Санжар Керімбай: «Имамдар үнсіз қалмай қоғамдық мәселелерге араласуы керек»

0

Жазушы, «Отбасы» хрестоматиясының авторы, «Өзбекәлі және мәдени майдан», «Қаныш және ғылыми майдан» т.б. кітаптардың авторы Санжар Керімбай Kultobe podcast ютуб арнасына сұхбат берді.

Сұхбатта Санжар Керімбай бұрынғы сұхбаттарда қойылмаған сұрақтарға жауап беріп, тың дүниелерді қозғайды. Әскердегі әлімжеттік, олимпиада жүлдегерлерін сый беру, имамдардың мінездері, елдегі дін мәселесі жайында қозғалды.

Шығарылымды дайындаған журналистері: Берікбол Төлеген және Нұрбибі Айтбайқызы

Психоаналитик: «Біздің Құдайымыз қап-қара киінген полицей сияқты»

0

Танымал психоаналитик, Орталық Азия психоанализ институтың директора Анна Құдиярова Kultobe podcast ютуб арнасында сұхбат берді.

Журналист Берікбол Төлеген Анна Құдияровадан қоғамдағы өзекті проблемалардың жауабын алуға тырысты. Сұхбат барысында өз аудиториясы бар белгілі психологтардың видеоларына талдау жасалынды. Сұхбатты толық көрген адам «дін мен психологияның басын ұштастыруға бола ма?» деген сұраққа жауап алады.

Анна ханымның коучтар туралы айтқан анықтамасы көпке ой салары сөзсіз. Тағы бір айта кетерлігі сұхбат барысында адамның сеніміне күмән келтіретін жайттар айтылған жоқ. Құрметті көрермен, міндетти түрде көріп, өзіңізге пайдалы дүние алыңыз!

Кітапхана және жасанды зерде

0

Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханада осындай тақырыппен 3-4 қазанда республикалық конференция өтті. Екі күндік шараға еліміздің әр өңірінен 80-нен астам кітапхана қызметкері қатысты. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараға қатысушыларды Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар құттықтап,  конференция жұмысына сәттілік тіледі.

О.Бөкей атындағы орталықтандырылған қалалық кітапхана директоры Хабиба Мырзаханқызы Ақжігітова  қазіргі таңда   кітапхана жұмысын заманауи үлгіде дамытудың маңызды екенін айтады. Кітапхана саласы жасанды интелектті жатсынбауы тиіс. Біз қаласақ та, қаламасақ та жасанды интеллект дәуірінің басталғаны шындық. Ендеше кітапхана саласына жасанды интеллекті енгізу мәселесі өте өзекті.

Екі күндік конференцияға Ресей  Ғылым академиясының қоғамдық ғылымдар жөніндегі  ақпарат институтының аға ғылыми қызметкері Вадим Степанов арнайы шақырылып, баяндама жасады. Жасанды интеллектінің  шығу тарихынан бастап өмірде қалай қолдануға болатыны туралы қызық та тың мәліметтермен бөлісіп,  жасанды интеллектті кітапхана саласындағы ақпараттық қызметте пайдалану туралы шеберлік сыныбын өткізді.  Ғалым жасанды интеллектінің дамуын 3 кезеңге бөледі. 1950-1970 жылдары жасанды интеллект енді ғана пайда болып, алғашқы бағдарламалар жасала бастаған болса, 1980-2010 жылдары жасанды интеллект жүйесі өз жемісін де бере бастады, ал 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жасанды интеллект барлық салаға қарқынды енгізілуде. Бүгінгі таңда жасанды интеллект ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, медицина, денсаулық сақтау, қауіпсіздік жүйесі секілді көптеген салада кеңінен қолданылады. Ендеше осынау үрдістен кітапхана саласы да қалыс қалмауы қажет.

