Компьютерлік вирустардан қорғау

0

 Бимырза  Жазира

\r\n

Қызылорда  облысы,  Қазалы  ауданы, 

\r\n

Жанқожа  батыр  ауылы №94 орта  мектептің

\r\n

информатика пәнінің мұғалімі

\r\n

\r\n \r\n\r\nСыныбы: 8\r\nСабақтың тақырыбы:  Компьютерлік вирустардан қорғау\r\nСабақтың мақсаты:\r\nБілімділік:  Оқушыларды компьютерлік вирустар түрлерімен және олардан\r\nқорғану әдістерімен таныстыру. Аса белгілі вирусқа қарсы программаларды қарастыру\r\nдамытушылық:  оқушының ой — өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп,\r\nшығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру\r\nтәрбиелік:  информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру.\r\n\r\nСабақтың түрі:  жаңа сабақты  меңгерту\r\nСабақтың әдісі:  Баяндау,  Түсіндірмелі\r\nСабақтың  көрнекілігі:  Компьютер.  activboard,  activstudio,  презентация\r\nСабақтың барысы:\r\nІ. Ұйымдастыру.  Оқушыларды  түгелдеу.\r\nІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  Өзіндік  жұмыстың  нәтижесін  айту\r\nІІІ. Жаңа сабақ\r\n\r\nКомпьютерлiк вирустар дегенiмiз – компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар.\r\n\r\nВирустар орналасу орындарына қарай желiлiк, файлдық және жүктелетiн болып жiктеледi. Желiлiк вирустар компьютерлiк желi арқылы тарайды, файлдық вирустар орындалатын файлдарға, ал жүктелетiн вирустар –дискiнiң жүктелу секторына (Boot-сектор) немесе винчестердiң жүйелiк жүктелуiн құрайтын секторына  (Master Boot Record) орналасады.\r\n\r\nАнтивирустық программалар келесі топтарға бөлінеді:\r\n\r\nДетектор-программалар – тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.\r\n\r\n Доктор-программалар – вирус жұққан программалар мен дискілерді «вирус» әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп оларды бастапқы қалпына келтіреді\r\n\r\n Доктор-ревизорлар – доктор программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзейді.\r\n\r\n Фильтр-программалар – компьютердің оперативтік жадында тұрақты орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған қолданушыға дер кезінде хабарлап отырады.\r\n\r\nВакцина-программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.\r\n\r\nВирустың  түрлері:\r\nЗақымдалған программаны іске  қосқанда\r\n\r\nактивтенеді.\r\n

    \r\n

  • Резиденттік – өзін  жедел жадқа
  • \r\n

\r\nкөшіреді, біраз уақыт бойы білінбейді.\r\n

    \r\n

  • Резиденттік емес- өзін жедел жадқа
  • \r\n

\r\nжазбайды, алдымен вирус-программа,\r\n\r\nіске қосылады.\r\n\r\nТаралу  жолдары:\r\n

    \r\n

  • Дискеттер;
  • \r\n

  • Лазерлік дискілер;
  • \r\n

  • Компьютерлік желілер;
  • \r\n

\r\nПайда  болу  белгілері\r\n

    \r\n

  • Программа дұрыс жұмыс жасамайды немесе жұмысын тоқтатады;
  • \r\n

  • Экранда бөгде хабарламалар, символдар шығуы;
  • \r\n

  • Компьютердің баяу жұмыс істеуі;
  • \r\n

  • Кейбір файлдардың бұзылуы;
  • \r\n

  • Жиі тұрып қалулар, жаңылысулар.
  • \r\n

\r\nВирустан  сақтану  шаралары:\r\n

    \r\n

  • Профилактикалық алдын-алу шаралары:
  • \r\n

\r\n

    \r\n

  1. Ақпаратты архивтеу;
  2. \r\n

  3. “Пираттық” (ұрлық) программаларды қолданбау;
  4. \r\n

  5. Дискеттерді вирусқа тексеру;
  6. \r\n

  7. Үнемі компьютерді вирусқа тексеру;
  8. \r\n

  9. Антивирустық ДБ ұдайы жаңарту.
  10. \r\n

\r\n

    \r\n

  • Антивирустық программалар.
  • \r\n

\r\nАнтивирус  топтары\r\n

    \r\n

  • Жұмысы файлдағы деректерге
  • \r\n

\r\n арналған әр түрлі бақылаулық\r\n\r\n қосындыларды есте сақтауға \r\n\r\n негізделген;\r\n

    \r\n

  • Резиденттік программалар,
  • \r\n

\r\n олар вирусты программаны немесе\r\n\r\n ОЖ зақымдау кезінде табады;\r\n

    \r\n

  • Файлдарда вирустың барын олар
  • \r\n

\r\n зақымдағаннан  кейін табады.\r\n\r\nКең  тараған  вирустық  программалар:\r\n\r\nВирусқа қарсы  —             Антивирус Касперский 7.0   6.0    5.0\r\n\r\nKaspersky Internet Security 7.0\r\n\r\nKaspersky Open Space Security\r\n\r\nВирусқа, ұрлыққа қарсы — Антивирус Касперский Mobile;\r\n\r\nХакерлерге қарсы           Kaspersky Internet Security 7.0;\r\n\r\nСпамға қарсы                   Kaspersky® Anti-Spam 3.0;\r\n\r\n1980 жылы   Евгений Касперский  ашты.\r\n\r\nРесейде «Касперский лабораториясы« компаниясында  — 600 жоғары дәрежелі мамандар жұмыс жасайды.\r\n\r\n10 жыл\r\n\r\n500 компаниясы 60 мемелекетте орналасқан.\r\n\r\nlkkl\r\n\r\n 

ҚАРЖАУБАЕВ РУСЛАН МОЛДАБАЙҰЛЫ — «ЕҢ ҮЗДІК 20 МҰҒАЛІМ» САЙЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ

5

Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

\r\n

Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің

\r\n

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

\r\n

ҚАРЖАУБАЕВ  РУСЛАН  МОЛДАБАЙҰЛЫ

\r\n

«Ең үздік 20 мұғалім» сайысына қатысушы

\r\n

АНКЕТАСЫ

\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

1 Аты – жөні\r\n\r\n  Каржаубаев Руслан Мулдабаевич
2 Туған күні, айы, жылы\r\n\r\n  14 сәуір 1976 жыл
3 Мекен – жайы, индекс\r\n\r\n  Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі №16 үй, 4 пәтер
4 Жұмыс орны\r\n\r\n  Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагогикалық ғылымдар магистрі, мектептің әлеуметтік педагогы
5 Бітірген оқу орны\r\n\r\n  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті\r\n\r\nТараз Инновациялық – Гуманитарлық Университеті
6 Еңбек өтілі\r\n\r\n  21 жыл
7 Жетістіктері\r\n\r\n  \r\n

    \r\n

  • 2009 жылы Қызылорда облыстық білім беру қызметкер-
  • \r\n

\r\nлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен өткен «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды үйден оқыту мәселелері» атты облыстық семинарда «Психикалық дамуы тежелген балаларды зерттеу және оларды қатарға қосу жұмыстары» атты үздік баяндамасы үшін «Алғыс хатпен» және баяндамасы ғылыми жинаққа енген.\r\n

    \r\n

  • 2009 жылы Қызылорда облыстық білім беру қызметкер-
  • \r\n

\r\nлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудағы сынып жетекшінің орны» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияда «Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру» атты үздік баяндамасы үшін «Алғыс хатпен» және баяндамасы ғылыми жинаққа енген\r\n

    \r\n

  • 2010 жылы Қызылорда облыстық білім беру
  • \r\n

\r\nқызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының ұйымдастыруымен өткен «Қашықтан оқыту – білімді болашаққа батыл қадам» атты облыстық семинарда «Білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту технологиясының мәні мен ролі» атты үздік баяндамасы үшін «Алғыс хатпен» және баяндамасы ғылыми жинаққа енген\r\n

    \r\n

  • 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас
  • \r\n

\r\nауданыда өткен шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың «Облыстық тәжірибе алаңының» «Алғыс хатымен» марапатталған.\r\n

    \r\n

  • 2010 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында өткен
  • \r\n

\r\nКеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы мерейтойына арналған аймиақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Қазақ халқының — Бауыржаны» атты  баяндамасы «ІІ дәрежелі дипломымен» және баяндамасы ғылыми жинаққа енген.\r\n

    \r\n

  • 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында
  • \r\n

\r\nөткізілген аудандық  «Тәжірибе алаңы – 2011» шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдердің тәжірибе алаңының «Алғыс хатымен» марапатталған.\r\n

    \r\n

  • 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне
  • \r\n

\r\n20 жыл толуына орай «Қазақстанның Тәуелсіздігі: парадигмалары мен жаһандық даму тұрпаты» тақырыбы аясында Тараз қаласында өткізілген «Жас ғалым — 2011» атты Халықаралық ғылыми — практикалық конференциясында «Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу – патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы» атты баяндамасы «І дәрежелі дипломымен» және баяндамасы ғылыми жинаққа енген.\r\n

    \r\n

  • 2011 жылы «Қазақстан Республикасында білім беруді
  • \r\n

\r\nдамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мектептің оқу — тәрбие процесіне инновациялық технологияны ендіру: теориясы мен практикасы» атты Республикалық конференциясында «Мектептегі сабақтан тыс жұмыстардың түрі және оның қабілетті (дарынды) балалардың дамып, жетілуіне тигізетін әсері» атты баяндамасы «І дәрежелі дипломымен» және Руслан Мулдабаевичтің жетекшілігімен 11 «А» сынып оқушысы Тәжібек Жадыра «Білім алушылардың (оқушылардың) танымдық белсенділіктерін қалыптастыру» атты баяндамасы «І дәрежелі дипломмен» және екі баяндамада ғылыми жинаққа енген.\r\n

    \r\n

  • 2011 жылы «Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым
  • \r\n

\r\nинтеграциясы: проблемалары мен болашагы» атты Республикалық ғылыми — практикалық конференциясында «Дарынды оқушылардың ой – өрістерін қалыптастыру» атты баяндамасы «Дипломмен» және баяндамасы ғылыми жинаққа енген.\r\n

    \r\n

  • 2012 жылы «Педагогтың имидждік құзырлығы: теориясы,
  • \r\n

\r\nтәжірибесі және болашағы» атты Республикалық ғылыми — практикалық конференциясында «Әдебиет пәнінде оқушылардың шығармашылығын дамыту ұстаздың кәсіби құзырлығы шыңдалады» атты баяндамасы  «І дәрежелі дипломмен» және баяндамасы ғылыми жинаққа енген.\r\n

    \r\n

  • 2012 жылы «Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға
  • \r\n

\r\nарналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысындағы жоғары педагогикалық білім беру» атты Республикалық семинарда «Әдебиет сабағында көркем шығарманы талдау әдістері» атты баяндамасы «Дипломмен» марапатталып және баяндамасы ғылыми жинаққа енген.\r\n

    \r\n

  • 2012 жылы Республикалық Ұстаздар сайты мен газетінің
  • \r\n

\r\n«Ұрпақ тәрбиесі және интернет мүмкіндігімен Ұстаздардың білім жетілдіру жолдары» атты Республикалық семинардың «Алғыс хатына» ие болған.\r\n

    \r\n

  • 2013 жылы Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі
  • \r\n

\r\n«Бейбітшілік әлемі» ұйымдастырған «Happy NEW YEAR – Бақытты ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!» атты І-ші Халықаралық балалар фестивалінің «Алғыс хатымен» марапатталған.\r\n

    \r\n

  • 2012 жылы Қазақстан Республикасы КИО ұйымдастыру
  • \r\n

\r\nкомитетінің Қазақ тілі пәні бойынша №31899 санды сертификаты және Информатика пәні бойынша №31898 санды сертификатына ие болған. \r\n

    \r\n

  • 2012 жылдан бастап Республикалық «www.bilim.idhost.kz»
  • \r\n

\r\nсайтының және Республикалық Ұстаздар сайты мен «45 минут» ұстаздар газетінің меншікті тілшісі.\r\n

    \r\n

  • 2011 жылы «Бота» Қоғамдық қорының Білім гранттар
  • \r\n

\r\nбағдарламасының талапкерлерінің сауалнамаларын бағалау және сұхбат жүргізу комиссиясының Қызылорда облысы бойынша іріктеу комиссиясының мүшесі болған.\r\n

    \r\n

  • 2012 жылы «Білімділер» сайты мен «45 минут» сайтының
  • \r\n

\r\nСертификатын, 2012 жылы «ИНТУИТ» НАЦИОНАЛЬНЫЙ ОТКРЫТЫЙ УНИВЕРСИТЕТТІҢ Сертификатын және 2012 жылы «Электронды үкімет және электрондық қызметтер» атты семинарға қатысып,  №EG12 — 0067060 санды «e qov» куәлігін алған.

8 Медальдар \r\n

    \r\n

  • 2002 жылдан бастап Қазақстан Журналистерінің Ұлттық
  • \r\n

\r\nКәсіби Одағының мүшесі.\r\n

    \r\n

  • 2003 жылдан бастап Қазақстан Журналистер Одағының
  • \r\n

\r\nмүшесі.\r\n

    \r\n

  • 2012 жылы Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің
  • \r\n

\r\n«Бейбітшілік әлемі» Алтын медалінің иегері.\r\n

    \r\n

  • 2012 жылы Халықаралық ұстаздар Одағының мүшесі.
  • \r\n

  • 2013 жылы Халықаралық Ғұламалар Одағының мүшесі.
  • \r\n

  • 2013 жылы Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің
  • \r\n

\r\n«Бейбітшілік әлемі» «Лидер образования» медалінің иегері.\r\n

    \r\n

  • 2014 жылы Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің
  • \r\n

\r\n«Бейбітшілік әлемінің 5 жылдығына» орай мерекелік медалімен марапатталған.\r\n

    \r\n

  • 2014 жылы «Ататюрк» медалімен наградтталған.
  • \r\n

\r\n

9 Жарияланған кітаптар мен өзі жазған кітаптар \r\n

    \r\n

  • 2004 жылы Қызылорда облысының «Жас қалам» атты
  • \r\n

\r\nөлеңдер жинағы кітабына өлеңдері жарияланған.\r\n

    \r\n

  • 2009 жылы «Тамыры терең, тарихы кенен – Қазалы» атты
  • \r\n

\r\n№2 кітапқа суреті және өмірбаяны жарық көрген.\r\n

    \r\n

  • 2009 жылы жарық көрген «Қазалының перзенттері» атты
  • \r\n

\r\nкітапқа енген.\r\n

    \r\n

  • 2014 жылы Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің
  • \r\n

\r\n60 жылдығына орай шығарылған «Мектебім – менің мектебім» атты кітаптың авторы.

10 Алға қойған мақсаты\r\n\r\n  Адам жеткен жетістікке барлық адамның мүмкіндігі бар жетуге
11 Электрондық поштасы\r\n\r\n  Ruslan_Ruslan76@mail.ru

\r\n

        Конкурсқа қатысушы ұстаздың дипломдары

\r\n

 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-1 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-3 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-4 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-5 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-6 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-7 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-9 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-10 РУСЛАН АЛҒЫС ХАТ-11

Су қоры — халық байлығы

0

СУ ҚОРЫ – ХАЛЫҚ БАЙЛЫҒЫ\r\n\r\n \r\n\r\nН. Е.Нұрғалиева Е.Қ . Сатаева \r\n\r\n№ 42 ағылшын тілін тереңдете оқытатын орта мектебі, Тараз қ.\r\n\r\n \r\n\r\nСу жүргізер тіршіліктің тамырын,\r\n\r\nСу жоқ болса тіршілік тамам бауырым\r\n\r\nСудың біздер біле тұра маңызын,\r\n\r\nКөп болған соң ұмытамыз қадірін.\r\n\r\n \r\n\r\nТұрсынзада Есімжанов. (1, 88 бет)\r\n\r\n \r\n\r\nТірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% — ын, ал оттегінің 50% — дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.\r\n\r\nСу қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Мысалы, Аляскада 1 адамға 2 миллион м3, Жаңа Зеландияда 100 мың м3, бұрыңғы Кеңестер Одағында 18,3 мың м3, ал Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстанда 1987 жылы халық шаруашылығына жұмсалған судың жалпы мөлшері 38 км3-ге жетті. [2]\r\n\r\nПланетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. [1]\r\n\r\nСу ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті — өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.\r\n\r\nСудың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады.\r\n\r\nҚазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км3 шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.\r\n\r\nАуыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды.\r\n\r\nАғызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді\r\n\r\nАғызынды суларды тазарту сызбасы.\r\n\r\n \r\n\r\nМеханикалық әдісі – суды тұндыру және сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарту. Көлемі әр түрлі бөлшектер мөлшеріне қарай әр түрлі конструкциялық торлармен, су бетілік қоспалар – май, смола, мұнай ұстағыштар арқылы сүзіледі.\r\n\r\nХимиялық әдісте суды тазалау үшін химиялық реагенттер, мысалы, хлор, хлорлы ізбес сияқты қосылыстар қолданылады. [5]\r\n\r\nХлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.\r\n\r\nСуды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді. [4]\r\n\r\nАғызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.\r\n\r\nСуды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді.\r\n\r\nОрганикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. [5] Солардың бірқатарына тоқталамыз.\r\n\r\nЖамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.\r\n\r\nҚоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді.\r\n\r\nСу шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың негізгі қорегі – маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.\r\n\r\nИнеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді.\r\n\r\nСу жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.\r\n\r\nАрық пен канал бойындағы өсімдіктерден құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен алмастыру экономикалық жағынан өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні белгілі. Ондай кезде ақ амурлар суда өскен қамыс құрақты азық етіп, масалардың ұрық салатын орнын құртады. Сондықтан да су жүйелерін тазалайтын бұл балықтарды келешекте канал, арық суларында өсіруді қолға алған жөн. [3]\r\n\r\n \r\n\r\nӨЗ ӨЛКЕМІЗДІҢ СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ\r\n\r\n \r\n\r\nӨз өлкеміздің су қорларына келетін болсақ Жамбыл облысының барлық өзендері Арал теңізі алабына жатады. Қырғызстан жерінен бастау алатын Шу, Талас, Аса өзендері облыстың негізгі өзендері болып табылады.\r\n\r\nОблыс көлеміндегі жерүсті суларының сапасын зертханалық талдауда өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шу, Талас, Аса өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған.\r\n\r\nЖалпы облыс бойынша ластағыш заттар төгінділері “Шолақтау” таукен өндіру комбинаты, Шатыркөл руднигі, Ақбақай таукен металургиялық комбинаты, “Монолит ” ашық акционерлік қоғамы сияқты кәсіпорындардан болып отырғандығы расталып отыр.\r\n\r\nҚорта айтқанда, су — өмірдің нәрі, ол — өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.\r\n\r\n \r\n\r\nПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.
  2. \r\n

