Темперамент жөнінде түсінік және оның түрлері

0

Темперамент жөнінде түсінік.\r\n\r\n \r\n\r\nТемперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден — әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс — әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс — әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.\r\n

    \r\n

  1. Темперамент туралы теориялар.
  2. \r\n

\r\nТемперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.Оның  тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» — қан, шырыш, өт, запыран — өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.\r\n\r\nОл біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole — өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі  жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.\r\n\r\nЕжелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:\r\n\r\n1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.\r\n\r\n2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.\r\n\r\n3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.\r\n\r\n4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.\r\n\r\nЖоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған- Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.\r\n

    \r\n

  1. Кіші оқушылар темпераменті.
  2. \r\n

\r\nЕгер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді.  Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.\r\n

    \r\n

  1. Оқушылар темпераментінің физиологиясы.
  2. \r\n

\r\nПавлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.\r\n\r\n \r\n\r\n1 Күшті қозуы тежелуінен басым\r\n\r\n2 Күшті қозуы мен тежелуі тең\r\n\r\n3 Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу\r\n\r\n \r\n\r\nМіне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің  күштілігі мен әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:\r\n\r\n \r\n\r\n1 Күшті, ұстамсыз\r\n\r\n2 Күшті,ұстамды\r\n\r\nПавлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.\r\n

    \r\n

  1. Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы.
  2. \r\n

\r\nСангвиник.\r\n\r\nБұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді  оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.\r\n\r\n3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында  есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.\r\n\r\n \r\n\r\nФлегматик.\r\n\r\nБұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.\r\n\r\nМысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да,  сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.\r\n\r\nХолерик.\r\n\r\nБұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.\r\n\r\nМысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық  ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен  энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде,  кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды.  Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.\r\n\r\n \r\n\r\nМеланхолик.\r\n\r\nБұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. \r\n\r\nМысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп  уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.\r\n

    \r\n

  1. Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу.
  2. \r\n

\r\nӘр мұғалім оқушының темпераментін білу керек.  \r\n\r\nХолерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет.\r\n\r\nМеланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек.\r\n\r\n Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.\r\n\r\nАл сангвиниктерде  тұрақтылықты  орнату қажет.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының ғылым және білім министірлігі\r\n\r\n                      Шығыс Қазақстан  гуманитарлық колледжі\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n                                                                                                                                                  \r\n\r\n \r\n\r\n 

18 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты. Табыс

0

18 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

\r\n

Табыс

\r\n

Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

\r\nТөмендегі Түсіндірмелер IAS 18 қатысты: \r\n

    \r\n

  • SIC‑27 «Жалдаудың заңдық нысанына негізделген операция мәнін бағалау»
  • \r\n

  • SIC‑31 «Табыс — жарнамалы18 IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
  • \r\n

\r\n

Табыс

\r\n

МАҚСАТЫ

\r\nҚаржы есептілігін дайындау және таныстыру принциптерінде акционерлердің салымдарымен қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңінің ішінде активтердің көбеюі немесе азаюы немесе міндеттемелердің азаюы нысанында табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады. Табысқа компанияның түсімі де, басқа түсімдер де кіреді. Компанияның табысы — олар қызметтің әдеттегі түрлерінен келіп түскен қаражаттың түсуі, олар әр түрлі аталады, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер. Осы стандарттың мақсаты белгілі бір операциялардың және жағдайлардың түрлерінен пайда болатын табыстардың есептеу тәртібін анықтауынан тұрады.\r\n\r\nТабысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Табыс компанияның сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады. Осы Стандарт бұл белгілерді қанағаттандыратын жағдайларды анықтайды және осылайша табыс танылады. Сонымен қоса, оның ішінде бұл белгілерді қолдану бойынша тәжірибелік нұсқаулар бар.\r\n\r\nҚолданылу САЛАсы\r\n

    \r\n

  1. Осы бухгалтерлік стандарт мынадай операциялар және жағдайлардан пайда болатын табысты есептеуде қолданылуы керек:
  2. \r\n

\r\n(а) тауарларды сатудан;\r\n\r\n(b) қызметтерді көрсетулерден; және\r\n\r\n(с) пайыз, лицензияланған төлемдер және дивидендтер әкелетін компания активтерін басқа жақтарымен пайдаланудан.\r\n

    \r\n

  1. Осы Стандарт 1982 ж. бекітілген 18-«Табысты тану» IAS Халықаралық стандартты алмастырады.
  2. \r\n

  3. Тауарларға компанияның сату үшін шығарған, немесе қайта сату үшін сатып алынған өнімі кіреді, оның ішінде, бөлшек саудамен айналысатын саудагер қайта сату үшін сатып алынған тауарлар немесе жер және басқа да мүлік.
  4. \r\n

  5. Қызмет көрсетуге белгілі бір мерзім ішінде шартта келісілген компанияның міндеттерді атқаруы. Қызметтер бір кезең ішінде немесе бірден көп кезеңдерде көрсетілуі мүмкін. Қызмет көрсетуге арналған кейбір шарттар құрылыс шарттарымен тікелей байланысты, мысалы, жоба жетекшілері және архитекторларға қызмет көрсетуге арналған шарттар. Бұл шарттардан келетін табыс осы Стандартта қаралмайды, бірақ 11-«Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандартпен белгіленген құрылыс шарттарының талаптарына сәйкес көрінеді.
  6. \r\n

  7. Компания активтерін басқа ұйымдардың пайдалануы табыстың мынадай нысандарда пайда болуына әкеліп соқтырады:
  8. \r\n

\r\n(а) пайыздар — ақша қаражатын немесе оның баламаларын немесе компанияға тиесілі соманы пайдаланғаны үшін төлемдер;\r\n\r\n(b) лицензияланған төлемдер — компанияның ұзақ мерзімді активтерін, мысалы, патенттерді, тауар белгілерін, авторлық құқықтарды және компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланғаны үшін төлемдер; және\r\n\r\n(с) дивидендтер — пайданы акционерлік капиталды иеленушілер арасында олардың белгілі бір сыныптың капиталына қатысуына қарай теңбе-тең бөлу.\r\n

    \r\n

  1. Осы Стандарт мыналардан алынатын табыстарға қатысты болмайды:
  2. \r\n

\r\n(а) жалдау шарттарынан (қараңыз: 17-«Жалдау» IAS);\r\n\r\n(b) үлестік қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкес есептелетін инвестициялаудан дивидендтер (қараңыз: 28-«Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестицияларды есепке алу» IAS);\r\n\r\n(с) 4-«Сақтандыру шарттары» IFRS қолдану саласындағы сақтандыру шарттарынан;\r\n\r\n(d) қаржы активтерінің әділ құнында және қаржы міндеттемелерінде немесе оларды өткізудегі өзгерістерден;\r\n\r\n(е) басқа қысқа мерзімді актив құнының өзгеруінен;\r\n\r\n(f) ауылшаруашылық бағытының биологиялық активтерінің әділ құнының алғашқы танылуынан және өзгеруінен (қараңыз: 41 IAS-«Ауыл шаруашылығы»);\r\n\r\n(g) ауылшаруашылық өнімінің алғашқы танылуынан (Қараңыз: 41 —«Ауыл шаруашылығы» IAS); және\r\n\r\n(h) пайдалы қазбаларды өндіруден.\r\n\r\nАнықтамалар\r\n

    \r\n

  1. Мынадай терминдер осы Стандартта көрсетілген мағынада пайдаланылады:
  2. \r\n

\r\nТабыс — компанияның әдеттегі қызметі барысында, осындай ағын акционерлердің жарналары есебінен болатыннан өзге капиталдың ұлғаюына әкеліп соқтырғанда туындайтын кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.\r\n\r\nӘділ құн — жақсы хабардар, осындай мәмілені жасауды қалаған және бір-бірінен тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасағанда активке ауыстыруға болатын немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.\r\n

    \r\n

  1. Табысқа тек компаниямен алынған және оның өз жеке шотына түсуі міндетті экономикалық түсімдердің жалпы түсімі. Үшінші тараптың пайдасына түскен сатылым салығы, тауарлар және қызметтерден алынатын салық және қосымша құн салығы сияқты сомалар компанияға түсетін экономикалық пайда болып табылмайды, және жеке капиталдың өсуіне әкелмейді. Сондықтан олар табыстан алынып тасталды. Агенттік қарым-қатынас кезінде тап осылай экономикалық пайданың жалпы ағыны компанияның өз капиталының ұлғаюына әкеліп соқтырмайтын принципал пайдасына жиналатын сомадан тұрады. Принципал пайдасына алынған сомалар табыс болып табылмайды. Табыс делдалдық сыйақы сомасы болып табылады.
  2. \r\n

\r\nТабысты бағалау\r\n

    \r\n

  1. Табыс алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құны бойынша бағалануы тиіс([1]).
  2. \r\n

  3. Операциядан пайда болатын табыс сомасы, әдетте, компания және сатып алушы немесе акцияны пайдаланушы арасындағы шартпен анықталады. Ол компаниямен ұсынылатын қандай да бір сауда жеңілдігінің сомасы немесе санға жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алынуға тиіс қарама-қарсы ұсыну әділ құн бойынша бағаланады.
  4. \r\n

  5. Көпшілік жағдайда қарама-қарсы ұсыну ақша қаражаты немесе оның баламалары нысанында ұсынылады, ал табыс сомасы — алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының немесе оның баламаларының сомасы. Алайда, ақша қаражаттарын немесе оның баламаларының табыстың кейінгіге қалдырған жағдайда қарама-қарсы ұсынудың әділ құны алынған немесе алынуы күтілетін ақша қаражаттарының номиналды сомасынан азырақ болуы мүмкін. Мысалы, компания сатып алушыға пайызсыз кредит ұсынуы мүмкін немесе тауарларды сату кезінде қарама-қарсы ұсыну ретінде одан нарықтағыдан төмен пайыз ставкасын алуға вексель қабылдай алады. Шарт шын мәнінде қаржы операциясы ретінде болғанда, қарама-қарсы ұсынудың әділ құны шартты пайыз ставкасының көмегімен барлық болашақ түсімдердің дисконттауымен анықталады. Пайыздың ендірілген ставкасы:
  6. \r\n

\r\n(а) ұқсас төлем қабілеттілік рейтингімен эмитенттің бірдей қаржы құралына арналған басым ставкадан; не\r\n\r\n(b) қаржы құралының номиналдық сомасына дисконт ретінде қолдану олардың қаржы құралдарымен төлем жасаған кезде тауарлар мен қызмет көрсетулердің ағымдағы сату бағасын алуға мүмкіндік беретін пайыздық ставкадан тұратын нақтырақ анықталатын шама.\r\n\r\nӘділ құн мен тиісті қарама-қарсы ұсынудың номиналдық сомасы арасындағы айырма 29 және 30-параграфтарға, сонымен қоса 39-«Қаржы құралдары — тану және бағалау» IAS Халықаралық стандартқа сәйкес пайыз кірісі ретінде қабылданады.\r\n

    \r\n

  1. Тауарлар немесе қызметтер сипаты және көлемі жағынан бірдей тауарлар немесе қызметтерге айырбасталған жағдайда, айырбас табыс пайда болатын операция ретінде қаралмайды. Бұл белгілі бір жерде уақытша негізде сұранысты қанағаттандыру үшін әр түрлі жерлерде жабдықтаушылар қорды ауыстырған кезде май немесе сүт өнімдерінде жиі болады. Ерекшеленетін тауарлар немесе қызметтер тауарлар сатылғанда немесе қызметтер көрсетілгенде айырбасталса, онда айырбас табысты жасайтын операция ретінде қаралады. Табыс ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына түзетілген алынған тауарлар немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді. Алынған тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны сенімді өлшене алмаған жағдайда, табысы ауыстырылған қаржы құралдары немесе оның баламасы сомасына берілген тауарлардың немесе қызметтердің әділ құны бойынша өлшенеді.
  2. \r\n

\r\nМәмілені БІРЕГЕЙЛЕНДІРУ\r\n\r\n13.Осы Стандартта ұсынылған тану критерийлері әдетте әр мәміледе бөлек қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайда оның мзмұнын көрсету үшін мәміленің бөлек бөлінген элементтеріне қолданылу керек. Мысалы, тауардың сату бағасы әрі қарайғы қызмет көрсетуі үшін белгілі бір сомаға ие болған жағдайда, бұл сома қызмет көрсетілу кезеңінің ішінде табыс ретінде тасымалданады және танылады. Және керісінше, тану критерийлері олардың байланысы коммерциялық тиімділігі жалпы мәміле топтамасына  сілтемесінсіз анықталуы мүмкін болған жағдайда екі немесе одан да көп мәмілелерге бірдей қолданыла алады. Мысалы, компания тауарды сатып, осы уақытта болашақта тауарларды сатып алуға бөлек мәміле жасай алады, осылай бірінші мәміленің нәтижесін төмендетеді; осындай жағдайда екі мәміле бірге қаралады.\r\n\r\nТауарларды сату\r\n

    \r\n

  1. Тауарларды сатудан түскен табыс мынадай аталған талаптар қанағаттандырылғаннан кейін танылуы тиіс:
  2. \r\n

\r\n(а) компания сатып алушыға тауарларды иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда;\r\n\r\n(b) компанияның әдетте иелену құқығымен байланысты қауымдасатын және сатылған тауарларды бақыламайтын дәрежеде басқаруға қатыспағанда;\r\n\r\n(с) табыс сомасы сенімді өлшенгенде;\r\n\r\n(d) компанияға мәмілемен байланысты экономкалық тиімділіктің пайда болуы ықтимал болып табылғанда; және\r\n\r\n(е) мәмілемен байланысты кеткен немесе күтілетін шығындар сенімді өлшенуі мүмкін болғанда.\r\n

    \r\n

  1. Компанияның сатып алушыға иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда беру кезін бағалауы мәміленің шарттарымен танысуын талап етеді. Көпшілік жағдайда иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударғанда меншіктенудің заң құқығын берумен немесе меншікті сатып алушыға берумен сәйкес келеді. Бұл көпшілік бөлшектеп сатуда болады. Иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды аударудың басқа жағдайларында бір уақытта меншіктенудің заң құқығын берумен немесе меншікті сатып алушыға берумен сәйкес келмейді.
  2. \r\n

  3. Егер компания иеленудің елеулі тәуекелдерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылмайды және ол бойынша табыс танылмайды. Компания бірқатар жағдайда иеленудің елеулі тәуекелін сақтай алады. Компанияның иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерді және сыйақыларды сақтап қалу жағдайларына мысалдар:
  4. \r\n

\r\n(а) стандартты кепілдеме міндеттерімен өтелмейтін қанағаттандырылмаған қызмет үшін жауапкершілікті сақтап қалғанда;\r\n\r\n(b) нақты сатудан алынған табыстар тауарларын сату нәтижесінде сатып алушымен алған табысыпен байланысты болғанда;\r\n\r\n(с) жіберілген тауарлардың қондырылуы міндетті болғанда, ал қондыру компаниямен орындалмаған шарттың айтарлықтай бөлігін алып отыр; және\r\n\r\n(d) сатып алушы сату шартында анықталған себептермен және компанияның пайда алуына сенімі болмаған жағдайда сату мәмілесін бұзуына құқығы бар.\r\n

    \r\n

  1. Егер компания иеленумен байланысты елеусіз тәуекелдерін сақтап қалса, мәміле сату болып табылады және ол бойынша табыс танылады. Мысалы, сатушы оған тиесілі соманың жинақталуын қамтамасыз ету үшін өзіне меншіктік заң құқығын қалдыруы мүмкін. Осындай жағдайда егер компания иеленумен байланысты елеулі тәуекелдерін және сыйақыларын аударса, мәміле сату болып табылады және табыс танылады. Иеленудің елеусіз тәуекелін сақтайтын компанияның тағы бір мысалы ретінде, клиенттің сатып алғанына қанағаттанбаған жағдайда, ақшаның қайтарылуына кепіл болатын бөлшек сауда дүкені бола алады. Егер сатушы болашақ қайтарымдарды сенімді бағалай алса және алдыңғы тәжірибе мен басқа да елеулі факторлар негізінде қайтару бойынша міндеттемені өзіне алса, мұндай жағдайларда табыс сату кезінде танылады.
  2. \r\n

  3. Компанияға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынның пайда болуы ықтимал болған жағдайда ғана табыс танылады. Кейбір жағдайларда қарама-қарсы ұсыныс алмағанға дейін немесе бар белгісіздік жойылмағанға дейін ол ықтимал бола алмайды. Мұндай белгісіздік, мысалы, осы шетел мемлекетінде жүзеге асырылған сату бойынша тиісті қарама-қарсы ұсыныстарды жіберуге шетел мемлекеттерінің органдары рұқсат беруіне қатысты болуы мүмкін. Рұқсат берілгеннен кейін белгісіздік жойылады және табыс тиісінше танылады. Алайда табысқа қосылып кеткен соманы инкассациялау туралы белгісіздік пайда болған кезде соңына дейін алынбаған сома, немесе алынуы ықтимал болған сома басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.
  4. \r\n

  5. Сол мәмілеге немесе басқа жағдайға қатысты табыс және шығыстар бір мезгілде танылады; бұл процесс әдетте табыс және шығыстың сәйкестігі деп аталады. Егер табыстың танылуы үшін керекті басқа талаптар орындалса, шығыстар, соның ішінде кепілдік міндеттемелері және тауарларды тиеп жөнелтуден кейін пайда болған басқа шығындар сенімді бағалануы мүмкін. Алайда шығындардың сенімді бағалабаған жағдайда табыс таныла алмайды, мұндай жағдайда тауарды сатқаннан кейін алынған кез келген қарама-қарсы ұсыну міндеттеме ретінде танылады.
  6. \r\n

\r\nҚызметТЕРДІ көрсету\r\n

    \r\n

  1. Қызмет көрсету болжанатын мәміленің нәтижесі сенімді бағалана алған жағдайда, осы мәмілемен байланысты табыс есеп беру күніне мәміленің аяқталу сатысына қатысты танылуы тиіс. Мынадай талаптар орындалса, мәміленің нәтижесі сенімді бағалануы мүмкін:
  2. \r\n