Кітапханашылар компьютерді ең алғаш қалай үйренді, жасанды интеллекті де солай жан-жақты меңгеруі керек. Заманауи технология жаңалықтарын қызметіне енгізген кітапхана ғана жастарды өзіне тарта алады. Осылайша, өлімге емес, өмір сүруге құштар ұл-қыздарды тәрбиелеуге ықпал етуіміз керек,  — дейді В.Степанов.

Конференцияда ТМД IDC вице-президенті А.Беклемишев қатысушыларға Қазақстан Республикасында жасанды интеллекті дамыту тұжырымдамасы туралы әңгімелеп берді. Ал Белорусь ұлттық техникалық университетінің ғылыми кітапханасы электрондық қорлар бөлімінің интернет технологияны дамыту бөлімінің басшысы А.Ковалевский “Кітапхана -Жасанды интеллект әлеміне жолбасшы” тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

Егер бүгін біз жасанды интеллекті игермесек, ертең біздің орнымызды басатын біреулер міндетті түрде табылады, — деп түйіндеді ол өзінің баяндамасын.

Бұл конференция өте маңызды. Қазіргі күні кітапханашыларға осындай  кітапхананы алға сүйрейтін шаралар өте қажет. Өз басым, жасанды зердені қолдану дәл кітапхана жұмысында әзірге кенжелеп тұр дер едім. Әркім өз білгенінше қолданып жүр. Бүгін мен жасанды зердені кітапхананың әр бөлімінде, әр жүйесінде қолдануға болатынын біліп отырмын. Бұл бізге үлкен әдістемелік көмек. Ресейлік ғалым Вадим Степановтың берген мағлұматтары өте қызық. Болашақта ол кісімен тығыз қарым-қатынас орнатқымыз келеді. Кітапхана қызметіне жасанды интеллектіні енгізуде, жұмысымыздың осы бағытын  дамытуда байланыста боламыз деп ойлаймын, — дейді Семей қаласындағы Абай атындағы кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Аязбаева.

Екі күнге созылған конференция нәтижесінде барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

М.Иманғали

Шығыс Қазақстан облысы

Әдемі ұлтқа – әдемі өмір

0
Суете kstnews.kz cайтынан алынды

Халқымыздың әдет-ғұрпын, мәдениетін, салт-санасын, елдік ерекшеліктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдары барынша еңбек етуде. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының да сондай бір шығарылымдарын көре отырып, қазақтың сұлулығы,әдебі  мен парасаты жоғарылығы, адамгершілік безбенінің де басым екендігіне көзім жете түскендей болды.

Ғылым ордасында, жастардың арасында жүргендіктен де болашақ өкілдерінің сымбатына, көрікті бейнелеріне  қызыға қарайтыным бар. Керемет әдемі, сұлу қыздар, тұлғалы,келбетті жігіттер екінің бірі десе болғандай… Сол сәтте көкірегіңе қуаныш табы ұялап, жанарың жарқырап, санаң жақсылыққа қарай самғап ала жөнеледі. Яғни, әдемі ұлтқа әдемі өмір сыйлануы керек. Ол үшін елдің әлеуметтік әлеуеті көтеріліп, экономиканы арттыру қажет.Сүріп отырған өмірімізді жақсарта түсу үшін артқа емес , алға ұмтылуды уақыт талап етуде. Адам санын көбейтіп, қуатты мемлекетке айналайық деген түпсананмызда тұрған ойымызға тек саналы ұрпақ қана көмек бере алады.

Әңгіменің ишарасы – жерімізде АЭС салу төңірегінде болмақ. Электр энергиясын мол қолданатын ел болғандықтан оның жетімсіз бола беретіні түсінікті.  Бұл мәселе бойынша екіге жарылған халықтың көпшілігі қарсы. Дегенмен, алға қарайтын кез келді. Ұлыбританияның экс-премьері Тони Блэрдің: «Ұлыбританияның бай тарихы бар. Бірақ біз музейде өмір сүрмейміз ғой»,- деп айтқанындай болашаққа қарай бейімделіп, озық технологияларға қол созған жөн. Технологиясы мықты, экономикасы өркендеген Жапония АЭС тің пайдасы жоқ болса, атамзаманда неге салыпты? Ал, Фукуссимо оқиғасы адам салғырттығынан болғанын өздері жазды.Қазақстанның бір облысының көлеміңдей жерде тұрған Францияда 19 атом электр станциясы бар екен.

