім.

«Феминизм» қазаққа жат ұғым ба?

0

Құндылықтардың өзгерген заманында қазақтың қағида-дәстүрлері де өзгеріске ұшырап жатыр. Әрдайым еркектен кейінгі орында болып келген әйел затының бүгінгі рөлі қандай? Қазақ халқында «феминизм» қалай қабылданады?

21 ғасыр – гендерлік теңсіздіктен арыла бастаған тең мүмкіндіктер мен құқықтардың заманы. Қоғамдағы орыныңды анықтауда жыныс, жас мөлшері, әлеуметтік-экономикалық жағдай немесе өзге де ескірген критерийлердің маңызы жоқ. Әлемнің қарыштап дамуымен бірге сұраныстар да өзгеруде. Нарық пен қоғамдағы әйел затының бағалануы жоғарылады.

Қазақтың туа бітетін менталитетіне байланысты халқымыз қыз баланы әрқашан сыпайы, көнбіс және ошақтың басы-қасында жүретін пысық етіп тәрбиелейді. Әрине, отбасының бақытты болуы негізінен әйел адамға байланысты болып келеді. Дегенмен, төрт қабырғадан аса алмай, жеке тұлғалық мүмкіндіктерді шектеу қаншалықты дұрыс?

Профеминизмнің алғашқы бастамалары

Қазақстанда ең алғаш қыздардың білім алуына жол ашқан Хан Ордасындағы 1883 жылы салынған бастауыш мектеп болды. 20 қазақ және орыс қыздары білім алған мектепте 1889 жылға дейін 243 қыз бала оқыған. Солардың ішінде тек 26 қыз толық курсты тәмамдаған. Әйелдер эмансипациясы 1887 жылы Ырғызда Ыбырай Алтынсариннің бастауымен әйелдерге арналған алғашқы арнайы орта оқу орының ашылуымен орныға бастады. Алғашқы оқушылары бірыңғай орыс қыздары болған. 1888 жылға қарай қазақ оқушы қыздарының қарасы көбейді. Бұдан кейін де Торғайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде және Қостанайда осыған ұқсас оқу орындары ашыла бастады. Яғни, ХІХ ғасырдың соңында қазақ халқының ағартушылары ескі көзқарастардан арылды. Сол уақыттан бастап әйелдерге жеткілікті дәрежеде құқық беру үшін еңбектене бастаған.

Феминистік басылымдар

1970 жылдары әлсіреп қалған әйелдер қозғалысы 10 жылдан кейін қайта жандана бастады. 90-жылдары Қазақстанда Мұсылман әйелдер лигасы, Феминистік лига, «Әйел және құқық» лигасы, «Шығармашылық бастау» лигасы тәрізді бірнеше қоғамдық ұйымдар пайда болды. Сонымен қатар, Қазақстанда 1991 жылы «Мальвина» алғашқы феминистік басылымы ашылды. Қазіргі уақытта осы басылымның ізбасарлары ретінде «Сезон», «Қазақстан әйелдері», «Зеркало» журналдарын атап өтуге болады. ХХ ғасырдың соңында да феминизмді қазақ халқына жаю кең етек алғанын осыдан-ақ байқауға болады.

Журналист Юрий Зайцев өзінің феминизм жайлы монографиялық еңбегінде Қазақстандағы әйелдерге байланысты гендерлік стереотиптер, әлеуметтік қорғалмаушылық, зорлық-зомбылық және билік құрылымындағы әйелдердің рөлі сияқты мәселелерді атап өтеді.

Статистика

2000 жылдары ерлердің табысы әйелдерге қарағанда 1,7 есе артық болғаны анықталды. Ұлттық құндылықтарды жаңғырту патриархалдық жүйе мен стереотиптердің қайта оралуына әкеліп соқтырды. Қазақстанда әйелдердің құқығы бүгінгі күнге дейін тапталып келеді. Зорлау мен тұрмыстық әлімжеттік тәрізді ауқымды мәселелерді былай қояйық. Қыз алып қашу, балалы болуға мәжбүрлеу, күштеп тұрмысқа беру сияқты ұсақ бірақ маңызды заттар әлі де орын алып жатыр.

Осындай құқықтың қорғалмауы кезінде әйелдердің жағдайды өз қолдарына алды. «Феминизм» олар үшін басты ұран болды. Олардың қатып қалған жүйені өзгертуге тырысып жатқандары дұрыс та шығар. Себебі осылай жалғаса беретін болса, әйел затының маңызы мүлдем құнсызданып кетпесіне кім кепіл? Елді қорғайтын ерлерді дүниеге әкелетін дәл осы әйелдер екені қай-қайсымызға да мәлім ғой.