\r\n(а) табыс сомасы сенімді өлшенсе;\r\n\r\n(b) компанияға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынның пайда болуы ықтимал болып табылса;\r\n\r\n(с) есепті күнгі жағдайы бойынша мәміленің аяқталу сатысын сенімді өлшеу мүмкіндігі болса; және \r\n\r\n(d) мәмілені жүзеге асыру үшін кетірілген шығынды және оны аяқтау үшін қажетті шығынды сенімді өлшеу мүмкіндігі болса([2])([3]).\r\n

    \r\n

  1. Мәміленің аяқтау кезеңі бойынша табыс тану көбінесе «дайын болуына қарай» әдісі деп атайды. Осы әдіске сәйкес табыс қызмет көрсету кезінде танылады. Осы негіздегі табысты тану қызмет көрсету бойынша қызмет масштабы туралы және есеп кезеңі ішіндегі қызмет нәтижелері туралы маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. 11-«Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS-та табыстың тануын осы негізде қажет етеді. Аталған Стандарттың талаптары жалпы табысты және қызмет көрсетуді болжап отырған мәміле бойынша тиісті шығыстарды тану үшін қолдануға болады.
  2. \r\n

  3. Сәйкес келетін ағымның компанияға мәмілемен байланысты экономикалық пайданың шығуы ықтимал болған кезде ғана табыс танылады. Алайда, табысқа кірген соманың инкассациялануы жөнінде белгісіздік туған жағдайда, соңына дейін алынбаған сома немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сома, басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.
  4. \r\n

  5. Компания мәмілеге қатысқан басқа жақтармен мынадай:
  6. \r\n

\r\n(а) ұсынылуы және тараптардың алуы тиіс қызметке қатысты әрбір жақтың пікір айту құқығын;\r\n\r\n(b) болжанып отырған қарама-қарсы ұсынуды; және\r\n\r\n(с) өзара есеп айырысу тәртібін және талаптарын келістіргеннен кейін әдетте сенімді бағалауды жүзеге асыра алады.\r\n\r\nКомпанияда әдетт қаржылық жоспарлау мен есептіліктің тиімді ішкі жүйесі болуға тиіс. Мәміленің орындалуына қарай шарт бойынша табыс пен шығындарды бағалауды тексереді және қажеттілігіне қарай қайта қарайды. Мұндай қайта қараулардың қажеттілігі шарттың нәтижесі сенімді түрде бағалана алмайтынын білдірмейді.\r\n

    \r\n

  1. Мәміленің аяқталу сатысы әр түрлі тәсілдермен анықталуы мүмкін. Компания орындалған жұмыстың сенімді өлшенуін қамтамасыз ететінін пайдаланады. Шарттың сипатына байланысты бұл әдістер мынадай:
  2. \r\n

\r\n(а) орындалған жұмысты бақылауды;\r\n\r\n(b) қызметтердің жалпы көлеміне пайызбен есеп беру күніне ұсынылған қызметтер, не\r\n\r\n(с) есеп жасау күнгі келтірілген шарт бойынша шығынның мәміле бойынша жалпы шығынның бағалау шамасына  теңбе-тең арақатынасы. Есеп дайындау күнінде келтірілген шығындарға тек осы күні көрсетілген қызметті көрсететін шығындар жатады. Шарт бойынша бағалау жиынтық шығындарға тек көрсетілген немесе көрсетілуі тиісті қызметтерді көрсететін шығындар кіреді.\r\n\r\nТапсырыс берушілерден алынған аралық төлемдер және аванстар көрсетілген қызметтерді көрсетпейді.\r\n

    \r\n

  1. Тәжірибелік мақсат үшін, белгілі бір кезең аралығында қызметтер саны белгісіз мөлшерде көрсетілсе, егер қандай да болмасын басқа бір әдіс аяқталу сатысын жақсырақ көрсеткені туралы дәлелдеме болмаса, белгілі бір кезең ішінде табыс түзу сызықты әдіс негізінде танылады. Белгілі бір  әрекет басқаға қарағанда маңызды болып саналса, табысты тану осы әрекетті жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.
  2. \r\n

  3. Қызмет көрсетуді шамалайтын операция нәтижесі сенімді бағаланбаған кезде табыс тек өтелген шығыстардың тану шамасына ғана танылуы тиіс.
  4. \r\n

  5. Мәмілені орындаудың бастапқы кездерінде оның нәтижесін сенімді бағалау көп ретте қиын болады. Соған қарамастан мәмілені жүзеге асыру барысында жұмсалған шығындар компаниямен өтелу ықтималдығы болуы мүмкін. Сондықтан шарт бойынша жұмсалған шығындардың күтілетін орнын толтыру қаншалықты деңгейде болса, табыс соншалықты танылады. Мәміле нәтижесін сенімді бағалау мүмкін болмағандықтан, пайда танылмайды.
  6. \r\n

  7. Мәміле нәтижесі сенімді бағалана алмаса және жұмсалған шығындардың өтелуі ықтимал болған жағдайда, табыс танылмайды, ал жұмсалған шығындар шығыс ретінде танылады. Шарт нәтижесін сенімді бағалауға кедергі болған белгісіздік жойылған кезде табыс 26-параграфқа сәйкес емес, 20-параграфқа сәйкес танылады.
  8. \r\n

\r\nПайыздар, ЛицензиялЫҚ төлемдер және дивиденДтер\r\n

    \r\n

  1. Басқа ұйымдардың пайыздар, лицензиялық төлемдер және дивидендтер әкелетін компания активтерін пайдалануынан шығатын табыс 30-параграфта белгіленген мынадай жағдайларда пайда болады
  2. \r\n

\r\n(а) мәмілемен байланысты компанияға экономикалық тиімділіктің тиісті ағынының пайда болуы мүмкін болғанда; және \r\n\r\n(b) табыс сомасының  сенімді бағалану жағдайының  негізінде танылуы тиіс.\r\n

    \r\n

  1. Табыс мынадай негізде танылуы тиіс:
  2. \r\n

\r\n(а) пайыздық табыс 39 IAS Халықаралық стандартының 9 және AG5-AG8 параграфтарында белгіленгендей пайыздық тиімді ставкасы әдісі негізінде танылуға жатады;\r\n\r\n(b) лицензияланған төлемдер тиісті шарттың мазмұнына сәйкес есептеу әдісі бойынша танылуы тиіс; және\r\n\r\n(с) дивидендер акционерлердің төлемді алуына құқығы орнағанда ғана танылуы тиіс.\r\n

    \r\n

  1. [жойылған].
  2. \r\n

  3. Пайызы бар инвестицияны сатып алу алдында төленбеген пайыздар жинақталып қалса, бұдан әрі пайыздарды алу екі кезеңге бөлінеді: сатып алу кезінде және сатып алғаннан кейінгі; алғаннан кейінгілердің бір бөлігі ғана табыс ретінде танылады. Үлестік бағалы қағаздарға арналған дивидендтер таза сатып алу кірісінен жарияланса, онда бағалы қағаздардың бастапқы құнынан шегеріледі. Егер осындай бөлісуді тек арбитраждық тәсілден басқасымен жүзеге асыру қиын болса, дивидендтер, үлестік бағалы қағаздардың бастапқы құнының бөлігін ашықтан ашық өтеуді білдірмесе, табыс ретінде танылады.
  4. \r\n

  5. Егер шарт мазмұнын ескере отырып табысыты тану үшін басқа сәйкес келетін жүйелі ұтымды негіз болмаса ғана, лицензияланған төлемдер тиісті шарттардың талаптарына сәйкес жинақталады және әдетте осы негізде танылады.
  6. \r\n

  7. Компанияға экономикалық пайданың мәмілемен байланысты тиісті ағынның пайда болуы ықтимал болған жағдайда ғана табыс танылады. Алайда, табысықа кірген соманың инкассациялануы жөнінде белгісіздік туған жағдайда, соңына дейін алынбаған сома немесе өтелу мүмкіндігі жойылған сома, басынан танылған табыс сомасының түзетуі сияқты емес, шығыс ретінде танылады.
  8. \r\n

\r\nАқпаратты ашЫП КӨРСЕТУ\r\n

    \r\n

  1. Компаниялар мынадай ақпаратты ашып көрсетуі керек:
  2. \r\n

\r\n(а) табысты тану үшін қабылданған есеп саясатын, соның ішінде, қызметтерді көрсетумен байланысты операциялардың аяқталу сатысын анықтау үшін пайдаланылатын әдістерді;\r\n\r\n(b) кезең ішінде танылған табыстың әрбір маңызды санаты сомасын, соның ішінде, мыналардан:\r\n\r\n(і)     тауарларды сатудан;\r\n\r\n(іі)    қызмет көрсетуден;\r\n\r\n(ііі)   пайыздардан;\r\n\r\n(іv)   лицензиялық төлемдерден;\r\n\r\n(v)    дивидендтерден келетін табыстарды; және \r\n\r\n(с) табыстың әрбір маңызды санатына қосылған тауарларды немесе қызметтерді айырбастаудан келетін түсім сомасын.\r\n

    \r\n

  1. Компания кез келген шартты міндеттемелерді және активтерді 37-«Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес ашады. Шартты міндеттемелер және шартты активтер кепілдік жөндеуге жұмсалған шығындар, шағымдар, айыппұлдар және ықтимал ысырап сияқты баптарға байланысты шығуы мүмкін.
  2. \r\n

\r\nКүшіне ену күні\r\n

    \r\n

  1. Осы Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты қаржы есептілігіне қатысты 1995 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын кезеңде күшіне енеді.
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\n___________\r\n\r\n            Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.\r\n\r\n \r\n\r\n[1] Сонымен қоса SIC-31 Түсіндіруді қара: Түсім – жарнама қызметтері де кіретін бартерлік операциялар.\r\n\r\n2  Сонымен қоса SIC-27-Түсіндіруді қара: жалдаудың заң нысанына операцияның мәнін бағалау.\r\n\r\n3 Сонымен қоса SIC-31-Түсіндіруді қара: түсім – жарнама қызметтері де кіретін бартерлік операциялар.

Тарбағатай. Табиғаты мен климаты

0

                           Тарбағатай                                                              \r\n\r\nКлиматтың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді.\r\n\r\nАуданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, — 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі.\r\n\r\nОңтүстік Шығыстан Солтүстік батысқа дейінгі орталық бөлігі ашық сарғылтым топырақ қабатымен, тау беткейлері қоңыр топырақты жайылғымен ерекшеленеді.\r\n Аудан жерінің көпшілік бөлігі жазық. Зайсан қазан шұңқыры манындағы құмды, құмдақ және қалын, қабатты сұр топырақты жерлерде жусанды – соран өсімдіктер, ал Зайсан көлінің жағасына таяу шалғынды батпақты топырақта  тұрақты шалғындар мен жайылымдар бар.\r\n\r\nТарбағатай тауының етегінде қиыршық тасты боз қызыл-қоңыр топырақтарда тобылғы аралас әр түрлі шөп өседі. Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар.\r\n\r\nЗайсан қазан шұңқыры – Қазақстанның шығыс бөлігіндегі ойыс. Оңтүстік Алтай, Қалба және Сауыр – Тарбағатай жоталары аралығындағы тектоникалық ойыс.\r\n Ұзындығы – 225 км, ені 100 – 125 км. Зайсан қазан шұңқырының үштік дәуіріндегі көл тасқындарының аллювалдық шөгінділерінен түзілген. Қазан шұңқыр таудан ағатын өзендермен, сай – жырлармен тілімделген ойыстан шөл және шөлейт жерлері жайылымға пайдаланады.\r\n\r\nАуданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, ақ құлақ борсық, қос аяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар.\r\n Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай, қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасыл бақа, тас бақа және дала сұр жыланы, секіргіш кесіртке кездеседі.\r\n\r\nАуданның таулы өнірін қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, қосаяқ, суыр, қоңыр аю, арқар, сілеусін мекендейді.\r\n Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталып, Зайсан көліне қарай ағатын Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Терісайрық, Тайжүзген, Уласты, Қандысу Құсты өзендері бар. Бұлардың көпшілігі жер суғаруға пайдаланылады.\r\n\r\nЗайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста жатқан тущы көл.\r\n Ұзындығы 100 км-дей, ені 30км-дей, ауданы 1800 шаршы км, жағасы көп жерінде жайпақ.\r\n\r\nКөлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі кәсіптік балықтар. Көлде балықтардың бежіре, ақ балық, таймен, шортан, аққайран, сазан т.б балықтар ауланады. Кеме жүзеді. Көл жағасында бірнеше балықшылар ауылы орналасқан Туғыл кентінде балық аулайтын, аулаған балықты өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. \r\n Ауданның өсімдіктер әлемі түрлі-түстілігімен және сан алуандылығымен ерекшеленеді. Ауданның оңтүстік бөлігіндегі өсімдіктер аласа көгалды, өзен-бастау жағалаулары құрақты далалы        \r\n\r\nЖер қойнауынан қоңыр көмір, мәрмәр, никель, құрылыс материалдары бар екендігі анықталған.\r\n\r\nАудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыны «Тастау» 2991 м. Шығысында Алтай тауы мен,  батысында Сарыарқа мен ұласады. Арғанаты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шындары көп.\r\n\r\nОсыдан бастау алған Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Қарасу, Шорға, Тайжүзген, Қандысу, Құсты  Зайсан көліне құяды.\r\n Біздің ауданда  ойлаған көсемдер,  шешендер,  әділ билер,  жауға қол бастап шыққан  батырлар,  күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген. Ежелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі.\r\n\r\nБұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте көшпенділер мекендеген. Бұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді обалар.\r\n Қазақстан тарихи зерттеулерінде «Алтын — оба» аталып кеткен Шілікті аңғарындағы қорғандардан осы дәуірдің көне мәдениет ескерткіштері табылған. Археологиялық қазба кезінде 500-ден астам алтын бұйымдар шыққан. Бұлардың көпшілігі еліміздің ұлттық мұражайында  және әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы эрмитажда сақталуда.  Шыбынды елді-мекені маңындағы обадан табылған барыс мүсіні орнатылған қос шырағдан, Кіндікті өңірінен түркі қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндер табылған. Жермен елдің тұтастығын сақтап қалған ұрпаққа ұран, халқына мақтан болған Қаракерей Қабанбай, Би Боранбай, Дәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай өңірінің тумасы екендігін, ұлы ерлігіне лайық дарабоз,  батыр атануы ұрпақтар үшін зор мақтаныш.\r\n\r\nЕл қорғаудағы ұлы ерліктер Тарбағатай өңірінде өткені белгілі. Аудан жеріндегі Қалмаққырған, Долаңқара, Кергентас, Баспан, Майлышат, Құбас кезеңі, Шорға, Мауқыбай, Шаманна тағы басқа тарихи жерлер осы оқиғаға байланысты аталған.\r\n\r\nОсы өңірдегі 1826 жылы орыс патшалығына бодан болмаймыз деп алғаш рет анықтап, ашық қарсы шығып ақыры сол үшін құрбан болған Қожагелді батыр, Сатының ұраны болған Бұтабай, Маңырақ айқасында аты шыққан Байотар, ел бірлігін көксеген Сасан, Шәкі билер, Сатының биі қажы, бүкіл исі қазаққа әйгілі Тана мырза мен Кенжелі шешен, Найман елінен алғаш рет қажыға барған Шал қажы, Құрбан қажы, Әулие емші Ырғызбай, Оразбай дуана, қарадан шығып аға султан болған Қисық, сұлтандар Тарбағатай жерін мекендеген.\r\n\r\n1856—57 ж. П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзiнiң әйгiлi саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенiң орографиясына (таулы жер бедерi) жаңаша сипаттама берiп, тұңғыш рет биiк тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бiрi — Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегi Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерiн жан-жақты зерттеудiң ғыл. негiзiн жасағандығы болды.\r\n\r\n19 ғ-дың 50—60-жылдарында Жетiсу Алатауы мен Iле өңiрiн қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттедi. Жетiсу және Тянь-Шаньның табиғатына ғыл. сипаттама бердi. Балқаш к. мен Алакөлдiң пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдедi. Жетiсу Алатауы мен Солт. Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биiк таулық белдеулерге бөлдi. Сонымен бiрге осы зерттелген өңiрлердiң маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын iздеуге байланысты физ.-геогр. сипаттағы бiрқатар жаңа деректер алынды. Әсiресе, Орт. Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегiнiң геол. құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды. 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдiң Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдiсi аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, т. ж-дың салынуына және егiстiк жер қорының кеңеюiне көп көңiл бөлiне бастады. Жалпы геогр. зерттеулермен бiрге арнаулы геол., топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 1865—79 ж. аралығында А.Татаринов Оңт. Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмiр кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегiнен көмiр кенiнiң ашылуына байланысты мұнда одан әрi барлау жұмыстары жүргiзiлдi. Қазан төңкерiсiне дейiн Маңғыстау түбегiн зерттеу жұмыстарының ең көрнектiсi — Н.И. Андрусовтың «Мангышлак» («Маңғыстау») атты еңбегi. Мұнда автор түбектiң тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгiлi болған барлық деректердi тұжырымдады. 1865—79 ж. И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солт-н, Балқаштың оңт-н, Тарбағатайды зерттеп, Түркiстан аймағының алғашқы геол. картасын (1881) жасады. Онда бүкiл Оңт. Қазақстан өңiрi камтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физ. географиясы мен геологиясына арналған «Туркестан» («Түркiстан») еңбегiн жазды (1886—1906). Ол сонымен бiрге 1887 ж. Верныйдағы (қазiргi Алматы) зiлзаланың себебiн және зардаптарын зерттедi. 19 ғ-дың 90-жылдарында Сiбiр т. ж-н салуға байланысты Солт. Қазақстанда көрнектi геолог К.И. Богдановичтiң жалпы басшылығымен бiрнеше экспедициялық зерттеу жүргiзiлдi. Осының нәтижесiнде Солт. және Орт. Қазақстанның геол. құрылысының негiзгi сипаты анықталып, бiрнеше көмiр кен орындары (Екiбастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулерi нәтижесiнде Ембi мұнайлы өңiрiнiң стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерiмен байланыстылығы анықталды. Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бiрқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәлiметтер бердi. Геол., топырақ тану, ботан., т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедерi және оның ерекшелiктерiнiң жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргiздi. Мыс., Мушкетов өзiнiң геол. зерттеулерiнiң нәтижесiнде Тянь-Шаньның қазiргi жер бедерiнiң қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негiзгi белгiлерiн анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргiзген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңiрлер жер бетiнiң өзгеруiне эолдық факторлардың күштi әсер тигiзгенiн дәлелдедi. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның iрi масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңт-не жүргiзген геол. зерттеулерi кезiнде қосымша геоморфол. бақылаулар жүргiзiп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты геогр. сипаттама бердi. Санаулы ғана арнаулы геоморфол. зерттеу жұмыстарының iшiнде Л.С. Бергтiң еңбегi ерекше. Ол алғашқы болып Солт. Арал шөлдерiнiң жер бедерi пiшiндерiне геоморфол. сипаттама бердi.\r\n\r\n19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорол. бақылаулар жүргiзiлдi, бiрақ мұнда метеорол. ст-лардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы бiркелкi болмады.\r\n\r\n1898 — 99 ж. Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс Геогр. қоғамының Бат. Сiбiр бөлiмшесiнiң тапсырмасымен Солт. және Орт. Қазақстанның iрi көлдерiне зерттеу жүргiздi. 1899 — 1902 ж. аралығында Берг Арал т-нiң гидрологиясын зерттедi. Нәтижесiнде Арал т. туралы бұрынғы түсiнiктер түбiрiмен өзгертiлдi. Бұрын бүкiл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш к-не дейiн созылып жатқан бiртұтас Арал — Каспий алабы болды деген ұғым терiске шығарылды. Өз зерттеулерiнiң нәтижесiн Берг «Аральское море» («Арал теңiзi») монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерiнiң нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгiнгi күнге дейiн маңызын жойған жоқ. Осыдан кейiнгi жылдары Берг Балқаш к-н жан-жақты зерттедi.\r\n\r\n20 ғ-дың басында қазiргi Қазақстан жерiнде топырақтану зерттеулерi етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушiлер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық еттi. Қазақстанның өсiмдiгiн зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сiңiрдi. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Iле тауларын, Iле өз. алабын, Iле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бiрi болып Тұран шөлiн жiктеп, онда шөлдiң саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерiнiң бар екендiгiн анықтады. Геоботан. зерттеулердiң iшiнде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетiсу Алатауында, Алтайда ботан. және геогр. зерттеулер жүргiздi. Ол бұл тау жүйелерiндегi өсiмдiктердiң таралуының бiрқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Бат. Қазақстанда жүргiзген геоботан. зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, шөл және дала белдемiнiң ауыспалы сипатта екендiгi туралы пiкiр айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттедi. Ол өз еңбектерiнде, әсiресе, өсiмдiк ассоциациясының жер бедерiмен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.\r\n\r\n19 ғ-дың соңы — 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңiл бөлiне бастады. Iрi зоол. зерттеулердi Арал — Каспий экспедициялары жүргiздi. Жаратылыс зерттеушiлердiң Петербург қоғамы өлкенiң жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал т-дерiнiң фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиол. коллекциясын зерттеу нәтижелерiне сүйенiп, К.Ф. Кесслер жаңа геол. уақытта Каспий мен Арал т-дерi арасында болған байланыстылық туралы пiкiрге алғашқылардың бiрi болып өз күмәнiн айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдiң зерттеулерi геогр. тұрғыда жүргiзiлуiмен ерекшеленедi. Северцов «Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных» («Түркiстан жануарларының таулы және жазық өңiрде таралуы») деген күрделi еңбегiнде (1873) Орта Азияны геогр. аудандастырудың негiзiн қалады (Оңт. Қазақстанды қоса).\r\n\r\nҚазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушiлер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерiнiң тiкелей бақылаулары мен бұрынғы мәлiметтердi пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың геогр. таралуын жете түсiндiрдi. Сондай-ақ, олардың еңбектерiнде Қазақстанның жазық бөлiгiн аудандастыру мәселесi қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерiнде табиғат кешендерiнiң әр түрлi құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физ.-геогр. заңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелерi көтерiлдi. Қазақстан аумағының қазiргi физ.-геогр. бөлiнуiнiң негiзi Бергтiң «Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области» («Сiбiр мен Түркiстанды ландшафтық және морфол. аймақтарға бөлу тәжiрибесi») мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негiзiнде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфол. облыстарға бөлдi. Бергтiң аудандастыру туралы еңбегiнiң Қазақстан аумағы үшiн қазiрге дейiн ғыл. маңызы күштi.\r\n\r\nҚазақстан жерiнiң кеңестiк дәуiрде зерттелуi Қазақстанның өндiргiш күштерiн соц. негiзде дамыту мәселелерiмен тiкелей байланыстырылды. Өнеркәсiп пен а. ш-ның дамуы табиғи қорлардың зерттелуiмен ұштастырылды. Әрбiр iрi құрылысқа байланысты геогр. ортаның элементтерi — жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геол. барлау кеңiнен етек алды. Топырақ және өсiмдiк түрлерiн зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елдi мекендердiң пайда болуына және одан әрi дамуына байланысты Қазақстанның көпшiлiк бөлiгiнiң климаттық жағдайы зерттелдi, су қорларын iздеу жұмыстары кең көлемде жүргiзiлдi. Дегенмен, республика жерiнiң геогр. зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлi болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерiлу қарқынына, ғыл. Мекемелерд2iң жұмыс көлемiне байланысты болды.\r\n\r\nОсы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшiн Қазақстан аумағы геогр. жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсiресе, 20 ғ-дың 20-жылдарының ортасында елiмiзде халық ш-н қайта құру және соц. экономиканың негiзiн қалау кезеңiнде кең өрiс алды. Жеке облыс аумағын жүйелi және жан-жақты зерттейтiн ғыл. экспедициялар ұйымдастырыла бастады.2\r\n\r\nМинералдық шикiзаттардың кеңiнен iздестiрiле барлануына байланысты Қазақстан жерiн зерттеушi ин-ттардың, геол. партиялардың және трестердiң (Сiбiр к-тi, Орт. геол. ин-ттың Сiбiр бөлiмi, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геол. барлау трестерi, Ауыр өнеркәсiп халкомының Қазақ геология-гидрогеол. басқармасы, т.б.) саны көбейе түстi. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автон. республикаларды зерттеушi арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 ж. Қазақ гидрометеорол. басқармасы ұйымдастырылды. 1932 ж. КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндiргiш күштерiн зерттеуге арналған конференция өттi. Бұл жағдай республикада жүргiзiлген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ҒА-ның бөлiмшесiне айналды).\r\n\r\nГеол. зерттеулердiң басты мақсаты — елiмiздiң өнеркәсiбiне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орт. Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек еттi. Кен орындарының өнеркәсiптiк маңызын анықтай түсу үшiн Әулиеата уезiнде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солт.-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орт. Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геол. зерттеулер iске асырылды. Геоморфол. байқаулар Үстiртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргiзiлдi. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан «Материалы по гипсометрии Казахстана» («Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер») кiтабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берiлдi.\r\n\r\nОңт. Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркiстан метеорол. ин-ты елеулi үлес қосты. Түркiстан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрдi. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың «Климатический очерк Казахстана» («Қазақстанның климаттық очеркi») еңбегi] жасалды.\r\n\r\nҚазақстандағы алғашқы гидрол. кешендi зерттеу жұмысы ретiнде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдiң (1926) еңбектерiн атауға болады. Бұлар Оңт. Қазақстан өңiрiнiң су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуi жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлiгiне бiрнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтiң «Краткий гидрографический очерк Казахстана» («Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркi») және «Гидрометеорологический очерк Казахстана» («Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркi») еңбектерiн баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерiнiң төм. ағысындағы көлдер зерттелдi.\r\n\r\nКСРО Геогр. коғамының Верный және Түркiстан бөлiмдерi Кiшi және Үлкен Алматы өзендерiмен өтетiн лай тасқындардың себебiн анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңiрлерiнiң топырағын зерттеу кең өрiс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) бердi. Олардың жұмыстарында топырақ-өсiмдiк белдемдерiнiң сұлбасы жасалып жiктелдi. Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетiсу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстiрттiң, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттедi. Әсiресе, Герасимовтың еңбектерiнде (1928—30) бұл өңiрлердiң топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңiрдi физ.-геогр. аудандастыру жөнiнде құнды деректер берiлдi.\r\n\r\nГеоботан. зерттеулердiң де өзiндiк қолданбалық мақсаты белгiлендi. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жердi анықтау әрi оларға сипаттама беру мiндетi қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшiлiгi Бат. Қазақстанда жүргiзiлдi (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңiрдiң өсiмдiгiн зерттеуге елеулi үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар обл-тарына экспедициялар жiбердi. Бұл саладағы зерттеудiң алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923—25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегiнде өсiмдiк жамылғысы географиясын түсiндiруге генетик. принциптi пайдалануды және физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулi үлес қосты.\r\n\r\nӨндiрiстi тиiмдi де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезiнде айқындала түстi. Алғашқы бесжылдық (1929—32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсiп және а. ш-ның барлық салаларының тех. базаларын жасау қарастырылды; ол үшiн республикадағы геогр. зерттеулердi кеңiнен және жан-жақты жүргiзу керек болды. Бұл кезеңде (1928—40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғыл.-зерт. мекемелерiнiң және жергiлiктi ғыл. кадрлардың көбеюiнiң нәтижесiнде Қазақстан жерiнде тұрақты бақылаулар жүргiзу жолға қойылды. Геол. барлау жұмыстары түстi және сирек металдар, көмiр, т.б. кен байлықтарының қоры жөнiнен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекшi орындардың бiрiне шығарды. Алтайдың, Орт. Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетiсу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңiрлердiң геол. құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргiзiлдi.\r\n\r\nКлиматтық және гидрол. жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст-лардың көбеюiне негiзделе жүргiзiлдi. Су қорларын зерттеу өрiстедi. Өндiрiс қажеттерiн өтеу және салынуға тиiстi гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшiн кейбiр жеке алаптарға кешендi зерттеулер жүргiзiлдi. Бұлардың нәтижесiнде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшiм каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдiң Балқаш-Алакөл алабы жөнiнде, Солт. және Орт. Қазақстан туралы «КСРО су қорларының анықтамасы» жинағының 13-томы, т.б. еңбектерi жарық көрдi. Арал т. мен Балқаш к-н жаңадан зерттеу басталды. Iле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциол. бақылаулар жүргiздi.\r\n\r\n2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941—45) жалпы геогр. зерттеулер бiршама қысқарды, негiзiнен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерiлдi.\r\n\r\nКСРО ҒА-ның Геогр. ин-тының көпшiлiк қызметкерлерi Алматыға көшiрiлiп, Топырақ тану және Ботаника ин-ттарымен және басқа жергiлiктi ғалымдармен бiрлесе отырып, а. ш-н өркендетудiң қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфол. карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлi зерттелдi. Солардың нәтижесiнде жердi тиiмдi пайдалануға нақты ұсыныстар берiлдi. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) iрi қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудiң геохим. тәсiлi жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетiн өтеуге катысты табиғат жағдайларының бiрнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзiнiң Қазақстан табиғаты туралы очерктерiн жариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлiмшесiнiң Геогр. секторын белгiлi ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетiлдiре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экон. ауданға бөлдi. Соғыстан кейiнгi жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңiл бөлiндi. Халық ш-н қалпына келтiру және одан әрi дамыту үшiн табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бiрнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал т-ндегi Барсакелмес аралының, Балқаш к-нiң оңт-ндегi шөлдiң, Жетiсудың геогр. жағдайлары зерттелдi. Республика аумағын физ.-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргiзiлген зерттеу материалдары негiзiнде республика табиғатының басты кешендерiне тұжырымды сипаттама берiлген «Қазақстанның физика-географиялық очерктерi» (1952) жарыққа шықты.\r\n\r\nҚазақ КСР ҒА-ның Геогр. ин-ты Қазақстан табиғатын зерттеудi одан әрi жалғастыра бердi, «Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама» (1950) жинақ кiтабын шығарды. КСРО ҒА-ның өндiргiш күштердi зерттеу кеңесi игерiлуге тиiстi жаңа аудандарда кешендi экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикiзат қоры, Солт. және Орт. Қазақстанның минералдық шикiзат, гидроэнергет. және ормандық қорларын зерттедi. Тянь-Шаньда биiк таулық физ.-геогр. ст. құрылды. Республика жерiн геоморфол. зерттеу, әсiресе геоморфол. картаға түсiру iсi өрiстедi. Жер қойнауын зерттеу тәсiлдерiнiң бiрi — геол. картаға түсiру жалпы зерттеу процестерiнiң құрамына енгiзiлдi. Сөйтiп геоморфол. карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудiң негiзiне айналды.\r\n\r\nСуландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жердi игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелдi. Аңызақ жел, атмосф. қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетiнiң тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелдi. Осы зерттеулердiң деректерi негiзiнде «Қазақстан климаты» (1959) атты жинақ шықты.\r\n\r\nГидрол. зерттеулердiң iшiнде республика көлдерiнiң жете тексерiлгенiн аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейiннен КСРО ҒА-ның Көлтану ин-тына айналған көлтану лаб. мен Қазақ КСР ҒА-ның геогр. секторының қызметкерлерi бiрлесе жүргiздi. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердiң физ.-геогр. жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелдi. Көлдердiң жалпы кадастры құрастырылды. Жер бетi суы қорларын зерттеу нәтижелерi тың және тыңайған жерлердi игеруге байланысты бiршама толықтырылды. Бiрнеше iрi гидрол. кешендiк зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректерi «Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель» («Тың және тыңайған жердi өңiрлерiнiң беткi ағын қоры»), «Ресурсы поверхностных вод СССР» («КСРО жер бетi ағынының қоры») жинақтарына енгiзiлдi.\r\n\r\nТопырақ жамылғысын зерттеген әр саланың ғыл. және өндiрiстiк мекемелердiң қорытындылары көп томдық «Почвы Казахской ССР» («Қазақ КСР-iнiң топырағы») басылымында және бiрнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботан. және зоогеогр. зерттеулердiң жиынтық деректерi жарық көрдi.\r\n\r\nКСРО ҒА-ның аэротәсiлдер лаб. Солт. Қазақстанның табиғи жағдайын зерттеудiң аэротәсiлiн белгiледi. Экон. география саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетiн бейнелейтiн кешендiк еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндiргiш күштердi тиiмдi орналастыруға, экон. аудандастыруға және экон. аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндiрiстiк кешендердiң қалыптасу мәселелерiне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдiрахманов, т.б.) жарық көрдi. Республика жерiн жан-жақты зерттеу нәтижесiнде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендiк атластары құрастырылды. Тың өлкесiнiң, Қарағанды, Қостанай, Солт. Қазақстан облыстарының бiрнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердiң кеңiнен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкiлодақтық 6-кеңесiнiң (1963) Алматыда өтуi әсер еттi. Арал маңы мен Жезқазған өңiрiнiң, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау обл-тарының ландшафтылық жағдайы зерттелдi.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Тері. Терінің маңызы және құрылысы, теріде болатын аурулар

0

     Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі.\r\n\r\nТерінің құрылысы. Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан тұрады Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Ycтiңгi қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организміндегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.\r\n\r\n Терінің құрылысы: 1 — жанасқы денешік, 2 — жүйкенің бос ұшы, 3 — тақташалы денешік, 4 — Tepi түгі, 5 — терінің үстінгі қабаты, эпидермис, 6 — нағыз тepi қабаты, 7 — май безі, 8 — түк ұясы, 9 — терідегі тамырлар, 10 — дәнекер ұлпасы, 11 — тер безі, 12 — шелдегі май ұлпасы\r\n\r\nТерінің iшкi қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және тepiгe серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады.\r\n\r\nТер бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде — адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Tepi майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді.\r\n\r\nШаш және тырнақ- бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбi болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады.\r\n\r\nТырнақ саусақ басын закымданудан қорғайды.\r\n\r\nТерінің астында май торлары бар. Ол — терінің ең терең жатқан қабаты. Май торлары iшкi мүшелерді жауып тұрады және оларды әр түрлі зақымданудан және организмді салқындаудан сақтайды, сондай-ақ энергия қоры болып табылады.\r\n\r\nШаш және оның гигиенасы. Адам денесінің алақан, саусақ, ерін және табаннан басқа жерлерін түк басып тұрады. Денеге үш түрлі түк өседі: ұзын түк — шаш басты күннен және суықтан сақтайды, қайратты түк — мұрт, сақал және танауда, кұлақтың сыртқы дыбыс өткізу жолында, «ал жұмсак түктер дененің қалған жерлерінде өседі. Шаштың түбі тepi қабатындағы шаш ұясында болады. Адамның басында шамамен 100 мыңнан (сары адамда 80 мың) астам шаш түбі кездеседі.\r\n\r\nШаш — нәруызды заттан, кератиннен, күкірт және азоттан\r\n кұралады. Шаштың түci оның түбіндегі бояғыш кератинге\r\n байланысты. Күніне 100 шашқа дейін түсіп, оның орнына 100\r\n шаш өceдi. Бастағы шаш 2—4 жылда, кipпiк 4—5 айда ауысып\r\n отырады. Денсаулығы дұрыс адамның шашы орта шамамен,\r\n айына 1 см өседі. Шаштың өcyi, сақталуы, оның түcyi организмнің\r\n күшіне, зат алмасуға, жүйке жүйесі мен iшкi секреция бездерінің\r\n қызметіне тікелей байланысты. Шаштың жылтырлығы мен\r\n майысқақтығы май безінен бөлінетін химиялық құрамға сәйкес\r\n өзгереді.        .                      \r\n\r\nШаштың гигиеналық жағдайы организмнің жалпы күтіміне байланысты. Ол үшін еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастырып, қуатты тамақтанып, дене шынықтырумен шұғылданудың маңызы өте зор. Шашты уақытында май және шаң-тозаңнан, қайызғақтан тазартып, жуып-күту қажет. Судың сапасы да шашқа көп әсер етеді. Оның кермектігінің (құрамындағы кальций, магний, тeмip тұздары) адам терісіне және шашына қолайсыз әсер етуден құрғап, қайызғақ түседі. Кермек су шашты жіңішкертіп, үзілгіш етеді.\r\n\r\n    Сондықтан мұндай суды жұмсарту үшін оны бip сағат қайнатады немесе 5 л суға 2—3 шай қасық ас содасын қосады. Шашты орамалмен құрғатады. Су шашты желмен кептіруге болмайды. Ұзын шашты ұшынан бастап, ал қысқа шашты түбінен бастап сирек тісті тарақпен тарау керек. Шашты қатты тартып, бұрап өру оның қанайналымын нашарлатады, түсуіне, селдіреуіне әсер етеді. Сол сияқты үнемі тар және ауыр бас киім кию де зиян. Бас киімсіз ыстық күннің көзінде және суықта жүруге болмайды. Шашты химиялық әдіспен бояп, бұйралау да шаштың өсуін нашарлатады. Шашты күтпесе — кұрғап, өңі кетіп, қайызғак басады, ал майлы шаш — ұйыса береді.\r\n\r\nШашты аптасына бip рет жуып, тазартады. Адам өзінің тepiciнe қарай сабын мен сұйық сабынды таңдап қолдануы қажет. Ол үшін шаштың қандай (құрғақ, майлы) екенін білу керек. Шаштың өcyi үшін, бастың тepiciн уқалау пайдалы. Шашты дер кезінде шаштаразға алдырып немесе сәнді қиғызып жүру сыпайылықтың, мәдениеттіліктің белгісі болып саналады.\r\n\r\nШашты жаңбыр және қар суымен жууға болмайды, ceбeбi олардың құрамында ауаның ластануына байланысты шаң-тозаң, түрлі қышқылдар болады.\r\n\r\nТырнақты апта сайын немесе екі аптада бip рет алып отыру керек. Мұны моншаға түскеннен соң жасаған қолайлы. Өйткені тырнақ; жұмсарып, алуға ыңғайлы болады. Тырнақты кeмipyгe болмайды. Мұндай әдет зиянды, өйткені тырнақ дұрыс өспейді және организмге алуан түрлі микробтар ұялағыш болады.\r\n\r\nКейде тepi бетінде мең деп аталатын қара, қызыл түйінді өсінділер болады, сондай-ақ қол сыртында, бетте секпіл де кездеседі. Бұлардың біразы тұқым қуаласа, енді бipi зат алмасудың бұзылуынан болады. Кейбір адамдардың денесінде түсі өзгерген тepi бөлігі — қал және бөрткен тәрізді мең болады; сондай-ақ аяқ пен қолда мүйізденген өсінді — сүйел кездеседі.\r\n\r\nЖылу реттеудегі терінің маңызы. Tepi — жылу реттейтін мүше. Адам денесінің қызуы бip қалыпты, тұрақты болады. Жылдың бар маусымында, адам тыныққанда немесе жұмыс істегенде дененің қызуы +37°С-тан аспайды. Адам организмінде жылу үнемі өндіріледі, ал оның артық мөлшері тepi арқылы және адам тыныс шығарғанда сыртқы ортаға бөлініп отырады. Организмде жылу өндірілуі   \r\n\r\n \r\n\r\n    мен оның бөлінуі тепе-теңдікте болады. Егер мұндай тепе-теңдік                                                                                                              жойылса, онда организм ысып,жойған болар еді.                                        \r\n\r\nЖылудың бөлінуі адамның тіршілік ету жағдайына байланысты.\r\n\r\nАуаның температурасы жоғарылағанда — қан тамырларының қабырғасы кеңейеді, соның нәтижесінде организмнің шеткі аймақ-тарына қанның ағымы көбейеді де, өзіндегі жылудың артық мөлшерін сыртқа бөледі. Егер ауаның ылғалдылығы жоғарыласа, онда жылудың бөлінуне кедергі туады. Мысалы, мұндай жағдай адамның ыстық, құрғақ климат жағдайынан ылғалдылығы жоғары (өне бойы нөсерлеп жаңбыр жауатын тропикалык аймақ) климат жағдайына барғанда байқалады. Бұл қанайналым, жүрек, тыныс мүшелеріне шамадан тыс ауыртпалық салады, денсаулыққа әсер етеді.\r\n\r\n Суық ауа райы күндері қан тамырлары тарылып, жылуды iшкі мүшелер  қызметіне сақтайды. Тер өте аз мөлшерде ғана бөлінеді.\r\n\r\nЕгер ыстық күндері дене еңбегімен шұғылданса, онда тер көп бөлінеді. Дененің үстінен су буланғанда оған организмнің артық жылуы жұмсалады да, температурасы тұрақты деңгейде сақталады. Өте ыстық климат жағдайында бip тәулікте организмнен 12 литрге дейін тер бөлінуі мүмкін. Көп терлегенде жүрек және қан тамырларына күш түседі. Сонымен бipгe тердің құрамымен организмдегі маңызды тұздар кеп бөлініп, оның қызметіне тepic әсерін тигізуі мүмкін.\r\n\r\nТеріде болатын аурулар. Күбіртке — саусақтағы тырнақ көбесінің ipіңдeп қабынуы. Бұл көбінесе жарақаттан болады. Жұмыс үстінде жараланған саусаққа (тырнақ көбінесе) микроб түсіп, оны іріңдетеді, iрiң солқылдатып, қатты ауырады. Күбірткіге тepi немесе ұлпалар, тіпті сүйек пен буын да шалдығады. Адам тырнақ алғанда етін жарақаттап алуы мүмкін. Оған микроб енсе, асқынады да, қызарып, іріңдей бастайды. 2—3 күн ішінде саусақ қатты iceді, адамның қызуы көтеріліп, тоңып, қалтырайды, басы ауырады. Саусақ ipің асқынғанда — тамыр қуалайды, қолтық бeзi шошиды. Ал микроб қанға өтіп, организмге жайылса, адам өмipiнe қayiпті ауру басталады. Сондықтан жұмыс істегенде, қауіпсіздік ережелерін сақтап, колдың терісі сыдырылғанда, пышақ кескенде, дереу, йод, бриллиант көгін жағып, таза дәкемен байлап қойған жөн. Күбіртке шыққанда, күн сайын саусақты 10—15 минут жылы суға малып, дәрі жағып, жылы орап таңып, дәрігерге көріну кepeк.\r\n\r\nКүйік ыстықтан, қайнаған су мен қызған темірден, оттан жене химиялық заттардан (қышқыл, ciлтi, улы заттар жене т.б.) болады. Tepi қызарып күйеді, қол тигізбей ауырады, қызарған тepi күлдіреп, ішіне су толады;. Ашып ауырады. Содан кейін терінің кейбір жері сыдырылады, сөйтіп, күйген жер жансызданып, қараяды.\r\n\r\nАлғашқы жәрдем: химиялық заттар күйдірсе, күйген жерді салқын сумен жуу керек. Егер денені қышқыл күйдірсе, ас содасы ерітндісімен, ал сілтi күйдірсе, онда сірке    қышқылының                                                                                                                                                                                                                                                                             рітіндісімен    жуады.          \r\n\r\n Содан кейін зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізеді.\r\n\r\nYcy— терінің аяздан, үскipiк суық желден үciккe шалдығуы. Ycy де күйік тәрізді сыртқы әсерден болады. Негізінен, үсікке адам денесінің ашык жерлері шалдығады. Көбіне адамның беті үсиді. Кейде киім жұқа немесе аяқ киім тар болса, онда аяқ-қолың басы (саусақтар) үсиді. Суыққа тоңған жер алдымен қызарады. Одан кейін бозарып, домбығады. Бipтіндеп жаны кете бастайды да, соңынан қараяды. Қатты күйген және үciгeн тepiні  емдеу өте қиын.\r\n\r\nTepiнің әр түрлі жағдайлардың әсерінен пайда бо-латын толып жатқан аурулары бар. Tepi ауруларын зерттейтін ғылым дерма­тология (грекше dermatos — Tepi және logos — сөз,ілім), ал емші дәрігер дерматолог деп аталады.\r\n\r\nТерінің әр қабатында орналасқан рецепторлар суықты, ыстықты, қысымды, т.б. сезеді. Жанасқы денешік қолдың саусақтарында, алақанда, табанда, ерінде, тілде бо­лады. Оның iшкi құрылымы өте күрделі. Тақташалы денешік дененің терісінің тереңінде орналасқан. Негізінен сіңірде, шажырқайда (брыжейка) болады. Ол дірілдеуді, теңселуді және қысымды сезетін рецептор. Жүйкенің бос жатқан тармақтарының ұщы да өте сезімтал. Негізінен сипап сезуді, жылуды, суықты және ауырсынуды сезетін төрт рецептор терінің рецепторлары болып   саналады. Tepiгe әр түрлі қоздырғыш әсерлер тигенде, олар қозуға тусіп, қорғаныш қызметін атқарады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы

0

Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы\r\n\r\n \r\n\r\nЖоспар\r\n\r\n Кіріспе\r\n\r\n1.1. Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы.\r\n

    \r\n

  1. 2. Экономика жағдайында жел және су эрозиялары.
  2. \r\n

\r\n1.3.  Жерді рекультивациялау.\r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\nҚолданылған әдебиеттер\r\n\r\n 1.1.  Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы.\r\n\r\nЛитосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.\r\n\r\nТопырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмесфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты.\r\n\r\nТопырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады.\r\n\r\nТопырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін — өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.\r\n\r\nТау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құблысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылми анықтама берді, ол:топрақ түзілу процесі құнарлық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарм – қатынас деп көрсетті.\r\n\r\nТопырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе – теңдікте сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық – түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.\r\n\r\nТопырақ – сыртқы орта жағыдайлары : жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микрооргаизмдердің біріккен әсерінен қалптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс — әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті – құнарлығының қалптасуына жағыдай жасайды.\r\n\r\nТопырақтың құнарлығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті  қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде  қалыптасады. Од бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса мыңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдарының өндірісінің негізі.\r\n\r\nТопырақ – барлық элементтерінің аккумалияторы: ол оларды өзіне жинақтап, су мен шайылып кетуден сақтайды, өхінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, құрғақшылық т.б.) әсеріне қарсы түра алады .бырақ топырақ көптеген антропогентік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану т.б.)ұзақ уақытқа созылатын әсерінен сезімтал келеді. топырақтың құнарлығы адам іс — әрекетінеде байланысты .\r\n\r\n  Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық түлік, малға жем, ким үшін талшық, құрлыс материялдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екенін айта отырып, К.Маркс, еңбек – байлықтың әкесі болса , топырақ – анасы деген.\r\n\r\nТопырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылм әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген  әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңыздаы проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағыдай жасау.\r\n\r\nТопырақтың қорғау мен бақылау обьектісі ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа менжер бетілік суларға қарағанда әлде қайда қозғалссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен атропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбеие береді.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. 2. Экономика жағдайында жел және су эрозиялары.
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\nТопырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріліп отырады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабаттың сумен шайылу, желмен ұшыу құбылыстары эрозия деп аталады.\r\n\r\n«Эрозия» термині ла  erodere – бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ жабынының су не желмен бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығышамамен 0,5-2,0см / 100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.\r\n\r\nЭрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.\r\n\r\nҚалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердіңтопырағында   жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.\r\n\r\n    Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі жайылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған територияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.\r\n\r\nКең тараған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік (техногендік), абразия, жайылымдық.\r\n\r\nЖазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар сулармен шайылуы.\r\n\r\nСызықтықэрозия – тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар сулардың әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.\r\n\r\nЖел эрозиясы, не дефляция – топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желімен ұшуы.\r\n\r\nИрригациялық эрозия – сулармен егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшардегі су массасының бірілуіне байланысты болды. Бұл су топыраққа сіңіп үлгірмейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болсада тегіс болмаса топырақтың қарашірігі су мен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да , топырақтың сортаңдануы да жүреді.\r\n\r\nӨндірістік эрозия – пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрған ұй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.\r\n\r\nАбыразия кезінде (жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кеміді.\r\n\r\nШамадан тыс көп мал жаю кезінде  жайылымдық эрозия байқалады.\r\n\r\nМеханикалық эрозия  ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабылетін ескермей пайдаланған жағыдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың струтурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті – биолигиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ – да топырақтың тығыздалуы  мен  бұзылуы жыл сайын 1 млиад доллар шығын әкеледі.\r\n\r\nЕгіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.\r\n\r\nБұл зардаптарды болдырмаудың тимді жолы  — топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқада машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.\r\n\r\nЭрозия – құнарлықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарында 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3000 аса га жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 5 млн га құнарлы жер тозып пітті эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20 – 40 % төмендейді. Эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың тұзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиндатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биолигиялық тепе – теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.\r\n\r\nЭрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 ж барлығы 160млн га жерін 120млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінен жыл сайын жердің қоректік заттарға бай 4млрд  т. құнарлы қабаты жойылып отырады.\r\n\r\nЖерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегінің шөлді  Сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл далалары, Австралия, Индия, Қытайдың бір қатар жерлері эрозияға ұшыраған.\r\n\r\nЭрозия адамдардың тиімсіз   тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді.\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  • Жерді рекультивациялау.
  • \r\n

\r\n \r\n\r\nӘлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мадени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланып келген. Ал қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесіне бұл жерлер түрлі басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу ) жұргізу нәтижесінде өте ұлкен өзгерістерге ұшырады.\r\n\r\nАдамның шаруашылық іс — әрекетінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрарогиялық  режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіріді. Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400 – 500 м болатын шұңқырлар түзіледі.\r\n\r\nБұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру процестері рекультивация деп аталады. Кәзіргі кезде ғылымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды  ауыл және орман шаруашылығына қайтарудың жолдары іздестіруде .\r\n\r\nЖерді рекультивациялаудың 2 негізгі этапы бар: тау – техникалық және биологиялық . тау – техникалық рекультивациялаудың мақсат – территорияны жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жұзеге асырылады.\r\n\r\nЖерді рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия  мен ГДР мемлекеттерінде бұзылған жерлерге жүгері егіледі.\r\n\r\nЖерді рекультивациялау — өте күрделі мәселе. Ол көп жағыдайда бұзылған териториялардың нақты экологиялық жағыдайларына байланысты. Республикалық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико – химиялық құрлымын, гидрологиялық режимнің ерекшеліктерін, рельефтің ерекшеліктерін жақсы білу қажет.пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру. Мал шаруашылығы комплекстерін, суару орындарын салу, т.б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезінде  рекультивацияланатын жерге жоғары қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру, орналасатыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау қажет.\r\n\r\nГещлогиялық мұнай іздестіру және өндеу жұмыстары кезіңде бұзылған және мұнаймен, түрлі жуғыш рекультивациялаудың маңызы өте зор. Әдетте, норматив бойынша, әрбір бұрғылау скважинасына 2,2 га жер бөлінеді. Бірақ практика жүзінде бұдан әлде қайда көп жер ауыл шаруашылық айналымнан шығып қалады. Әсіресе, ірі гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау қондырыларын бір орыннан екінші бір орынға ауыстыру кезіңде жердің үлкен аймағы біршама зардап шегеді. Сондықтан, мұнай-газ кең орындарын іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердің топырағының беткі құнарлы қабатын алып, сонынан қайтадан құнарлы қабат топырағын салуды тиісті орындар талап етулері қажет.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n         Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру, соның нәтижесінде халықтың тұрмысын, әл – ауқатын жақсарту өндірістің еңбек, материалдық және табиғи қорларын тиімді пайдаланумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде және болашақта өндіріс қорларының барлық түрін кешенді, үнемді пайдалану мәселесін шешкенде ғана экономиканың даму қарқынын арттыруға болады.\r\n\r\n         Бұл мәселенің шешімі ең алдымен табиғаттың қалыпты жадайын сақтап, оның ресурстарын тиімды пайдаланумен тығыз байланысты. Өйткені табиғат өндіріс қорының көзі, әрі өндірісті орналастыру ортасы ретінде өндірістің барлық саласына қатысты. Өндірістің даму қарқыны артқан сайын табиғат байлығын пайдалану мөлшері де өсіп келеді. Соған байланысты әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлығының тиімді қорының азаюы немесе сапасының төмендеуі қоғамның өндіріске жұмсалатын шығынының артуына кері әсер етуде. Өндірісте қолданылатын табиғат қоры сапасының төмендеуінен туындайтын өндіріс тиімділігіне кері әсерді ғылыми – техникалық жетістіктер нәтижесі де жоя алмай тұр. Екінші жағынан, өндірістің кері әсеріне табиғи ортаны қорғау ісі де күрделене түсті. Сондықтан да табиғат байлығын кешенді, үнемді пайдалану кезек күттірмей шешімін табуға тиіс мәселеге айналып отыр. Оған табиғаттың және қоғамның даму заңдылықтары негізінде, олардың үйлесімділігін арттыру арқылы ғана қол жеткізуге болады.\r\n\r\n         Табиғатты тиімді пайдалануда экономика ғылымының маңызы зор. Табиғатты қорғау, тиімді пайдалануды басқару, жоспарлау, оған экономикалық ынталандыру, табиғат байлығын игеруге, табиғи ортаны қорғауға жұмсалған шығындардың тиімділігін анықтау, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз етудің тиімді жақтарын белгілеу, т.с.с. экономика ғылымының тікелей атқаратын қызметі.\r\n\r\nТабиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау білікті инженер, экономист мамандар даярлаумен де тікелей байланысты. Өйткені қазіргі өндіріс басшыларымен ұйымдастырушылары өндіріс қорларын игеру экономикасын оның ішінде табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаның қорғау мәселесін терң меңгеруге, қоғамға қажетті өндіріс қорларын ұйымдастыра білуге қабілетті болуға тиіс.\r\n\r\n         Бұл еңбекте табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың қазіргі жағдайы; ғылыми – техникалық жетістіктер деңгейі, олардың табиғатты пайдалануға әсері; табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістері; табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін анықтау; оған экономикалық ынталандыру, басқару, ұйымдастыру әдістері қарастырылады. Сондай – ақ студенттер мен табиғат байлығын пайдаланушы өндіріс мамандарының  табиғат байлығын пайдалану мен табиғи ортаны қорғау экономикасын үйренуіне көмектеседі.\r\n\r\n \r\n\r\nҚолданылған әдебиеттер\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С.,  Жанайдаров  А.У. “ Экономикалық теория ”  /Астана 2002ж.-464 бет
  2. \r\n

  3. Есекин Б. Прогресс Казахстана в достижении целей Повестки дня XXI века      //Экология и устойчивое развитие.-2001 г
  4. \r\n

  5. Қожаниязов Т.Қ., Қожаниязова Ж.Т. “ Қазіргі экономика ”
  6. \r\n

\r\n                                                                              /Тараз, 2001 ж.\r\n

    \r\n

  1. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. “ Табиғат қорғау ”
  2. \r\n

\r\n                                                                    /Алматы 1990 ж.-412 бет\r\n

    \r\n

  1. Мұқауұлы С., Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ”
  2. \r\n

\r\n                                                                       /Алматы 1999 ж.-270 бет\r\n\r\n 

ТАҢҒАЖАЙЫП ТАҢБАЛЫ ТАС

0

ТАҢҒАЖАЙЫП ТАҢБАЛЫ ТАС\r\n\r\n Міне, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспан астындағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен бел­гілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабалардың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болғанымыз. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына байланысты өз атаулары да бар. Жамбыл ауданының батысындағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймаққа жататын Қарабастау елді мекенінің жазықпен шектескен Таңбалы шатқалындағы талайды тамсандырған тастағы қашалған, бедерленген (петроглифтер) қазіргі кезде туризм көзіне айналып, халқымыздың бай мұрасы ретінде алыс-жақыннан келгендердің назарына ұсынылып, “біздерде мынадай бар, мынадай бар” деп ауыз толтырып айтуға, мақтанышымызға айналғаны да тәуелсіздікпен келген игілік.\r\n\r\n Тарих өткен мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір деп тегін айтылмаған. Осылайша ежелгі адамдардың табиғатпен ара қатынасы, тұрмысынан, өмір тіршілігінен хабар беретін жәдігерлер тас дәуірінен (палеолит) бастап, қола дәуірін қамтитынын тарихшылар айтып та, жазып та жүр. Осы мәселе жайлы ғалымдар бас қосқан жиынға да қатысқан едім.\r\n\r\n Дегенмен Елбасының “Мәдени мұра” бағдарламасына байланысты көне жәдігерге деген қызығушылығым осы мекенге тағы да ат басын бұрғызды. Бұған дейін Б.Аубекерова “Отчет по теме “Подготовка научно-методической документации к проекту создания музея-заповедника в урочище Танбалы” деген қомақты еңбекті парақтауыма тура келген. Өйткені, алыстағы қыстаудағы қой тастардағы жазу бала кезден таныс, әрі оны Майтөбе жайлауларындағы Керегетастан да кездестіруге болады. Ел тарихының терең тамыры болған құнды жәдігер ата-бабалардың кезінде жазба белгілері болғанының дәлелі. Осынау көне тарихымыз туралы тарихшылармен қатар кейбір көкірек көзі ояу жандар ғана білетін. Керісінше, жастар ғана емес, ересектер үшін де бағалы мұрағаттың үлкен ағартушылық мәнге ие екендігін атап айтқан парыз.\r\n\r\n \r\n\r\nІзгі мақсатпен Таңбалыға жол тарттық. Жол ұзақ, әрі сағым ойнаған жазықтағы бетеге мен жусанның күзгі жауыннан соң көгі көтерілгені байқалады. Қураған шидің түбі де жап-жасыл. Бір қарағанда, көктем келгендей әсерге бөленесің. Қоңыр күзде де мұндай құбылыс қайталанатынына таңдандық. Тіпті, жатаған тау гүлдері бүршік атқан. Жер апшысын қуырған автокөлік кедір-бұдыр жолды жатырқағандай, жүргізуші жылдамдықты еріксіз баяулатып келеді. Жол-жөнекей сирек болса да тау бөктерлей орналасқан малшы қыстақтары болмаса айналада ұшқан құстан басқа тіршілік нышаны білінбейді.\r\n\r\n \r\n\r\nБабаларымыз еркіндік пен бостандық үшін осы өлкеде жастығын ала жатып, ұрпағына мұраға қалдырғаны бүгінгі буынға да зор жауапкершілік жүктейтіндей. Қазақ халқының мақтанышы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Батыр Баян, Малайсары, Нарбота, Жәпек, тағы басқалары бүгінгі бақытты өмірдің шаңырағын көтеріп, уығын бекітуге өмірлерін арнағаны да осы сәтте еске түседі. Мұндайда ойға не келіп, не кетпейді дейсің.\r\n\r\n \r\n\r\nЖолсерігіміз Горный орта мектебінің директоры, тарихшы, әрі туған жер жайлы әңгімемен құлақ құрышыңды қандыратын Тұрсынбек Әзімбаев және “Таңбалы” табиғи қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері болғандықтан жол қысқартатындай әсерлі пікірлерге ден қойдық.\r\n\r\n \r\n\r\n– Мына оң жақтағы Бурылшоқы биігі. Мұнда Аңырақай шайқасының 270 жылдығы кезінде ескерткіш орнатылған. Әне, алыстан көрінеді. Осы жазықтағы төте жолмен жүрсек, Таңбалыға да 50 шақырым қалды, деп көңілімізді көтеріп тастады.\r\n\r\n \r\n\r\n– Туған жердің тарихын жас ұрпақтың зердесіне орнықтыру – тарихшылар мен аға буынның міндеті. Таңбалытас жайлы зерттеулерді көп оқыдым, іздендім. Мұндағы петроглифтер 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстан экспедициясының күшімен ашылған. Еліміздің тұңғыш кәсіпқой археологы Анна Максимова тарихи жәдігердің ашылуына бірінші болып үлес қосқан. Осылайша Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1052 қаулысымен 2003 жылы “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастырылып, содан бергі кезеңде алыс-жақыннан келгендер қатары көбейді. Жүргізілген жұмыс нәтижесін қазір көресіздер, деді.\r\n\r\n \r\n\r\n“Таңбалы” мемлекеттік мекемесі Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа қарай төрт шақырым жерде. Қорық-мұражай 2005 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Бүкіләлемдік мұралар тізіміне “Таңбалы археологиялық ландшафты жартас суреттері” Қазақстандық номинациясын енгізу туралы сертификатты ЮНЕСКО-ның бас директоры Кончиро Мацура қорық-мұражайдың бүгінгі директорына тапсырып, оның мән-маңызына деген ықыластың жоғарылығын айқындаған екен. “Таңбалы” шатқалының аумағында 100-ден астам әр уақыттағы ескерткіштер – қола дәуірінен б.з.д. XІV-XІІІ ғасырдың ортасынан XІX-XX ғасырларға дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, жартас суреттері және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасса, ол еліміздің ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен. Археологтардың айтуынша, Таңбалының көптеген жартас суреттері қола дәуіріндегі орталық Азияның жартастағы өнерінің бірегейлігі деуге болады. Сонымен бірге ежелгі Жібек жолының бір тармағы болғанын да тарихи орындар айғақтайды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі кезде Таңбалыда ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда. Қорық-мұражай ескерткіштерін археологиялық құжаттандыру, картаға, суретке түсіру, тас суреттерінің жиынтығын жасау, консервациялық жұмыстар, геологиялық зерттеулер жүргізіліп, бұл жұмыс одан әрі жалғасып, сала мамандарының қызығушылығын туғызуда.\r\n\r\n \r\n\r\nТабиғи қорық – мұражайды тікелей құзырына алған Мәдениет және ақпарат министрлігі оның қалыптасуына көп көмек беріп, ғылыми қызметкерлермен бірге қорықшылар, инженерлер, экскурсоводтар және туристік маршруттар бойынша гидтерді біріктірген 29 адамнан тұратын штат бірлігін бөлген. Нәтижесінде Қарабастау елді мекенінің жанынан арнайы мұражай салынып, онда тастағы суреттердің нақты көшірмесі мен бейіттерді қазу кезінде табылған қыш құмыра, ыдыстар мен тұрмыстық бұйымдар, тағы басқа жәдігерлер қойылған. Мұнда келгендер музейді көріп, одан әрі Таңбалы шатқалын жаяу аралайды. Осылайша біз де тарихи орынға жол тарттық.\r\n\r\n \r\n\r\nТаңбалыдағы суреттер бес топқа бөлініп, оны туристерге көрсету мәселесі қарас­тырылған. Кешеннің негізгі аумағы 3000-нан астам жартас суреттері бар жыра. Міне, осы қасиетті орында тұрмыз. Тарихшы сапарластарымыз бен Қарабастаудағы музей қызметкері Нұрахан Бақытжанов бізге әр суреттегі бейнеге байланысты әңгіме қозғады. Негізінен суреттер ата-бабамыздың ой-санасы, тіршілігі, қоршаған ортамен байланысынан мағлұмат береді. Мәселен, шатқалдағы биік жазық жартастағы “Күн құдайы” мен “Ай құдайы” бейнеленген суретте (петроглифтер) екеуін он екі жан қоршап, билеп жүр. Сурет өте анық, әрі бергі беттің өзінен де көзге шалынады. Күн мен Айға табынып, оны ұлы күш, құдірет деген адамдар санын 12 деп бейнеленуі де тегін емес. Әр мүшелді 12 жаспен түйетініміз, жылды 12 аймен атайтынымыз, әрі сол кездегі адамдардың осы санға тоқтағаны ата-бабадан бізге қалған ырым-жоралғы ма деп те қаласың. Қалай десек те екі ортада жанды байланыс бар.\r\n\r\n \r\n\r\nЖадағай ғана жартастың бетіндегі аша тұяқты аңдардың бейнесінде жан-жағына аса сақтықпен көз тіккен арқар, киік, бұғы мен қолына садақ ұстап, аң аулауға шыққан аңшы бейнесі, тағысын тағы суреттер ертедегі адамдардың ұшқыр қиялына арқау болғандығы. Сондай-ақ бұл олардың көшіп-қонып жүргенде малды негізгі кәсібіне, күнкөріс көзіне айналдырғанының дәлелі. Тастағы жәдігерлер жадымызға осыны әкеледі. Әр тасты айналып қарап, өткеннен сыр шертетін суреттердің мазмұнының бай екендігіне таңданасың. Тағы да осы құнды ескерткіштерді зерттеудің жаңа кезеңі басталғанына қуанасың. Өйткені, уақыт табы бейнелер салынған жартастарға өз таңбасын салып, тау жыныстары жарылып, кей жерлері құмша үгітіліп тұр. Қазіргі кезде 5000-нан астам (петроглиф) тастағы суреттер паспортталып, құжаттандырылып, көшірмелері жасалғаны, әрине, бұл жұмыстың бастамасы ғана. Әлі де тиянағы келтірілетін бағдарлы істер жеткілікті.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорық-мұражай ашық аспан астында болғандықтан, кейбірі көмескілене де бас­таған. Суық пен ыстық, қар мен жаңбырдың әсері болғаны байқалады. Тастағы қос аяқты арбаға мінген адамдар сұлбасы да көп жайды аңғартады. Демек, тұрмыстық қажеттілікпен көшіп-қонғанда көлік ретінде оны пайдаланған болар. Өйткені, халықтың тұрақтаған мекен-жайын осы шатқалдың таулы бөлігінен кездестіресің. Жер бедеріне байланысты мұндай мекендер шектеулі алаңды ғана алады. Аумағы 300-ден 1200 шаршы метрді құраса, тастан салынған тұрақжай қалдығы мен керамикалық заттардың пайдалану мерзімі б.д.д. XІІ-X ғасырлардан бастау алғанын ғалымдар дәлелдеген. Осылайша дамуымыздың түп-төркіні мен арғы тегі Таңбалы тастағы таңғажайып суреттермен сабақтас. Арғы тегіміздің Тәңірге табынғанын, төрт түлігін өсіріп, табиғаттың тылсым сырын ашуға алғашқы қадам жасауға пейіл-ниеті болғанын көреміз. Бұл ұрпаққа қажетті тағылым, сыры терең тәлім-тәрбие бастауы.\r\n\r\n \r\n\r\nЖермен-жексен болуға шақ қалған көне бейіттерді жоталардан да, жазық жерлерден де кездестіруге болады. Қазіргі кезде қола дәуір үлесіне тиетін бейіттер көбірек зерттелуде. Таңбалытас ІІ, ІV-V бөлігіне орналасқан бейіттер шатқалдың өн бойын алып жатыр, ол Таңбалы өзенінің оң және сол қапталын бойлай созылады. Тау етегіндегі жазықта Таңбалытас І және Қарақұдық ІІ үлесіне тиетін бейіттер бар. Олар 1957 жылы ғалым А.Максимованың жетекшілігімен толығырақ зерттелген. Бейіттердегі мола саны онша көп те емес: бес-жетіден, онға дейін. Жерлеу рәсімі нәрестенің құрсақтағы орналасуы бойынша жүргізілген деген болжам бар, әрі зерттеу кезінде бейіттен құмыра, тағы басқа құралдар шыққан. Рәсім отбасы, жеке топ бойынша да жерленгенін көресің. Ал Таңбалытас І, ІV, V, ІІ-дегі бейіттер аумағы 250-400 шаршы метрден аспайды.\r\n\r\n Қола дәуірінің бейіттері екі топқа бөлінеді: терістігі шатқалдың аузында болса, оңтүстігі жазықтың кеңейер тұсына таман. Шатқалдың оңтүстік жағында Таңбалытас VІІ-нің қола дәуіріне келетін бейіттер орын тепкен. Ал ертедегі мыс дәуірінің үлесіндегі бейіттер шатқалдың өнебойынан табылатыны ғалымдар зерттеуінде айтылған.\r\n\r\n Жиырма-отыз моладан құралатын ірі бейіттер жота етегіндегі жазықта кездеседі, жекелеген қорғандар тобы таулы аймақтан бір шақырымдай жердегі қашықтықта. Кей жағдайда тасты-батпақты қорғандардың топ болып кездесуі де байқалады. Олардың диаметрі 15-20, ал биіктігі 1-1,5 метр болып келеді. 1957 жылы Таңбалытас ІІ-ден табылған “мұртты қорған” да бар. Бұндай қорғандар негізінен, Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде кездескен, ал Жетісуда ескерткіштің бұл түрінің кездесуі тек Таңбалытаста ғана екендігін ғалымдар атап айтады.\r\n\r\n Шатқалдың жоғарғы жағындағы қорған бейіттер ұсақ топқа бөлініп, жер бедері бойынша әртүрлі орналасқан. Көп жағдайда таулы аймақтағы бейіттер көне мекен-жайлармен көршілес келеді екен.\r\n\r\n Қорған бейіттерінің көпшілігінің мәдени-хронологиялық кезеңі әзірге аз зерттелген­діктен, толық белгілі бола қойған жоқ. Мұның кейінгі кезеңдердегі ескерткішке қатысы көп. Ал 1957 жылы А. Максимованың зерттеуіндегі қорытындыға сүйенсек, бейіттердің бірнешеуі біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырға және біздің дәуіріміздегі І ғасырға қатысты болып келеді де, сақтар мен үйсіндердің мәдениетін көрсетеді. Ал Таңбалытаста түріктік кезеңнің орта ғасырлық жерлеу рәсімдерін көрсететін бейіттер айқындалмаған. Қарақұдық І учаскесінде, яғни Қарабастау ауылының терістік батысында мұсылмандар бейіті зерттелген, оны Максимова XІV-XV ғасырлардың еншісіне жатқызып, бағалайды. Бәлкім, осы бейіт Моғолстан мен Қазақ хандығының құрылу кезеңіне қатысты болар деген болжам айтылады.\r\n\r\n Таңбалыдан әріректе Қопалы деген екі жағы құз жартас, биіктігі 20-25 метр болатын сай бар. Осы мекенде 1958 жылдары Қастек қой зауытының малшылары қыста кәдімгі төрт қанат киіз үйде қыстап, мал бағатын. Сайдың ішіндегі кереге тастарды қашап, аумағын үлкейтіп, ықтасын жасаған үңгір қабырғалары да жоғарыда айтып өткендей суреттерге толы. Осындай әлі де беймәлім жайларды еске алсақ, осы өңір, Таңбалы шатқалы ғылыми жағынан толық зерттелмегенін ашық айтуға тиіспіз. Жаңағы үңгірді қашау үшін қаншама күш, құрал-жабдық қажет екені айтпаса да түсінікті. Демек, Таңбалытас талай дәуірлерден бізге жеткен құнды тарихи орын, жәдігер, салт-дәстүр, мәдени құндылықтар жалғасы.\r\n\r\n \r\n\r\nКөргеніміз бен көңілге түйгеніміз жайлы ойымызды “Таңбалы” мемлекетік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражай директоры Сабырәлі Кемелбаевпен бөлісіп, алдағы жоспарлары жайлы пікірлестік. Бірден жинақталған құжатымен таныстырған басшы әңгімесін жалғастырып әкетті.\r\n\r\n – Таңбалы – аялап, қадірлейтін киелі мекен. Өйткені, ол келешек ұрпаққа ұлы рухтың мәңгілік символындай өткен мен бүгінгінің арасын жалғап жатқан ашық аспан астындағы тарихи құнды “кітап”. Мен өзім кезінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты басқармада жұмыс істедім. Алғаш аталған мұражайға қатысты құжаттарды реттестіріп, дайындауға қатыстым. Осының бәрі Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен “Мәдени мұра” бағдарламасының аясында қолға алынғанын атап айтқым келеді. Сол кезден бері мекеменің басшылығы маған тапсырылып, ауылға атбасын бұруыма тура келді.\r\n\r\n Қазіргі кезде Таңбалы аумағында 3800 гектар жер Үкіметтің қаулысымен визит – орталығы, мұражай салу мақсатында 24 гектар жерді пайдалану үшін заңдастырылды. Бас кеңсе Ұзынағаш ауылы Абай атындағы көшедегі еңселі көп қабатты үйден берілді. Осылайша халқымыздың өткен тарихы мен бай мәдениетіне қатысты маңызды мәселенің бірден шешілуі біздің құлшынысымызды арттыра түсті.\r\n\r\n Аталған министрлік мұражайдың бүгінгі қалыптасуына ерекше қамқорлық көрсетіп келеді. Кеңседе есепшілер мен ғылыми қызметкерлер жұмыс істесе, қорықшылар, экскурсоводтар мен басқа да мамандар қорық-мұражайда туристік маршруттар бойынша келгендерді қабылдап, туған өлкенің өткенінен әсерлі әңгіме өткізеді. Соңғы кездері жергілікті жердегі мамандарды үйретіп, қатарымызды толықтырдық. Жаңа ғана өзіңізбен сөйлескен ғылыми қызметкерлер солар, деді.\r\n\r\n Қазақстан Республикасының Үкіметі ЮНЕСКО-мен келісімге отырып, осыған орай Норвегия үкіметі тарапынан қорық мұражайға айтарлықтай көмек жасалуда. Нәтижесінде екі жақты ғалымдардың қосылуымен тың ұсыныстар жүзеге асып, менеджмент-жоспар Париждегі штаб пәтерге жіберіліп, Таңбалының мәдени құндылығына байланысты шешім қабылданғанын да басшы мақтанышпен ортаға салды.\r\n\r\n Қорық-мұражайдағы суреттер бес топқа бөлінсе, оны көруге келгендерді шағын топпен апаруға арнайы автокөлік бөлінген. Негізінен мұндағы жұмыстың ғылыми негізде болуына назар аударылуда. Қазірдің өзінде Таңбалыға келгендер саны мыңдап саналады. Олардың қатары да әр алуан. Жақында ғана көршілес Қытай елінен келгендер қорық-мұражайдағы суреттерге қызығушылығын танытқан. Қарабастау елді мекеніндегі бас кеңседе келгендерді қарсы алып, одан әрі тау шатқалына жаяу сапарлары жалғасады.\r\n\r\n Таңбалыдағы мұражай ғимаратында спутниктік байланыс орнатылған. Қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен, қорықшылар дүрбімен, мініс аттарымен қамтылған. Ашық аспан астындағы тарихтан сыр шертетін құнды мұрағаттармен келушілерді таныстыру мақсатында көрнекі құралдар шығарылса, ұжымның тиянағын келтірер жұмыстары әлі алда. Өйткені, тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Рославль кеңшарының мал қоралары мен үйлерін салуға осы мекеннің тастары пайдаланылған. Заңсыз салынған құрылыстарды бұзған кезде құнды жәдігерлері бар тастар табылып, ол қайтадан қорғауға алынуда. Оның біразы мұражайға қойылыпты.\r\n\r\n “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы Алматыдан 200 шақырымға жуық. Алматы-Бішкек бағытымен баратын автокөлік жолының біраз бөлігі жақсы болғанымен, дені – таптаурын жылдамдықты үдетуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан екі арадағы уақыт үш сағаттан астам. Мұражай аумағында жаяу жүретін туристік маршруттың ұзақтығы 900-1900 метр, ал көру мерзімі үш жарым сағатқа жуықтайды.\r\n\r\n Таңбалыда болған және ондағы қолға алынатын жұмыстар жайлы аудан әкімі Ләззат Тұрлашев та өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, алдағы уақытта музейдің айналасын көркейтумен бірге туристерге көрсететін қызметті жақсарту, ұлттық мәдениет, салт-дәстүрге байланысты мәселелердің де шешімін табатынын жеткізді.\r\n\r\n Қорық-мұражайға аудандағы мектеп оқушыларынан бастап, жергілікті халықтың өзі қызығушылық білдіріп, жиі экскурсияға шығып тұрады. Алғаш Аңырақай шайқасының тарихына байланысты да Қарабастауда белгі орнатуға белсене қатысқан облыстық мәслихаттың депутаты Марат Мырзағалиев талай жұмысқа ұйытқы болған. Ал, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, магистрант Жанна Далабаеваның ғылыми еңбегін осы өңірдің тарихын зерттеумен байланыстырғаны да қуантады.\r\n\r\n – Таңбалының тарихын нақты хронологиялық түрде бір арнаға түсіруге мүмкіндік туды. Бұл еліміздің тарихы. Қазақ педагогикалық және Целиноград педагогикалық институттары тарапынан құрылған экпедициялар А.Марьяшев пен А.Рогожинскийдің жетекшілігімен Таңбалытастағы І,ІІ,V орындарды зерттеп, қола дәуірінен жеткен көне жәдігерлердің сыры ашылған. Басталған жұмыс жалғасын табады. Бүгінгі музыка, ән әлемінен өзіндік бағасын алған “Азия дауысы” фестивалінің эмблемасы – “Күн шашақты Тәңір” таңбасы да осы жердегі таста бейнеленген. Осы жәді-герлерді тамашалап, туған халқымның тұнық тарихына бас идім, дейді жас ғалым.\r\n\r\n Ең бастысы, үш мың жыл бойы тарихи мәнін жоғалтпай келе жатқан петроглифтер кешеннің ең маңызды буыны болып саналады. Ал оның шатқал шектелген жерде орналасуының өзі де тау бедеріне байланысты, петроглифтерді жасаушылар аспан астындағы жартасты өте шеберлікпен пайдалана білген. Соған қарағанда, Таңбалытас қасиеті де адам мен табиғаттың бірлескен еңбегінің жарқын көрінісі. Мұның өзі адамзат қоғамының табиғи жағдайымен үндестік тауып келе жатқан эволюциясы десек қателеспейміз.\r\n\r\n Қасиетті орынның алғашқы реңі қола дәуірдегі петроглифтер сериясымен ерекшеленеді. Оның өзі техникалық-көркемдік тәсілдері ерекше, суреттерде тереңдеп ою, көлем үлкенділігі бойынша да, стильдік және иконографиялық тәсілді табанды түрде қолдану бойынша да, сол сияқты бейнелеу тәсілінің ерекшелігі бойынша да таңдандырады. Аталған ерекшеліктердің өте шеберлікпен жымдасуы Таңбалытаста алғаш рет ашылған петроглифтер сериясының маңыздылығын айқындайды.\r\n\r\n Нақ Таңбалытас кешенінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы қола дәуірінен белгілі жартастық өнер туындылары шоғырланған. Негізгі кейіпкерлерді бедерлеу тәсілі қола дәуіріндегі тайпалардың мифологиялық концепциясы болғандығын дәлелдей алады.\r\n\r\n Орталық Азиядағы алғашқы қауымдық дәуірдің мәдениетін білдіретін Таң­балытастың ерекшелігі де сонда, ол мифологиялық кейіпкерлермен қатар, белгілі бір жазу әдісін қолдана отырып, қола дәуіріндегі дала тайпаларының тілдік пантеонын да бейнелейтіндігі. Өлкенің көне мәдени байлығымен туристерді кеңінен таныстыру үшін ағарту, білім беру және ұйымдастыру қызметтерін ұштастыру арқылы ғана жүргізуге болатынын ұжым қызметкерлері басты мақсат етуде. Осы өлкетану жұмысына жастарды кеңінен тартып, көне мәдениет туралы білімді мектеп қабырғасында алып қана қоймай, білуге деген құштарлықтарын ұштастыра түсу парыз. Ол үшін үнемі ізденіс, екі жақты жанды жұмыс, байланыс қажеттігі туындайды.\r\n\r\n Сапар барысында “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Балтабек Досмұхамбетов бастаған ағайынмен Таңбалытас шатқалындағы биікке партияның туын тігіп, жастардың туған жер мен оның тарихына деген қызығушылығын тудыру мақсатындағы іс-шара барысында кездестік. Олар да аспан астындағы мұражайға деген өз пікірлерін білдіріп, оған аса құмарлықпен қарайтындықтарын жеткізді.\r\n\r\n Тарихи орыннан ұзаған сайын таңғажайып сырға толы Таңбалытас бізден алыстай берді. Бірақ біздің көңілімізде одан алған ыстық әсер, туған жердің тұнған сырына деген іңкәрлік пен оның ертеңіне деген алаңдаушылық көкейден берік орын алғандай.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.

Сызықтық функция

0

Сызықтық функция\r\n\r\n \r\n\r\ny = kx + l (мұндағы x —  тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.\r\n\r\n \r\n\r\n    у = kx + l  функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.\r\n\r\n    Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда       у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.\r\n\r\n     Егер у = kx + l формуласындағы  k = 0 болса, у = 0x+l,                онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.\r\n\r\n \r\n\r\nСызықтық функцияның  графигі\r\n\r\n \r\n\r\nУ = 1,5x 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.\r\n\r\nОл үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.\r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

х -3 -2 -1 0 1 2 3
у -6,5 -5 -3,5 -2 -0,5 1 2,5

\r\n \r\n\r\nКоординаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.\r\n\r\nБелгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x — 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық.\r\n\r\nЖазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.\r\n\r\nY = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін (;0)                                     нүктесінде қияды.\r\n\r\n Сызықтық функцияның дербес жағдайлардағы графигі\r\n\r\n \r\n\r\n      l=0 және k 0 болғанда у=kx тура пропорционалдығының графигін қарастырайық.\r\n\r\n      у=kx функциясының формуласынндағы х=0 болғанда у=0. Сондықтан оның графигі координаталар басы арқылы өтеді.\r\n\r\n     у=kx (мұндағы k 0) функциясының графигі координаталар басы арқылы өтетін түзу. \r\n\r\nу=kx тура пропорционалдығының графигін салу үшін ізделінді нүктелердің бірі ретінде О(0;0) нүктесін алу керек.\r\n\r\nІзделінді екінші нүктенің координаталарын табу үшін x-тің нөлден өзгеше қандай да бір (мүмкін) мәнін қойып, оған сәйкес у-тін мәнін табу керек.\r\n\r\nМысалы, у=2х функциясы үшін, х=2 болғанда у=4. А(2;4) нүктесін алу керек. Табылған О(0;0) және А(2;4) нүктелері арқылы жүргізілген түзу у=2х функциясының графигі.\r\n\r\nу=kx функциясы графигінің координаталық жазықтықтағы орналасуы к коэфицентіне тәуелді. у=kx функциясында, егер х=1 болса у=k.\r\n\r\n у=kx функциясының графигі –О(0;0) және (1;к) нүктелері арқылы өтетін түзу.\r\n\r\nЕгер к 0 болса, у=kx функциясының графигі I және IIIкоординаталық ширектерде, ал k 0 болса, II және IV координаталық ширектерде орналасады.\r\n\r\nу=kx функциясының графигі мен у=kx+l функциясының графигі k-ның бірдей мәнінде өзара параллель түзулер. х-тің кез келген мәні үшін у = kx+ l  функциясының мәні у=kx функциясының мәнінен l-ге артық.\r\n\r\n     у = kx+l функциясындағы к=0 болса, функция у=l формуласы-мен жазылады. у=l формуласының графигі абциссалар осіне параллель, абциссасы 0; ординаталары l болатын түзу.\r\n\r\n \r\n\r\nАлдамұратова Т.А. Математика. 6-сыныпқа арналған оқулық. –Алматы Атамұра, 2002.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n                                                          \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Сұйықтың қозғалысы.Сұйықтың ағын сызықтары мен түтіктері

0

 Сұйықтың қозғалысы\r\n\r\n Сұйықтың ағын сызықтары мен түтіктері\r\n\r\nБөлімде сұйықтар мен газдардың механикасымен танысамыз. Қатты денелердегі сияқты сұйықтар мен газдардың қозғалысын да кинематикалық және динамикалық тұрғыдан қарастыруға болады. Газдар мен сұйықтар өзара ұқсас болатындықтан оларды әдетте бірінен-бірін бөлмей, тек газдардың сығылғыштығын ескермеуге болмайтын жерде ғана олар бөлек қарастырылады. Сондықтан сұйық туралы айтылғандар газға да қатысты деп түсіну керек.\r\n\r\nКинематикалық тұрғыдан қарағанда  сұйық қозғалысын оның әрбір бөлшегінің  қозғалысымен сипаттауға болады. Сұйық қозғалысын жете түсіну үшін ағын сызықтары және ағын түтігі деген жаңа ұғымдарды пайдалану тиімді  Қалыптаспаған қозғалыс (стационар емес) үшін ағын сызықтары уақытқа байланысты өзгереді, ал қалыптасқан (стационар)  жағдайда олар тұрақты болып қалады. Бұған  қоса, қалыптасқан қозғалыс жағдайында ағын сызықтары бөлшектің траекториясына дәл келеді.\r\n\r\nСұйық қозғалысын қарастырғанда  көп жағдайда, сұйықты мүлде сығылмайды деп санауға және оның бір қабаты екінші қабатымен салыстырғанда орын ауыстырса, үйкеліс күштері (немесе тұтқырлық)  пайда болмайды деп жоруға болады. Осындай мүлде сығылмайтын және мүлде тұтқыр емес сұйық идеал сұйық деп аталады. “Идеал сұйық” ұғымын пайдалану нақты сұйықтарға тек белгілі дәрежеде ғана жақындау болып табылады.\r\n\r\nСұйық бөлшектерінің қозғалысын бір белгілі санау жүйесіне қатысты анықтауға болады. Яғни әрбір бөлшек өзіне тән жылдамдық векторы бойымен қозғалады. Басқаша айтқанда сұйық жылдамдық векторының өрісі болып табылады. Жылдамдық векторлары бойымен сызықтар жүргізейік., сонда олардың әрбір нүктесінен жүргізілген жанама сұйық бөлшегі жылдамдығының сол нүктедегі бағытына дәл келетін болсын. Ондай  сызықтарды ағын сызықтары (23-сурет) деп атайды. Әдетте сұйықтың ағысы күшті болғанда ағын сызықтары жиі,  ал сұйық ағысы бәсең жерде ағын сызықтары сирек етіп жүргізіледі. Сұйық ағысы қалыптасқанда сұйық жылдамдығы әрбір нүктеде тұрақты болады да, уақытқа байланысты өзгермейді. Бұл жағдайда ағын сызықтары өзгермейді, әрі сұйықтың жеке бөлшектерінің траекториясына дәл келеді. Сұйықтың ағын сызықтарын көзбен көруге болады, ол үшін сұйыққа аздап бояу қосады немесе көрініп жүзіп жүретіндей зат бөлшектерін салады.\r\n\r\nСұйықтың ағын сызықтарымен шектелген бөлігін ағын түтігі деп атайды. Ағын түтігінің белгілі бір қимасындағы барлық бөлшек қозғалыс кезінде ағын түтігінен шығып кетпей оның ішімен қозғалады. Сонымен қатар ағын түтігінің  ішіне де сырттан ешқандай бөлшектер енбейді.\r\n\r\nАйталық, ағын  түтігі бойымен үзіліссіз сұйық ағып жатсын. Мұндай ағыс сұйық массасының сақталу заңын қанағаттандырады. Олай болса, ағын түтігінің көлденең қимасы арқылы Δt бірлік уақыт ішінде өтетін сұйық массасы Δm  мынаған тең болады:\r\n\r\n                                                         \r\n\r\nмұндағы  v -тұрақты қимадан өтетін  сұйық бөлшегінің  жылдамдығы, ρ — осы қимадағы сұйықтың тығыздығы.\r\n\r\n Сұйықтың қалыптасқан ағыны кезінде сұйық сығылмайды деп есептесек, онда S1 қимадан ағып өтетін сұйық көлемі қандай болса, S2 қимадан ағып өтетін сұйық көлемі де дәл сондай болады, сондықтан (24-сурет).\r\n\r\n                                                                                                        (6.25.1)\r\n\r\nБұдан берілген сұйықтың сығылғыштығын ескермей оның тығыздығы ағын түтігінің барлық жерінде бірдей десек (), онда (6.25.1) өрнек мына түрде жазылады:\r\n\r\n                                                                                  (6.25.2)\r\n\r\nнемесе                                               Sv=const                                                                      \r\n\r\nСоңғы өрнектен сығылмайтын тұтқыр емес сұйық ағысының жылдамдығы мен ағын түтігінің көлденең қимасының көбейтіндісі берілген ағын түтігі үшін тұрақты шама болады. Бұл айтылған қорытынды ағынның үзіліссіздігі жөніндегі теорема деп аталады.\r\n\r\n(6.25.2) — теңдеуді мына түрде жазайық , яғни   \r\n\r\nСығылмайтын тұтқыр емес сұйықтың құбырмен ағуы стационар ағын болса, онда құбырдың ішкі көлемі ағын түтігіне дәл келеді. Сондықтан сорғы ағынның үзіліссіздігі жөніндегі теорема бойынша құбырдың жуан жерінде сұйық жайлап ағады, яғни жылдамдығы (v2) баяу болады, құбырдың жіңішке жерінде сұйық тезірек ағады, яғни жылдамдығы (v1) артады.\r\n\r\nЕгер ағын түтігі ағыс бағыты бойынша жіңішкере беретін болса, онда ағын түтігінің тарлау жерінде сұйық жылдамырақ аға бастайды, яғни үдеу пайда болады. Сондықтан түтіктің тарлау жеріне ағып барған сұйыққа сол түтіктің кең жеріндегі сұйық тарапынан күш әсер етеді.\r\n\r\n Бұл күш сұйықтың әр түрлі бөліктеріндегі қысымдар айырымының есебінен пайда болады. Күш түтіктің жіңішке жағына қарай бағытталғандықтан, түтіктің жуан жеріндегі қысым, оның жіңішке жеріндегі қысымнан артық болады.\r\n\r\n 

Сапарғали Бегалин

0

Сүйіктісі халықтың

\r\n Жүрегіңнің алаулатып жалынын,\r\n\r\nТамыршыдай дарындыны таныдың.\r\n\r\nҚабыл болып ізгі тілек, ақ батаң,\r\n\r\nАлдым шексіз ғибрат, мол тағылым.\r\n\r\nТанымастай өзгерді ел, жер кейпі,\r\n\r\nОзбырлықтың мәңгүрт басы еңкейді.\r\n\r\nСемейдегі жарылыстың үні өшіп,\r\n\r\nАбыралы қайта түлеп, көркейді.\r\n\r\nКөкірегіме ұяласын қалай мұң,\r\n\r\nЕгемендік, еркіндікті қалаймын.\r\n\r\nКең әлемге нұрын төкті жарқырап,\r\n\r\nҚайта туған бақ жұлдызы Абайдың.\r\n\r\nЖалауымды күн аймалап, өпті шың.\r\n\r\nӨзін емес өзгені де дос тұтқан,\r\n\r\nҰмытпайды өсер ұрпақ тектісін.\r\n\r\nЖауды жеңіп көтерген ел іргесін,\r\n\r\nАруақтарды сыйламасақ бізге сын.\r\n\r\nДүр сілкінген қайта түлеп қырандай,\r\n\r\nО,Сапеке, халқыңменен біргесің.\r\n

      Қазақ халқының кемеңгер әрі сүйікті жазушысы Сапарғали Бегалиннің есімі елімізде кеңінен танымал.

\r\nСапарғали Бегалин артына мол әдеби мұра қалдырды.\r\n\r\nОл-халқымыздың ғасырлар бойы ауызша тараған әңгіме-аңыздарын, айтыс-өлеңдерін, шешендік толғауларды жатқа білетін ескінің көзі, оның үстіне этнограф, әрі тарихшы,  қазақ халық ауыз әдебиетінің білгірі және жинақтаушысы.  Ол көптеген халық әндерін, аңыз-ертегілерін, айтыскер ақындардың айтыстарының мәтінін жазған.\r\n\r\nСапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның шығармашылық сапарында суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды.\r\n\r\nОл-сазды лирик, сыршыл ақын.  Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық.\r\n\r\nТалантты аудармашы. Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.\r\n\r\nСапарғали Бегалин драматург ретінде де көпшілікке танымал. Ол оншақты пьесаның авторы.\r\n\r\nҚазақ халқының ұлы ақыны Жамбылдың шығармашылық өміріне арнаған шығармасы, С.Бегалиннің ғалымдық еңбегінің үлкен жемісі.\r\n\r\nХалық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген де Сапарғали Бегалин. Халық ақындарының шығармаларын сұрыптап «Халық ақындары», «Өмір жыры», өнер саңлақтары жөнінде «Сахара сандуғаштары» атты жинақтар шығарды.   Сапарғали Бегалин 50-ден аса әндерге өлең жазған ақын. Олардың ішінде «Ақтамақ» (муз. С.Кәрімбаевтікі), «Ақ көгершін» (муз. А.Жұбановтікі) сынды әндері халық әніне айналып кеткен. Ақынның өлеңдері бойынша М.Төлебав, Л.Хамиди, Е.Ерзакович, С.Мұхаметжанов, Е.Рахмадиев сияқты талантты композиторлар ән жазды.\r\n\r\nҚаламгердің жоғары сауаттылығы, аса зеректігі үшін, басқалардан ерекшелеп, даралап көрсететін өзіндік қайталанбас сыпайы мінезі мен тиянақтылығы, ұқыптылығынан, құбылып, өзгермейтін рухани әлемінің кереметтігінен айналасындағы жақын, жора-жолдастары, қаламдастары, зиялы қауым сыйлы ақсақал ретінде таныған, оны ұстаз тұтқан, үлгі еткен. \r\n\r\nДесек те, ең бірінші Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы. Оны қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы және классигі деп атайды.\r\n\r\nБүгінде жас ұрпақты Сапарғали Бегалиннің кітаптарын оқуға шақырғанда, біз алдымен одан халықтың дәстүрлі тіршілігі тудырған кәсіптердің неше түрлі көріністерін, дала өмірінің сан қилы қызықтарын тамашалауға болатынын еске аламыз. Оның төрт түлік туралы жырлары, ертегі, аңыз, мысалдары балалардың өмір тануына, табиғат сырын түсінуге, жан-жануарлар дүниесін ұғып, сырласуына жол ашады. Көпшілік қауым арасында жоғары баға алған  «Сәтжан»,   «Көксегеннің көргендері» сияқты тамаша туындылары құсбегілік, саятшылық өнердің қызықтарына тартпай қоймайды.\r\n\r\nБалаларға арнап жазған өлең, әңгіме, повестері ондап, жүздеп саналады. Сапарғали Бегалин есімін тек қазақ баласына ғана емес, көптеген елдердің балалары арасында да танымал. Оның балалаға арнап жазған кітаптары көптеген ел тіліне аударылған. \r\n\r\nБүгінде ақсақалдың «Балалар жазушысы»  деген атағы мәңгілік тарихта қалып Республиканың балалар кітапханасы 1996 жылдан бастап  Сапарғали Бегалин есімімен аталады.\r\n\r\nЖазушы атымен аталатын Республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының шығармашылығын көпшілік оқырман арасында насихаттаушы көшбасшылардың бірі ретінде оқырмандармен кітапхана  көптеген шаралар өткізілуде. Солардың ішіндегі ауқымдысы, жыл сайын жазушының туған күні қарсаңында өтетін «Бегалин оқулары».\r\n\r\nМіне, осындай көрнекті жазушы, ақын, тарихшы, этнограф, зерттеуші Сапарғали Бегалиннің туғанына биыл 110 жыл толады. Еліміздің жас жеткіншектері осындай тамаша жазушының шығармашылығын білулері керек. Жазушының мерейтойы қарсаңында оның еңбектерін көпшілік арасында насихаттау мақсатымен еліміздің кітапханаларында әр түрлі шаралар өткізілуде. С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы өз тарапынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арнаған «Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы» әдістемелік құралды көпшілік назарына  ұсынып отыр.\r\n\r\nҚұрметті балалар оқуының жетекшілері мен кітапханашылар!\r\n\r\nХалықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп бүгінге жеткізген ардақты ақсақал  Сапарғали Бегалин — біздің алтын сандығымыз. Ол сандық ашқан сайын көз қызықтырып, көңілімізді өсіреді. Осы игілікті іске сәт-сапар тілейміз!\r\n\r\n Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы\r\n\r\nӘңгіме\r\n\r\n \r\n\r\n…Еңсеңді көкке көтере,\r\n\r\nКен есігін кең аштың,\r\n\r\nБайлықтың өрін төтелеп\r\n\r\nМақтасам қалай жарастың.\r\n\r\nӨсіп ем сенің өріңде,\r\n\r\nҚайнарыңнан нәр алып,\r\n\r\nАлуан қилы өмірге\r\n\r\nЕр жеттім сенде жаралып…,-деп «Туған жер» атты өлеңінде өзі жырлағандай Сапарғали Бегалин бұрынғы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан), Абай ауданы Дегелең ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Сапарғали атаның ата қонысы-Шоқан мадақтаған, қобызға тартып, ән салған, үлкен эпикалық дастандар тудырған, айтыс ақыны Жанақ жүйрік жырына қосқан Арқаның киелі мекендерінің бірі- Дегелең таулары. Бағзы қазақ қауымындағы жақсы дәстүр бойынша, атасы Бегалы немерелері секілді Сапарғалидың да бес жасында кәлимаға тілін келтіріп, арабша сауатын ашып, өзі оқытқан.  Осы алты-жеті жылға созылған сабақ обал мен сауап, күнә мен қылмыс, жұмақ пен тозақ секілді мәңгілік сұрақтарға имандай ұйытып жауап беріп, Сапарғалидың мінез-құлқын, кісілік келбетін, жүріс-тұрысын исламның адамгершілік мұраттары негізінде қалыптастырып, кейін таулар құлап, дариялар арнасынан ауып, тұтас қауымдар күйреп жатса да, құбылып, өзгермейтін рухани әлемнің алтын өзегін жасап берген.\r\n\r\nТабиғатына зерек, ұғымтал балаға оқу оқыған, білім алған өте ұнайды. Бала Сапаштың одан кейінгі білім алуына немере ағасы, сол кездегі оқымысты Ысмағұлдың ықпалы өте зор болады.  Сол жылдары Тәшкенттегі мұсылмандар медресесін бітірген Ысмағұл туған ауылына қайтып оралған болатын. Оның қаладан өзімен бірге алып келген шығыс әдебиетіне, тарихқа байланысты және бастауыш мектебіне арналған оқулықтары ауыл балаларының жаңаша сауатын ашуларына көп көмегі болды. Сол кезде-ақ, ағасы кішкене Сапаштың алғырлығына көңіл аударып, оны үнемі жанынан тастамай Қарқаралы, Семей сияқты қалаларға ертіп жүретін.  Немере ағасының көмегімен Сапарғали Фирдоусидың «Шахнамасын», Ахмет Иассаудың «Хикметімен», Сайхали мен Бақырғани өлеңдерін, «Жүсіп-Зылиқа» дастанын, «Мың бір түнді»  бас алмай, жастығы астына жастанып оқиды. \r\n\r\nҚазан баспасынан шыққан қиссалармен, хикаялармен танысады. Оқыған сайын өзіне үздіктіретін «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Қыз Жібек», «Ер Көкше» жырларын және де  көптеген  ертегілерді жаттап, жұртқа жаяды. \r\n\r\n«Осыншама өмірдегі ең бір оқшау бақытты кұндерімнің бірі деп әкем Семейден Абайдың 1909 жылғы алғашқы жинағын базарлыққа берген күнін айтар едім. Содан бері ұлы ұстазымыздың ұлағатты сөздерінен екі елі ажырап көрген емен. Менің ең үлкен ұстазым-халық, ел дәстүрі. Ал әдеби үлгі-өнегем-Абай», — дейді жазушының өзі.\r\n\r\n  Жазушының бұдан былайғы өмірі үнемі күреске, тартысқа толы болды. «Шешеміздің айтуы бойынша, салқын күздің аяғында, терістіктен ызғырықтап жел соғып, ұшқындап қар жауып тұрған суық күні дүниеге келіппін. Табиғаттың маған еншіге бергені ме, әлде жасағанның бұйрығымен болатын құбылыс па,-білмеймін, әйтеуір жылда осылай, менің туған күнімде терістіктен жел ызғырықтап, ұшқындап қар жауып тұратын әдеті. Бүгін де, міне, ауа райының күрт бұзыла қалғанын көрмейсің бе. Сірә, мені қыспаққа салғысы, сынап алғысы келетін шығар. Бірақ мен де көне қоймаспын»,-дейді жазушы.\r\n\r\nШын мәнінде солай. Табиғаттың да, тағдырдың да Сапарғали ақсақалға тартқан сыбағасы жеңіл емес. Сапарғали Бегалин өз өмірінің жастық шағын суреттеп, ертеректе жазған бір өлеңінде былай дейді:\r\n\r\nМен бала боп өскелі,\r\n\r\nЕлім боп өмір кешкелі,\r\n\r\nҚай белесті аспадым,\r\n\r\nҚай қиянды баспадым.\r\n\r\nҚай азапты көрмедім,\r\n\r\nҚай мазаққа көнбедім.\r\n\r\nАлаңсыз өмір кешкен бүлдіршін шағынан кейін, ақынның жасөспірімдік шағы қараңғылық қамаған көңілсіз, жүдеу өмір қыспағында өтеді. \r\n\r\nЖұттан қашып, алыстан жұмыс іздеген әкесіне еріп, 1911 жылы қалаға келген бала пристаньда қара жұмысқа түседі. Содан қазақтың тұңғыш ағартушы- мұғалімі Құлжанов Нұрғали мен Нәзипаның үйінде атының басын ұстап, делбеші боп жүріп, орыс-қазақ училищесін 1915 жылы бітіріп шығады. Семейде оқып жүрген шағында Сапарғали кәдімгі атақты Абай келіп орыс әдебиетінің классиктері Толстой, Лермонтов, Пушкиндермен тұңғыш танысқан Гоголь атындағы кітапханадан кітап алып оқиды. Көбінесе Абай өлеңдері мен Тоқай өлеңдерін қайта-қайталай, ойлана, толғана оқиды. Сапарғали алғаш өлең жазғанда осы екі ақынға ден қойып еліктей жазады. 1914 жылы жас Сапарғалидың тұңғыш өлеңі «Айқап» журналында басылады.\r\n\r\nҚыналған киім, сыптай бой,\r\n\r\nҚырынған жігіт желөкпе ой,\r\n\r\nКиініп кербез ат баптап,\r\n\r\nІздегенің айт пен той.\r\n\r\nБарыңды киіп үстіңе,\r\n\r\nҚырынып үсті-үстіне,\r\n\r\nЕл қыдырып, ет аңдып,\r\n\r\nОныңнан пайда түсті ме…\r\n\r\nБір жілік үшін ел кездің,\r\n\r\nАтын алып кербездің,\r\n\r\nАлтындай уақыт босқа өтті,\r\n\r\nОныңнан, құрбым не сездің?…\r\n\r\nТалапсыз, ойсыз, бос кеуде,\r\n\r\nЕрмегің елден ет жеуде,\r\n\r\nКөп барған үйің мезі боп,\r\n\r\nҰялар бірақ «кет!» деуге.\r\n\r\nАрдақты құрбы, көп інім\r\n\r\nҚалса да айттым көңілің,\r\n\r\nБос жүрме ізден, оқу тап,\r\n\r\nБосқа өтпесін өмірің.\r\n\r\nБұл өлең өз заманына лайық, өз тұсындағы өзімен құрбылас ауылда қымбат уақытын босқа өткізіп жүрген жастарға арналған. Жас ақынның алғашқы туындылары  «Азамат арманы», «Көшер ме тұман серпіліп», «Қазақ қыз-бозбалалары» атты өлеңдері болатын.\r\n\r\nС.Бегалиннің тырнақалды өлеңдерінен жалындаған отансүйгіштікі, туған елге деген ұшқындаған жастық сезімдерді байқауға болады:\r\n\r\nСүйем сені, асқар таудың әр басы,\r\n\r\nАсылғанда ай толықсып төбеңнен.\r\n\r\nСүйем сені, шыққан күннің шұғыласы,\r\n\r\nЖер мен аспан қуанышқа бөленген.\r\n\r\nСүйем сені, жар тастардың қиясы,\r\n\r\nКүн сәулесі ойнағанда бетінде.\r\n\r\nСүйем сені, батқан күннің ұясы,\r\n\r\nАлтын шапақ ойнағанда шетінде.  \r\n\r\n1916 жылғы дүрбелеңде окоп қазуға зорлық-зомбылықпен жіберілген жігіттердің қалың легінде Сапарғали да кете барады. Мұстафа Шоқай басшылығымен Думадан арнайы шешім алдырып азаматтарды аурудан, өлімнен құтқарып, 1917 жылы  елге оралады.\r\n\r\nБұл тұста жас ақын бірталай өлеңдер жазады. Кейінгі жылдары сотта, газетте, ғылыми қызметте, Жазушылар Одағында кеңесші болып істейді.     \r\n\r\nСапарғали Бегалиннің артына қалдырған мұрасы әжептәуір. Оның шығармашылығы сонау бозбала кезінде жазған тырнақалды өлеңдерінен бастау алса, ең соңғы туындысы ғұмырнамалық «Замана белестері» атты роман. Октябрь революциясының алғашқы күндеріндегі қазақ ауылындағы, қаладағы әлеуметтік –психологиялық өзгерістерді көрсететін  деректі негізі бар мемуарлық еңбек. Шығарманың басты кейіпкерлері-белгілі қоғам қайраткері Мұқаметқали Тәтімов, қазақ әйелінен шыққан алғашқы оқымысты, көзі ашық жандардың бірі-Нәзипа Құлжанова, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, тағы басқа аты, есімі мәшхүр адамдар. С.Бегалиннің бұл романын Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғабиден Мұстафиннің «Көз көрген» сияқты айтулы шығармаларымен заңды түрде қатар қоюға болады.\r\n\r\nАқын Сапарғали -әсіресе, поэма жанрында көп көсіліп, ұзаққа, алысқа сілтеген қаламгер. Бұл саладағы оның көп еңбегі сөз арасында, ат үсті айтылғанымен, терең талданып, өзіне лайық бағасын алмағандығын өкінішпен ескерте кетудің артығы жоқ деп білеміз. Халық аңызының ізімен жазылған әдемі поэма «Абақ арманы». Бұл поэманы оқи отырып Абай, Ілияс құдыреттерімен жасалған тұлпарлар сапына тағы бір сәйгүлік қосылғандай әсер аласың.\r\n\r\nСапарғали Бегалиннің өткен өмірге арнаған, дерегі, ізі бар материалға сүйеніп жазған дастандарының ішіндегі ең шоқтығы биігі-дау жоқ, атына қатысты туған «Баян жүрек» поэмасы. Қазақ жігіті Сайқым мен қалмақ қызы Баян арасындағы махаббат, ерегістен ығыр болған екі ел арасындағығы келіспеушілік,  достықпен табысуымен сәтті көрсетілген.\r\n\r\nСапарғали ақсақалдың Ұлы Отан соғысы тұсында, еліміздің үстіне қатер төнген кезде жазған шығармалары өз алдына ауыз толтырып айтарлық еңбектер. Адамдар ерлігін, батырлығын мадақтайтын «Алтай аңызы» (Төлеген Тоқтаров туралы), «Қанатты қазақ» (Нүркен Әбдіров туралы), майданда отан қорғау жолында еңбегімен көзге түскен қазақ әйелі туралы «Жәмилә» деген, фашистердің оқ-дәрі жинаған қоймасын ойрандап, өртеп, сол Отан үшін өзі құрбан болған жас батыр қыз туралы «Орыс қызы» сияқты тебірене оқитын шығармалар жазды.  \r\n\r\nАқынның «Жаз лебі», «Көктем бұлты», «Нөсер артынан», «Сарыжайлау» секілді өлеңдері –сұлу бейнеленген пейзаж үлгілері. Сондай-ақ өзгеше жазылған «Кавказ аңыздары», «Бұқара-Самарқанд сапары»  топтамаларынан да тосын образ, әдемі деталь, есте қалар бейнелер табуымызға болады. Ұлы Абайға, Мұхтарға, Қасым Аманжоловқа арналған өлеңдерге жүректің тереңінен шымырлап шыққан сыр, таза сезім жан бітірген.\r\n\r\nСапарғали Бегалин жиырмасыншы-қырқыншы жылдары ел ішінде қызмет істеген кездерінде еліміздің кең атырабын көп аралап, ескініңкөздерімен табақтас, дәмдес, сырлас болған. Осы сапарында ол естіп, іріктеп, екшеп қағазға түсірген дүниелер-мол қазына. Халық ақындары Иса, Шашубай, Төлеу, Доскей, Қуат шығармаларын сұрыптап бастырып, олардың тұңғыш өмірбаянын жазған. Сапарғали Бегалин қазақ халқының ардақты ұл-қыздары Тәттімбет, Әміре, Естай, Майра, Қажымұқан, Қалыбек тұлғасын кейінгі ұрпаққа танытуда мол еңбек сіңірген. \r\n\r\nС.Бегалиннің зерттеуші, оқымысты, фольклорист ретіндегі ең жемісті, ең бағалы туындысы-«Жамбылдың ата тегі, өмірі» деген іргелі зерттеуі деп білеміз. Жамбылдың көзі тірісінде өзінен, онымен өкшелес қарттардың аузынан жазылып алынған бұл еңбекте ұлы ақынның өскен ортасы, ата бабасы, алған тағылымы, мінез-құлық ерекшеліктері туралы аса қызық деректер бар. Мұның үстіне Жетісу атырабының аңыз-әңгімелері, жүйрік аты, қыран құсы, сал-серісі, ақын – жырауы, домбырашысы-күйшісі жөніндегі деректер де өте бағалы, дәл.\r\n\r\n«Айдос», «Ұр, торпақ» дастандарынан фольклордың жақсы әсері, өрнек-бедері, бояу нақышы байқалады.\r\n\r\nЖазушының қазақтың көшпелі, бұрынғы тұрмыс-әрекетін жіті білетіндігі әңгіме, повестерінде мал баққан адамның психологиясы, аңшылардың жан дүниесі сенімділікпен, шыншылдықпен бейнеленген. Бұл шығармаларда енді қайталанбайтын, тарих қойнауына кеткен, суреткер қаламы арқылы есте қалар тарихи жанды суреттер бар. \r\n\r\nЖиырманың ішінде бірінші дүниежүзілік соғыстың майданында болып, адам қанының судай аққанын көріп, шошынған, отыздың ішінде жазықсыз елдің тападай тал түсте тоналып, зорлап жасалған тәркілеу кеселінен аштан бұралып қырылғанын көріп, не істерін білмей жүрегі қарайған, қырықтың ішінде ұлтының маңдайына біткен асылдарын атып-асып құртқан зұлымдықты көріп, дүниенің бәрінен түңілген, елудің ішінде туған Дегелеңі атом полигонына айналғанын көріп көзінен қанды жас аққан-Сапарғали Бегалин тіршіліктегі жалғыз медеті қалам қайратынан тапқан. Онда да тап тартысы, науқандық мәселелер емес, саясаттан аулақ, балалар әлемі, табиғат аясы шығармаларының негізгі өзегіне айналған.\r\n\r\nҚазақ әдебиетінің проза жанрында С.Бегалин туындылары бір сала іспетті. Әсіресе, ол балалар әдебиетін дамытуға зор үлес қосып, «Бүгінгі Ыбырай», «Қазақтың Маршагы» атануы тегіннен –тегін емес. Есімдері әлемге аян Том Сойер, Гаврош, Тимур секілді қызық мінезді, қайратты балалардың қатарына С.Бегалин өз кейіпкерлері Сәтжан, Көксеген, Уәш, Ердендерді қосты. Қазір олар орыс, татар, грузин, поляк, корей және тағы басқа әлемнің көптеген елдерінің балаларының сырлас досына, ет жақын бауырына айналды.\r\n\r\nҚазір бір ауыздан балалар әдебиетінің үлгілі туындысы саналатын, кезінде одақтық сыйлық алған әйгілі «Сәтжан» повесіндегі қазға түскен ителгінің қимыл-қозғалысы, динамикасы, өмір мен өлім тайталасы бір оқыған адамның есінен кетер ме?! «Көксегеннің көргендері» повесінде Алтай өңірінің сұлу табиғаты, өзгеше, дара сипаты жақсы берілген.\r\n\r\nС.Бегалин прозасының негізгі арқауы –қақаған аяз, дүлей боран, шыжыған ыстық, небір аптапта дала төсін жайлаған кесек тұрпатты, ірі мінезді жылқышылар, қойшылар, аңшылар. Бұлардың дені өмірдің өріне шыққан егделер мен саналы тірлікке енді қадам аттаған жасөспірім, жеткіншектер-ауыл балалары. Жазушы өзінің балалар жазушысы болып қалыптасуы туралы былай деп еске алады: \r\n\r\n«Шығармашылық-балалық шақ әсерлерінен басталады. Әжеңнен, анаңнан, санаңда ән болып сіңетін бесік жыры, елдің эпос айтушыларынан естіген аңыз, ертегілерін, батырлық ғаламат жырлар бала қиялыңды қозғап, қилы-қилы ойларға жетелері хақ. Біз әдебиетке фольклордан келдік. Халық-ауыз әдебиетінен үйрендік. \r\n\r\nОлар–ертегілер, қиял байлығы-тапқырлық, жауыздықтың жазасы болған халық қаһармандары жайлы аңыз. Адамшылықтың қиыннан қиысқан әр алуан сипатталатын тапқыр ойшылдықтың түрлері кейде жыр болып, кейде тақпақ болып айтылар еді. Балалар жазушысы болып қалыптасуымдағы мектептерім де, осылар»,-дейді жазушы өз естелігінде. \r\n\r\nҚырқыншы жылдардың аяғына таман С.Бегалин әдебиетке біржола оралған сәтінде, оның ойында балалар әдебиеті тұрған болатын. Жазушы балалардың ауыр тағдырын екі рет көрді. Бірі –азамат соғысы жылдары, келесісі-Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарына тұспа-тұс келген еді. Бұл ауыр жылдардағы қабырғасы қатпаған балалар тағдырдың талай тауқыметін бастан кешті. Ата-анадан жетім қалды. Балалар ерте есейді. Осындай Қиындықты көрген адамның балаға көңілі қалай оянбас. Олардың тағдыры жайлы қалай жазбас. Мен екі ғасыр, екі дәуірді көзбен көрдім. Көпті көріп, білу, ауыр бейнеттің дәмін тату-қалай дегенде де, әлдебір талаптарға талпындырады, жұмылдырады. Мені балалар әдебиетіне әкелген де осы жайлар болса керек.  Енді ішіндегі өзіңе ең тартымдысы қайсы дегенге… Өзің жазған шығарма болған соң, олардың қайсысы да жаныңа жақын. жүрегіңе жылы. Әйтсе де өз шығармаларыңды оқушы, сыншы пікірі арқылы сезгендейсің. Әрқайсысына әр түрлі қанағаттанасың. Сондықтан да қаламымнан шыққан шығармалардың оқушы көпшілік жылы қабылдаған «Сәтжан», «Бала Шоқан», «Көксегеннің көргендері» повестерім»,- дейді жазушы ағынан жарылып.\r\n\r\nКөптеген қазақ балаларымен қатар көптеген елдердің балаларының сүйікті кітабына айналған «Сәтжан» повесі дүниеге былай келген екен. Аягөз өңіріне жолсапармен барған жазушы ителгі асырап, құсбегілікпен әуестеніп жүрген Сәтжан деген баламен танысады. Оның тыныс-тіршілігі, сабақты жақсы оқитындығы, бұзау бағушылық жұмысына сондай тыңғылықты баланың тыныс-тіршілігі Сапарғали атаны қатты ойланырады. Бұрын өлең жазып жүрген адамның енді көз алдына көрген оқиғасы повесть болып елестейді. Көрген, зерттеп зердесіне түйген жайлар  толғанысы арқылы «Сәтжан» атты повесть жазып шығады.\r\n\r\n«Түз қырандарын ұстап баулуға Сәтжан аса құмар болатын. Ол Серікбай атасының бүркітін қолына алып жем бергенін, аңға алып кеткенін көргенде, мен де құс салсам, деп аса құмарланатын. Ителгі балапанының дауысы шыққан жерін аңдып көп отырды. Жанай көлеңкеге жантайып жатып әндетіп құстың дауысын елең де қылған жоқ. Сонша болмады, жартастың сайға үңілген қия бетіне екі ителгі ұшып келіп қонды. Біреуі жартастың басына әлден уақытта қайта ұшып шықты. Ителгі ұясы бар деген ойын Сәтжан әбден анықтады…». Міне, жазушының бала ойымен, көркем суреттеп жазған повесі осылай басталады. Құсбегілікті жанындай жақсы көретін Сәтжан анасының көмекшісі, мықты аңшы, жақсы дос.  Сапарғали Бегалиннің әдебиеттің қызықты, абыройлы саласына машықтандырып балалар жазушысы болып қалыптасуына ықпал еткен осы шығармасы екен.\r\n\r\nБалалар әдебиетінің қиын талабы мен абыройлы тәрбиелік сипатын ойлағанда, жазушының өзіне тоқ санайтын ендігі бір шығармасы-«Көксегеннің көргендері».   Жазушы жасынан табиғатты сүйіп өсті. Ешкімге тіс жарып айтпайтын жан сырын табиғатқа айтып, сонымен ғана  қуанышты да, қайғыны да бөліссем дейтін. Жазушы қиялындағы қызық өлкенің бірі—Алтай. Жазушы Алтайдағы «Рахман қайнарлары» санаторийінде демалып жатқан шағында бау-бақшаны баптап күтетін қарттың Көксеген деген баласымен танысады. Ол саяткер бала болып шығады. Аюдың паң жүрісі, қызық мінездері жайлы көрген-білгендеін жыр ғып айтып береді. Осы әңгіме желісі бойынша «Көксегеннің көргендері» деген атпен жаңа повесть өмірге келеді. «Көксегеннің көргендері»  повесінің міндеті-табиғат, жан-жануарлар тіршілігінің сырларын ашу, бала бойына сіңіру. Шығармада  «Жаратылыс ғажап, бір аңның қасиеті мүйізінде, мысалы, бұғының мүйізіндегі қан сан ауруға дәрі. Мына күдірдің кіндігіндегі жұпар да сондай қымбат. Ал аюдың өті сан жараға ем. Міне ғажаптар» деп табиғаттың сан қырлы құпиясын ашып, өзі білетін аңдардың сырларын ашумен болатын Көксегеннің табиғатқа, жан-жауарға деген ерекше ықыласы жақсы суреттелген. Жазушы сомдаған маралшы бала Көксеген өзінің туып өскен даласының еркесі десе де болады. Ол сол даланы қалай сүйсе, оның сырын да сондай жақсы біледі. Оның сол далада көргендерінің өзі-замандастары үшін тамаша, таңғажайып хикая. Сапарғали Бегалиннің мұндай шығармалары бүгінде де мән-мазмұнынын жоғалпайтын туындылар қатарына жатады. Сәтжан, Көксеген сияқты балалар образы арқылы жазушы жас ұрпақ бойына ел сүю, жер сүюдің жақсы сезімдерін егеді, оларды халық дәстүрін үйренуге, оны сыйлауға үйретеді\r\n\r\nЖазушының балалар әдебиетіне қосқан елеулі еңбегінің бірі – «Бала Шоқан». Жазушы Семейдегі «Приходская школасында» оқып жүрген кезінде Шоқан оның аса талантты ғалым, жиһанкез екенін туралы кейбір кітаптардан, Потанин мен Домбровскийдің тебірене жазғандарынан  оқып-білген. Осыдан барып жазушының көкірегіне ұлы дарын иесі туралы, оның балалық шағы туралы жазуға құмарта бастайды. Бірақ, ол бұл жұмыстың оңай еместігін, үзбей дайындық жасау керектігін түсінеді. Көп жылғы ізденістен, Шоқанның туыстарының естеліктері, мұрахат құжаттарының сұрыпталуынан «Бала шоқан» повесі дүниеге келеді.\r\n\r\n«Ауыл күзектен көшер алдында Шоқан Мысықты еркіне қоймай үйіне ертіп келді. Онысының екі түрлі себебі бар еді. Бірі-күзекке келгелі үйір болып өнеріне сүйсінген шебер бала, бөлініп өзінің үйінде қалады. Екіншісі-күздің аяғында етігі жоқ, үстіндегі шапаны далбаланған Мысық жағынан боздағы шығып тоңып жүр екен. Жаны ашып кетті. Апасына еркелене: Мына Мысыққа менің ана қоңыр шапанымды, жеңіл етігімді беріңізші, кисін, -деді. …Екі жағының сөзін де, әке кесімін де тыңдап отырған Шоқан қайта-қайта Әбіл қартқа жалтаңдап қарап, әкесіне наразылана көз тастады. Бірақ, әке үкіміне қарсы келудің, көпе-көрнеу Әбілдердің, анау жаяу-жалпылы шұбап келген кедейлердің көріп отырған теңсіздігіне ара түсудің есебін таба алмады. Оның бар ойы» мынау жерсіз, сусыз, қоныссыз кедейлер қайда барып күн көреді, бұларға кім көмектеседі?!»- деу болды». Повестегі Шоқанның кеңсе күзетшісі, кедей баласы Мысықтың балшықтан ойыншық мүсін жасағанын көріп, талабын танып, оны өзімен бірге оқуға алып кетуі. Әсіресе, осы эпизод жазушыға өте ұнап повесть жазуға жұмылдырған еді.\r\n\r\nСапарғали Бегалиннің  қазақ халқының ұлы дарынды ұлдарының бірі Шоқан Уәлиханов жайлы жазған повесі беймезгіл заманда туып, заманның қыспағына түскен, жарқын талантымен, алғырлығымен қараңғы түнекті жарып өтуге ұмтылған адамның өмірін, балалық, жастық шағын нанымды әңгімелейді. Жазушы ұлы Шоқанның адамгершілік, көпшіл, қайырымды мінездері арқылы тарих белестеріне көз жібереді, тарих пен адамның қарым-қатынасына, адам және оның өзін қоршаған ортадағы күресіне назар аударады. Шоқан бойындағы отаншылдық сезімнің туу, қалыптасу жолдарын бейнелейді.\r\n\r\nЖалпы, Сапарғали Бегалиннің балаларға арналған шығармашылығына шолу жасай отырып оны бірнеше топқа бөлуге болады. Бірінші топқа аң аулауды, мергендерді суреттейтін: «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» деген әңгімелерін жатқызуға болады. Екінші  топтағы: «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» атты поэмалары мал шаруашылығында жұмыс істейтін еңбекшілерді қиын да қажырлы өмірін паш етеді.  Ал табиғатты қорғау, балалардың жан-жануарларға деген қамқорлығы, қоршаған ортаға деген жақсы көзқарас қалыптастыратын «Жас бұтақ», «Қант бұршақ», «Мектеп бағында», «Хат», «Есеннің кірпісі» деген әңгімелері тағы бір топқа жинақталған. Жазушының көтерген  күрделі тақырыбы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Отан қорғаудағы қаһармандық күреске арналған. Бұған автордың «Тағы кездесті», «Машинист», «Жеткіншектер», «Киіксор» атты әңгімелері енген. Жазушы Бегалиннің тағы бір үлкен тақырыбы жас жеткіншектердің кейбір ұнамсыз мінез-қылықтарын, есірткен еркелердің олпы-солпы ұрыншақ мінездерін әшкере етеді, өмірге икемсіздікті мінейді, соларды түзу жолға, жөнге салуға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Бұған автордың «Ойламаған жүріс», «Ұрыншақ», «Жершіл шымшық», «Бес батыр», «Сымбатты Сима» әңгімелері жатады. Жазушының  шығармаларынан өмірді терең таныған мол тәжірибесі көрініп отырады және бұның өзі жасөспірім жеткіншектерге үлгі-өнеге болатыны сөзсіз. Сонымен қатар жазушы өз әңгімелерінде мектеп жұмысын өндірістік оқу жұмысымен тығыз байланыстырып, балаларды болашаққа, дұрыс бағытқа меңзейді.\r\n\r\nӨзінің бүкіл саналы өмірін, еңбегін, шығармашылық қызметін адал қызмет ету жолына жұмсаған Сапарғали ата, өзінің туған өлкесін перзенттік ұлы махабатпен, ыстық жүрекпен сүйетін еді. Оның жер-су, орман-тоғай, өз өлкесінің барша табиғатын соншалық жетік білетін жіті көз Сапарғалиды үлкенді-кішілі қазақ жазушыларының ақылгөйі, «қасындағы жазып қойған хаттай» айрықша зерек,  дарынды адам ретінде сыйлаған.\r\n\r\nМұхтар Әуезов мұхит тектес дарын, телегей-теңіз білім иесі, атақ-даңқы жер жарған, әлемге мәшһүр жазушы, ғалым бола тұра Сапарғали Бегалинді зият тұтып, төрге шығарып, құрмет көрсетіп отырған.  Сапарғали Бегалиннің ауызекі әңгімесін, айрықша зеректігін Мұхтар Омарханұлы ерекше бағалаған. «Абай» романын жазған кезде қасынан шығармай, Шығыс өңірінің, Абыралы, Шұбартау, Қарқаралы өлкесінің керек деген тарихи адамдары, жер-су аттары туралы анықтап, үнемі сұрап отырған.\r\n\r\nМіржақып пен Ахметтің кітаптарын жастығының ішіне тығып сақтап келген Сапарғали жазушы ұлтының рухани мұрасына адалдығын көрсеткен тағы бір сүйсінерлік мінезі осы болса керек. Ол өзінің «Сырым» деген өлеңінде  былай дейді:\r\n\r\nӨмірге түзде туып, қырда өскенмін,\r\n\r\nКүңгірт күн күңіренген жылда өскенмін.\r\n\r\nЕңбектеп ес білгенше балапандай\r\n\r\nТұңғиық тұман басқан күн кешкенмін.\r\n\r\nҚарманып, қараңғыда күнді іздегем,\r\n\r\nСырымды сұрапыл жел білгізбеген,\r\n\r\nӨкпені өрде өшіріп алқынғанмен,\r\n\r\nТар заман күнгейіне кіргізбеген.\r\n\r\n…Тозаңға топтан қалмай ілескенмін.\r\n\r\nБәйгесін бостандықтың құрбылармен\r\n\r\nБірге алып, бірге бөліп үлескенмін.\r\n\r\nСол бәйгем алтын шоқты айдарымдай,\r\n\r\nЗаманда адамдықтың майданындай,\r\n\r\nЖелпілдеп жел естіртіп айдарымнан\r\n\r\nМіне, мен жеттім заман айғағындай.\r\n\r\n         Бұл өлеңде суреткер өз өмірінің негізгі кезеңдерін, ізденісін тап басып тауып айтқан, қысқа айтқан нанымды айтқан. Сапарғали Бегалин өз өмір жолында өзі білген жақсы мінезін, сырын, ақылын, даналығын бойына жинай беріпті, өзін де өзгені де байытар рухани мол күш жинапты. Міне, шежіре адамның өмірі қандай қызық болса, шығармашылығы да сондай қызық.\r\n\r\nСапарғали Бегалин 1983 жылы дүниеден өтті.\r\n\r\nҚазақ балалар әдебиетіне сіңірген ересен еңбегі үшін «Құрмет белгісі» және «Халықтар достығы» ордендерімен және бірнеше медальдармен мараппатталған.