Атмосфераға көмірқышқыл газының көп мөлшерде бөлінуі — глобальды мәселе. Сондықтан, тұрақты, тиімді, төменуглерод көзі АЭС ті қолдану болашаққа сенімді шешім. Халық арасында ол станцияны жұмыс істететін кадр тапшы деген де әңгіме бар. Алайда, бір ғана оқу орыны ҚазҰУ дың есебі бойынша: «2009 жылдан бері атом саласы үшін 580 бакалавр, 265 магистр, 58 PhD» мамандары даярланған көрінеді. Сондықтан да, үкімет тарапынан жасалып отырған бұл қадамды құптауымыз керек. Бұл шараны әдемі ұлтқа – әдемі өмірдің қамын жасаудың бір парасы деп түсінем.

 

Қабылғазина Клара

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

 

Журналистикадағы жасанды интеллект мүмкіндіктері мен мәселелері

0

Жасанды интеллект бүгінгі таңда өмірімізге еніп, цифрлық технологияларды дамытуда.  Жақында ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына жолдауы жарияланды. Жолдауда: «Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. «Электронды үкімет»платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Бұл – Үкіметтің басты міндетінің бірі», – деді.

Жасанды интеллект – журналистика саласында көптеген жылдар бойы онлайн жаңалықтар мен ақпаратты жасау және тарату, мазмұнды генерациялау, деректерді өндіру, талдау, кескінді тану, тілдік аударма үшін қолданылды.  Өндірістегі ірі жаңалықтар бөлімдері  күнделікті тапсырмаларды оңтайландыруға, спорттық қорытындыларды шығаруға, тегтер мен транскрипцияларды жасауға қолданып келді. Әлемдік медиа алпауыттар BBC 2012 жылдан бастап, журналистерге ақпаратты жинау үшін, тиісті мазмұнға қол жеткізу үшін қолданды. «Associated Press» автоматтандырылған сюжеттерді жасау құралы ретінде қоданып келеді.   2018 жылдан бері ЖИ әр түрлі мәліметтер жиынтығынан әңгімелер құрастырып беретін болды. «The New York Times» газеті журналистерге сюжет, тақырып таңдауға көмектесетін редакторлық қызметін пайдаланады. 2020 жылы «The Guardian» толығымен GPT-3 жазған мақалаларды жариялады.   Біздің елімізде де медиа саласында ЖИ кеңінен еніп отыр. Бұл шығармашылық, технологиялық жағынан тиімді екеніне сөз жоқ. Сонымен қатар бұл цифрлық интеграция әлемнің барлық аймағында даму сатысына өтті.

Десек те қазіргі таңда жасанды интеллект саласындағы әзірлемелер жаңа құқықтық және этикалық қиындықтарды туғызып отыр. Халықтың сеніміне нұқсан келтіру факторлары орын алуда. Әлеуметтік желі арқылы авторлық құқықтарды теріс пайдалану да жиі ұшырасуда. Осы орайда баспагерлер мен медиа технологияны дамытушы компаниялар осы тәжірибелер бойынша ашық, этикалық нұсқаулықтарды құруы тиіс деп ойлаймыз. Саясаткелер мен медиа мамандар және технология әзірлеушілер мен ғалымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту өте маңызды.

Елімізде айтарлықтай шиеленістер туындамай дамуы үшін әр саланың  өзіндік принциптері мен дағды ескерілуі тиіс. Осы орайда, жолдауда: «Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады»,- деген болатын. Яғни, осы ұлттық орталықта барлық мәселелердің шешімі болады деген сеніміміз зор.

