Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы — «Ең үздік 20 мұғалім» сайысына қатысушы

0

\r\n

Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

\r\n

№249 мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі

\r\n

Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы

\r\n \r\n

        «Ең үздік 20 мұғалім  » сайысына қатысушы АНКЕТАСЫ                   

\r\n

 

\r\n\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

Аты-жөні23.12.1961 Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Туған күні, жылы 23 желтоқсан 1961 жыл
Мекен-жайы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Сүлейменов 2а. Квартира 4
Жұмыс орны Қызылорда облысы Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп – лицейінің математика пәні мұғалімі 
 Бітірген оқу орны \r\n

    \r\n

  • Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институт.
  • \r\n

  • Бітірген жылы: 1982 жыл
  • \r\n

\r\n

 Еңбек өтілі 32 жыл
 Жетістіктері   \r\n

    \r\n

  • «Жыл мұғалімі-98»
  • \r\n

  • 1999ж. Облыстық XXXIV пед оқу,II орын,
  • \r\n

  • «Алғыс хат»,обл.білім жетілдіру институты
  • \r\n

  • «ҰБТ-ға дайындалуға арналған тест тапсырмаларының шешу жолдары» атты әдістемелік құрал авторы.2013 жыл
  • \r\n

  • «45 минут» Республикалық ұстаздар сайты және «Білімділер» веб сайтынында мақалалары жарияланған, «Білімділер» веб сайтының «Құрмет тақтасына» ілінген.
  • \r\n

  • «Жаратылыстану-математикалық білім берудегі инновациялы технологиялардың пайдалану тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасы Республикалық және Халықаралық   ғылыми-практикалық   конференция  жинағына енген. 2012жыл                         
  • \r\n

  • 2013 ж. «Математика және логика» журналы ұйымдастырған «Конкурстық есептер» сайысының жеңімпазы.
  • \r\n

\r\n

Шәкірт жетістігі \r\n

    \r\n

  • 1996,1997ж.Төлегенова Н Аудандық пәндік олимпиада I орын.
  • \r\n

  • 1998 ж.Қиясова А.10 кл.Аудандық пәндік олимпиада II орын.
  • \r\n

  • 2000ж,2001ж.Дәкібаева Г (10,11кл) II орын, аудандық пәндік олимпиада,«Грамота»Аудандық білім бөлімі,
  • \r\n

  • 2001ж.Дәкібаева Г (11кл) Обл.ғылыми жоба,IIорын,«Диплом»,обл.б.б
  • \r\n

  • 2000ж,2001ж.Құрманбаева Г (8,9 кл) II орын, «Грамота» Аудандық білім бөлімі
  • \r\n

  • 2002ж.Тілеуқұлова Р (6 кл)Облыстық математикадан логикалық олимпиада «Марапат қағазы»обл.б.
  • \r\n

  • 2003ж.Достанова Р (10кл) II орын,аудандық пәндік олимпиада,«Грамота» Аудандық білім бөлімі
  • \r\n

  • 2005ж.Тілеуқұлов Р(8кл)«Кенгуру» халықаралық математикалық ойын сауығы«Диплом»Дарын орталығы
  • \r\n

  • 2006ж.Тілеуқұлов Р (9кл). II орын,аудандық пәндік олимпиада «Грамота» Аудандық білім бөлімі
  • \r\n

  • 2008ж.Жұмағали А,Қарасаева А,Көзімаева А (8кл).
  • \r\n

  • 2010ж. Сәдір Б(10кл) III орын «Ақбота» интеллектуалдық марафоны.«Диплом» Дарын орталығы
  • \r\n

  • 2010ж,2011ж.Тұрғанбай Г(8,9кл) II,III орын, Ауд пән олимп«Диплом»,«Мақтау қағазы» Ауд б.б.
  • \r\n

  • 2012ж.Қалиядин А (10кл) II орын,аудандық пәндік олимпиада «Мақтау қағазы» Аудандық б.б.
  • \r\n

  • 2011 жыл Г.Дәкібаева(11кл) «Нарықтық экономика жағдайында материалды тиімді пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жобасы «Білім мен ғылым жолы- болашаққа нық қадам» атты жинаққа енген.
  • \r\n

  • 2012ж.Қалиядин А (10кл) II орын,аудандық пәндік олимпиада«Мақтау қағазы» Аудандық білім бөлімі.
  • \r\n

  • 2012жылы «Жас ғалым-2012» Әліш А (7кл) I орын«Мақтау қағазы» Аудандық білім бөлімі
  • \r\n

  • 2012жылН.Болатбекова,К,Ерхан,А.Раушанбек,А.Шындаулетова (7кл) III Ресей қашықтық олимпиадасы II-ші дәрежелі Диплом
  • \r\n

  • 2012ж.Б.Төлеген,Т.Таубай, Т.Мейрамов, А.Қалиядин,А.Шүйіншалі(10кл) «Дарын» Республикалық сырттай оқу мектебі«Сертификат»
  • \r\n

  • 2012 жыл Д.Жұбатқан ,  Н.Қаразым,  А.Асқар (7кл) IV Ресей қашықтық олимпиадасы «Сертификат»
  • \r\n

  • 2012 жыл Б.Төлеген, Т.Мейрамов, А.Қалиядин(10кл)және А.Ерназар(11кл) VIII Халықаралық олимпиада «Диплом»  УрГПУ
  • \r\n

  • 2012 жылы А Құдайберген(9 кл)және Н Ермаханов(7 кл) КИО-ның күміс жүлде иегері
  • \r\n

  • 2013жылы.Қалиядин А (11кл) I орын,аудандық пәндік олимпиада«Мақтау қағазы» Аудандық білім бөлімі.
  • \r\n

  • 2013жылы Қалиядин А (11кл) облыстық пәндік олимпиада «Сертификат» облыстық білім департаменті.
  • \r\n

  • 2013 жыл Б.Әбжали(9кл), Асқар Айбек(7кл) IX Халықаралық олимпиада «Диплом»  УрГПУ
  • \r\n

  • 2013 жыл А.Қалиядин (25ұпай),Т.Таубай (23 ұпай),Ж.Сейілжан (22ұпай)-Алтын белгі және Б.Төлеген(22 ұпай)-Үздік аттестат иегері
  • \r\n

\r\n

Кәсіби байқаулар  \r\n

    \r\n

  • «Құрмет грамотасы» обл білім департаменті,1997 ж
  • \r\n

  • «Алғыс хат» Обл кадр біліктілігін арттыру институт 1999ж-
  • \r\n

  • «Құрмет грамотасы» аудандық білім бөлім»  1998ж.
  • \r\n

  • «Құрмет грамота» аудандық білім бөлім»  2010жыл.
  • \r\n

  • «Грамота» УрГПУ .VIII,IX халықаралық олимпиадаға оқушы қатыстырғаны үшін. 2012 ,2013 жыл
  • \r\n

  • «Сертификат» III,IV Ресей қашықтық олимпиадасына
  • \r\n

  • оқушы қатыстырғаны үшін. 2012 жыл
  • \r\n

  • «Құрмет грамотасы» Республикалық Білімділер порталы  2013ж.
  • \r\n

  • « Алғыс» Қазалы ауданының әкімі 2013жыл
  • \r\n

  • «Құттықтау» аудандық білім  бөлімі 2013 жыл
  • \r\n

\r\n

Алға қойған мақсаты Өмірден өз орынын таба білетін білімді жастарды тәрбиелеу
Байланыс телефоны                Тел:35-3-52, Ұялы тел: 87757795861 
Электронды пошта                     Aygul.sansyzbay@mail.ru

\r\n

 

\r\n

 Сабағы: https://martebe.kz/%d1%81%d0%bb%d0%b0%d0%b9%d0%b4-%d1%81%d0%b0%d0%bd%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%b0%d1%80%d0%b8%d1%84%d0%bc%d0%b5%d1%82%d0%b8%d0%ba%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d0%be%d1%80%d1%82%d0%b0%d1%81/

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық — азаттық көтерілісі

0

Қазақ халқы көшпелі салтта, ақсақал дәуірінде болды. Қара бұқараның билігі ру бастықтары – билердің қолында болды. Руды билеген билердің өз руынан айырықша тілегі болмады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚара шаруа мал бағуға лайық шарттар тіледі. Қоныс жайлы болса, ел бейбітшілік болса, малға, адамға түсетін салық аз болса, талас шыққанда әділ билік айтатын ақсақалдары болса – қара халықтың көңілі тыныш болды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕл билеген ақсақалдар да елдің тілеген тілеп, елдің жоқшысы болды. Ақсақал болу, би болудың өзі елдің сайлауынан болғандықтан, бұлар елден бөлініп кете алматын еді.\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен қазақтың брынғы дәуірінде қара халықтың арасында бөлек таптар болмады.\r\n\r\nРуларды біріктіру үшін «Ақсүйектен» қазақ халқы хан сайлайтын еді. Ханды ру басылары – билер сайлайтын еді.\r\n\r\nХандардың мақсаты — өздерін күшті қылу, халыққа айтқанын істету еді. Хандарға салтанатты болуға елден алым – салғырт керек болды; күшті болуға әскер керек болды; атақ үшін жауласу керек болды, тағы тағысын. Ханның табиғаты қара халықтың тілегіне қарсы болды.\r\n\r\nҚазақтың ескі тұрмысында алғашқы кезде таптықты хандық туғызды. Хандар, төрелер, бұлардың нөкерлері, төлеңгіттері бір тап еді. Өңге халақ бір тап еді. Бірінші таптың тамағы, атақты болуы, күшті болуы секілді тіршілігінің бәрі екінші таппен байланысты болды. Сондықтан таптың мақсаты қара халықты қойдай қылып жусатып алып, қосақтап сауу еді, құрай, құрайлап суғарып, кішиттеп оттатып, соғым қылу еді.\r\n\r\nҚара қазақта мұны жақсы білетін. Сондықтан қазақтың хандары күшті бола алмады. Қара қазақтың жоқшысы болған билер қара бұқараны хандарға ерттеп мінгіздірмеді. Бұлар хандарды жүгендеп ұстады.\r\n\r\nЖүгенделуге хандықтың табиғаты қарсы. Хандар жүгенді үзуге түрлі тәсілдер құрды.\r\n\r\nРу ара дауларды бітірмей, барымта, жанжалды көбейтіп, руларды алжастырып, атыстырып, шабыстырып, өзіне жүгіндіретін болды.\r\n\r\nОлжаға қызықтырып, қазақтың қанындағы ескі ауруын қоздырып, айналасындағы көршілерімен елді жау қылып қойып отырып, елді биледі.\r\n\r\nАр – намысты сатып, күшті көршіге сүйеніп, қара бұқараны қорқытып биледі.\r\n\r\nОсының бәрі қолынан келмеген күйде елге бағынып, билердің айтқанын істеп отыратын еді. Елді тәсіл мен ұстауға қолынан келмеген, бірақ билерге бағына алмаған хандарды «хан талау» деп, ел талап алып, қуып жіберетін еді не өлтіретін еді (Бұрындық, Тайыр, Нұралы, Есім, Арыстан).\r\n\r\nБіздің білуімізше, елді көршілермен жауластырып ұстаған Еңсегей болы Есім хан, Салқам Жәңгір.\r\n\r\nБөтендерге бағынып, күштіге сүйеніп, елді қорқытып ұстаған Сығай хан, Әбілқайыр хан, Әбілқайырдың тұқымынан шыққан хандар, Абылайұлы Уали хан, Әлмәмбет хан. Билердің дегеніне көніп елді ұстаған Әз Тәуке хан. Жоғарыдағы әдістердің бәрін қатар жұмсап, ел ұстаған Абылай хан.\r\n\r\nҚалмақтан жеңіліп ақтабан шұбырындыға тап болған елдің бөтендермен жауласуға күші көп келмейтін болды. Қалмаққа бағынған қазақ бағынып қала берді де, құлдықтан құтылғандардың өз арасында күшті бүліншілік пайда болды. Ұлы хан қалмақтың қол астында қалған соң, қалған елге ұлы хан болғысы келген хандар көбейді. Әбілқайыр, Қайып, Сәмеке ұлы хан болғысы келіп қатар шықты. Бұлардың қайсысы да бір ауыздан елді тегіс соңына ерте алмады.\r\n\r\nӘбілқайырға елді қорқытып алып хан болудан басқа жол қалмады.\r\n\r\nЕлді қорқыту үшін Әбілқайыр орыс патшасына бағынбақшы болды.\r\n\r\nОсы уақытта елдің билері екі айырылды. Бір бөлек билер басы арғын Жәнібек, табын Бөгембай болып соңына ерген елдермен хан жағына шығып кетті.\r\n\r\nЕл бөлініп қоныс аударған уақытта күшті рулардың аз руларға жәбірі көбейеді. Қоныстың да жайлысы күштілерге тиеді.\r\n\r\nОрта жүзден бөлініп кеткен аз ғана арғынға бүліншілік заманда теңдік аз тисе керек, қоныстың жайлысы екі бастан тимейді.\r\n\r\nКіші жүздің ішінде аз болған жетіру да, жетірудің ішінде табын да Жәнібектің арғыны секілді күйде еді. Бұларға Кіші жүзді билеу үшін, еліне жайлы қоныс алып беру үшін Кіші жүздің билерінен сырт бір күш керек болды.\r\n\r\nОрыс үкіметі жәрдем беріп, Әбілқайыр айбарлы хан болса, бұларға іздегені табылғандай болды.\r\n\r\nСондықтан бұлар бастан – аяққа дейін Әбілқайырды, Әбілқайырдың тұқымын сүйеп кетті.\r\n\r\nБұлар дегеніне жеті. Әбілқайыр айбарлы хан болды. Жәнібек пен Бөкембай Кіші жүзді биледі. Арғын мен жетіру (табын) жайлы қоныс та алды, орысқа, ханға арқа сүйеп, күшті рулардан жарытып жәбір де көрмеді … Бірақ Кіші жүз еркінен айырылды.\r\n\r\nӘбілқайырдан бастап хан табы күшейе бастады. Патша үкіметі ханға зор сүйеу болды. Орыстың әскері елді ханға бағындыруға үлкен құрал болды. Ханға қарсыларға «өбежек» болды.\r\n\r\nСый – сыяпатқа батқан Жәнібек пен Бөкембайдың үлгісі басқа билердің көзін қызықтырып, көңілін бөлді. Хан жақтаған билер көбейе бастады. Қара халықтың тілеуін тілеуден гөрі ханның тілегін тілеген билерге үнамды келді.\r\n\r\nПатша үкіметі жақындаған сайын, хан күшейген сайын қара халықтың күйі нашарлана бастады. Салық көбейді, ел аралаған әскердің, төрелердің, билердің жәбірі көбейді. Бұлардың көбі елдің қамын жемеді, ханның не өзінің қамын жеді.\r\n\r\nБилерді хан тағайындай бастаған соң, қара бұқараның күйі тіпті нашарлады.\r\n\r\nХан төреге, хан жақтаған билерге көніп, қара бұқара да қарап тұрмады, бұларға қарсылығын күшейтті. Таршылықтың түбі патша үкіметінде екеніне түсініп, қара бұқара орысқа қарсы шықты. 1731 – інші жылдан 1870 – інші жылға дейін екі таптың күресі болды. Бірі — әуелі хан, кейін патша үкіметі, бұларды жақтаған төрелер, билер. Екіншісі – қара халық. Ақырында қара халық жеңіліп қалды.\r\n\r\nҚазақтың хандығы ресім он тоғызыншы әсірдің ортасына дейін созылса да, шынында Әбілқайырдан бастап қазақтың хандары патша үкіметінің қолында ойыншық болды. Сондықтан 1731 – інші жылдан бергі Кіші жүздің ханға болсын, сұлтандарға болсын, орысқа болсын көтерлістерінің бәрін патша үкіметіне қарсы көтерлістер деп атау керек.\r\n\r\n \r\n\r\nОн сегізінші, он тоғызыншы әсірлердің қазақтың қозғалысына ең күштілері – Сырымдікі, Исатайдікі, Кенесарынікі.\r\n\r\nҮш қозғалыстың бас мақсаты – қазақты орыстың жәңгірлік құшағынан құтқару. Сырым мен Исатай хандардың патша үкіметінің құралы болғанына түсініп, әуелі орыс үкіметі арқылы хандарды жойып, сонан соң орыс үкіметінен құтыламыз деген саясат жүргізді.\r\n\r\nХандар мен патша үкіметін бірінен берін айыруға мүмкін емес екендігін бұл екеуі тез – ақ түсінді. Сондықтан ақырында хандарға да, орыс үкіметіне де қатар қарсы болды.\r\n\r\nСырым он бес жылдай (1782-1797) күресті. Сырымның уақытында орыс үкіметі қазақ ішінде күшті емес еді. Саясатын ойдағыдай қылып ел ішіне жүргізе алмайтын еді. Бір қолмен хандарды сүйесе, екінші қолымен елді алдау үшін сипайтын еді. Патша үкіметі Сырымды әуелгі уақытта сипады. Сырымның арғы сырына түсінген соң – ақ, үкімет жалт беріп, Сырымға теріс айналды.\r\n\r\nСырым патша үкіметінің сипағанына иланып қалды. Осы илануы елден айырылуға себеп болды. Әуелгі уақытта Кіші жүз Сырымға тегіс – ақ еріп еді. Ақырында Сырым Үргенішке жаңғыз барды десе болғандай болып барып, дұшпандарының қолынан құрметсіз өлім тапты (удан өлді).\r\n\r\nИсатай заманы патша үкіметінің қазақты әбден меңгеріп алуға жақындаған заманы. Бөкейліктің елін меңгеріп алып та еді. Хан орыс үкіметінің қарауылшысы болып қалып еді.\r\n\r\nБөкейліктің елі әуелі Исатаға тегіс ерді. Исатай ханмен, Орынбордағы үкіметпен бітім сөйлесе бастап еді, біріккен ел ыдырай бастады. Бірақ Исатай қатасын тез түсінді де, тез түзетті. Үкімет пен ханды бір депсанап, екеуіне де қатар соғыс ашты. Ел Исатайға тағы ерді. Қара күштен жеңіліп, аз ғана жолдастарымен алақандай жерде қамауда қалғанда да, ел Исатайды ұстап бермеді, Жайықтың берғы бетіне өткізіп жіберді.\r\n\r\nКеңшілікке шығып алып, патша үкіметінен, оған ерген хандардан қазақтың арын алыңда деп жар шашқанда Исатайға қазақ малын да берді, басын да берді.\r\n\r\nБөкейліктен қашып келген салт атты, салбыр қамшы бір қашқынның қасына ауыр әскер қол жинады. Әлімұлы бас болып, Кіші жүз Исатайға ерді.\r\n\r\nИсатайдың қозғалысы екінші дәуірінде екпінді басталды. Патша үкіметі де мұны сезді. Сарыарқаға әскер төкті. Бірақ Исатайдың қимылы аяқталмай қалды.\r\n\r\nОн екінші әсетте Қиыл бойында Исатай арманда кетпегене, бұл қозғалыстың қандай қанат жаятындығы белгісіз еді.\r\n\r\nҚасымұлы Кенесары қазақты орыстан құтқарам деде де, патша үкіметіне, хандарға қарсы болды. Ел соңына ерді. Хан көтеріп, қара қазаққа хан көзімен қарап, ханның саясатын жүргізе бастап еді, көп қазақ соңынан ермеді, қысылған жерде тастап кетті.\r\n\r\nКенесарының Кіші жүзге ешбір әсері болмады. Кенесары заманында Кіші жүз хандардан әбден күдер үзіп болған еді. Кенесарыға Кіші жүз ермеді. Қорқытып бағындаырамын деп, Кенесары 1843 – інші жылы алтын – жаппасты шапты, Көбекұлы Алтыбай биді өртеді, сол жылы Ойыл бойындағы шектіні шапты. Кіші жүзбен жау болып, ақырында тұра алмай, ауып кетті.\r\n\r\n1843 – інші жылы шектінің назар деген бөліміне Кенесары мынандай әмір жазған: «Біздің адамдарымыздың сендерде қаны бар. Кінәлеріңді мойындарыңа алыңдар, мені хан деп таныңдар, мендік болыңдар, менің сендерге жақын болғым келеді.\r\n\r\nҚұдайдан қорықпай сендер маған қарсы болдыңдар, әруақты сыйламадыңдар. Кінәлеріңді мойныңа алсаңдар, ішіңдегі жақсыларың маған келсін. Мен сендерге қайырымды боламын, келмесеңдер, сендерді отыз жыл күтемін де, сендерді отыз жыл аямай шабамын» деп22.\r\n\r\nКенесары мен Кіші жүздің арасының қандай болғаны осыхаттан – ақ көрініп тұр.\r\n\r\nКенесарының Ойылдағы елді шапқанда орыс, қазақ аралас көп әскермен Кенесарыға қарсы Баймағамбет төре шығады. Кенесары қашады. Баймағамбет қуады. Бір жерге келгенде, «Кенесарының жіберген елшісімін, Баймағамбетпен сөйлесемін» деп, әскерге жақын Наурызбай төре келеді. Баймағамбет қорқып өзі шыға алмай, біреуді жібереді. Барған адамға Баймағамбетті боқтап – боқтап кейін қайтсін, қумасын деп, Наурызбай сәлем айтады. Байеке ашуланып, атыңдар дейді. Мергендер атуға ыңғайланады. Дегенмен Наурызбайды қимай кідірістейді. Көптің ішінде Исатайдың жолдасы Махамбет батыр бар екен, о да оқталады. Махамбеттің атса оғы бос кетпейтінін білетін қасындағы жолдастары қолынан ұстай алып, «а … батыр саған не болды, бұлар орысқа қарсы ғой» дейді. Сонда Махамбет «Тас бауыр төрені қазаққа болысып, орысқа қарсы болды дегенге кісі нанар ма? Ел бұзар екені бетінен – ақ көрініп тұр ғой, мылтығымның тауын қайтардыңдар енді атпаймын» дейді.\r\n\r\nМахамбеттің осы сөзін біреу Баймағамбетке жеткізеді. Махамбеттің өліміне осы сөзі себеп болыпты – мыс деп айтысады.\r\n\r\nҚоныстың тарылуы, жердің азаюы, елдің түрлі таршылыққа қалуы, үкіметтің (билеуші таптың) зорлық – зомбылығы қара бұқараны көрген күніне наразы қылып, түрлі қимыл туғызады. Адастыратын соқпатарға түспей, көдеген нысанаға жеткізетін дұрыс жолмен жүргізе алса ғана осындай қимыл жемісті бола алады.\r\n\r\nЕлдің қимылын жолға салып, ұйымдастырып отыратын көсем керек. Бұндай уақытта құрастырушы көсем шықпаса, елдің қимылы бытырап, шашылып, ұлы мақсаттың орнына уақ пайда туып, ұлы қимыл аяқсыз қалады. Қимылдың көсемі бас пайдасынан баз кешіп, жан – тәнімен көптің тілегін орындау керек. Ұлы қимылдардың уақытында көптің әлеумет сезімі өте күшті болады. Ел бастаған көсемнің ізі бағулы болады. Көсемнің басқан қадамы, жүрген бағыты көпке жақпаса, халық теріс айналып кетеді. Кешегі мыңды бастаған серке, ертеңгі күні жалғыз маңырап қалады.\r\n\r\nСырым да, Кенесары да ақырында көптен айырлып, жалғыз қалды. Тағдыр Исатайды қаңғыртып қалудан сақтады. Патшалар заманында өлгенінше көпті соңынан ертіп кеткен – жаңғыз Исатай.\r\n\r\nКім біледі, көбірек жүрсе Исатайда қаңғырып қалар ма еді, қайтер еді? Бұл – бимағұлым.\r\n\r\nБірақ тарихқа қарағанда, елдегі әңгімелерге қарағанда да, Исатайдың көпті ертетін ұраны болған.\r\n\r\nИсатайдың көпке шашқан ұраны Махамбет батырдың Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінен ап – анық көрініп тұр.\r\n\r\nЕділді көріп еңсеген,\r\n\r\nЖайықты көріп жемсеген,\r\n\r\nТаудағы тарлан шұбар біз едік.\r\n\r\nИсатайдың барында\r\n\r\nҚара қазан, сары бала\r\n\r\nҚамы үшін қылыш сермедік.\r\n\r\nШабытымыз келгенде,\r\n\r\nАузы түкті кәуірдің\r\n\r\nШетінен сүйреп жеп едік.\r\n\r\nЕділ үшін егестік,\r\n\r\nЖайық үшін жандастық,\r\n\r\nҚиғаш үшін қырылдық,\r\n\r\nТептер үшін тебістік.\r\n\r\nАламанға жел бердік,\r\n\r\nАса жұртты меңгердік.\r\n\r\nҚара қазақ баласын\r\n\r\nХан ұлына теңгердік\r\n\r\nӨздеріңдей хандарды\r\n\r\nҚабырғасын сөгілтіп,\r\n\r\nҚабырғадан аққан қара қан\r\n\r\nАт бауырына төгілтіп,\r\n\r\nӘділ жаннан түңілтіп,\r\n\r\nАт көтіне өңгердік.\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\n \r\n\r\nӨздеріңдей хандардың,\r\n\r\nҚарны жуан билердің,\r\n\r\nАтандай даусын ақыртып,\r\n\r\nЛауазымын көкке шақыртып,\r\n\r\nБасын кессем деп едім.\r\n\r\nЕділдің бойы ен тоғай,\r\n\r\nЕл қондырсам деп едім.\r\n\r\nЖағалай жатқан сол елге\r\n\r\nМал толтырсам деп едім.\r\n\r\nЕңсесі биік ақ орда,\r\n\r\nЕріксіз кірсем деп едім.\r\n\r\nКерегесін қиратып,\r\n\r\nОтын етсем деп едім.\r\n\r\nТуырлығын кескілеп,\r\n\r\nТоқым етсем деп едім.\r\n\r\nТақта отырған хандардың\r\n\r\nТөрде отырған ханымын\r\n\r\nҚатын етсем деп едім.\r\n\r\nӘлдилеген баласын\r\n\r\nЖетім етсем деп едім.\r\n\r\nХан сарқыты – сары бал,\r\n\r\nСұраусыз ішсем деп едім.\r\n\r\nТәнекейдей көріктіңді\r\n\r\nҚалыңсыз құшсам деп едім.\r\n\r\nҚаныкейдей тектіңді\r\n\r\nИтелгі көзін төңкертіп,\r\n\r\nКүшіктей даусын қыңсылатып,\r\n\r\nАш күзендей белін бүгілтіп,\r\n\r\nАт көтіне үңілтіп,\r\n\r\nАртыма салсам деп едім.\r\n\r\n \r\n\r\nЖайлы қоныс табу, қонысты тартып алғандарды жою, хандарды, билерді, төрелерді қыру, қара қазақ баласына теңдік алып беру – міне, Исатайдың ұраны. Исатайдың ұраны өткен әсірдегі саясат партияларының програмаларымен салыстыруға да келеді. Жұрттың Исатайға еруінің себебі осы.\r\n\r\n \r\n\r\nХалықтың аузындағы сөздерге қарағанда Исатайдың өз басының көпті ертетін қасиеттері болған.\r\n\r\nЖауда жанын аямады. Жауласса қолдың алдында, қашса артында болды. Көптің арызын айтамын деп айып тартты. Халықты аяп, қан төкпеймін деп, Орданы қамағанда алданып қалды. Жайықтан өтерде орысты өзі қамап тұрып, көшін, жолдастарын аман – есен өткізіп болған соң ғана өтті. Жортуылға өзі жүрді. Жолдастарын жауға тастамаймын деп барып өлді.\r\n\r\nХалық үшін Исатай үй ішін, туған – туысқандарын садақаға берді. Екі баласы, бір қатыны соғыста өлді. Екі баласы, бір қатыны жаудың қолына түсіп, айдауда шіріді. Ағайындары шабылды, тұтылды. Тырнақтап жинаған мал – мүлкі, бүтін қара орман дүниесі жаудың қолында қалды.\r\n\r\nЖәңгір ханға кәдірлі елдің билері бірнеше рет ханмен бітіремін деп, араға түссе де Исатай болмады. «Халықтың тілегін орындамаған ханмен бітім болмайды» деді.\r\n\r\nОралдағы орыстардың ішіндегі тамырлары да, Оралдың одаманы Покатили де, Орынбордың жандаралы Перовскийдің өзі де бірнеше рет шақырып, дегеніңді істеймін деп, уәде берсе де, сөзіне ермеді, өзінің дұрыс деген жолымен кетті.\r\n\r\nҚанды көйлек жолдасты сары алтындай сақтаған Исатай еді. Жолдасы Махамбет батырдың сөздерінен, ел ішіндегі әңгімелерден Исатайдың көпті бастауға ылайық мінездері анық көрінеді.\r\n\r\nИсатай – нағыз батыр. Орынсыз мақтанның батыры емес, керек орынды батыр.\r\n\r\nМахамбеттің байекеге айтқан сөзіндей қазақ арасында еш уақытта ханға сөз айтылған емес. Махамбет – Исатайдың жолдасы, шәкірті.\r\n\r\nИсатай – би. (Би) ішінде көп сөйлемейтін сабырлы адам. Керек орнында сөзге шешен. Исатайдың сөзіне ешкім шыдай алмайды.\r\n\r\nОраза, намазын тастамайтын Исатай – тақуа адам. Заманындағы көптің көзінде бұ да үлкен қасиет.\r\n\r\nАлдау, арбау, қулық – сұмдықты Исатай білмейді. Ісінің бәрі әділдік туралық.\r\n\r\nХанмен жауласып жүргенде Исатай Бөкейліктегі беріштің Жақсымбет деген биінен ақыл сұрай барады. Ханға қарсылығыңды қой, орысқа әлің келмейді, босқа елді бүлдіресің, Жәңгір ханмен келістіріп, өз басыңа түрлі даража алып берейін дегенде, Исатай тас талқан болып ашуланып көнбейді. Тілін алмаған Исатайға кетерде «берішке тиме, ауылың ғой Жайыққа тиме, үйің ғой, жеңіле қалсаң бұлар қорғаның болар» деп, Жақсымбет би өз руын қорғап сөз айтады.\r\n\r\nЖақсымбеттің ақылын Исатай алмады. Мынау өз руым, мынау бөтен ру деп бөлмейді. Бөкейліктегі соңғы соғыстардың бәрі беріштің үстінде болды. Орыстың әскері, Қарауылқожаның әскері берішті көп талады.\r\n\r\nИсатай қашқаннан соң беріштің елі Жәңгір мен Қарауылқожаның кәріне тап болды. Әуелден ханды жақтаған Балқы би де беріштігінен сенімсіздікке ұшырады. Балқының ауылы ақырында Жайықтың берғы бетіне өтіп кетті.\r\n\r\nИсатайдың ру айырмаған жолы дұрыс болды. Исатады қорғауға беріштің қолынан келмеді. Исатайға бүтін Кіші жүз қорған болды. Исатайды көтермелеп, Кіші жүзге ақырында әлімұлы басшы болды. Әлімнің шекті (назар), шүрен, кете деген рулары Исатайға ауыл болды. Үй болды. Соңғы жорығында Оралға келгенде қасымдағы үш мың қолдың көбі әлім еді. Исатайдың өлетін күні үкімет әскерімен соғысқан жортуылдың көбі Көтібарұлы Есет секілді әлімнің батырлары еді. Исатайдың сүйегі қойылған Шолақмолда деген мола да әлімнің жері.\r\n\r\nҚиын уақытта елге басшы болған адам көпті ұйымдастыра білу керек.\r\n\r\nБөкейліктегі елдің тегісінен Исатайға ергені Исатайдың көпті құрастыра білгендігіне ыспат.\r\n\r\nЖаңғыз өзі қашып барып бүтін әлімді, адайды біріктіргені, түрікпенді. Қиуаны разылап, көңілін тауып, өзіне тілектес қылғаны, Қайыпалды, Науша секілді бұрынғы қашқындарды қасына жинап, өзіне жолдас қылғаны – Исатайдың көпті ұйымдастыруға шебер екенін көрсетеді.\r\n\r\nИсатайдың бабасы ақтабан шұбырынды замандарында ел қорғап, ұранға шыққан Ағатай батыр еді. Ағатайды жұрт әулие дейді. Ата – бабаның аруағын сыйлағыш рушыл халыққа Исатайдың Ағатайдың тұқымы болғандығы да әсер барсе керек.\r\n\r\nҰзын сөздің қысқасы: тарихты, елдегі сөзді тексергенде, Исатай көпке басшы болуға ылайық арнайы туған адам көрінеді. Исатайдың өз басы туралы осы күнге дейін ел арасында түрлі әңгіме көп. Әңгіменің көбі ертегі. Кіші жүздің ішінде жиырма жылдың шамасында Исатайды білмейтін адам аз еді. Исатай – Махамбеттің әңгімесін айтып отырып кердерінің, кетенің, байұлының шалдарының көздеріне жас алғанын өз көзіммен талай көрдім. Махамбет батырдың Исатайды жоқтап, Баймағамбет төреге айтқан сөзі Орал, Тоғай, Бөкейлік, Маңғыстау қазақтарының арасында түгел жайылыулы. Қазақтың арасында мынандай әңгімелер бар. Ағатайдың аруағы Исатайға қонған екен. әруақ түнде ұйықтап жатқанда үш түрлі болып келеді екен: 1) Айдаһар жылан болып келіп, беліне оралып жатады екен; 2) қара бура болып күркіреп омыраулап келіп, үстіне шөгіп жатады екен; 3) қабан болып күрілдеп келіп, қойнына кіріп жатады екен.\r\n\r\nАғатай батыр өлерінде айтқан екен:\r\n\r\n«Менің тұқымымнан жауырда біреу шығады, жалыны жалп етіп көкке жетеді де сөнеді, әруағы меннен артық болады да, өмірі меннен қысқа болады» деп. Бұнысы Исатай екен деп жұрт жорыған – мыс. Осы секілді ел арасында талай әңгімелер бар.\r\n\r\nИсатайдың қимылы он тоғызыншы әсірдегі ел әдебиетіне көп әсер берді.\r\n\r\nИсатайдың ісін дұрыстап әуелі сөз шығарған беріш Қуан жырау. Алаша Сарбөпе бидің Қуан жыраудың сөзіне тоқталып, ұстаудың орнына Исатайға көмектеспек болғанын жоғарыда айтқанбыз.\r\n\r\nЕкінші Исатай туралы көп сөйлеген – Исатайдың жолдасы Махамбет жырау. Махамбеттің сөзі өте көп болған.\r\n\r\nОрал, Торғай, Бөкейлік, Маңғыстау елдерінің арасында Махамбеттің сөздерін айтатын жыршылар күні кешеге дейін көп еді.\r\n\r\nИсатай туралы сөзді көп айтқан адамның бірі – кете Шернияз шешен. Шернияз Исатайдың замандасы.\r\n\r\nШернияз шешеннің Исатай туралы айтқан сөздерінің аз да болса, үлгі келтірелік (Жансүгірұлы Ілиястың Жетісудағы Талдықорған еліндегі Омарбек деген ақыннан жазып алған сөзінен алынды):\r\n\r\n \r\n\r\nАр жақтағы Арынғазы дүмбірлеген,\r\n\r\nБайеке, елің бар ма бүлдірмеген.\r\n\r\nТөре етіп, төбеде төбет қалып,\r\n\r\nТуып тұр ел басына бұл күн деген.\r\n\r\nКешегі Исатайдай асыл ерді\r\n\r\nОрысқа ұстап бердің тіл білмеген.\r\n\r\nҚазақтың қара жұртые быт – шыт қылған,\r\n\r\nТөре емессің, төбетсің, дым білмеген.\r\n\r\nОрыс орман қол салып ортамызға\r\n\r\nЗаманға ұшырадық бұл күн деген.\r\n\r\nАйдаттың жаңғыз бауырың Исатайды\r\n\r\nСенен де қалмақ жақсы шүлдірлеген.\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\nПа, шіркін Исатайдай сабаз тумас,\r\n\r\nҚас етсең қасыңа да адам жуымас.\r\n\r\nЕл ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ\r\n\r\nХан емес, қас қатынсың мұндар қу бас.\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\n \r\n\r\nСағынам ауызға алсам Исатайды,\r\n\r\nЕр тумас ел бағына ондай жайлы.\r\n\r\nҚарадан халқы сүйіп ханым деген\r\n\r\nЖігіт ед төрт тұрманы түгел сайлы.\r\n\r\nКешегі Исатайдың арқасында\r\n\r\nИе едім ен дәулетке басыбайлы.\r\n\r\nИсатай ділмәр еді топтан озған,\r\n\r\nНар еді бәйтерекке мойнын созған.\r\n\r\nАққайың ақтылы қой өрісті алып,\r\n\r\nТырнадай біткен жалқы тарлан боздан.\r\n\r\nШеріңнің шертіп тұрған заманы жоқ,\r\n\r\nДамбалдың иесімін жалғыз тозған.\r\n\r\nЕр тумас ел бағына Исатайдай,\r\n\r\nМінезі толқушы еді толған айдай.\r\n\r\nТарлан боз, тарғыл ала жылқы біткен\r\n\r\nБай еді, құтым еді, о дариға – ай.\r\n\r\nБір жылы біткен бие қысырады\r\n\r\nСонда да құлындады сегіз жүз тай.\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\nОрасан оған бітккен ойсылқара\r\n\r\nКелесіне салушы еді тоқсан бура.\r\n\r\nТай құлындап, тайлағы қайып тұрған,\r\n\r\nШаңырақ ед қыдырлы жұртқа пана.\r\n\r\nЖарлы менен жақыбай көбінесе\r\n\r\nКөрші боп қара бауыр қосқан қора.\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\nОртақ ед оның қойы ағайынға,\r\n\r\nҮлесіп жеп жатушы ед маңайы да.\r\n\r\nАғайын ішіп жатқан, мініп жатқан,\r\n\r\nЖігіт ед құдай берген маңдайына.\r\n\r\nМен емес жұрт мақтаған Исатайдың\r\n\r\nҚайырын қайыр демей қалайын ба?\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\nМасаты төрден есік қызыл кілем,\r\n\r\nҚырық ішік керегеде жанат тиін.\r\n\r\nҚыс болса кертпе қатық ішерсің деп,\r\n\r\nБеруші ед қырық бұзаулы және сиырын.\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\nБәрі де Исатайдың байлығы еді,\r\n\r\nЗерленген қара шақшам тайлық еді.\r\n\r\nИсатай ел еркесі, ел серкесі\r\n\r\nБір мен емес, алашқа жайылым еді.\r\n\r\nЕлге алғау, маған да алғау ер Исатай,\r\n\r\nАйырылып Шерің содан қайғылы еді.\r\n\r\n \r\n\r\nБаймағамбет сұлтан бір күні Шерниязға:\r\n\r\n«Исатай өлген болмай, ұсталып кетіп, қайтып келген болса, қане не айтар едің» дегенде, Шерния былай айтып, мойнынан құшақтар едім депті:\r\n\r\n \r\n\r\nБармысың жауға түскен, алтыным – ай,\r\n\r\nСамалым, саз қонысым, салқыным – ай.\r\n\r\nКәуірдің қоржынына түсіп едің,\r\n\r\nШықтың ба, аман – есен, жарқыным – ай.\r\n\r\nАқ алмас, алтын сапты қылышым – ай,\r\n\r\nҚұрып ең алты алаштың тынысын – ай.\r\n\r\nЖатпапты асыл пышақ қап түбінде\r\n\r\nШықтың ба, қабын жарып ырысым – ай.\r\n\r\nКеткен соң ит малданған сонау жаққа\r\n\r\nТапсырдық құдай менен әруаққа.\r\n\r\nҚазақтың күйі кетті орыс алып,\r\n\r\nТөбеге доңыз шығып, ер аулақта.\r\n\r\n \r\n\r\nБеріш Мұрат ақын да Исатай туралы көп сөйлеген.\r\n\r\nБеріш Ығылман ақынның Исатай туралы шығарған сөздерінің бір бөлегін осы кітапта басып отырмыз. Он тоғызыншы әсірдегі, Орал, Бөкейліктен шыққан ақындардың көбі – ақ Исатайды сөз қылған.\r\n\r\n«Ордасын ажар ету үшін», «арғымақтың аласын бермей, қарасын беріп» заманындағы айтқыштардың көбін Жәңгір хан қасына жинағын. Жәңгірді мақтаған жыршылар, әрине, Исатайды мақтай алмайтын болған.\r\n\r\nБайтоқ, Жанұзақ секілді жыршылар Жәңгірді қанша ұлығылса да Исатайды жеңдік деп мақтап сөз айта алмаған. «Тентегін тыйдың қазақтың» деп, бұлар Исатай туралы тек жанай өткен.\r\n\r\nЕл арасындағы сөздердің бәрі де Исатайды мақтап, ісін дұрыстап, өлгеніне күйініп, жоқтап сөйлейді. Исатайды жамандаған халық арасында сөз жоқ.\r\n\r\nЗаманындағы қас болған Жәңгір мен Баймағамбет те қазақ арасында Исатайды жамандап сөйледі деп естілмейді. Бұлар Исатайды тек «тентек» дейді екен.\r\n\r\nИсатайдың аты бұкіл қазаққа мәлім. Сырдария, Семей, Жетісу қазақтарының арасында да Исатай туралы әңгіме бар. Семей, Жетісу қазақтарының арасындағы сөздер ертегіге ұқсас. Баймағамбет деген хан болған екен. Оның Исатай деген інісі болған екен. Баймағамбет қазақты орысқа берем деген екен. Исатай орысқа бағынбаймын деп, қарсы болыпты – мыс. Екеуі жауласыпты. Баймағамбет пен Исатайдың елі арғын, найман болып шығады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ: ИСАТАЙ, МАХАМБЕТ\r\n\r\n \r\n\r\nИсатайдың көтерлісі қазаққа қандай пайда, зиян берді, патша үкіметіне қандай ой түсірді деген сұрау туады.\r\n\r\nИсатай көтерлісі қазаққа өзінің ел екенін білдірді, жұрттың ұлт сезімін қозғады, қазақтың бірігуіне себеп болды. Бірақ Исатайдың өлімі, артында қалған көптің үкімет әскерінің айбарына шыдай алмай бытырауы, үкіметтің елге тарттырған жазасы қазақтың тауын қайырды. Исатайдан соң көп қазақтың арасында орыс үкіметін күшпен жеңе алмаймыз, қазақтың әлі келмейді деген пікір туды.\r\n\r\nИсатайдан соң үкіметтің жүргізген саясаты да осы пікірді көпке сіңіріп, нығайтуға себеп болды.\r\n\r\nБұрынғы орыстан күшпен құтыламыз деген ойдың орнына, қашып құтылу керек деген жаңа пікір шықты.\r\n\r\nОсы пікірімен барабар «тағдырға көніп», тыныш отырып бағынып, үкіметке жағу керек деген пікір де күшейе бастады. 1869 – 1870 жылдағы ауада осы екі пікірді ел іске асыруға айналды. Құтсыз қонысты тастап ауу керек, Асанқайғының жұртын табу керек деген пікір, әсіресе, ауадан соң күшейді. «Асанқайғыны көксеу» деген дәуір елдің көңілін бөлді, ел арасында өзіне бөлек қимыл туғызды. Ел әдебиетінде осы қимыл жақсы сүгіреттелген.\r\n\r\nИсатайдың көтерлісі қазақтың көзін ашып, патша үкіметін танытты, патша үкіметіне сүйенген хандардың, сұлтандардың қазаққа нағыз дұшпан екендігін анық көрсетті.\r\n\r\nСырымның уақытында хан – төрелерге, хандарға бір бөлек қазақ еріп еді. Исатайдан кейін еркіменен хан, сұлтандарға еретін ел қалмады. Хан сұлтандарға ел өшігіп кетті.\r\n\r\nШекті Көтібарұлы Есет, Нұрмұхамбетұлы Жанғожа, таз Өтен, Нарынбай, Төремұрат секілді хандармен, патша үкіметімен арпалысқан батырлар – ізін басып үлгі алған Исатайдың жеткіншектері еді.\r\n\r\n1869 – 1870 – інші жылдағы ауада да ел, бір жағынан, үкіметпен жауласты да, екінші жағынан, төрелерді талады. Қара қазақтан шыққан патшашылдар кек алу үшін, патша үкіметін төрелерге айдап салды.\r\n\r\nПатша үкіметі де төрелерден перде жасаудың енді керегі жоқтығына түсіне қалды. Бұрынғы бағып – қаққан төрелеріне қырғидай тиді.\r\n\r\nКөптің көңілін алу үшін орынды – орынсыз төрелерге жала жапты, сүргін қылды. Ханның мирасқоры өзі болғандығын анық білдіру үшін хан, сұлтан деген атақты жойды, ақсүйек табын жойып, төрені қара қазақпен тең қылды.\r\n\r\nЕтін мүжіп, кеміріп, майын сорып, итке лақтырған сүйектей қылып, лақтырып тастағанда ғана төрелердің патшашылдары залым үкіметке құрал болғанын бір – ақ түсінді.\r\n\r\nИсата й көтерлісінің соңы – 69 – 70 – інші жылдағы ауа. Бір өшіп, бір сөніп, Исатайдың жаққан оты қырық жылдай тұтанды. Ақырында ауада жалпылдап тағы жалындады. Бірақ қырық жылдың ішінде заман өзгерген еді. Патша үкіметі өте күшейген еді, қазақ әлсіреп, езілген еді. Езілгеннің белгісі ауада ел ала ауыз болды. Бір бөлегі үкіметке бағынып қалды. Көтерілгендерінде де бірлік болмады. Бүтін Кіші жүзге бас боларлық бір адам шыға алмады. Алаша Сейіл, байбақты Беркін, табын Алдаш, Дәуіт, шекті Есет, адай Иса секілді көтерліске бас болған адамдар өз руынан жоғары көтеріле алмады, қанатын кең жаюға бірінің де қолынан келмеді. Полферов деген орыстың сынында 1869 – 1870 – інші жылы ауа «бұғауларына үйренген құлдардың көтерлісі еді»23.\r\n\r\n \r\n\r\nПатша үкіметіне Исатайдың көтерлісі көп тәжірейбе берді:\r\n\r\n1). Төрелер арқылы қазақты ұстап тұра алмайтындығына көзі жетті. Хан, сұлтандардың қазақ арасында әбденкәдірсіз болғанын, қазақтың төрелерге енді бойсұнбайтындығын жақсы түсінді. Хан сұлтандарды итеріп тастап, жылдамырақ бұлардың орнын өзі басуға қам қыла бастады.\r\n\r\n1844 – інші жылы Кіші жүз қазақтарын билеу туралы бірінші толық заң шықты. Хан мен сұлтандардың қолында жарытып билік қалмады. Биліктің бәрі Орынбор ғұбырнаторы мен пограничный кемисиеге көшті. Бөкейліктегі хан, Орал, Торғайдағы сұлтан – прабитілдер ғұбырнатырдың шенеунигіне айналды. Бұлардың жанындағы қорғауға қойылған әскердің саны бес жүз салдатқа жеткізілді. Ел сардарлыққа (дистанцияға), ауылдарға (местілікке) бөлінді.\r\n\r\n2). Қазақтың о заманғы әлеуметшілігінің бір түрі ру еді, рулықтан туған батырлар, билер еді. Үкімет руды жоюға, батырларды, билерді жоюға қам қылды.\r\n\r\nРу сезімін бәсеңдету үшін қазақты руға бөлмеді, әуелі бөлімге (шаске), сардарлыққа (дистанцияға), местілікке бөлді, кейінрек үйезге, округке, болысқа бөлді.\r\n\r\nКөтерліске ұйытқы бола берген шекті, адай секілді бір талай ірі руларды бірнеше облысқа бөліп жіберді.\r\n\r\nШен, шекпен, орын беріп, қазақтың ішінен өзіне сенімді адамдар шығара бастады. Ауа секілді қысылшаң заманда бұндай адамдардың үкіметке зор пайдасы тиді.\r\n\r\nСардар, местий болыс, ыстаршинаны ел сайлайтын, сұлтан – прабитіл ояз тағайындайтын қылып, «ыштат» шығарды. Қазақтың билікке өш сезімін қоздырып, елдің ішін қым – қиғаш талас қылды. Әр ауыл, әр болыс әкім болу үшін үкіметтің адамына жүгінетін болды. Қазақтың ұлт сезімі, бірлік сезімі бірден – бірге кеміп, бара – бара далада қалды. Бұрынғы билердің орнына атқамінерлер мінді, бұрынғы батырлардың орнына барымташы – ұрылар пайда болды.\r\n\r\n3). Әбден езу үшін үкімет қазақтың шаруасын күйзелтіп, өнемейін құртуға ойланды. Қазақтың жерін тартып ала бастады.\r\n\r\nҚазақтың арасына жемқор саудагерлерді айдады. Жұт көбейді. Ел жарлы бола бастады. Екеномике жағынан қазақ нашарланды, орысқа құл бола бастады.\r\n\r\n4). Жайық бойындағы қазақтың көтерлісіне өнемейін сүйеу болып, жан беріп отыратын Сыр мен Маңғыстаудың елдерін шынымен бағындыруға кірісті.\r\n\r\n1839 – ыншы жылы Перовский жанарал Сыр мен Қиуаны жаулап алуға аттанды. Қазақтың қақ ортасына, Жемнің басы мен Шошқакөл деген жерге екі қорған салды. Ақыраптың 21 – інші күні Орынбордан шыққан көп әскер дәлудің 25 – інші күні қыстың қаттылығынан өліп – талып Шошқакөлге азар жетті. Суықтан, аштан үш – төрт мыңдай кісіні қырып, есепсіз дүнияны жойып, 1840 – ыншы жылы жазына Перовский Шошқакөлден қайтарында Баймағамбет төре мен Бижанов деген Орал орысын бас қылып көп әскер жіберіп, Жем бойындағы, Атыраудағы, Шыңдағы, Самдағы, Сағыздағы қазақтарды шаптырып алды. Сыр мен Қиуаны ала алмаса да, қазақты бекем жүгендеуге үкімет бел байлады. Ел ішіне қорғанды салып, әскер қоюға кірісті. 1830 – ынші жылы Маңғыстауға салған қорғанды қайта күшейтті. 1845 – інші жылы Ырғыз бен Торғайға екі қорған салды, 1846 – ншы жылы Арал теңізінің жағасына Райым деген қорған салды. 1848 – інші жылы Қарабұлақ дегенжерге қорған салды.\r\n\r\nБиленттеп қазақ жерін қағазға түсіруге ел ішіне бірнеше рет әскерлі кемисилер жіберілді.\r\n\r\nСаудагерлердің, көршілес орыстардың не болмаса сұлтандардың шағымы бойынша, үкіметке қылмысты саналған қазақтарды жазалау үшін де ел ішіне әскер жиі шығатын болды.\r\n\r\nСөздің қысқасы: Исатайдан соңғы он жылдың ішінде Жайық пен Сырдың арасын орыстың әскері шар қылды.\r\n\r\nЕл ішіне орнаған, ел қыдырған үкімет әскері қазақтың арасындағы қатынасты кемітіп, қазақтың бірлігін жоюға себеп болды. Әскерден сескеніп, оза көшіп, кең жайыла алмай, жайлы қыстаулықты емін – еркін қоныстай алмай, жазы – қысы үркумен болып, қазақтың малы жұтқа шалынғыш болды.\r\n\r\n \r\n\r\nИсатай беріш руынан, беріштің жайық деген бөлімінен. Исатайдың ата тегінің тізілісі мынау :\r\n\r\nЖАЙЫҚ\r\n\r\n \r\n\r\nТЫНЫС НАУРЫЗ БАҚАЙ ДӘУЛЕТ\r\n\r\n \r\n\r\nТІЛЕУКЕ\r\n\r\n \r\n\r\nЕСІРКЕП ШАҒАТАЙ АҒАТАЙ\r\n\r\n(Тұқымы Үргеніште)\r\n\r\nБОҚАЙ\r\n\r\n \r\n\r\nСАРТ ЖАҢҒАБЫЛ БЕКӘЛІ\r\n\r\n \r\n\r\nТАЙМАН\r\n\r\n \r\n\r\nЖҮЗБАТЫР ИСАТАЙ\r\n\r\n(Тұқымы Оралда) (Тұқымы Бөкейлікте)\r\n\r\n \r\n\r\nЕлдің сөзіне қарағанда Исатайдың тегі – шынжырлы батыр. Бесінші буындағы бабасы – беріш деген рудың ұранына шыққан ағатай. Исатайдың тұқымдары осы күгі Бөкейлікте.\r\n\r\nИсатай қырық тоғыз жасында 1838 – інші ит жылы әсеттің он екінші кіні соғыста өлді. Сүйегі Темір үйезіндегі Қиыл деген өзеннің бойындағы Шолақмолада.\r\n\r\n \r\n\r\nМАХАМБЕТ БАТЫР\r\n\r\n \r\n\r\nЗаманында Кіші жүздегі батырлардың бәрі де Исатайға жолдас болған. Бас — басына бұларды тексеруге мағлұматымыз жетпейді.\r\n\r\nТек – азды көпті хабарымыз бар бірнеше бас жолдастары туралы ғана айтпақшымыз. Алдымен Махамбет туралы.\r\n\r\nӨтемісұлы Махамбет батыр – бастан — аяққа дейін қасында жүрген, жаумен жауласып, даумен дауласып, өлімге басын қиған Исатайдың қанды көйлек жолдасы.\r\n\r\nМахамбет беріш руынан, Жайық арасынан. Махамбеттің атасы — Өтеміс, Өтемістің атасы – Құлмәлі. Мәлі деген кісі жауда қолға түскен тұтқын екен. Жайық беріш Тумаш деген адамның балалары еншілес қылып алған. Өзін — өзі қызылбастың Нәдірші деген патшасының тұқымымын дейді екен. Құлмәлі деген бұ күде Гурьев үйезінде Тайсойған деген жерде бір бөлек ел. Құлмәлінің тұқымында би де, батыр да, шешен де, әулие де шықты деп қазақтар ұлықтайды.\r\n\r\nӨтеміс Айшуақтың, Бөкейдің заманында қазақтың қабырғалы биінің бірі болған.\r\n\r\nМахамбеттің Бекмағамбет деген ағасы Жәңгір ханның орда биінің бірі болған, ханды жақтап, Исатай мен Махамбетке қарсы болған.\r\n\r\nМахамбеттің өзіде жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда – ақ Исатайға еріп кеткен.\r\n\r\nМахамбеттің өзі әрі батыр, әріжырау, әрі домбырашы болған. өте қызулы адам екен. Әдіс, шеберлікке кем болса керек. Бағыт алған жағынан тайынбайтын қасарыспа ер екен.\r\n\r\nИсатай жұртты ақылмен, дәлелмен, түрлі әдіспен соңына ерткен адам болса, Махамбет көпті қыздырып, көңілін аударып ертетін адамның түрі болған.\r\n\r\nИсатай ақсақалдармен, бас адамдармен ақылдасып кеңесіп отырғанда, Махамбет айналасындағы үйлерге, ауылдарға қыдырып жүріп өлең айтып, домбыра тартып, жұртты қыздыратын еді дейді – мыс. Махамбет мінезі сотқар, қалжыңқой, бітің – көзің демей ойына келгенін айтып салатын батыл болған. Жауласқан мезгілде өте батыр, айлакер болған. 1838 – інші жылы қауыстың 23- інші күні Бөкейлікте Бекайдар деген жерде Исатайды отыз жолдасымен орыстың отряды қамайды24. Махамбет жолдасымен мылтық атып, садақ атып, найза жұмсап отрядты қайырып, Исатайды екі жолдасыменен шығарып жібереді. Исатай құтылған соң Махамбет жолдастарымен орыстан қашады.\r\n\r\nҚуғыншылар соңынан қалмай қуып, Махамбетті ұстауға таянады.\r\n\r\nСонда Махамбет астындағы бұлық көпшікті жарып жіберіп, ішіндегі мамығын жықындап қалған қуғыншылардың көзіне шашып жіберіп, құтылып кетеді.\r\n\r\nМахамбеттің мінезі Исатайдікі секілді көптің басын құрастырып, бүтін елді соңынан жүргізетін мінез емес, Махамбет жақсы үндеуіш (әгитетір), жақсы бастықтың қолында өте ыңғайлы қолбасы. Ананы – мынаны істеп келге табылмайтын адам.\r\n\r\nМахамбеттің осындай екендігі тарихты тексергенде, елдің аузындағы әңгімені тыңдағанда көрініп тұр.\r\n\r\nИсатай өлгеннен соң – ақ, Махамбет көпті ерте алмады. Исатайдың құрастырған елінен айырылып қалды. Бұған Исатайдың өлімі себеп болды. Көптің тауы қайтты. «Жорықтың алды оңбаған, арты оңбас» деген пікір жұртты меңгерді.\r\n\r\nМахамбеттің мінезі де, Кенесарының жолдасы Наурызбайдың мінезі де тексере келгенде бір – біріне ұқсас келеді. Екеуінде де ерлік бар да, көпті ертетін тәсіл аз.\r\n\r\nРушыл, ата – текті сыйлаған қазаққа Махамбеттің Құлмәлінің немересі болғандығы да, әсер берсе мүмкін.\r\n\r\nМахамбеттің жыраулығы күшті болды. Махамбеттің сөзі көп болған. Көбі жойылған. Ел арасында сақталған сөздерінің бар қатарын осы кітапшада келтіріп отырмыз.\r\n\r\nМахамбеттің сөзінің ішінде ел ішіне көп жайылғаны – Баймағамбет сұлтанға айтылғаны.\r\n\r\nӘлімұлы, байұлы, жетірудың арасында осы өлең көп жайылулы. Біздің қолымызда ел ішінде жайылған осы өлеңнің бірнеше нұсқасы бар. Айтушылардың көбі бірақ Махамбеттің түрлі сөзін қосып шатастырып айтқан. Жетірудың ішінен жиылған нұсқаларда қаталар өте көп, кейбір жерлерінде сөздің негіздерін өзгертіп жіберген.\r\n\r\nБіздің бастырып отырғанымыздың негізіне Мұрат ақыннан естіп едім деп, Шөрекұлы Ығылман ақынның жазып бергені алынды. Қолымыздағы нұсқаларды салыстырып құрастырғанда, бабтарға бөлгенде сөздердің орны аумасып кетуі мүмкін.\r\n\r\nБала күнінен осы сөзге құлағы қанық Махамбеттің еліндегі ақсақал, қарасақалдары біздің келтіріп отырған өлеңімізді дұрыс дейді.\r\n\r\nІсін аяқтаймын деп Исатайдан кейін Махамбет біраз әуре болып жүреді. Бірақ елді біріктіре алмайды. Исатайдың жолдастары, оның ішіндегі Махамбет секілді бастықтарын ұста деген үкіметтің қатты бұйрығы шыққан.\r\n\r\nМахамбет ел ішінде жүре алмайтын болған. Махамбет ақыры ұсталуына көзі жеткен соң, байұлының адамдары басы Үбі, Байнақ дегендер болып, Махамбетті зорлап Баймағамбет сұлтанға алып барады. Баймағамбеттен үкіметке ұстап бермейтін қылып, ел ішіне жүре беруіне рұқсат алып береді. Билердің сөзін қабылдаған соң, Баймағамбет батырды үйіне шақырып танысады. Батыр үйге қару — жарағын тастамай кіреді. Баймағамбет батырдан «бір – екі ауыз өлең айтыңыз» деп өтініш қылады. «Менің сөзім сізге жақпас» деп батыр айта қоймайды. Баймағамбет қайта – қайта өтініш қылады. Сонда Махамбет Исатайды жоқтап, Байекені боқтап, белгілі өлеңін айтады. Байекенің қасындағы жас төрелер батырдың сөзіне ашуланып қызған екен, «Бұлай айтпаса Махамбет батыр бола ма, батырдың сөзін көтермесем мен хан болам ба?» деп Байеке оларды тоқтатыпты – мыс.\r\n\r\n«Ұйалғаннан кірерге жер таба алмадық. Ханның бетіне қарай алмадық, кеткенше асық болдық» деп еріп барушылар талай айтқан екен – мыс.\r\n\r\n«Сөзімді жаратпай, бірдеңе істейін десе, со жерде Байекені қасындағы жолдастарымен жарып тастайын деп отыр едім» деп Махамбет соңынан айтыпты – мыс.\r\n\r\nМахамбет бұлай қылмайды деп ешкім ойламаған, Байеке де бұны сезсе керек.\r\n\r\nБайекеден қайтқан соң Махамбет Оралдағы ағайындарының арасында жүреді. Үкіметке, хандарға қарсы елді азғыруын қоймаса керек.\r\n\r\nБір күні үйіне бір бөлек адаммен досы Ықылас келеді.\r\n\r\nҚонақ болып отырып Ықылас Махамбетті өз қылышымен басын кесіп алады. Ықыластың ру тама, жабал бөлімінен, тұқымдары осы күнгі Орал үйезінде Бөрлі болысында. Ықыласты азғырып өлтіруге жұмсаған Баймағамбет деп айтады – мыс. Батырдың басын апарып бергенде Байеке Ықыласқа айтыпты – мыс:\r\n\r\n«Өлтір деп жіберген жоқ едім, тірілей ұстап әкел деп едім, басын алып кет» деп.\r\n\r\nМахамбет қырық екі жасында 1845 – інші жылан жылы өлді. Сүйегі Ілбішін үйезіндегі Дендер деген жердің күншығыс жағындағы Қараой деген жерде. Бір жылдан соң Ықыластың көмген жерінен ағайындары Махамбеттің басын ұрлап әкеліп, денесімен бірге көмген.\r\n\r\n \r\n\r\nИСАТАЙ КІМ?\r\n\r\n \r\n\r\nИсатай – Бөкейліктің қазағы, руы беріш. Беріштің ішінде жайық, жайықтың ішінде ағатай.\r\n\r\nИсатайдың әкесі Тайман, Тайманның әкесі Бекәлі, Бекәлінің әкесі Боқай, Боқайдың әкесі Ағатай. Исатай 1789 –ыншы ит жылы туды; 1838 – інші ит жылыәсеттің (үйілдің) 12 – ншы күні Темір үйезінде Қиыл деген судың бойында соғыста өлді.\r\n\r\n1830 – ыншы жылдардан бастап Исатай Бөкейліктің Жәңгірдеген ханына қарсы болды. Ақырында елді топтап, ханмен жауласты. Ханға патса үкіметі болысты, Исатайға қарсы көп әскер жіберді. Исатай жеңілді. 1837 –ншы жылы қашып Жайықтың бергі бетіне өтті Әлім деген рудың ішіне келіп, қазақты үкіметке қарсы көтерді. Бүтін Кіші жүз соңына ерді. Қиуа мен түрікпен жәрдемдес болды. 1838 – інші жылы хандарға, патса хүкіметіне қарсы соғыс ашып, өзі Оралға келеді. Аз ғана әскері мен жортуылға шыққанда, абайламай үкіметтің көп әскеріне кезігіп қалып, соғысып өлді.\r\n\r\nИсатайдың соңына Бөкейлікте де, бергі бетте де елдің бәрі ерді.\r\n\r\nИсатайдың ұраны – хандарды, сұлтандарды жою, билікті қара қазақтың өзіне беру, бұзық билерді жоғалтып, әділдік түзеу, орыстың законын тастап, елге қазақтың әдетінше билік жүргізу, қазаққа жақсы қоныс алып беру, хандардың, төрелердің, келімсектердің тартып алған жерлерін қайтарып беру.\r\n\r\nКіші жүздің үкіметке жасаған тәртіпті қозғалысының соңы – Исатай қозғалысы. Бұнан кейінгі қозғалыстар ылғи тәртіпсіз болды.\r\n\r\nИсатайдың қозғалысы патса үкіметіне де, қара қазаққа да көп әсер берді.\r\n\r\nИсатайдан соң патса үкіметі қазақты жүгендеуге шындап кірісті. Түркістанды жаулап алуға бел байлады.\r\n\r\nҚара қазақ ханнан күдер үзді. Өзінің күшіне сенімі кетті. Елдің көңіліне «Асанқайғы» кірді.\r\n\r\nИсатайға заманындағы батыр – билердің көбі – ақ жолдас болды. Исатайдың бас жолдастары мыналар: беріштен Махамбет батыр, байбақтыдан Жүніс, алашадан Ырсалы, ысықтан Қалдыбай мен Қабыланбай, әлімнен Есет батыр, танадан Науша, Есімханұлы Қайболды төре, тағы талайлар …\r\n\r\nИсатайдың қозғалысын басқан соң үкімет елге қатты тиді. Исатайшыларды Бөкейлікте Жәңгір хан тергеді. Көп адам жазаланды, қуғын – сүргін көрді. Исатай туралы толығырақ мағлұмат менің «Исатай — Махамбет» деген кітепшемде берілген.\r\n\r\n \r\n\r\nБАЙМАҒАМБЕТ КІМ?\r\n\r\n \r\n\r\nБаймағамбет төре – Кіші жүзде болған Айшуақ ханның баласы, орыс үкіметіне бағынған белгілі Абылқайыр ханның немересі. 1830 –ыншы жылы нөйебірдің 25 –інші жаңасында Орынбор қазақтарының күнбатыс бөліміне (осы күнгі Орал, Маңғыстау) сұлтан пырауитил болды. Қара қазақ Баймағамбетті хан деп сөйлейді.\r\n\r\nПатса үкіметінің жәңгірлік саясатын жүргізуге үлкен құрал болды. Патса үкіметіне қазақты жуасытып, езіп беруге көп себеп болды.\r\n\r\nБаймағамбет заманында қазақты қорқытып, елді тыныштануға үкімет тарапынан бірнеше құралды күш жіберді.\r\n\r\n1831 – інші жылы Атырау теңізінің жағаларын тексеруге, қорған салуға орын табуға қазақ ішінеКарелин бас болып, бес зеңбірікпен әскер шықты.\r\n\r\n1834 – ншы жылы Карелин мен Мансуров екінші рет шығып, теңіздің жағасына Қайдақ деген қолтыққа, Қызылтас деген жерге қорған салды. Қорғанға көп әскер қойылды. Атырауға жағалай пекеттер қойылды. Қызылтастағы қорған 1846 – ншы жылы Маңғыстаудың Түпқарағанына көшірілді. Осы күнгі Кетік (Порт Александр) сол.\r\n\r\n1836 – ншы жылы жаз күні адайды жуасытуға төрт кемемен Үйшіктен әскер шықты.\r\n\r\n1836 – ншы жылдың күзінде, қысында Маңғыстаудағы адайды көп әскермен барып Мансуров шапты.\r\n\r\n1837 – нші жылы қазақ арасына үш рет әскер шықты. Бірінші әтірет Қобданың бойын, Жемнің басын, Мұғалжар, Ырғыз алаптарын аралап, Борсыққа дейін барып, елді тыншытып қайтты. Екінші әтірет Қобда, Елек бойын тыншытып қайтты. Үшінші әтірет Тайсойған, Қаракүл, Қарабау деген жерлерге барып. Елді жуасытып қайтты.\r\n\r\n1838 – інші жылы Исатай мен Махамбеттің қозғалысын басуға қазақ арасына үш бөлек күшті әскер шықты. Бұлар Исатайды өлтіріп қозғалысты басып қайтты.\r\n\r\n1839 – ыншы, 1840 – ыншы жылы Орынбордың жанарал – ғұбернаторы Перовский, Қиуаға аттанды. Жемге, Шошқакөлге қорғандар салынды. Азық, көлік басшы қазақтан алынды.\r\n\r\n1840 – ыншы жылы Оралдың қазақ – орыстары бастығы Бизанов жанарал мен Баймағамбет барып Темір, Жем, Сағыз бойындағы елді аралады. Перовскийдің әскеріне азық, көлік, адам бермеген қазақтарды шапты. Үстіртке қарай өрлеп, Самға дейін барды. Самнан Жайық бойындағы Кінез (Калмаков) деген қалаға қайтты.\r\n\r\n1843 – інші жылы жазды күні Баймағамбет Ойыл бойына келген Кенесары – Наурызбайға қарсы шықты. Сол жылы күзіне орыстың көп әскерімен бірге Кенесарыны қуып, Баймағамбет Мұғалжар тауына дейін барды.\r\n\r\nОсы жоғарғы айтылған жортуылдардың бәрін де Баймағамбеттің өзі жүрді. әскерге басшы болды, азықшы болды, жәрдемдес болды.\r\n\r\nБаймағамбеттің әсіресе көп еңбек сіңірген жері 1838 – інші жылғы Исатайдың қозғалысы мен 1840 – ыншы жылғы Перовскийдің аттанысы.\r\n\r\nБаймағамбеттің заманында Оралдағы адай көнбей, ауып кетіп, Қиуаға бағынды. Патса үкіметі мен адай көп жанжалдасты. Ақырында бағынды.\r\n\r\n1847 – ншы жылдың басында Баймағамбет сұлтан Петерборға барды. Патса көп құрмет көрсетті, жанарал шенін берді. Жазға салым Петербордан қайтып келе жатып Орынборға түсті. Жанарал – ғұбырнаторда қонақта болды. Баймағамбеттің ауылы Електің сағасында, судың күншығыс бетінде. Қамалдың (марттың) 28 – інші күні Елек суынан қайықпен өтпекші болады. Тасқынның қатты екенін айтып, өтудің қауіптігін білдіріп, жиылған жұрт сұлтанды тоқтатпақшы болады. Сонда Байеке «Судың жанаралда несі бар, жанаралдың суда несі бар. Қайықты салыңдар», — әмір береді.\r\n\r\nҚайыққа мінген сегіз адамнан жалғыз ғана Тауке ұлы Әлен аман қалады, өңгесі суға кетеді. Әленді бір қолынан қайыққа байлап қойған екен, аман қалуына сол себеп болыпты – мыс.\r\n\r\nӘлен – Баймағамбеттің немере інісі, Баймағамбеттің орнына сұлтан – пырауитил болды. Баймағамбет 57 жасында өлді.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру және оның зардаптары

0

20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.\r\n\r\n \r\n\r\nАлайда, 20-шы жылдардың екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет — ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы — 2354, ал 1929 жылы — 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.\r\n\r\n \r\n\r\nКолхоздастырудың 1929 жылдың орта шенінен басталғаны белгілі. Оның құлаш жаюы Сталиннің сол жылғы 7 қарашадағы «Правда» газетінде «Ұлы бетбұрыс» деп аталатын мақаласының шығуымен тұспа-тұс келді. Мұның алдында кулактарға шабуыл жөніндегі нұсқаулар негізінде Қазақстанда байлардың шаруашылықтарын тәркілеу аяқ-талған болатын. Енді жана экономикалық саясат негізінде жүргізілген шаруаларды кооперациялау ісі мемлекет бағыттап отырған күшпен ұжымдастыру шарасына орын берді. Ал, бұл шара шаруа қауымының игілігін ойлаудан тумады, тек индустрияландыру процесін қамтамасыз ету мақсатын қана көздеді. Сөйтіп, 20-30 жж. жаңа экономикалык саясатын дамыту бағыты тұйықталып тасталды. Ондаған жылдар бойына экономика мен қоғамдық саяси өмірде тек «күштеу» шарасының рухы үстемдік етті.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл жағдай ауыл шаруашылығына қасіретті зардабын тигізді. Селодағы саясаттың ең басты шарты — әміршіл-әкімшіл террорға сүйенген экономикалық емес жарлықтар, шаруалар қауымын кооперациялау идеясын жаманатты қылып қоймай, оның пайдалы жақтарын да құртып жіберді.  «Ұлы бетбұрыс» селолық құрылымдарды қатігез қаталдықпен аяусыз қиратып, қоғамның болашақта туатын проблемаларын біртіндеп әзірлей бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nКолхоздастыру барысында жүргізілген ауыл шаруашылығы өнімдері оның ішінде астықты күштеп дайындау шаруалардың күн көрісіне, көңіл-күйіне мейілінше кері әсер еткен, оларды кеңес өкіметін жек керуге итермелеген екінші бірүлкен шара болды. Ауылдарда мал саны өсіріліп көрсетіліп, алынатын еттің, жүннің көлемі белгілі есептен асып түсті. Салғыртты орындау үшін шаруалар қыс ішінде қой қырқуға мәжбүр болды. Мұның өзі қойлардың жаппай қырылуына соқтырды. Егіспен айналыспайтын шаруашылықтардан астық талап етілді. Салғыртты орындамаған қожалықтар сотқа тартылды. 1928-1929 жылдары осындай айыпқа ұшыраған 34 мың ауыл-село адамдары сотталды. Мұның өзі ауыл адамдарын қорқыту үшін де істелінді.\r\n\r\n \r\n\r\nКолхоздастыру осындай ауыр жағдайда басталды да, оны басқару әкімшілік, зорлық, күштеу әдістерімен жүргізілді. Егер 1928 жылы Қазақстанда колхозға барлық шаруашылықтардың екі пайызы ғана кірсе, 1931 жылдың күзінде шаруаларды 70-тен 100 пайызға дейін колхоздастырған аудандардың саны 78-ге жетті. Бұл тұста өлкеде 122 аудан болатын. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Жергілікті орындарға жеткізілген нұскау бойынша жойы-луға тиісті бай-кулак шаңырактары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3-5 пайызынан аспауы керек деп ескертілді. Бірақ, осыған қарамастан әміршіл-әкімшіл жүйенің асыра сілтеу әрекетімен тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке жеткізілді. Нәтижесінде тек 1930-1931 жж. республикадан тыс жерге бай-кулак деп «жер аударылып» жіберілген шаруалар саны 6765 адамға жетті. Ондаған мың шаруалар тұрған округтерінен республика ішінде басқа жерлерге көшірілді.\r\n\r\n \r\n\r\nҰжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырма бесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жерге жинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауыстырып отыру мүмкіндігінен айырылды.\r\n\r\n \r\n\r\nӘміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылыктарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы өзін көп күттірген жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nКолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шарушылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн. 386 мыңға, жылқы 3 млн. 516 мыңнан 316 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мындай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Биен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т.б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.\r\n\r\n \r\n\r\nКөшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отрықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұшырады: 2 млн. 200 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын басқа халықтар да сан жағынан кеміді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанға Ф. И. Голощекиннің елкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы — 31, 1930 жылы — 82, 1931 жылы — 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.\r\n\r\n \r\n\r\nСөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген кателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айырықша назар аударылды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16,4 пайызға өсті. Бірақ, мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын калпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялык өсудін арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.\r\n\r\n \r\n\r\n.

Амангелді Иманов бастаған ұлт азаттық көтерілісі

0

Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылык өсе түсті. Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да ерекше сезіле бастады. Ол жұмысшылардың ереуілдері мен баска да бой көрсетулерінен көрінді. Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашык бой көрсетуіне әкеп сокпай коймайтын еді.\r\n\r\n1916 жылы 25 маусым күні орыс емес «бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында корғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша, 390 мың адам алу көзделді.\r\n\r\nАталған Жарлық казақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру (мобилизациялау) егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоныс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізгі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан кырылуға душар болды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып, Орта Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.\r\n\r\n \r\n\r\nСол көтерілістің негізгі ошағы Торғайдағы Амагелді Иманов бастаған ұлт-азаттық күрес болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nИманов Амангелді Үдербайұлы (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған. Амангелді Иманов туралы Жамбыл «Амангелді тойында», Сүлеймен  Сәдуақасұлы «Амангелді туралы»,Омар Шипин «Амангелді айбаты», «Торғай соғысы», Нұрпейіс Байғанин «Амангелді туралы жыр», Сәлімгерей Оңайбекұлы Сәлімгерей «Батыр», Ықылас Адамбеков «Амангелді», Қарабалин «Амангелді», Есенби Омарұлы «Ел батыры», Бақыт Иманов «Амангелді анасымен қоштасқаны» т.б. ақын-жазушылардың атты өлеңдерін атап өтуге болады\r\n\r\n \r\n\r\nТұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж ұлт — азаттық қозғалысы көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан оның оңтүстік облыстарын (Жетісу және Сырдария облыстары) айтпағанда бір ұлттық сипатқа ие болды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай — феодалдық басшы топтардың белгілі бір бөлігі, сондай — ақ жергілікті әкімшілік деп аталатының шенеуніктері патша жарлығын сөзсіз қолдады және оның басты жүзеге асырушалары болды. Қазақ интеллигенциясының батыл өкілдері (Боқин,Ниязбеков,Жүнісов) патша жарлығына қатал қарсы шықты, сөйтіп халықты қарулы қарсыластық көрсетуге шақырды, ал Қазақ газетінің төңірегіне топтасқан либералдық — демократиялық интеллигенцияның жетекшілері (А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулатов) тартыншақтық позиция ұстанды.Олар еңбек армиясына адам алу жөнінен асықпауға, алдын — ала дайындық шараларын жүргізу керектігіне патша әкімшілігін көзін жеткізуге талай рет тырысып бақты, ал сонымен қатар, қарусыз халық царизмнің қатал жазалау шараларының құрбандарына айналатынын негізді түрде ескеріп , жарлықтың орындалуына қарсылықты көрсетпеуге шақырды.\r\n\r\n \r\n\r\nКөтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында-ақ бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза-сүңгілермен, аңшылық мылтықтармен, суық қарулармен қаруланған көтерілісшілердің жасақтары ұйымдастырылып жатты. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Патша үкіметі орындары мұнда ірі әскери күштерді жеткізе бастады, әскери горнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерілісшілерінің жазалау үшін Жетісудың қоныс аударған халқының дәулетті топтарынан қарулы жасақтар құрып жатты. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауларында, Салымсы станциясы маңында, Қастек , Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Лепсі оязының Садыр Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Қыркүйек пен қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілердің едәуір бөлігі табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды.\r\n\r\n \r\n\r\nЖетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып- жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар дәлелдейтіндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Әрбір бөлімшенің басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сардарбасы -бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.\r\n\r\n \r\n\r\nА.Имановтың көтерілісшісі әскерлері бақылауындағы аудандарда төменгі ауылдық- болыстық әкімшілік басқару қызметінен шын мәнінде шеттетілді, азаматтық үкімет көтерілісшілердің қолына өтті. А.Иманов пен ол басқаратын әскери кеңес арнайы тағайындалған адамдарға (ел бегі) көтерілісшілерді азық түлікпен және аттармен қамтамасыз ету тапсырылған тыл қызметін ұйымдастырды, ұстаханаларда қолдан жасалатын мылтықтар,қылыштар, қанжарлар, найзалар және басқа қарулар әзірлеу ісі жолға қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы қүрсау бірнеше күнге созылды. Сол арлықта қалаға қарай үш бағыттан генерал — лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы келе жатты.Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалған туралы хабар алып,көтерісшілер Торғайды қоршауын қойды және патша әскерлері отрядтарының алдынан шықты. 16 қазанд А .Иманов бастаған жалпы саны 12 мыңға жуық адамнан құралған сазбаздар Топқойма почта станциясы ауданында подполковник Катоминнің жазалаушы отрядтарына шабуыл жасады.Көтерілісшілердің негізгі бұқарасы адам күшін сақтап қалу мақсатында қараша айының екінші жартысында Торғайда 150 шақырым жерге әкетіліп,Батпаққара ауданында шоғырландырылды. Осы арада 1916 жылы қараша айының екінші жартысынан бастап, 1917 жылы ақпанның орта шеніне дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалып тұрды. Көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасындағы айқастар Татырда, Ақшығамда, Доғал үрпек, Күйікте болып өтті. А.Имановтың штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы ұрыстар шиеленісті. Ол ұрыстар 1917 ж ақпан айының екінші жартысында кең құлаш жайды. Сол шайқастарда А.Имановтың көтерілісшілері ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясын қарсы алды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстанның басқа аймақтарында көтерілісшілерге патша жазалаушы отрядтарының басым күштерімен кекілескен ұрыстар жүргізуге тура келді. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалерия жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады. Ал, Торғай көтерілісшілеріне қарсы патша өкіметі құрамына 17 атқыштар ротасы, 18 казактар жүздігі , 4 кавалерия эскадроны, 18 зеңбірегі, 10 пулеметі және басқалары болған экспедициялық корпус жіберді. Алайда жазалаушылар тура ақпан революциясына дейін көтерілісті сол бойы басып- жаншй алмады. Тек царизм құлатылғаннан кейін ғана Торғай облысындағы көтеріліс тиылды.\r\n\r\n \r\n\r\nЖетісудағы көтерілісті басу үшін 8750 найзалы 95рота , 3900 қылышты 24 жүздік, 16зеңбірек пен 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, бейбіт тұрғандар құдалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкімет орындары сондарына түскен 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1/4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбір болды.\r\n\r\n \r\n\r\nТек генерал- губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан өлкесінде1917 ж 1 ақпанына дейін өлім жазасына 347 адам, каторглық жұмыстарға 168, түрмеде тұтқындалуына 129 адам кесілді. Ал оның сыртында сотсыз және тергеусіз атылып, жазалаушылар мен қоныс аударған селолар тұрғындарынан жасақталған отрядтардың қолдарынан қазақ тапқандары тағы бар.\r\n\r\n \r\n\r\n1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған көтеріліс\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916 жылғы 28 маусымда жетті. Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз, бұлжытпай орындау жөнінде шешім қабылдады. Алайда халық назарлығы күн санап өсе түсті. Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды. Көтерілусішілер тау  шатқалдарына топтасып, пошта бекеттеріне шабуыл жасады, темір жолды бұзды, болыстык басқармаларды талқандап, болыстарды өлтірді. Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.\r\n\r\n \r\n\r\nТорғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды. Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы, отарлық тәртіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді. Ол бірнеше рет түрмеге де түсті, заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке те сапар шекті.\r\n\r\n \r\n\r\n1916 жылы шілдеде Амангелді шашыранды қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады. Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас колбасшысы — сардарбек, Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп, Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді. Сарбаздар ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Кеңес жанында барлық әкімшілік мәселелерді шешіп отыратын хатшылық жұмыс істеді, пошта орналасты. Басшы орталық жанындағы әділқазылар алқасы әр түрлі заңдық мәселелерді шешумен, арыздарды, шағымдарды қараумен айналысты. Бейбіт халық пен сарбаздардың арасындағы даулы мәселелерді басшы орталық әрбір мың шаруашылыққа тағайындаған елбегі (әкімшілік жетекшісі) шешті.     Көтерілісшілер үшін салықтар мен азық-түлікті жасакшылар жинады, қаражат жөніндегі жұмыстарды арнайы тағайындалған казынашы атқарды.\r\n\r\n \r\n\r\nКөтерілісшілер жасағын мойындаған халық битамал — 4 сомдық салықтан өзге салықтардың барлық түрінен босатылды, пошта жүйесі жолға қойылды. 1916 жылғы қазан айына карай Торғай және Ырғыз уездерінде әрқайсысында 2-3 мың адам болған 20-дай көтерілісшілер жасағы болды. Көтерілісші жасактар үш ірі жасаққа топтасты.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазанда көтерілісшілер Қарабұтак селосын қоршап, Қожакөл мен Татыр көлдері ауданында жазалаушы отрядқа шабуыл жасады. 23 қазан күні Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қазан әскери округы әскерлерінің қолбасшысы әскери министрге жолдаған хабарында: «Торғай және Ырғыз уездеріндегі жағдайдың тез нашарлап бара жатқанын, Торғаймен тек телеграф байланысы ғана емес, барлық қарым-қатынастың үзілгенін, Ырғыздың коршала бастағанын» баяндады. Сонымен бір мезгілде көтерілісшілердің Торғай мен Ырғызды басып алып, Орынбор—Ташкент темір жолындағы қозғалысты токтатып тастау ойының бар екендігі хабарланды.\r\n\r\n \r\n\r\nТорғай көтерілісшілеріне көрші облыстардың қазақтары қосылды. 1916 жылдың қарашасында көтерілісшілердің саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер жергілікті отарлык өкімет орындарының жұмысын толыктай дерлік токтатты. Жазалаушы отрядтар көтерілісті баса алмады. Патша үкіметі\r\n\r\n \r\n\r\nЕң соңғы шешімге бел буды. Құрамына майданнан әкелген бөлімдер енген генерал Лаврентьев басқарған арнайы экпедициялық корпус құрылды. Корпус шабуылды бірден үш бағыттан — Қостанай, Ақтөбе мен Шалқардан бастады.\r\n\r\n \r\n\r\nКөтерілісшілер Торғайды патша әскерлері келіп жеткенше алуға ұмтылды, алайда 6 карашадағы қаланы тікелей шабуылмен алу әрекеті сәтсіз аяқталды. Қала 10 күн бойы қоршауда болды, қоршауды одан әрі соза беру мүмкін емес еді, өйткені калаға жазалаушы экспедицияның негізгі күштері жақындап қалып еді. Көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, әскерлерге қарсы қозғалды. 16 қарашада көтерілісшілер Түнқойма пошта бекеті ауданында жазалаушы отрядка шабуыл жасады. Көтерілісшілер шебін күшпен бұзып өткен жазалаушылар отряды сол күні Торғайға кірді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі бөлігі Торғайдан 150 шакырымға шегініп, Батпаккара шатқалы ауданында, бір бөлігі Аққұм құмында топтасты. Көтерілісшілер Батпаққарада әскери қимылдарға басшылық жасау мен басып алынған аудандарды баскару жөніндегі Кеңес құрды. Көтерілісшілермен күрес жүргізу үшін Самарадан генерал Мака-ровтың жаңа жазалаушы экспедициясы шығып, оған Орынбордан әскери бөлімдер келіп қосылды. Нашар қаруланғанына қарамастан көтерілісшілер күрестің партизандық әдістерін кеңінен қолданып, жазалаушылардың негізгі күштерінің қолын байлады.\r\n\r\n \r\n\r\n30 карашада полковник фон Розеннің отрядының келе жатқаны жөнінде мәлімет алған 6 мыңдай көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы аттанды. Зеңбірек, пулемет, мылтықтардың жаудырған оғына қарамастан көтерілісшілер жазалаушылар шабуылын тойтарды. Ерте басталған қыс, қатты аяз бен жауған қар көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Амангелді Иманов пен Әбдіғапар Жанбосынов өз сарбаздарын жазалаушылар жете алмайтын жерлерге жинақтады. Көтерілісшілер өздерін азық-түлік, жем-шөппен қамтамасыз етіп, жертөлелер салды, киіз үйлерде тұрды. 1917 жылдың басында Амангелді отаршылдарға қарсы күресті кайта бастауды қолға алды. Қостанайдан шыққан жазалаушы отрядтардың көтерілісшілер жолын бөгеп, жазалаушылар шегінуге мәжбүр болды.\r\n\r\n \r\n\r\nАқпан революциясының қарсаңында, Қазакстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда, Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты. 22—24 ақпан күндері көтерілісшілер жазалаушылармен соңғы шайқасын Доғал Үрпек ауданында өткізді. Асқан табандылықпен шайкасқан көтерілісшілер қаланың ішкергі аймактарына ақырындап шегінді. Торғай өзенінің мұзымен ауыл-дарымен шегінген қазақтарды жазалаушы әскер екі жақтан оқ жаудырып, бірнеше жүздеген әйелдер, қарттар мен балаларды, мыңнан аса сарбаздарды өлтірді. Ақпанның соңында Доғал Үрпекті көтерілісшілердің қолында қалдырып, жазалаушылар шегінді.\r\n\r\n \r\n\r\nАқпан төнкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісішілер отрядтарвның саңы шұғыл өсті, ал 1917жылыдың соңында Амангельді Торғайды алды.\r\n\r\n \r\n\r\nШілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері алды. Қазақтардың метрика куәлігінің жоқтығын пайдаланып, олар тізімге жасы нешеде екенін қарама, өз беттерінше кедейлерді енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін шақырудан босатып отырған. Тізімдер жасау жүиесі іс жүзінде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланушылық туғызды.\r\n\r\n \r\n\r\nОның үстіне патша өкіметі орындары лауазымды адамдарды, болыстық, селолық және ауылдық басқарушылардың, жергілікті тұрғындардан шыққан полецейлік төменгі шендегілерді, имамдарды, молдаларды, майда несие мекемелерінің есепшілері менбухгалтерлерін, жоғары және орта оқу орындарының оқушыларын,үкіметтік мекемелер шенеуніктерін және дворяндық, құрметті азаматтық құқықпен пайдаланатын адамдарды армияға алудан босатты.\r\n\r\n \r\n\r\nПатшаның қатал жарлығына және жер – жерден оны орындаудағы әіділетсіздік тәсілдерге қатты ашынғн еңбекшілер қолдарына не түссе, сонымен қаруланып патша өкіметінің өкілдеріне, болыстық басқарушыларға, ауылдық ағамандрға, полицерлерге, қазақтарға, шенеуніктерге: «адамдар бермейміз» деген айқаймен тарпа бас салып, сазайын тарттырды. Олар болыс басқарушыларының, ауыл ағамандарының кеңселері мен үйлерін өртеді, осылай ету арқылы тылдық жұмыстарға алынудан арыламыз деп аңғырт ойлап, іс жүргізу қағаздары мен әскерге шақырлатыңдардың тізімдерін жойды.\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен қатар патша үкіметінің жазалау әрекеттері қарқын ала бастады. Ол туралы деректерде сақталып қалған. Мсыалға, қазақтардың таяққа жығылып өлгені жайында Омбыдағы жандарм мекемесі істерінен алынған деректе «14 ағұста тұтқынға алынған қазақтардың артынан оларды босатуды сұранып, Беловск қаласына ылғи жаяу-жалпы қазақтар келген. Ябазарды құр тамашалауға жиналған жұрт әлі де көп еді. Сол арада 600-ден астам қазақ жиналып-ақ қалған еді. Оларды алдауға түсіріп, айналдыра қамап, болыс кеңесінің қорасына апардық та, жалғыз оқ шығын қалмай, таяқ, саржын ағаш, балтамен ғана шаруасын бітірдік. Шала жансыз жатқандарын арбаға артып, қорада өлімші болып жатқандардың үстінен жүргіздік».\r\n\r\n \r\n\r\nОндағы мақсат, әлі жаны шыға қоймағандарын арбамен таптап, жұмысын бітіру еді. Оның үстіне сол күні дружинаға шыұұан солдаттар да көрші болыстарға барып, қазақты шетінен қырып, шауып, талап келді»\r\n\r\n \r\n\r\n1916 ж көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық тарихында ерекше орын алды. Имперализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында А.Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датұлы, И.Тайманов, М.Өтемісұлы, К.Қасымұлы мен Н.Қасымовтың басшылығмен болған ұлт азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916ж көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық бөліктерін қамтып, бүкілқазақстандық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және импералистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің басты міндеттерімен салыстырғанда бұл көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып шықты.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\n1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихымызда халқымыздың басынан өткен ең ауыр тарихи ақтаңғалақ оқиғалардың бірі болды. Көтеріліс барысында, әсіресе, қазақтардың саны Қазақ өлкесінде 446 мыңға, Орта Азияда 121,7 мыңға, Астрахань губерниясында 51,8 мыңға, Ресей империясында 617,5 мыңға азайып кетті.1917 жылы Торғай көтерілісінің талқандалуы аяқталуы барысында 3 мыңдай адам жауапқат тартылып, 201-і өлім жазасына кесілді, 161-і каторға айдалды, жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.\r\n\r\n \r\n\r\nКөтеріліс бір жағынан жеңіліс тапты, оның өзіндік себептері де көп болды: бытыраңқылық, әскери қарудың жеткіліксіздігі, руаралық қақтығыстардың болуы, жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтардың болуы, ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы, қазақ феодалдарының сатқындығы сияқты себептер әсер етті. Екінші жағынан көтеріліс жеңіліс тапқанымен оның қазақ тарихындағы тарихи маңызы зор болды. Атап айтсақ, қазақ халқының таптық саны өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынып, бастары біріксе жеңіске жететініне көздері жетті, патша өкіметін сескендірді; қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды; Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шегі болды.\r\n\r\n \r\n\r\nТарихымызда  осы Торғай көтерілісінің басшы-сардарбегі Амангелді Иманов өзінің тактикасымен, ерекшеліктерімен көзге түсті: ттабанды болып ұзаққа созылуы, билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықтан жүргізілуі, басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.

Алаш партиясының құрылуы

0

Тақырыптың өзектілігі: Алаш партиясы қазіргі замандағы тәуелсіз еліміздің мемлекет болып қалыптасуында зор маңызы бар. Ұйықтап жатқан елімізді оятуға және де тәуелсіздігімізді алудағы бастауы болып табылады. Патша өкіметінің отарлық езгісінен құтқарудағы алға қойылған саясат, еліміздің ең алғашқы құрылған ұлттық-демократиялық, саяси партиясы болып табылады.\r\n\r\nЕліміз тәуелсіздік алып, жариялылық самалы ескелі бері төл тарихымызда да жабық тақырыптарға жол ашылып, бұрынғы тоталитарлық жүйенің кейде айлашарғысымен, кейде күштеп таңуымен мызғымастай орнығып келген қасаң тарихи әдіснаманың көбесі сөгілді. Қиғаш пікір, оғаш ойлардың бұрыстығы дәлелденіп, бір саусағын ішіне бүккен зымиян саясаттың бет пердесі сыпырылды. Тарихшыларымыз бір ауыз сөз айтуға батылы бармайтын бүкіл бір кезең, дәуір тарихы қайта қаралып, бірте-бірте ақтаңдақтардың да орны толтырылуда. Соның ішінде әлі де болса шынайы баға беріліп, тың деректердің негізінде қайта обьективті зерттеуді талап етіп отырған нәрсе Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қызметі және ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының қызметі мен қайғылы тағдырлы. Бұл тақырыпты  көптеген ғалымдарымыз зерттеп, өздерінің үлкенді-кішілі еңбектерін жазуда.   Алаш партиясы құрылғаннан бастап, яғни 20-30 жылдарда көптеген пікірталастар болған, ол туралы көптеген ғалымдар, тарихшылар зерттеу жүргізген. Мәселен, А.Бочагов кезінде Алашты – «ұсақ ұлттық буржуазиялық партия» десе, С Брайнин мен Ш.Шафиро – «Бүкіл байлардың саяси ұйымы» деді, ал Құрамысов – «Жартылай феодалдық байлардың партиясы» деп өз ой-пікірлерін білдірген. М.Қ. Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілқазақстандық екінші сьездің құжаттарын талдай келіп, жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екенін айтты. Пікір алысуға қатынасушылардың біразы: М.Қ. Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Қ.Нұрпейісов, Ә.Тәкенов 1917 жылғы революцияға дейінгі қазақ интелегенциясының тарихы мен Алаш партиясының тарихын шатастыруға болмайтындығын көрсетті. «Алаштың» ақиқатын кім айтады деген жалпы тақырыпта зертеушілер А.Григорьевтің, К.Нұрпейісовтың, Т.Кәкімевтің мақалаларында жазылады. Зерттеушілер мұнда Алаштың партия ретінде қалыптасуы, оның әлеуметтік тірегі қазақ қауымының қандай топтарынан тұратындығына басты назар аударады.Григорьев мақалада Алаштың қалыптасуы 1917 жылы аяқталған және кадеттер жолын қуған буржуазиялық-ұлтшыл партия деп анықтап, ал партия жетекшілерінің басты тірегі қазақ байлары болды деген өзінің пікірін қайталаған.\r\n\r\n \r\n\r\nМіне осы сияқты көптеген зерттеулер мен ой-пікірлер ХХ ғасырдың бас кезінде құрылған Алаш партиясының жоғарғы дәрежеде зерттелгендігін көрсетеді. Менің де осы тақырыпты тандағандағы басты мақсатым:\r\n\r\n \r\n\r\n«Алаш» партиясының шын мәнінде қандай партия болғандығы туралы өз тұғырымнан зерттеп, оқырманға өз ойымды жеткізе білу.\r\n\r\n \r\n\r\nАл оны білуде алға қойған міндеттерім:\r\n\r\n \r\n\r\n«Алаш» партиясының құрылуын, оның не мақсатпен құрлығандығын;\r\n\r\n \r\n\r\nПартия өмір сүргенінде қандай қызмет атқарды;\r\n\r\n \r\n\r\nӨз алдына қойған мақсатына жетті ме;\r\n\r\n \r\n\r\nПартияның бағдарламасын толыққанды зерттеу.\r\n\r\n \r\n\r\n«Алаш» партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі\r\n\r\n \r\n\r\n      1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық – демократиялық қозғалысы жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. Өзінің мәні жқнінен империалистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселелерді шешу тұрмақ, оған талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-демократиялық автономия болуы жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті Уақытша үкімет аяқасты етті. Осыдан кейін Уақытша үкіметтегі шешуші позицияға ие болып отырған кадеттерге деген Ә.Бөкейхановтың көзқарасы күрт өзгерді. Мұны Ә.Бөкейханов кейінірек «Қазақ» газетінің 1917 жыылғы 23 желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында (хат «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25 қаңтарындағы №29 санында басылды) жан-жақты негіздеді. Осы сұраққа кадет партиясынан неге шықтым» деген сұраққа жауабында Ә.Бөкейханов негізгі үш мәселеге оқырмандардың назарын аударған: «кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн» дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса. Башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сытырылып қалады.\r\n\r\n \r\n\r\nКадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық.\r\n\r\n \r\n\r\nФранцуз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді, молда үкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқасты болмақ. Жалование алған молдалар хүкіміетке жетекшіл болып,  еріп кетеді. Біздің қазақ қырғыз дін ісін көркейтетін болса, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болады. Мұны орысша «отделение церкви от государство» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен содан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июлдегі (1917 жылғы шілде – К.Н.) жалпы қазақ сьезінде айтқан едім».\r\n\r\n \r\n\r\nБасқа сөзбен айтқанда, Ә.Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық, ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық сьезд шақыруды дұрыс деп тапқанын ашық мәлімдейді. Осының нәтижесінде Ә.Бөкейхановтың кадет партиясынан іргесін аулақ салып, енді қазақ автономиясын құруға мұрындық болуға тиісті ұлттық-саяси партия ұйымдастыруға бел шеше кірісуі үлкен саясаткерге тән батыл қадам болды.\r\n\r\n \r\n\r\nБірінші бүкілқазақтық сеьзд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей ордасынан, сонымен қатар Ферғана облысының қазақтар мекендеген аудандарының өкілдері қатынасты.  Сеьзге қатынасушылар саны аса көп болмағанына қарамастан (20-дан астам адам), оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды 14 мәселе енгізілді. Бұл мәселелердің басым көпшілігі 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында болған облыстық қазақ сеьздерінде алдын ала талқыланған болатын және олардың ең маңыздылары болып саналғандары жалпықазақтық құрылтайға ұсынылған еді. Олар:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Мемлекеттік басқару формасы.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Автономия құру мәселесі.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Жер мәселесі.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Халық милициясын құру.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Сот ісі.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Дін мәселесі.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Құрылтай жиналысын шақыру.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Жетісудың ашыққан халқына көмек.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Халық ағарту ісі.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Земство
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Әйел мәсселесі
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл жіберу.
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\nХ. Досмұхамбетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Ә.Көтібаровтың, Міржақып Дулатовтың және Асылбек Сейітовтың хатшылығымен өткен бірінші жалпықазақтық сеьзд делегаттары осы 14 мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық автономия, жер, құрылтай сьезіне дайындық және қазақтың  саяси партиясынын құру проблемаларына аударды.\r\n\r\n \r\n\r\nБірінші жалпықазақтық сьезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды. Осы мәселе жөнінде сьезд қабылдаған қарарда былай делінеді: «Қазақ халқынаң өз алдына саяси партиясы болды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды сьезд исламға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократическая федеративная парламентарная республика құрылмақ. Партия жобасын жасап болған соң өкілдер қазақ областной комитеттерінің қарауына жіберді. Онан кейін Учредительное собраниеге жиналған қазақ депутаттары қарап бекітеді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ саяси партиясының жобасы жасалғанша осы сьездің қаулылары Учредительное собраниеге баратын қазақ депутаттарына наказ – аманат болады».\r\n\r\n \r\n\r\nЖаңадан құлған партия «Алаш» деген атқа ие болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сьезд шешімімен Ақмоладан Айдархан Тұрлыбаев, Семейден Әбікей Сәтбаев, Торғайдан Әлжан Байғарин, Оралдан Жаһанша Досмұхамбетов, Бөкейден Уәлихан Таңашев, Жетісудан Базарбай Мәметов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды.\r\n\r\n \r\n\r\nӘлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов сияқты қазақтың либералды-демократиялық интелегенциясының көсемдері басқарған Алаш партиясының құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялыларының белгілі өкілдері – М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамедов, М.Дулатов, т.б. кірді.\r\n\r\n \r\n\r\nОлардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны, таптық прициптерге негізделген күрес бағдарламассын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайратерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүлдеге негізделген «қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін» деген ұранныңң астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы – бірінші жалпықазақтық сьезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.\r\n\r\n \r\n\r\nСьездің күн тәртібіндегі 14 мәселе бойынша қабылданған қарарлар тізбегі  кейінірек, 1917 жылғы «ҚАЗАҚ» газетінде қарашаның 21-күні жарияланған Алаш партиясы бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.\r\n\r\n \r\n\r\nХХ ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә.Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақттың ұлттық партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералды орыс буржуазиясының партиясы – кадеттердің үлгісінде құруға бейім тұрды. Сондықтан да 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн.\r\n\r\n \r\n\r\nСөз жоқ, бірінші жалпықазақтық сьезінде Алаш партиясының құрылғандығын жариялау оның дәстүрлі ұғымдағы саяси партия болып қалыптасуының алғашқы және аса маңызды қадамы болды. Алайда ол өзінің бірнеше айларға созылған қысқа ғұмырында шын мәнінде саяси партия ретінде қалыптасып үлгермеді. Ол құрылған 1917 жылдың шілде айында оның нағыз саяси партияға тән Жарғысы да, Бағдарламасы да болмады. Оның мүшелеріне партиялық билеттер берілгендігі жөнінде де архивте сенімді деректер кездеспейді. Осы күнге дейін Алашқа мүше болғандардың саны туралы айтылып және жазылып жүрген мәліметтер тек жорамалдар ғана. Мұны М.Дулатов ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылы қарашаның 30-да берген жауабында растай түседі. Осы құжатта М.Дулатов былай дейді: « Алаш партиясының жарғысын бекіткен сьезд болған емес. Газет арқылы жарияланған жобамен танысқанн және оны мақұлдағанның бәрі өзін партияның мүшесімін де санады – шын мәнінде нұсқау беретін қалыптасқан партия болған жоқ. Тек қана Құрылтай депутаттығына кандидаттар осы партияның атынан ұсынылды. Бұдан басқа партия тарапынан жасалған әрекет болған емес. Сондықтан да Алаш партиясы көпшілікке кең танылған Алашорданың көлеңкесінде қалды. ОГПУ-дің тергеушісіне 1929 жылдың 14 шілдесінде берген жауабында Мағжан Жұмабаев та Міржақыптың осы тұжырымына жақын пікір айтады. «Алашты, — дедйі Мағжан, — саяси партия деп санаған емеспін. Тек қана Алашорда үкіметі болды».\r\n\r\n \r\n\r\nДемек,  Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға ауысу «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған жөн. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден сол жылдың соіына, яғни Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметі құрылғанға дейін айтарлықтай қарқынмен жүргізіледі. Оның жергілікті комитеттері жекелеген облыстарда 1917 жылғы қазан-қараша айларында құрылғандығы жөнінде құжаттар да сақталған. Дей тұрсақ та, Совет өкіметінің орнауына байланысты, 1918 жылдың көктемінің соңы – жазының басында азамат соғысының басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды. Ал азамат соғысы жылдарында Алаштың, М. Дулатов дәл айтқанындай, «Алашорданың  көлеңкесінд қалғаны» тарихи шындық.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу жолында айтарлықтай қызмет атқарды. Бұл ең алдымен, партияның программасының жобасын дайындаудан, қазақ ұлттық мемлекетін құру ісіне белсенді түрде кірісуден, қазақ қауымынан Құрылтай жиналысына депутаттар ұсынып, оларды сайлау ісіне қажырлылықпен ат салысудан аса айқын көрінеді. Бұл әрекеттердің барлығы 1917 жылдың екінші жартысында жасалды. 1917 жылғы шілде айынан бастап Алаш партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Басқа сөзбен  айтқанда Алаш қоғамдық – саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар бойы Россия империясының отары болып келегн Қазақстанды тар шеңбердегі таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат-мүдделер негізінде дербес ел етуге ұмтылды. Кіріспеде айтылғандай,  20-30 жылдардағы әдебиетті былай қойғанда, соңғы 3-4 жылда осы тақырып бойынша жарық көрген еңбектердің өзінде Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселег байланысты ортақ тұжырым қалыптасқан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазиялық партия десе, екіншісі либералдық-байшылдық пен ұсақ-буржуазиялық демократиялық партия деп бағалады, ал үшіншісі  Алашты партия деуден гөрі қоғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді.\r\n\r\n \r\n\r\nОсыған байланысты, «Алаш үні» газетінде (2003 жыл 18 ақпан №2)  Алаш партиясының төрағасы Жанат Қасыммен сұхбат алғанда мынадай сұраққа жауап беріледі. – «Алаш партиясы» Қазақ ұлтының партиясы ма, жоқ әлде «интернационалдық» партия ма? Сонда Жанат Қасым: Бұл астарында «қышқыл дәмі» бар сауалға жауап беру үшін партиямыздың Бағдарламасынан мына бір тұжырымды келтірген дұрыс болады ғой деп ойлаймын. «Қазақстанның «Алаш» партиясы ұлтшылдық пен шофинизмді уағыздайтын, тек қазақ ұлтының ғана үстемдігін дәріптейтін партия емес. Мұндайдың бәрі «Алаштың» табиғатына жат дүниелер. «Алаш» партиясы адамдарды ұлтына, нәсіліне, тегіне қарап кемсітуге, осының негізінде ұлтаралық дүрдараздықтар туғызу атаулының бәріне үзілді-кесілді қарсы тұрады және күреседі де» . Бұдан әрі партиямыздың Бағдарламасында жазылған тағы мынадай тұжырым бар: «Сонымен бірге мынаны бүкпесіз, ашық айту керек. «Алаш» партиясы – қазақ ұлтының болашағына, әлемдік қауымдастықта оның лайықты орнын алатындай қуатты ел болуына қызмет етуді өзінің ең басты мақсаты, әрі парызы санайтын партия».\r\n\r\n \r\n\r\nЕнді өзіңіз бағамдап көріңіз, «Алаш» ұлт партиясы ма, жоқ әлде «интернационалдық» партия ма? Жалпы «ұлт, ұлтшылдық, интернациолистік» деген сөздердің мағнасын көзі ашық, оқыған ағайындарымыздың бәрі жақсы біледі. Бұл «қисыны да, қиястығы да» жеткілікті болған мектепті біз кешегі Кеңес дәуірінде бастан өткерген едік қой… Мен өзім өткеннің бәріне күл шашуды жақтай алмаймын. Әр нәрсеге байыппен қарап, тарихи тұрғыда байыппен баға берген дұрыс.» деп өз пікірін ойын білдіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш партиясының басты мақсаты – қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық мәдениеттің өркен жаюына жол ашу болды.\r\n\r\n \r\n\r\n«Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.\r\n\r\n \r\n\r\nПетроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:\r\n\r\n \r\n\r\nn  1. Мемлекет қалпы\r\n\r\n \r\n\r\nn  Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы — мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы — құрдас мем-лекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әркайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)\r\n\r\n \r\n\r\nn  Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында хан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һөм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.\r\n\r\n \r\n\r\nn  2. Жергілікті бостандық\r\n\r\n \r\n\r\nn  Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялык бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  «Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орын-дарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін кызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид1  қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза кызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.\r\n\r\n \r\n\r\nn  «Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды.\r\n\r\n \r\n\r\nn  3. Негізгі хұқық\r\n\r\n \r\n\r\nn  Россия республикасында дінге, ханға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға — еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылык; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; кылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  Кісі хатын ашқанға — айып, окығанға жаза болу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  4. Дін ісі\r\n\r\n \r\n\r\nn  Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.\r\n\r\n \r\n\r\nn  Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  5. Билік һәм сот\r\n\r\n \r\n\r\nn  Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына карай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һөм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсыну.\r\n\r\n \r\n\r\nn  Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен каралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  6. Ел қорғау\r\n\r\n \r\n\r\nn  Ел сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  корғау ү–ін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына белгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.\r\n\r\n \r\n\r\nn  7. Салық\r\n\r\n \r\n\r\nn  Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға — байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  8. Жұмысшылар\r\n\r\n \r\n\r\nn  Жұмысшылар закон панасында болу– (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)\r\n\r\n \r\n\r\nn  9. Ғылым-білім үйрету\r\n\r\n \r\n\r\nn  Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һөм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара\r\n\r\n \r\n\r\nn  10. Жер мәселесі\r\n\r\n \r\n\r\nn  Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы ал-дымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; сыбаға өлшеу — норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.\r\n\r\n \r\n\r\nn  Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайда-сынан артық жер сатылм–й, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы* байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.\r\n\r\n \r\n\r\nn  Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл бай-лықтары земство мүлкіне саналу.\r\n\r\n \r\n\r\nЖобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның программасын ұнатып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған. «Алаш» программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сата алмайтын, шыншыл әділ, тура кісі ғана осы партияға мүше бола алады, — делінген. «Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейиін, «Алаш» жолынан алып, айтысып – тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш партиясына кірмейді. «Алаш» партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шартттарды ойлап, толғап жүрегі қалайтын болса ған кіруі жөн» деген приципте тұрған.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл жобаның түпнұсқасын Н.Маотыненко жариялаған орысша вариатымен мұқият салыстырғанда, көптеген ірілі-ұсақты бұрмалаушылық кездескен. Мұның өзі сол кезед кездейсоқ жасалмаған сияқты. Тасқа басқанд бір беттен аспайтын бағдарлама жобасын сол 20-шы жылдары орыс тілінде қатесіз тәржімалайтын адамдар болды. Бірақ олай істелмеді. Бұл ретте зерттеуші Қойгелдиевтің осы құжатты орыс тілінде өрескел бұрмалаулармен жариялаудыңң негізінде саяси мақсаттар жатты деген пікір айтқан. Осындай бұрмалаулар Алаш басшыларын «ұлтшылдар», «орыстарға қарсы саясат жүргізушілер» деп айыптаған.\r\n\r\n \r\n\r\nЖалпы алғанда, көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең программа жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай сьезі сайлауында Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\n      Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге жетекшілік жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға алып келеді. «Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі. Осы негізгі мақсаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.\r\n\r\n \r\n\r\nӨздерінің алдына ел тағдырына байланысты, елдегі билік жүйесіне байланысты мақсат қойды, елдікке ұмтылды. Бірақ, бұл мақсаттарына жете алмай, алаш зиялылары, интелегенциялары сол жолда құрбан болды. Алаш партиясының әр мүшесі қудаланып, атылды. Тек саусақпен санарлық бөлігі ғана қашып құтылды.\r\n\r\n \r\n\r\nӘйтсе де, «Алаш» партиясы және оның айбарлы қайраткерлері ел тарихынан үлкен орын алып, халықтың жүрегіне елдікке деген сенім мен үміт ұялатты.\r\n\r\n \r\n\r\nСол аумалы-төкпелі қара түнек кезеңде сәуледей жарқырап шыққан Алаш партиясының тағдыры осылай аяқталады.\r\n\r\n \r\n\r\n«Алаш» партиясы қазақ халқымызда тұңғыш ұлттық-демократиялық партия болып табылады.  «Алаш» партиясының құрылғанына 2007 жылы 90 жыл толды. Және де бүгінгі таңда  ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол – аталарымыз аңсаған осы тәуелсіздігімізді баянды ету, мемлекеттігімізді әлемнің дамыған елдерімен теңестіру, қырғын-сүргінді, қорлық-зомбылықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету, бүгінгі елде жүріп жатқан реформалардың нәтижесін, рахатын сезіндіру.

ТАМЫЗ ТӨҢКЕРІСІ

0

1991 жылы сәуір-мамыр айларында (Новоогоровте) (президенттің резиденцияси) М.С. Горбачев тоғыз одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе көтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жөніндегі шартты қолдады. Шарта Суверенді Мемлекеттердің Одағын құру көзделді. Сонымен қатар, өкімет органдарын және басқару қүрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін өзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.\r\n\r\n \r\n\r\nЖаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бөлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачёвті жақтаушылар бұл құжатта қарама -қарсылықтың деңгейін төмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін көрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.\r\n\r\n \r\n\r\nЖаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халықшаруашылығының кешенін (комплекс) ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жана шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, аппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.\r\n\r\n \r\n\r\n1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті М.С. Горбачовтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент Г.И.Анаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдаме жасады.\r\n\r\n \r\n\r\nМемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, примъер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның замы О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің төрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің төрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау көрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.\r\n\r\n \r\n\r\nКСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет-мемлекеттік төнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды.\r\n\r\n \r\n\r\nТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының көзқарасы әртурлі болды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚырғызстан, Украина өз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бөлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің өкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін көмекті тоқтататындығын мэлімдеді.\r\n\r\n \r\n\r\nИрак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз төңкерісіне Қазақстан халқының көзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты көпшілік қоғамдық саяси үйымдар ТЖМК-ны (Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік Комитет) айыптады.\r\n\r\n \r\n\r\n1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.\r\n\r\n \r\n\r\n1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз төңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке үшырады. Тамыз төнкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жанінде», «Семей ядыролық сынақ өткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономиқалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.\r\n\r\n \r\n\r\nМемлекеттік төнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.\r\n\r\n \r\n\r\n1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы өмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕлдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы көптеген ұсақ ұйымдарға бөлінді.\r\n\r\n \r\n\r\nСаяси жүйенің дағдарысы ел өмірінде осылайша қоғамдық-саяси және демократиялық өзгерістер туғызды.

Күй атасы — Құрманғазы Сағырбайұлы

1

Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы.\r\n\r\n \r\n\r\nШыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы. Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі «Кішкентай» күйін арнаған. Одан кейінгі «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден кдшкдн», «Адай» күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.\r\n\r\n \r\n\r\nОның «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері («Балбырауын», «Әсем») де бар.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Куғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. «Алатау» және » Сарыарқа» күйлерін дүниеге келтірген.\r\n\r\n \r\n\r\n1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Е.Есжанов, М.Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менегай, Менкдра, Сүгүрәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.\r\n\r\n \r\n\r\n«Байжұма», «Бозқаңғыр» туындылары да Сағырбайұлының асқан өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өз күйлері арқылы орындаушылық өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. «Итог» атты күйінде күйші ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. Сазгер шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ортадан алған әсері сияқты арналары да айрықша орын алады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұрманғазының күйлері қазақ музыка шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.\r\n\r\n \r\n\r\n 

Кенесары Қасымұлы. Қазақтың соңғы ханы

0

Кенесарының  саяси    көзқарастарының  қалыптасуына  әсер  еткен   әкесі- сұлтан  Қасым. Сұлтан  Қасымның  40  шаңырақты  ертіп  Көкшетау  маңынан  қоқан  шекарасына  көшуінің  басты  себебі — оның  патша  үкіметінің  округтік   приказдарды  құруына  қарсылығы.\r\n\r\n \r\n\r\nКөтеріліс  бүкіл  үш  жүзді   түгел  қамтып ұлт-азаттық  сипат  алды. Көтерілістің  басты  қорғаушы  күші  қазақ  шаруалары  сонымен  қатар  ірі  ақсүйектер  да  қатысты. Олардың  мақсаты:\r\n\r\n \r\n\r\n- Көтерілісті пайдаланып , бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу.\r\n\r\n \r\n\r\n- Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу.\r\n\r\n \r\n\r\nКенесары  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілістің  тарихта  алатын  орны   ерекше. Сонымен  қатар  негізгі  міндет  жұмыстың  ішіндегі  Кенесары  бастаған  көтерілістің  негізгі  тауарлары  мен  пунктерінің  мәнін  ашып,  оларға  сәйкестік  беру.\r\n\r\n \r\n\r\nКенесары  көптеген  шайқастарда  өз  мақсатына  жету  жолында  асқан  қайсар  мінезі  мен  жауларына  қатыгездігі  оның  әмбе  қолбасшылық, әмбе  ұйымдастырушылық  ролі- тіпті  патша  генералдарының  өзін  таңқалдырып  отырғандығы  да тарихтан  белгілі.\r\n\r\n \r\n\r\nКөтерілістің  негізгі  мақсаттары:\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\nXVIII ғасырдың 30-40-жылдарынан бастап патшалық Ресейдің Қазақстанның біраз бөлігін өзіне қаратып, билік жүргізуі, қазақ дәстүрлі қоғамының ішкі істеріне күш көрсету, не болмаса қорқыту, сескендіру арқылы белсенді түрде араласуы ондағы сан ғасырлар бойы қалыптасқан түрлі құқықтық және әлеуметтік институттар арасындағы тепе-теңдікті бұзды. Ескі құндылықтар эрозияға ұшырап, өмір сүрудің жаңа тәсілдері мен формалары – өз халқының ортақ мүддесінен гөрі жеке басының мүддесін жоғары қоюшылық, сатқындық пен жікшілдік етек ала бастады. Қазақ халқының мемлекеттілігінің іргесі сөгіліп, шаңырағының шайқалуы салдарынан қазақтардың біраз бөлігін жат жұртшылыққа бодандық көңіл ауаны баурады. Бірақ қазақ қоғамындағы бұл психологиялық ахуал адамдардың шынайы өз еркінен гөрі мәжбүрліктен туындады. Бұл дертке, әсіресе, қазақ қоғамында мемлекеттілік символы ретінде саналып келген төре тұқымы тез шалдықты. Ресей боданына айналуға байланысты орнайтын «жаңа заманда» орын алып қалуға асыққан сұлтандар Орынбор мен Омбыға сабылып, өзіне қарасты рулармен «патша ағзамның құзырында болу» жөнінде ант-су ішті. Ақсүйектер әулеті екіге жарылды, ерте замандардан хан-сұлтандарының соңынан ерген қара халықтың арасына да жік түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында отарлау жүйесінің дәстүрлі қазақ қоғамының барлық өрісінде кең етек алуына себепші болды. Қазақ қоғамын көтеріліске бастау, халықтың күш-жігерін Ресей үстемділігіне қарсы бағыттау үшін оның арасынан көсем болуға лайық тұлға шығуы қажет еді. Дәстүрлі қазақ қоғамында мұндай тұлға ақсүйек төрелердің ішінен шығуы – заңды құбылыс. Атадан балаға мирас болған билікке мүдделі ақсүйектер ішінен тарих осы рөлге Қасым сұлтанның отбасын, соның ішінде Кенесары Қасымовты бейімдеді.\r\n\r\n \r\n\r\nКенесары бастаған көтеріліс Ресейдің төңкеріске дейінгі тарихшыларының мұқият назарына іліккен болатын. ХІХ ғасырдың 40-жылдарының аяғынан бастап бұл оқиғаның жекелеген мәселелерін сипаттаған М.И.Венюков, В.Потто, А.Г.Серебренников, барон Услар, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Ш.Ш.Уәлиханов, И.Ф.Бабков, И.Завалишин, Л.Мейер, М.Красовский, Н.Коншин, Н.Середа, А.К.Гейнс, А.Янушкевич сияқты буржуазиялық-либералды бағыттағы зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапты. Олар өздерінің қоғамдық-саяси көзқарастарына орай бұл мәселені әртүрлі деңгейде қарастырды. Орыстың дворяндық-буржуазиялық та­рихнамасының монархиялық-отарлаушылық бағытының кейбір өкілдерінің бұл көтерілісті «бүлік», «қарақшылардың ісі» деп бағалауы және қазақ халқының азаттық үшін күресін теріс, субъективті түсіндіруінен туды.\r\n\r\n \r\n\r\nХІХ ғасырдағы қазақ қоғамындағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін бағалау белгілі дәрежеде патшалық Ресей, кеңестік кезеңде де қолға алынып, тарихи зерттеу еңбектерінде көрініс тапты. Бірақ қай заманда да үстемдік еткен билік тарихи тұлғалар мен ұлт-азаттық күрес басшыларын өз идеологиясына қарай зерттеуді ұйымдастырып отырды. Патшалық Ресей үшін қазақ елінің хан, сұлтандары, би-батырлары орыс үкіметі жақтастары мен екінші топ «қарақшы», «барымташы», «бүлікшіл» атауларымен анықталды. Бұл дәстүр кейіннен кеңестік тарихнамада да жалғасын тапты. Соның ішінде хан, сұлтандардың қоғамдық-саяси қызметтері, олардың көзқарастары ашық бұрмалаушылыққа ұшырады. Кенесары тарихын зерттеген көрнекті тарихшылар мен әдебиетшілер Е.Бекмаханов, Б.Сү­лейменов, Е.Дильмухамедов, Е.Ысмайылов қудалауға ұшырап, ғылыми шығармашылығына тыйым салынды. Осыдан соң қазақ хандары мен сұл­тандарының қызметтеріне оң баға берілмей, олардың тарихын толыққанды танып білу мүмкін болмады.\r\n\r\n \r\n\r\nСондай-ақ аталмыш қозғалысқа қатысты құжаттар жинағын жинап бастыру ісі де ХХ ғасырдың бас кезінде қолға алына бастады. 1908-1915 жылдар аралығында Ташкентте Ресей әскери министрі А.Н.Куропаткиннің тапсыруымен полковник А.Г.Серебренников «Сборник материалов для истории завоевания Туркестанского края» деген атпен 14 томдық құжаттар жинағын бастырып шығарды. Осы көптомдықтың алғашқы бес томында Кенесары хан бастаған қозғалысқа қатысты 176 құжат жарық көреді. Мұның өзі Кенесарының көтерілісінің қырларымен танысуға мүмкіндік берген еді.\r\n\r\n \r\n\r\nХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында Қасымовтар отбасылық қауымының Орта жүздің және олармен көршілес Ұлы және Кіші жүздердің руларына ықпалы зор болатын. Көтеріліс кезінде сұлтан Бегалы Қоңырқұлжаұлының хабарламасында былай делінген: «…сұлтан Қасым Абылаевтың елірген ордасы мен балалары Ақмола округінің маңайын кезіп жүрген кезде, Бағаналы, Қыпшақ, Алшын-Жаппас, Табын, Керейіт және Жержетім – Шекшек болыстарында тонау мен барымта толастамайды, тіпті ізгі ниеттегілерді де жолдан тайдырады».\r\n\r\n \r\n\r\nБұл – көтерілістің әлеуметтік негіздері анықталған кезде Ресей өкіметімен қарым-қатынас құруға мүдделі ат төбеліндей саяси топтың жазғаны. 1837 ж. желтоқсан айындағы әкімшілік өкілінің құжатында: «Қасым Абылайхановтың елірген ордасын түбімен жою үшін басқарманың шешімімен (қазынадан қандай да шығын қажет болса да) қатаң шаралар қолдану. Әйтпесе Қасымның үрім-бұтағы біздің үкіметке қарсы қисынсыздықтарды, әсіресе, орыстарға бағынғаннан кейін өздерінің оған дейінгі бостандықтарынан айырылғандығы туралы ойларды біздің алаңғасар қырғыздардың көкірегіне ұялатып, олардың көңілдерін бұзуы мүмкін».\r\n\r\n \r\n\r\nБұл хабарламада Қасымовтар тегіне «елірген» деген анықтама берілген, сонымен қатар олардың ауызбіршілігі мен саяси бағыттылығы аталып көрсетілген. Ресей билігі Кенесарының, оның әкесі мен аға-інілерінің қайраттылығы мен жігерлігін назардан тыс қалдырмаған. Н.Середа өзінің мақаласында былай деп жазған: «1840 жылдан бастап Орынбор даласына Кенесары және оның әкесі сұлтан Қасым Абылаев келісімімен халық наразылығы айқын, үрейлі және созылмалы сипатқа ие болды. Орынбор әкімшілігі Кенесарының ерекше қасиеттерін ескеріп, оның әрбір қадамын аңдып, оның әрекеттерін алдын алуға мүмкіншілігінше тырысып бақты».\r\n\r\n \r\n\r\nКенесары көтерілісінің және оның ағасы Саржан бастаған қозғалыстың басты ерекшелігі – оған патшалық тәртіпке қайыспас қарсылық көрсеткен Қасым сұлтан және оның балаларының қатысуы. Көтерілісті тек Кенесары ғана емес, бүкіл Қасымның үрім-бұтағы басқарды, сол себепті де ол бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұжымдық бастаулар маңызды рөл атқарды. Сондықтан Кенесары бастаған көтерілісті зерттегенде, оған ерген адамдардың басым көпшілігі осы бастауларды ұстанды. «Оған Орта және Кіші жүздердің ең ержүрек батырлары қосылып, бірге көшіп-қонды. Оған берілген көшпенділердің көбі орыстарға көніп өз қыстауларында отырғанмен, оған жасырын түрде зекет төлеп, орыстарға қатысты жаңалықтарды жеткізіп отырды» деп жазады Ахмет Кенесарин. Көтерілісте қазақ қоғамының саяси әлеуметтік және рухани өмірі көрініс тапты. Көтерілістің өзі күрделі, қайшылықтарға толы болды.\r\n\r\n \r\n\r\nКенесарының көтерілісі 1837 жылдың көктемінде, ол Ақмола даласына көшкеннен кейін басталды. Оның туының астына халық ағылып келіп жатты. Байдалы, Әлекі, Қойлыбай – Шағрай, Жасай – Қалқаман, Темеш, Тінәлі болыстарының қазақтары қосылды. Олар мал, қару-жарақ тартып алумен айналысты. Көтерілісшілермен келіссөзге кеңесші Менькович және Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин жіберілді, алайда олардың әрекетінен ештеңе шықпады. Менькович өзінің мәлімдемесінде былай деп жазады: «Оларды ауыздықтау үшін отрядтарды пайдалана отырып қатаң шара қолдану қажет, онсыз табысқа жетуіміз мүмкін емес, өйткені бұл болыстар бостандыққа үйренген, бағынуды ауыр езгі деп есептейді» деді.\r\n\r\n \r\n\r\n1837 жылдың аяғында Кенесары қозғалысына 3858 отбасы қатысты, бұл көтеріліс идеяларының өміршеңдігі және Кенесарының беделінің жоғарылығының куәсі еді. Уақыт өте көтеріліс қарулы күрес сипатында жүрді, күз бен қыста қарулы әрекеттер орын алды, екі жақтан да шығын болды, «қолға түскен олжаны Кенесары өзіне берілген қырғыздарға өз қолымен таратты».\r\n\r\n \r\n\r\nКенесары Қасымұлы 1837 жылғы желтоқсанда Николай І патшаға жазған хатында ол атасы Абылай хан заманында екі ел арасында орын алған бейбіт қатынасқа және шекара есебінде қабылданған межеге қайта оралуға шақырады. «… Сіздің арғы бабаларыңыз, ал бізде менің атам Абылай патшалық құрған уақытта, – деп жазады Кенесары император Николай І патшаға, – халық бейбіт және тыныш жағдайда өмір сүрді, оны ешкім бұзған емес. Екі жақ та өзара сауда жасады; біздің жұртымызға ешқандай да салық салынған жоқ. Ал одан кейінгі мезгілде бәрі өзгерді, біздің халқымыздан салық жинала бастады, оған басқа да түрлі таршылықтар жасалынды. Бұрынғы жасалынған бейбіт келісімді бұзып, Сіздің төменгі қарауыңыздағы басшыларыңыз бүкіл қазақ халқы Ресей бодандығына қарады деп жалған көрсетті, соның салдарынан менің Абылай атама қарасты жерлерде сегіз дуан орнады. Бұл біздің халқымыз үшін өте қайғылы жағдай, әсіресе, оған салықтың салынуы өкінішті-ақ. Сондықтан да біздің бүтін қазақ халқымыз таршылық көрмей, тыныш рахатты өмір сүрсе екен деп, ұлы мәртебелім, Сізге өтініш айтуға өзімді бақытты санап, біздің халқымызды сол бұрынғы күйінде қалдырып, даламызда орналасқан сегіз округтік дуандар мен өзге де мекемелеріңізді жоюыңызды сұраймын», – деп жазды. Алайда заңды талап-тілегі орындалмай, өтініші аяққа басылып, елі мен жерінің біртұтастығына қатты қауіп төнгендіктен, Кенесары ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастады. Ақылды саясатшы және шебер әскери қолбасшы ретінде ол соғысқа жан-жақты дайындалды. Жасағына қару-жарақ соғу, соның ішінде зеңбірек құю үшін орыс және өзге ұлт шеберлерін де өзіне тартып, оларға жақсы жағдай жасады.\r\n\r\n \r\n\r\n1838 жылдың жазына қарай көтерілістің тактикасы анықталды: олар бекіністерге шабуыл жасады. Ақмола қонысына, Тіленім-Шат, Көшекі бекіністеріне жасалған шабуылдар – осының айғағы. Кенесары Қазақстанның барлық ішкі аудандарында билігін жүргізді, оның жасақтарының саны жүздеп саналды. Саяси ұстанымы – патша әкімшілігі билігінің орнаған, рубасылары отаршыл саясатқа бейімделген бекіністерді шабуылдау болды. Кенесары қойған басты талап – бекіністерді жою және ішкі пункттерге шегіну болды. Өзінің талаптарын орындату үшін Кенесары қуатты бекіністерді, соның ішінде Ақмоланы басып алуға тырысты, 1838 жылдың тамызында Ақмола алынып, өрт құшты, Кенесарының қолына әскери тұтқындар түсті. Кенесары Абылайдың мұрагері ретінде Орта жүздің ханы болып мойындалғанмен, сонымен қатар Кіші жүздің рулары өзін хан ретінде мойындауын өте маңызды деп есептеді. Жалпы, қазақ ханы Абылайдың мұрагері ретінде ол өз билігінің заңдылығын нығайтуды және оны Торғай мен Ырғыз даласында бекітуді мақсат тұтты.\r\n\r\n \r\n\r\nКенесарының ұлт-азаттық көтерілісте қандай қолбасшы, тарихта қандай ұлы тұлға болғандығы туралы орыс тарихшысы Н.Середаның өзі былайша тамсана ой толғайды: «Кенесары өз жасақтарының мәртебелі әміршісі бола білді. Оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызығар еді. Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді. Кенесары ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра түсіп, көздеген мақсат жолындағы тос­қауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы күллі осындай қасиеттерді көшпенділер биік бағалап, оның қарекет-қимылына қатысушылардың жүрегі басшысына деген шексіз сүйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады». Ал енді ағылшындық Томас Аткинсон Кенесары Қасымұлы туралы былай деп жазды: «Кенесары қазақтардан ғажайып жауынгерлер даярлады. Найза мен айбалтаны тамаша игерген, шапшаңдығына көз ілеспейтін Кенесары жігіттері өзінен күші басым жаудан қаймықпай соғысып, жеңіп шыға беретінін естігенім бар. Егер білікті офицерлері болса, қазақтар әлемдегі ең әйгілі атты әскер құрар еді. Оларға тарихта даңқы асқан Шыңғыс хан жиһангерлерінің керемет қасиеттерінің бәрі тән».\r\n\r\n \r\n\r\nКенесарының көтерілісін басып-жаныштауға белсенді әрекет жасаған Орынбор Шекаралық комиссиясының төрағасы М.В.Ладыженский Шығыс, Батыс, Орта Орда бөліктерінің аға сұлтандары Ахмет Жантөринге, Баймұхамед Айшуақұлына және Арслан Жантөринге жолдаған алғашқы бұйрықтары мен нұсқауларында-ақ Кенесары қосындарына барып қайтатын тыңшылар санын көбейтуді талап етті. 1844 жылдың 25 қыркүйегінде жазылған осындай құжатта: «Қазірдің өзінде аға сұлтан Арслан Жантөриннен мәліметтер келіп түскені, енді Ахмет Жантөриннен күтіп отырғаны» туралы айтылып, Кенесары ауылдарына таяу маңдарда көшіп-қонып жүрген қазақтардан, болмаса оның сенімді адамдарынан шынайы мә­ліметтер жинап, құпия түрде Шекара комиссиясының төрағасына хабарлап отырудың қажеттілігі көрсетіліпті. Мұндай жұмыстар үшін аға сұлтандарға «құрметті марапаттар», ал «жансыздарға» ақшалай сыйлық беруге уәде етіледі (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 385-іс. 52-п.). Осы нұсқауға сәйкес аға сұлтандар барлау жүргізуге лайықты деген адамдарды іріктеп алып, Кенесары жасақтары орналасқан жерлерге жіберіп жатты. Оларға ешбір күдік тудырмайтындай желеулермен көтерілісшілер қосындарына еніп, мына жайттарды анықтау жүктеледі: 1) Кенесары ауылдарындағы үй саны қанша? 2) Ауылдары бір жерде ме, әлде әр жерде ме? Қонған орындары қайда? 3) Кенесарының үй-жайы, дүние-мүлкі қай ауылдарында, оларды бір жерде ұстай ма, әлде бөлектеп пе? Кімдер күзетеді? 4) Кенесарының өзі қай жерде және оған жақын жүрген сұлтандар мен құрметті кісілер кімдер? Қасында қанша адам бар? Барымтаға жіберілгендері бар ма? Болса, қанша кісі, қай жаққа жөнелтілді, кім бастап кетті? 5) Кенесарының шептерге, әскери отрядтарға, орыс бодандығына өткен қазақтарға қарсы қандай қимыл-әрекет жасау ниеттері бар? 6) Ол Сібір және Орынбор отрядтарының шыққаны туралы біле ме? Оған қарсы қандай әрекет жасамақшы? 7) Сұлтандар мен старшындардан шеп маңына шабуыл жасауға, барымтаға кімдерді қолайлайды, кімдерді көбірек жұмсайды? Олардың арасынан ең сенімді кісілері кімдер?  Шеп тұрғындары мен «қырғыздардан» барымталап алған мал-мүліктері қайда және олар қандай мөлшерде? 9) Тұтқындар қайда және қалай ұсталады, оларды қашырып жіберуге қандай мүмкіндіктер бар? 10) Кенесарының аға сұлтандарға және Ордадағы өзге де әкімшілік шен иелері мен құрметті кісілеріне пікірі қандай? 11) Осындай кісілермен астыртын байланыстары бар ма? Орыс бодандығына өткен, әкімшілікке жақын «қырғыздар» арасынан шепте және Орынбордың ішінде болып жатқан жайттарды жасырын жеткізіп тұратын кісілері бар ма? 12) Кенесарының өзі қай жерді қыстамақ? Қыстауда үй-орманымен бола ма, жоқ салт басы ма? 13) Оның мініс аттары, әсіресе, ұрысқа даярланған көліктерінің күйі қалай? 14) Оқ-дәрі мен мылтықты қайдан және қандай бағаға алады? (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 385-іс. 5-10-п.п.).\r\n\r\n \r\n\r\nБарлаушылар, әсіресе, Мыңбай мен Үмбет нұсқауда көрсетілген он төрт бап бойынша толық мәліметтер жеткізеді. Соңғылары Кенесары ауылы Қарақұмның «Қарасүңгір-Тұздақ» аталатын құдығында, оның отбасы, дүние-мүлкі, өзі де осында, Ордасы ауылдың нақ ортасында, жанында жүргендер Шоқпыт, Құдайменде, Ержан және Наурызбай сұлтандар, Жеке, Жанайдар, Сүтен және Шоқпар батырлар бар деп хабарлайды.\r\n\r\n \r\n\r\nОсындай мәліметтер негізінде Орынборда Кенесары жасақтарының іс-қимылы, бір жерден екінші жерге қозғалуы, әскери қарымы қалт жібермей қадағаланады. Аға сұлтандар Кенесары мен Орынбор әкімшілігі арасындағы қатынастарды ушықтыруға, сөйтіп, Кенесарымен келіссөз жүргізуге мүмкіндік бермеуге барынша күш салады. Баймұхамед Айшуақұлы, әсіресе, Кенесарының Орта Азия хандықтарымен байланысы барлығы туралы хабарды тікелей Ладыженскийге жеткізіп, көтерілісті күшпен басу керектігіне ақыл-кеңес береді. Оның жоғарыда айтылған Жұмыр Ізмұхамедұлы деген тыңшысы қару-жараққа айырбастау үшін 1100 қой айдатқанын және оған қоса Кенесарының Хиуа ханына 30 жорға, 2 тұтқын орысты бір өкілімен бірге жібергенін, ханнан «орыстарға қарсы тұру үшін» деп екі зеңбірек, екі жүз шамхал (мылтық) сұратқанын естиді (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 385-іс. 245-п).\r\n\r\n \r\n\r\nОсы деректерді Баймұхамед сұлтан Орынбор Шекаралық комиссиясына жеткізіп, Кенесарының сөздеріне де, елшілеріне де сенбеуге үгіттейді. Отаршылдарды Кенесарының Орта Азия хандықтарымен қатынасы барлығы аса абыржытты. Патша өкіметі барлау мен тыңшылық қызметті өрістете отырып, 1845 жылдан бастап көтерілісті тезірек жаншу қамына көшеді. Бірақ 1845 ж. Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің Ресейге бодан болуды қабылдауы көтерілісшілердің жағдайын ауырлата түсті. Патша өкіметі Ұлы жүз қазақтары мен Алатау қырғыздарының көтерілісшілер қатарына қосылмауы жөнінде сан алуан айла-амалдарды қолданды. Генерал-майор Вишневский Орта жүздің Аягөз, Қарқаралы, Көкпекті округтерінің аға сұлтандарын Кенесарыға қарсы күреске тартты.\r\n\r\n \r\n\r\n1846 жылдың бас кезінде Кенесары Балқаш пен Іле өзені маңына қоныс аударды. Алайда осы уақыттан бастап Кенесарының опат болуына дейінгі көтерілістің соңғы кезеңі туралы зерттеулерде бірізділік жоқ. Е.Б.Бекмаханов пен Ж.Қасымбаевтың еңбектерінде патшалық Ресейдің Алатау қырғыздары мен Қоқан хандығының күштерін Кенесарыға қарсы бағыттаудағы әрекеттері нанымды деректер негізінде қарастырылған (Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарында. А., 1994. 335-б.; Қасымбаев Ж. Кенесары хан. А., 1993.). Е.Б.Бекмаханов орыс әскери шендері мен қырғыздар арасында тікелей байланыс орнатылғаны, жасауыл Нюхаловтың қырғыз билеріне хат жолдап, Кенесарыға қарсы бірлесіп күресуге шақырғаны туралы құжаттарды келтіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nХХ ғасырдың алғашқы ширегінде, яғни 1923 жылы Алаш зиялылары Ташкентте «Кенесары-Наурызбай» және «Қыз Жібек» қиссаларын біріктіріп кітап етіп шығарған. Оны құрастырған және түсініктерін жазған – белгілі қоғам қайраткері, ауыз әдебиетін зерттеуші Халел Досмұхамедов. Зерттеуші, әсіресе, «Кенесары-Наурызбай» қиссасының авторы Нысанбай ақынның сөздеріне және Кенесары өміріне байланысты кеңірек түсініктеме берген. Автор Кенесары бастаған көтерілістің соңғы күндеріне кеңірек тоқтады. Кенесарының қырғыздармен болған соғысына былайша тоқтаған: «Кенесары әуелі қазаққа жақын отырған Қосшы мен Солтыны шапқан. Онан кейін Сарбағышты шапқан. 1846 жылы осы күнгі Бішпектің төңірегінде бір үлкен соғыс болған. Келе жатқан Кенесарыны тоқтатам деп, Сарбағыш Қалпақ батыр көп қолмен Бішпектің төңірегінде Кенесарыға жолыққан. Көп қырғын болған. Соғыста Қалпақ өлген. Қырғыздар жеңіліп қашқан. Екінші үлкен соғыс 1847 жылы көктемде болған. Кенесары көп қолмен келіп, Кекілік тауына ордасын тігіп, Алатаудың теріскей жағындағы қырғыздарды шаба бастаған. Соғыстың мықты болған орны – Самсы (Шамшы) асуы, Ержанның қолға түскен жері де осы Самсы асуы» (Досмұхамедов Х. Кенесарының соңғы күндері. // «Жалын», 1994. №9-10. 228-294-бб.).\r\n\r\n \r\n\r\nКенесары Ұлытаудан, Кішітаудан, Іле өзенінің Балқашқа құяр жеріндегі «Қамауға» ауып барған. Кенесары «Қамауда» жатқанда 1846 жылы Аягөзден Кенесарыға қарсы патша үкіметі әскер жібереді. Әскердің бастығы Нюхалов деген жасауыл болады. Кенесары «Қамауды» тастап, Шуға қарай өрлейді. Нюхалов Қызылағашта жатып, қырғыздың манаптарына хат жазады: 1. Бұғы руынан Боранбай Баймұратұлына; 2. Сарбағышты билеп тұрған Орман Ниязбекұлына; 3. Солты руын билеп тұрған манабы Жанғараш Есқожаұлына. Ол хатта «Кенесарыға көнбеңдер, Кенесарыны жойыңдар. Кенесары – сендердің де, патша үкіметінің де дұшпаны. Патша үкіметі сіздерге жәрдемдесетін болады» деген мазмұнда (Недзвецский В.Е. Памятная книжка и адрес-календарь Семиреченской области на 1905 г. Верный, 1905. с.11.).\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен қатар Х.Досмұхамедов Кенесары мен Наурызбайдың қалай қырғыздар қолына түскенін былайша жазады. Кекілік Сеңгірде қазақтар бытырап, жан-жаққа қашып кетеді. Кенесары мен Наурызбай да қашқан. Қырғыздар қуып, Шудың күншығыс жағындағы Кекіліктен он-он бес шақырымдай жердегі Алмалы сай, яки Су алман деген жерде аты тұрып қалған Кенесарыны ұстап алған. Наурызбай да сол шамада Кенесарыдан бөлек ұсталған. Төрелерді атқа мінгізіп, қырғыздар тау ішіндегі еліне апарады. Өздерін бөлек үй тігіп беріп, құрметпен сыйлайды. Кенесары, Наурызбайдың жатқан үйі Жолба деген қырғыздың үйі екен. Осы үйде төрелер жеті күн жатқан. Кенесарыны Сарбағыш Тастанбек балалары, Наурызбайды Сарбағыш Тілеуқабыл балалары жабылып өлтірген. Екеуі екі бөлек қойылған. Кенесары Борды деген сайға көмілген. Борды Тоқмақтан жиырма бес шақырымдай Буамға жүретін қара жолдың оң жағы болады. Наурызбайдың қайда көмілгені әлі анық емес (Досмұхамедов Х. Кенесарының соңғы күндері. // «Жалын», 1994. №9-10. 290-294-бб.).\r\n\r\n \r\n\r\nКенесары көтерілісінің кейбір қырларын аша түсуде Ә.Ділібаевтің еңбегінің орны ерекше. 1949 жылы Кенесарының қырғыздармен соңғы рет ұрыс жасаған жерлерін жаяу аралаған. Оқиғаға қатысқан батырлардың ұрпақтарынан көптеген әңгімелер жазып алады. Қолжазбадағы мағлұматтар ұзақ жылдар бойы ғылыми айналымға тартылмай келді. Ә.Ділібаев жинастырған материалдар тек 1999 жылы жарық көрді. Қордай ауданының «Талапты» колхозының солтүстік жағында жатқан бір қырқа болады. Ол жерді бұрын халық «Кене ханның ақ қырқасы» деп атайды екен. Ол туралы Нұрпа Төлебайұлы деген ақсақал былай дейді: «Ел жайлаудан түсіп, Шудың бойында отырған кез екен, бір күні ертең-ерте ақ қырқаға толған ақ үй қонып қалыпты. Сөйтсе, ол Кене ханның ауылы екен. Қордайдан түнде асып, сол жерге келіп қонған екен. Біраздан кейін ауылға жасауылдар келіпті. Менің әкем қасына кісі ертіп, ерулікке сойыс алып, ханның ауылына барыпты. Оларды қонақүйге түсіріпті. Бір кезде: «Хан шақырады», – деп екі жігіт келіп, оларды ертіп, ханның үйіне алып кіріпті. Сәлемдесіп, жөн сұрап болғасын Кене хан: «Жантай, Ормандармен ұрысайын деген жоқ едім. «Ел болайық» дегенге көнбеді. Жауға қосылды. Елшімді байлап, ұрлығын былай істеп жатыр. Кінә өздерінде, ертең елін шабамын. Дулат баласы, іргелі ел едіңдер, көздеріңмен көріп, олжаларыңды алыңдар», – депті. Бішпектің қасында қырғыздармен соғыс болып, қырғыздар қолы жеңіліп қашыпты. Түскен олжаны хан елге таратып беріпті де теріскейге қайта көшіп кетіпті деп менің әкем соның ішінде болып, олжа алған әңгімелерін айтып отырар еді. Кене ханның ту тіккен жері Майтөбе болған. Мен ол Майтөбені және Алмалы мен Суалман сайларын әдейілеп барып көрдім. Майтөбе, Шу өзенінің бойындағы кішілеу төбе. Оң жағынан 1-2 шақырымдай жерде арынды Шу ағып жатыр. Одан ары шығыстан оңға тартып, батысқа қарай кеткен қырғыздың Алатауы тұр. Оның төсінен құлай аққан Қызылсу, Самсы, т.б. сулар Шуға құйып жатыр. Майтөбенің терістік шығысына тие Кекілік тауының биігі «Әулие шоқы» тұр. Батыс жақ баурайында Чапаев атындағы колхоз бар. Оның батысында Шуға келіп тірелген үлкен сай жатыр. Ол сай қазір Қарақоңыз сайы деп аталады. Шудан бастап терістікке қарай шалқая сол Қарақоңыз сайымен 11-12 шақырымдай жүргенде үлкен екі тарау болады. Соның біріншісін «Алмалы сай» немесе жай ғана «Суалман» деп атайды. Ол екі сайдың іші толған қалың ағаш, ағын суы бар. Кенесары мен Наурызбай сол Алмалының ішінде қолға түскен (Ділібаев Ә. Ауыз әдебиеті үлгілері мен зерттеу мақалалар. Алматы, 1999. 85-88-бб.). Ә.Ділібаев Кенесарының жорығы кезінде қырғыздардың Шу өзенін бөгеп, қазақ жасағын сусыз қалдырды дейтін кейбір мәліметтерді де теріске шығарып, оның себебін айқын дәлелдермен көрсетіп береді. Кейбір әңгімелерде: «Манаптар Шуды бөліп жіберіп, Кенесарының жасағын сусыз тастапты» дейді. Оның ешбір шындыққа сыяр жері жоқ. Мен Шу бойымен өрлеп Майтөбеден жоғары 50-60 шақырым жердегі «Колос» колхозына және одан да ары бардым. Ол арада Шуды бұрған және бұратындай ешбір арна немесе ыңғайлы жер жоқ. Шудың оң жағы қайқы, көтеріңкі дөңес болып кетеді. Ол жаққа Шуды бұрды деушілік – тек жер жағдайын білмеушіліктің әсері. «Сол жаққа бұрды» – деуге тағы болмайды, өйткені ол жағы Буамнан бастап, Майтөбеге дейін Шуды жанай жарыса жатқан тау болады. Ал сонымен қатар таудан құлап, атырыла ағып, тас ағызып жатқан арынды Шуды ағызбай байлап қойды деу тіпті құлаққа кіретін емес. Оны тіпті осы күнгі техникалық дәуірдің өзінде істеуге болмайды. Сондықтан «Шуды байлап, сусыз қалдырды» деушілік – жер жағдайын білмей айтып жүргендердің сөзі. «Қазақ ССР-ның тарихында да» сондай етіп көрсетілген, бұл дұрыс емес деп жазады (Ділібаев Ә. Ауыз әдебиеті үлгілері мен зерттеу мақалалар. Алматы, 1999. 88-89-бб.).\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиетші-ғалым Е.Ысмайылов тарихи жырларға сүйеніп және мұрағат деректері мен 1917 жылға дейін жарық көрген орыс зерттеушілерінің еңбектерін пайдалана отырып, Кенесары бастаған көтерілісті жан-жақты сипаттаған. Ғалым Қалижан Бекхожинмен біріге отырып, 1941 жылы Кенесары, Наурызбай және олардың батырлары жайындағы жыр-дастандар мен аңыз-әңгімелер жинағын баспаға әзірлеген. Зерттеу сол кезде еш жерде жарияланбай, тек 1948 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихында» Кенесары, Наурызбайға арналған VІІІ бөлімінде ғана кішігірім үзінді ретінде берілген. Ғалымның өз қолымен жазған 275 беттен тұратын қолжазбасы Орталық Ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Е.Ысмайылов Кенесары бастаған көтерілістің тарихи маңызының зор екендігін байқатып, өз ойын былай деп баяндайды: «Кенесары бастаған қазақ халқының көтерілісі Ресейдің қатал, реакцияшыл патшасы Николай І-дің монархиясын Орта Азиядағы тегеурінді күшімен он жыл бойы сілкіндіре, үрейлендіре білген бұл ұлы зор қозғалысты тарих бетінде жоққа санау тарихты танудағы топастық екендігін мойындау керек» (Ысмайылов Е. Кенесары-Наурызбай бастаған халық көтерілісі. Алматы, 1941. ОҒК-ның қолжазбалар қоры. 1328 бума. 2-3-бб. ). Міне, автордың сол кездегі қоғамдық ойды қорықпай, ұлттық тарихты объективті түрде жазуға тырысуы оның еңбегінің құндылығын арттыра түседі. Ғалым «Кенесары-Наурызбай бастаған күресті қазақ халқының ұлт-азаттық күресі деуге бола ма? Мұны осы уақытқа дейін қалай түсініп келдік?» деген сұрақтар қоя отырып, бұл көтерілісті бағалаудағы үш түрлі көзқарас бар екендігін айтады.\r\n\r\n \r\n\r\nБірінші көзқарас – сол замандағы буржуазияшыл-шовинист тарихшылардың, патша шенеуніктерінің Кенесары ұры, ел тонаушы, барымташы «шайкілер» тобы деген. Бұл көзқарасты осы заманда да жаңартып, бірақ түрлі ауыр, жаман сөздермен бояп жақтаушылар табылады. Бұл жөнінде Якуниннің «Большевик Казахстана» журналының 1939 жылы 8-санында басылған мақаласын айтуға болады. Мұнда ол Кенесары ел тонағыш «шайкілер» тобы, хандыққа, шенге өкпелегіш, арғы тегі хан болып еді, тегі жаманнан жақсы адам шықпайды, сондықтан мұның қозғалысы халықтыкі емес, феодалдық қозғалыс дейді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕкінші пікір – буржуазияшыл-ұлтшылдардың пікірі. Бұлар өз пікірін 1934 жылы Мұхтар Әуезовтің «Хан Кене» пьесасы қойылған кезде ашық айтты. Кенесары сияқты қанаушы таптан, хан тұқымынан шыққан алаяқ ұры арқылы қазақ халқының күресін көрсетемін деу – алжасқандық. Кенесарыны дәріптеушілер ханды арман етушілер деген провакациялық өсектерін таратып, қастық ниетпен пьесаны сахнаға қоюды тоқтаттырды. Кенесары-Наурызбайдың ерлік әрекетін сахнадан көріп, сүйсіне қол шапалақтаушы жұртшылықты – ұлтшылдық, обывательдік деп сөкті (Сейфуллин, Қабылов, т.б.; сонда 6-б.).\r\n\r\n \r\n\r\nКелесі үшінші пікір айтылған 5-бет жыртып алынған. Дегенмен 6-бетке өткенде автор Кенесарыны айбынды батыр, халықтың шын қамқоры, досы болған ерлер деп бағалайтын пікір туралы айтады. Әрі қарай өзіміз осы үшінші пікірді қуаттайтын болғандықтан, осыны кеңірек түсіндірейік, – деп, Кенесары көтерілісін сипаттауға кірісіп, көтерілісті тудырған тарихи-қоғамдық себептерінің бастыларына тоқталады (Сонда. 10-20-бб.). Сонымен қатар зерттеуші салыстыру барысында Кенесары көтерілісі бұған дейінгі болған көтерілістерден аумағы кең және Қазақстанның негізгі аймақтарын қамтыды деп, қай аймақтар қатысқандығын айтады. Бүкіл қазақ даласы Кенесарыға тілектес болды, әр ауыл, әр үй Кенесарының қорғаны болды. Сондықтан көтеріліс бірден тез қанаттанып, ұлт-азаттық жолындағы бүкіл қазақ даласының зор халықтық қозғалысына айналды, – деп орынды тұжырымдайды. Кенесары қырғыздар қолынан мерт болғаннан кейін, Ресей империясының отарлауына қарсы күресті оның ұлдары Жапар мен Сыздық сұлтандар жалғастырды. Сыздық сұлтан Ресей билігіне қарсы жиырма жылға жуық ат үстінен түспей күресе білді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\nҚорыта келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақ жерінде үш жүздің халқын түгелге жуық қамтыған және ұзақ уақыт бойы жүргізілген көтеріліс еді. Оның патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы бұқаралық сипатымен және қазақ халқының тарихында ірі прогресшіл бағытымен айқындалды. Біріншіден, бұл қозғалыс бұқараның азаттық үшін белгілі саяси мектебі ретінде көзге түсті. Патшаның отарлау саясатына қазақ халқының кейінгі жылдардағы қарсылығы осы көтерілістің  негізінде өсіп дамыды. Оның сабақтары отарлау саясатының қаншалықты озбыр, қанішерлік, халықтың тәуелсіздігін аяқ асты етіп отырған саясат екенін түсінуге, оған қарсы күресте өзінің еркі мен жігерін ұштауға көмектесті. Екіншіден, патша өкіметіне тегеурінді қарсылық көрсетіп, оның отаршыл аппаратына ірі-ірі соққы берген бұл көтеріліс халықтың күш-жігерін дұрыс ұйымдастыра білгенде жеңіске жетуге болатынын көрсетіп берді. Сонымен бірге ол қазақ халқының өсіп-өркендеуіне, ұйымдасып дамудың даңғыл жолына шығуына феодалдық бытыраңқылықтың тұсау болып отырғанын да көрсетті. Үшіншіден, Кенесары көтерілісі патша өкіметінің қазақ халқына құлдық қамытын кигізіп, біржола езгіге салатын, отарлау саясатын ширықтыра жүргізетін сәтін біраз кешеуілдетті. Көтеріліс отаршылдық саясатты қазақ даласына енгізудегі соңғы тосқауыл, ақырғы қамал іспетті.

Ілияс Жансүгіров

0

Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды.\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған.Ескіше хат танитын, шағатай тілдеріндегі кітаптарды жинайтын, аңыз-ертегілерді, батырлық жырларды, тарихи оқиғаларды, әңгіме-шежірелерді жақсы білетін, көкерегі ояу, көзі қарақты, әр түрлі өнерді ұстаған әңгімеші, домбырашы, ұста, көшелі Жансүгір анасынан ерте қалған Ілиясты жетімсіретпей, еркелетіп, жақсы үлгі көрсетіп, тәрбиелеп өсіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nХалқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған.\r\n\r\n \r\n\r\nӨз үйінде, әкесінен хат таныған, одан соң молда алдын көрген Ілияс біраз уақыт Карағаш деген жердегі татар үлгісіндегі мектептен оқып, әр түрлі пәндерден сабақ алады. Бұдан кейін тұрмыс жағдайы билеп шаруа күйттеп, тіршілік қарбаласына араласып катеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЖастық қиял, арман толқулары, ауыл көріністері, табиғат суреттері оның жүрегін қозғап, тіліне ұйқасты сөздер оралып, өлең шығара бастайды.\r\n\r\n \r\n\r\n1920 ж. Ілияс Алматыға келіп, үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді. Артынан Ташкенттегі Қазақ ағарту институтының жанындағы қысқа мерзімді курсте бес-алты ай оқығаннаң кейін, денсаулығының нашарлауына байланысты аулына қайтады.\r\n\r\n \r\n\r\nДауылды жылдардың тартысты тіршілігі жас мұғалімді өз толқынына тартады. Қазақ ағарту институтында, Жетісу облысының Қосшы комитетінде губерниялық оқу бөлімінде, «Тілші»газеті редакциясында қызмет істеу, экспедицияға шығып фольклор үгілерін жинау кешегі ауыл жігітін ширатып шыңдайды. Жас азаматтың кызметтен өзге уакыты түгелдей кітап, газет-журнал оқуға, өз көкірегіндегі сырларды қағазға түсіруге жұмсалады. Алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанак» деген тұңғыш кітабы шығады.\r\n\r\n \r\n\r\n1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында жиырмадан астам кітап шығарып, артына аса бай әдеби мүра қалдырды. Оның лирикалық шығармалары, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Турксиб», «Исатай-Махамбет» пьесалары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар. Он жылдың ішінде осынша шығарма берген қалам қайраты, талант табандылығы ғажап.\r\n\r\n \r\n\r\n1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспассөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. Аршынды қаламгер, үлкен мәдениет қайратқері Ілияс Жансүгіров 1934-1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады, ССРО Жазушыларының I съезінде сөз сөйледі, республиканың әлеуметтік өміріне белсене араласады. Жазашының М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған.\r\n\r\n \r\n\r\nКөзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды.\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс Жансүгіров — қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әсіресе ол өзінің аса қуатты суреткерлік талантын поэзия жанрында көрсетіп, күллі қазақ әдебиетінің мақтанышына айналған туындылар берді.\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс әдебиетке халық фольклоры дәстүрінен, аз оқуымен және біршама кештеу — 20-жылдардың басында келді. Бірақ ол сол кездің өзінде халық өмірін жетік білетін, қазақ тілінің байлығын тамаша меңгерген бозбала еді. Өте қабілеттілігі мен ізденгіштігінің, жігерлілігінің және жаңадан құрылып жатқан қоғамның қоңыртөбел ортадан шыққан талапты жастың оқып, білім алуына жылы қабақ танытуының арқасында, ол біршама қысқа уақыттың ішінде тез жетіліп, аршындап алға озды. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. Осы аралықта жазуға да төселіп, қоғамдық жұмыстарға, әдебиет ісіне белсене қатысты. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген Ілияс 5-6 жылдың ішінде қатарынан арындап алға озып, Абайдан кейінгі дәуірдің аса көрнекті ақынына айналды. Прозалық, драматургиялық талантты кесек туындыларын айтпағанда, «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық шығармалар тудырды. Ілияс поэзиясы — ойға — қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.\r\n\r\n \r\n\r\nӨмірбаяны. Қазақтың Абайдан кейінгі замандағы аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіровті, әдетте, өзі шалқар шабыт, керемет құштарлықпен көсіле жырлаған Ақан серінің Құлагеріне ұқсастырады. Айтты-айтпады, екеуінің дүлдүлдігінде ғана емес, тағдыр-талайында, қайғылы өлімдерінде де ұқсастық бар. Бәйгенің алдын бермейтін қас жүйріктерге ғана тән намыскерлікпен жанын сала зымырап бара жатқан Көктұйғынды омыраулап, кең тыныспен жүйткіп келе жатқан Құла пырақ межелі жер -Жыландысайға еңкейісте, үстіндегі баланың тізгінін босатып, тақымын сәл қымтып қалуы мұң екен, жұлдыздай аға жөнеледі. Сол сәтте қалтарыстан тап берген қарақшы кер құланы маңдайдан айбалтамен періп өтеді де, қайран тұлпар қара жер қақ айырылғандай гүрс етіп құлап қала береді. Кемеліне келіп, ақындық бәйгесінде арындап алға шыққан шағында Ілияс та тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, мұрттай ұшты. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы 10 жылда проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды.\r\n\r\n \r\n\r\nБолашақ ақын жерінің бетін жеті өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі -бұрынғы Қапал уезіндегі ағынды Ақсу бойында 1894 жылы дүниеге келген. Анасынан ерте жетім қалған Ілияс әке бауырында тәрбиеленген. Әкесі Жансүгір арабша жақсы сауатты, үйінде көнелі-жаңалы кітаптарды жинап, оқып отыратын, өлең-дастандарды, арғы-бергінің неше алуан қызық әңгімелерін көп білетін кісі болыпты. Оның үстіне домбырашы, ісмер, ұста екен. Баласына да өнерінің бәрін үйретіп, әке орнына — әке, шеше орнына — шеше болып, аялап, әлпештеп өсірген.\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс алғашында әкесінің үйретуімен хат таниды, сонан соң ауыл молдасының алдын көріп, медресе үлгісіндегі мектепте де оқиды. Бұдан кейін біраз жыл ауылда тұрып, үй шаруасымен айналысады. Қара танысымен, кітапқа құмартқан Ілиясқа үлкен кісілер қиссалар оқытып, баталарын береді екен. Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, далалық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс көкірегіне жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқалары ұялаған. Тұтқыр зерделі, тумысынан өнерге бейім, зерек жас өспірім домбыра тартып, ән үйреніп, алдымен жаттап, соңынан жанынан шығарып, өлең айтатын болады. Келе-келе, бір өңірдің «жарып той бастап, таңдап әріптес алып» айтысатын, «түнгі тойды таңға таратпай, ауыл әлеуметін ауызға қаратқан» өлеңшісіне айналады. Сол шамада өлең де жаза бастайды. Бұл кезді талапкер ақынның елдің тарихын, өткен-кеткеннің қызықты хикаяларын, көне әдебиеті мен салт-дәстүрін біліп, халық тілінің байлығын меңгерген, яғни «ауыл академиясында оқыған жылдары десе де болады. Қазақтың байырғы әдебиетімен, қисса, аңыз түрінде қазақшаланып жеткен Шығыс әдебиетімен ғана таныс Ілияс 22 жасында Абай өлеңдерін оқып, қайран қалады. «Оған дейінгі көрген, оқыған әдебиетімнің бәрін Абай кітабы жоққа шығарғандай болды. Ойым ояна бастады. Қанбай, қайта-қайта оқи беретін болдым. Өзімде бір түрлі сергектік, сілкініс болды, жүрегім де жаңалық сезгендей» деп жазады Ілияс «Қысқаша өмірбаянында». Ол енді данышпан ақын жинағын қолынан тастамай оқиды, жаттап та алады. Мұның бәрі ақындық талпынысына игі әсерін тигізеді, оның өзіне тән суретті тілі, арындата, нөсерлете жазатын стилі айқындала бастайды.\r\n\r\n \r\n\r\nТалабына оқуының аздығы қол байлау болатынын сезінген Ілияс 26 жасында Алматыға келіп, қысқа мерзімді мұғалімдер курсын бітіреді. Одан кейін Ташкентке барып, онда Қазақ ағарту институты жанындағы курста жарты жылдай оқиды. Осы екі қалада шығып тұратын мерзімді басылымдарда өлеңдері жарияланады. Бірақ денсаулығына байланысты көп ұзамай еліне оралып, алдымен мұғалім, одан кейін облыстық, губерниялық мекемелерде, «Тілші» газетінде істейді. Қолы бос кезде бас алмай кітап оқып, өзін тебіренткен жайттарды өлең етіп жазады. Алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады.\r\n\r\n \r\n\r\nІ.Жансүгіров 1926-1928 жылдары Мәскеудегі журналистика институтында оқып, қоғамдық ғылымдар саласынан терең білім алады. Ақыл-ойы толысқан, өмір тәжірибесі мол, талантты жігіт, әйгілі ғалымдардың дәрісіне өздігінен оқуы қосылып, тез кемелденеді. Әсіресе, орыс және Еуропа әдебиетінің классикалық туындыларын құмарта әрі талдап оқиды. Институттың соңғы курсында оқып жүргенде — 1928 жылы «Сағанақ» атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Елге оралған соң, ол республикадағы аға газет -»Еңбекші Қазақта», 1934-1935 жылдары Казақстан көркем әдебиет баспасында жауапты қызметтер атқарады. 1934 жылы КСРО Жазушыларының I съезіне делегат болып қатысып, сөз сөйлейді. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы болып істейді. Ақынның М.Горькиймен шығармашылық байланысы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолына игілікті әсер етеді.\r\n\r\n \r\n\r\nТұнғыш кітабы шыққаннан жазықсыз жазаға ұшырағанға дейінгі 10 жылға жетер-жетпес аралықта Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетін «Жолдастар» атты пьесаларымен байытады, әсіресе, поэзияда көптеген әсерлі өлеңдері мен «Жетісу суреттері», «Гималай» атты керемет көркем жыр-толғауларына қоса, артынан «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сияқты классикалық поэмалар беріп, ақындық шыңына көтерілді.\r\n\r\n \r\n\r\nКөзі тірісінде ақындықтың Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров 1938 жылы жазықсыз жазаға ұшырады.\r\n\r\n \r\n\r\n***\r\n\r\n \r\n\r\nЖансүгіров Ілияс (1894 — 1938)\r\n\r\n \r\n\r\n… Шаттық жыр ағыл-тегіл, жаз қаламым,\r\n\r\n \r\n\r\nШат өмір шалқуыңа аз ба, жаным.\r\n\r\n \r\n\r\n… Ырысты еркін, азат елім қандай,\r\n\r\n \r\n\r\nКең байтақ, кен дәулетті жерім\r\n\r\n \r\n\r\nқандай…\r\n\r\n \r\n\r\nҚандай шаттыққа, сенімге толы жыр еді! Осындай риясыз қуанышпен жыр-тұлпарының тізгінін тыймай, еркін ұстаған ақын құдырет-күш тәңірісіндей сымбатты, еңселі адам болып елестейді. Оның жүзі жарқын, жаны жазирадай кең, жанары жарқылға толы болса керек-ті.\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс Жансүгіров Талдықорған (қазіргі Алматы) облысының Ақсу ауданында туған. Алғаш Қарағаш ауылындағы мектепте жадитше оқып, өз бетімен оқи, жаза алатын дәрежеге жетті. 1919 жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түсті де, оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болды. Онан кейін аз уақыт «Тілші» газетінде істеді. 1922 жылы Верныйдағы Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалды. Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтына оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітірді. Мәскеуден оралғанда «Еңбекші қазақ» газетіне қызметке алынды. 1933-1936 жылдары ҚАССР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Жазушылар Одағының председателі қызметін атқарып жүрген есіл ақынға орынсыз жала жабылып, репрессияның жазықсыз құрбаны болды.\r\n\r\n \r\n\r\nІлиястың шығармашылығы көп қырлы, алуан сырлы. Ол поэзия, проза, драма саласында өнімді еңбектеніп, өзіндік қолтаңбасы айқын көркем шығармалардың маржан шоғырын дүниеге келтірген құнарлы да тегеурінді қаламгер. Оның шығармаларына арқау болған тақырып өрістері де алуан түрлі. Поэзия, проза, драма салаларындағы шығармаларына өзі ғұмыр кешкен ортадағы нақтылы өмір көріністерінен бастап, тарихи тақырыпқа дейін арқау болып отырады.\r\n\r\n \r\n\r\nАқын ретінде Ілияс шығармаларының шоқтықты шыңы – оның поэмалары. Оның қаламынан туған «Күй», «Дала», «Күйші», «Құлагер»сияқты он беске жуық көлемді поэмалары қазақ поэзиясының інжу-маржаны болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс Жансүгіровтің прозалық шығармасының ішіндегі көлемдісі «Жолдастар» романы. Мұнда қазақ сахарасындағы еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігін, азаттықты көксеген арман-аңсарын, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің дүмпуін суреткерлікпен ашып көрсетеді.\r\n\r\n \r\n\r\nІлиястың драма саласындағы «Кек», «Түрксіб», «Исатай-Махамбет» сияқты туындылары да қаламгер дарынына айғақ шығармалар. Ол әдебиет сыны мен аударма саласында да өнімді еңбектенді. А.С.Пушкиннің көптеген өлеңдеріне қоса, «Евгений Онегин» романын қазақ тіліне алғаш рет толық аударды. Сондай-ақ, М.Ю.Лермонтовтың, А.М.Горькийдің, Н.А.Некрасов-тың, В.В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ тіліне аударды.\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс Жансүгіров қазақ сөз өнерінің поэтикасын кемелдендірген, көріктендірген қайталанбас дарын иесі. Оның шығармалары қазақ әдебиетін ұдайы көркемдіктің шырқау шыңына бастай беретін мәңгілік үлгі-өнеге.\r\n\r\n \r\n\r\nБүгінде Жансүгіровтің еліміздегі аса көрнекті жазушыларының қатарына қосылатынына, қазақ көркем сөз өнерінің асқан шеберлерінің бірі екеніне ешкім де шүбә келтіре алмайды. Ақын жырларын халық қастерлеп, жастайынан жаттап өсуде.\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс Жансүгірұлының ұлтымыз өміріндегі орны орасан, қазақ әдебиетіндегі әлемі айрықша. Ол – қазақ жырының тұлпар Құлагері. Ол – туған әдебиетіміздің бір асқар Алатауы, немесе жыр Жетісуы. Иә, ол қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, қала берді әлем әдебиетіндегі сирек, сара құбылыс. Оған бұл орайда жетіспейтін жалғыз-ақ нәрсе – бес құрылық халықтары тіліне аударылмай жатқандығы. Бұл жерде баса айтатын бір ерекшелік — өнердің заңы өмірдің заңынан да өргелек. Бейнебір бақи дүниенің қағидасы пәни дүниенің қағидасынан басым түсіп жататындай… Мәселен, әйгілі әлемдік тартылыс заңын кезінде ұлы ағылшын ғалымы Исаак Ньютон зерттеп, зерделеп таппаса да кейіннен басқа біреу міндетті түрде табар еді. Ал, «Евгений Онегинді» тек А.С.Пушкиннен басқа ешкім қалайша жаза алмаса, «Жетісу суреттерін», «Күйші», «Рүстем қырғынын», «Исатай-Махамбетті», «Құлагерді» нақ солайша Ілияс Жансүгірұлынан басқа ешкім жаза алмайды. Осы ретте біз оқырманымызға қатысты Луи Арагонның мына бір сөздерін алға тартсақ түк артық емес: «Біздің ғасырымыздың маңдайына бірнеше ақындардың нұрлы есімдері мөр болып басылған. Англияда ол – Киплинг, Францияда – Апполинер мен Элюар, Германияда – Рильке, Испанияда – Гариса Лорка. Осынау нұрлы күндердің қайсысы сөнсе де, нақ сол күні әлемді қара түнек басқандай болатын. Бірақ олардың қай-қайсысының да соңына қалдырған мұрасы көлеңке емес, жалын, ақ жалын еді».\r\n\r\n \r\n\r\n«Қазақстанда олар – Мағжан Жұмабайұлы мен Ілияс Жансүгірұлы» дегенді қосқымыз келер еді. Ақын бүгінгі егемен Еліне, ерікті де еркін қандастарына қарап тіл қатады:\r\n\r\n \r\n\r\nАстана Алатаудан саңқылдасам,\r\n\r\n \r\n\r\nЖетпей ме жер жүзіне жаңғырығым!\r\n\r\n \r\n\r\nАқын Ілияс Жансүгірұлының үні жер жүзіне таралып жатыр..\r\n\r\n \r\n\r\nІлияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіров пен теңдесер қаламгер жоқ. Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген «Әнші» өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы «Күйші» мен «Құлагер» сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.\r\n\r\n \r\n\r\nІлиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі — өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:\r\n\r\n \r\n\r\nҚобызшы Малқыбай шал Матайдағы\r\n\r\n \r\n\r\nМатайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақта қобызшының қалғаны сол,\r\n\r\n \r\n\r\nЖорға еді маймаңдаған бақайшағы, -\r\n\r\n \r\n\r\nдеп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған шабыттың екпіні сезіледі. Осы «жарықшақ үні тозған қаңсыған», «еңкейіп екіндідей күні кеткен» шалыңыз кім десеңіз:\r\n\r\n \r\n\r\nҚобызшы ол «Ақ көбікті» аңыратқан\r\n\r\n \r\n\r\nБоздатып «бозінгенді» күңіренткен.\r\n\r\n \r\n\r\nМалқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған «Бозінген» күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз.\r\n\r\n \r\n\r\nМіне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі «Күйші» поэмасын жазды. Поэма оқырманды салған жерден тау өзенінің арынды ағысындай үйіріп әкетеді: оқиға Арқадан ауып Жетісуға келген хан Кененің ордасынан басталады. Абылайдың арыстан жүректі немересін ардақ тұтып, сыйлаған халық, Жетісудың ығайы мен сығайы оның құрметіне ту бие сойып, той жасап, ерулік беріп, тарту-таралғы ұсынып, жік-жапар болуда. Поэманың қаһарманы Сарыүйсін руынан шыкқан салт атты, сабау қамшылы бір жігіт сондай той-думанның біріне тап болады. Бар жақыны — жар дегенде жалғыз шешесі ғана. Ел оны күйші деп қана атайды. Ешкім есімін ауызға алмайды, сірә білмейтін болса керек. Бірақ сол аты жоқ Сарыүйсініңіз осында жиналған хан мен қараны тамсандыруда:\r\n\r\n \r\n\r\nАңқытып ақ орданың бір жағында\r\n\r\n \r\n\r\nКүйші отыр домбыраны дүрілдетіп,\r\n\r\n \r\n\r\nҚұмар қып тартқан күйдің ырғағына.\r\n\r\n \r\n\r\nОның күйін тыңдаған жұрт:\r\n\r\n \r\n\r\nЖып-жым-жырт тыңдағандар тіл кескендей,\r\n\r\n \r\n\r\nҚұрыштап құлақтарын үн кескендей.\r\n\r\n \r\n\r\nСылдырап кейде қамыс, кейде бұлақ,\r\n\r\n \r\n\r\nҚырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей.\r\n\r\n \r\n\r\nОның тартқан алуан түрлі: зарлы, ащы, тәтті күйлері тас бұлақтың суындай лақылдатып, біресе жүректі шымырлатып, біресе көңіл шымшиды.» Асан Қайғы», «Теріс қақпай», «Сарыөзен», «Бозінген», «Қаражорға», «Қорамсақ» күйлері Алатау, Алтай, Арқа, Қыр, Сырды шарлатып, Ұлы Дала аумағында өткен ел тарихын елестетеді. Осыларды автор:\r\n\r\n \r\n\r\nАнқылдап алтын күрек домбырадан\r\n\r\n \r\n\r\nҚұйып тұр жазғы жылы жаңбырдай боп, -\r\n\r\n \r\n\r\nдеп суретті сөзге көшіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nТабиғат тып-тыныш бола қалды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚырдағы қоян, құлан құлақ тігіп,\r\n\r\n \r\n\r\nҚамыстан жолбарыс та ыңыранды.\r\n\r\n \r\n\r\nКүн тыңдап кірмей тұрды ұясына,\r\n\r\n \r\n\r\nБұлт тыңдап, мінбей тұрды тау басына.\r\n\r\n \r\n\r\nМақұлық жерде, көкте маужырады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚараған бір жан болмай шаруасына.\r\n\r\n \r\n\r\nСу ақпай, жатты толқып арнасында,\r\n\r\n \r\n\r\nҚарғалар қалқып қалды жар басында.\r\n\r\n \r\n\r\nСүйсініп домбыраны тыңдады жұрт,\r\n\r\n \r\n\r\nТырп етпей тілеулес боп зарласынға.\r\n\r\n \r\n\r\nОсылайша, адам түгіл, жан-жануар, өлі, тірі табиғатты манауратқан Күйшіні ханның қарындасы — » Ақылы дария, алтын басты, әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы» Қарашаш — ағасынан басы бүтін сұрап алады. Бишара күйші не күйге ұшырағанын аңғара алмай, ханшаның соңынан сүмірейіп кете барады. Құлағында хан Кененің:\r\n\r\n \r\n\r\nҮйсіннің ерулігі болар бізге,\r\n\r\n \r\n\r\nБергенім басы бүтін байлап басын, -\r\n\r\n \r\n\r\nдеген мұздай сөзі.\r\n\r\n \r\n\r\nПоэмаға өзек болған негізгі идея — қазақ халқының тоқсан тарау, яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету. Бұл Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартыс, адам сезімдерінің алапат шарпысуы арқылы беріледі.\r\n\r\n \r\n\r\nӘ дегенде Қарашашқа тұтқын, құл болдым деп есеңгіреп қалған Күйші біртіндеп есін жиып, үй ішінің көріністеріне көзін салады. Небір асыл дүние-жиһазбен сәндеген ханша отауының гүл-гүл жайнаған ішкі жасауы Күйші сезімін арбап, көңілін сергітеді. Алғашында айдаһардай әсер еткен ханша енді:\r\n\r\n \r\n\r\nҚара қас, қылан қабақ, кер кұба қыз\r\n\r\n \r\n\r\nҚарашаш, алмас сағақ, құралай көз.\r\n\r\n \r\n\r\nСырықтай ордадағы сымдай бойы,\r\n\r\n \r\n\r\nТалшыбық қыпша белдің өзі нағыз.\r\n\r\n \r\n\r\nТүлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,\r\n\r\n \r\n\r\nАқ қоян, бозша, байтал, ақша нар қыз.\r\n\r\n \r\n\r\nҚымыздай балға ашытқан тәтті қыз,-\r\n\r\n \r\n\r\nболып көрінеді. Оңаша тыныш сәнді отауда осылай елестеген сұлу Қарашаш Күйшінің жүрегінде ғашықтық отын жандырып, құштарлық сезімін лаулатады. Осыдан кейін үйреншікті күй тілі кенет жаңа, сұрапыл, ыстық тасқын боп бұрқайды. Оқырман жалынды жаңа саздың туу сәтінің куәгеріне айналады, өнер психологиясын аңдайды.\r\n\r\n \r\n\r\nКүйшінің жан дүниесін баурап алған құштар сезімді бейнелейтін жаңа шығарма тудырған шабыт құшағындағы кезі былай суреттеледі:\r\n\r\n \r\n\r\nСаусақтар ойнап, орғып, қаздаң қағып,\r\n\r\n \r\n\r\nСуырып ішек тілін, мұңын шағып.\r\n\r\n \r\n\r\nЖүйріктің шын күйі келгенінде\r\n\r\n \r\n\r\nШығаннан шыға шаппай тұрсың нағып.\r\n\r\n \r\n\r\nАсқақтап, кейде күйді көкке өрлетіп,\r\n\r\n \r\n\r\nАлыстап, шырқап, сілтер, әрі кетіп,\r\n\r\n \r\n\r\nҚайырып, қалықтатып, қайта оралтып,\r\n\r\n \r\n\r\nБірден-бір ақырын-ақырын төмендетіп.\r\n\r\n \r\n\r\nЫзғытып, өлке өрлетіп, баяулатып,\r\n\r\n \r\n\r\nСоқтырып кейде боран дауылдатып,\r\n\r\n \r\n\r\nКөңілдің асқарынан тұманды айдап,\r\n\r\n \r\n\r\nАртынан нөсерлетіп, жауындатып…\r\n\r\n \r\n\r\nКүй ырғағын, әуен-сазын айнытпай бейнелеп, нөсерлеткен, тасқындай үдей жөңкілген сөз түйдектері кім-кімді де тырп еткізбей, баурап алады.\r\n\r\n \r\n\r\nДомбыра бебеулетті, безілдетті,\r\n\r\n \r\n\r\nКернетіп кең даланы кезіп кетті.\r\n\r\n \r\n\r\nБіресе қашағанды қырда қуып,\r\n\r\n \r\n\r\nӘн шырқап қоңыр түнде, қой күзетті,\r\n\r\n \r\n\r\nдейді тағы да.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ күйінің табиғатын қазақ болмысының көрінісі, қимыл-әрекеттерімен мұншама дәл бейнелеу үшін солардын бәрін керемет сезімтал жанмен білу және асқан талант қажет екені көрінеді.\r\n\r\n \r\n\r\nСұлу қызға көңілі кеткен күйші неше алуан сезім толқындарын, күшті психологиялық толқуларды басынан кешіреді. Сондай сәттерде күйші жігіт біресе түлкі алатын құмай тазы, аққуға түскен тұйғын құс тұрпатты періге де айналып, ханшаны Алатаудың үстінен алып ұшып, жеті дариядан аман өтіп, алтын тауға апарып, кұшып та жатады.\r\n\r\n \r\n\r\nАл қиял қанаты талып, өзінің шын болмыстағы отырған жеріне оралғанда: ханша — Қарашашты, қарашы Сарыүйсін — өзін көреді. Арадағы тұңғиық — әлеуметтік теңсіздікті көреді.\r\n\r\n \r\n\r\nКүй құдіреті Қарашашты да балқытып, құштарлық жалынына шарпытып, бір сәт басқа дүниенің бәрін ұмыттырып жібереді.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен?\r\n\r\n \r\n\r\nКүйшім боп өміріне жүрсін бе екен?\r\n\r\n \r\n\r\nСүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой?\r\n\r\n \r\n\r\nҚарашаш осыған-ақ тисін бе екен?\r\n\r\n \r\n\r\nБұл сорлы күйді неге үйренді екен?\r\n\r\n \r\n\r\nКүй ата бұған дарып жүрген бе екен.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарашаш мұны қалап алдым десе,\r\n\r\n \r\n\r\nХан Кене намыстанбай, ти дер ме екен?\r\n\r\n \r\n\r\nдейді бұл сәтте. Бірақ ол да өзі отырған үйдегі шын өмірге оралады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоқ, болмас, ауырдым ба, жындандым ба,\r\n\r\n \r\n\r\nҚараға хан затымды былғармын ба.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл менің басыбайлы бір малайым\r\n\r\n \r\n\r\nТиюге енді маған құл қалды ма?!\r\n\r\n \r\n\r\nЕкеуі де ғашықтық құштар сезімнің құшағында өздерін- өздері арпалысқа түсірген психологиялық тартыс желісін Сапақ оқиғасы үзіп жібереді. Күйші мұның қайсысы — өң, қайсысы — түс екенін ажыратудан қалған. Қарашаштың төсегіне барған мен шығармын, біткен жерім осы болар деп, өлі мен тірінің арасында тұрғанда, Қарашаштың домбырашыға тап берген қызметшісіне: «Қолыңды қоқаңдатпа’ күйшіме!» — деген әмірін құлағы шалып, жан шақырады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарадан шыққан жігіт Сапақ бізді басынды деп, болған-болмағаны белгісіз болымсыз бірдеңе үшін күллі елді қынадай қырып тастағалы отырған ханшаға Кене «қой» демейді, бөлтірікке бөрі ырық береді, арыстан тісі ақсиып , сырттан барлап отырады. Ақыры амалы құрыған, қалың жұртты босқа қырғызғанша, жалғыз құрбандықпен құтылмақ болған үйсін пәлекеттен дулат Сапақты Қарашаштың алдын алып келеді. Қарашаш ақырғы сәтте демін ішіне алып, күйзеліп тұрған ел мен өлі-тірінің аралық халіндегі Сапақтың әкесі Әлімкұлга қарап: «Қайтейін қылышымды қандап соған. Көбіңе қидым», — деп Сапақты жөніне жібереді.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы оқиғаның бәрін бастан аяқ көзімен көріп, Қарашаштың каһарына мініп, қан төкпек болғандағы айдаһар сықылды ұсқыны күйшінің жан дүниесінде орасан өзгеріс жасайды: кұмарлық сезімін де, одан от алған жүрек тербетер » жалын күйін де сөндіріп тастайды.\r\n\r\n \r\n\r\nПоэмада әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет — өнер деген идеяны ақын тамаша суреттер, поэтикалық көркем образдар арқылы терең толғап жеткізген, сонымен қатар онда ондаған күйлердің әлеуметтік мәні, тарихи негіздері, эстетикалық нысанасы ашылып, олардағы образдар, суреттер айқындалған. Соның бәрін ақынның қалай біле бергені таңдандырады. Және әрбір күйдің өзіндік сипаттарын ашық, бейнелеген кездегі басқа ешкім айтпаған, тек Ілияс қана қолданған, тапқан теңеу, образдар қаншама. «Қоғадай салбырасып, хан, қарасы, намазға ұйығандай отыр тыңдап», «домбыра айналаға, дүбір салды, адақтап жалғыз шапқан жүйрік аттай», «батыр да, хан да, қыз да, қазаншы да – бәрі бір домбыраға мінгескендей», «жыланнан сырға салған жолбарыс қыз», «қалтырап, қырау тұрып жүрегіне», «ыңыранып белі кеткен жолбарыстай», «толғантып тоқсан түрлі қыз көңілің, жүректің жазы шығып, жаңбыр төкті», «Таратып тоқсан күйді жібердің деп» бір жақтан керең бір ой күңкіл қақты», т.б. Ылғи осылай. Бұл теңдесі жоқ ғажайып поэмада: күй — өлеңге, өлең — күйге айналады. Ілиястың өзі ақын — сазгер мен сазгер-ақын болып кетеді. Күй мен өлең бір тілде сөйлейді. «Күйші» поэмасы — романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған, қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ үздік туынды.\r\n\r\n \r\n\r\n.

Жүсіпбек Аймауытов

0

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.\r\n\r\nӨмір жолы. Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады,» Абай» журналын шығаруға ат салысады.\r\n\r\n1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ тілі» газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, «халық жауы» деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.\r\n\r\nЖ. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.\r\n\r\nШығармашылық мұрасы. Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» хикаяты мен «Әнші» секілді бірқатар көркем әңгімелері, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Қанапия мен Шәрбану», «Ел қорғаны», «Шернияз» пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе.\r\n\r\nЖүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған «Жазушыларға», «Неғып отыр?», «Ах-ха-ха-хау», «Ұран», «Еңбекшілер ұраны» секілді өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, «Көшу» өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, «Ұршық» өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.\r\n\r\n«Нұр күйі» поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылады. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.\r\n\r\nЖүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы — прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан «Қартқожа», «Ақбілек» романдары туды.\r\n\r\n«Қартқожа» романы 1926 жылы Қызылордада кітап болып басылып шықты. Роман жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың әлеуметтік аласапыран тұсындағы тағдырын бейнелеген алғашқы күрделі шығармалардың бірі болды. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады.\r\n\r\nРомандағы оқиғалар бас кейіпкер Қартқожаның басынан өткен нақты жағдайларға негізделген. Сол арқылы жазушы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның патшаны тақтан құлатқан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне ұласуы, қазақ азаматтарының ел ішіндегі әлеуметтік тартысқа араласуы, алаш қозғалысының өмірге келуі, ақтар мен қызылдардың соғысы, қазан төңкерісі, азамат соғысы тұсындағы жайларды баяндайды. Осы оқиғалар тұсында роман кейіпкері Қартқожа да есейіп, ес жинайды, алға қарайды, болашаққа бет алады.\r\n\r\nЖ. Аймауытовтың «Ақбілек» романы кезінде кітап болып шыкпаған. 1927—1928 жылдары баспасөзде жарияланған. Тақырыбы жағынан ол «Қартқожа» романымен үндес. «Қартқожада» көтерілетін күрес, азаттық идеясы «Ақбілекте» одан әрі жалғасады.\r\n\r\nРоманда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады. Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлерінің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Елінде де алуан қиындыққа жолығады. Кейін төңкерістен соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады.\r\n\r\nАқбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы Жүсіпбек сол бір қилы-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың қилы-қилы тағдырын кең бейнелейді. Роман кейіпкерлері заман өзгерістерімен ілеседі, қоғамдағы өз орындарын іздейді. Түптің түбінде дегендеріне жетеді.\r\n\r\nҚысқасын айтқанда, «Ақбілек» романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры негізінде әлеуметтік төңкерістер тұсындағы қазақ ауылының өзгеру процесін суреттеген алғашқы қазақ романдарының бірі.\r\n\r\nСол кезеңдегі әлеуметтік әділетсіздік пен қазақ әйелінің трагедиялық тағдыры Ж. Аймауытовтың 1928 жылы жазылған «Күнікейдің жазығы» атты хикаятына да арқау болды. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікейдің тағдыры арқылы жазушы ел өмірін, көшпелі жұрттың еш нәрсеге бас қатырмай, жайбарақат кешіп жатқан тіршілігін көзге елестетеді. Шарасыздықтан, әрекетсіздіктен сақтандырады. Ескіге қарсы күресу идеясын көтереді.\r\n\r\nХикаяттың бас кейіпкері Күнікей кедей қызы болса да, еті тірі, пысық. ПІығарманың басында оның ұсқынсыз күйін, қараңғы үйде жатқанын көреміз. Маңында адам жоқ. Өзі ауру.\r\n\r\nЖазушы осы тұста шегініс жасап, Күнікейдің өткен өміріне үңіледі. Қыздың өскен ортасы, отбасының жұпыны тіршілігі суреттеледі. Әкесі Құлтума—байдың малын баққан момын адам. Шешесі Шекер — үй тұрмысын берік ұстаған ширақ әйел. Күнікейдің жаратылысы да ешкімнен кем емес. Өрелі, өнерлі жас болып өседі. Тұрмыстың ұсақ-түйек етекбастылығынан өзін жоғары сезінеді Арын таза ұстайды. Сөйтіп жүргенде арам ойлы қаскүнемдердің қастандығына тап болып, кеудесін ашу мен ыза, намыс пен кек кернейді. Өзі үшін күресе жүріп, ұзатылған жерінен қашып кетіп, сүйген жігітіне қосылады. Бақытына енді қолым жетті дегенде, сүйген жігіті Байман да опасыздық жасайды. Күнікейді ауру еткен осы жағдайлар болатын.\r\n\r\nКүнікейдің басынан өткен бұл жайларды жазушы сол дәуірдің тарихи-әлеуметтік шындығымен сабақтастыра суреттейді. Ескіліктің бұғауын бұзып, қыздың ұзатылған жерінен қашып шығуын, сүйгені Байманға қосылуын баяндау арқылы жазушы сол кезеңдегі адамдар санасында оянған азаттық, бостандық идеясын жеткізуге тырысады. Бірақ әлі де болса шын бостандық жоқ, қазақ ауылына шынайы азат өмір жеткен жоқ еді. Күнікейдің соңғы тағдыры, Байманның опасыздығы осыны аңғартады.\r\n\r\nӨзін осылайша талантты прозашы ретінде танытқан Жүсіпбек Аймауытовтың қаламынан бірқатар көркем әңгімелер де туды. 1918 жылы жазалған «Бетім-ау, құдағи ғой» атты әңгімесінен бастап, 1927 жылы жазылған «Ханалар тарихына» дейінгі аралықта өмірге келген «Елес» (1924), «Әнші» (1925), «Боранды болжағыш әулие» (1926) тәрізді әңімелерінің қай-қайсысынан да өзі өмір сүрген дәуірдегі елдің тұрмысын, ой-арманын, заман тынысын жетік білетін әрі оны көркем тілмен, парасатты оймен өрнектеп жеткізе алатын тамаша прозашының қолтаңбасы айқын байқалады.\r\n\r\n“Боранды болжағьпп әулие» әңгімесінде қазақ ауылының қыстың бір боранды күніндегі өмірі суреттеледі.\r\n\r\n… Сақылдаған сары аяз. Қарадан қарап тұрып бірдеме шарт ете түседі. Не терезенің шынысы шатынайды, не жер, не мұз қақ айырылып, ырсиып қалады. Жермен бірге мұздақ қар да жарылып кетеді. Ақырында сары аяз мұрныңды қариды. Жеңіңнен шығарсаң, қолың илікпей, тас боп қалады. Түнде пешке қойып кептіріп алған етік, биенің бір сауымында ағаштай қақиып, таяқпен қақсаң сақ-сұқ етеді. Осындай күндерде біз мал жаямыз.\r\n\r\nҚыстың аязды күнін жазушы осылайша дәл әрі көркем тілмен суреттейді. Бұдан әрі ұйтқып соққан боран, ыққан мал, адасқан малшылар жайында баяндайды. Сол боранда бірқатар мал қырылады. Әңгіме кейіпкері: «Шіркін, бұлай боларын алдын ала болжап білсем-ау», — деп армандайды. Кейін қалаға барып барометр туралы естиді. Соған қолым жетсе деген арманға беріледі.\r\n\r\nШағын ғана әңгімеде автордың өмір көріністерін суреттеудегі тамаша шеберлігі байқалады. Жазушы ұсынып отырған суреттер тура өмірдегідей қарапайым әрі түсінікті. Шын таланттың қаламынан туғаны байқалады.\r\n\r\nЖазушының «Әнші» әңгімесі де дәл осындай нақты оқиғаға, өмірде болған тарихи адамның төңірегінде құрылған.\r\n\r\n…Жетішатыр — жақсы қала.\r\n\r\nҚаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы—қымыз, ойын-сауық— «кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем. Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық… Жаз шықса— пароход, паром, желқайық, жасыл арал, қалың орман… Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл… Сырнай-керней… Қызық думан… Қайткенмен сергек қала.\r\n\r\nӘңгіме Ертістің жағасындағы Жетішатыр қаласының өмірінен алынған осы суреттермен басталады. Қала тұрғындарының күнделікті тіршілігі осындай қысқа-қысқа образды ұғымдармен берілген. Адам туралы бір ауыз сөз болмаса да, қала адамының жай-күйін әбден жеткізіп тұр.\r\n\r\nОдан әрі қымыз дастарқаны. Қымыз құюшы қыз Шекет, қымызға құмартқан қалалықтар. Осындай бір сәтте дастарқанға әңгіменің бас кейіпкері әнші жігіт Әмірқан келеді. Ән салады. Кейін Әмірқан қала жастары дайындаған спектакль-концертке қатысып, көпшіліктің қошеметіне бөленеді.\r\n\r\nОқиға желісі әңгімені баяндаушы мен Әмірқанның арасындағы достыққа ойысады. Екеуінің сырласуы, Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы, жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы, жабырқаған сәті баяндалады.\r\n\r\nӘңгіме оқиғасы өтетін Жетішатыр қаласы — Семей, ал әнші Әмірқан — қазақтың жезтаңдай әншісі, әйгілі Әміре Қашаубаев еді. Жазушынын көркем бейнелеу шеберлігі Әмірқан — Әміренің әншілік кұдіретін, ән айтқан кездегі сипатын суреттеуге келгенде аса ғажайыптанып көрінеді. …Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды, Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір бірауыздан ән салды, Азда болса бірегей болды.\r\n\r\nСүмірейте, қылмита соқты; желдете құтырта соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.\r\n\r\nБұл — ән айтып отырған әншінің бейнесі. Жазушы қаз-қалпындағы әсем сурет жасайды. Әншіні асыра мақтамайды, дәл бағасын береді. Ж. Аймауытовтың суреттеуіндегі Әмірқан елден оқшау тұрған ерекше адам емес. Көппен бірге тыныстап, айналасына өнерін сыйлап, ойын-сауық құрып жүрген қарапайым жандардың бірі. Оның қуанышы да елмен ортақ, өзгенікі секілді өзіне жетерлік арман-мұңы да бар.\r\n\r\nТұтастай алғанда, Жүсіпбек Аймауытовтың көркем әңгіме жанрындағы еңбегі қазақ әдебиетінін көркемдік-эстетикалық көкжиегін кеңейте түскен құбылыс болды.\r\n\r\nДрамашы ретінде Жүсіпбек Аймауытов ерте танылды. Семейде оқып жүргенде жастардың ойын-сауық кештеріне қатысып, өнер көрсеткен, басты рөлдерде ойнаған. 1917 жылдың аяғында оның «Ескі тәртіппен бала оқыту», «Рәбиға» атты тұңғыш пьесалары жазылып, сахнада қойылды. Кейінірек 1925 жылы «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», 1926 жылы «Қанапия мен Шәрбану», «Шернияз» атты драмалық шығармалар жазады. Жүсіпбектін драмалық шығармаларына қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар негіз етіп алынады. Олардың негізгі тақырыбы — азаттық, бостандық идеясы. Халықты оқу-өнерге шақырады. Ел азаматтарын белсенді қимылға үндейді. Әйелдердің теңдігін қорғайды.\r\n\r\nЖүсіпбек Аймауытов — өз дәуірінің келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде «Абай» журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар», 1923 жылы жазған «Мағжанның ақындығы туралы», 1925 жылы жазылған «Сұңқар жыры», «Аударма туралы» атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.\r\n\r\nЖүсіпбек Аймауытов оқу-ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды.\r\n\r\nЖүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С. Пушкиннің, Н.В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж.Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.