  3. Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”, “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж.
  4. \r\n

  5. Шілдебаев Ж. “Қызықты экология”.
  6. \r\n

  7. Бушман Л.Н. “Шөлімізді қандыра аламыз ба?” 2002 ж.
  8. \r\n

  9. Асқарова Ұ.Б. “Экология және қоршаған ортаны қорғау”. 2005 ж.
  10. \r\n

  11. “География және табиғат” журнал. №2, 2006 ж.
  12. \r\n

  13. Облыстық экологиялық орталық. 2006 ж. мәліметтер.
  14. \r\n

\r\n 

Сиыр малына қатысты қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің этнолингвистикалық сипаты

0

 СИЫР МАЛЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ\r\n\r\n \r\n\r\nМ. Б. Шойманова \r\n\r\nМ.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Шымкент қ. \r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай шежіресі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік табиғатын, қадір-қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақтың жерін малсыз елестету мүмкін емес. Сәлемдесудің басы «Мал-жан аман бадан» басталатынының өзі халық өмірінде малдың шешуші фактор, тіршілік көзі екенін көрсетеді. Кең сахарасында үйір-үйір жылқы, келе-келе түйе, табын-табын сиыр, отар-отар қой өсірген халықтың төрт түлік кисе – киімі, ішсе – тамағы, шөлдесе – сусыны, жүрсе – көлігі, жатса – төсеніші болған. Демек, қазақтың бүкіл тіршілік көзі төрт түліктің өсімі мен одан алынатын өнім түрлеріне байланысты еді. Сондықтан халқымыз төрт түлікті аса қадірлеп, қасиет тұтып, оларды барынша дәріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің қуанышы мен ренішін, өзіндік дүниетанымын, рухани мәдени-өмірін, әдет-ғұрпын солармен байланыстырады.\r\n\r\nТөрт түлік жұп, аша, айыр тұяқты және тақ, тік тұяқты болып бөлінгенімен, олардың бәрін қосып халық аяқты мал деп атайды. Малдың шығу тегі туралы аңыз көп. Солардың біріне құлақ ассақ, сиыр – судан жаратылыпты-мыс. Текті мал – киелі де. Халық аңызында сиыр малын көлденең кесірден, ауру-кеселдерден сақтайтын, өсіп-өнуін желеп-жебейтін қамқоршы пірлер бар. Сиыр малының қамқоршы пірі – Зеңгі баба. Сан ғасыр көшпенді дәуірде тұмыс-тіршілігі тікелей мал шаруашылығына байланысты өткен қазақ халқы төрт түліктің сыр-сипатын, қадыр-қасиетін жете біліп, ерекше қастерлеген, малды былапыт сөздер айтып балағаттамаған, теппеген, басына ұрмаған, сылап-сипап баққан. Жаман ырымға жорып малды санатпаған. Түйені келеге, жылқыны үйірге, сиырды табынға, қой мен ешкіні отарға топтастырып, төрт түліктің жалпы санын содан есептеп шығарған. Малдың шаруашылыққа қажетті өнімдік, күш-көліктік, т.б. қасиеттерін жетілдіру мақсатында үзбей бір ізділікпен сұрыптау жүргізіп, көрікті, сұлу, әсем асыл тұқымды өсірумен шұғылданған. Әсіресе, төл басына (алғашқы төлге) айрықша мән берген. Оларды іріктеп, барлық жағынан өскелең талапқа сай келген үлгілерінен тұқымдық ақ нар, боз айғыр, көк бұқа, көк қошқар өсірген. Аса бағалыларын сатпай, соймай, сыйға тартпай ерекшелеп, сетер атаған. Сиыр малын бағып-күту, шығынсыз өсіру оңай еместігін, малшының маңдай терін, қажырлы еңбегін, қиыншылықта төзімділік талап ететінін: «Сиыр бақтым – сидаң қақтым» мәтелі арқылы шаруа адамның зердесіне жеткізген.\r\n\r\nХалқымыздың көшпелі өмірінде күш көлігі ретінде сонау ерте кезден пайдаланылып келе жатқан сиыр малының басқа қасиеттерін де бабаларымыз тым ерте білген сияқты. Археологиялық қазба материалдарының деректері бақташы елдің сиыр малының сүті мен етін азық етумен бірге оның терісін киім, еңбек құралы ретінде сол көне заманнан-ақ пайдаланып келе жатқанын дәлелдейді. Сиырдың сүтін ішіп қана қоймаған, одан қаймақ, май, ірімшік, құрт секілді тамақтың алуан түрін де дайындай білген. Ал терісін илеп, былғары жасаған. Қайысынан күш көлігін ұстап тұратын, салт мінетін арбаға немесе шанаға жегетін құрал-жабдықтар, әбзелдер әзірлеген. Жалпы, халқымыздың тарихына қатысты көне деректерге қарағанда, осындай ішкі қажеттіліктері үшін болмаса бұрынғы кезде сиыр малы байлықтың көзі ретінде онша көп өсірілмеген тәрізді. Тіпті бертінгі тарихтың өзінде ондай деректер көп кездесе бермейді. Көне көз қариялардың ескі кептен сыр шерткен шежіре әңгімелерінен де, мысалы, пәленшебайдың сиыры пәлен мыңға жетуші еді деп айтып отырғанын ести қоймаған секілдіміз. Мұның бұлай болуының басты себебі – сиыр малының суыққа төзімсіз, қыс айларында қолға қарап қалып, аса көп күтім тілейтіндігінен де шығар, әйтеуір қалай болғанда да барлық жерде бірдей түліктің бұл түріне ерекше көңіл бөле бермегені байқалады. Сондықтан да бұрынырақта қысқы соғымға сиыр сою дәстүр болмаған. Көбіне балалары көп кедей-кепшіктер сойған. Өйткені жылқы еті асуға бағалы болғанмен, салма (кеспе) жасауға келмейді. Сорпасы сылдырап сұйық болады. Сондықтан күнде ет асып жеуге шамасы жетпейтін кедей үйі балалары қарын-қажағын, сорпа-суын ішіп, ашықпай, тоқ отыру үшін сиыр сойған. Әдетте соғымға қысыр қалған сиыр, жасы ұлғайған өгіз шығарылып, олар қоңыр күзден-ақ қолға алынып күтіледі. [1]       \r\n\r\nСырт көзге сылбыр, жуас көрінетін сиыр малының да көп қасиеттерін көркем шығармалар, аңыз-әңгімелер арқылы біліп жүрген жоқпыз ба? Жалғыз өгіздің бір табын малды ұялы қасқырдан түні бойы қорғаудағы ерлігінің өзі неге тұрады? Ал, шынтуайттап келгенде кейінгі жастарымыз, үлкен қалаларды былай қойғанда, облыс, аудан орталықтарында тұратын жеткіншектердің өзі Зеңгі баба тұқымының қасиеттерін, оның басқа түліктерден қалай және қандай қасиеттері арқылы ерекшеленетінін ашып айта алмайды. Кезінде сиыр малының көшсе көлік, сауса сүт, сойса ет болып, халқымыздың қажетіне жарағанын кейінгі жастар нақты бір аңыздай қабыл алып жүрсе, соған ең алдымен өзіміз кінәліміз. «Зеңгі баба», «сиыр малы» дегенді былай қойып, осы түлікті «сүт бағытындағы мүйізді ірі қара» деп оқытып жүрген жоқпыз ба? Осыны санасына сіңірген кейінгі жастардың сиыр малының тек ет пен сүт үшін өсірілетінін пайымдағаны болмаса, одан арғыға терең байламасы анық. Ал, шынтуайттап келсек, басқа да жан-жануарлар секілді Зеңгі баба тұқымы адамға серік, әрі момын жануарлардың бірі. Ол да түйсіне, сезіне алады, қажет кезінде иесін қауіпті жағдайлардан құтқарып та алады.   \r\n\r\nЕнді осы Зеңгі баба тұқымы сиыр сөзінің қандай мағына беретінін талдай кетсек. Сиыр сөзі түркі тілдерінде кең тарағандығына қарамастан, кейбір тілдерде өзгеше дыбысталатынын мына төменде келтірілген мысалдардан көруге болады.\r\n\r\nҚазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «мүйізді ірі қара мал; төрт түліктің бірі» деген анықтама берілген (ҚТТС VIII т. 301 б.). Қарақалпақ, құмық, ноғай, татар тілдерінде – сиыр, Қырғызстанның оңтүстік аймағында – йинек, қазақтармен көршілес аудандарда – сиыр, жалпы қырғыз тілінде – уй, ұйғыр тілінде – сіиір, серә, кейде кала, түркімендерде – сығыр, сахаларда – ынах, туваларда – инек т.б. деп аталады.\r\n\r\nТүркі жазба ескерткіштеріне көз салсақ, М.Қашқарида – інәк, сығыр, уй, уд аталса, (ДТС 211, 502, 605, 606 б.), «Түркі-араб» сөздігінде сығыр, инек (78), «Аттуһфада» инек, сығыр (297, 373) т.б. Жинақтасақ, түркі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдерінде бұл түлік атауы үш-төрт түрлі дыбыстық құрамда айтылатындығын байқауға болады.\r\n\r\nСиыр атауының түп төркіні түркі тілдеріндегі сир, сири — сығу, сығып шығару, сауу мағыналарымен байланыстыруға болады. Яғни, сауатын мал, сығыр мал. Кейінірек мал сөзі түсіріліп, сығыр<сиыр түрінде қолданылған. Ал, инек, ынах, іңек атауларының түбі ине//ене//ана//ене//ұрғашы мағыналарын берсе, к дыбысы сөз жасамдық көрсеткіш, өнімді жұрнақ.\r\n\r\nСиыр малының піштірілмеген еркегі, тұқымдығы бұқа аталады (ҚТТС 1 т.130 б.). Қырғыздарда – бука, ұйғырларда – буқа, түркімендерде — өкү, туваларда – буга, сахаларда – оғус, қарақалпақша – буға, ноғай, татарларда – буғай деп аталады. Ал, монғол, қалмақ тілдерінде – бух.\r\n\r\nЕртедегі түркі жазба ескерткіштерінде бұқа атауы Орхон-Енисей жазбаларында (Малов. 374), «Түркі-араб» сөздігінде (боға – 98 б.), «Ат-туһфада» (боға – 283 б.), М.Қашқари сөздігінде (бұқа) кездеседі.\r\n\r\nСөз төркіні, түбірі туралы түркітанушылар жорамалына келсек, бұқа, бугу (бұғы), буғра сөздерінің түбірлестігі туралы айтады. А.М.Щербактың айтуынша, «татарский и ногайский бугай по внешней форме является заимствованием из русского языка, который это же слово в форме буга заимствовал несколько раньше из других тюркских языков или монголов и придал ему, в соответствии со значением, конечный й (j)ң». Әйтсе де, сөз соңындағы й дыбысы орыс тілінің емес, түркі тілінің өз дыбысы болу керек. Өйткені, түркі тілдерінде сөз соңында келетін й-ге аяқталатын (тиви//тевай, апай, әкей т.б.) сөздер баршылық. Еркелету, кішірейту, аялау, сыйлау, реңктерін беретін көне жұрнақ.\r\n\r\nСөз төркініне келсек, саха, монғол тілдерінде күшті, мықты, әлді, берік мағыналарын білдіретін бөгө, бөк сөздері кездеседі. Бұқа сөзімен тіркескен сөздердің малдың жасын білдіретіндігін А.Щербак аталған еңбегінде айтып өтеді (99 бет). Мысалы: әзірбайжан диалектісіндегі бұғана, дуран – екі жасар бұқашық, иаз бұға – екі жас пен үш жас аралығындағы бұқашық, гагауз тілінде буа алті – үш жасар бұқа. Қазақ тілінде бұқа сөзімен тіркесіп жастық мөлшер білдіретін атаулар бар (бұқашық, бұқаша, жайынша бұқа, құнан бұқа, дөнен бұқа, бесті бұқа).\r\n\r\nӨгіз – күш-көлік ретінде пайдаланатын сиыр малының еркегі. (ҚТТС VII т. 507 б.). Тұқымға жарамайтын еркек тананы үш-бес айлығында піштіріп, семіртіп, етке де пайдаланады. Ал, жұмысқа пайдаланатындарын сегіз-он екі айлығында піштіреді. Піштірілген еркек малдың бұл түрінің аталуы басқа түркі тілдерінде төмендегідей дыбыстық құрамда кездеседі. Қырғыз тілінде — өгүз, ұйғыр тілінде – хөкүз, түркімендерде – өкүз, қарақалпақ, ноғайларда өгіз, өзбектерде – хукіз, диалектілерінде – укіз, хәвкуз, сахаларда – ат оғус. Көне түрік жазба ескерткіштерінде де кездеседі. Мәселен, Орхон-Енисей жазуында — өкүз, «Түркі-араб» сөздігінде — өгүз, «Ат-туһфада» — өкүз, М.Қашқари сөздігінде — өкүз (ДТС 383 б.). Өгіз сөзінің түп-төркіні жөнінде А.М.Щербак «Весьма вероятно, что оғуз (огуз) относится к числу древнейших заимствоаний из индоевропейских языков» — деп Г.Клаусонның пікірін қостайды. Оғуз сөзі баста малдың піштірілген, піштірілмегендігіне қарамастан, еркек малға қатысты айтылған болуы керек, ал орта ғасырлардан бастап түркі тілдерінде бұқа атауы кеңірек қолданыла бастағандықтан өгіз атауының қолданылу аясы тарылып, қазір тілімізде пайдаланып жүрген мазмұнға сәйкес келсе керек. Өгіз атауымен тіркесіп жас мөлшерінің әр түрлі кезеңін білдіретін атаулар өгізше, жай өгіз, құнан өгіз, дөнен өгіз, ажан өгіз т.б. [2]\r\n\r\nЕнді осы сиыр малының жасына қарай талдап көрсек, қашып кеткен үлкен сиыр буаз сиыр, қашпаған сиыр қысыр сиыр, ал ересек бұзау қашар деп аталады. Үлкен еркегі – бұқа, жасы – бұқаша, ал піштірілген үлкені – бұқаша деп аталады. Еркек бұзау екі жасында піштіріледі. Бұқаның қашыратын кезеңі маусымнан бастап, тамызға дейін созылады. Бір бұқа сегіз сиырға дейін қашырады. Сиыр қашып кеткеннен кейін он айдан соң бұзаулайды. Жаңа туған төл бұзау деп аталады. Үш жасында бұқаны мініске, сол сияқты ауыр жүк артуға үйретеді. Бұқа қашыруға екі жасында, ал қашар бір жасында жарамды болады. Сиыр сегіз ай бойына сауылады. Сүті әр түрлі күйінде қолданылады. Оны шикі күйінде ішеді, қатық ұйытады, одан соң оған су қосып, не қоспай қою күйінде ішеді. Қаймағынан май алынады. Сиырдың екі жасында алғашқы екі тісі, үш жасында жоғарғы жағынан екі тісі, одан соң жыл сайын екі тісі түседі. Осылайша, сегіз жасқа қарай сиырдың бүкіл алғашқы тістері жаңа тістермен алмасады. Сиыр мен бұқаның өмірінің ұзақтығы жиырма жасқа дейін жетеді.\r\n\r\nСонымен қатар, түйе «ащы өсімдікті» жақсы жесе, жылқы мен мүйізді ірі қараның, яғни сиыр малының тек қана «ақ өсімдікпен» қоректенетінін айту керек. Сиыр, бұқаға қыста ескі қиды шашып, төсеніш жасап, сол кезде қар үстіне жатқызбау керек, әйтпеген жағдайда олар жүдей береді, одан соң ауырып, арам қатады. Сиыр бес жасында толық пісіп жетіліп, өз күшіне келеді. \r\n\r\nЕнді қазақ тілінде кездесетін Зеңгі бабаның қорғаушысы сиыр малына қатысты тұрақты тіркестерге көз жіберейік. Қазақ тіліндегі сиыр малына қатысты тұрақты тіркестер негізінен осы Зеңгі бабаның ұрпағының жақсы қасиеттерін мадақтайды. Осы қасиетті малдың ағылған мол балдай тәтті сүті мен етін және сонымен қатар, мінсе көлікке жарайтынын, күшін көрсетеді.  \r\n\r\nМәселен, кісі түшкіргенде қалжың, әзіл-сықақ ретінде айтылатын тілек: Ақ тұш, ақ сиырдың сүтін іш! немесе Ақ тұш, ақ сиырдың майын іш! Бұл қалжың ретінде айтылатын тілек әзіл-сықақ ретінде айтылса да, шындықтың бір бөлігі бар. Ақ сиырдың сүтін іш деп тек жақсы сыйлы адамдарға тілеп жатады.    \r\n\r\nТана көз – мөлдіреп, жайнап тұратын үлкен көзді айтады. Мысалы,\r\n\r\nМалқар біреумен алысқандай ентігіп, терін сүртіп отырғанда Балқия енді. Әжімсіз ақ жүзінде, жайнаған тана көзінде сезік бар. Күйеуіне есіктен кіре қадаған көзін, жай жүріп келіп, жайласа отырып жатқанда да алған жоқ. (Ғ.Мұстафин)\r\n\r\nСиыр өзен жағалаған егінші, отырықшы елге жайлы, жағымды болғанымен көшпелі елде онша бағаланбаған. Өйткені жүріске кем, жүні тықыр сиыр малына ерекше бағым-күтім қажет. Ол жазда жайылым талғайды, қыста қолға қарайды. Оған жылы қора, жиюлы шөп керек, шөлге де шыдамсыз. Оның үстіне сиыр – қыңыр мал, онша айдауға көнбейді, жөнге жүрмейді. Сондықтан басқа малдарға қарағанда көшпелі ел сиырды аз ұстаған. Қайсыбір жайсыз адамдардың жағымсыз мінез-қылықтарын сынағанда да Сиыр мінез, Сиырдай мүйіздесті деп сиырды ұнамсыз кейіпте таниды.\r\n\r\nСиырдай мүйіздесті — өзара қырылысты, түртпектесті. Өзара ынтымағы, бірлігі, татулығы жоқ халық, әлеуметтік топ қолдағы барынан айрылады, бар байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді. Мысалы,  \r\n\r\nМүйіздескен сиырдай \r\n\r\nБайласаң бас жіп жетер ме? \r\n\r\nЕңбегің еш, тұзы сор,\r\n\r\nҚайратың селге кетер ме? \r\n\r\nСиырдың бүйрегіндей бытырады – бет-бетіне жан-жаққа тарап кетті, басы қосылмады, берекесі кетті. Мысалы,\r\n\r\nЖүр, анда! Сиырдың бүйрегіндей бытырауға айналған екенбіз, тек арты қайырлы болсын! (С.Мұқанов)\r\n\r\nСиырдың бүйрегіндей бытырау  тұрақты тіркесінің идиоэтникалық семантикасы аңызда әдетте былай сипатталады: «Барлық жан-жануарды жаратып, оларға бүйрек үлестіргенде қашанғы сол жай басарлығымен кешігіп келген сиырға жетпей қалыпты. Ол бұл жалғанда енді бүйрексіз қайтіп күн көрем деп, азан-қазан болып өкіріп жылапты. Сиыр сорлының көз жасын көрген жануарлар қабырғалары қайысып, оның көңілін аулаудан бөтен көмек көрсете алмайды. Ең соңында сиыр оларға бүйрек алып бүйірлерің шығып тұрған жансыңдар ғой, тым болмаса құр қалған туыстарыңа берер жылуларың жоқ па дейді. Оның бұл сөзін жөн көрген жылқы, түйе, қой т.б. жануарлардың әрқайсысы сиырға бір жапырақтан бүйрек жиып беріпті. Сонымен сиырдың бүйрегі басқа жануарлардың бүйректерінен бөлек бұжыр-бұжыр, қырық құрау бүйрек екен. Сиырдың қилы-қилы мінездері осы қырық қиқымнан құралған без бүйрегінің белгісі деп аңыз етеді».\r\n\r\n         Сиыр мінез – сүйкімсіз қылық, көрінген нәрсеге орынсыз соқтыққанға айтылады.\r\n\r\n         Ағаттық ісімізді білмедік пе? \r\n\r\nКөңілін бір нәрседен кірледік пе?\r\n\r\nСықылды сиыр мінез жаман елміз, \r\n\r\nОрданың бір жеріне сүйкендік пе? (Ілияс Жансүгіров)\r\n\r\nТағы да бір сиыр малын жағымсыз кейіпте көрсететін тұрақты тіркестің бірі – Сиыр құйымшақтатты. Бұл тіркестің мағынасы аяқсыз қалдырып, берекесіз етті, соңы сұйылып кетті дегенді білдіреді. Сонымен қатар, сиыр құйымшақтанып кетті деген нұсқасын да ұсынуға болады. Бұл тіркестің мағынасы – ол құр бос уәде беру, уәдесінде тұрмау дегенді білдіреді. Мысалы,\r\n\r\nМатайдың сөзінің басы таудай болса да, аяғы сиыр құйымшақтап келіп, қылдай болып кетті. (М.Ә.)\r\n\r\nСағиттың жыртқыштығы әуелде осындай қатты түршігіп ызаланған хатшының екпінді сөзі мінезімен басталса да, кейін, тағы бірнеше күндер өткен соң, әлденеден бәсеңсіп, сиыр құйымшақтанып сұйыла берді. (М.Ә.)\r\n\r\nЕнді, Қашпаған қара сиырдың уызына қаратты деген тіркесті талдар болсақ, тура мағынасында қашпаған қара сиыр төлдемейді. Ал, төлдемеген малда уыздың да болмайтыны белгілі. Бұл тіркестің ауыспалы мағынасы — болмаған, болмайтын нәрседен үміттену – парықсыздық, өзін-өзі алдау, қолдан келмейтін іске дәмелендіру, бос сөзбен емексіту. Мысалы,\r\n\r\nЖай әншейін екеуіміз қашпаған қара сиырдың уызына мас болған Есбалақтың әсеріне ұқсап тұрмыз.\r\n\r\nҚұнажын көзін сүзбесе, бұқа бұйдасын (жібін) үзбейді – бекерден-бекер себепсіз тиіспейді, орынсыз өздігінен ұрынбайды. Кейде бұл тіркесті Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді деп те жатады. Бұл тіркес қыз, әйел жігітке өздігінен тиіскенде әзіл ретінде айтылады.\r\n\r\nӨгіз сөзі кездесетін бірнеше сөз тіркестеріне көңіл аударсақ. Өгізді қара күш иесі ретінде көрсетіп тұрған Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар, тіркесі. Әдетте, адам өзі үшін бір нәрсе істесе, соған бар күшін жұмсайды, уақыт та табады, керекті қаражат пен қажетті заттарды да табуға да тырысады. Ал, біреу бір нәрсе істеп беруді өтіне қалса, оған аяқ астынан сылтау тауып, орындаудан жалтаруға тырысады. Оның бірде уақыты жоқ болса, енді бірде ол ауырып қалады, бірде қолы тимесе, енді бірде тағы бір себеп табылады. Мысалы,\r\n\r\nӘрқайсысы өзін-өзі дөп санайтын, өзім дегенде өгіз қара күшім бар әр рудың би, батырларын бір ханға бағындыру оңай болып па? \r\n\r\nӨгіз аяң – шабан жүріс, баяу қарқынды іс дегенді білдіреді. Мысалы,\r\n\r\nАуылдан шыққалы өгіз аяң жүрістен аспаған екі жолаушы түс ауғанша көз көрім жерге жете алмапты. \r\n\r\nШаруашылық бөлімінің меңгерушісі жүздікте тұрған тасын жайлап жылжытып, ежелгі өгіз аяңына кірісті. \r\n\r\nӨгіздей өкірді; өгізше өкірді – қатты айқайлап дауыс шығарды, бақырып жылады дегенді білдіреді.Мысалы,\r\n\r\nПатша қазақтан солдатқа аларда: «Ой, алда-ай! Ой, құдай-ай, бұл не деген заман болды! Алда-ай! «Ақ сарыбас!», Ой, алда-ай, «боз қасқа…!» деп, қазақ өгіздей өкіріп жылай бастаған». (С. Сейфуллин)\r\n\r\nӨгіздей болып ап – үп-үлкен, дап-дардай бола тұра деген мағынада. Мәселен, Жарайсың, Бектас! – деп, мұғалім мені ризашылықпен мақтайды да, Жанбосынға қарайды. Көрдің бе ананы. Ал сен өгіздей болып ап, мыңқ-мыңқ етіп тұрсың. Ұялмайсың ба?\r\n\r\nХанның қара өгізін сойып алғаннан жаман не бар —  өктем таптың аяусыз, қаныпезер қылығы туралы айтылады. Ескі заманда ханның малын барымталаған кісі, немесе рулы ел оны әлденеше есе етіп төлеуге мәжбүр болған, ал барымташы кісіні хан үкімімен масқаралап, құртып жіберу дәстүрі болған.\r\n\r\nМұрнын тескен өгіздей – кекесін, көнгіш, ырыққа ергіш, жуас дегенді білдіреді.\r\n\r\n— Кетсеңші енді, Махмұт, кетіп қал! Мынау тұрғансын, сені оңдырмайды. \r\n\r\n— Жоқ, саспаңыздар. Мұрнын тескен өгіздей жуасытып берем сендерге бұл аюды.\r\n\r\nАузын буған өгіздей – жұмған аузын ашпау, тіс жармау, мыңқ етпеу дегенді меңзейді. Мысалы,  \r\n\r\nБолыс аузын буған өгіздей тырп етпей, үйден шықпай жатып алды.\r\n\r\nӨгіздей өңкиген – денесі ебедейсіз үлкен, еңгезердей деген мағынада. Мысалы,\r\n\r\nӨш алғанына көңілі көншігендей, танауын шүйіріп, ыржия күлді күйеу. Өгіздей неме, — деді қыз ақырын.\r\n\r\nЖоғарыда келтірілген өгізге қатысты тұрақты сөз тіркестеріне көз жіберсеңіз, бұл тіркестерде өгіз малын көбіне жағымсыз кейіпте көрсетіп тұрғанын байқауға болады.  \r\n\r\nТілімізде бұл ірі қара төңірегінде кездесетін тұрақты сөз тіркестерінің кейбір тұстары міне осындай.  \r\n\r\n \r\n\r\nҚолданылған әдебиеттер:\r\n

    \r\n

  1. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. Құрастырған Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов, Алматы, «Санат», 1994, 154-155 б.б.
  2. \r\n

  3. Т.Б. Сағатбекқызы «Түркі тілдеріндегі төрт түліктің жасына қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты», Афтореферат, Алматы, 2005, (16, 17 б.б.)
  4. \r\n

  5. І.Кеңесбаев «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Алматы, «Ғылым» баспасы, 1977, (27, 461, 425, 128 б.б. )
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n 

Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері

0

Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері\r\n\r\n \r\n\r\n Академик Әлкей Марғұлан… Дала данышпанының таяуда табылған “Саят құстары” атты зерттеу мақаласы өз өмірінің қысылтаяң тұстарында жазылған. 1934-1939 және 1947-1953 жылдары академиялық іргелі ғылыммен айналысудан шеттетіліп, қазақ эпосы мен тарихы туралы зерттеулері саяси қағажуға ұшыраған кезде Әлекең елден бойын аулақ салып, “тасада жүріп” деректер жинап,  ұлтының ұмыт қалған өнерін зерделеп,  қағазға түсірген екен. 1954 жылдан кейін тарих, этнография,  археология, шоқантану ісіне бүтіндей бет бұрған кезінде бұл еңбек тартпаның түбінде қалыпты. Жарты ғасыр бойы жарық көрмесе де мақала  саятшылар мен орнитологтар үшін ғылыми мәнін әлі жойған жоқ. Ал “Саят құстарындағы” атаулар мен сирек сөздер тіліміздің мәйегін ұйытатыны сөзсіз. Сондықтан да біз бұл еңбекті “Егемен Қазақстанның” қалың оқырмандарына ұсынып отырмыз.\r\n\r\n \r\n\r\nТұрсын ЖҰРТБАЙ, “Отырар кітапханасы” ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.\r\n\r\n \r\n\r\n Саятшылардың анықтауынша, жалпы құс атаулы біріне-бірі қарама-қайшы жаратылған екі үлкен топқа бөлінеді. Оның бірі – “желбесін құстар”, екіншісі – “тұяқты құстар”. Бұларды ескі ұғым бойынша бұрын “адал құс”, “арам құс” деп атап келген.\r\n\r\n \r\n\r\nЖелбесін құс дегеніміз – етін жеп, мамық жүнін шаруаға жарататын пайдалы құстардың тобы. Бұлардың өзі тіршілік етуіне қарай екі жікке айырылады: суға жүзіп, су ішіндегі неше түрлі жұмсақ жалбыз, балдырған жапырақ, қазоты секілді шөптер мен минералдарды, құм, сүлік, балық, молюскаларды жеп күнелтетін құстарды “су құстары” дейді. Олар – аққу, қоңырқаз, қоқиқаз (қызыл қаз), бірқазан, қалбағай, аққұтан, көкқұтан, керқұтан, әупілдек, шағалалар, тағы толып жатқан неше алуан құстар.\r\n\r\n \r\n\r\nАл, суға жүзе алмайтын, қырда жүріп шалғын шөп, бидайық, бетеге, жусан, тамырдың түбі, ащы кертарлан өсімдіктерді және құрт-құмырсқа, шегіртке, неше түрлі шыбын-шіркейді қорек етіп, суды сирек ішетін қанаттылар тобын “қыр құстары” деп атайды. Бұл топқа кіретіндер – дуадақ, жорға дуадақ, безгелдек, оқпақ, қарабай, тырна, шыңырау, тарғақ, тағы басқалар.\r\n\r\n \r\n\r\nКейбір құстар тау ішіндегі шытырман сай-саланы, ну орманды, бұталы, тоғайлы өзен бойларын көбірек сағалап, қыр мен сулы өлкені бірдей жайлап жүреді. Олар – қырғауыл, құр, шіл, ұлар, тауқұдірет, орақтұмсық, сутауық, бөдене (бытпылдақ), бұлдырық сияқты қанаттылар. Саятшылық кәсібіне кіретін құстардың көпшілігі, әсіресе, қопалы көлді, қамысты, желкенді су бойларын, қақшымақ сорды көбірек мекендейді. Ондай құстардың тобына кіретіндер – сүңгуір үйректер, сарыалақаз, торыалақаз, италақаз, жылқышы, балшықшы, қызғыш, қаралақалқа, тағы да басқалар. Қаншыр тұқымдастардың ішіндегі тырна, қарабай, шыңырау, шағала сияқты құстар болмаса, өзгесінің барлығы да етін жеп, мамық жүнін шаруаға жаратуға келетін пайдалы желбесін құстар болып саналады. Тырна, шыңырау, қарабай, шағала тәрізді құстар көбінесе кесірткі, жылан, бақа сияқты жәндіктерді қорек ететін болғандықтан да олардың еті өте дәмсіз және улы келеді. Сондықтан да олар жеуге келмейді және саятшылар олардың соңына түспейді де. Қопалы көлді, өзен бойын сағалайтын құтан, қалбағай тұқымдас құстардың да бағалы мамық жүні болмаса, еті онша дәмді бола қоймайды.\r\n\r\n \r\n\r\nАл енді тұяқты құстарға келсек, олар да өзара екі топтан құралады. Бұлардың бір тобы – адамның үйретуіне көніп, аңшылық кәсібіне қызмет ететін “қыран заты” болса, енді бір тобы – не шаруашылыққа, не аңшылық кәсіпке пайдалануға келмейтін “керексіз заттылар” болып табылады. Бұл соңғыға қосылатындар: әртүрлі қарақұстар (көкжөре, күшеген, балтақұстар, сақалтақ), субүркіт, саңқылдақ, сарышағыл, саржала, жаламансары, бөктергі, кезқұйрық, құладын, күйкентай, ақсары, ақүкі, жапалақ, тағы сол сияқты өлексе, тышқан, кесірткі, бақа, жылан жеп күнелтетін құстар. Өзінің күнкөріс, тіршілік әдетіне қарай құзғын, қарға, сауысқан тектес құстар да осы айтқан топқа кіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nТұяқты құстардың ішіндегі аңшылық кәсіпке ең керектісі әрі пайдалысы – қыран заттылар. Олар жаратылысынан түйсігі мол, сезгіш жануар болғандықтан да адамның қолына үйренуге икемді келеді. Тумысынан аң, құс алып, кәделі қызмет атқаруға лайықталып жаралған қыран құстардың негізгі тұқымы үш түрлі. Олар: бүркіт, қаршыға, сұңқар тектес қанаттылар. Бұл көрсеткен үш текті құстың жаратылысы өзге құстан бүтіндей басқа. Олар түз құсының ішіндегі ең қарулысы, тегеуріндісі әрі ұшқыры және олардың тұяқ, тұмсық бітісі де басқа құстан өзегеше келеді. Сондықтан да оларды саятшылар тілінде “қыран құс” деп атайды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚыран құстар түзде өз еркімен емін-еркін ұшып жүріп әрқайсысы өзінің болат тұяқтарына сеніп, оны күшті қару қылып жұмсап, өзіне керек жемін алып тіршілік жасайды. Бұлардың дағдылы ісі – бір ғана түз аңын жеп күнелту болғандықтан да олар жапан түз, сары дала демей, ұша береді, өте кезеген келеді. Қай жерде желбесін құс, аң көп болса – сол жерді баса сағалап, өмірін көбінесе ұшумен өткізеді. Жердің алыс-жақынына қарамайды. Әбден жемсіреп, аңға құмартқан кезінде олар көз жетпес қиянға да, сағымды далаға да жол тарта береді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚыран құстардың тіршілігі осы тәрізді ылғи аң аулау әрекетімен байланысты болғандықтан да олардың дене құрылысы, мүше-бітімдері де өзгеше жаратылған, талмай ұзақ ұшуға бейімделген. Аспанда үздіксіз ұшқан кезде солқақтамай, талмай жинақы ұшуы үшін олардың сүйектері жинақы, бірімен-бірі тұтаса, дене құрылысы жұмыр біткен. Бұл, әрине, саят құстарының ұшу мерзімін ұзартатын негізгі фактордың бірі. Ұшуға ыңғайлы, жұмыр, жинақы біткен дене бітімі саят құстарына сыпылдап ұйытқи ұшуына не сыпырма ағыза ұшуына пәлендей ауырлық келтірмейді, қанатымен денесін еркін ұстап, оны неше аунап құбылтып отыруына мүмкіндік береді. Оларға кенеттен жоғары қарай атылу, не құдия төмен сорғалау, не қырындап бұлдырай ұшу ешбір қиындық келтірмейді. Бұл сипат, әсіресе, қаршыға, лашын, сұңқар тектес құстарда көбірек кездеседі.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының денесінің жинақы болуы көбінесе, олардың арқа омыртқасы мен құйымшақ, төс сүйегіне тікелей байланысты. Лашын, сұңқар тұқымдас құстардың арқа мойын омыртқаларында буын болмайды, олар қайнаса бітеді. Сондықтан бұлар әрі ұшқыр, әрі тегеуірінді келеді. Қыран құстардың қайсысының да болсын, барлығының да жая, төс сүйектері берік, шымыр және кең болады. Бұғана сүйектері келдек, әлді болып бітеді. Төс сүйегінің қабырғамен астасатын шеті жұмыр, ал бауыр жағы тік қырлы келіп, желқайықтың төсіне ұқсап тұрады. Жалпы, айтқанда, төс сүйек пен арқа омыртқа сүйектері саят құстарының денесін тұтастырып тұратын орталық мүшелер. Өзге сүйектер оларға жалғаса бітіп, саят құстарының денесіне ерекше тегеурін бітіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nТөс сүйекпен тұтасып бітетін мүшелер бұғана, қарсүйек, жауырын. Саят құстарының күш алатын ең мықты сүйегінің бірі – бұғана. Ол өте шымыр, соқталы келіп, оның шодыр бастарының бір ұшы арқа омыртқамен қайнасып, енді бір ұшы төс сүйекпен жалғаса бітеді. Қазақ саятшылары мұны “төс айшық” дейді. Екінші сөзбен айтқанда, бұғана мен қабырға сүйектері саят құстарының арқа мен төс сүйектерін тұтастырып тұратын ең күрделі әрі негізгі мүшелеріне жатады.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының ұшқырлығына себепкер болатын ең негізгі мүшенің бірі – иық сүйектері мен қартопшы сүйектері. Оған кіретіндері – жауырын, қарсүйек не тоқпақ жілік, шынтақ сүйек, білезік сүйектер. Құстар ұшқан кезде қанатын тежеп күш алып отыруы, көбінесе, осы жоғарыда айтқан қар иық сүйектері мен топшы сүйектеріне тікелей байланысты.\r\n\r\n \r\n\r\nҚыран құстардың қар сүйегі өте балғын, соқталы келіп, оның жауырын мен кәрі жілікке (не шынтақ сүйекке) жалғасатын екі басы өте берік, темір тектеніп бітеді. Дегенмен олардың қар сүйегі денесіне жақын, жауырынмен тұтасып біткендіктен де оған ұшатын ұзын қанат емес, тек қана мықты, қысқа қауырсындар ғана өседі. Ұшатын ұзын қанаттар (шалғы) тек топшы мен білек сүйектерден салаланып шығады. Сондықтан қар сүйектен гөрі топшы сүйектер әрі ұзын, әрі шымыр, берігірек келеді. Қыран құстардың күшті, шалымды, ұшқыр болуына, әсіресе, осы топшы сүйектері көп әсер етеді. Ал қанат топшы сүйектер қағылшаң, берік, ырғақты, қозғалғыш келіп, құстардың ұшуына аса ыңғайлы жағдай жасайды. Қаршыға, тұйғын, қырғи сияқты құстардың сонша шапшаң, сыпылдап ұшатыны олардың қанат сүйектерінің өте қолайлы болып келуіне байланысты.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының бас сүйегіне келсек, ол да құйған болаттай қайнаса біткен өте шымыр, қағылшаң келіп, желке жағы біраз сыпырықтанып тұрады. Өткір, қырағы көздері еркін қозғалуы үшін олардың көз ұясы кең, аумақты болып бітеді. Сондықтан өзгеше біткен жарқабақтары жан-жағына жоғары-төмен қарауға қолайлы мүмкіндік тудырады. Көз алды шіркеусіз ашық болған соң іздеген жемін қиядан көреді, қырағы келеді. Қыран құстардың өте қырағы болуының енді бір себебі, олардың қарақұсындағы сүйегінің желкесіне қарай шодырая бітуінде. Бұл сүйек саят құстарына айқын бағыт көрсетіп, олардың көз жаздырмайтын шырағы тәрізденіп тұрады. Қазақ саятшылары құсқа томаға орнатарда оны қарақұстың осы шодыр басына кигізеді.\r\n\r\n \r\n\r\n– Қыран құстардың өз тіршілігіндегі ең мықты қаруының бірі – олардың көк мүйіз болат тұмсығы. Мүйізді болат тұмсық тек қана аңды боршалап, оның етін сүйегінен айырып жеу үшін жұмсалады.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының тұмсығы өте берік, кейкі тұмсықтың ішіне қарай имие біткен үшкір қармағы өте берік келеді. Олардың аузын самқайтын жиектері де аса өткір, қиғаш, кейбіреуінікі қияқтанып тұрады. Өткір араның тісі сияқты самқау, жиектері қияқты келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының көз алдының қабығы күс басқан қара қылшықтанып тұрады. Және олардың әрбірінің тегіне, жасына қарай ол қабық қызыл, жасыл, сарғылт, көгілдір-қоңыр болып әр тұста кездесіп отырады. Бұл қабық саят құстарының қай текке жататынын көрсететін негізгі ерекшеліктерінің бірі, сондықтан оны “көз алдының қабығы” не “кеңсірік қабығы” деп атайды. Сол кеңсірік қабық пен езудің (самқау) арасын ала көлденеңінен танаудың тесігі орналасқан. Және әрбір қыран құстарының тегіне қарай олардың танау тесігі де әр алуан түрде кездеседі. Мәсе­лен, бүркіт, қаршыға тектес құстардың танау тесігі көлденең тартқан сопақтау, “жарма тесік” болса, сұңқар, лашын тектес құстардікі дөңгеленіп келген тік не “шұңқыр тесік” түрінде жолығады. Екінші жағынан, әрбір саят құстарының алатын аңына, жейтін жеміне қарай, олардың шоқитын тұмсығы да үлкен-кішілі болып кездесіп отырады. Қаршыға, сұңқар тұқымдас құстардың тұмсығының түп жағы келтелеу, соқталы келіп, имек ұшы едәуір ұзын, әрі үшкір, жарғыш болады.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының енді бір зор қаруы олардың алмас тұяқтары. Тегеурінді болат тұяқ көбінесе аңды бұлжытпай ұстап, кенеттен іліп әкету үшін керек. Тұяқтың ат­қаратын қызметі осы болған соң оның құрылысы да соған қарай бейімделе біткен.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының тұяқтары мейлінше тегеурінді, мықты, әрі жарғыш үшкір, желбесін құстарды бүріп қысса мытып жіберетіндей аса қабілетті келеді. Олардың тұяқтары тек қана аңды бүріп ұстауға арналған соң, көбінесе салалы келіп, саусақ сүйектерінің ұшын ала тұрады. Екінші жағынан, саят құстарының тұяғының әлді болуы олардың аяғының кеспелтек берік жаралуына байланысты. Олардың аяғы сердиген ұзын болмай, аңды бүріп қысуға бейімделген, өте ықшам, мықты келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚыран құстардың саусақтары сырт жағынан шодырайып, күс-күс болып тұрады. Оның үшеуі алға қарай бейімделе бітсе, енді біреуі артқа қарай бітеді. Қазақ саятшыларының тілінде оның алға қарай біткені – “жембасар”, артқа қарай біткені – “тегеурін” деп аталады. Желбесін құстарға түскенде осы төрт шеңгелді айқастырып, аңды сонымен мұқатады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚыран құстардың аяғының құдіретті болуы, әсіресе, олардың бұлшық етінің аса шымыр бітіп, тарамыс сіңірлерінің берік, айқасып жатуында. Бұлшық ет пен тарамыс сіңірлер сүйекпен бірге берік байланыса біткен соң, ол саят құстарының күш алатын үлкен қаруы болып табылады. Тарамыс сіңірлердің қатты күш көрсететін кезі, әсіресе, саят құстарының жемге түсіп, аңмен алысатын уақыты. Тарамыс сіңірлер ондай кезде құстың сан етін создырмайды, оның болат тұяғы аңмен айқасқанда көмек көрсетеді.\r\n\r\n \r\n\r\nКейде аңғырт жас бүркіттер түлкіге түсіп, қан майдандасып жатқанда, жырынды саятшылар: құсымның саусағын түлкі шайнап кетпесе еді, болмаса балақ етін жыртып алмаса еді, не қанатын сындырып кетпесе еді деп қатты алаңдаумен бо­лады. Өйткені, бұл үш мүшенің үшеуі де саят құстарының жаратылыс ерекшелігін көрсететін, оның ең күрделі қарулары ғой.\r\n\r\n \r\n\r\nЫлғи аңмен алысып күн өткізетін саят құстарының тарамыс бітісі де басқа хайуандікінен өзгешерек. Бұлардың тарамысы жембасар мен тегеуріннің бауырын ала иректеле бітіп, оның әрбір ирегіне шодырайған сіңір қыры дәл келіп отырады. Сөйтіп, тұяқты қысып-жазғанда мықты тарамыстың ирегіне буындағы сіңір қырының дәл келіп отыруы құстың тегеурініне ерекше күш береді. Соның нәтижесінде оның шеңгеліне түскен желбесін құстар темір қысқыштың арасына түскендей жаншылып отырады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚырандардың желбесін құстарды қысып, бауырына басатын саусақтарының ішкі жағын саятшылар “шеңгел”, не “алақан” болмаса “табан” дейді. Олардың бұл жері күс-күс, шодыр, құж-құж көріністе болып келеді. Осындағы кіреукелі қабықтар тұяқтың түбінен балақ жүннің шетіне дейін тұтасып жатады. Бірақ саят құстарының бәрінің аяғы құжыр аяқ келеді деп айтуға болмайды, кейбір сұңқар тектес құстардың аяғы жембасардың үстіңгі жиегіне дейін жүнмен жабылып тұрады. Ол балақ жүн деп аталады.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының тұяғы іліп алуға, қысуға лайықтанған өте үшкір, шалымды, үш жағы қармақ тәрізді имек келеді. Орта саусағының тұяғы (жембасар) өзгесінен сәл ұзынырақ, іле түсуге ыңғайлы, үшкір болады. Алған жемді мытып жаншуға арналған ең мықты тұяқ тегеурін, яғни артқы бармақ тұяқ өзгелерінен анағұрлым әлдірек келеді. Бүркіт аңға түскенде, осы екі тұяқ бірімен бірі айқаса кіріп, саятшы­лар оны жемнен айыра алмай, көп әуреге түседі. Ірі аң алуға бейімделген қарулы түз бүркіттерінің саусағы дембелше, быртиған, жуан келіп, олжаны қусырып әкетуге бейімделген ересен күшті болады. Кейбір тентек бүркіттер ауылдағы итке не балаға түскенде, оны ең мықты деген жігіттердің өзі әзер айырып алатын кездері болған.\r\n\r\n \r\n\r\nӨмірін ылғи аңға көз тігумен өткізетін саят құстарының өзіне тиісті машығы да болады. Бүркіт, қаршыға, тұйғын сияқты құстар аңды кенеттен іле түсіп, жалма-жан тегеуріннің астына салып, болат тұяқтарымен сығымдап жара бастайды. Аңды, не желбесін құсты сұрапыл қимылмен іле түсуге лайықталған, әсіресе, қаршыға, тұйғын тектес құстардың тұяқтары сұңқар тұқымдас құстардың тұяғынан салалы, ұзын және алмастай қиып түсетін өткір, ұстауға оңтайлы келеді. Қаршыға тектес құстардың тұяғы қармақ тәрізді іліп түсер болғандықтан, оларға желбесін құстың ашық жерде не бұтаның, не қамыстың арасында, не ағаштың бұтағында отырғаны қиын болып табылмайды, керек уағында сыпыртып келіп, құйынша іліп жүре береді. Қаршығамен тектес қырғидың өзін алсақ, ол торғайдың соңына бір түссе, оның арбаның шабағына, ат бауырына, не қалың бұтаның ішіне тығылғанына қарамай, көзді ашып жұмғанша іліп ала жөнеледі. Демек, кенеттен сыпыра ілу бір ғана қаршыға мен тұйғын тектес құстарға ғана тән. Ал сұңқар тұқымдас құстар (лашын, ителгі) ілудің орнына көбінесе басқа әдіс қолданады. Олардың құшырлана қолданатын машығы – алатын жемін артқы тұяғымен теуіп түсіру.\r\n\r\n \r\n\r\n Біз жоғарыда саят құстарының тіршілігіне қару болған олардың сыртқы дене құрылысы туралы әңгіме қозғадық. Енді олардың ішкі мүшелеріне келсек, о да саят құстарының өте ұшқыш, кезеген болуымен байланысты аса өзгеше болып біткенін көреміз. Олардың ішкі мүшелерінде көзге ерекше түсетіні – тыныс алатын жолдары (өкпе), қан сауыттары, асқазаны.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының өкпесі олардың талмай, ентікпей, ұзақ ұшуына қарай бейімделген. Ауа мен оттегіні жеткілікті жұту үшін олардың өкпесі кеу, обығыр болады. Оның үстіне ауа жұтатын өкпе қалталарының сыйымды болғандығы саят құстарының еркінше тыныс алып отыруына да көп жеңілдік келтіреді. Өйткені өкпенің кеу болып тұрғаны демді тез шығаруға әсер етіп, ұзақ ұшқанда денені желпіндіріп отыруға мүмкіндік туғызады.\r\n\r\n \r\n\r\nҰзақ, биіктеп ұшу үшін саят құстарының жүрегі де өте шымыр, ықшам болып біткен. Қаршыға, сұңқар тектес құстардың жүрегінен гөрі бүркіттің жүрегі өзінің дене бітісіне қарағанда кішірек, биіктеп сыза ұшуға қарай бейімделген өте шағын, жұмыр келеді. Биіктеп ұшқанда үзбей оттегімен демалып отыруы үшін саят құстарының қан бітісі де біраз өзгешелеу. Олардың қанында қызыл қан түйірлері тозаң тәрізді өте ұсақ болып, ол жүрек қабына оттегіні көбірек жинауға мүмкіндік жасайтын көрінеді. Бұл жағдай, әрине, қанның денеге дұрыс тарап, құстың еркінше тыныс алып отыруына зор себеп болмақ.\r\n\r\n \r\n\r\nҚан сауыттары тәрізді, саят құстарының ас сіңіретін жолдары да өз алдына бір алуан. Олардың жем самқайтын аузы үлкен, көмекейі созылғын, жұтуға кең, тілі оралымды. Қыран құстардың аузы бір жағынан сілекей шұбыратын “жабдығы” болса, екінші жағынан алған жемді жұмсартып, оны жемсауына дайындап отыруға ыңғайлана біткен. Олардың жаратылыс бітіміне, алып жейтін жеміне қарай, сілекей тудыратын бездері де күшті келеді. Бұл, әсіресе, бүркітте ерекше дамыған. Бүркіттің көмекейі кең, өңеші созылғыш, етті сүйегімен жұтса да қиындық көрмей, сілекейі жеткілікті болған соң өткізе береді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚыран құстардың қорек қылатыны көбінесе түз құсы (желбесін) не ұсақ аң. Оларды көбінесе жембасар мен тегеуріннің айқасуымен ұстайды, өйткені бұл тұяқтар бірыңғай жемді қысып, жампаздауға лайықтанып біткен. Алған жемді түтіп, жарып талқандауға жұмсайтын қаруы – тұмсығы. Қырандар түз құсын ұстағанда, оны екі аяғымен мықтап басып, алдымен жаратын жерінің жүнін түтіп, жалаңаштап, тазартып, содан кейін тұмсықты қызыл жемге салады. Отырған жерінің қауіпті-қауіпсіздігіне қарай, жемді әр түрде жұтады. Егер ол маңайда өзі тәрізді қыран құстар жүрсе, одан олжасын қатты қызғанып, алған жемін басқа жерге әкетіп талқандайды, болмаса сол жердің өзінде отырып, қомағайланып, тез жеп бітіруге тырысады.\r\n\r\n \r\n\r\nДегенмен саят құстары онша обыр болмайды. Олар көбінесе алған аңының жұғымды, жылы, жұмсақ жерін ғана құлшына жеп, оны өзінің уақытына қарай дұрыс сіңіріп отырады. Сондықтан жемді мезгілінде жеп отырған саят құстары артық ашқарақ болмай, тоқмейіл келеді. Олардың қомағай болмауының бір себебі – бөтегесіне жемді көбірек толтырып алуынан. Бөтегесіне қажетті қоректі көп салып алған түз бүркіттері кейде 10-15 күнге дейін жем тілемейді.\r\n\r\n \r\n\r\nКезеген ұшқыш құстар жемді үздіксіз жегенді ұнатса да, олар аштыққа өте шыдамды келіп, бірнеше күн жем сұрамай отыра береді. Аштыққа төзімді келетін құс, әсіресе, бүркіт заты. Қазақ саятшылары оны ашықтырып көргенде, олардың ішінде бір айдан артық аштыққа шыдағаны болған.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының асқазаны берік, тез қорытқыш келеді. Алған жемін олар сүйегімен не қауырсын жүндерімен жұтса да асқазаны шымыр, қорытымпаз болған соң, оны еркімен сіңіріп отырады. Бірақ сүйек заттары жақсы қорытылып, құстың бойына сіңсе де, қауырсын жүндер құстың бөтегесінде топталып, оны ол көбінесе қоя ретінде аузынан түсіріп отырады.\r\n\r\n \r\n\r\nСаят құстарының жеген жемі алдымен бөтегеге түседі. Бөтеге – өңештің түбін ала біткен мырыш дорба тәрізді жұмыршақ қарын, ол асқа (жемге) толғанда сыртынан томпайып, бөртіп тұрады. Бөтегенің асқазаннан айырмасы – онда сілекей туғызатын без болмайды. Ол – құс баласын ашықтырмай, көп уақытқа ас қорын жинау үшін жасалған ерекше бір сауыт. Саят құстары жемге бөтегесін бір толтырып алса, олар келесі жемге дейін шыдап отыра береді.\r\n\r\n \r\n\r\nТегінде аш құстардың жеген жемі алдымен асқазанға түсіп, оның қалғаны бөтегеге ауысып отырады. Сондықтан бөтеге саят құстары үшін қосалқы жем сауыты ретінде қызмет атқарады. Демек, саят құстарының ас қорытатын “сауыттары” екі түрлі бөлшектен құралады: бірінші – фермент шығаратын безді бөлігі, екінші – мүскілді бөлігі. Ауыр әрі қиын асты (шеміршек, қауырсын, сүйек) қорытуға бұл екеуінің қосылып атқаратын қызметі саят құстары үшін аса маңызды. Ондай ауыр асты денеге сіңіру үшін тұзды қышқыл мен пепсин деген заттар керек. Оларды дайындап отыратып бір ғана безді құрсақ, бұл жем қорытудың дайындағышы ретінде қызмет атқарады. Сол тұз қышқылы және пепсиннің күшімен асқазанға жиналған жемді қорытып отыру мүскілді құрсақтың міндеті болып табылады. Оның үстіне пепсин – жұмыртқаның ағы сияқты заттарды қорытса, тұзды қышқыл көбінесе сүйектерді ерітеді. Бірақ сүйекті саят құстарының бәрі бірдей қорытады деп айтуға болмайды. Бүркіт сияқты алпауыт қабілеттісі болмаса, өзге саят құстары шамалы ғана қорытады. Олардың ішінде сүйекті жұтатындары көбінесе бүркіт, ителгі сияқты қарулылары. Қаршыға, сұңқар, лашын секілді құстар түзде жем алғанда оның етін ғана тазартып жеп, асқазанына сүйек, қауырсын жібермеуге тырысады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұс баласының тіршілігіне зор қызмет келтіретін – олардың қанаты, құйрығы. Халық мәтелінде кездесетін: “құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады” деген сөз тегін айтылмаған. Ол құс тіршілігін бақылаудан шыққан тәжірибенің анықтауы.\r\n\r\n \r\n\r\nӘрбір саят құстарының әр жақ қанатына 40-тан 46-ға дейін мықты қауырсын бітіп, олардың түбі құстың топшы сүйектеріне, білезік қар сүйектеріне тұтасып тұрады. Қазақ саятшыларының тәжірибесі бойынша бір жақ қанаттың өзі үш қатардан құралады. Алдыңғысы – ұзын шалғы, ортадағысы – тоқ қанат, түпкісі – ірге қанат деп аталады. Құс тіршілігі үшін ең маңыздысы – алдыңғы шалғы қанат. Ол топшы сүйектен шығады, саны 12-ден 14-дейін. Түзде өз еркімен жүріп түлеген құстар шалғы қанатын көп уақыт тастамай, алдымен тоқ қанатын шығарып, содан кейін шалғыны түлетіп шығарады. Екінші қатардағы тоқ қанат – білезік қар сүйектерінен шығады. Олардың саны – 28-30 шамасында. Бұлар бірінен бірі ұзын-қысқа болмаған соң тоқ қанат деп аталған. Ірге қанаттың ұшуға қатынасы өте аз, ол ұшатын қанаттар мен сыртқы жүннің арасын тұтастырып тұратын ұсақ қауырсындар.\r\n\r\n \r\n\r\nҚанаттан кейінгі әрбір құстың күш алып, ұшып қонуына бағыт беріп отыратын дене мүшесі – оның құйрығы. Жанды заттың денесінде қызметтен тыс жаралған мүше болмайды ғой, оның ішінде құстардың құйрығының атқаратын қызметі де аз деп айтуға келмейді. Қырандар сыпыртып ұшқанда, олардың ұшу бағытын тежеп, не керек мезгілінде кенеттен тоқтатып отыру – бір ғана құйрықтың атқаратын ісі. Сондықтан кейбір шапшаң ұшып, кенеттен тоқтап үйренген құстардың (қаршыға, тұйғын) құйрығы да ұзынырақ келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nҰшқыр қыран құстардың құйрық шалғысы (қауырсыны) 12-14-тен кем болмайды, одан кем болса өте қорғалақ тез ұшуға олақ, жеткен жемін тапжылтпай ұстауға орашолақ келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкінші жағынан, құстардың әрбірінің тегіне, қанат, құйрық бітісіне қарай олардың ұшу әдісі де әр алуан болады. Бүркіт пен қаршығаның, ителгі мен лашынның ұшулары біріне бірі бүтіндей ұқсамайды. Олардың кейбірі, мәселен бүркіт, аспанда қанатын еркімен жайып, бірыңғай сыза ұшуды тәуір көрсе, енді біреуі, мәселен лашын, жай отындай ағызып, сыпырта ұшуды көбірек ұнатады. Үшінші тобы, қаршыға тектес құстар, сыпылдақ келіп, неше алуан төңкеріліп ұшудың түрлі әдісін қолданады. Алайда оқтай атылып, ағыза, не сыпырта ұшуға келгенде сұңқар мен лашын тектес құсқа ешқайсысы тең келмейді. Бұлардың өмірін жетік бақылаған ертедегі саятшылар мен қазіргі ғалымдардың байқауынша саят құстары секөнтіне 11-12 метр жылдамдықпен ұшады екен. Ал лашын алатын жеміне төнгенде секөнтіне 75 метр жылдамдықпен әуені тіліп өтетін болған. Лашын алатын жеміне ұмтылған кезде оның бұлдыраған қарасы да көрінбейді, тек аспанда у-шу болған құстардың дауысы мен анда-санда жарқ еткен лашын елесі ғана көрінеді.\r\n\r\n \r\n\r\nСөйтіп қыран құстардың көбірек қолданатын ұшуы үш түрлі: қалықтай сыза ұшу, сұрапылдай ағыза не сыпырта ұшу, сыпылдап ебелектей ұшу.\r\n\r\n \r\n\r\nҚалықтай сыза ұшуды ұнататын құс – бүркіт. Ол мұны көбінесе аң қаққанда қолданады. Бірақ жылдамдық, ептілік жағынан алғанда бұл ұшудың артықшылығы бар деп айтуға келмейді. Ондай ұшу ашық далада, тау-таста, жазық жерде қоян, түлкі, қасқыр сияқты аңдарды қағуға ыңғайлы. Бірақ ұшып жүрген желбесін құстарды іле түсуге бұл ұшу жарамайды, оған ұшудың басқа түрлі әдісі керек. Оны саятшылар тілінде “ату”, “сорғалау”, “сыпырту” дейді.\r\n\r\n \r\n\r\nСорғалау – бүркіттің жиі қолданатын ұшу әдісі. Ашық далада аң қағып жүрген қыран бір мезгілде аң көрсе, кенеттен қайқаң етіп жоғары көтеріліп, биікке шарықтап шыққан соң қайыра төмен қарай құдиып төнеді. Міне, аңның үстінен осылай төніп, биіктен төмен қарай құдиюды сорғалау деп атайды. Аңмен уақытын көп өткізген ақын Абай бұл суретті:\r\n\r\n \r\n\r\nҚанат, құйрық суылдап ысқырады,\r\n\r\nКөктен қыран сорғалап құйылғанда,\r\n\r\n \r\n\r\n— деп келтірген. Аңға түспей, аспанда зеңіп жүрген бүркіттер қанатын көп қақпай, оны еркінше жайып жіберіп, тек сызады да отырады. Және сыза ұшуға бейімделген бүркіттердің қанатының ұшы сүйір болмай, мұқылдау келіп, оны жайғанда шалғы қанаттары біріне-бірі қатты жымдаспай, тарамданып тұрады. Бүркіт ұшарда ең алдымен осы шалғы қанаттарын жазып, сол арқылы көтеріледі. Биікте ұшып келе жатқанда тұтқиылдан тез ұшуды не тік ұшуды керек қылса, ол кезде қанатын ішіне қарай жыйыңқырап екі топшыны ілгері салып, қомдана ұшады. Қанатын топшысына жиып қомдана (не құдия) ұшу – сыза ұшудан гөрі шапшаңдықты арттырады. Бірақ бұл ұшу аңға қарай төнгенде не басқа қырандармен шайқасқа түскенде болмаса, жайшылықта мұндай әдісті бүркіттер онша көп қолданбайды. Былайғы кезде қанатын еркінше жайып тастап, әуеде жүзіп отырғанды қолайлы көреді. Сорғалап ұшу үшін шалғы қанаттардың тым ұзын не жалпақ болуы да қолайсыздық тудырады, өйткені ондай қанат ауаның қарсылығын күшейтіп бөгет жасайды, икемсіздікке ұрындырады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚанаты әрі өрескел ұзын әрі жалпақ келетін қарақұс, көкжөрелер сорғалай ұшуға өте епсіз келеді. Оларға қарағанда бүркіттердің қанат, құйрығы анағұрлым ыңғайлы, жинақы, сыптығыр, сондықтан да олар ұшуға да икемді келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұдия, сорғалай ұшу – саят құстарының көпшілігіне тән. Бірақ солардың қайсысы болсын, бұл әдісті бір ғана аңға түйілген кезде қолданады. Лашын, сұңқар, қаршыға, тұйғын тектес құстар алатын жемін көбінесе ашық түзде, аспанда ұстайтын болғандықтан да олардың құлшына жұмсайтын әдістері “ату”, “сыпырту”, “түю” және бұл құстардың сонша ұшқыр, епті, алатын жеміне ысырапылша тиюі – олардың жалпы дене құрылысына байланысты. Өйткені, бұлардың дене құрылысы, жоғарыда келтірілгендей, өте ықшамды, кеуде жағы жұмыр, қанат-құйрық бітісі сыпырық, арт жағына қарай сүзіле біткен садақтың жебесіне ұқсап тұрады. Сондықтан олардың денесі ұршық сияқты үйіріліп ұшудың неше алуан түрлерін жасауға оңтайлы келеді. Оның ішінде, қаршыға тектес құстар сыпылдап құйын сияқты ұйытқып ұшуды ұнатса, лашын, сұңқар сыпыртып ағыза ұшқанды ыңғайлы көреді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Әлкей МАРҒҰЛАН.

Қабыршақ, оның түрлері мен құрылысы, айырмашылықтар мен ұқсастықтар

0

 Қабыршақ, оның түрлері мен құрылысы, айырмашылықтар мен ұқсастықтар \r\n\r\nЖоспары:\r\n

    \r\n

  • Қабыршақ, оның түрлері мен құрылысы
  • \r\n

  • Плакоидты қабыршақ
  • \r\n

  • Ганоидты қабыршақ
  • \r\n

  • Космоидты қабыршақ
  • \r\n

  • Сүйекті қабыршақ
  • \r\n

  • Қорытынды
  • \r\n

  • Сұрақтар
  • \r\n

  • Пайдаланған әдебиеттерге сілтеме
  • \r\n

\r\nБарлық нағыз балықтардың қабыршақтары болады, бірақ олардың даму дәрежесі түрлі балықтарда түрліше. Кейбір балықтар, мысалы жайындар, скаттар, миногалар мен миксиналар эволюция барысында қабыршақтарын жоғалтқан, бұл екінші құбылыс болып табылады. Қабыршақтардың мөлшері – микроскопиялық мөлшерден (жыланбалықтарда-угорьларда) бірнеше см-ге (Үнді сүгені) жетеді. Бұлардың формасы да алуантүрлі.\r\n\r\n      Қабыршақтың 4 типін (кейбір авторлар 3 типін) ажыратады. Олар: плакоидты, ганоидты, космоидты (кейбір авторлар бұл қабыршақты ганоидты қабыршақтың қарапайым түрі деп қарастырады) және сүйекті.\r\n\r\nПлакоидты қабыршақ – ең көне, тек акулалар мен скаттарда сақталған. Тақтайшадан және оның үстінде орналасқан істіктен тұрады. Ол сыртынан эмаль, ішіне қарай дентин затымен қапталған. Оның ішінде пульпа болады. Ескі қабыршақтар түсіп оның орнына жаңасы өсіп отырады. Шеміршекті балықтардың барлық тікенектері ( мысалы, скаттардың арқасы мен құрсағындағы) өзгерген плакоидты қабыршақтар, тістері де – осылар.\r\n\r\nГаноидты қабыршақ – қазба балықтарға тән. Ромбыпішіндес, бір-бірімен тығыз байланысып тұтасып жатады, сауытсияқты, яғни денесі сауыт ішінде орналасқан болып табылады. Қабыршақтың бұлай аталуы дентинтәрізді зат – ганоинның болуы, ол сүйекті тақтайшада қалың қабат болып жатады. Ганоидты қабыршақ қазір көпқанаттылар мен сауытты шортандарда, сол сияқты бекіре балықтарының құйрық қанатының үстіңгі қалағында орналасқан шанышқы тәрізді сүйек (фулькралар) және 5 қатар орналасқан шытыра сүйектер түрінде кездеседі. Шытыра сүйектер — бірнеше ганоидты қабыршақтардың қосылуынан пайда болған сүйектер. Ганоидты қабыршақ 3 қабаттан: үстіңгі тығыз ганоин қабатынан, ортаңғы өзектері бар космин қабатынан және сүйекті заттан – изопединнен тұратын төменгі қабаттан тұрады. \r\n\r\nКосмоидты қабыршақтардыңганоидты қабыршақтардан ерекшелігі – үстіңгі ганоин қабаты болмайды. Бұл қабыршақ саусаққанатты балықтарда кездеседі. Бірте-бірте өзгеріп қабыршақ ганоин затын жоғалтады. Қазіргі сүйекті балықтарда бұлар жоқ, ал қабыршақ тек сүйекті тақтайшалардан тұрады, яғни сүйекті қабыршақтар. Бұл қабыршақтар циклоидты және ктеноидты деп бөлінеді. Екеуіде туыс, бірақ циклоидты қабыршақ төмен ұйымдасқан балықтарда кездеседі. Кейбір балықтардың аталықтарында ктеноидты, ал аналықтарында циклоидты қабыршақтар болады. Екеуі де бірдей кездесетін балықтарда бар (мысалы, Liopsetta  туысына жататын камбалалар).\r\n\r\n         Әрбір қабыршақ кориумдегі (кутис, дерма)  ойықта – қабыршақ қалтасындақалыптаса бастайды, бос ұшы қалтадан шығып, алдындағы қабыршақтың үстін басады. Қабыршақтардың осылай орналасуы балықтардың оңай иіліп-керілуіне мүмкіндік береді. Қабыршақтар қатар бойымен орналасады. Қатарлар саны және ондағы қабыршақтар саны балықтардың жасына қарай өзгермейді, бұлар систематикалық көрсеткіштер болып табылады. Әрбір қабыршақтан 2 қабатты ажыратуға болады. Олар: үстіңгі қақпақты қабат және астыңғы базальды қабат. Үстіңгі қабатта сақиналы орналасқан қыршалар-склериттер болады. Склериттердің түзілуі белгілі бір кезеңдермен байланысты, бұл қатарлар балықтың жасын анықтағанда (жылдық сақиналар) және өсудің керіесебін шығаруға қолданылады (бұл балықтың жасын анықтауда есте ұстайтын нәрсе!!!). Қабыршақтың ұшына қарай ең кішкентай (жіңішке) және ең кәрі пластинка, ал түбінде ең ірі (жуан) жас пластинка болады. Осы пластинкалар саны балықтың жасына сәйкес келеді. Бұлардан (қабыршақтардан) басқа дерма қабатында бас қаңқасы мен кеуде жүзбеқанаттарының белдеулерінің жабынды сүйектері пайда болады. Қабыршақтың өсуі – шабақта пайда болатын бірінші кішкентай қабыршақтың астында келесі жылы онан үлкен пластинка пайда болады, үшінші жылы оның астында онан да үлкен пластинка пайда болады, солай өмірінің аяғына дейін созыла береді. Сонымен қабыршақтың үстінде ең кішкентай және ең кәрі пластинка, ал астында – ең үлкен жас пластинка болады. Осы пластинкалардың саны балықтың жасына сәйкес келеді. Төменгі қабатың үстіндегі минералданған ортаңғы қабата склерит деп аталатын қыршалар болады.Балық тез өскенде склериттер бір – бірінен  алшақ орналасқан, әрі қыры биіктеу, ал өсуі баяулағанда – склериттер бір – біріне жақын әрі аласа. Балықтың жасын анықтағанда қабыршақтың склериті бар қабатын зерттейді. Склеритер жақын орналасқан зонаның ( әдетте қоңырлау ) сыртқы жиегін жылдық саөина деп атайды, бұл зонаның санын анықтау балықтар балықтар жасын анықтауға мүмкіндік береді.\r\n\r\nҚорытынды \r\n\r\nКөпшілік балықтардың қабыршағы болады, бірақ жайындар мен кейбір басқа балықтарда , сондай – ақ дөңгелекауыздыларда болмайды. Қабыршақ балықтың дене бетінің тегістігін қамтамасыз етеді, сонысымен олар жүзген уақытта балықтардың бүйірлерінде теріде пайда болатын қыртыстарды болдырмайды. Қабыршақтың  4 типін ажыратады: плакоидты, ганоидты, космоидты ( ганоидты қабыршақтың қарапайым түрі деп есептелінеді ) және сүйекті – бұлар ертеде пайда болған плакоидты қабыршақтың туындылары деп саналады. Қабыршақтар терінің негізгі қабатының ( дерма ) туындылары.\r\n\r\n \r\n\r\nСұрақтар\r\n

    \r\n

  1. Қабыршақтар, олардың түрлері  және  бір-бірінен қандай       айырмашылықтар         болады?    
  2. \r\n

  3. Кориум қабатынан  қандай  жабынды  сүйекткр  пайда болады?
  4. \r\n

\r\n 3.Ганоидты қабыршақ қандай балықтарға тән?\r\n\r\n 4.Плакоидты қабыршақ қандай балықтарға тән?\r\n\r\n 5.Сүйекті циклоидты қабыршақтар қандайбалықтарға тән?\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланған әдебиеттерге сілтеме:\r\n\r\n \r\n\r\n1.Бәйімбет Ә. «Ихтиология негіздері». 1- бөлім. Алматы, 2005. 19-29 бет.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Жұмалиев М, Бәйімбет Ә, Есжанов Б. «Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері». Алматы,2009
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Сәрсен Аманжолов

0

Сәрсен Аманжолов\r\n\r\n \r\n\r\n Қазақ тіл білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген шағына жетіп, биіктерге көтерілуі оның ірге тасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған ардақты есімдермен тығыз байланысты. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.\r\n\r\n Артына қалдырған мол мұрасын арнайы зерттеуді лайық ететін біртуар ғалымның бірі-филология ғылымының докторы, профессор Сәрсен Аманжолов (1903-1958). Қарап отырсақ, ғалым С.Аманжоловтың әрбір тілді зерттеуі диалектикалық даму көзқарастарымен ұштасып отырады. Бұдан тілдің қалпын дамуымен тығыз байланыста зерттеудің, тіл жүйесінің әр элементін қолдданыста қарастырудың ұтымды болатынын байқауға болады.\r\n\r\n Тіл біліміндегі сөйлемдер жүйесінің бүгінгі дамуы мен оның өзекті мәселерін танып білуде профессор С. Аманжоловтың ғылыми тұжырымдарын, атап айтқанда, сөйлем теориясының негізгі грамматикалық сипаттары, жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара жігін айқындату, сөйлем мүшелері түрлерін ажырату критерийлері, үйірлі мүшелі конструкциялардың жаратылысын тану, сөйлемдерді топтастыру мен олардың жіктелу принциптері, сөйлем теорясының даму жолдарына қатысты тұжырымдарын зерттеудің маңызы зор.\r\n\r\n Профессор С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін де ғылыми мәнін жоймаған, бағдарламалық мәні бар, игі пікір мен зерттеуге лайық, көптеген ғылыми еңбектерге жолбасшы болатын дүние деп танимыз. Ғалымның синтаксис теориясы жөніндегі көзқарастарының кейінгі ғылыми және теориялық тұжырымдарға негіз болғанын көрсету, оның ғылыми мұрасын бүгінгі күнгі теориялық тұжырымдармен салыстыра отырып, жан – жақты талдау оның білімділігін танытады.\r\n\r\n С.Аманжоловтың тиянақтауында құрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас, аралас болып болып алғаш рет үш түрге жіктеледі. «Бірнеше сөйлем күрделі ойды білдіру үшін бір-бірімен ұласады, кейде біріне-бірі бағынып барып ұласады. Кейде әрі бағынып, әрі тең боп ұласады»,- дейді автор. Мұндай топтау 1940 жылы 5-7 сыныптар үшін жасалған бағдарламада да көрсетілген.\r\n\r\n Ғалымның құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттелген 1940 жылғы шыққан еңбегінде құрмалас сөйлемге мынадай анықтама берген: «Құрмалас сөйлем дегеніміз – екі я бірнеше сөйлемнің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің я сөздер тобының жиынтығы». [1;175-бет]\r\n\r\n С.Аманжолов салалас құрмаласты, жалғаулықты, жалғаулықсыз деп бөлген еді. С.Аманжоловқа дейін А.Байтұрсынов салалас құрмалас сөйлемдерді бес топқа топтастырған.\r\n\r\n Профессор С.Аманжоловтың 1939 жылы орталау және орта мектепке арналған «Қазақ тілі грамматикасының» синтаксис бөлімі жарық көрді. Бұл оқулықта автор салалас сөйлемдердің жалғаулық арқылы да, жалғаулықсыз да жасалатынын айта келіп, оның жеті түрін саралап талдап көрсетеді. Салалас сөйлем түрлерін ажыратуда жалғаулықтардың ыңғайымен талдап отырған, мысалы: тіркесті салалас (да, де) жалғауымен келген сөйлемдер, қарсылықты салалас (бірақ, сонда да, т.б) жалғауларымен, үдетпелі салалас (әрі жалғаулығымен), талғаулы салалас (я, яки, жалғаулығымен), себепті салалас (себепті, сондықтан жалғаулықтарымен), кезектес салалас (біресе, кейде жалғаулықтармен), бейтарап салалас (құй, мейлі жалғаулықтарымен) келген сөйлемдер.\r\n\r\n С.Аманжолов салалас құрмаластың ерекшеліктерін былай көрсеткен: «Салаласқа енген сөйлемдер форма жағынан бөлек болғанымен, мағына жағынан бір-бірімен байланысып жатуы керек. Күрделі ұғымды беру үшін, екі сөйлем бірігіп барып, кеңірек бір ойды білдіреді. Салаласқа енген жай сөйлем бірыңғай мүшелермен форма жағынан ұқсас келеді, ал мағына жағынан айырмашылығы бар. Салалас құрмалас сөйлемдер біріне-бірі тіркесіп, мағына жағынан бағынады да, сыртқы формасы жағынан бағынбайды. Ондағы жай сөйлемдер бірімен-бірі тіркесіп, ойдың тұтастығына ие болады да, белгілі мағына бірлігін сақтайды». Салалас сөйлемде қиысушылық та бар дегенді айта отырып, былай ескертеді: «Бұл бастауыш пен баяндауыштың қиысушылығы, мұнда кейде мезгілдік жағынан қиысады, кейде қиыспайды,» — дей келіп, мысалдармен дәлелдеген. [1;187-бет]\r\n\r\n «Еді, екен деген етістіктер — әлсіз етістіктер: бұлар салалас сөйлем жасаудағы негізгі дәнекерлер,» — дей келіп, «Ол барып еді, таба алмады» деген мысал берген. Мұндағы «еді» — ге біткен сөйлемді мүлде бөліп тастауға болмайды, себебі бұл – тиянақсыздау етістік. Салаласқа енген сөйлемнің барлығы да негізінен тиянақты. Бірақ әрбір жай сөйлемнің тиянақтылығы әр түрлі дегенді айтады.\r\n\r\n Профессор Қ.Жұбанов салалас сөйлемдердің компоненттерінің бір-бірімен құрмаласуының он түрлі жолын көрсетсе, профессор С.Аманжолов өз еңбегінде салалас құрмалас сөйлемнің он тоғыз түрлі мағыналық жағынан айыруға болатындығын көрсетеді.\r\n\r\n Ғалымның пікірлерін қорыта келгенде, салалас сөйлемнің жетеуі шылаулы (жалғаулық), он екісі шылаусыз байланысқан сөйлемдердің қарым-қатынас арқылы жасалатынын білуге болады:\r\n\r\n 1) Екі я бірнеше жай сөйлемдердің бірі объектіге я субъектіге байланысты өзді-өзінің мағыналары жақын екенін көрсетеді. Мысалы: Биылғы егін жақсы шықты, біз ерте жиып алдық. Бұл жердегі екі сөйлемнің мағынасы ешбір дәнекерсіз-ақ бір-бірімен тығыз байланысты. Оның әрқайсысы жеке тиянақты сөйлем болып тұр. Логика жағынан да, форма жағынан да мұның әрқайсысы жеке сөйлем бола алады да, бірақ мағына жағынан бір-бірімен өте тығыз байланысты болғандықтан, бөліп тастауға болмайды.\r\n\r\n 2) Бастауыштың бірнеше ортақтығын көрсетеді. Мысалы: Біз мектепке барып едік, тәрбие сабағын өткізіп қайттық. Мұндағы біз деген бастауыш екі сөйлемге ортақ.\r\n\r\n 3) Біреуіндегі я бірнешеуіндегі да, де, та, те жалғауларын қайталап көрсетеді. Мысалы: Ол да барды, біз де бардық. Ол да музыкант болды, мен де болдым.\r\n\r\n 4) Пысықтауыш қызметіндегі біріне-бірі қарсы үстеулер көрсетеді. Мысалы: Бұрын Қазақстанда ауыл шаруашылығы басым еді, қазір өндіріс кәсібі басым болды. (бұрын, қазір)\r\n\r\n 5) Екі жағында бірдей анықтауыш я толықтауыш қызметіндегі есімдіктер көрсетеді. Мысалы: Ол кімнің есінде болсын, бәрінің есінен шығып кетіпті.\r\n\r\n 6) Баяндауыштарының бірыңғайлықтарын көрсетеді. Мысалы: Берік біз мектепті көріп едік, Құсымандар бізбен бірге болды. (Бұл сөйлемде шақ жағы ғана бірыңғай болып келген)\r\n\r\n 7) Басқы сөйлемнің бастауышының екінші сөйлемде есімдікпен қайталануын көрсетеді. Мысалы: Жаздым, өзім оқып шықтым. Қапаш жазып болды, енді өзі оқып шығады.\r\n\r\n 8) Біріндегі мүшенің мүшесінің екіншіге ауысып түсуі де мағыналық жақындықты көрсетеді. Мысалы: Соның біреуі – Ақжан деген ит, сол ит он екі баланы өрттен алып шығыпты.\r\n\r\n 9) Алдыңғысын артқы анықтау реті де көрсетеді. Мысалы: Оны айту – менің міндетім, қасқырды алдымен атқан Байбол.\r\n\r\n 10) Біріне-бірі теңелу ретінде айтылу жолы да көрсетіледі. Мысалы: Елімнің қуанышы бар, менің қуанышым бар (тең). Сен оқыған екенсің, мен оқыдым (қарсы). Біз биыл бірсыпыра жаңалықтар таптық – менің айтайын дегенім сол (сілтеу).\r\n\r\n 11) Соңғысы сілтей үлестескен түрде айтылып ортақтасуын да көрсетеді. Мысалы: Қарап отырмайық, біріміз шабайық, біріміз жинайық, біріміз оларды қораға таси берейік. (Мұндай сөйлемде леп белгісі қосылмайды.)\r\n\r\n 12) Ереуілдесу реті көрсетіледі (шылау арқылы). Мысалы: Жамбыл – көпті көрген адам әрі оның шығарудағы тәжірибесі мол.\r\n\r\n 13) Кезектестік мағыналы салалас беріледі. Мысалы: Егін күзетіне кейде Сақай барады, кейде мен бардым. (кейде, біресе, бірде шылаулары дәнекер болады).\r\n\r\n 14) Бейтарап жасау реті де көрсетіледі. Мысалы: Сағапты құй ал, құй алма, онда менің жұмысым жоқ.\r\n\r\n 15) Себептілік жолы да көрсетіледі. Мысалы: Біз мәжіліске ерте келдік, өйткені (себебі) жұрт жиылып қалған шығар деп ойладық.\r\n\r\n 16) Қарсылық мәнді жалғаулықтары бар салаластар сөйлем мен сөйлем арасында қарсылық жалғаулығы қойылу арқылы жасалады. (бірақ, сонда да, ал, дегенмен,алайда). Мысалы: Таң жақындап қалды, бірақ түн әлі қараңғы.\r\n\r\n 17) Талғау мәнді шылаулардың қайталануы көрсетіледі. Мысалы: Жаңбыр не таңертең жауады, не бүгін жауады, не бүгін түнде жауады.\r\n\r\n 18) Ыңғайластық шылауларды көрсетеді. Мысалы: Қар да жауды. Мұз да қатты.\r\n\r\n 19) Көмекші етістік арқылы тиянақталған шартты райлы етістік дәнекерлігі көрінеді. Мысалы: Қар кетсе болды, колхозшылар егіске шығады. [1;188-бет]\r\n\r\n Ғалымның пікірлерін қорыта келгенде, мынаны айтуға болады: салалас сөйлемнің жетеуі шылаулы (жалғаулық), он екісі шылаусыз байланысқан сөйлемдердің қарым-қатынасы арқылы жасалатынын айқын айтады.\r\n\r\n С.Аманжолов сабақтас құрмалас сөйлем жасаудың алты түрлі жолын көрсеткен: көсемшелер арқылы, есімшелер арқылы, шылаулар қосу арқылы, етістіктің шартты райы арқылы, есімдік арқылы, жай етістікке шылау қосу арқылы жасалады деп көрсеткен.\r\n\r\n «Есімше, тұйық етістік арқылы жасалатын сөйлем түрлері анықталған:\r\n\r\n а) Есімшеге жалғанып, сабақтас жасайтын жалғаулар – жатыс, шығыс, көмектес септіктері. Мысалы: Біз келгенде, олар кетті. Біз келгеннен, олар кетті. Біз келгенмен, олар кетті.\r\n\r\n ә) Есімшеге, я тұйық етістікке жалғанған жалғау үстіне қосылатын жалғаулар мыналар: гөрі, бұрын, бері, басқа, кейін, соң (бұлар шығыс жалғаудан кейін келеді), қарай, лайық, таман, бола, дейін, шейін (бұлар барыс жалғауды керек қылады), бірге де (бұлар көмектес жалғауды керек қылады), орнына, алдына (ілікті керек қылады). Мысалы: Әшім баяндама жасағаннан гөрі, Хасен жасағаны тәуір. Әшім баяндама жасамастан бұрын, дайындалып алды. Әшім баяндама жасағаннан бері, өндіріс ісі оңалды. Әшім баяндама жасағаннан басқа, біраз игілікті іске де қолы тиді. Әшім баяндама жасағаннан кейін, жұрт жақсы түсінді.\r\n\r\n Әшім баяндама жасағаннан соң, сақай шығып сөйледі. Әшім баяндама жасауына қарай, жұрт көп жиналды. Әшім баяндамасы басталуына таман, біз де келіп қалармыз. Әшім баяндама жасаумен бірге, өзі ән-күйді басқарады. Әшім баяндама жасағанмен де, жұрт жалыққан жоқ. Әшім баяндама жасаудың алдында, бізге тезисті көрсетті. Әшім баяндама жасаудың орнына, әңгіме айтып кетті.\r\n\r\n Жалғаусыз есімше я тұйық етістік шылаудың я жұрнақтың жәрдемімен сабақтас сөйлем жасайды. Мұндағы шылаулар: сайын, бойынша, кезде, мезгілде, түгел, шақта, күнде, уақытта. Мысалы: Әшім баяндама жасаған сайын, жұрт көп келеді.\r\n\r\n Әшім баяндама жасаған шақта (кезде, уақытта, күнде, мезгілде), біз жақсы тыңдадық. Әшім баяндама жасамақ түгел, жақсылап конспект жасай алмайды»- деп берген [1;189-бет]. Автордың жоғарыда көрсеткен есімше жалғануы арқылы құрмалас сабақтас сөйлем жасайтын бір бөлек, жалғаулы есімшенің үстіне шылау қосылып сабақтас сөйлем жасайтынын бір бөлек, жалғаусыз есімше шылаудың я жұрнақтың жәрдемімен сабақтас жасайтынын бір бөле көрсете отырып, мынадай қорытынды жасау керек: қазақ тілінің байлығы – сабақтас сөйлемнің осы формасында, бұлар басқа түркі тілдерінде де бар. Бірақ түркі тілдерінде бұл формалар жете тексерілмеген [1;191-бет].\r\n\r\n «Шылауға айналған үстеу сөздер арқылы болатын сабақтастың түрлері есімшеге, тұйық етістікке тіркесіп жүреді. Мысалы: Келген соң дегендегі соң – шылау. Соң келеді.(мұнда соң-үстеу)», деп сабақтас сөйлем жасайтын тұлғаларды айта келіп, автор қазақ тілінде сабақтас құрмалас сөйлемнің он үш түрлі бағынқы түрі бар деп көрсетеді: шартты бағыныңқы сабақтас, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас, себеп-салдар бағыныңқылы сабақтас, мезгіл бағыныңқылы сабақтас, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас, мақсат бағыныңқылы сабақтас, ұқсату бағыныңқылы сабақтас, үлектес бағыныңқылы сабақтас, аяулы бағыныңқылы сабақтас, қыстырмалы бағыныңқылы сабақтас, сілтеу бағыныңқылы сабақтас, ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас, үдетпелі бағыныңқылы сабақтас.\r\n\r\n Бұл еңбекке автор сабақтас құрмаластың алдыңғы сегіз түріне қоса аяулы, қыстырмалы, сілтеулі, үстемелі, ыңғайлас сабақтас деп қосқан.[2;49-бет]\r\n\r\n Ғалымның айтуынша, септік жалғауының ілік, барыс, табыс түрлері толық мағынада сабақтас сөйлем жасай алмайды. Өйткені, олар құбылмалы, яғыни, ілік, барыс, табыс, шығыс жалғаулы есімшетерге тәуелдік жалғауы жалғанады. Мысалы: Ол айтқанның мен айтқаннан бөлек жоқ – Оның айтқанының менің айтқанымнан бөлегі жоқ. Ғалымның пікірінше, есімшеге жалғанып, сабақтас сөйлем жасайтын жалғаулар: жатыс, шығыс, көмектес. Мысалы: Біз келгенде олар кетті. Біз келгеннен, олар кете бастады. Біз келгенмен, оларды көрмедік.\r\n\r\n Есімдіктер арқылы жасалатын сабақтас құрмалас сөйлемдер, С.Аманжоловтың зерттеуінше, біріншісі – 3-жақ жіктеу есімдігі, екіншісі-сілтеу есімдігі қатар келуі арқылы жасалады.(Бұл талаптың өз алдына тамаша жері сол, ол адамдарды бірлікке шақырды).Сонымен қатар автор сабақтас құрмалас сөйлем жасауда кейбір егеспелі сөздердің рөлі де бар дейді. Егеспелі сөздің көбі есімдіктен жасалады: неғұрлым-соғұрлым, қанша-сонша, кім-сол, нені-соны, қалай-солай, т.б. «Алайда бұлардың рөлі етістіктерден күшті емес, тек белгілі дәрежеде екі сөйлемнің бірін-бірі тәуелді етудегі ролі зор. Егеспелі сөздер шартты райлы сөйлемдерде көп кездеседі. Мысалы: Неғұрлым еңбек өнімді болса, соғұрлым тұрмыс жақсарады»,- деп көрсетеді.[1;199-бет]\r\n\r\n Кейбір түркі тілдерінде, мысалы, әзірбайжан, өзбек тілдерінде жалғаулықты байланыс ерте кезден-ақ, ал қыпшақ, ноғай, қарақалпақ, т.б тілдерінде кешеуілдеп дамыған. Бұдан соңғы тілдерде бұрынғы сөйлем болмаған деп тұжырымдауға болмайды. Бұл тілдердегі бағыныңкы қатынасты есімше, көсемше, шылаулар, көмекші есімдер жасаған.\r\n\r\n Тіл білімі салаларының ішіндегі синтаксис бөлімі қай уақытта болмасын ғалымдар назарынан тыс қалып көрген жоқ. Ол — өте күрделі сала, сондықтан әлі де зерттеуді қажетететін мәселелері жеткілікті. Кезінде профессор С.Аманжолов қазақ тілінің граматикалық құрлысында құрмалас сөйлем түрі барын ескертіп: «Аралас құрмаластың жалпы түрлерін ажыратып, өз ішінде толып жатқан бөлімдерге, жіктерге бөліп, жасау формаларын тексерген еңбек жоқ»,- деп көрсеткен [3;141-бет]. С.Аманжоловтың осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар алдына қойған аралас құрмалас сөйлемдер жайлы мәселенің қазіргі күні де еш өзгермегеніне оны зерттеу барысында көз жеткізуге болады.\r\n\r\n Түркі халықтарының кітаби жазуында газет-журналдардың рөлі 17-19- ғасырлар аралығынан байқалады. Олардың жалпы түркілік сөздік құрамды байытып, қала берді, сөйлемдік конструкциялардың толып жетілуіне себепті болғаны шындық. Бұл туралы С.Аманжолов: «Мұны ешкім де теріске шығара алмайды және теріске шығарудың өзі пайдасыз болар еді, өйткені бұл категориялар бүгін, тек совет дәуірінде ғана емес, біздің заманымыздан әлдеқайда бұрын қалыптасқан. Сол сияқты түркі тілдері де, соның ішінде қазақ тілі де өте әріде қалыптасты. Біздің поэтикалық жырларымызда, ауыз әдебиетінде сабақтас, салалас және аралас құрмалас сөйлемдер кездеседі,» — дейді.[1;17-бет].\r\n\r\n С.Аманжолов 1941 жылғы «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері» атты мақаласында құрмалас сөйлем мәселесін үшке жіктеп көрсетеді. Бұл мақаладағы ойын ғалым кейінгі монографиялық еңбектерінде де жандандыра түсті. Бұл еңбек жөнінде С.Аманжоловтың мынадай пікіріне біз де қосыламыз. Ғалым: « . . . автордың мезгілдес жалғаулықсыз салаласқа берген мысалдары – ның кейбірі тіпті салаласқада, сабақтасқа да жатпай, аралас құрмалас болатынын айтпай кетпей болмайды,» — деп анықтайды.[1;184-бет].\r\n\r\n Одан бергі уақыттарда аралас құрмалас сөйлем мәселесі тек қазақ тілінде ғана емес, С.Аманжолов көрсеткендей, басқа түркі тілдерінде де зерттеу обектісіне айналады. Демек, профессор С.Аманжоловтың : «Ол елдерде де бұл сөйлемнің формасы жоқ деуге болмайды, бізде болған формалар туыстас, тілдері жақын елдердің бәрін де болуы керек, оған ешбір шүбәлануға болмайды» деген ой – тұжырымы шындыққа ұласты деуге толық мүмкіндігіміз бар.[1;229-бет].\r\n\r\n Ғалым аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілі салалас, сабақтас түрлерінің ешқайсысымен сәйкес келмей – тінін атап көрсетеді. «Бір жағында салалас, бір жағында сабақтастық элементі араласып жатқан сөйлем құрылысын аралас құрмалас сөйлем деп атаймыз, — дей отырып, — Бұл айтқанымыз осы сөйлемнің ең керек типі саналады. Бұл неше түрлі ауысып та келе береді. Алдыңғы сөйлемде сабақтас сөйлем болып, артқы жағы салалас болып кетуі де мүмкін,» — дейді. Яғни, бұдан шығатын қорытынды: аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер әрі салалас, әрі сабақтас немесе керісінше байланысады. С.Аманжолов мынадай анықтама береді: «Мағынасы жағынан тұтас, бағынуы жағынан аралас (бірі басыңқы, бағыныңқы, бірі өз алдына тиянақты болып) келген сөйлемдер шумағын аралас құрмалас сөйлем дейміз».[1;287-бет].\r\n\r\n Ғалымның аралас құрмалас сөйлемге байланысты пікірлері әр жыл сайын дамытылып отырды. Оның «Ғылыми курсындағы»: «Бұл құрмаластың ішінде басыңқыдан басқа да өз алдына тиянақты баяндауышы бар жай сөйлемдер де… бола береді» дегеннің өзі аралас құрмалас компоненттерінің орын тәртібіндегі екінші бір үлгіні де байқатады. Яғни, басыңқы сөйлемнің өзі тиянақсыз-тиянақты тұлғадан құрмаласса, оған «тиянақты тұлғалы жай сөйлемдер» салаласа байланысса, тиянақсыз- тиянақты – тиянақты аралас құрмалас сөйлем түзіледі. Мысалы: Еламан күн мінезін жақтырмай, жүрегі шаншып тұр еді, қасына бір топ балықшы келді. (Ә.Нұрпейісов). С.Аманжоловтың «Кейбір араластың аяғында екі тиянақты сөйлем қатар келуі мүмкін», — деп меңзегені де осындай құрылымды сөйлемдер екендігінде дау жоқ.[1;297-бет].\r\n\r\n Ғалым бұл сөйлемдерді алғаш қолданысқа енгізуімен-ақ, «Аралас сөйлемдер бірінші төл сөз арқылы араласып барып жасалады» деген-ді. Біздің ойымызша да, аралас құрмалас сөйлемді төл сөзді және төл сөзсіз түрленген — нен гөрі, оның құрамындағы төл сөзді сөйлемнің рөлін танығанымыз әлдеқайда дұрыс болар еді.\r\n\r\n Қазіргі кездегі ғылыми еңбектерде құрамында төл сөзді сөйлемдері бар аралас құрмалас сөйлемдер жөнінде де айтылып жүр. С.Аманжоловтың пайымдауында, мұндай айтылымдар «… бір сөзбен де екі сөзбен де айтылуы мүмкін, сол сияқты бір сөйлеммен де, көп сөйлеммен де айтылуы мүмкін.[1;230-бет].\r\n\r\n Сонымен, қорыта келгенде, ғалым құрмалас сөйлемнің үшінші түрі аралас құрмалас сөйлем жөнінде де ой толғаған. С.Аманжоловтың айтуынша: «Мағынасы жағынан тұтас, бағынуы жағынан аралас (бірі басыңқы, бірі бағыныңқы, бірі өз алдына тиянақты болып келген сөйлемдер шумағын аралас құрмалас сөйлем дейміз. Қазақ тіліндегі салалас, сабақтастан құрылысы басқа, алатын орындары да басқа, жайы келсе, тұлғалық жағы да басқа құрмалас сөйлемдер бар. Ол аралас құрмалас сөйлем» дегенді ғалым сонау 1930 жылдардың ортасында байқап, лекцияларда «ерекше» жіктеп көрсетеді. Оның айтуынша, салалас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасы екі түрлі жолмен: шылаулар арқылы және шылаусыз байланысады.[1;213-бет].\r\n\r\n Сонымен қатар профессор С.Аманжолов төл сөзден жасалған аралас құрмалас сөйлемдердегі «деп, деді, деген, еді» көмекшілерінің ерекшеліктерін де жан-жақты аша білді. Ғалымның айтуынша, мұндағы көмекшілердің атқарар рөлі зор. Ол алдыңғы сөйлемді бірге тиянақсыз, бірде тиянақты етіп тұрса, енді бірде алдыңғы сөйлемдер «соңғы деп еді етістіктердің орауына түсіп, бір-ақ сөйлем есебінде» айтылады.\r\n\r\n С.Аманжоловтың еңбегінде құрмалас сөйлемнің төртінші түрі сөз бола – ды, тиянақты басыңқысыз сабақтар жөнінде ғалым былай деген: «Қазақ тілінің тағы бір ерекше қасиетінің бірі – онда кәдімгі бағыңыңқы-бағыныңқылы түрден де, аралас құрмаластан да басқа, сабақтастық тиянақты басыңқысыз түрінің де болуы. Бұлардың формасына қарасақ, бәрі басыңқылы, ал жеке мағынасына қарасақ, әрбір суреттің үзігі сияқты әрбір ерекше тиянағы бар. Бұл өлең жолдарында (Абайда) көп болғандықтан, ерекше айтуды керек деп таптық». Мысалы:\r\n\r\n «Жаздыгүні шілде болғанда,\r\n\r\n Көкорай шалғын бәйшешек,\r\n\r\n Ұзарып өсіп толғанда,\r\n\r\n Күркіреп жатқан өзенге,\r\n\r\n Көшіп ауыл қонғанда» деген мысалдармен дәлелдей келіп, С.Аманжолов мынаны ескерткен: «бұл сияқты тиянағы жалпы мағынасымен ғана ұғынылатын, бірақ басыңқы сөйлемі жоқ, ылғи көсемше, есімше шартты райлы есімшеге біткен сөйлемдер көп деп, бұлардың тиянағы өлеңнің ырғағымен, интонациясымен қамтамасыз етілетіндігін ескертіп, мынадай ерекшелігін атап өткендігін айта кетуді жөн көрдік. Кейбіреулер осыларға қарап көсемшелі, шартты райлы, есімшелі бағынқылардың бәрін сабақтас сөйлемнің элементі емес, салаластікі деуі мүмкін. Ол дұрыстыққа жатпайды. Тіпті мағынасы жағынан өз алдына жеке болғанымен, есімше, көсемше, шартты райлы етістікке біткендер салаластың саласы болмайды. Өйткені олар бір уақытта айтылмайды, тек басқа сөйлемнің сүйемелінде, қатысында айтылады»,- деп ескерткен. Бұндай сөйлем түрін жеке алып қарастырған жөн.\r\n\r\n Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлем синтаксисіндегі даулы мәселелердің бірі үйірлі мүшенің табиғатымен тығыз байланысты екенін ерекше аңғарып, алғашқылардың бірі ретінде оларды жай сөйлем қатарында таниды және мағыналық принципті алғаш рет басшылыққа алды. Құрмалас сөйлем синтаксисіне тән заңдылықтарды қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты тұрғысынан алғаш рет қарастырды.\r\n\r\n Ғалымның тағы бір құрмалас сөйлемге қосқан жаңалығы деп аяулы бағыныңқылы сабақтас, ыңғайлас бағыныңқылы сабақтас деген терминдерді жіктей келе, «сыйыстыру проблемасы» деген терминді алғаш енгізгендігін байқаймыз.\r\n\r\n Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер табиғатын танытудағы, оның негізгі белгілерін көрсетудегі, сөздердің синтаксистік қатынасқа түсуі, сабақтастарды, араластарды ажыратудағы пікірлерінің құндылығымен ерекшеленеді.\r\n\r\n С.Аманжолов еңбектеріндегі құрмалас сөйлем мәселесіндегі ғылыми табыстары да ұшан-теңіз. Ғалым құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтауда ғылымға мынандай жаңалықтар қосты: ол сөйлемнің аралас құрмалас түрін ғылымға енгізді және сөйлемнің бұл түрі С.Аманжоловтан бұрын ғылымда танылмады. Құрмалас сөйлемнің төртінші түрі тиянақты бағыныңқысыз сабақ – тастар термині: бұл – поэзиялық шумақтармен келетін сөйлем түрі, оны қазіргі грамматикамызда тиянақты бағыныңқысыз демей, көп бағыныңқылы сабақтас түрінде қолданылып жүр.\r\n\r\n Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлем синтаксисіндегі даулы мәселелердің бірі үйірлі мүшенің табиғатымен тығыз байланысты екенін ерекше аңғарып, алғашқылардың бірі ретінде оларды жай сөйлем қатарында таныды және мағыналық принципті алғаш рет басшылыққа алды. Құрмалас сөйлем синтаксисіне тән заңдылықтарды қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі, төл табиғаты тұрғысынан қарастыруды көздеді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nП а й д а л а н ғ а н ә д е б и е т т е р \r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Аманжолов С.»Қазақ әдеби тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша
  2. \r\n

\r\n курсы». «Санат» баспасы. Алматы -1994ж.\r\n

    \r\n

  1. Аманжолов С. «Қазақ грамматикасы». Алматы -1934ж.
  2. \r\n

  3. Аманжолов С. «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы»
  4. \r\n

\r\n Қолжазба ретінде. Алматы -1940ж.\r\n

    \r\n

  1. Аманжолов С. «Қазақ тілі теориясының негіздері». «Ғылым»
  2. \r\n

\r\n баспасы. Алматы-2002ж.\r\n

    \r\n

  1. Аманжолов С. «Тіл және жазу». С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
  2. \r\n

\r\n баспасы. Скемен-2005ж.\r\n

    \r\n

  1. Аманжолов С, Әбілқаев А. «Қазақ тілі». 7-класс «Мектеп» баспасы.
  2. \r\n

\r\n Алматы -1985ж.\r\n

    \r\n

  1. АманжоловС, Әбілқаев А, Ұйықбаев И, «Қазақ тілінің грамматикасы»
  2. \r\n

\r\n Синтаксис бөлімі, ҚазмемОПБ. Алматы -1956ж.\r\n\r\n 8.Аманжолов С., Әбілкаев А.,Ұйықбаев И. «Қазақ тілінің грамматикасы» Синтаксис. 2-бөлім. 6-7-кластарға арналған. 20-басылым. «Мектеп» баспасы. Алматы -1966ж.\r\n

    \r\n

  1. Аманжолов С., Бегалиев Ғ. «Қазақ тілінің грамматикасы». Синтаксис бөлімі. «Мектеп» баспасы. Алматы -1948ж.
  2. \r\n

  3. Аманжолов С., Сауранбаев Н. «Қазақ тілінің грамматикасы» Синтаксис
  4. \r\n

\r\n2-бөлім. Орталау және орта мектепке арналған. Қазақ мемлекеттік баспасы. Алматы -1939ж.\r\n

    \r\n

  1. Байтұрсынов А. «Тіл тағылымы»., «Ана тілі» баспасы. Алматы -1992ж.
  2. \r\n

  3. Балақаев М., Қордабаев Т. «Қазіргі қазақ тілі». Синтаксис бөлімі. «Мектеп» баспасы. Алматы -1971ж.
  4. \r\n

  5. Жұбанов Қ. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер». Қазақ ССР-ның «Ғылым» баспасы. Алматы -1966ж.
  6. \r\n

  7. Сауранбаев Н. «Қазіргі қазақ тілі», «Құрмалас сөйлем синтаксисі» бөлімі Қазақ ССР. Ғылым Академиясының баспасы, Алматы -1954ж.
  8. \r\n

  9. Сауранбаев Н «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» Қазақ ССР Ғылым Академиясы баспасы, Алматы -1948ж.
  10. \r\n

  11. Сауранбаев Н «Основные способы связи составных частей в сложноподчиненном предложений». Академик Н.Сауранбаев еңбектері. 2-том. Алматы -2000ж.
  12. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Қоршаған ортаны қорғау. Республикамыздың орман қоры

0

Жоспар\r\n\r\n \r\n\r\nІ. Кіріспе\r\n\r\n                   Қоршаған ортаны қорғау\r\n\r\n \r\n\r\n         ІІ. Негізгі бөлім:\r\n\r\n                   2.1. Республикамыздың орман қоры\r\n\r\n                   2.2. Орманның азып-тозуы\r\n\r\n                   2.3. Қоршаған ортаның экологиялық тазалығы\r\n\r\n \r\n\r\n         ІІІ. Қорытынды\r\n\r\n                   Таза табиғат – халық байлығы\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n          Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.\r\n\r\nҚазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан — 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.\r\n\r\nКейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.\r\n\r\nӨрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.\r\n\r\n50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.\r\n\r\nҚазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.\r\n\r\nБарлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.\r\n\r\nҚазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.\r\n\r\nСоңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.\r\n\r\nБақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.\r\n\r\nОрманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.\r\n\r\nРеспублика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.\r\n\r\n1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.\r\n\r\nХалық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.\r\n\r\nБірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.\r\n\r\nҚазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.\r\n\r\nЕкінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.\r\n\r\nҮшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.\r\n\r\nАғаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.\r\n\r\nОрман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.\r\n\r\nСолтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу жобаланған.\r\n\r\nЕгістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.\r\n\r\nОңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.\r\n\r\nБарлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен  кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.\r\n\r\nКейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол — өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.\r\n\r\nОблысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.\r\n\r\nҚала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.\r\n\r\nОблыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.\r\n\r\nАуылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.\r\n\r\nСөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланылған әдебиеттер:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Әлімбеков. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері
  2. \r\n

  3. «Табиғаттағы тепе-теңдік ғажайыптары» деген кітап
  4. \r\n

  5. «Орталық Қазақстан» газеті. 22 қараша, 2003 ж.
  6. \r\n

\r\nҚ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық» атты мақаласы\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Рашид-ад-дин және «Жами-ат-тауарих»

0

Б. ӘБІЛДАҰЛЫ, облыс әкімінің, штаттан тыс кеңесшісі\r\n\r\nИ. ЖЕМЕНЕЙ, филология ғылымының кандидаты, ТарМУ ғылыми зерттеу орталығының жетекші маманы\r\n\r\nОблыс әкімі С. Ә. Үмбетовтің тапсырмасы бойынша Иран Ислам Республикасына барған сапарда Тараз тарихына байланысты алып қайтқан кітаптардың бірі — атақты парсы тарихшысы Рашид-ад-дин Фазлолла Хамаданидың «Жами-ат-Тауарих» атты үлкен шығармасының ксерокөшірмесі еді. Бұл кітапты Иранды жаулап алып билеген Шыңғыс хан ұрпақтарының бірі Сұлтан Махмұд Ғазан ханның дәрігері әрі уәзірі болған Қожа Рашид-ад-дин фазлолла Хамадани хан тапсырмасы бойынша 1364 жылы жазған. Қазақ халқының аңыздарында Қазан хан ретінде белгілі бұл билеуші өз ата-баблары — моңғолдармен қатар түріктердің тарихын өзінің сарайында жатқан қолжазбалар, құйма құлақ қарттардың әңгімелері негізінде жазуды өтінген екен. Үш томдық бұл шығармада қазақ халқының құрамындағы қаңлы, қоңырат, найман, жалайыр, тағы басқа тайпалар туралы едәуір сез болады. Бұл кітаптың түркі тайпалары жайлаған алқаптар туралы тарауларында Талас өңірі жайлы да бірнеше жерде жазылған. Шаш (Ташкент), Сайрам қалалары да түркі кенттері екендігі атап айтылады. Бұл     тарауларда     тарихи ақиқатар мен аңыздар астасып жатады. Сол кездегі казақ даласын автор Дешті- Қыпшақ яғни Қыпшақ даласы деп көрсетеді. Бұл кітапта түркілер деп аталған қазіргі қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, түрік, татар, әзірбайжан, башқұрт сияқты халықтардың ата-тектері бір екендігі баяндалады. Амал не, Қазақстан тарихына қатысты көптеген деректер мол жазылған осы «Жами-ат-Тауарих» туралы кешегі кеңес заманында жарық көрген «Қазақ совет энциклопедиясында», тіпті осыдан екі жыл бұрын шыққан «Түркістан» энциклопедиясында да бір ауыз сөз жазылмай қалған.\r\n\r\n  Рашид-ад-дин өзінің бұл шығармасында Орта Азияны, Ресейді жаулап алған Шыңғыс ханның, оның балалары мен немерелерінің кезінде моңғолша жазылған «Алтын дәптерді», араб тарихшысы Ибн-әл-Әсірдің «Шежіресін» Жүзжани 1260 жылы Үндістанда парсыша жазған «Насыр кестесін», Түркістан мен Монғолияны әбден аралаған, жетік білетін Жувейнидің 1260 жылы парсыша жазған «Жаһангушей» атты кітаптарын да пайдаланғаны байқалады.\r\n\r\n  «Жәми ат-Тауарих», қазақша айтқанда «Жаппы тарих» деп аталатын үш томдық бұл кітапта Адам атадан Ғазан ханға дейінгі оқиғалар, оның ішінде пайғамбарлар, халифалар, оғыз, қытай, үнді, израиль, европалықтар тарихы сөз болады. Алайда, осы үш томдық кітаптың екінші томының кейбір тараулары ғана сақталып, үшінші томы түгелдей жоғалып кеткен екен. Біздің жалпы түркі, оның ішінде Қазақстан тарихына қатысты материалдардың бәріне де шолу жасай алмайтындығымыз белгілі. Сондықтан да біз бұл кітаптан тек Тараз тарихына тікелей қатысты жерлерін ғана пайдаландық.\r\n\r\n  Кітап авторы Рашид-ад-дин Фәзлолла Хамаданидың туған жылын парсы ғалымдары 1239 немесе 1246, әйтпесе 1248/1249 жьлы деп көрсетеді. 1336 жылы Ғазан ханның немересі Сұлтан Олжайту ханды Рашид-ад-дин дәрігер ретінде у беріп өлтірді деген желеумен атақты тарихшының ұлын көз алдында басын шаптырып, өзінің денесін де бөлшектеп, басын Тәбрез қаласында іліп қояды. Өйткені, Рашид-ад-дин мусылман дінін қабылдаған евреи екен. Ол кезі тірісінде мешіт салғызған. Рашид-ад-диннің «Жами -ат Тауарих» атты кітабын халқымыздың төл тарихшысы жалайыр Қадырғали би өз шығармасында қысқарта пайдаланып, кейінгі тарауларын қазақ хандығының тарихына арнағандығы белгілі. Сол сияқты Дулат Мұхаммед Хайдар мырза да «Тарихи-и Рашиди» шығармасын жазғаңда осы Рашид-ад-диннің «Жами-ат Тауарих» кітабын   өнеге еткен.\r\n\r\n  Сонымен, Рашид-ад-диннің «Жами-ат Тауарих» атты кітабынан тек Тараз тарихына тікелей қатысты бір тарауынан үзінді:\r\n\r\nКүшліктің қарақытай гурханды паналауы және айтқан сылтауы. —\r\n\r\nКүшліктің қаза болуы әрі моғолдар қолынан найман патшалары билігінің күйреуі\r\n\r\nКүшлік (хан) Шыңғыс ханның қолынан кашып жүріп гурханды паналады. Ол (гурхан) ұлы патша болатын. Бүкіл Түркістан мен Мауароннаһр өлкесіне билік ететін қалың қолы болды, сән-салтанатпен туратын. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың аталары оған жыл сайын отыз мың алтын динар беріп тұруды өз мойынына алған еді және өз ұрпақтарына да аталмыш міндеттемеге берік болуды тапсырып, әрі бұл үшін ешқашан дау-дамайға бармауларын өсиет еткенді. Өйткені, ол мықты жаулардың яғни моғол, найман, тағы    басқа   беделді түрік тайпалары алдында тұра алатын өте берік бөгет екеннін ескерген еді. Гүрхан оны (Күшлікті) қатты құрметтеп, оған барынша жақсылық жасады. Біраз уақыт өткен соң тіпті оған өз қызын ұзатты.\r\n\r\n  Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шахтың істері оңға басып, Гүр, \r\n Ғәзне, Хорасан, Ирақ елдерін өзіне қаратып, Түркістанның бір \r\n бөлігін алған соң сән-салтанаты арта түсті. Содан кәпірлерге салық төлеуден бас тартып, гурханға келісілген төлемді \r\n тоқтатты. Жан-жақтан әскерлер жинақтап, Мауароннаһр өлкесін \r\n азат ету мақсатында Бұхараға жорық жасады. Содан \r\n аймақтардағы әмірлерге хат жолдап, оларға тарту бере \r\n бастады. Сөйтіп, Афрасиаб ұрпағынан саналатын Самарқанд \r\n патшасы сұлтан Осман көп уақыттан бері гурханға ренжіп \r\n жүргендіктен Сұлтан Мұхаммедтің шақыруын қабыл алып, онымен одақтасты.\r\n\r\n  Жасырын түрде Күшлікке де хабар жолдап, оны жолдан тайдырды. Күшлік те гурханның әлсіреген ахуалын байқап жүрген еді. Өйткені оның (гурханның) ұлы әмірлері шығыс аймақтарында бас көтеріп, әлемді жаулаушы патша Шыңғыс ханды қолдайтын. Ол да (Күшлік) гүрханның көптеген әмірлерімен сырлас болғандықтан әкесі Таян ханның әмірлері және олардың бұрынғы қызметкері шет жақтарда жүріп қарсы екенін еститін. Сондықтан әкесінен қалған әскерлерін жинауға дәмеленіп, бұрынғы салт бойынша таққа отырамын деген үмітпен әрекет жасады. Свйтіп өзі топтастырған әскерлерімен қатар гурханға қарсы өз әскерлерін біріктіріп, гүрхан мемлекетін алмақ болды…\r\n\r\n  Сондай Пасық ойларымен ақкөңіл гурханмен екі жүзділік ойынға кірісті. Сөйтіп оған (гүрханға) былай деді: «Біршама уақыттан бері өз ұлысымнан қол үзгенмін. Шыңғыс хан болса Кытай уалаятында шайқасып жатыр. Әрі менің тайпаларым һәм әскерлерім Еміл, Қиялық және Бесбалық маңында сергелдең босып жүр деп естідім. Олар менің атағымды естісе, әр жерден жинала    бастайды.    Содан сіздердің жауларыңызға шабуыл жасайды. Егер рұқсат етсеңіз, барып, олардың басын қосайын. Одан әрі түрлі шайқастар мен оқиғаларда гурханға көмекші болайын. Және өле өлгенше шынайы ықыласпен әртүрлі қызметке дайын болып, бұйрықтарын орындайын».\r\n\r\n  Аңқау гүрхан оның сөздеріне сеніп, айтқандарына рұқсат берді. Күшлік одан (гүрханнан) бөлініп, өз қалауынша кетті. Оның атағы Түркістанда паш болған соң әкесінің Шыңғыс хан әскерлерінің қылышынан аман қалған руластары мен әскерлері оның айналасына жинала бастады. Содан ол (Күшлік) жан-жаққа жорық жасап, олжаға кенеліп жүрді, қосыны көбейді. Сосын гүрханды шабуыл нысанасына іліндірді. Оның қалалары мен аймақтарына шапқыншылық жасап тұрды. Гүрхан қартайып қалжыраған адам еді. Сол себептен қажетті дайындық жасай алмады.\r\n\r\n  Күшлік Султан Мухаммедтың (Хорәзм шахтың) гурханға қарай бет алғанын естіп, одан әрі құтыра түсті. Екі жақ елшілер арқылы уәделесіп, Сұлтан гурханға батыс бағытпен бет алып, Күшлік шығыс жағынан барып ортаға алуды ұйғарысты. Ал, Сұлтан үстемдік көрсете білсе, гурхан мемлекетін Алмалық, Хотән және Қашқарға дейін иеленетін болды. Керісінше, Күшлік басым түссе, аталмыш мемлекетті Фәнакәт өзеніне дейін алатын болды.\r\n\r\n  Осы келісімге орай екі жақ іске кірісті. Күшлік алдымен аттанды. Гурхан әскерлері алыс жерде болды. Сондықтан ол (Күшлік) тездетіп Баласағұн мекенінде гурханның үстінен түсті. Ол (гурхан) жакын маңдағы әскерлерімен-ақ Күшлікке қарсы шығып, шайқаста Күшлік күйрей жеңіліп, кайтып кетті. Әскерін қайта жинақтай бастады. Сұлтан Мұхаммед Хорәзм шах та сұлтан Османмен бірге Самарқаннан гурханға қарай бет алды. Тараз уалаятына жеткенде гүрханның қолбасшысы Таиангу ауыр қолмен оларды қарсы алды. Екі жақ шайқасқа кірісті. Таиангу Сұлтан Мұхаммедтің қолына түсті, әскері күйреді.\r\n\r\n  Күшлік гурханның әлсірегенін естіп, барлық күшін жұмсай отыра оған қарай жүріп кетті. Оның (гурханның) әскері шашырап жүргенде оны басып қалды. Гурхан шарасы қалмағандықтан онымен ымыраға келмек болды. Күшлік бұған келіспеді. Өйткені, атасынан қалған жерін қайтаруды көздеп отырған (гурханға) құрмет көрсеткен болып айламен Түркістан мемлекетін толықтай өзіне қаратты. Патшалық тақты алды. Гурхан екі жылдан кейін құсадан дүние салды. Сөйтіп қара қытайлардың үш ғасыр бес жыл бойы жинаған қазыналары, бақ-дәулет пен билік түгелдей Кушліктің қолына өтті…» (460-464 беттерден)\r\n\r\n  Моңғолдардың Орта Азияға шабуыл жасауына найман Күшлік ханның әрекеттері, сондай-ақ Хорезм шахы Сұлтан Мұхаммедке бағынышты Отырар қаласының ханы қаңлы Қайыр ханның Шыңғыс хан елшілерін екі қайтара қырып салуы сылтау болғандығы тарихтан белгілі. Сол XII ғасыр аяқталып, XIII ғасыр басталған шақта әлемдік тарих сахнасына шыққан ұлы жаулаушы Шыңғыс хан, қараі^ытайлар гурханы Чулуку, наиман ханы Күшлік, хорезм шахы Сұлтан Мұхаммед және жалайыр қарахандардың соңғы билеушісі — атақты Айша бибі аруға ғашық болатын Арыстан Мұхаммед хан тағдырлары Таразда түйісті.\r\n\r\n  Қарақытайлар, жоғарыда Рашид-ад-дин өз шығармасында атап көрсеткеніндей, бүкіл дерлік түркілерді сонау Атырауға дейін билегені, Бұхара мен Самарқанға дейін ықпалы еткендігі белгілі. Сол заманда ең атақты қолбасшы саналған Хорезм шахы Сұлтан Мұхаммедтің ата-бабалары да, өзі де  қарақытайларға  алым-салық төлеп тұрғандығы да осы кітапта айтылған. Қарақытайлар қазіргі біз қытай халқы деп жүрген қытай \r\n емес, олар моңғол тәріздес, діні жөнінен буддашылар болып келген \r\n отқа табынушылар еді. Қарақытайларды Хорезм шах \r\n әскерлері, артынша моңғолдар қырып-жойғаннан кейін қалдықтары қазіргі қарақалпақ және қырғыз халықтарының құрамына қосылды. Қарақалпақтарда қарақытай аталатын тайпа қазір де бар. Ал, қырғыздар құрамындағы қарақытайлар Талас облысында тұрады. Бір естуімізше, әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов сол қырғыз-қытай тайпасынан. Қазақстанда Балқаштан ары бұрынғы Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысының жерінде Қытай атты теміржол стансасы бар. Жамбыл облысының малшылары осыдан он бес-жиырма жыл бұрын Сарыарқаға жаз жайлауға малды поезбен тасығанда сол Қытай стансасынан түсіретін.\r\n\r\n  «Жами-ат-Тауарих» атты кітаптың авторы Рашид-ад-дин сол \r\n қарақытайлар гурханы Чулукуға жаны аши жазып, оның қызын алса… да туған қайын атасына опасыздық жасап, соңында өзінің де ақыры тақыр болған найман ханы Күшлік туралы жағымсыз пікірін білдіреді. Қарақытайлар гурханына жаны аши жазады. «Бұл найман тайпаларының патшалары беделді де айбынды еді. Өте жақсы қосыны болған. Олардың салт-дәстүрі моғолдар сияқты еді. Қадым заманда олардың патшалары Күшлік хан не Бұйрық хан болған. Күшлік ханның аты Күшті және айбарлы патша» деген ұғым береді екен. Күшліктің тағы бір қасиеті: жындарға да патшалық ететін, содан жындарды  сауып,   сүт алады екен. Одан қатық, айран және қымыз жасап ішетін. Кейін қариялар бұл іс күнә деп ұйғарғандықтан ондай ісін тоқтатқан. Ал, Бұйрық деген есім «Әмір беруші» деген ұғымды білдіреді» деп жазады Рашид-ад-дин. (126-6).\r\n\r\n  Осы Күшлік хан әуелде өз ата-бабаларымыздың —наймандардың тәуелсіздігі үшін аянбай күрескенімен, мұсылман дінін қабылдаған түріктерге жаудай тигендігі, қырып-жойғандығы тағы мәлім. Өйткені, \r\n Күшлік әуёлі христиандық несториан дінін ұстанса, \r\n қарақытай гурханының қызына үйленгеннен кейін будда дінін \r\n қабылдаған. Міне, сол қарақытай қайын атасынан Тараз қаласын \r\n тартып алғаннан кейін наймандардың христиан дініндегі \r\n жауынгерлері Тараз қаласында мұсылмандардың будда дініне \r\n кешпегендерін шетінен қырғандығы басқа тарихи деректерден белгілі.\r\n\r\n  Біздің біріміз 1986 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы облыстық драма театрында «Айша бибі» атты тарихи трагедиямызды сахналатқанымызды көзіқарақты оқырмандар ұмыта қоймаған шығар. Міне, сол қасіретнамада осы қарақьггай гурханының екінші қызы Мәнидің трагедиясы да көрсетілген болатын. Өйткені, ол қарахандар әулетінің Самарқанды билеген соңғы сұлтаны Оспанды (Рашид-ад-дин кітабында — Осман) сүймесе де соған гурхан әкесінің әмірімен еріксіз ерге шыққандығы қойылымда қасіретті уақиға ретінде бейнеленгенді. Иранға барған сапарымызда алып қайтқан «Жами-ат-Тауарих» кітабы біздің осы драмамыздағы оқиғалар түгелдей дерлік тарихи шындыққа сай екенін керсетіп отыр. Оның үстіне Рашид-ад-диннің шығармасында Таразды әуелі қарақытайлар, одан соң наймандар, артынша хорезмдіктер, ең соңында Шыңғыс хан бастаған моңғолдар жаулап алған аласапыран, аумалы-төкпелі заманда 2800 жылға созылған қарахандар әулетінің билігі біржолата күйрегендігі де айтылады. Тараз қаласының іргесіндегі Айша бибі ғимаратына ескерткіш орнатқан қараханның есімі Мұхаммед екендігін қазақ сәулетшілерінің   көрнекті   өкілі марқұм Қ. Бәсенов бастаған топ зерттеулер кезінде анықтаған еді.\r\n\r\nАл, парсы-қытай деректері Тараз \r\n қаласының соңғы билеушісі осы Арыстан Мұхаммед хан \r\n қарақытайлардан, наймандардан, хорезмдіктерден бас сауғалап \r\n Қашқарға барғанда сонда — 1212, ал кейбір деректерге \r\n қарағанда 1210 жылы өлтірілгендігі айтылады. Мұның \r\n өзі жұрт аузында ғашықтардың пірі саналатын Айша бибі қазасы \r\n сол бір тар жол, тайғақ кешу заманда болғанын да көрсетеді. \r\n Сол қасіретті заманда өмір сүрген талай ата-бабаларымыздың, \r\n аналарымыздың Тараз қаласында тоғысып, түйілген түйіндей тағдыры қылышпен кескендей біржолата шешілген заманы туралы қазіргі және кейінгі ұрпақ ұлы тарихшы Рашид-ад-диннің «Жами-ат-Тауарих» кітабын байыптап оқыса, жақсы біле алады. Ал, бұл кітапты қазақшаға түгел аудару —  болашақтың ісі.\r\n\r\n  Жувейнидің 1260 жылы жазған «Жаһангушай» атты шығармасында да сол қиын-қыстау кезең кеңінен суреттеледі. Сол сияқты монғол деректеріне қарағанда, Хорезм шахтың (Сұлтан Мұхамедтің) әскерлегрі сан жағынан Шыңғыс ханның моңғолдарымен салыстырғанда асып түскендігі де белгілі. Өйткені, Мұхаммед шах бұрын өзінің ата-бабалары бағынышты болған Бағдат халифына қарсы күресте даусыз жеңіске жеткен соң мұсылмандар халифы Шыңғыс ханға одақтас болуды ұсынғандығы да тарихи деректерде жазылған. Өзін атақты Іскендір Зұлқарнайын сияқты жеңімпаз қолбасшы санаған   Сұлтан   Мұхаммед әсіресе өзінің әскери жағынан дарынды ұлы Жалаладдинді шет қақпайлауы салдарынан Шыңғыс ханның барлауға жіберген шағын әскерлерін жеңе алмай, талай рет шегінгендігі де бұл шахтың қолбасшылық дәрежесі қандай екендігін көрсетеді. Шыңғыс ханның 200 мыңға жететін әскерлері 1218 жылдан 1219 жылға қараған қыста Алтай тауынан асып, Балқаш арқылы Орта Азияға кектемде жеткендігі белгілі. Міне, осы әскерлердің  бір тобын Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы, екінші тобын Жебе ноян басқарып, Жетісудан Шу өлкесіне, одан әрі Талас алқабына жеткенді. Оның алдында қарақытайлардың, наймандардың, хорезмдіктердің талауын, тонауын көрген тараздықтар Шыңғыс хан армиясының жауынгерлерін Құдай тағаланың өзі жіберген құтқарушылардай көріп, құшақ жая қарсы алды. Өйткені, сұңғыла саясаткер Шыңғыс хан мұсылмандарды қудалап, өзіне жау көбейткен найман ханы Күшліктің қателіктерінен сабақ ала отырып, әркім өз қалауынша сенген құдайына табынуына болады деп жариялағанды. Міне, сондықтан да тараздықтар Шыңғыс хан әскеріне соғыспай өз еркімен берілгендіктен Тараз қаласы Баласағұн кенті сияқты «Гобалық» яғни «жақсы қала» атанды. Біздің ата-бабаларымыз тағдыр таразысы теңселіп тұрғанда моңғолдарды таңдап, ең соңында өздерінің хандары ретінде сол Шыңғыс хан ұрпақтарын төбесіне көтеріп, таққа отырғызды. Қазақ хандығы да ІІІу, Талас алқаптарында, дәлірек айтқанда Шу тарапындағы Қозыбасыда 1456 жылы керегесін жайып, шаңырағын кетергендігі Рашид-ад-диннен өнеге алған Дулат Мұхаммед Хайдар мырзаның атақты «Тарихи-и Рашиди» кітабында жазылған ғой.\r\n\r\n  Тараз қаласы қашанда тарих-ана толғатқанда қазақ халқыныц тағдырында темірқазықтаи жарқырап бағыт-бағдарды керсетіп келгендігі мәлім. Осы орайда Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тараз тарихы — тарихымыздың алтын діңгегі, темірқазығы» деген аталы сөзіне күмәнсіз дес қоясыз.  \r\n  \r\n  \r\n  \r\n  \r\n  \r\n  \r\n  \r\n