Авторлардың негізгі құқықтары мен қауіпсіздігін қорғайтын тәсілдерді күшейту арқылы, шығармашылық бағыттағы цифрлық технологияларды дамыта аламыз. Сонымен қатар әрбір жүйенің тәуекелдерін алдын-ала болжап, сараптамалар жүргізілсе, ЖИ қарқынды дами береді.

 

Айкерім Әлімжанова,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті. Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы, PhD

 

 

Ұлттық құндылықты бойына сіңірген жастар жаһандық бәсекеге қабілетті

0
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Жастар – ұлттың болашағы. Ал ұлттық құндылық – мәдениеттің бір бөлшегі. Кез келген  елдің ұлттық мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы, әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің мазмұнды жетістіктері ұлттық құндылықтарының мәніне ие болады. Сонымен қатар жас ұрпақтың азаматтық, отаншылдық, рухани-адамгершілік болмысының қалыптасуына белсенді  әсер етеді.

Мұстафа Шоқай: «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды»,- дейді. Ал ұлттық құндылық туралы сөз болғанда, отбасы  тәрбиесі туралы айтпасақ болмайды. Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» дейді.

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақ жаһандық бәсекеге қабілетті бола алады ма?

Біз жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Айналамыз көз ілеспен жылдамдықпен қарқынды дамып барады. Мемлекеттің экономикасы, ғылым мен техникасы өзге елдермен бәсекеге қабілетті болу үшін ол елдің жастары бәсекеге қабілетті болу керек. Мемлекетіміз жастарды қолдау мақсатында түрлі игі шаралар жүргізуде. Білім аламын деген жастар «Болашақ» бағдарламасымен алыс-жақын шетелдерде білім алуда. Магистратура, PhD доктарантураны оқып жатқан жастар да шетелдік белді университеттерден білім алып, тәжірибе алмасып келіп елімізге қызмет етіп жатыр.  Қазір әлеуметтік желіде отырмайтын адам жоқ шығар. Әлеуметтік желіні пайдалы жағынан қолдансаңыз берері көп. Мен үнемі Қадылбеков Арнұр ағайдың парақшасын қарап отырамын. Парақшасы адамға шабыт сыйлайды. Шетелдің мықты екі оқу орнынан білім алған. Оның бірі Гарвард университеті. Қазіргі уақытта мұнай-газ өндіруші компания Теңізшевройлда қызмет етеді. Ол өзінің бір сөзінде: «Жетістікке білімнің  арқасында жеттім. Шетелдік компаниялар қызметке талай шақырды. Бірақ мен өз еліме қызмет жасаймын деп келдім», — дейді.                                                                 

Міне осындай ұлттық құндылықты бойына сіңірген, елінің болашағы үшін қызмет ететін жастар қашанда жаһандық бәсекеге қабілетті болады деп ойымды бірауыз сөзбен қорытындылағым келеді.

 

Қуат Диана

Алматы қаласы №181 ЖББ меептің 11-сынып оқушысы

Таза ауа — денсаулық кепілі

0
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Таза ауа адам денсаулығы үшін маңызды рөл атқарады. Таза ауада серуендеу түрлі аурулардың алдын алуға кепілдік береді. Мен бұл мақалада таза ауаның денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін және ауаны тазарту үшін не істеу керегін айтамын. Біздің қаламыз табиғатқа бай болғанымен, түрлі өндіріс орындарының көптігі қаланың ластануына әкеліп соғады. Соның салдарынан түрлі аурулар шығуда. Осының алдын алу мақсатында қаламызда түрлі іс-шаралар мен акциялар ұйымдастырылуда. Жақында туған қаламызда «Алматы біздің ортақ үйіміз» атты ауқымды акция өтті. Бұл акция аясында түрлі  жұмыстар атқарылды. Соның бірі Алатау ауданында орналасқан №181 жалпы білім беретін мектептің бітіруші түлектері мектеп ауласына түрлі ағаштар мен гүлдер отырғыздық. Мектеп ауласына бозарша ағашын көп отырғызуды жөн көрдік. Бұл ағаш топырақтағы темір, сынап секілді ауыр металдарды азайтады, ағашта хош иісті сары түсті эфир майы бар. Сондықтан ауаны тазартуға белсенді қатысады. Мақсатымыз мектебіміздің ауласын көгалдандырып, ауасын тазарту болды. Себебі қоңырау уақытында оқушылар аулада серуендейді, орындықтарда демалып отырады. Ал таза ауада демалып, дене жаттығуларын жасау баланың жаны мен тәнінің өсуіне ерекше ықпал етеді.

Қашанда таза ауа денсаулықтың кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Таза ауада серуендеп, дене жаттығуларын жасаған кезде ағзамызға қажетті оттегіні аламыз, иммунитетімізді күшейтеміз және ауру тудырушы микробтардан қорғанамыз. Сонымен қатар, таза ауада уақыт өткізу көңіл-күйді жақсартып, күйзелісті азайтады. Сол үшін күнделікті өмірімізде таза ауаға көп көңіл бөліп, оны денсаулығымызды жақсарту үшін пайдалануымыз қажет.

 

Қуат Диана

Алматы қаласы

№181 ЖББ меептің 11-сынып оқушысы

 

 

 

 

 

7

Дулат Исабеков: «Қазақстанның жарты байлығы Назарбаевтың қолында»

0

«Күлтөбе» ютуб арнасы жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек ері Дулат Исабековпен сұхбатын жариялады. Сұхбатта Дулат Исабековтің қазіргі әлеуметтік-саяси оқиғаларға деген көзқарасы сұралады. Жазушы сұхбат барысында зиялы қауым өкілдеріне сипаттама беріп, тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың саяси қателіктеріне бағасын береді.

«Назарбаевтың екі жақты мінезі бар. Жақсы жағы шекарамызды бекітті. Украинаның трагедиясы шекарасын бекітбегендігінен. Біздің шекарамызды ешкім бұзалмайды. Бірақ Қазақстанның байығын иеленіп кетті деп айтады. 200 млрд байлығы бар деп естідім. Қазақстанның бір жылдық бюджеті 4 млрд. Егер осы рас болса, бұл кешірілмейтін күнә»,- дейді жазушы.

Одан бөлек жазушы сұхбатында Қуандық Бишимбаевтың қылмысын «түсініп болмайтын жауыздық» деп айтады.

Сұхбатты төмендегі сілтемеден көре аласыз.

 

Сұхбатты ұйымдастырушы шығармашылық топ журналистері Берікбол Төлеген және Нұрбибі Айтбайқызы

Жер сілкінісінің адам және қоғамға әсері

0
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Жер бетінің тербелісі – жер мантиясының тектоникалық ығысуынан пайда болады. Нәтижесінде сейсмикалық толқындар пайда болып, олар өз кезегінде жойғыш күшке ие және қоршаған ортаға зиян келтіреді. Невропатолог мамандардың айтуы бойынша, жер сілкінісі кезінде адамның автономды жүйке жүйесі белсенді түрде жұмыс істейді, бұл өз кезегінде жүрек соғу жиілігінің жоғарылауына әкеледі.

Жердің тербелісі кезінде адам бойын үрей билеп, ми сигналдарына бірден жауап бермейді. Тіпті жер сілкінісі кезіндегі шу мен үйрей адам санасында психологиялық ыңғайсыздық тудырып, күйзеліске ұшыратуыда мүмкін.

Табиғи опат – байсалды ойлауды қажет етпейді. Себебі, ол адамдардың көлеміне, орналасуына, халықтың тығыздығына және инфрақұрылымның дайындығына байланысты әртүрлі әсер етуі мүмкін. Міне, жер сілкінісінің адамдарға қалай әсер ететінін талдасақ.

Ең әуелі физикалық зақым, жер сілкінісі ғимараттардың, жолдардың, көпірлердің және басқа да инфрақұрылымдардың бұзылуына әкелуі мүмкін, бұл халықтың жарақат алуына және өліміне әкеледі. Осылайша, адам көп жиналатын жерлерде қашу жағдайында көптеген адамдар дене жарақаттарын алып жатады. Осындай жағдайларда медициналық көмек алу қиындықтар туытып, зардап шеккендердің саны тек арта беруі әбден мүмін.

Сонымен қатар, психологиялық әсерінеде көңіл аудару қажет, себебі жер сілкінісі адамдарда күйзеліс пен мазасыздықты тудырады. Олардың психологиялық әл-ауқатын әлсіретіп, жеке ерекшеліктерін жоюы мүмкін.

Жер сілкінісінің салдары тек физикалық және психологиялық тұстарды қарастырмайды, сонымен қатар қоғамдық мәселелерді де қатар алып жүреді, оның қатарына судың ластануы, канализациялық инфрақұрылымның бұзылуымен байланысты аурулар, сондай-ақ санитарлық жағдайдың нашарлығына байланысты жұқпалы аурулардың өршу қаупін қамтуы мүмкін.

Мемлекеттік экономиканыңда әлсіреуіне алып келетін бұл апат, жұмыс орындарының айтарлықтай экономикалық шығынға ұшырауын,  ғимараттардың қирауы мен мүліктердің жоғалуына алып келеді. Жалпы алғанда, жер сілкінісі қоғамға күрделі әсер етеді, зардап шеккен аумақтарға көмек көрсету және қалпына келтіру бойынша іс жүргізіліп, қоғамдық ұйымдардың және азаматтардың күш-жігерін үйлестіруді талап етеді.

Бұл жер сілкінісінің адамдарға әсер етуінің бірнеше жолы ғана. Түйіндей келе, жер сілкінісінің әсері әртүрлі факторларға байланысты, соның ішінде апаттың ауқымы мен қауымдастықтың дайындығы, инфрақұрылымды жақсарту және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру сияқты қоғамдағы мәселелердің өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Балалардағы невроз не себептен пайда болады?

0
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Кішкентай балаларда әртүрлі әдеттердің пайда болуы сирек емес жағдай. Мысалы, олардың кейбіреулері үнемі тырнақтарын тістеп, шашын шайнап, ал біреулер жыныс мүшелерін ұстайды. Мұндай әдеттер психология тұрғысынан нені білдіретіні туралы психолог Айдана Меделханованың айтуынша, балалардағы әдеттердің пайда болу себебі невроздың бастапқы кезеңінде жатыр. Бала бойындағы әртүрлі әдеттерді байқаған жағдайда ата-аналар бұған дер кезінде назар аударып, балаға көмек көрсетуі керек.

«Энурез (еріксіз зәр шығару), энкопрез (нәжістің ағып кетуі), бақылаусыз жөтелу, тырнақ тістеу және басқа да бір типті қозғалыстардың қайталануы обсессивті қозғалыс деп аталады. Жыныс мүшелерін сипау немесе үнемі тию де осы ауытқуға жатады. Бұлардың барлығы балада әртүрлі жағдайдан кейін пайда болатын невроздың белгілері», — дейді психолог.

Балалардағы невроздың пайда болуының әртүрлі алғышарттары бар:

  • Биологиялық факторлар – перинаталдық зақымданулар немесе генетикалық бейімділік;
  • Әлеуметтік алғышарттар – қолайсыз жағдайларда туылған балаларда обсессивті әрекеттер жиі кездеседі;
  • Психологиялық себептер – бұл үлкен эмоционалдық шок нәтижесінде пайда болатын психикалық жарақаттарды қамтиды;
  • Жұқпалы әсерлер – жұқпалы аурулардың нәтижесінде пайда болатын ауытқулар.

«Балалық невроздың негізгі себебі отбасындағы қолайсыз жағдайларда жатыр. Үнемі балағаттау, ұрыс-керіс, қатты дауыспен сөйлеу, ата-ана арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі. Мұның бәрі күйзеліске, кейіннен неврозға алып келеді», — дейді сарапшы.

Психолог балалардағы невроздың пайда болуына ықпал ететін себептерді де санамалап берді.

  • Эмоцияларды көрсетуге тыйым салу. Мысалы, ата-аналар балаларының жылауына тыйым салады;
  • Баланың қанағаттандырылмаған қажеттіліктері;
  • Жүйке жүйесінің шаршауы;
  • Баланың бос уақытының болмауы. Мысалы, балалар мектептен кейін бірнеше секциялар мен үйірмелерге қатысуы мүмкін;
  • Баланың ернінен үнемі сүйіп тұру;
  • Балаға ыңғайсыз немесе жараспайтын киім таңдау;
  • Баланы өз еркіне қарсы тамақтандыру;
  • Баланың алдында ашуды, агрессияны ұстай алмайтын импульсивті ата-аналар;
  • Гиперактивтілік.

Неврозбен ауыратын балаға қалай көмектесуге болады?

Сарапшы атап өткендей, жұмыс тек баламен ғана емес, сонымен қатар барлық отбасы мүшелерімен де жүргізілуі қажет.

«Невроз адамды өмір бойы мазалайтын ауру, сондықтан балаға дер кезінде көмектесу керек. Бұл жерде психолог маманның көмегі де, отбасы мүшелерінің көмегі де аса қажет. Өйткені психолог, баланың мінез-құлқын түзейтін қажетті бағдарламаны таңдайды. Ал ата-ананың балаға арнайы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауға көмектесуі қатты маңызды», — деп бөлісті.

Психолог сонымен қатар ата-аналарға балалық неврозбен жұмыс істеуге көмектесетін жалпы кеңестер бар екенін атап өтті:

  • Тәулік режимі. Ата-аналар үшін күнделікті тәртіпті сақтау және өзін тәртіпке келтіру маңызды. Яғни, баланың түскі ас кезінде ұйықтауы, серуендеуге және ойындарға уақыты болу керек.
  • Күнделікті әдет-ғұрыптарды орындау, тісті тазалау, киімді өзгерту, ойыншықтарды жинау.
  • Уақытылы ұйықтау. Неврозбен ауыратын балаларға кеш ұйықтауға болмайды.
  • Гаджетті басқару. Гаджеттен уақытша бас тарту.
  • Физикалық белсенділік.
  • Стресске қарсы бірнеше ойыншықтардың болуы.
  • Балаға дауыс көтермеу.
  • Агрессивті түрде балаға күш көрсетпеу.
  • Бала мен ана арасындағы байланысты орнатуға көмектесетін жаттығуларды орындау. Мысалы, баланы құшақтап, оны тербету, баланың нәресте кезіндегі суреттерін көрсету, оның қаншалықты маңызды екенін және жақсы көретінін жиі айту.
  • Баламен сапалы уақыт өткізу, бірге ойын ойнау немесе тамақ әзірлеу сапалы қарым-қатынасқа кіреді.

Балалардағы неврозды емдеу аурудың белгілеріне байланысты жеке таңдалады. Көп жағдайда балалар амбулаториялық жағдайда емделеді. Дәрігер бірнеше негізгі компоненттері бар кешенді терапияны тағайындайды. Ең алдымен, неврозды қоздыратын факторлар нақтыланып, содан кейін баламен толыққанды жұмыс жасалады. Осылайша, психолог баланың мінез-құлқы өзгерген жағдайда дереу невропатолог маманмен кеңесу керектігін алға тартты.

 

Аружан Ардаққызы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті