Бала арманы шексіз. Шексіз арман бірде ұшқыш болып әуені шарласа, бірде дәрігер болып ем іздейді, бірде мұғалім болып тәлім-тәрбие бесігін тербейді, бірде тілші болып елді белдейді. Бала қиялының таусылған күні бар ма? Ғарышкер болып, галактикаға аяқ бассам, әкім болып ел билесем, әнші болып әуелетсем, биші болып тербелтсем, күйші болып құйқылжытсам дейді. Жаңа ғасыр — ақпарат ғасыры екенін баланың саналы сезімі ұмытпақ емес. Ел ахуалын көтерер экономист болсам, халықтың тұрмысын арттырар банкир болсам, әсемдік пен әдемілікке құштар дизейнер болсам, жаңа технологияның мың бір түндік ертегісін тауыссам деген баланың тәтті арманы бұл жолы адаспай арнасын табуына тілектес көңілмен Алматыға оралдым.\r\n Оңтүстік аймақтың ең шеткі ауылдарының бірі – Қоғалы ауылының балалары да болашақты барлық елдің балаларындай ойлап, өзге жұрт балаларындай толғайды.\r\n Бірақ бұл аймақтың өзіндік ерекшелігі бар. Көзін ашып, ес білген бала Мырзышөл аймағында мақта егіншілігі — басты күнкөріс көзі екендігін түсінеді. Жастайынан мақта шарушалығында еңбек ету қажеттігін де сезінеді. Әрине ауыр еңбекке баланы таңып қойған ешкім жоқ. Бірақ балалардың еңбекке ерте жасынан араласуының өзіндік себептері бар.\r\n Кеңестер Одағы кезінде де бұл өлке социалистік отанға миллиондаған тонна ақ мақта өсіретін «ақ алтынды аймақ» болып саналатын. Мектеп қабырғасын аттаған 7 жастан бастап-ақ 45 минуттан болатын 4 сабақты бір 45 минуттық сабақта жылдамдатып өткізген мұғалімдер бастауыш сынып оқушыларын мақталы алқапта бастап апаратын. Жеті жасар бала өндіріп қанша мақта теруші еді? Азды-көпті 5-10 килограмм мақтамызды өткізіп кешкісін үйге қайтатынбыз. Бұл – социалистік кезеңде, жерге не болмаса егіншілікке жеке меншік жоқ дәуірдегі бала еңбегінің бір көрінісі деуге болады. Яғни қоғамдық меншікке балалардың қосқан үлесі – «мақталы алқапта» еңбектену болып саналатын.\r\n Нарық заманына көшкен қазіргі уақытта да сол бала еңбегі сол еңбек. Бірақ бұл еңбектің сипаты енді басқаша. Жеке меншікке негізделген жанұялық фермерлік бизнесте бала еңбегінің де өзіндік орны бар. Бастысы — табыс енді жанұяға ортақ болып саналады. Қосымша жұмыс күшін жалдау, шағын бизнесті дамытудағы қаржының, жұмыс қолының жетіспеушілігі, ең бастысы мақта зауытының фьючерлік несиесінің пайыздық өсімінің жоғарылығы баланың еңбекке араласуына итермейтін факторлардың бір сарасы. Мақтаарал, Жетісай, Асықата аудандарын алып жатқан Мырзашөл аймағында басты табыс көзі, еңбекпен қатамасыз етудің жалғыз жолы – шаруашылық қожалықтары болып отыр. Бұған қоса мектеп, аурухана, жергілікті әкімшіліктердегі бюджеттік жұмыстан басқа елде мақта шаруашылығына балама жұмыс көзі тағы жоқ. Тұрғындардың еңбекке жарамды әлеуетті тобы — орта не жоғары білімді ата-аналардың айналысар кәсібі – мақта шаруашылығына келіп тіреледі. Көктемнің наурыз айынан бастап күздің қарашасына дейін науқандық жұмыстан түскен нәпақа жанұялық бюджетті толықтырса жақсы. Ал толықтырмаса ше? Онда жанұядағы еңбекке жарамды баладан қарияға дейін науқан кезінде тұрмыс қажеті үшін ақ алтынды аймақта еңбектенуіне тура келеді. Өкінішке орай жылдан жылға мақталы алқапта еңбенуші баланың саны артпаса кемімек емес. Күнделікті тамақты қоспағанда, орта есеппен әр жаняұдағы 4 баланың 2 мектепке барса, олардың көпшілігі оқулықтары мен киім-кешектеріне өздері еңбектеніп қаржы табады. Төрт бала деуіміздің де себебі бар. Бұл өлкеде 4 балалы жанұя мемлекет тарапынан берілетін 4 мың теңгелік төлемақы ала алады. Бұл әлеуметтік жәрдемақы барлық дерлік жанұяның (қариясы барлардың зейнетақысын қоспағанда) ресми түрдегі табыс көзі. Халық тұрмысының тұралауының бір себебі ала жаздай диқан еңбегінің күздегі жиын-терім науқаны кезінде мақта зауыттарының шикізатты өте төмен бағамен қабылдауы. Соңғы үш жылда мақтаны қабылдау құны килограмына 35-50 теңгеден аспауы. Аптап ыстық пен шөлде техникалық мақта дақылын баптап өсіру үшін де диқан шамамен гектарына 30-40 мың теңге қаржы жұмсайды. Ал күзде шамамен гектарына 100 000 теңге шамасында (2 тонна) өнім алады. Қаржыны көбінде диқандар зауыттан күзде мақталай өсімімен қайтаратын несие негізінде алады. Ал алпауыт зауыттар алыптығын танытып, айтқан бағасынан таймайды.\r\n Мақтаарал ауданы Қоғалы ауылдық мекенінің Ж.Сүлейменов атындағы орта мектеп оқушылары арасында жүргізген сауалнама деректері осы ойларды растай түссе керек. 8-18 жас аралығындағы 246 баланың 31,7% — 6, 39,8% — 8, 19,1% — 10, 9,7% — 12 жасынан мақталы алқапта енбектенеді екен. Яғни 6-8 жас баланың ауыр еңбекке қабілетті жасы болып отыр.\r\n Баланың денсаулығына, ойлау қабілетіне, рухани дамуына және білім алуына кедергі келтіретін жұмыс жағдайындағы еңбектің кез-келген түрін бала еңбегі деп анықтама беріледі халықаралық еңбек ұйымы конвенциясында. Бұл конвенцияны қабылдаған әлем елдерінің бірі — Қазақстан. Олай болса мақтаның шабығы жаз айларында өтеді десек те мақта терімі оқу оқитын қыркүйек айынан қараша айына дейін ұласады. Білім алатын оқушы күздің үш айын ата-аналарына көмектесу мақсатында күн көріс қамымен мақталы алқапта сарп етеді.\r\n Мырзашөл жазының 40 градустық аптап ыстығында мақтаны арамшөптен тазарту, жегенелеу жұмыстары бала тұрмақ ересектерге де оңай түспейді. Жүйек-жүйек аралап, сағым бұлдырында еңбектенген баланың денінің саулығы қайдан болмақ? Күннің ыстығы андыздап тұрғанда еңкейіп отырып қосқұлақтанып қалған мақта арасын жегенелеу, кетпен көтеріп бой түзеп қалған дақылды арамшөптен тазарту, көсектеп қалған қозапаяны аралап, мақта құртын теру де бала үшін ауыр жұмыс. Балалардың 27,2% — мақтаны жегенелеуді, 37-8% — мақта шабығын, 21,9% — мақта құртын теруді, 10,1% — мақта терімін, ал 22,7% — осы еңбектің барлық түрін ауыр деп санайды екен.\r\n Сауалнама көрсеткендей жұмыс жағдайы да бұл өлкеде мәз емес. Жағдайдың жоқтығы ауыз су мен алғашқы медициналық көмек, түскі ас ішетін орынның болмауы мен дұрыс тамақтанбау, ауыр затты көтеру, ұзақ уақыт ауыр жұмыс жасау деп санамалауға болады. Бірақ сол жағдайдың көрсеткіші мынадай. Балалардың 55,6% барлық жағдайдың жоқтығын растаса, соның ішінде 13,4% — алғашқы медициналық көмектің, 4,4% түскі аш ішетін орынның, 3%-ауыз судың жоқтығы десе, 14,6% — дұрыс тамақтанбайтынын, 10,9% — мақта еңбегі ұзақ та ауыр жұмыс екендігін атап көрсетеді. Респонденттердің 51,6% — ер бала болса, ал 48,3% қыз балалар. Болашақ ана – жасөсіпірім қыздар үшін ауыр зат көтеру және ұзақ уақыт еңбектену зиян екендігін түсіндіру артық шығар. Бір күнде бала орта есеппен 50-100 кг.ға дейін мақта теріп, өткізеді. Мақта салынған қапты әрине арқалайтын да бала. Ұзақ уақыт еңбектену деп мақталы алқаптағы еңбек күнінің ұзақтығын айтып отырмыз. Балалардың 32,5% — күніне 6 сағатқа дейін (8-13 жас аралығы), 25,2% — 8 сағатқа дейін (11-14 жас аралығы), 47,2% 10 сағатқа дейін (9-18 жас аралығы) еңбектенеді екен.\r\n Балалар осындай еңбекке ерте жасынан араласуын өз қажеттеріне жұмсайтындықтарымен, мектепке қажет оқулықтар мен киім-кешек алуымен түсіндіреді. Тапқан табыстарын көбінде ата-аналарына беретін балалар жанұяға көмектесетіндіктерімен түсіндіреді.\r\n Балалар еңбегінің өтемақысының бір күндік картинасы 50 теңгеге дейін 20,7%, 100 тң.ге дейін – 15,4%, 200 тң.ге дейін – 43,08%, 200 тң.геден жоғары – 20,3% үлес көрсеткіштері айқындаса керек. Бұл балалардың мақта терімі науқанындағы табыстары. Мақта шабығында гектарына 1-3 мың теңге аралығында еңбек ақы төленсе, балалар терген әрбір зиянкес-құртқа 5-10 теңге көлемінде еңбек ақы алады екен.\r\n Осыншалық ауыр еңбек балаларға несімен ұнайды екен деген сауалдың жауабы біршама таң қалдырғандай. Балалардың 45,5% — мақталы алқаптағы жұмыстың ұнайтындығын, ал 53,2% — керісінше ұнамайтындығын, соның ішінде 1,2% бейтарап қарайтындығын айтады.\r\n Өз жанұясының жерінде еңбектенген бала неге басқаларға жалданады деген сұрау да туады. Ауыл қазақтарының барлығы дерлік пайлық үлестерін алып,толықтай жерлерін заңдастырып алды десек қателесер едік. Әлі де болса кей жанұялар қаржы тапшылығынан жерлерін жекешеліндіре алмай не болмаса бар жерді толықтай заңдастыра алмай қалғандар бар. Мақта тек техниканың ғана күшімен емес шабық, терім сияқты қол күшін керек ететін шаруашылық. Өз жері бола тұрып, жанұясына көмектескен бала келесі жанұя шаруашылығына табыс табуды көздеп жалданады.\r\n Нарық заманының баласы нарықтың жемісі екендігі даусыз. Бала азын-аулақ үлесімен жанұяға табыс әкелетіндігін, ата-анасына қолғабыс болатындығын мақтаныш та етеді. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның біленбей»,-деп те жатады дана халқымыз. Бүгін еңбекке баулыған ұрпақтың ертең еңбегінің жемісін көретіні де рас. Дегенмен бала алдымен орта білім алуға, жасына лайықты өсуге, рухани дүниесі бай азамат болып жетілуі қажет.\r\n Мұның өзі 2005-2009 жылдарға арналған ХЕҰ жаңа бағдарламасының балалар тағдырына жауапкершілікті қамтамасыз ететін барлық баланың өмір сүруі, дамуы, қорғау құқына тиімді жағдай жасауды жүзеге асыратын Үкіметтің қолдауына қарама-қайшы келмесе керек.\r\n Әлеуметтік-экономикалық жүйенің ауысуы, мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесінің реформалануы, қоғамның әлеуметтік жіктелуі, еңбек қатынастары саласында мемлекеттік бақылаудың әлсіреуі, бейресми экономика секторының болуы, ауылдың әлеуметтік-экономикалық артта қалуы, көрші елдерден еңбек күші миграциясының орын алуы сияқты факторлардың мақталы алқаптағы бала еңбегі мен күшін пайдалануының басты себептері деуге болады.\r\n Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, әлемде 5-14 жас аралығында 250 млн. бала жұмыс істесе, соның 120 млн. жыл бойына толық жұмыс күнінде және 5-17 жас аралығындағы 171 млн. бала денсаулыққа зиянды да қауіпті жерлерде еңбектенеді екен. 2000 жылғы мәлімет бойынша Азияның дамушы елдерінде 127 млн, Африкада 61 млн, Латын Америкасында 17 млн, Орталық және Шығыс Еруопа, ТМД елдерін қосқанда 2,4 млн 5-14 жас аралығындағы балалар еңбек етсе, ал дамыған елдерде 2,5 млн бала ауыр еңбекке ерте жасынан араласқан.\r\n Бала еңбегіне не үшін сұраныс көп? Өйткені бабаларға аз еңбекақы төлеуге, оларды қорқытып та міндеттеп те жұмыс істетуге болады, оның үстіне бабалар кәсіподақ ұйымына мүше болып саналмайды әрі олар өз құқықтарын талап ете білмейді дейді ХЕҰ мамандары.\r\n Бала күші еңбек ретінде не үшін қажет болып отыр? Өйткені бабалар өздерін қамтамасыз етуі, жанұяларына көмектесуі тиіс және білім алу мүмкіндігінің төмендігі, нашар білім беру жүйесінің болуынан деп санайды халықаралық сарапшылар.\r\n Қазақстан жағдайына келсек, елімізде Халықаралық еңбек ұйымының Бала еңбегінің алдын алуға бағытталған халықаралық бағдарламасы аясында 2005 жылдан бері Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдеріне арналған «Орталық Азия елдерінде бала еңбегінің ауыр түрімен күресу әлеуетін арттыру» жобасы жұмысын бастаған болатын. Осы Халықаралық бағдарлама 1992 жылдан бері әлемнің 80-нен астам елінде бала еңбегінің ауыр түрін зерттеу және күресу жұмыстарын жүргізіп келеді.\r\n Халықаралық қауымдастық бүгінде ХЕҰ 1973ж. қабылданған №138 «Жұмысқа қабылдаудағы минималды жас мөлшері» және 1999 ж. қабылданған №182 «Балалар еңбегінің ауыр түріне тыйым салу мен шара қолдану» Конвенцияларын негізге ала отырып, мәселені шешуге және алдын алуға күшін салуда.\r\n 2005 ж. 7-8 шілдеде Астана қаласында балалар еңбегінің ауыр түрін шектеу және шара қолдану үшін ұлттық бірлескен жұмыс жоспары дайындалып, қол қойылып, жүзеге асуда. Осы мақсатта бірлескен серіктестер қатарында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Бас Прократура, Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, жұмыс берушілер конфедерациясы, жергілікті органдар және Үкіметтік емес ұйымдар бар.\r\n Тығырықтан шығу жолы қандай?\r\n Ең алдымен, ХЕҰ Конвенциясында «Жұмысқа қабылдаудағы минималды жас мөлшері Қазақстанда 14 жас» деп бекітілген. Сондықтан мақталы алқапта жұмыс істеуге тек 14 жастан асқан балалар ғана жіберілуі тиіс.\r\n Ауылды жерлердегі, әсіресе темек, мақта шаруашылығымен айналысатын аймақтардағы табысы төмен жанұядағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қаржы көздері іздестірілуі (көпбалалы жанұя, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар және т.б.) қажет.\r\n Келесі ұсыныс — Халықаралық ауыл шаруашылығы кәсіподағы қолдауымен темекі өндірісінің алып компанияларынан құрылған қор Қырғызстандағы темекі шаруашылығына микронесиелер ұсынған. Несие алушы темекі алқабында балалардың еңбектенуіне жол бермеу жайлы шартқа отырады. Әрі бұл шарттың орындалуы үшін инспекторлар штабын құру, бақылау қиынға түсетіндіктен фермерлер қауымдастығы өз көршілерінің темекі алқабында балалардың еңбектенбеуін қатаң қадағалап отырады. Әзірге тәжірибе жүзіндегі жоба болашақта оң нәтиже беруі де мүмкін.\r\n Міне, Қазақстандағы мақталы алқап шаруа қожалықтарын да балаларды еңбекке араластырмауға міндеттей отырып, оларға микронесиелер берудің жолдары қарастырылса жөн болар еді.\r\n 14 жастан асқан балалардың мақталы алқаптан басқа салаларда еңбектенуі үшін балама жұмыс көздері қарастырылған да жөн. Мәселен, балаларға тек мақта не темекі алқаптарында емес, жеміс-жидек өнімдерін өсіретін бау-бақшаларда еңбектеніп, қаржы табуына мүмкіндіктер берілсе де үлкен қолдау. Ал мектептерде ісмер де өнерлі балалардың шеберханалары ашылып, өз еңбектерінің жемісін көрсе, бұл да балама жұмыс көзі болып табылар еді.\r\n Ауыл балаларының парасаты мен рухани дүниетанымын арттыратын байқаулар мен сынақтар ұйымдастырып, жеңімпаздарға қаржылай қолдау көрсететін арнайы мемлекеттік немесе халықаралық қорлардың бағдарламаларын жариялау да «бала еңбегі» проблемасын шешудегі прогрестік қадам болып табылары сөзсіз. Онда қаншалық дарынды біз ауылдан тауып, болашаққа үлкен куәлік берген болар едік.\r\n Иә, ой көп, ұсыныс бар. Тек біздің қоғам болашақтың кілті – саналы да сауатты өскіншек ұрпақты еңбек алқаптарында жоғалтып алмаса игі еді.\r\n Тағы да бала арманына оралсақ. Бала көңілі сенгіш те алданғыш келеді. Қашан да бала арманы ең үлкен арман. Өзбекстанмен шекаралас жатқан Қазақстанның Оңтүстік нүктесінің ең шетіндегі ауыл балаларының болашағы ақ алтынды алқаптың төсінде өрнектеледі. Сол болашақ аптаптағы буалдыр сағымнан қол бұлғап ақ армандарға жетелейді. Сонда да бала арманы таусылмақ емес. Қоғамның міндеті сол бала арманының шынайы өмірде орындалуы үшін жағдай жасауы емес пе? Жағдай жасауы дегеніміз баланы сапалы білім, саналы азамат болып жетілуі емес пе? Әзірге сұрақ көп. Бірақ жауабын іздестіріп отырған қоғам ғана бар.\r\n\r\nГүлмира Сұлтанбаева\r\n Алматы – Мырзашөл — Алматы
ҰБТ: кеңестер
ҰБТ атты Ұлы Бір күндік Төңкеріс күнін бастан кешіріп қана қоймай, межелі 125 сұрақтың жауаптарын дөп шешу оңай емес. Десе де, ондай білімді жастарымыз бар деп мақтана аламыз. 2013-2014 оқу жылында өз білімдерін 100 % ақтап шыққан «алтын қыздарымыз» қандай кеңес айтады? Үлкен жетістікке жету жолының құпиялары неде? Бірге талқыға салайық!\r\n\r\n\r\n\r\nАйғаным Әбдіжаппар: 11-сыныпқа аяқ басқалы «М-агент, вконтакте, фейсбук, твиттер, инстаграм» бәрін ұмыттым. Ғаламторға кіруден өзімді автоматты түрде шектедім. Әркім өзі шешеді, әрине. Бірақ, уақытты тиімді пайдалану үшін бұл тәсіл өте тиімді. Мен оқитын мектеп математиканы тереңдетіп оқытатындықтан, есептен қиналған жоқпын. Қалған сабақтарға таза оқулықпен дайындалдым. Өзге дерек көздеріне жүгініп, бас ауыртудың қажеті жоқ. Өйткені, ҰБТ-дағы барлық тапсырмалар мектеп бағдарламасына негізделген. Арнайы репетиторға да бармадым. Қосымша сабақты өзімнің ұстаздарымнан алдым. Маған келген нұсқада бұрын кездеспеген сұрақтар да, логикалық тапсырмалар да болды. Оларға ойымды жинақтап, саралай келе жауап бердім. Нәтижеде, жауаптарымның бәрі дұрыс болып, 125 балды еншіледім. Шпаргалка қолданбадым. Себебі, көшірудің өзін келістіре алмаймын. Жанымдағы талапкерлердің не істеп отырғанына мән беретін уақытым болмады. Басқаларға алаңдаймын деп уақыт жоғалтпау керек, дұрысы.\r\n\r\n \r\n\r\n
\r\n\r\nӘсия Марат: Аудиториядан шыққанда, 125 сұрақтың жауабын дұрыс шешкеніме сенімді едім. Тест кілттері шығып, менің ұпайларымды есептегенде 124 болып қалды. Осылайша қай жауаптың қате болғанын білдім. Сөйтсем, қазақ тілінен өзім күмәнданған сұрақ екен. Тест орталығы екі дұрыс жауап жазған. Осыны айтқанымда, менің жауабымды «қанағаттанарлық» деп бағалап, артынша 1 ұпайымды қосты.\r\nМен 11 жыл бойы үздік оқыдым. Сабақты жақсы оқығанымның арқасында осындай нәтиже көрсете алдым. Негізі, әр сыныпта жақсы оқып, оқығаныңды жадыңа сақтай білсең, тест барысында еш қиындық туындамайды.\r\n\r\nҚарап отырсаңыз, өзі аз уақытты әлеуметтік желіге жоғалтып жүргендер көп. Ондай талапкерлерге айтарымыз – уақытты құр жібермеңіз. Сіздер үшін 125 балл жинаған қос түлектің кеңестері үлкен мотивацияға айналуы тиіс. Емтиханда да, өмір жолында да сүрінбеңіздер!\r\n
Жадыра Аққайыр
«Сырдың жыршыл жастары» атты облыстық байқау өткізіледі
«Сырдың жыршыл жастары» атты облыстық жас талант әдебиетшілерді іздеу байқауының
\r\n
Ережесі
\r\n
\r\n1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР\r\n
- \r\n
- Ереже «Сырдың жыршыл жастары» атты облыстық жас талант әдебиетшілерді іздеу байқауының (мұнан әрі: байқау) ұйымдастырылу және өткізілу тәртібін реттейді.
- Байқаудың өткізілу мақсаты — Сыр бойының әдеби шығармашылықпен айналысатын талантты жастарын айқындау, олардың басын біріктіретін аудандық (ауылдық), облыстық орталықтар ұйымдастыру, жас талант әдебиетшілерге рухани қолдау.
- Байқаудың міндеттері.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n3.1 Сыр өңіріндегі талантты жастарды іздеп табу;\r\n\r\n3.2 Жас таланттардың аудандық (ауылдық), облыстық орталықтарын ұйымдастыру;\r\n\r\n3.3 Сыр өңірі жастары арасында әдеби шығармашылықты, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері мен олардың шығармаларын, әдеби-мәдени көркем басылымдарды насихаттау;\r\n\r\n3.4 Жас талант әдебиетшілердің рухани, әдеби-мәдени қалыптасуына ықпал ету;\r\n\r\n3.5 Талантты жастардың қоғамдық-шығармашылық белсенділігін арттыру.\r\n\r\n \r\n\r\nІІ. Байқауды ұйымдастырушылар.\r\n\r\n \r\n\r\n2.1 Байқауды ұйымдастырушылар Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Құс қанаты-Қызылорда» қоғамдық бірлестігі болып табылады. Қызылорда облыстық Білім басқармасы, Қазақстан жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалы байқауды қолдаушылар болып табылады. Байқауды ұйымдастыру мен өткізуді «Құс қанаты-Қызылорда» қоғамдық қоры жүзеге асырады.\r\n\r\n2.2 Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының келісімімен «Құс қанаты-Қызылорда» қоғамдық қоры байқау өткізу мерзімдерін, орыны мен тәртібін, қазылар алқасының құрамын, номинацияларды белгілейді. Байқауға қатысуға өтінімдерді іріктеуді жүргізеді, байқауды хабарландыру мен ақпараттық насихаттауды қамтамасыз етеді.\r\n\r\n2.3 «Құс қанаты-Қызылорда» қоғамдық қоры байқау туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда іс-шараны тоқтату туралы басқармаға ұсыныс енгізеді.\r\n\r\n \r\n
- \r\n
- Байқауға қатысушылар
\r\n
\r\n3.1 Облыстық байқауға 14-29 жас арасындағы әдеби шығармашылықпен айналысатын жастар кезеңдік (мектепішілік, аудандық) іріктеулер нәтижесіндегі ұсынымдар арқылы қатыса алады;\r\n\r\n3.2 Облыстық байқауға тікелей қатысу мүмкіндігін ұйымдастырушы Қоғамдық қор өкілі арқылы шешуге болады.\r\n\r\n3.3 Қатысушы поэзия жанры бойынша кемінде 3 (үш) өлеңін, проза жанры бойынша 1-2 шағын прозалық шығармасын ұсына алады. Өлеңін жатқа оқу міндетті. Прозалық шығармалар алдын ала (10 күн бұрын) мамандар сараптауына ұсынылады.\r\n\r\nБайқауға қатысушылар: Аудандық және облыстық байқауларға қатысу үшін 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгі бойынша өтінім толтырып, аудандық, облыстық байқау орталықтарына байқау басталардан 10 күн бұрын материалдарымен қоса тапсырады.\r\n\r\n«Құс қанаты-Қызылорда» қоғамдық қоры үміткерлерді іріктеуге құқылы.\r\n\r\nАудандық, облыстық байқауға қатысушылар ұсынылған шығармалардың қазылар алқасы арқылы іріктелуі нәтижесі бойынша ұйымдастырушылар тарапынан арнайы хабарландырылады.\r\n\r\nТалапкер мен қоғамдық қор арасындағы екіжақты байланыс электронды түрде жүзеге асырылады.\r\n\r\nӨтінімге қоса жеке куәлік, паспорт, туу турлы куәлік (16 жасқа толмағандар үшін) көшірмелері жіберіледі; Шығармаларымен қоса 3-4 сөйлемнен тұратын өзі туралы мәліметтері мен 6*9 форматтағы суреті қоса жіберіледі.\r\n\r\n \r\n\r\nМектеп оқушыларының аудандық, облыстық байқауларға қатысуы мектеп басшылары мен оқу бөлімдерінің рұқсатымен және көмегі арқылы жүзеге асырылады. \r\n
- \r\n
- Байқауға қатысушыларды марапаттау
\r\n
\r\n4.1. Жүлделі орын иегерлері марапатталады.\r\n
- \r\n
- Байқауды қаржыландыру
\r\n
\r\n5.1 Аудандық және облыстық байқауларға қатысудың шығындары (жол ақысы мен басқа да қаражаты) қатысушы тараптан қаржыландырылады.\r\n\r\n5.2 Байқауды басқа да қаржы көздерінен қаржыландыруға жол беріледі.\r\n\r\n5.3 Байқауды өткізуге осы мақсаттар мен міндеттерді қолдайтын, оны қаржыландыруға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысушылар, демеушілер, серіктестер, меценаттар, жеке азаматтар мен ұйымдар (бұдан әрі – демеушілер) жұмылдырылады.\r\n\r\n5.4 Демеушілер мен ұйымдастырушылардың өзара қарым-қатынас мәселелері жасалған шарттар (келісімдер) шеңберінде шешіледі.\r\n\r\n5.5 Байқауға қатысу тегін.\r\n
- \r\n
- Байқаудың өткізілуі
\r\n
\r\n \r\n\r\nБайқаудың өткізілу мерзімі: 25.09.2014. – 25.11. 2014 ж.\r\n\r\n \r\n\r\nБайқау 2 кезеңнен тұрады: \r\n\r\nІ кезең: облыс аудандары (ауылдары, қалалары) бойынша орта және кәсіптік мектептер деңгейінде әдеби-шығармашылық жастарын іздеу, анықтау, іріктеу кезеңі (25-қыркүйек — 10-қараша ).\r\n\r\nІ кезең екі деңгейде өтеді:\r\n\r\n1-деңгей. Орта және кәсіптік мектептер деңгейінде өтеді (25-қыркүйек – 10 қараша). Байқау нәтижелері мектеп басшылары арқылы аудандық ұйымға хаттама және тізімдеме түрінде 10-қарашадан кешіктірілмей тапсырылады.\r\n\r\n2-деңгей. Аудан орталықтарында аудандық газет редакциялары жанындағы кездесу түрінде (10-15 қараша) – өткізіледі. Оған қатысушыларды редакциядағы жауапты тұлға таңдап алады, Ал қатысуға шақырылмаған талапкерлер осы аудандық орталықтың және облыстық әдеби орталықтың есебінде тұрады. Мақсат — алдағы уақытта олармен шығармашылық байланыстар орнату.\r\n\r\nАудандық шаралардың нәтижелері хатталып, 15-қарашадан кешіктірілмей «Құс қанаты- Қызылорда» Қоғамдық қорының атына екі нұсқада эл. пошта арқылы жолданады:\r\n\r\n1-нұсқа: жалпы аудан бойынша өткізілген іс-шаралардың қысқаша есебі (жазбаша 1-2 бет көлемінде) және картотекалық қорытынды ( 1-қосымша үлгісінде) ұсынылады;\r\n\r\n2-нұсқа: облыстық конкурсқа қатысу туралы ұсыныс (2- қосымша үлгісінде) ұсынылады;\r\n\r\n \r\n\r\nЕскерту: Аудандық деңгейдегі қорытынды шараларға, мүмкіндігіне қарай, «Құс қанаты-Қызылорда» Қоғамдық қорының өкілі қатысады. (Кесте қосымша хабарланады).\r\n\r\n \r\n\r\nІІ кезең: Облыс орталығы Қызылорда қаласында жыр мүшәйрасы және шеберлік сыныптары түрінде өтеді.\r\n\r\nІІ кезеңнің өткізілу уакыты: қарашаның 3-аптасы, 2014 жыл.\r\n\r\n \r\n\r\nҮздік шығармалар баспасөзде жариялауға ұсынылады;\r\n\r\n«Құс қанаты-Қызылорда» қоғамдық қоры\r\n\r\nҚызылорда қаласы\r\n\r\nShanzharhan-bekm@mail.ru \r\n\r\nЕскерту: шығармалардың бір данасын осы пошта арқылы облыстықорталыққа жіберуге болады.\r\n\r\n1-қосымша (үлгі)\r\n\r\nАрал ауданы бойынша «Сырдың жыршыл жастары» байқауында әдеби шығармашылығымен ерекшеленген жастар туралы мәлімет\r\n
р/с | аты/тегі | негізгі шығармалары | тел-ы | қосымша |
1 | Баймаханов Марат Асқарұлы | *** | Билайн/актив\r\n\r\n2 телефон көрсетіледі;\r\n\r\nЭл. пошта | |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
4 | ||||
5 | ||||
6 | ||||
7 | ||||
\r\nЕскерту: Шығармалары эл пошта арқылы қоса жіберіледі.\r\n\r\n**************************************************************\r\n\r\n2-қосымша (үлгі)\r\n\r\n«Құс қанаты-Қызылорда» Қоғамдық қорына\r\n\r\nАрал аудандық «**********»әдеби-шығармашылық жастарының бірлестігінен.\r\n\r\n«Сырдың жыршыл жастары» атты байқауда үздік көрінген мына төмендегі жастарды облыстық мүшәйраға қатысу үшін ұсынамыз\r\n\r\n(аудан бойынша 3 адамнан артық емес).\r\n
р/с | аты-жөні | мектебі, адресі, телефоны, поштасы | ұсынылатын шығармаларының аттары\r\n\r\n(тексті қоса жолданады) | қосымша |
1 | Баймаханов Марат Асқарұлы | *** | *** | |
2 | ||||
3 |
\r\n \r\n\r\nАрал аудандық «****» бірлестігінің жетекшісі:\r\n\r\nАрал аудандық «Толқын» газетінің қызметкері, ақын Абылаев Т.
Пушкин. Жәңгір хан және…Махамбет
\r\n\r\nПушкин. Жәңгір хан және…Махамбет\r\n\r\n Иә, баспасөз беттерінде жазылып жүргенімен басы әлі ашыла қоймаған бұл мәселелерге байланысты не айтуға болады?\r\n\r\n Ақын 1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады. Бұл екі орыс шенеунігі қызмет бабына байланысты Бөкей ордасындағы жағдайды жақсы білетін, қазақтар жөнінде де, оларға әңгір таяқ орнатып отырған Орал казактары туралы да Пушкинге мол мағлұмат бере алатын еді.\r\n\r\n Осы арада Перовскийге (1795-1857) ерекше тоқталған жөн. Ол Пушкинмен, оның ұстазы В.А.Жуковскиймен ертеден таныс еді. 1825 жылдың 17 тамызында Жуковскийге жазған хатында ақын Перовскийді ортақ танысы ретінде еске алады. Олар кейін де кездесіп тұрады. Орынборда Пушкин оның қала сыртындағы үйіне тоқтайды.\r\n\r\n Ақынның Орынборда болған екі күн шамасындағы сапары жөнінде әдебиетте аз жазылмаған. Бірақ авторлар осы мерзім ішінде (19, 20 қыркүйек) Пушкиннің Орынбор мұрағатында қаншалықты жұмыс істеп үлгергенін және қандай құжаттарды алғанын нақтыламайды. Алайда “Пугачев тарихының” деректік негізіне ыждағатты көз жүгіртсек, керекті құжаттар әскери министрлік мұрағатынан алынғанға ұқсайды. Ал, Орынбор мұрағатында Пушкин қысқа уақыт болып, кейбір құжаттарға ғана көз жүгіртіп өткен деп шамалауға болады. 21 қыркүйекте ақын Орал қаласына келіп, ондағы үш күнді казактар қауымында өткізеді. 23-і күні қайтар жолға шығады.\r\n\r\n Орынбор мен Оралда, Сорочинская, Переволоцкая, Нижнеозерная станицаларында, Бердск слободасында көнекөздермен, көтеріліс куәгерлерімен сұхбаттасады. Солардың бірі Бердскідегі 75 жастағы И.А.Бунтова деген казак жесірі болатын. Мұнда кезінде алты ай бойы Пугачевтің штабы орналасқаны мәлім.\r\n\r\n Осы кездесулер барысында алған мағлұматтары негізінде “Пугачев тарихына” көтеріліс басшысының Бударинск бекінісінде отырып, Нұралы ханға хат жазғаны туралы жолдар түседі. Шығармада қазақтардың соғысқа қатысуы нақтылы суреттеледі.\r\n\r\n “Өзін патшамын деп жар салған жалған атақты турасындағы қауесет тез тарады. Пугачев қырғыз-қайсақ ханына өзін ІІІ Петр деп атап, одан аманатқа ұлын және көмекші қол есебінде жүз адам беруін сұрады. Нұралы хан Жайық қалашығына қызмет көрсетуге мойынұсынғандай болып, басшымен келісім жасауға келді… Хан Орынбор губернаторына жалған аттының келгені жөніндегі алғашқы татарша жазылған хабарлама хатын жолдады. “Біз, далада күн кешушілер, — деп жазады Нұралы губернаторға, – жағаны жайлап жүргеннің өтірікші ме, немесе ақиқат тақсыр ма – кім екенін білмейміз. Біздің елшіміз оны айқындай алмай қайтты, тек сары сақалды екенін айтып келді”. Бірақ: “Сол шақта, – деп көрсетеді одан әрі ақын – Нұралы жалған атақты адаммен сыбайлас бола отырып, өзінің императрицаға берілгендігі жөнінде Рейнсдорпты нандырумен жүрді, ал қырғыздар шапқыншылыққа дайындала берді” (Т.8, 120-121-б.б.). Кітаптың осыдан кейінгі жолдарында Пушкин қазақтардың сонау ертедегі өткеніне, қалмақтармен қарым-қатынасына да көңіл қояды.\r\n\r\n Шығарманың бірінші тарауына берілген түсініктемеде: “Кіші жүзде Нұралы, Орта жүзде Абылай, Ұлы жүзде Ералы басқарған қазақ жасақтарының 1771 жылғы “шаңды жорықта” қалмақтарды үлкен шығынға ұшыратқаны” (206-б.) жөнінде дерек бар. Бұл мәлімет ақынға біз айтып өткен П.И.Рычковтың кітабынан да белгілі болатын.\r\n\r\n Орал казактары жөнінде мол мағлұмат келтіріп, олар “тұзды қырғыздар даласы шекарасына жақын жердегі Индер мен Грязное ащы көлдерінен, не Жем жағалауындағы көлдерден алады”, – деп жазады. Пушкиннің “Пугачев тарихы” үшін жинақтаған материалдарының арасында көтеріліс басшысының қазақ халқына арнаған үндеуі де ұшырасады (Антонов В.Ф. “Чтение по истории”. М., 1984 С.144). Соғыс қимылдарына қатысқан Жантас, Жантілес, Құлбаба, Есеней, Құттықадам деген қазақ батырлары ерен ерлік көрсетеді. Орал казак орысы Ф.Курицын 1774 жылы Пугачев көтерілісінің құрамындағы қазақ жасағын Сырым Датұлы басқаратынын хабарлайды. Ал, А.Суворов 1775 жылдың 22 маусымында граф П.И.Панинге жазған хатында Сырым батырды Пугачев көтерілісінің ең белсенді мүшелерінің бірі ретінде баяндайды. Әрине, мұндай мәліметтердің орыс ақынына бәрі бірдей жетпеген де болар, бірақ ол өз еңбегінің өне бойында қазақ даласы, қазақ халқы тақырыбына үнемі соғып отырады, сол жылдардағы оқиғаларға талдау жасайды. Жайық бойында ел аузында сақталған аңыз-әңгімелерге ден қояды. Солардың бірі – “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” жыр-аңызының жазылып алынуы.\r\n\r\n А.С.Пушкин мұрағатынан осы лиро-эпос мазмұнының табылғаны жөнінде ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап айтылып келеді. Зерттеушілердің біразы ақын оны осы сапары барысында, Орынборда, не Оралда болған кезінде естіді деген пікірде. Кейбір авторлар (М.И. Фетисов, т.б.) “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырының мазмұнын Пушкин В.И.Дальден, тіпті қазақтардың өзінен жазып алғаны жөнінде сыңай танытады. Оған дәлел ретінде ақынның татар тілін білгендігін алға тартады. Бұл тілдің қазақ тіліне ең жақын тілдердің бірі екендігі, сол кезеңде білімді қазақтардың татар тілінде сөйлегендігі белгілі. Пушкиннің “Арзрумға саяхат” өлеңінде мынадай жолдар бар: “Ешқандай тіршілік белгісін кездестірмей ұзақ жүрдім. Ақырында оқшау тұрған сакляны көрдім. Есік қақтым. Иесі сыртқа шықты. Мен одан жол жағдайын орыс тілінде, сонан кейін татар тілінде де сұрадым”.\r\n\r\n Пушкин қандай деңгейде де татар тілін білген болсын, бірақ одан ақын “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырын 1833 жылы тікелей қазақтардан естіп, жазып алды деген ұғым тумайды ғой. 1825 жылы “бұл лиро-эпостың халық аузындағы нұсқасын С.Б.Броневский жазып алған болатын. Оның Пушкинмен таныстығы түрлі әдебиеттерден зерттеушілерге жақсы белгілі. Оған дейін (1807) қазақ көпесі Мұртаза Файзуллин Семейден Шығыс Түркістанға барған кезінде эпостың сюжетін жазып алып, қайтып келгеннен кейін Г.Ф.Генске тапсырады. Мүмкін, Пушкинге жыр мазмұнын Генс берген шығар. Зерттеушілердің көпшілігі Пушкин “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” жырын А.И.Левшиннің кітабынан білді деген тұжырымға бейімділік танытады. (ҚСЭ. Т.7 212-бет). Бұл пікір де орыс ақынының қазақ эпосының мазмұнын қашан, қай жерде, кімнен жазып алды деген сұраққа жауап бермейді.\r\n\r\n Ақынның Орынбор мен Оралға сапарына байланысты жұмбақ жәйттер мұнымен шектелмейді. Ең алдымен Пушкин мен орыс жазушысы В.И.Дальдің (1801-1872) Орынборда жүздесуі жөнінде.\r\n\r\n Соңғы кезде Дальдің Орынбордан Оралға барарда Пушкиннің серіктесі болмағаны жөніндегі пікірлер де көрініс беруде. Ол 1916 жылы Петербургте жарық көрген “Пушкин және оның замандастары” (23 және 24-ші шығарылымдары) деген жинақтағы Д.Н.Соколовтың “Пушкин Орынборда” атты мақаласынан бастау алып, 1980 жылы “Простор” журналында басылған А.Д.Белыйдың “Даль рапорты” деген мақаласында қосталады.\r\n\r\n \r\n\r\nМұндай тұжырымға кейбір негіз де бар сияқты. Мұрағатта 1833 жылдың 21 қыркүйегінде В.И. Дальдің “Орал әскері жеріне” барып қайтқан сапары туралы Орынбор генерал-губернаторына жазған рапорты бар. Дәл сол күні Пушкин Орал қаласына жолға шығады. Осыған байланысты аталмыш авторлар 2500 шақырым сапардан келген В.И. Дальдің қайта жолға шығуы мүмкін емес қой деген пікір білдіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nБұл жөніндегі талас-тартысқа, “Даль рапортының” қай күні жазылғандығына тереңдемей, қалай болғанда да оның Орынборда Пушкинмен жүздескенін, Орал қаласына дейін оған еріп жүргенін теріске шығаруға болмайтындығын айтуымыз қажет. В.И.Дальдің өзі Бердск слободасына Пушкинмен бірге баруын еске алып: “Біздер Пугачевты білетін, көрген және есінде ұстаған кемпірді тауып алдық”, — деп жазады. (Пушкин в воспоминаниях современников. М., 1950 С. 454). Оған қоса Дальдің 25 қыркүйекте Орал қаласынан Н.И.Гречке жазған хаты тағы бар. Яғни, ол 23 қыркүйекте Пушкинді шығарып салған.\r\n\r\n \r\n\r\nВ.И Дальдің қызы да әкесінің Пушкинмен бірге Орынбор мен Оралда болғанын растайды ( Русский архив. 1899. № 5.с. 137-138).\r\n\r\n \r\n\r\nБасқа деректерде Дальдің Пушкинмен 1832 жылдың күзінен таныс екендігін, 1833 жылдың 18-19 қыркүйегінде олардың Орынбор мен Бердск слободасында бірге болғандығы көрсетіледі. Пушкиннің кітапханасында Дальдің бірнеше кітаптары да сақталған.\r\n\r\n \r\n\r\n1835 жылдың наурыз-сәуір айлары шамасында Пушкин Петербургтен Орынборға В.А.Перовскийге хат жазып, онда “Бердскідегі серуеннің естелігі ретінде сізге “Пугачев тарихын” жіберіп, оған тағы 3 данасын қосып отырмын, Дальге, Покотиловқа және сондағы аңшыға…” деп көрсетеді ( т.10, 411-412-б). Мұндағы В.А.Покотилов – ақынды Оралға дейін-ақ Орынбордың өзінде қарсы алған казак әскерінің атаманы; “аңшы” — К.Д.Артюхов, инженер-капитан.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ халқының тұрмысы мен ауыз әдебиетінің білгірі, кейін Исатай мен Махамбет көтерілісіне бүйрегі бұрған орыс жазушысының қазақтар хақындағы шабытты әңгімелері Пушкинге әсер етпей қоймаса керек.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ даласына шеккен сапары Пушкинді шытырман сезім құшағында қалдырып, Ақ Жайық, даланың өзіндік өзгеше келбеті ақыл қиялына қанат бітіреді. Жергілікті әндер (“Гурьевтен-қаладан”, “Жайық казактары”), қалмақ ертегілері, қазақ аңыздары бірігіп азаттықты аңсаған орыс, башқұрт, қалмақ, қазақ халықтарының көтеріліске қатысуы жөніндегі шығармасының психологиялық аурасын анықтайды.\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\n \r\n\r\nБасы ашылмаған мәселелерінің бірі – А.С.Пушкиннің Жәңгір хан (1801-1845), Махамбет Өтемісұлы (1803-1846) және Г.С.Карелинмен (1801-1872) қарым-қатынасы жөнінде.\r\n\r\n \r\n\r\n1821 жылы Орынборға жер аударылған Карелин бұл қалада А.И.Левшин, В.Д.Вольховский, Г.Ф.Генспен достық қарым-қатынаста болады. 1826-1828 жылдары ол Бөкей ордасына сапар шегіп барады. Сөйтеді де 1828-1830 жылдары Жәңгір ханның іс басқарушысы ретінде оның Нарынқұмдағы ставкасында тұрады. 1829 жылы Бөкей ордасы жерінің картасын құрастырады. 1832 жылы наурызда Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеуге жіберіледі. Сол жылдың жазында Петербургке шақыртылып алынып, оған жаңа тапсырмалар жүктеледі. 1834 жылы мамырда Ново-Александровск қамалының негізін қалайды. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауына жіберілген экспедиция жұмысының барысында адай руының батыры Сүйінқарамен ұшырасады. Сүйінқара Карелинге “хиуалықтардың шабуылынан қорғау” жөнінде хат тапсырады. Сонда Г.С.Карелин мен Пушкиннің жолдары қалай қиылысты деген сұрақ туады. Бұл орайда олардың ортақ таныстары арқылы бірін-бірі жақсы білгендігіне сілтеме жасаймыз. Ең алдымен, Карелин де, Пушкин де – декабристердің көзқарастарын бөліскен адамдар. Карелиннің зайыбы А.Н.Семенова Пушкиннің досы А.Дельвигтің әйелінің құрбысы болатын. Карелин Пушкиннің танысы А.П.Свиньинмен де хат жазысып тұрады. Оған қоса Бөкей ордасында талай рет жүздескен В.И.Дальмен таныстығы, оның Пушкинге осы өңірде болған уақытында Карелин жөнінде әңгіме айтпауы мүмкін емес. (Архив АН СССР Л., 1933 г. С. 160-162).\r\n\r\n \r\n\r\nБіз Карелин Пушкинмен Оралға барған сапарында кездесті деген пікірден аулақпыз. Себебі Карелиннің 1833 жылдың қыркүйегінде қайда болғаны әлі де болса зерттей түсуді қажет етеді. Соның өзінде Григорий Силычтың Махамбет ақын мен Жәңгір ханды Пушкинге апарар жолдағы көпір болғандығына көп негіз бар.\r\n\r\n \r\n\r\nБірақ мүмкіндік пен оның шындыққа айналуының арасы – жер мен көктей. Мұны ескермеген авторлардың бірі Жәңгір ханды Пушкиннің “жақсы танысы” (“приятель”) деп жазады. Бір қарағанда солай да шығар деген ой түрткілейді. Олардың да, В.И.Дальді айтпағанның өзінде, профессорлар А.Казембек, К.Ф.Фукс, т.б. ортақ таныстары болады. Оқиғалар тізбегі, уақыт пен кеңістік секілді факторлар да орыс ақынымен қазақ ханын жолықтыруға итермелейді. Жәңгір хан Петербургке алғаш рет 1826 жылы Фатима ханыммен бірге І Николайдың таққа отыру салтанатына байланысты келген-ді.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы сапар барысында хан Каспий жағалауындағы шұрайлы аймақты “иемденген” князь Юсуповпен кездеспеді ме деген ой туады. Біздің айтып отырғанымыз – ата-бабалары шоқынған орыс ақсүйегі, сенатор, меценат Николай Борисович Юсупов (1750-1831); оның Архангельскідегі үйінде Пушкин 1827 жылдың күзінде қонақта болады. Ақынның 1830 жылы жазылған “К вельможе” деген өлеңі де осы Юсуповке арналған.\r\n\r\n \r\n\r\nЖәңгір Петербургте оншақты күн болып, барлық ойын-сауықтарға, оның ішінде К.Ф. Фукс ұйымдастырған әдеби кешке де қатысады.\r\n\r\n \r\n\r\nКарл-Фридрих (Федорович) Фукс (1776-1846) – дәрігер, профессор, 1805-1828 жылдары Қазан университетінің ректоры, әдебиетші, Еділ бойы өлкесінің білгірі. Бұл адаммен Пушкин 1821 жылдан таныс еді. Ақынның кітапханасында Фукстің “Башқұрт Оралы бойынша саяхат” деген кітабының болуы, Орынборға бара жатқан жолда 1833 жылы Қазанда оның үйінде бір күнге тоқтауы, әйелі Александра Андреевнамен 1833-1836 жылдары хат жазысып тұруы және оған 1835 жылы “Пугачев тарихын” жолдауы (Т.10, 423,433-2б.) көп нәрсені аңғартады. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, Фукс Жәңгір хан мен 1826 жылы елге оралып келе жатқанда Қазанда тағы жолығысады.\r\n\r\n \r\n\r\nСонымен, орыс ақынының қазақ ханымен кездесуіне барлық жағдай болған сияқты. Алайда олардың жолдары қиылыспады. 1826 жылы Жәңгірдің Петербургте болған кезінде Пушкин Михаиловское селосында айдауда жүрді, қалған уақытта да олар жүздеспеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕнді әңгіме арнасын Махамбетке бұрайық. Осыдан үш жылдай бұрын, яғни 2003 жылғы 15 тамызда “Қазақ әдебиеті” газетінде “Махамбет пен Пушкин” деген көлемді дүние жарияланып, оның авторы екі ақынды бір-бірімен “шүйіркелестіріп” қояды. Жарайды, оны жазушының қиялынан туған делік. Бірақ “Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясындағы” “Хан тоғайы” деген мақалада осы жағдай қайталанып, Махамбет пен Пушкин Нарын құмында кездеседі. Мұндай мәлімет орыс ақынының әр күні мен сағатына дейін тәптіштеп жазып жүрген зерттеулердің бірде-бірінде ұшыраспайды.\r\n\r\n \r\n\r\nОлардың ортақ таныстарының болуы Махамбет пен Пушкиннің сырттай білістігі жөнінде ғана тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақ ақынының Дальмен хан сарайында да, қазақ ауылдарына барған шақтарында да жүздесіп, әңгімелескені сол уақыттағы оқиғалармен біршама дәлелденеді. Дальдің қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларын жинауы, қазақ тақырыбына арналған шығармаларын жазуы барысында Махамбетке соқпай кетуі қисынсыз сияқты. 1833 жылдың жазында Гурьев (қазіргі Атырау), Орал қалаларына, Бөкей ордасына екі айлық іссапарда болғанда Даль қазақ ауылдарын аралап, жергілікті халықтың қам-қарекетімен, рухани дүниесімен терең танысады. 1833 жылдың мамыр-маусым айларында Махамбет оқуға бара жатқан Жәңгір ханның баласы Зұлқарнаймен бірге Орынборға аттанады. Олар мұнда Карелиннің үйінде тұрады. Ресей Ғылым академиясы мұрағатының Петербург филиалында 1833 жылдың 11 қарашасында Жәңгір ханның Таубұйрат деген жерден жазған хаты сақталған. Онда: “Барлық уақытта менің сізге деген ықыласымды ұмытпайтын боларсыз деп сенемін. Бұл хатты мен жолай Әлмұхамед арқылы жіберіп отырмын… Асығыс жаздым, кешірерсіз. Менің Жұлқаш (Зұлқарнай.) баламды сізге тапсырамын, өз балаңыздай көріңіз” (Петербургский филиал архива РАН. Ф. 137. Оп. 2. Д. 79. Л. 23), — делінеді.\r\n\r\n \r\n\r\nОлай болса бұрыннан да таныс, аралас-құралас Махамбет пен Карелин арасында олар тұрып жатқан қалаға ұлы орыс ақынының келіп-кеткені жөнінде әңгіме болғандығы сенім туғызады. Бірақ Пушкин мен Махамбетті Хан тоғайында “жолықтырып”, жоқтан өзгені тілге тиек ету ғылыми ізденіске жатпайды. Рухани сабақтастық, дарындылық ықпалдастығы тек жүзбе-жүз кездесіп сұхбаттасудан ғана тұрмайды. Пушкиннің көзі тірісінде де, кейін де қазақ даласында Пушкинге апарар жолдар аз болмады.\r\n\r\n \r\n\r\nДабысым ұлы Ресейге кетер жалпақ,\r\n\r\nТіл біткен жүрер менің атымды атап,\r\n\r\nСлавян елдерінің ер ұрпағы,\r\n\r\nҚазіргі тағы тұңғыс, қырда қалмақ, – деген, өзінің қазасынан бір жыл бұрын жазылған “Ескерткіш” атты өлеңінің бірінші нұсқасында “қырғыз, қалмақ” деп көрсетілгені оқырманға мәлім. Қалмақ пен қазақ бірде атысып, бірде табысып жатса да, олардың бір географиялық мекенде орналасқаны ескеріліп, “қырғыз” сөзі сонау Сібірдегі “тұңғыспен” ауыстырылған-ау деген ой келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ (қырғыз) деген сөздің Пушкин шығармаларында аталуы, не аталмауында тұрған ештеңе жоқ. Әңгіме қазақ даласы, оның тұрғындары туралы сан алуан мағлұматтардың Пушкиннің рухани әлемінде алған орны жөнінде.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоғарыда айтылған 1835 жылдың көктемінде Перовскийге жазған хатының: “Далада, не Жайық бетінде кездескенше сау бол” (Т. 10. 412-б.) деген сөздермен аяқталуы Пушкиннің қазақ жеріне тағы бір рет соғуға ниеттенгенін білдіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкиннің өлімінен кейін ақын мұрасын қазақ даласында насихаттағандардың бірі С.А.Раевский еді. Ол да – М.Ю.Лермонтовтың “Ақын өлімі” деген өлеңін таратқаны үшін Бөкей ордасына жер аударылған Пушкиннің досы. Жәңгір ханның кеңсесінде орыс канцеляриясының бастығы болып істейді. Ханның тапсырмасымен ол Бөкей ордасының картасын толықтырады. Олай болса хан сарайында да, Ордада да Пушкинді білген, өлеңдерін тыңдаған.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ даласы орыс ақынын жатсынбайды, оны “кім?” демейді. Пушкин мұрасы қазақ тілінде сөйлей бастайды. “Татьянаның әні” қазақ елінің әр түкпірінде шырқалады.\r\n\r\n \r\n\r\nХІХ ғасырдың 60-шы жылдарының өзінде-ақ қазақтар Пушкинді есте қалдыру іс-шараларына атсалысады. Қазақстанның Орталық мұрағаты қорында “А.С.Пушкинге ескерткіш орнатуға қаржы жинау туралы Орынбор және Самара генерал-губернаторымен хат-хабар алмасулар” деген 1861 жылғы құжаттар бар (ҚР ОММ. 4-қ.1-тізбе. 3040-іс. 14-парақ). Осыған байланысты елден қаржы жиналғанда қазақтың дарынды ұлдарының бірі М.С.Бабажанов (1832-1871) бөкейліктерді өзі бас болып ұйымдастырып, бір мың сомның үстінде ақша өткізген. Бұл ескерткіш Мәскеуде 1880 жылы ашылғаны белгілі.\r\n\r\n \r\n\r\n“А.С.Пушкинге ескерткіш орнату үшін қайырылымдылыққа шақыру туралы” деген тағы бір құжат осы мұрағаттың 44-ші қорында (Жетісу облыстық кеңесі (1868-1918)) ұшырасады.\r\n\r\n \r\n\r\nБірте-бірте Пушкин шығармалары қазақ жеріндегі мектеп қабырғаларынан, театр сахналарынан орын ала бастайды. 1901 жылдың сәуір айында Бөкей ордасы Уақытша кеңесінің залында қазақ балалары мен қыздар мектебінің оқушылары ақынның “Балықшы және балық туралы ертегісі” бойынша спектакль қояды (Тургайская газета. 1901. 14 сәуір). Пушкиннің жақын танысы декабрист Н.В.Басаргиннің (1800-1861) ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарында Шоқан Уәлихановпен танысуы да Пушкин шығармашылығын қазақ даласында насихаттаудың тағы бір арнасын меңзейді. Сол кезеңде Басаргин Сібір казактарының кеңсесінде қызмет істеп жүріп, Құсмұрын округіндегі Шоқанның туған жерін аралайды; 1843-1848 жылдары Омбыға жұмысқа ауысады. Ал 1847 жылы Шоқан Омбы кадет корпусына оқуға түседі. Оларды тағдыр Омбы интеллигенциясы жиі жиналып тұратын Капустиндердің үйінде жолығыстырады. Басаргинмен пікір алмасулар Шоқанның Пушкин шығармашылығына ықыласын арттырады. Е.И.Капустинаның әдеби қонақүйінде Пушкиннің өлеңдері оқылып тұрады.\r\n\r\n \r\n\r\nШоқан Петербургте ұлы ақынның редакциясымен шығып тұрған “Литературная газетаның” тігіндісімен, оларда басылған В.Г.Крюковтың “Қырғыз шапқыншылығы” повесімен танысады. Пушкин шығармашылығының бір қайнары іспеттес И.Бичурин, А.Левшин еңбектері, “Современник” журналы Шоқанның да рухани әлемін кеңітеді. Ш.Уәлихановтың бір хатында Пушкиннің “Бақшасарай фонтаны” поэмасынан кейбір жолдардың келтірілуі кездейсоқ емес.\r\n\r\n \r\n\r\nОсылайша қазақ даласының көңілі ояу, көзі ашық ұлдары Пушкин мұрасына бойұрады. 1856 жылдың 14 желтоқсанында Ф.М.Достоевскийдің Ш.Уәлихановқа Семейден жазған хатында: “Бәрінен де дұрысы, дала тұрмысы, сіздің ондағы өміріңіз және т.б. туралы жаза алсаңыз жұрттың барлығының қызығушылығын тудыратын мақала болар еді. Сондай жаңалық болып көрінер еді, ал сіз, әрине, не туралы жазуды білер едіңіз (мысалы, есіңізде болса, Пушкиннің аудармасындағы Джон Теннер секілді)”, – деп жазады.\r\n\r\n \r\n\r\nХат мәтінінен Шоқанның ұлы ақын шығармашылығын жақсы білетіндігі аңғарылады. Мұндағы Джон Теннер деген кім? Ол – 1830 жылы Нью-Йоркте Джемс деген сауатсыздау автордың баяндауында жарық көрген “Джон Теннердің жазбалары” атты кітабының кейіпкері. Пушкин оның 1835 жылғы француз тіліндегі аудармасымен танысады да, 1836 жылы “Современник” журналында (Т.3, 205-256-б.) “Шолушы” (“The Revіewer”) деген бүркеншік есіммен көлемді памфлет жариялайды. “Жазбаларда” құрып кетуге душар американ үндістерінің қасіретті өмірі туралы баяндалады. Пушкинді қызықтырған да кітаптың осы қыры еді.\r\n\r\n \r\n\r\n– Ақын оқырмандарға жергілікті тұрғындарды қырғынға ұшыратып отырған американ демократиясының екі жүзділігі мен қатыгездігін толық жеткізуге тырысады. Достоевскийдің Шоқанды, мысал ретінде болса осындай “Джон Теннердің жазбаларына” қарай бағыттауында да терең сыр жатқан жоқ па деген ой келеді. Мүмкін қазақтардың да сол кезде үндістердің жағдайын бастарынан кешіріп отырғанын сездіргісі келген шығар. Мұндай тұжырымға келуге Пушкиннің памфлетіндегі мына жолдар да итермелейді: “Европа мәдениеті оларды (үндістерді) өз атамекендерінен ығыстырып шығарып, оқ-дәрі мен қорғасын сыйлады; осымен оның ізгілікті ықпалы бітеді”. Мұның өзі орыс ақынының отарлық бұғаудағы халықтарға жанашырлық танытуының көрінісі секілді.\r\n\r\n \r\n\r\nӘрине, Достоевскийден де, Пушкиннен де “интернационалист” жасаудың қажеті жоқ; олар – өз дәуірінің перзенттері, өз халқының патриоттары. Дегенмен, жолындағы тау-тасты бұзып өтіп, теңізге келіп құлайтын арынды өзен секілді шын талант та ұлттық шеңберден шығып, әлемдік құбылысқа айналмай тұрмайды. Бұл жағдай Пушкин мен Абайға да тән.\r\n\r\n Пушкин және қазақтар\r\n\r\n Ұлы ақын өзінің жеке кітапханасына дала перзенттері – біздің бабааларымыз туралы кітаптарды не үшін жинаған?\r\n\r\n \r\n\r\nКөшім Лекерұлы Есмағамбетов 1938 жылы туған. 1965 жылы Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін үздік бітірген. Содан соң 1965 жылдан бастап КазГУ-де оқытушы болып, кейін республика Жоғары және арнаулы орта білім, Сыртқы істер министрліктерінде лауазымды қызметтер атқарды. Ұзақ жылдар Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясында редакция меңгерушісі, гуманитарлық ғылымдар орталығының бастығы болды. Қазір Білім және ғылым министрлігінің Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Бас ғылыми қызметкері. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. “Шындық және бұрмалаушылық”, “Көне Қазақстанды көргендер”, “Біз туралы батыста не жазған”, “Қазақтар шет ел әдебиетінде” атты кітаптардың авторы. Дж.Демконың “Орыстардың Қазақстанды отарлауы”, С.Пфинханың “Құқық философиясы” еңбектерін ағылшын тілінен қазақшаға тікелей аударған.\r\n\r\n \r\n\r\nХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының орта кезінен А.С. Пушкиннің өз елінің тарихына, оның Б. Годунов, Бірінші Петр, Е.Пугачев секілді тұлғалары өміріне бой ұруы жай қызығушылықтан емес, оның адамзат өркениетіндегі орнын анықтауға тырысушылықтан туындаған мұраты еді. Осыған байланысты Ресей империясының құрамына енген түрлі ұлыстар мен халықтарды танып-білу де ақын мұрасының бір арнасын құрайды.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкиннің бұл бағыттағы ізденістеріне ХІХ ғасырдың өзімен бірге ала келген тарихи үдерістің тұтастығы туралы ой-пікір шешуші әсер етті. Осы кезеңде қалыптаса бастаған тарихилық принципі қоғам дамуын әлеуметтік прогрестің біртұтас тізбегі ретінде қарауды қажет деп таппайтын XVІІІ ғасырдың ағартушылық көзқарасынан өзгеше еді. Ағартушылық жүйеде тарихи оқиғалар бірімен-бірі қатар тұратын, бірақ олар бірінен бірі туындамайтын.\r\n\r\n \r\n\r\nXVІІІ ғасырда, тіпті ХІХ ғасырдың бастапқы онжылдығында тарихшылар қоғамды тану үшін “адам табиғатын”, оның сезім құбылыстарын зерттеудің қажеттілігін айтса, жаңа тарихи мектеп, керісінше, қоғам табиғаты, “дәуір рухы” адамның ой-пікірін қалыптастырады деп есептеді. Пушкин осы мектептің өкілі ретінде қалыптасты. Оның да прозалық шығармаларында тарихи дамудың белгілі бір баспалдағында тұрған қоғамды, оның ерекшелігін, сұраныстарын, әдет-ғұрпын, психологиясын танып-білу маңызды орын алды.\r\n\r\n \r\n\r\nМұндай жаңа көзқарасқа көшу Францияда ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында қалыптасты, яғни Пушкиннің тарихи ой-пікірі көкжиегінің анықталуы осы құбылыспен тұстас келді. Ақын батыс тарихнамасы мен әлеуметтік ой-пікірінің барлық ағымдарынан хабардар еді. Оның М. Вольтер жөнінде “тарихтың қараңғы мұрағатына философия сәулесін түсірді”, – деуі осының куәсі болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nТарих пен уақыт диалектикасы, өткенді зерттеудің бүгінгі күн мен болашақ үшін маңыздылығы туралы жаңа заманның ұстанымы Пушкиннің сана-сезімін баурады. Осылайша ақын көзқарасы адамзат ой-пікірінің озық жетістіктері мен өз дарынының арнасында тоғысып, “Пугачев тарихы”, “Капитан қызы” секілді сом дүниелерге жол ашты. Пушкиннің жақын досы П.А.Плетнев: “Табиғат ақындық талантына қоса оған таңқаларлық зерде мен көрегенділік қасиет сыйлаған. Бірде-бір оқыған дүниесі, бірде-бір әңгіме, бірде-бір ой тебіренісі оның өмірінен біржолата сызылып қалмайтын. Оның басы түрлі қазыналар қоймасы секілді сан алуан істерге дайын материалдарға толы болатын”, – деп жазды.\r\n\r\n \r\n\r\nРесейдің қазақ жерінде табан тіреуінің нығая түсуі орыс әдебиетінде “қырғыз (қазақ – ред.) тақырыбының” орнығуына әкеледі. Пушкиннің “Құранға еліктеу” циклі бұл үрдіске оң септігін тигізеді. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарының өзінде А.П. Крюковтың “Қаратай” поэмасы (1824), П. Кудряшовтың “Қырғыз-қайсақ тұтқынының мұңы” (1828), В.И. Карлгофтың “Қырғыз элегиясы” (1829) сияқты шығармалар дүниеге келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nБұлардың қай-қайсысы да – Пушкинмен ұшырасқан, оның поэзиядағы құдіретін таныған адамдар-тын. Мұндағы Карлгоф – жазушы, аудармашы, генерал-майор. ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының басында А.Ф. Воейков Д.И. Хвостовқа жазған хатында өздерінде Пушкин, Карлгоф, басқа да адамдардың қонақта болғанын айтады. Карлгоф пен Пушкин 1832 жылдың 19 ақпанында және 1836 жылдың 28 қаңтарында жолығып әңгімелеседі. Бұған дейін (1829 ж.) оның “Қырғыз элегиясы” шығармасы Санкт-Петербургте шығатын “Северная звезда” альманағында жарық көрген-ді. Қазақ тақырыбы әдеби кештердегі сұхбаттардың, шығармашылық ізденістердің ортақ желісіне айналып, Пушкин мен оның таныстарының қиялына қанат бітіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nАқынның күрделі тарихи ізденістерге дайындығын атақты орыс тарихшысы П.М. Карамзиннің шығармашылығына берген бағалауынан айқын аңғаруға болады. 1827 жылы бұл жөнінде ол былай деген еді: “Қайталап айтамын, “Ресей мемлекетінің тарихы” — ұлы жазушының туындысы ғана емес, адал адамның ерлігі. Көптеген кісілер өзінің “Тарихын” Карамзин самодержавиелік мемлекетте басып шығарғанын, осындай сенім білдірумен бірге Карамзинге, бар мүмкіндігінше сыпайыгершілік пен шектеуліктің жүктелгендігін ескере бермейді”.\r\n\r\n \r\n\r\nАқын қазақтар туралы біршама мағлұматтарды қамтыған көп томдық бұл еңбектің сыр-сипатын, идеялық бағытын да жете түсінеді.Соның бір дәлелі – “Карамзинге” эпиграммасы.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкиннің үй кітапханасында қазақ жерінің тарихы, табиғаты мен пайдалы кен қазбалары, тұрғындарының кәсібі, әдет-ғұрпы туралы мәліметтерге толы П.С.Палластың, И.Г. Георгидің, И.И. Лепехин, И.П. Фальк, Н.П. Рычков, тағы басқа ғалымдардың еңбектері болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nН.П. Рычков (1746-1784) – Орынбор губерниясына қарасты қазақ даласын шарлап, оның тұрғындарының өмірі және табиғатымен танысқан адам. Ол 1771 жылы мамырда қазақ даласы арқылы Шығысқа қарай жөңкіген қалмақтардың ізіне түскен орыс әскерінің құрамында болады. Қазақ халқы жөніндегі мағлұматтары “Капитан Рычковтың Ресей мемлекетінің түрлі провинциялары бойынша саяхатының журналы немесе күнделігі” деген кітабына енеді. Ақынға керегі Н.П. Рычковтың Е. Пугачев бастаған орыс шаруаларының көтерілісін терең зерттеуі еді. Бірақ оның бұл еңбегі жарияланбай қалады.\r\n\r\n \r\n\r\nПетербург ылым академиясының академигі П.С. Палластың (1741-1811) “1768-1773 жылдардағы Ресей империясының түрлі провинциялары бойынша саяхат” деген неміс тіліндегі кітабында Пушкин қазақтар туралы соны этнографиялық материалдармен, Индер тұзды көлінің маңындағы даланың суреттемесімен кезігеді. Паллас Петербургтен Орынборға келіп, Орал және Гурьев қалаларына сапар шегеді. Бұл жолмен 1833 жылдың күзінде Пушкин де жүріп өтеді. Палластың суреттеуіндегі Жайық пен Еділ аралығындағы кеңістік ақынға қайта ұшырасады.\r\n\r\n \r\n\r\nЛепехиннің (1740-1802) 1768-1771 жылдары жасаған саяхатында қазақтардың тілі, діни нанымдары, тұрмыс тіршілігі туралы айтылып, Нарынқұм, Қамыссамар, Жайық өзенінің оң жағалауындағы басқа да мекендер суреттеледі. Ал академик И.И.Георгидің (1729-1802) “Ресей мемлекетін мекендеуші барлық халықтардың сипаттамасы” деген монографиясы 1776-1777 жылдары төрт том болып, біреуі неміс, үшеуі орыс тілінде басылып шығады. Еңбектің екінші томындағы “Қырғыздар туралы” бөлімінен қазақтардың бет-пішіні, ұлттық киімдері, әдет-ғұрпы жөнінде мағлұматтар алуға болатын еді.\r\n\r\n \r\n\r\nСібірге академиялық экспедицияға қатысқан швед Ф. Страленбергтің “Еуропа мен Азияның солтүстік және шығыс бөліктерінің, әсіресе, Ресей, Сібір және Ұлы Татарияның тарихи-географиялық сипаттамасы” (1730) деген кітабын сатып алуы ақынның Ресей бодандығындағы халықтар өмірін танып-білуге қаншалықты көңіл бөлгендігін көрсетеді. Страленбергтің неміс тілінде шыққан бұл кітабы тез арада ағылшын, француз, испан тілдеріне аударылады. Автор: “Үлкен Татарияда өзбек, түркімен, қырғыздар…, сонымен бірге қарақалпақтар, Қазақ ордасы (Kosachі Hordae) бар, олардың бәрі – мұсылмандар”, деп жазады. Әсіресе Страленбергтің 732-734 жылдар шамасындағы “жұмбақ жазулар” (көне түркі жазулары), Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның ескерткіштері, Ұлытау шыңдарының біріндегі жартастағы суреттер, Ертіс пен Есіл өзендері жазығындағы көне мазарлар туралы хабарлары Пушкин үшін үлкен жаңалық болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкин мәскеулік жазушы А.С. Норовтың (1795-1869) бай кітапханасынан 1681 жылы Амстердамда шыққан голландтық Ян Стрейстің “Московия, Татария, Персия және Индияға саяхат” деген шығармасын, Степан Разин туралы Парижде жарық көрген кітапты алдырып оқиды. 1833 жылы қарашаның орта кезінде Норовқа хат жазып, Ресей тарихы туралы басылымдарды сұратады(Пушкин А.С. Полн. собр. соч. В десяти томах. Изд. четвертое. Т. Х. С. 356)\r\n\r\n \r\n\r\nЯн Стрейс Мәскеуден Астраханьға дейінгі сапары жөнінде жаза келіп, ноғайлардың өмірі, 1669 жылы қыркүйекте Астраханьда Степан Разинмен кездесуі, бұл өңірдегі халықтардың ауыз әдебиеті жөнінде қызықты деректер келтіреді. Өзі естіген “Патша қорғаны” туралы аңыздың қысқаша мазмұнын баяндайды.\r\n\r\n \r\n\r\nМіне, осындай кітаптарды ақын назар аудара отырып оқып, ой-елегінен өткізеді. Оның бір мысалы – Пушкиннің француз астрономы Шапп д’Отроштың “Сібірге саяхат” деген кітабы жөнінде “Современник” журналына мақала жазуға ниеттенуі (Т.8, 103-105=бб.), бірақ бұл жоспары аяқталмаған күйінде қалады.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкин 1814 жылы Галицияда басылып шыққан Антон-Фридрих Бюшингтің “Жаңа тарих пен география жинағы” деген еңбегімен танысып шығады. Ақын назарына шығармадағы Шарль-Луи Лезюрдің “Казактар тарихы” деген мақаласы ілінеді. Е.Пугачевтің Ырғыз даласындағы мекендерге шабуылы жөніндегі баяндаулар Пушкин танымын жергілікті тұрғындарға қырғидай тиіп отырған Жайық казактары туралы кейбір мәліметтермен толықтырады.\r\n\r\n \r\n\r\nАқын өзінің досы, атақты библиограф С.Семевскийдің кітапханасында С.Герберштейннің “Московия істері жөніндегі жазбалар” (Базель, 1551), Дж. Флетчердің “Орыс мемлекеті және осы елдегі тұрғындардың мінезі мен әдет-ғұрпының сипаттамасы жөнінде” (Лондон, 1591) деген кітаптарға назары түседі. Оларда да қазақтардың кәсібі мен орналасуы жөнінде, тіпті тарихшылардың өздеріне белгісіз, мүлдем жаңа мәліметтер кездесетін. Мысалы С. Герберштейннің еңбегінде Қасым хандығы туралы айтылып, бұл мемлекет тұрғындары “қазақ” деп аталатыны, олардың араларындағы әлеуметтік топтар жөніндегі баяндаулар аса құнды мағлұматтар болып табылатын. Басқаша сөзбен айтқанда Пушкин қазақтардың Ресейге бодан болуына дейін көп бұрын өз мемлекетінің болғандығы жөнінде мағлұмат алады.\r\n\r\n \r\n\r\nНемістердің энциклопедист ғалымы А. Гумбольдт (1769-1869) қазақ даласы арқылы Қытай шекарасына дейінгі саяхатынан кейін 1829 жылы Пушкинмен Петербургта кездесіп, Орынборда генерал-губернатордың оның құрметіне ұйымдастырған қазақ әншілері мен жырауларының концертіне қатысқандығын, қазақ даласының тұрғындары туралы әсерін ала келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nАқын замандастарының ішінен әскери топограф, генерал-лейтенант И.Ф.Бларамбергтің (1803-1878), Омбы облысының бастығы С.М Броневскийдің (1786-1858) есімдерін ұшыратамыз. Бірі 1836 жылы Каспий теңізінің шығыс жағалауын зерттесе, екіншісі “Сібір қырғыздары туралы жарғыға” сәйкес “сыртқы округтер” құру үшін қазақ даласына жіберілген әскери экспедицияны басқарады. “Генерал-майор Броневскийдің Орта жүздің қырғыз-қайсақтары туралы жазбалары” деген еңбегі 1830 жылы “Отечественные записки” журналының бірнеше сандарында жарияланады. 1834 жылы жарық көрген “Омбы облысындағы, әсіресе, қырғыздардың арасында тараған түрлі дақылдардың егістігі” деген мақаласы да Пушкинге қазақтардың “таза көшпелі” еместігін білдіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nОрыс ақынының қазақ, өзбек халықтары туралы танымының кеңейе түсуін Ф.А. Бекович-Черкасскийдің (1790-1835) Хиуаға жорығы туралы пікірлерінен байқауға болады. Орыс қызметіндегі кабардалық 1829 жылдың жазында Пушкинмен кездесіп, шығыс өңірлері жөніндегі ой-түсініктерімен бөліседі.\r\n\r\n \r\n\r\nРесей империясының қазақ даласы арқылы Орталық Азияға қарай ұмтылысы да ақын назарынан тыс қалмайды. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарында ол Бас штабтың капитаны Е.К. Мейендорфтың Бұхараға жасаған саяхатының материалдарын парақтап шығады. 1831 жылдан бастап Мейендорфтың өзімен де достық қарым-қатынас орнатады.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкин Петербургтегі “Қасиетті артель” (1817-1818) деп аталатын ұйымға қатысушы В.Д. Вольховский, А.А. Дельвиг, И.И. Пущинмен араласып жүрген уақытында Н.Н. Муравьевпен танысады. Онымен кездесулері жөнінде ақын “Арзрумға саяхат” өлеңінде еске алады. Олардың бірінде Н.Н. Муравьев 1828 жылы жарық көрген “Қырғыз тұтқыны” деген өлеңмен жазылған повесін ақынға табыс етеді.\r\n\r\n \r\n\r\nН.Н.Муравьев 1819 жылы әскери отрядпен дипломатиялық келіссөздер және барлау жүргізу мақсатында Хиуа хандығына жіберіледі. Сол жылы ол Қарақұм арқылы Хиуаға жетеді. 1822 жылы Мәскеуде жарық көрген “1819 және 1820 жылдардағы гвардиялық Бас штабтың капитаны Н.Н. Муравьевтың Түркімения мен Хиуаға жасаған саяхаты” деген еңбегінде бұл өңірлер жөнінде қамтылған деректердің молдығы мен құндылығы соншалық, оны бірден Франция мен Германия бастырып шығарады. Француз тіліндегі нұсқасы Пушкиннің кітапханасынан орын алады. Кітапта Пушкин түркімендер мен қазақтардың материалдық мәдениеті, керуен жолдарындағы құдықтар, Үстірт қазақтарының тұрмысы, олардың арғымақ жылқыларды Қият қаласына әкеліп, хиуалықтарға сататыны туралы жолдарды ұшыратқаны сөзсіз.\r\n\r\n \r\n\r\nАқын 1818-1825 жылдары “Сибирский вестник” журналындағы материалдармен, оны шығарушы Петербург академиясының корреспондент-мүшесі, тарихшы Г.И.Спасскиймен (1774-1864) танысады. 1825 жылы ағасы Лев арқылы Михайловское селосына “Сибирский вестниктің” барлық санын түгел салып жіберуді сұрайды. Ақын өтінішінің орындалғанын оның кітапханасында осы басылымның 1818-1822 және 1824 жылдардағы сандарының болуынан көреміз. Оларда қазақ тақырыптарына мол орын берілген еді. Журналдың Пушкин кітапханасындағы сандарында Г.М.Спасскийдің “Үлкен және Кіші орданың қырғыз-қайсақтары туралы тарихи мәліметтерін” (1820, 9 және 10-бөлімдері), оған қоса “Едіге” жөніндегі аңыз (1820, 10-бөлім, 189-214=б.б.), Сібір мен Қазақ елі хақындағы И.Г. Андреев (1743-1801), Г.С. Бурпашев (1771-1850), М. Поспелов (1813 ж. қаза тапқан), И.П. Шангин (1785-1822), Ф.М. Назаров (1785ж.т.), т.б. авторлардың туындыларын ұшырастыруға болатын еді. Спасский өз еңбегінің кіріспе бөлімінде Бердіқожа туралы аңызды да келтіреді.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкиннің шығармашылық ортасына қатысы бар қазақ тақырыбымен шұғылданып жүрген адамдардың көпшілігі “Сибирский вестникпен” қатар, “Отечественные записки”, “Литературная газета” сияқты Ресей жұртшылығына кеңінен мәлім басылымдармен тығыз байланысты еді. “Отечественные записки” тарихи-филологиялық журналының беттерінде 1818-1830 жылдары жазушы, тарихшы П.П. Свиньиннің (1787-1839) қазақ өлкесі туралы бірнеше мақалалары жарық көреді (Вопросы истории. 1967. № 4. С. 208-212). “Орынбор және оның төңірегінің бейнелері” (1828, 35-бөлім, №99, 33-38-б.б.), “Орта Азияның қырғыз-қайсақтары хақында” (1829, 3-4 том, №26, 342-354-беттер) мақалаларында Орынбор қаласының салыну тарихы, Кіші жүздің Ресей боданына айналуы, қазақтардың қонақжайлылығы, достықты, үлкендерге құрмет көрсетуді қадір тұтатындығы жазылады. Бір қызығы автор қазақтардың орыс бодандығын еріксіз қабылдағанын ескертеді. Ақынның П. Свиньинмен таныстығы оның жер аударылғанынан кейін 1827 жылдың маусымында Петербургке оралған кезімен тұстас келеді. 30-шы жылдары Пушкин Свиньиннің материалдарын зерде қойып оқып шығады. Оған ақын кітапханасындағы деректер анық дәлел.\r\n\r\n \r\n\r\n* * *\r\n\r\nПушкиннің қазақ тақырыбымен шұғылдануы көбіне Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі туралы шығарма жазу жоспарына байланысты еді. Оған қазақтардың отарлық бұғауға бас имей, көтеріліске белсенді қатысқаны да түрткі болады.\r\n\r\n \r\n\r\nБолашақ жұмысына дайындық барысында ақын қазақтар туралы мағлұматтарын толықтыра түседі. Бұл орайда Пушкиннің лицейден бергі досы В.Д.Вольховский (1798-1884) ойға оралады. Ақынның “19 қазан” деген өлеңіндегі “спартандық жанымен бізді баураған” деген жолдар осы Вольховскийге арналған. Лицейді бітіргеннен кейін ол Орынборда қысқа уақытқа тұрақтап, А.Ф. Негри миссиясының құрамына жіберіледі. 400 адамнан тұратын бұл экспедиция Бұхарада болып, қазақтар жөнінде де біршама материалдар жинайды. Жолай керуенді Қызылқұмнан Жаңадария өзеніне дейін Арынғазы Әбілғазыұлы шығарып салады. Экспедиция Орынборға 1824 жылы оралады.\r\n\r\n \r\n\r\n1825 жылдың тамызында Вольховский Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы өңірлерді барлау мақсатында жіберілген Ф.Ф. Бергтің экспедициясына қатысады. Ол Сағыз, Жем өзендері бойында болып, сол маңдағы қазақ руларының орналасуын картаға түсіреді. Онда Жоламан Тіленшіұлының қонысын бөліп көрсетеді. Картада аталған екі өзеннен басқа да, Ойыл, Жақсыбай, Қарабұлақ, Қуағаш, Қарасу өзендері, Тайсойған құмы секілді нысандар белгіленеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЭкспедиция 1826 жылы Сарайшық бекінісіне оралады. Оның жұмысының нәтижелері ретіндегі Вольховскийдің (А. Дельвигпен бірлесіп жазған) “Каспий мен Арал теңіздері аралығындағы қырғыз даласының топографиялық журналы” деген еңбегі дүниеге келеді. Кітаппен Пушкин танысып шығады.\r\n\r\n \r\n\r\nОрыс ақынының Вольховский зерттеулеріне ынтызарлық танытуының себебі бар. Қазақстанның батыс өңірінде ұзақ уақыт бойы жасаған сапарлары барысында Вольховский Пугачевті және ол басқарған көтерілісті көргендердің естелік-әңгімелерін жинастырып, жазып алып отырады.\r\n\r\n \r\n\r\nВольховский 1824 жылы Петербургте балалық шақтағы досымен кездесіп, сыр шертіседі. Зерттеушілер Пушкиннің ойына “Пугачев тарихын” жазу туралы пікір Вольховскиймен осы кездесуінде келген болар” деген болжам айтады.\r\n\r\n \r\n\r\n1834 жылдың аяғында “Пугачев тарихы” жарық көргеннен кейін Пушкин кітапты Вольховскийге жіберіп хат жазады. “Саған “Пугачев бүлігінің тарихы” деген еңбегімді жіберіп отырмын. Мен онда сол кезеңдегі әскери қимылдарды зерттеуге тырыстым және оларды анық баяндау туралы ғана ойладым, бұл маған оңай шаруа болмады… Ол барлығын да салыстыруды, тексеруді керек етті, кітабым туралы сенің пікірің барлық тұрғыдан да маған аса қымбат болар еді”,– делінеді хатта. Бұдан Пушкиннің бір оқиға жөнінде бірнеше деректерді жинастырғанын, олардың танымдық, шындық деңгейін анықтау үшін қаншалықты ыждағаттылық танытқанын көреміз.\r\n\r\n \r\n\r\n“Пугачев тарихының” басты дереккөздерінің бірі П.И. Рычковтың (1712-1777) еңбектері болғаны сөзсіз. Рычков – шаруалар көтерілісінің себептері туралы Пугачевпен жүздесіп, пікірлескен бірден-бір тарихшы ғалым, Орынбор қорғанысының және осыған байланысты көптеген оқиғалардың куәгері. Ол өзінің көріп-білгендері жөнінде, алған әсерлері мен басқа да материалдар негізінде “Орынборды қоршаудың шежіресі” деген еңбек жазып қалдырады. Мұны Пушкин жоғары бағалап, “Пугачев тарихының” екінші бөліміне қосымша ретінде бастырып шығарады.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкиннің кітапханасында Рычковтың “Орынбор тарихы” деген еңбегі де болады. Мұндағы “Қырғыз-қайсақтар немесе қырғыздар” деген тарауда айтылған мағлұматтарды ақын жай қабылдап қана қойған жоқ, сонымен бірге “Пугачев тарихына” берілген ескертуде қазақтар мен қырғыздардың бір-бірінен айырмашылығы жөнінде сөз қозғайды. Басқаша айтқанда Пушкинді қазақ халқының шын атын білген сол кезеңдегі саусақпен санарлық авторлардың бірі деуге болады.\r\n\r\n \r\n\r\n1762 жылы Рычковтың екінші күрделі еңбегі – “Орынбор губерниясының топографиясы” дүниеге келеді. Онда қазақ жерінің Ресейге қосылып алынуы, қазақ-башқұрт, орыс-қазақ қарым-қатынастарының дамуы, кәсібі, діни нанымдары, қазақтардың шаруалар көтерілісіне қатысуы сипатталады. Рычков Ресей ылым академиясына, нақтылап айтқанда, В.Н.Татищев пен Г.Ф. Миллерге қазақтар және Орынбор өлкесі жөніндегі көптеген құжаттар мен қолжазбалардың көшірмелерін тапсырады. Карамзин тәріздес, Рычков та Қадырғали Жалаиридің “Жами ат-тауарих” жұмысымен жете таныс болады, оны қазақтар жөніндегі кейбір баяндауларында пайдаланады.\r\n\r\n \r\n\r\n1833 жылдың шілде айында, яғни Орынборға сапары алдында Пушкин Г.И.Спасскийге хат жазып: “Сізде Пугачев заманына қатысты Рычковтың қолжазбасы бар деп естідім… Соны бірнеше күнге бере тұрсаңыз”, деген өтініш білдіреді.Кейін “Пугачев тарихы” еңбегінің үшінші тарауына берілген ескертуінде кітап қолжазбасының үш нұсқасының барлығы туралы айтады. Бұл орайда ақын тағы да аса зерделілігімен, зерттеушілік қырымен көрінеді.\r\n\r\n \r\n\r\nПушкиннің тарихшы, археолог Миллердің (1705-1783) еңбектері мен оның соңында қалған қолжазбаларына қызығушылық танытуы да түсінікті. Миллер өз заманында барлық таныстары мен байланыстарын пайдалана отырып, Пугачев көтерілісі жөнінде өте құнды материалдар жинастырады. Рычковты айтпағанның өзінде, оған Орынбор губернаторы И.А. Рейнсдорп, князь П.М.Голицын сияқты адамдар көптеген құжаттар, қолжазбалар тапсырады. Нәтижесінде қазіргі кезде Мәскеудегі Көне актілер мұрағатында Миллердің “Пугачев портфелі” деген материалдар құралады (оны қазір “Миллер портфелі” деп атайды). Пушкин міне, осы “портфельді” кеңінен пайдаланады. Демек, ақынға Миллердің “Сібір тарихы” кітабы, “Қазақтардың шығу тегі туралы” мақаласы да белгілі болғанына күмән жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\n“Пугачев тарихында” “біздің тарихымыз туралы өз ізденістерімен және мәліметтерімен белгілі” деген Миллер туралы А.И. Левшиннің сөздері қайталанады. Пушкиннің басқа шығармаларында Миллерге жеті рет сілтеме жасалады.\r\n\r\n \r\n\r\nАқынның аса қадірлеген шығыстанушыларының бірі Н.Я. Бичурин еді. Пушкин онымен 1828 жылдан таныс секілді. Сол жылдың 28 сәуірінде Бичурин “Тибеттің қазіргі жағдайына шолу” кітабын тарту етеді. 1829 жылы “Чжунгария мен Шығыс Түркістанның көне заманғы және қазіргі кездегі жағдайының сипаттамасы” деген қытай тілінен аудармасы жарық көреді. Мұндағы бір бөлім тұтастай қазақтарға арналған. “Пугачев тарихында” (І-тарауында) Бичуриннің “XV ғасырдан бүгінге дейінгі ойраттар немесе қалмақтар жөніндегі тарихи шолу” атты еңбегі пайдаланылады. Ақын оны жоғары бағалап, Бичуриннің “терең білімі мен ыждағатты еңбегі біздің Шығыспен қарым-қатынасымызды тамаша айқындап берді” деп жазады (Т.8, 293-б.). 1830-1831 жылдары Бичурин “Литературная газетаға” мақалалар жазып тұрады. Пушкин “Пугачев тарихына” кірісерде көтеріліске қатысқан башқұрттар мен қалмақтар жөніндегі әдебиеттерді де қамтиды. Ал, олардың өз тарапында қазақтармен күрделі қатынаста болғаны белгілі.\r\n\r\n \r\n\r\nАқын кітапханасындағы Бенджамин Бергманның қалмақтар туралы кітабының француз тіліне аударылған нұсқасы да Пугачев көтерілісінің кейбір қырларымен танысуға мүмкіндік береді (Voyage de Benjamіn Bergman chez la Kalmuks. 1825).\r\n\r\n Пушкиннің тарихшы және этнограф, Ресей Географиялық қоғамын ұйымдастырушылардың бірі А.И. Левшинмен (1799-1879) қарым-қатынасы оқырманға жақсы мәлім. Ақын оның 1823 жылы жарық көрген “Орал казактарына тарихи және статистикалық шолу” туралы жұмысына “Пугачев тарихының” бірінші тарауында: “Автордың басқа да шығармалары іспеттес бұл еңбегі де шынайы ғылымилығы және байсалды сынымен ерекшеленеді”, – деген пікір білдіреді.\r\n\r\n 1827 жылдың ақпан айында ескі танысы В.И. Туманскийге жазған хатында Пушкин Левшиннің “Московский вестник” журналына мақала жазуын сұрайды. Туманский наурыз айында: “Сіз үшін Левшиннің қолжазбасынан қырғыздар туралы тамаша үзінді жіберемін”, деген хабар айтады.. Мақала сол жылы “Қырғыз-қазақ халқының атауы және оның нағыз, немесе жабайы қырғыздан айырмашылығы” деген атпен басылымның 16-санында жарық көреді. 1831 жылы Санкт-Петербургте шығып тұрған “Литературная газетада” Левшиннің “Қырғыз-қайсақтар немесе қырғыз-қазақтар” деген мақаласы беріледі. Ол да Пушкиннің редакциялауымен және ескертулерімен жарияланады. Көптеген деректер ақынның Левшиннің “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы” деген үш бөлімнен тұратын монографиялық зерттеуін назар қоя отырып оқығандығын куәландырады. 1832 жылы жарық көрген бұл еңбек қазақ жерінің тарихы, географиясы және этнографиясына арналады.\r\n\r\n Пушкин жеке зерттеулермен шектеліп қана қойған жоқ, 1833 жылдың жазы ортасына дейін әскери министрлік мұрағатының Петербург пен Мәскеу бөлімшелеріндегі Пугачев көтерілісі туралы құжаттарды әбден сараптап шығады. Тек осыдан кейін ғана Еділ бойы мен Орынбор өлкесіне бару жөнінде шешімге келеді. 22 шілде күні Бенкендорфтың атына жазған өтінішінде Нижегород губерниясы, Қазан мен Орынборға екі-үш айға барып келуге жіберуді сұрайды. Осы сапардың мақсаты жөнінде баспагер Н.И. Греч (1787-1867) өзінің “Парижге хаттар” деген еңбегінде: “Үстіміздегі жылдың (1833) екінші жартысында Пушкин тарихи еңбегіне қажетті мәліметтерді жергілікті жерде жинау үшін Орынборға барды”,– деп жазады. Бұл оның ұлы даланы жиектей жүріп отырып Орынборға, одан қазақ жеріне дендей еніп отырып Оралға соққан атақты сапары еді. Онда не болды, кімдермен жүздесті, бұл енді келесі мақаланың желісі.\r\n\r\n Авторы: Көшім ЕСМАҒАМБЕТОВ, Тарих ғылымдарының докторы, профессор.\r\n\r\n
ОТАРШЫЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНЕ ТИГІЗГЕН КЕРІ ӘСЕРІ
\r\n\r\n ОТАРШЫЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІНЕ \r\n\r\nТИГІЗГЕН КЕРІ ӘСЕРІ \r\n\r\n(Профессор Ә.Б Тұрсынбаевтың зерттеулері негізінде)\r\n\r\n \r\n\r\nБ.Қ . Таңатаров\r\n\r\nТараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.\r\n\r\n \r\n\r\n“Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде. \r\n\r\n Қандай да болмасын мемлекет сыртқы басқыншылыққа қарсы күрес пен ұлттық тәуелсіздік және әлеуметтік теңдік үшін күрес үстінде қалыптасып, жетіледі. Кеңес дәуірінде қалыптасқан сыңаржақ ұғымдар бізге осы түркі әлемінің тарихи шындығын мойындатпайтын еді. Себебі, халықтың ұлттық тәуелсіздік үшін күресін, отарлау басқыншылығына қарсы наразылықтарын, ұлтшылдықтың тар шеңберіне тығып, тарихи фактілер жайында теріс қорытындылар жасауға тырыстық. Соның арқасында, өз еркімізбен отар болуға құлшынған ел болып көріндік. В.Лениннің сөзімен айтқанда жабайы, жартылай жабайы, қазақ халқы ұлы орыс халқының көмегімен ғана ел болып, көшпелі тұрмыстан отыршылыққа ауысты, орыс мұжығынан жер өңдеп, егін салуды үйрендік, бұрын екі пайызы ғана хат танитын халық Ұлы Қазан төңкерісінен соң ғана жазу мәдениетіне ие болды. Осындай жалған тұжырымдар бүкіл түрік әлеміне қалай ықпал еткенін бүгін әркім- ақ көріп отыр. Яғни отаршылдықтың негізгі мәселелеріне қатысты сыңаржақ тұжырымдар жасауға әкеліп соқтырады. Осы проблеманың өзекті мәселелерін шынайы зерттеуге тырысқан ғалымдар қуғын — сүргінге ұшырады, тарихи зерттеулердегі жаттанды біржақтылық тарихшыларға өз көзқарастарын ашып айтуға мүмкіндік бермеді. \r\n\r\n Қазір егеменді ел болған кезімізде, сол бұрмаланып келген оқиғалардың ақиқатын анықтап, тарихи шындықты қалпына келтіретін мезгіл жетті . ХХ ғасырдың басында саяси, экономикалық зор мәні бар жер және қоныстандыру мәселерін ұлттық интелегенция өкілдері: М. Дулатов, С. Асфендияров, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Тынышбаев т.б. толғандырған ең өзекті мәселелердің бірі болды. Олар шаруалар отарлауына ұлттық мүлде тұрғысынан қарап, орыс мұжықтарының қазақ жеріне қоныстануы жергілікті халықты қайғылы зардаптарға ұшыратқанын батыл айыптады. \r\n\r\n Түркі өркениетінің дамуына өлшеусіз зор үлес қосқан Қазақстан, қазақ халқы, қазақ жері дейтін болсақ, сол қазақ халқы патшалық отарлау саясаты мен коммунистік үстемдік кезіндегі қоғамдық және ғылыми өмірден шектен тыс идеологияландырылуы қазақ халқының түркі өркениетіне қосар үлесіне кері әсерін тигізді.\r\n\r\nОл әсіресе қазақ жерін орыс шаруаларының отарлауы және оның қазақ қоғамына тигізген ауыр зардаптарынан көрінді . Кең байтақ туған жері дәстүрлі шаруашылығының негізі және тіршілігінің көзі болып табылған қазақтың «жер дауы жесір дауы» деген қанатты сөздеріне жер дауының бірінші аталуы тегін емес еді. Өйткені «кіндік қаным тамған» деп ата жұртын аса қастерлеген халқымыз үшін жер мәселесі көкеикесті мәселе болып табылды. Патша өкіметінің отарлау саясатының нәтижесінде қазақ халқы жарамсыз аймақтарға ығыстырылды, соның салдарынан кедеиленді аштыққа ұшырады, тіпті қырылып жатты. Ол турасында алаш қайраткерлерінің бірі М. Дулатовтың өзінің жер мәселесіне арнаған мақаласындағы «қазақ жері патша мүлкі саналып, сол себепті милиондаған жерсіз мұжықты өкіметтің қазақ жеріне қондыруы, бұл тілеусіз қонақтап келе бастағаннан бері жер тарылып, ата мекеннен ірге қозғалып қазақтың шаруасының күйзелуі, он бес, жиырма жылдан бері бүл көшпелі мұжықтардың келіп бітіуінің ұшы көрінбей бұлай болғанда да енді аз жылда қазақ халқы ең жаман жерге сорлап қалып ақырында пақырлыққа жетуі ықтимал « /1/деген сөздері расталған болатын .\r\n\r\n Шаруаларды қазақ даласына орналастыру Ресей империясының тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси мүлдесімен де астасып жатты. Патшалық әкімшілік қоныстанушы мұжықтарды өзінің өлкедегі отарлық саясатын жүзеге асырудағы саяси-әлеуметтік тірегіне айналдыру мақсатын қойды. Яғни, шаруалар отарлауы арқылы патша үкіметі жаулап алынған аймақтарға берік табан тіреуді көздеді.\r\n\r\n Осы мәселені зерттеушілердің бірі ғалым тарихшы Ә.Б. Тұрсынбаев өз еңбектерінде қоныстандыру саясатының себептерін, мақсатымен барысын және нәтижелерін талдап отандық тарих ғылымына салмақты үлес қосты ол патша үкіметінің қоныстандыру саясатының реакциялық сипатын ашып көрсетті. Автор қазақ халқының ата-қонысының тарылып жерінің келімсектерге күшпен үлестірілуі, соның салдарынан қазақтардың кедеиленіп, қырылуы қоныстандыру саясатының нәтижесі екендігін және бұл жағдайлар революцияға дейінгі кезеңдерде одан әрі жалғасуын ашып көрсетті. Патшалық министрлер кеңесінің мәжілісінде «Амереканы отарлау барысында жергілікті халықтарға қатысты қандай саясат жүргізелсе қазақтардың жерін тартып алу кезінде де сондай әрекет жасалу керек деген пікір айтылған. Ал өзен көлдер бойындағы, орманды жерлердің тартып алынуы, қазақтарды құмды, шөлді жерлерге кетуге мәжбүр етті. Бұл жағдай жергілікті халықтың дәстүрлі шаруашылығын бұзып, ата қонысын қазақтар арасында жер тартысын, ру аралық өшпенділікті тудырды. Рулар арасындағы өшпенділіктің шиеленісуі қазақ қоғамының бөлшектенуіне апарып соғатыны белгілі. Мұның бәрі , әккі патшалықтың түпкі отарлық «бөліп алда билер бер» пиғылымен астасып жатқан болатын. Тарихшы Ә.Б Тұрсынбаев өз зерттеуінде қоныстандыру барысын 1) Сібір темір жолына салуға дейін : 2) Сібір темір жолы комитетін құрғаннан кеиінгі қоныстандыру қозғалыс.\r\n\r\n Столыпиндік реакция кезіндегі қоныстандыру қозғалысы кезеңдеріне бөлді. Тарихшы ғалым аталған зерттеуінде қоныстандыру саясатының кезеңдерін бір жерге жинақтап көрсетпесе де, оның мақсатын, сипатын, себептерін, барысын шартты түрде жоғарыдағыдай кезеңдерге бөлу арқылы көрсеткен (2). \r\n\r\n Ал тарихшы Е. Бекмаханов бұл саясатты шартты түрде екі кезеңге бөліп қарастырады 1) 1870-1889 жылдар 2) 1890-1897 жылдар. Патша үкіметі отаршылдық саясаты арқылы қоғамдық өмірінің әр саласына өзінің кері әсерін тигізді. Яғни қазақ халқының атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық дәстүрі мен рухани байлығының түбіне балта шауып, экономикалық құрылымының күизелуіне рухани бастауларының құлдырауына алып келді. Ә.Б Тұрсынбаев шаруалар отарлауы біржағынан патша өкіметінің әлеуметтік саяси тірегін күшейтуге, екінші жағынан қазақ жерінің орасан зор байлығын тартып алуға негіз болды. Шаруалар отарлауының барысында қазақтардың тарихи қалыптасқан шаруашылығы күйзелді, мал шаруашылығы дағдарысқа ұшырады, мешіттері орыс қоныстарының арасында қалды, ата-бабасының бейіттері тапталды, халықтың тілі мен діні жойылып соның негізінде қазақтарды орыстандырып шоқындыру мақсатымен орыс шаруаларын қазақтармен араластыра орналастырды. \r\n\r\n Сөйтіп шаруалар отарлауы, қазақтардың әлеуметтік – экономикалық рухани мүделерін тәрік етті деп жазды. (3) Осылайша қазақ даласындағы өзінің саяси билігімен тірегін нығайтқан патшалық Ресей түркі өркениетінің бір тірегі Орта Азия территориясын жаулап алу плацдарымына айналдыра алатынын жақсы түсінді. \r\n\r\n Патша үкіметінің қазақ халқына қатысты осындай саясатын М. Тынышпаев үкіметтің нені көздеп отырғаны түсінікті; біріншіден, жабайы және тағылық қуғын –сүргіндер және тілді, әдет –ғұрыпты барлық өзіндік ерекшелікті қыспақа алу арқылы қазақтарды дербес ұлт ретінде жою және бүкіл өлкені орыстандыру; екіншіден, түрлі әкімшілік шаралар, пәрмендер мен ережелер күші мен қазақтарды құқсыз, қауқарсыз, заңсыз тобырға айналдыру, үшіншіден, оларды қаны төгіліп, сүйегі шашылған ата қоныс жерлерінен айыру және қара дүз, қудалаға ажал апанына айдау қандай қанқұйлы зымиян мақсат деп айыптады (5) \r\n\r\n Ойымызды қортындыласақ , патша үкіметі өзінің қоныстандыру саясаты арқылы, біріншіден, Ресейдегі жер шиеленісін қазақ жеріне орыс мұжықтарын қоныстандыру арқылы шешу, екіншіден, көшіп келген орыс шаруаларын өзінің әлеуметтік –саяси тірегіне айналдыру, үшіншіден, қазақ жерлерін Орта Азия бағытындағы өзінің стратегиялык мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы плацдарм ету, төртіншіден өлкенің жер байлығын тонау, елді өзінің шикізат көзіне айналдыру, бесіншіден , орыстар санын арттыру, сөйтіп, жергілікті халқты орыстандыру, алтыншыдан, осы шараларды пайдаланып , қазақ халқының саяси бірлігі мен тұтастығына жол бермеу және қазақ елін Ресейдің түпкілікті отарына айналдыру мақсатын көздеді.\r\n\r\n Пайдаланған әдебиеттер:\r\n\r\n Дулатов М. Шығармалары . Алматы . Жазушы, 1991. 381 б\r\n
- \r\n
- Тұрсынбаев Ә. Б . Из историй крестьянского переселения в Казахстан. Алма-Ата. Изд. 3. Ан Каз ССР, 1950 54 стр
- Бұл да сонда 60 б.
- Бұл да сонда 64 б.
- Бекмаханов Е. Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40 жылдарында.Алматы. 1993.
- Байтұрсынов А. Ақжол. Алматы жалын 1991. 464 б.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n
Термохимия. Термохимияның негізгі мақсаты
\r\n\r\nТермохимияның негізгі мақсаты\r\n\r\n Термохимия – химиялық динамиканың бөлімі, ол химмиялық реакциялардың жылу эффектісін және реакцияның жүру барысындағы элементтердің физико-химиялық параметрлеріне тәуелділігін қарастырады. Сонымен қатар термохимия мақсатына жылудың фазалық өтулер, ерулер, қосылу, тағы басқа процестер, жылу сыйымдылықты меңгеру және заттардың энтальпиясы мен энтропиясы кіреді. Термохимияның негізгі тәсілі – калориметрия болып табылады. Кей жағдайларда калориметриялық емес те тәсілдер (тепе-теңдік константасын өлшеу нәтижелерінен жылу эффектілерін санау) қолданылады, алайда бұл жағдайларда нәтижелер онша дәл болмайды.\r\n\r\n 1840 жылы Гесс атты химик тамаша заң ашты, кейіннен осы заңға оның аты беріліп, бұл заң реакцияның жылу эффектісін, заттардың түзілу жылулығын немесе олардың жануын есептеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тузілуі қиын, ал кейде мүлде мүмкін емес реакцияның жылу эффектісін табуға жол ашты. Есептеуге қажетті стандартты жылу түзілулер DНтүзо фундаменталды термохимиялық анықтамаларда жиылған.\r\n\r\n ХІХ ғасылдың ортасында Томсон және Бертло ой тұжырымдады, олардың айтуы бойынша, энергиясыз болып жатқын химиялық реакциялар максималды жылу бөлінген жаққа ағады. Олармен және олардың шәкірттерімен термохимияның негізгі эксперименталдық тәсілдері жасалды және көптеген реакциялардың жылу эффектілері өлшенді.\r\n\r\n Жалпы алғанда Бертло-Томсеннің мәлімдемелері шындыққа сай болмады, бірақ термохимияда белгілі бір шартта химиялық реакциялардың ағу мүмкіндігін зерттеу маңызы сақталды. Сонымен, DН-ТDS=-RTlnKp – термодинамиканың бірінші және екінші бастамасының жалпы теңдеуі болып табылып (DН – энтальпия өзгеруі, DS – химиялық реакция кезіндегі энтропияның өзгеруі, Т – температура, R – газ тұрақтысы), кез-келген реакцияның тепе-теңдік констартасын Кр жылулық өлшемдер арқылы есептеуге мүмкіндік береді.\r\n\r\n Энтальпия өзгеруін (жылу эффект) лабораторияда оңай есептеуге болады. Мұны көбіне реакция шекарасын қоршап жасайды: бұл кезде энергия алмасу жүзеге асады. Егер реакция экзотермиялық болса, онда су қызады, ал егер эндотермиялық болса, онда суиды. Егер судың температура өзгеруін өлшесе және су массасы мен оның меншікті жылу сыйымдылығы белгілі болса, бұл жағдайдахимиялық реакция кезінде жұтқан немесе бөліп шығарған энергия мөлшерін табуға болады.\r\n\r\n Басқа тәсілдер мен өлшеулерге қарағанда 1-суретте көрсетілген қондырғы көмегімен DН-тың нақты шамасын алуға болады. Бұл қондырғы – калориметрлік бомба деп аталады және заттардың жану жылуын өлшеуге арналған.\r\n\r\n Кейбір реакциялармен DН өлшеуге болады. Мысал ретінде метанның жану реакциясын алуға болады. Бұл реакцияның DН қарапайым асүйлік жабдық пен газ плитасын қолданып табуға болады.\r\n\r\n Ал басқа реакцияларға мұны орындау қиынға түседі. Мысалға, СаСО3 түзілу (еру) реакциясына 8000С-дан артық температура қажет. Бұл жағдайда берілген энергияны табу үшін суды қолдану қиынға түседі.бұл жағдайларда энтальпияның өзгеруін табу жанама жүріп, энтальпиялық циклдер қолданылуымен жүзеге асады.\r\n\r\n Жоғарыда айтылғандай, калориметрия реакцияның жылу эффектісін анықтауға, соның ішінде ол тұздардың еру жылуын немесе басқа қосылыстардың суда, не басқа еріткіштерде еруін анықтау үшін пайдаланылады. Бұл термохимияның ең қызықты мақсаты болып табылады, өйткені тұз еріген кездегі бөлінген жылу заттарды қыздыру немесе суыту үшін пайдаланылады.\r\n\r\n \r\n\r\nРеакцияның жылу эффектісін немен белгілейді?\r\n\r\nАйта келе, реакцияның жылу эффектісінің өэгеруі қалай анықталады.\r\n\r\nЕрітінділердің түзілу процесі молекулярлы деңгейде келесі түрде байқауға болады. Әрбір таза заттың молекулалар тобы алдымен мына түрде орналасуы керек: молекулалар бір-бірінен ерітіндінің соңғы концентрациясына сәйкестендіріліп алшақтатылуы қажет (мысалы, метанолдың судағы ерітіндісінде метанол молекулалары бір-бірінен өте алшақ орналасқан, ал су молекулалары таза судағыдай жақын орналасады). Келесіде алшақтатылған молекулалар жүйесі соңғы тығыздықты ерітінді түзілетіндей жақындатылуы керек. Біріншіден бөлшектер бөлектенуі үшін индивидуалды заттар энергия жұтуы қажет; алайда «алшақтатылған» жүйелер бөлшектері жақындап, ерітінді түзген кезде энергия бөлінеді. Бөлшектердің орын ауыстыруы жүйенің статистикалық «кездейсоқтығын» ұлғайтады және энтропияның ұлғаюымен қатар жүреді.\r\n\r\nЕру процесіне Гиббс энергиясының кері әсермен өзіндік ағу нәтижесінде еріткіш бөлшектерінің және ерітіндінің араласуына тән қасиет.\r\n\r\nЕрітінділердің түзілуінің негізгі айырмашылықтары энергияның бөлінуі мен жұтылуында және бөлшекаралық орындардың өзгеруіне байланысты болып келеді. DН өлшемдері еру процесінде бір-бірінен ерекшеленеді. Бөлшектердің айырылуына кеткен энергия көлемінен жылжуға кеткен энергия көлемі артық болып келген жағдайда, ерітінділердің түзілуі – экзотермиялық процесс болып есептеледі. Егер де бөлшектердің орын ауыстыруына қарағанда айырылуына көбірек энергия қоры жұмсалса, онда бұл еру процесі – эндотермиялық процесс (энтальпия өзгерісі болады) болып есептеледі. Айталық, энтальпиялық функция Гиббс энергиясына DG=DH-TDS өзгеріс әкелсе, онда арнайы эндотермиялық процесс үшін шекті еруді күтсе болады; бұл шынында да термодинамикалық өлшемдермен расталады. Бірақ молекулярлы деңгейде эндотермияның жүрісінің еру процесінде әртектес бөлшектермен салыстырғанда таза сұйықтықтағы біртектес бөлшектер бір-бірін күштірек тартады делінген. Осыдан келе, әртектес бөлшектердің жылжуына кеткен энергияға қарағанда біртектес бөлшектердің бөлінуіне көбірек энергия жұмсалуы қажет.\r\n\r\nЖоғарыда келтірілген мысалдар жобалап алынған, бірақ шындығында ерітінділердің көрсететін қасиеттері тым күрделірек. Мысалы, ақырғы ерітінді кездейсоқ реттелген бөлшектерден тұратын жүйе, мұны қарастырғанда ерітіндіде реттелген структура болуының мүмкін екенін аңғармаған. Егер ерітіндінің пайда болуына реттелген структура бар болуы әсер етсе, онда энтропия өзгеруінің мәні анализденбейтін аз оң шама.\r\n\r\nЕрітіндінің түзілуі химиялық компоненттерінің потенциалдары ерітіндіге өту кезінде азайғанға дейін жүреді. Бөлшектердің тартылу есебінен энергиялық эффектілер және бөлшектердің орын ауыстыру нәтижесінде, еру процесінде химиялық потенциалының төмендеуімен түсіндіріледі. Егер де біртекті бөлшектердің тартылу энергиясы әртекті бөлшектерге қарағанда көбірек болса, онда химиялық потенциалдың төмендеуі өте сұйытылған ерітіндіге ғана көп, ал содан соң ол білінбей кетеді. Сол кезде екі заттың ортақ жоғары немесе төмен ерігіштікке тәуелділігін айтса болады; бұл үшін тек қана біртекті бөлшектердің тартылу деңгейін білу қажет.\r\n\r\nБулану жылуы өте ыңғайлы, әрі жеткілікті тартылу энергиясы болып қызмет етеді, алайда басқа факторларды естен шығанмаған жөн, мысалы: молекула өлшемдері және бөлшектердің спецификалық әсерлесуі. Жалпы алғанда, екі компоненттің еруі шекті болады, егер екеуінің біреуінде булану жылуы көп үлкен мінге ие болса.\r\n\r\nЕкі ерітіндінің араласуында ерудің бүкіл, мүмкін болғанынша, градиялары байқалады: бір-бірімен мүлде араласпауынан (мысалы, сынап және су) бастап, біртекті ерітінді түзілгенге дейін кез-келген жағдайда араласуы (мысалы, этанол және су). Еруі шектеулі қоспалар аралық орын алады. Сұйықтық қоспалар А және В (мысалы, анилин және су) шайқағаннан кейін екі аралыққа бөлінеді: қаныққан ерітінді А В-да және қанықпаған ерітінді В А-да. Алайда А және В компоненттері біртекті қоспа түзілуі үшін белгілі температура және құрам облыстары болуы мүмкін.\r\n\r\n \r\n\r\nТермохимиялық өлшеулер\r\n\r\n Ерітінділердің қасиеттері әр түрлі болғандықтан, олар термодинамикалық қасиеттеріне қарай жіктеледі. Бұл көзқарастан идеал және идеал емес ерітінділерді бөледі. Көпшілік физико-химиялық өлшеулер үшін процеске түсетін заттың жылусыйымдылығын, сонымен қатар еру процесінің жылу эффектілерін, фазалық ауысуын және химиялық реакцияларды білу қажет. Бөлме температурасына (20-500С) жуық температура кезінде калориметриялық әдіс кеңінен пайдаланылады.\r\n\r\n Калориметриялық әдіс кезінде жылу эффектінің Q белгісі мен мөлшерін калориметр температурасын Dt өлшеу арқылы анықтайды:\r\n\r\nQ=(∑mici)Dt=cwDt\r\n\r\n мұнда, mi – зерттелетін заттың массасы, калориметр және қасымша тетіктер (араластырғаш, ампула, термометр); ci – зеттелетін заттың меншікті жылу сыйымдылығы; cw — калориметриялық жүйенің суммалық жылу сыйымдылығы.\r\n\r\n 1-теңдеу былай жазылуы мүмкін\r\n\r\nQ=(K+m1c1)Dt\r\n\r\n мұнда, К – калориметр тұрақтысы, яғни жылуалмасуға қатысатын көмекші тетіктер мен калориметр бөлшектерінің жылу сыйымдылығы, Дж/К; с1 – калориметр құрамының жылу сыйымдылығы; Dt – калориметр мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу жоқ кездегі процесс температурасының өзгеруі.\r\n\r\n Изотермиялық қабаты (диатермиялық) бар калориметр ортамен жылу алмасуын аңғартып, температура өзгеруін Dt есептеуге мүмкіндік береді.\r\n\r\n Жылу сыйымдылық С жүйесін dQ/dT шығарушысы деп атайды. Газ бен сұйықтық жылу сыйымдылықтары температураға тәуелді, ал қатты заттардікі орта және жоғары температураларға тәуелді емес.\r\n\r\n Біртекті дененің орташа жылу сыйымдылығын келтірілген жылудың температура көтерілуіне қатынасын айтады:\r\n\r\n<C>=Q / (T2-T1)=Q-DT\r\n\r\n Орташа жылу сыйымдылық <C> температуралар интервалына (Т2-Т1) тәуелді. Нағыз және орташа жылу сыйымдылық арасындағы тәуелділік мына теңдікпен беріледі:\r\n\r\n <C>=òCdT / (T2-T1)\r\n\r\n DT ≤ 50 болған жағдайда жетілдірілген калориметр (дәлдік есептеуі 0,005%) көмегімен нағыз және орташа жылу сыйымдылығын айыра алмаймыз. Сондықтан, калориметриялық температураның өзгеруін 2-30 болған жағдайда, оны нағыз деп санайды және (Т2-Т1)/2 температураға жатқызады. Біртекті дененің жылу сыйымдылығы оның массасына тәуелді\r\n\r\nС=cm немесе <C>=<c>m\r\n\r\n мұнда, <c> – заттың меншікті жылу сыйымдылығы, m – зат массасы. Егер масса молярлы немесе атом массасына тең болса, онда жылу сыйымдылық молярлы немесе атомдықпен сәйкестендіріледі. Егер тәжірибе кезінде калориметриялық жүйеде қысым тұрақты болса, онда тұрақты қысым кезінде процестің жылу эффектісі Qp, ал жылу сыйымдылық Cp болады. Термохимиялық өзгеру кезінде жылу бөлумен жүретін процестерге оң таңба қойылады. Жүйелік жылу кезінде энтальпиясы жоғалады. Осыдан Qp=-DH шығады. Егер есептеулерде жылу эффект Q немесе q болып белгіленсе, бұл жағдайда термохимиялық таңба жүйесін қолдану керек.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКалориметриялық қондырғы\r\n\r\n(диатермиялық калориметрия)\r\n\r\n Калориметриялық қондырғылар ауа термостатынан және оған салынған калориметрден тұрады. Термостат шыны әйнекпен қоршалған қорап тәріздес және оның ішіне жылытқыш, вентилятор, термохимиялық және контакттық термометрлер орнатылған. Жылытқыш орнында аз жылу инерциясы бар электр шамы қолданылады. Қораптағы температура ±0,0020 дейін ұсталып тұрады.\r\n\r\n Қораптағы ауа калориметрдің изотермиялық қабаты ретінде жүреді.\r\n\r\n Калориметр калориметриялық ыдыстан (полиэтилендік стакан) тұрады. Қақпақтағы тесік арқылы араластырғыш, Бекман термометрі, электр қыздырғыш және зерттелетін зат бар ампула орналасады. Қораптағы жоғары-төмен қозғалатын жылжымалы үстел үстіне калориметр орналасады. Электр жылытқыш тоқ көзіне стабилизатор және трансформатор арқылы жалғасады. Винтелятор және араластырғыштың айналу жылдамдығын автотрансформатор арқылы реттеледі. Электр жылытқыш қуаты реостатпен реттеледі. Уақыт санау 30 с. сайын дыбыс шығарып отыратын дыбыстың сигнализатор көмегімен іске асады. Калориметрлік тәжірибеде процестің жылу тепе-теңдігі мына теңдік арқылы беріледі\r\n\r\nQ=(∑ mici)Dt’+q\r\n\r\n мұнда,q – калориметриялық тәжірибе кезіндегі калориметрдің қоршаған ортамен жылу алмасуы.\r\n\r\n Егер зерттеліп жатқан процесс және калориметрдегі температураны түзеу бір сәтте жүріп отырса, онда жылу алмасу 0-ге тең болады (q=0). Іс жүзінде процесс жүруі және температураның түзелуіне уақыт керек, бұл уақытта калориметр кейбір белгілі мөлшерде жылуды q ортадан алады немесе береді. q мөлшерін есепке алмайды, бірақ калориметрдегі тәжірибені алған нәтижелерді қолданып, температураның өзгеруін Dt есептейтіндей қылып жасайды. Калориметриялық тәжірибе жылу тепе-теңдігіне жақын кезде, температураның білінбес айырымында бастау керек (0,04 град/мин аспаса). Бұл шартты қораптағы ауа температурасы 1-20 кіші болғандағы араластырғыш жұмыс істеп тұрғанда және калориметрлік температура орналастырғанда орындауға болады. Мұндай температура айырмашылығында жылу келу жылдамдығы ауадан берілетін жылуға тең болып, калориметрдегі жүйелік тепе-теңдігін сақтайды. Егер зерттеліп жатқан процесте жылу бөліне байқалса, онда бастапқы кезде калориметр температурасы көбеюі керек. Егер процесте жылу жұтылса, онда калориметр температурасы төмендеуі тиіс. Тұрақты температураның өзгеру жылдамдығын Бекман термометрі 30 с. сайын 10-12 санау жасайды. Калориметриялық тәжірибенің бастапқы периодында процестің жылу эффектісін анықтайды. Бекман термометрімен температураны үздіксіз сол уақыт аралығында өлшеп отырады. Жылуды жұту немесе шығару кезінде процесте температура күрт өзгереді. Бұл – калориметриялық тәжірибенің басты кезеңі. Басты кезең аяқталғаннан кейін температура тепе-теңдік жағдайға келеді және ол калориметриялық тәжірибенің соңғы кезегі, бұл кезде Бекман термометрімен 12-15 санау жасалады.\r\n\r\n \r\n\r\nDt есептеу\r\n\r\n 3-суретте дұрыс қойылған калориметриялық тәжірибе кезінде экзотермиялық эффекттің өзгеруінің температуралық қисығы көрсетілген. Dt мөлшерін жылу алмасуды қосып, аналитикалық немесе графикалық тәсілмен есептеуге болады.\r\n\r\n Графикалық тәсілде Dt тапқанда миллиметрлік қағазда абциса өсіне масштабы 1 мин = 1 см., ординатаға температура қойылады және масштаб таңдау Dt үлкендігіне байланысты. Dt≤10 болғанда 10=10 см.; Dt≥10 болғанда 10=5 см. Графикке барлық нүктелер қойылғаннан кейін АВСD қисығы шығады. АВ кесіндісі бастапқы периоды деп аталады, ВС басты, ал СD соңғы деп аталады. Басты периодта және жылу алмасумен айырылмаған температура өзгерісі Dt АВ және СD сызығын ЕF түзуімен қиылысқанша созады. Бұл үшін басты периодтың бастапқы және соңғы температураларына сәйкес келетін m және n нүктелерін орналастырады. mn кесіндісінің ортасынан KP түзуін жүргізеді. EF кесіндісі Dt тең болады. mn кесіндісі Dt’-қа тең. Бастапқы және соңғы периодта температура жүрісі аз болған сайын, жылу алмасуды жоғалту аз болмақ және Dt’ Dt-ға жақынырақ орналасады. Егер араластырғыштың жұмыс істеп тұрған жағдайында температуралық жүріс 0-ге тең болса, онда бұл жағдай Dt-ға сәйкес сәйкестендіріледі. ВС сызығының қасиеті жылу процесінің жүрісіне тәуелді (мысалы, араластырудан), ал АВ және CD сызықтарының еңкеюі ортамен жылу алмасуға тәуелді. Бұл жағдайда АВСD қисығына қарай отырып, тәжірибенің қаншама сапалы және дұрыс жүргенін аңғарса болады.\r\n\r\n Ортамен жылу алмасу түзетулері дәл мән бермейтіндіктен q мәнін qр мәнімен салыстырғанда кіші қылып алуымыз керек. Біз бұған қол жеткіземіз, егер тәжірибе кезінде жылу тепе-теңдік жүйенің ауытқуы көп болмаса және m<tтең<n қатынасымен қарастырылады. Берілген шарт орындалады, егер де бастапқы және соңғы периодтардағы температуралар жүрісі қарама-қарсы таңбалармен берілсе, ал бастапқы периодта соңғы периодпен салыстырғанда абсолют үлкендігінен температуралар жүрісі үлкенірек болуы керек. Dt кіші болған сайын бастапқы және соңғы периодтарда температуралық жүріс соған сәйкес аз болуы тиіс.\r\n\r\n \r\n\r\nКалориметриялық тәжірибелер нәтижелерінің \r\n\r\nнегізгі қателіктері\r\n\r\n Жұмыс қарапайым қондырғыда орындалады, калориметриялық тәжірибені өте қатаң және дұрыс таңдап алынған жағдайларда қателік ±1% болатындай нәтиже алуға мүмкіндік береді. Нәтижелерді дәл есептейтін басты факторлар Dt қателіктері болмақ, себебі өлшеу қателіктері проценттің 1/100 аспайды. Калориметрлік қондырғыда температура Бекман термометрімен өлшейді, оның дәл өлшеу мүмкіндігі — ±0,005, сондықтан Dt өлшеудің қателігі бар болғаны – ±0,010. Температураны дәл өлшемегендіктен нәтижеге салыстырмалы қателікті еңгізеді және Dtсқ деп белгілейді. Бекман термометрімен өлшеудің дәл көрсеткіші және Dt@10 қателік Dtсқ 1% құрайды, Dt=0,10 болғанда, ол +10% тең.\r\n\r\n \r\n\r\nТұз еруінің меншікті интегралды жылуы\r\n\r\n Жұмыста жүйенің суммалық жылу сыйымдылығын және тұз еруінің меншікті интегралды жылулығын табу қажет.\r\n\r\n Сұйықтықта қатты дененің еруімен жүретін және 1 г. еритін затқа теңестірілген жылу эффектісін ерудің меншікті жылуы деп атайды. 1 моль еритін затқа теңестірілген жылу эффектісін – ерудің молярлы жылуы деп атайды. Еру жылуы ерітінді концентрациясына тәуелді.\r\n\r\nЖұмысты орындау реті.\r\n
- \r\n
- Зерттелетін заттың еру кезіндегі температура өзгеруі Dt мен басты периодтың ұзақтығын Dt анықтау.Гарфикалық температура өзгеруін tеру және бас период ұзақтығын Dt анықтау
- Калориметр стаканына 200 мл су құямыз. Техникалық таразыда 2г ұнтақталған зерттелетін затты өлшеп алып, аналитикалық таразыда өлшенген ампулаға салып қайтадан өлшеу керек. Термостат қақпағына ампуланы бекітіп суға түсіреміз. 11 дейін есептеп ампуланы жарамыз және әрбір 30с сайын температураны өлшеп тұру қажет. Эндотермиялық процесс кезінде температура бірінші ретте күрт төмендейді (бас период), одан кейін жүйенің орташа t0-на жеткенше дейін біртіндеп өседі. Температураның біртіндеп өсу кезінен бастап калориметрлік тәжірибенің бас периоды бітіп, соңғы периоды басталады.
- Жүйенің жалпы жылу сыйымдылығын анықтау. Калориметрдегі температура өзгеруі Dtэ жылытқыштан өткен тоқ күшіне тәуелді. Тоқ күшін анықтау үшін Dtэ=Dtері ерітіндіге түсірілген жылытқыштан І1>1, І2>2, І3>3А тоқ күштерін t=Dt уақытта өткізу арқылы 3 тәжірибе орындау керек. Dtэ=f(I) графигін құрып, Dtэ=Dt кездегі тоқ күшін интерполяциялап табу.
- Калориметрлік жүйенің жалпы жылу сыйымдылығы тәжірибенің өту ортасына тәуелді, сондықтан жылу сыйымдылық тәжірибенің өту ортасына жуық ортада анықтау керек, яғни тұздың еруі кезінде ең маңыздысы тәжірибеде де бірдей период ұзақтығына Dt және абсолют мәніне Dt жету.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы
\r\n\r\nСығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы\r\n\r\n \r\n\r\nБүгінгі күнге дейін «Көшпенділер отырықшы өркениет жасамаған, сондықтан олар мемлекеттілік деңгейіне көтеріле алмаған» деп қарайтын сыңыржақ пікірдің сеңі бұзылмай отыр. Әттеген-ай дейтін бір жағдай мұндай пікірді қолдаушылар европалықтар былай тұрсын, отандық тарихшыларымыздың арасында да кездеседі.\r\n\r\nКөшпенділік ол тек экзотика емес, ол адамдардың өмір сүріп отырған төл табиғаты, жер-суы, ауа-райы, тұрмыс салтына орай көк тәңірінің адамзатқа берген сыйы, өркениеттің ерекше құбылысы. Кезінде «Көшпенділерді малы мен бірге өріп, бірге жусаған қауым» деп таныған немістің таңдаулы философтары Ф. Гегель және И. Кант табиғатпен тайталасып өмір сүрген қауымға европалық сырт көзбен сүзе қарамай көшпенді халықтың өз өмірімен етене танысқан болса олар тіптен өздері де көшпенділердің ортасында қалып қоюы мүмкін еді. Көшпенділер делінетін жұрт өзгеге ұқсамайтын сындырлы өркениет жасады. Деректерге жүгініп көрелік. Б.з.б. 128 жылы төтенше тапсырмамен сыр бойына келген қытайлық Чжан Цян тек бір ғана Ферғана өңірінде (Сырдың ортаңғы бойы) ірі 70 қала бар деп жазыпты [ ]. Тек кәзіргі Моңғолия жерінде ежелгі түркі-моңғол-кидандардын 220 қала, қалашығының орыны жатыр [ ]. Зерттеушілер тек Жошы ұлысы (орысша Алтын Орда) қарамағында 150-200 қала болғаны жайлы қабарлайды [ ]. ХІ ғ. өмір сүрген ғұлама Жүсіп Баласағұн,\r\n\r\nБолған талай қалалар да халық та,\r\n\r\nУақыт көмді бәрін жерлеп табытқа.\r\n\r\nБолған талай ауылымыз, тайпамыз,\r\n\r\nЕнді соның ізін тауып байқаңыз [ ] деген аманат қалдырды.\r\n\r\nБұл аманатты бүгінгі біздің археолог әріптестеріміз орындап жүр. Тарихта Сыр бойы қалаларының қатарында Сығанақ қаласы аталады. Ал осы Сығанақ қазақтың алғашқы мемлекеті – Ақ Орданың астанасы болғаны туралы мәселенің сыры әлі күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Біз енді осы мәселеге тоқталып көрмекшіміз.\r\n\r\nҚала 982 жылы түзілген «Худуд ал-Алам мин ал-Машрик ила-л-Магриб» («Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары») атты авторы белгісіз еңбекте «Сунах» атымен [ ] алғаш белгілі болды. Мұнда протоқазақтық Кимек мемлекетінің аймақтарымен қалалары туралы жазылған.\r\n\r\nХ ғасырда өмір сүрген араб географы аль-Мукаддаси (Макдиси) Сығанақты Отырар мен кіндігі бір егіз қала деп көрсеткен. Сығанақ пен Отырардың ара қашықтығы 24 фарсах (160 км). «Сығанақ» атауы ежелгі түрікше «Қамал, қорған» деген мағынаны білдіреді. Ол ежелгі түркі-қалаларының бірі. Мұсылман деректерінде Сығанақ «Дарь-уль-Куфр» немесе «дінсіздердің ордасы» атанып келді. Өйткені Сығанақ ХІІ ғ. соңы ХІІІ ғ. басында әлі де мұсылман дінін қабылдай қоймаған, тәңірге табынған көшпенді қыпшақ хандығының шығыс астанасы болатын. Абдулла-намеде Сығанақ туралы «Ол ежелден бері қыпшақ (қазақ) хандарының астанасы» деп жазады [ ]. Хорезм шах Атсыз (1127-1154) және Ала ад-Дин Мухаммед дінсіздерді бағындару үшін Сығанаққа бірнеше дүркін жайқын жорықтар жасап ақыры Сығанақ билеушісімен бейбіт келісімге келді. Нәтижесінде Сығанақ Шығыс қыпшақ даласындағы гүлденген қалалардың біріне айналды. «Худуд-аль-Аламда» сығанақ дейірменінде тартылған ұн әлемнің шартарабына таратылатыны туралы жазылған.\r\n\r\nСығанақ осылай құлпырып тұрған шағында моңғол шабуылына тап болды. Жошы бастаған моңғол қолы 1220 жылы маусым айында Сығанақты қоршауға алып қала тұрғындарынан қарсылықсыз берілуін талап етіп ұйғыр Хасан қажыны елшілікке жібереді. Бірақ Сығанақ тұрғындары бұл талапты мойындамай Хасан қажыны өлтіреді. Осыдан кейін Жошы қаланы күшпен басып алып жермен жексен етіп, тұрғындарын қырғанға ұшыратты. Д′Оссон, А.М. Жувейнидің айтуынша «Жошы Сығанақта тірі жан қалдырмаған делінеді» [ ]. Менімше бұл аса сенімді дерек емес. Егер тірі жан қалмаған болса, Жошы Хасанның ұлын кімдерге басшы етіп Сығанақта қалдырды. Одан гөрі «…Ихэд алж…» немесе «көп адамды қырды» делінетін моңғол тарихшысы А.Амардың пікірі сенімдірек естіледі [ ].\r\n\r\nОсы оқиғадан кейін Сығанақ Жошы ұлысы оның әскери сол қанаты Ақ Орданың билігіне өтті. Жошы ханның төртінші ұрпағы Сасы-Бұқаның тұсында (1309-1315) Жошы ұлысының орталығы Ертістен – Сығанаққа аударылды. Осы кезден бастап Сығанақтың қайта өрлеу дәуірі басталды. Ерзен ханның тұсында Сығанақта Ақ Орда хандарының атында күмістен ақша құю жолға қойылды. Ол кезде хандарының атында ақша соғу деген биліктің дербестігін көрсетеді. Ерзен хан 25 жыл билік құрып 1344/1345 жылы дүние салып Сығанақта жерленді [ ]. Осыдан бастап Сығанақ Жошы-хан — Орда ежен әулетінен тараған Ақ Ордалық ақсүйектерін жерлейтін ата қорыққа айналды.\r\n\r\nМүбәрәк-Қожа кезінен Ақ Ордада басталған бүліншілік 16-17 жылға жалғасты. Тек 1351-1361 жылдар аралығында Ақ Орданың 8 ханы өлтірілді. Бүліншілік 1361 жылы Орда тағына Шымтайұлы Орыс ханның келуі арқасында тынышталды. Орыс ханның таққа келуі Ақ Орда мемлекеті және оның астанасы Сығанақтың өрлеу дәуірі болып табылады.\r\n\r\nТүрік тілінде жазылған, авторы белгісіз «Аноним Искандердің» тұжырымына жүгінсек «Орыс хан Ақ Орданы түбегейлі дербес мемлекетке айналдырды» [ ]. XIV ғ. екінші жартысында Ақ Орда мемлекеті «Орыс хан ұлысы» атанған тұстары бар. Орыс хан Сығанақта хан сарайын салдырды. Қазақтың алғашқы қарулы қолы «Алаш мыңдығын» жасақтап, ақ қара ала ту алып жауға шапты.\r\n\r\nАқ Орданың астанасы ретінде Сығанақтың нағыз шарықтап өскен кезеңі Орыс ханның тұсы. Орыс ханның атында ақша соғылды. Орыс ханның елі тарихи әдебиетте «Алаш елі» атанды [ ]. Ш.Уәлиханов және А.И.Левшиндер Орыс ханды «Алаш хан» деп атап, оны қазақ хандарының атасы деп тануы тегіннен тегін емес [ ]. Қазақ түсінігінде «Алаш» ұғымы «қазақ» атауының баламасы болып табылады. Сондықтан Алаштың астанасы Сығанақты қазақтың астанасы деп тануға толық мүмкіндік бар.\r\n\r\nСығанақ жайлы аса құнды дерек қалдырған авторларының бірі Мұхаммед Шайбани ханның жылнамашысы Фазлалах ибн-Рузбихан Исфахани. Ол өзінің «Михман-наме Бұқар» («Бұқара қонағының жазбалары») атты еңбегінде «Дешті қыпшақты жер жұмағы» деп атап, Сығанақтың орналасу жайы аса қолайлы, ол Дешті Қыпшақтың шекарасы, Түркістанның орталық шебі, онда «күн сайын бес жүз түйенің еті қуырылып кешке қарай одан түйір де қалмайтын» деп жазған еді [ ].\r\n\r\nДештінің атақты хандарының мәйіті міндетті түрде Сығанаққа жерленіп қабірінің үстіне кесене (мавзолей) тұрғызылатыны туралы деректі жазып қалдырған да осы Рузбихан. XIV ғ. соңына қарай Сығанақ үшін күрес күшейді. 1375-1376 жылдардан бастап бұл күреске Мауеренахр билеушісі Темір араласа бастады. Ол өз ордасына бас сауға іздеп келген Тоқтамысқа Сығанақты сыйға тартты. Темірдің бұл әрекеті Орыс хан бастаған Ақ Ордалықтардың қарсылығын тудырды. Қалыптасқан жағдайға байланысты Орыс хан 1375 жылы үлкен Сарайдан Сығанаққа қайтып оралды.\r\n\r\n1376 жылдың қараша күзінде Сығанақ үшін бір жағынан Темір-Тоқтамыс қолы, екінші жағынан Орыс ханның ұлы Темір Мәлік қолы арасында ұлы шайқас болып Темір Мәлік қолы жеңіліс тапты. Сөйтіп Сығанақ Тоқтамыстың қолына өтті. Орыс ханның немересі Барақ хан 1423 жылы Сығанақты қайтарып алды. Сығанақ кімге тиесілі екендігін Барақтың Ұлықбекке қойған датынан айқын көруге болады. Онда «Сығанақ жайылымы әдеттегі заң ережелері бойынша маған тиесілі, өйткені менің атам Орыс хан Сығанақта Орда тұрғызған» деп жазылған [ ].\r\n\r\nАқсақ Темір 1395-1396 жылы Тоқтамысқа қарсы жорықтан қайтқан жолында Қажы-тархан, Сарайды жаулап алып Сарайды жермен-жексен етіп қана қоймай жолай сығанақты қиратты. Осыдан болып Сығанақтың қайта құлдырау дәуірі басталды.\r\n\r\nСығанақты 1446 жылы Шайбанилік Әбілқайыр басып алды. Бірақ Орыс ханның ұрпақтары Әбілқайыр билігін мойындамады. 1456 жылы Әбілқайыр мен қалмақ Енге — төре арасында Сығанақ үшін болған ұлы шайқаста Әбілқайыр жеңіліс тапты. Орыс ханның шөбелері Жәнібек пен Керей бастаған Ақ Орда хан ұрпақтары Әбілқайырдың әлсірегенін пайдаланып стратегиялық шегініс жасап ел ордасын Шу бойындағы Қозыбасына әкеліп тігуі Сығанақтың саяси маңызын әлсіретті. Бірақ Сығанақ өлкесі территориялық тұрғысынан қазақ мемлекетінің қарамағында қала берді. Соңғы орта ғасырларда Сығанақ талай қияметті басынан кешірді. Ақ Орда хандары мен Темір әулеті арасында, кейінірек қазақ хандары мен (Мұрындық, Қасым хан) Мұхаммед Шайбани, оның ұрпақтары арасында Сығанақ үшін талай кескілескен ұрыстар болды. Қалай деген — мен Сығанақ XVII ғ. дейін қала атын сақтап тұрды да кейін үйінді, төбешігіне айналып жер астында қалды. Кәзірде халық оны қастерлеп «Сунах-ата» деп атайды. Қаланың орны Ташкент темір жолынан Төмен-Арық станциясының солтүстік-шығысына қарай 20 шақырымда жатыр. Тарихшылар Муин ад-Дин Натанзи, Б.Д. Греков, А.Ю. Якубовский, А.А. Семенов, Ш.Ш. Уәлиханов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, С. Жолодасбаевтар Сығанақтың тарихын әрдайым Ақ ордамен байланыстырып зерттеп келді.\r\n\r\nСоңғы жылдары біз Ақ орда тарихын зерттеуде моңғол және қытай деректерін айналымға енгіздік. Чин империясы кезінің тарихшысы Ломаның 1735 жылы жазған «Моңғолдың Боржығын тайпасының тарихы» атты еңбегінде «Баты хан 1235 жылы батыс жорығына аттанды. 1240 жылы әкесінің иелігіне тиген ел, жердің негізінде Еділдің құйғанында Сарай қаласын тұрғызып астана етті. Тарихта оны Қыпшақ хандығы деп атайды. Арал теңізінің шығыс солтүстігін ағасы Ордаға беріп «Ақ орда хандығы» деп атады. Аралдың солтүстігін Сыбанға (Шибан) беріп ол «Көк орда» атанды деп жазды [ ].\r\n\r\nЕжелгі және кәзіргі замандағы моңғол авторларының еңбектерінде «Хасгийн цагаан ордны улс» (Қазақтың Ақ орда мемлекеті) деген аталым қолданылады. Ш.Уәлиханов Мухамед Қайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбегіне жасаған талдау белгілеуінде Ақ орданы Моңғол ұлыстарының басқадай ордаларынан айырып жеке атап көрсетеді [ ]. Бұл пікірді Л.Н.Гумилев жалғастырды. Ол былай дейді «Ныне казахи занимают огромную площадь с монотонным степным ландшафтом. В XIII в.степь обезлюдела после жестокой Монголо-половецской войны и была поделена между тремя ордами: Золотой или Большой, -на Волге, Синей между Аральским морем и Тюменью, и Белой (т.е Старшей)-в Тарбагатае и на верхнем Иртыше, на Волге из конглемерата народов сложилась Татары. Синяя орда оказалась нежизнеспособной и в ХІV в слилась с Волжской, зато Белая орда, опиравшаяся на окрайны Сибирской тайги до Оби, склоны и предгорья Алтая и степи Сырдарьи, в то время перемежавшиеся борами, развивалась в самостоятельный этнос, позднее экстроординарные степи Приаралья, Мангышлак и Рынпески» [ ].\r\n\r\nСығанақты астана еткен Ак Орда мемлекеті қазақтың алғашқы мемлекеті ғана емес, қазақ халқы оның ұлттық ой санасы қалыптасуының ұйытқысы (концентрат) болып табылады. Олай болуының себебі мынада:\r\n
- \r\n
- Ақ Орда Жошы Қыпшақ ұлысының әскери сол қанаты ретінде қазақ даласының төрінде, бұрынғы қыпшақ хандығының негізінде құрылды. Билікке Шыңғыс хан әулеті өкілдері келгенімен қазақ қоғамының дәстүрлік сыр-сипаты орасан өзгерістерге ұшыраған жоқ.
- Ақ Орданың территориясы (Ертістен Сырдәрияның құйғаны, Саураннан-Арал, Қараталдан Төменге (Тюмень) дейінгі) қазіргі Қазақстан аумағының көлемді бөлігін (шамамен 60-65%) қамтиды.
- Ақ Орда халқының негізгі бөлігін қазіргі қазақ халқын құрап отырған байырғы тайпалар (Үйсін, Қаңлы, Дулат, Арғын, Қыпшақ, Найман, Жалайыр қатарлы) құрады.
- Ақ Орданың шаңырағын алғаш көтеріскен Жошы хан ұлы Орда еженнің жетінші ұрпағы Орыс хан Ақ Орданың алғашқы дербес билеушісі, Қазақ хандарының атасы (Қазақ мемлекетінің алғашқы ханы) деп танылады.
- Қазақ мемлекетінің алғашқы ресми қарулы қолы «Алаш мыңдығы» Орыс ханның тұсында, Сығанақта жасақталды. Мыңдықтар ақ қара ту ұстап «Алаш» деп ұрандап жауға шапты, ел, жерінің тұтастығын жанкештілікпен қорғады.
- Ақ Орда дәуірінде Шыңғыс хан әулетінен тараған қазақ хандары династиясы (Орыс ханнан – Кенесарыға дейін) қалыптасты.
- Ақ Орда дәуірінде Алаш ұраны – ел ұранына айналып қазақтың бірлігін дәріптейтін мемлекеттік идеология деңгейіне көтерілді.
- Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қыпшақ-қазақ тілі мемлекеттік жазба тіліне айналды.
- Ақ Орда кейін «Қазақ хандығы» атымен Қазақ мемлекеті қайта құрылуының алғы шарты болды.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nXV ғ. өмір сүрген әйгілі ақын Шахрух:\r\n\r\n \r\n\r\nӘйгілі қала Сығанақ,\r\n\r\nДешті Қыпшаққа өтер жолы, қақпасы.\r\n\r\nДештігі келер қонақтар\r\n\r\nСаған келіп тірер еді ат басын.\r\n\r\nТүркістанның орталығы, шебі едің.\r\n\r\nБарша жанды тыныштыққа кенедің,\r\n\r\nЕжелден-ақ ғалымдардың мекені,\r\n\r\nБелгілі еді тыныш қала екені.\r\n\r\nСенде туды Нихаяның ілімі,\r\n\r\nТарады сенен «Хидаяттың» білімі.\r\n\r\nО, Сығанақ, қақпаларыңның шаңын сүйіп жылар ем,\r\n\r\nҚайта тусам Сығанақта туар ем\r\n\r\n \r\n\r\nдеп жырлаған қазақ мемлекетінің астанасы болған әйгілі Сығанақты жер қайнауында тастамауымыз керек. Археологиялық жұмысты жалғастырып Сығанақты ашық музейге айналдырып «Сығанақ – қазақ мемлекетінің астанасы» деген монумент тұрғызу қажет. Астананың бір көшесін Сығанақ деп атағанымыз игі іс болыпты. Ары қарай астананың жаңа райондарының бірін Сығанақ деп атап Сыр бойындағы елді мекендердің біріне Сығанақ атын берсек тарих алдындағы бір борышымыздың өтелгені болар еді.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиеттер:\r\n\r\n1 Уәхит Хамзаұлы Шәлекенов. Түріктің отырықшы өркениеті. — Алматы; Қазақ университеті. 2003, 100-б.\r\n\r\n2 Майдар Д. Турчин П., Сайн-Эр. Д. Градостроительство МНР. — УБ, 1983. — С. 3\r\n\r\n3 Цолмон С. Монголын Алтан Ордон Улс. — УБ., 2006., 119.\r\n\r\n4 Жүсіп Баласұғын. Құтты білік. — Алматы, 1986. 602-605-бб.\r\n\r\n5 Бартольд В.В. Худуд ал-Алам . Рукопись Туменского Л. 1930; Ninorsky V. Hudud al-alam. The region of the World. A/ Pershian Geography., 372, A. N.982, A.D. London, 1937. p.44\r\n\r\n6 Академик В.В. Бартольд работы по исторической геграфии. Соч., Т. ІІІ. — С. 229.\r\n\r\n7 Д′Оссон К. От Чингисхана до Тамерлана. – Алматы, 1996. — С. 116.\r\n\r\n8 Амар А. Монголын товч түүх, УБ, 1989, 144-б.\r\n\r\n9 Тизенгаузен В.Г. СМИЗО. Т. 2. — С. 130, 211.\r\n\r\n10 Греков В.Г. Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. — М.Л., 1950. С. — 316\r\n\r\n11 Артыкбаев Ж.О. Материалы к истории правящего дома казахов. — Алматы, 2001. — С. 42-45\r\n\r\n12 Валиханов Ч.Ч. Собр.соч., в пяти томах. Т.2. — С. 160-161; Левшин А.И. Описание киргиз-казчьих или киргиз-кайсакцких орд и степей. 4-1. — СПБ, 1832. — С. 274-275;\r\n\r\n13 Тарих-адамзат ақыл ойының қазынасы: он томдық. Т. З. Ортағасырлақ тарихи ой – 2005, 370-371-бб;\r\n\r\n14 Абд ар-Раззак Самарканди. «Қос жарық жұлдыз туылып, қос өзеннің қосылағн жері» атты еңбегіннен. СМИЗО. Т. 2. — С. 197.\r\n\r\n15 Лома. Монголын Боржигин овгийн түүх. (Моңғолдың Боржығын тайпасының тарихы). Хөх хот. 2000., 106-б.\r\n\r\n16 Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч., в пяти томх. Т.4. — Алма-Ата, 1987. — С. 14.\r\n\r\n17 Гумилев Л.Н. Этногенез и биосфера земли. — М., 1997. — C. 231-232.\r\n\r\n
Талғат Бигелдинов
\r\n\r\nҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНЫ\r\n\r\n \r\n\r\nТалғат Бигелдиновтің еншісіне ерекше тағдыр бұйырған\r\n\r\n Ол тағдыр – қазақтың текті қыранының тағдыры. Қыран бүркіт қашан да мәрт келеді. Қыран мекені қияда. Қыран аңсары – күн астындағы шексіз, шетсіз кеңістік. Қыран самғауы зеңгір көктің төрінде. Қыранның шырқау биікті көксемейтін күні жоқ. Мұзбалақ қыран тұғыры – мәңгілік мұзарттар. Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов даңқының, соны сүйіншілеп қуанған халық мерейінің биігі екі дүркін Кеңес Одағы Батыры жұлдыздарының сөнбес жарығымен сараланады.\r\n\r\n Қарт қыран бүгінде сексеннің жетеуінде. Әлі де сол мұзарттағы тұғырында. Мәшинесін өзі айдайды. Көптен бергі сүйікті хоббиі – бал арасын бабымен ұстап, омартасын Алатау аңғарларында мұқияттап сайлайды. Жетпістен асқанда күркіреп жауға шапқан баяғы Бөгенбай бабасындай “Бетін аулақ қылсын, бірақ күн туа қалса ұшаққа отырып қайтадан самғауға әзірмін!” деп ширығуынан-ақ қайтпаған батыр сұсы білінгендей. Соған қарамастан батыр көңілі баладай риясыз. Күркірей күлімсіреген батыр ағаның бала мінезінен қилы-қияпат жылдарға мойынсұнбаған жан тазалығын танығандай жадырай түсеміз. Осынау қыран қазақпен аз-кем де болса әңгімелескен адам оның сөзінен, мінезінен ертегі батырларының ерекшелігін байқамай тұра алмас еді. Өзіміз байқадық.\r\n\r\n Осы Кеңес Одағының Батыры атағын бір емес, екі рет алған қазақ аз ба, көп пе? Мүлдем қисынға келмейтін сұрақ. Екеудің бірі де емес, бірдің өзі, нағыз дүрдің өзі Бигелдинов Талғат. Мұны айтып елдің есіне салғанда Американы қайтадан ашқалы отырған жоқпыз. Тек сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды табысты орындаған ұшқышқа Батыр атағы берілетін болып белгіленген екен. Ал біздің Талғат ағамыз болса, 305 мәрте жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға соншама рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен беттесіп, арпалысып айқасқан. Қарапайым арифметикаға салсақ та, төрт немесе, кем дегенде, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры болғандай екен! Әрине, екі Жұлдыз да тақиямызға тар келмес. Күпірлік болмасын, бірақ көңілде күмән барын қайтіп жасырайық. Қазаққа одан артықты қимаған, осы да жетер деген кердең пиғыл да болмай қалмаған-ау деп шамалаймыз. Ал мына екі мәрте Батыр атағын бермеске де Талғаттай өреннің бірінен бірі асқан, үдемелеген ерен ерлігі ерікке қоймаған. Шабытты шағындағы болат топшылы қызылшыл қыран қайтпас қайсарлығымен Жұлдызды жұлып алған, іліп түскен. Қиян-кескі сол күндердің өзінде неміс-кеңес майдан шебінің екі жағында да қысық көзді азиат Бигелдиновтің жаужүрек жалыны мен ұшқыш ретіндегі шеберлік шалымы аңызға айналғанын көзкөрген куәлар хатқа түсірген, құжаттарда таңбаланып қалған. Шабуылдағы қазақ сұңқарының айла-тәсілі, қабілет-қарымы, ұшақты қапысыз меңгеруі, ұрыстағы ұрымталдығы, өжеттігі өзгелерден оқ бойы озық болып дараланғанын да сарғайған құжаттар, ескірмес естеліктер жырдай қып жеткізген. Осылайша жердегі жаяу әскердің жортуыл-жорықтарында ғана емес, қазақ аты аспандағы айқастарда да бірден-бір Бигелдиновтің арқасында айдай әлемге әйгілене танылып, туған халқына мерей-мақтаныштың кенен олжасын асқан бір дарқандықпен молынан салғанына алғыс-рахметіміз де әрқашан айтыла беруі керек-ақ.\r\n\r\n Сол бір отты күндерден бері де алпыстан астам жыл өтіп, соғыс жаңғырығы алыстап барады. Бір майданда, бір елдің қосыны болып тізе қоса соғысқан Ресейден де ірге ажыратып, дербес байрақ көтергенімізге де жиырма жылға таяп келеді. Ендеше, осынау, дүниені тітіренткен сұрапыл соғыстың сол кездегі бас қаһармандарының бірі, қазіргі қарт қыраны, ардагер жауынгер Талғат Бигелдинов хақында жаңа пайымды жүрекжарды сөзді еліміздің бас газетінің бетінде айтқан жөн сияқты. Алға озған уақыт, өркендеп өрлеген заман Батыр орайындағы көзқарас-бағаны бір қағып-сілкіп, шаң-тозаңнан тазартып, өмір жолын көз алдымызға елестете, оған деген ілтипат-құрметіміздің деңгейін сыни тұрғыдан тағы бір бағамдап өтуге ишара ететіндей.\r\n\r\n Жә, олай болса, аспан шайқастары ақиығының тәңірім жарылқап тарту еткен талайлы тағдыры қалай, қай жерде, қашан басталып еді?\r\n\r\n Бұрынғы Ақмола-Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қазіргі Астана әуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында, Бигелді қарттың әулетінде қазақтың болашақ даңқты ұшқышы Талғат Бигелдинов дүниеге келеді. Сол бір аумалы-төкпелі заманда Майбалықтан басталған хикая Қордайдан асып, қырғыз жеріне қарай бет алады. Ғали деген татар байының көп малын айдаған Бигелді балалары Жүсіпбек пен Жақыпбек Пішпек қаласының маңына жетеді. Ғали байдың өзі жоқ, қашып кеткен. Малшылардың бастығы ағайынды жігіттер сол арада қызыл әскербасы Михаил Фрунзенің корпусына тап келіп, өзіне жолығады. “Ғали байдың малын айдап келдік, өзі жоқ, малды не істерге білмей тұрмыз” дейді. “Сендер кімсіңдер?” десе, “Бигелді балаларымыз” дейді. Фрунзе: “Ғали бай Қытайға қашып кетті, малды бізге тапсырыңдар” дейді. “Олай болса, мейлі, алыңыздар, – дейді Жүсіпбек, – тек, әй, русский нәшәндік, бізді мал берді деп пиши бумага, пиши бумага!”. Фрунзе сөзге келместен дереу: “Я, главнокомандующий Туркестанским военным округом М.В.Фрунзе, принимаю скота Гали бая от чабанов Бегельдиновых Жусупбека и Жакупбека и других, в составе: 20 тыс. овец, 500 крупного скота” деген мағынадағы қолхат жазып, мөрін басып береді. Малшыларды да қанатының астына алып қолдарына бір-бір мылтық ұстатады, етік, шинель, буденновкамен жарылқап, әскерше киіндіріп қойып, малды одан әрі қаратады. Сойыс-мұқтажға мал сұраса беріп тұрыңдар деп тапсырады. Ал мұның нағыз әуселесі басқада. Тағдыр жазуының ғажабына қараңызшы, қызыл сардар Фрунзенің нақ осы қолхаты он сегіз жыл өткенде жасөспірім Талғаттың ұшқыштар мектебіне оқуға қабылдануына бірден-бір шарапат-септігін тигізген ақжолтай құжат болды.\r\n\r\n Батырдың балалық шағы қалай өтті дегенде, соншалықты бір тауқымет, қиыншылық көрді деуге келмес. Ел қатарлы күн кешті. Бәлкім, басқа құралпыластарынан бақуаттырақ та болған шығар. Атасы Жүсіпбек “Кожа-Синдикат” мекемесінде жұмысшы боп, кейін мал базарында істеді, әкесі Жақыпбек арбакеш болды. Екі отбасы Пішпектің шет жағында, бөлектенбей, бір қорада тұрды. Асып кетпегенмен, ашқұрсақ емес. Береке-бірлікте, тату-тәтті. Мейір де жеткілікті. Төрт-бес бала. Ең кішкентайы Талғат. Райхан, Рахима, Кәрім деген бауырларымен ойнайды. Сол кезде Пішпекте орыс, ұйғыр, татар мектептері болып, қырғызша және қазақша мектептер болмаған екен. Сөйтіп, Талғат татар мектебіне барып тіл сындырады. Осы жағдай қазақшасына ара-тұра қырғыз және татар мәнерін араластыра сөйлейтін Талғат ағамыздың лексиконынан әлі күнге байқалады. Әрі сонысы, батырдың тағы бір ерекшелігіндей, құлаққа әуезді де жағымды естіледі.\r\n\r\n Бигелді атасының 101 жасап қайтқан қарындасы – Қадиша әжесі кішкентай Талғатты керемет жақсы көрді, бар мейірімін төге тәрбиеледі. Әкелері 1931-1932 жылдардағы ашаршылық қысыңқыраған уақыттарда еттірілік танытып, колхоздан жалға жер алып, тау жақтағы ай далада пияз, жүгері екті. Үй іші алты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып үйді қарайтын, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Өстіп еңбекке, елгезектікке баулынды. Қара жұмысқа қаршадайдан қатып-пісіп шынықты.\r\n\r\n Осындай шыныққан шымыр жасөспірімнің Фрунзе аэроклубында үздіктер қатарында болуы таңданарлық та жайт емес-тұғын. Тек аэроклубтың ұшу даярлығы жөніндегі бастығы Цурановтың: “Тамаша ұшады. Нағыз жас қыран! Барлау авиациясы мектебіне жіберсе, тіптен жақсы” деп қолдап мақтағанына қарамастан, ұшқыштар мектебіне іріктеу үшін келген комиссияны басқарушы капитан шалбары жамау, көзге қораштау бұған қарап: “Ей, ты, байский сын, тебя не возьмем!” дейді. “Какой я байский сын” деп жылап жіберердей тұра жүгірген бойы құстай ұшып үйіне келеді. “Әке, сен бай болған екенсің ғой! Мені алмай жатыр анда!”. “Айналайын, балам-ау, ана күзгінің артында қағаз бар, соны апарып көрсетші”, дейді әкесі Жақыпбек. Сол арада Талғат Фрунзе берген қолхатты тауып алып, аэроклубқа қайтадан жүгіреді. Екі лейтенантымен бірге әлгі капитан отыр екен, алқынысы басылмай: “Никакой я байский сын! Вот! Скот сдавал советской власти. На-те!” деп дауысы қаттырақ шығып, қолхатты алдарына атып ұрады. Аналардың көздері адырайып кетті дейді. Қолхатты бірінен соң бірі алып оқып, бір-біріне қарап, ұзақтау үнсіздіктен кейін капитан айтады:\r\n\r\n – Бигельдинов, ты принят в летную школу!\r\n\r\n Қыран самғауының алғашқы ақ жолы атақты Фрунзе берген бір жапырақ қағаздың арқасында осылай ашылып еді. Ол кездерде қазақ баласына тым сирек бұйырған бақыт болатын бұл. Әуелі Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштар авиамектебіне оқуға жіберілді. Оны бітірген соң Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы және 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде аспан қыраны мамандығының қыры мен сырын тәптіштеп меңгерді. Одан соң ИЛ-2 шабылдаушы ұшағында ұшуға үйренуден өтті. Осының бәріне ұзын-ырғасы екі жарым жыл шамасында уақыт кетті. Тек содан кейін ғана, 1942 жылғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144-ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800-ші шабылдаушы авиаполкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейінгі бүкіл от-жалынды бастан өткере кешіп өтті.\r\n\r\n Осы арада Талғаттай қыранның пырағы – ИЛ-2 ұшағына сипаттама берудің кезі келген сияқты. Жалпы авиация шабуылдаушы, қырып-жойғыш, бомбалаушы, барлаушылық деп бірнеше түрге бөлінеді ғой. Соның ішінде шабуылдаушы авиацияның негізгі міндеті жер бетіндегі жаудың адам күші мен техникасын құрту болып табылады. Осы міндетті атқарушы ИЛ-2 ұшағы екі зеңбірек, екі пулеметпен жабдықталған. Жеткілікті мөлшерде “Катюша” атымен реактивті снарядтары мен бомбалары бар. Зеңбірек гашеткаларын басып оқ атқан кезде сырт-сырт еткен фотоқондырғылар қоса жұмыс істейді. Сөйтіп, ол кездегі ИЛ-2 дегендеріңіз алапат күш-қару саналып, оларды көргенде жаудың үрейі ұшатын.\r\n\r\n Атап көрсететін бір жағдай сол, болашақ батырдың ұшу-техникалық даярлығының ғаламат тиянақтылығы мен тыңғылықтылығы. Бигелдиновке берілген сипаттама-мінездемелерден оның қырандық қасиетінің қалыптасқан нышандары байқалғандай. “ИЛ-2 ұшағын меңгеруі тамаша. Ұшуды жақсы көреді, ұшқан кезде шаршамайды. Еңбексүйгіш. Үйренудегі ұғымталдығы ғажап. Әуеде сабырлы, сеніммен ұшады” деген бағаларға лайықтылығын ол соғысқа кірген алғашқы күндерде-ақ дәлелдейді.\r\n\r\n Бір ғажабы, Бигелдинов үшін соғыста үйрену кезеңі, біртіндеп бейімделу мерзімі болған жоқ. Алғашқы шайқастан-ақ жауға жасындай тиді. 292-ші шабылдаушы авиадивизияның бұрынғы командирі, авиация генерал-полковнигі, Кеңес Одағының Батыры Н.Каманиннің куәлігіне жүгінсек, тұңғыш жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде-ақ оның салған беттен нысанаға сәтті шүйілгендігі сонша, бомбалар бензин қоймасына қолмен қойғандай дәлдікпен түсіп, ал екінші мәрте шүйілгенде қару-жарақ қоймасының күлін көкке ұшырып өртеп жібереді. Кәнігі ұшқыштардың өздерінде де мұндай тас-түйін шалымдылық сирек кездеседі екен. Ал, Бигелдинов болса бірден-ақ кемел шеберлікке жеткен. Сорғалап құйылғанда түлкінің ғана емес, арлан қасқырдың да белін үзіп жіберетін қазақ қыранының алғырлық қасиеті осындай болса керек-ті.\r\n\r\n Майдандағы қазақ қыраны тынымсыз ұшты. Ол шабуыл соққыларының қапысыз шеберіне, мүлтіксіз мергеніне, өткір жанары қиядағыны шалатын аспан барлаушысына айналды. Көк тәңірісі қыран бүркіт десек, сол қанқасап соғыстың аспандағы айқастарының құдіретті қыран бүркіті осы Талғат еді. Келе-келе оны ұрыстарға топтың сардар серкесі етіп салатын болды. Нақ 1943 жылы майдангер ақын Қасым: “Білмеймін, қайда жоғалттым Сескену, қорқу дегенді!” деп тура дәл осы шақта жау аспанында нажағайдай жарқылдап, жасын ойната шаңқылдаған жас қыран інісі Талғатқа арнап айтқандай екен. Жаңағы жарқын тұлға Каманин: “Қазақ халқының осынау даңқты ұлы күрес пен жеңістердің тамаша жолынан өтті. Мен үшін оның марапатқа, офицерлік атаққа ұсынылған қағаздарына қол қою да бір ғанибет болатын еді” дейді. Бұдан біздің қайсар батырдың от кешкен ортасындағы сыйлы-сүйкімділігі де аңғарылғандай.\r\n\r\n Үш жүз бес рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып, ұрыс салып майдандасты деп айтуға ғана оңай. Басты гәп жан алып, жан берісе жағаласқан сол жанталастарда жеңіп шығу болса, Талғат соғыста 305 рет жеңіске жетті, жауынан мерейін 305 рет үстем етті. Ерліктің мақсаты әрдайым жеңіске жетіп отыру болса, сол қасиетті мақсат биігіне Бигелдинов мәрттікпен көтеріле білді. Ол жер жастандырған жау саны, талқандаған техника мен жабдық-жарақ, дұшпанды ойрандатқан шығын молая берді. Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін ең алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды.\r\n\r\n Харьковтегі жау аэродромын шабуылдау кезінде жағдайдың аса күрделі қиындығына қарамастан, Талғат Бигелдинов зениткалардан жауған қалың оқтың арасынан аман өте біліп, жеке өзі фашистік екі истребительді жойып, бірнеше бомбалағышын зақымдап, қатардан шығарды. Осы Харьковтың түбінде өз ұшағы құлатып түсірілгенде тіршілік тайталасындағы қыңбас қайсарлығы тағы танылды. Жау тылында адаса жүріп, азапқа төзген жаралы сайыпқыран өзін әлдеқашан өлдіге санаған үйіріне қайта қосылып, сауыққан соң шайқас көгінде, сайыс төрінде қайтадан қиқулап самғады, жау көзіне әзірейілдей көрініп, ажал төндірді. “Мені атып түсірген ер кім, соны көрсетіңдерші” дейтін неміс офицерінің сол кездерде Талғаттың өнеріне табынды демесек те, таң қалғаны шындық. Бигелдинов бара-бара ұрыстарға штурмовиктердің үлкен топтарын бастап шығатын болды. Қиян-кескі қатал ұрыстардың от-жалынында шыныға түсті, шайқастағы шеберлігін шарболаттай шыңдай түсті, шабуыл соққысының нағыз сойқан көкдауыл перісіне айналды. “Ұшатын танк” атандырып, ИЛ-2 ұшағына да дем салып, даңқын шығарушылар осы Талғаттар. Ал неміс солдаттары ИЛ-2-лерге “Қара ажал” деп ат қойған екен.\r\n\r\n Соғыста ерлік көрсеткіші жауға келтірілген шығынмен есептеледі. Тек Днепрдің оң жағалауынан плацдарм алу жолындағы ұрыстарда ғана Т.Бигелдинов 10 танкті, 32 автомәшинені, 18 атарбаны, 8 зеңбіректі жоқ қылып, 180 неміс солдатын жер жастандырды, әскери қоймаларда жойқын өрт шығарды. 1943 жылдың желтоқсанында Талғаттың звеносы Шевченко қаласы маңында 16 истребитель қорғаған, әскер, техника мен қару-жарақ әкеле жатқан үш эшелонды талқандап, жау ұшақтарының үшеуін құлатты. Жол істен шығарылып, пойыздар қозғалысы тоқтап, соның нәтижесінде дұшпанның белгілеген қарсы шабуылын болдырмай тастады.\r\n\r\n Айта берсе, мұндай мысалдар көп. Жермен-жексен етілген танк колонналары, автомәшинелер керуені, қару-жарақ пен бензин қоймаларында қисап жоқ. Бұл ғажап ерліктердің барлығы Талғат аға штурмовигі фотоаппаратының суреттерінде паш етілген, Ұлы Отан соғысының жәдігерлі шежіресіндегі өлмес, өшпес жырдай қатталып сақталған. Күллі адамзаттың жан-жүрегіне алапат жара түсірген сол қанды қырғын, қияпат соғыста неше неміс өлтіріліп, қанша паровоз бен қару-жарақ қоймасы қиратылып, неше “мессершмит” атып түсірілгенінің дәл есебіне бәрібір жете алмаспыз. Оны тізбелей бергенмен, ерлік киесін солдаттың ғашық жары жолдаған кестелі орамалдың шетіне сусардай түйе де алмаспыз. Бізге де Бигелдиновтің қанша жауды өлтіргені қызық емес, сол арқылы қанша отандас бауырларының өмірін сақтағаны қымбатырақ. Қыран ерлігінің ұрпақ жатқа айтар өмір жырына айналуы да сондықтан болар.\r\n\r\n Сол жырдан бір мысал келтірсек, 144-ші гвардия авиаполкінің ардагері Я.Шапочка Талғат ағамыз жөнінде былай деп тебіренеді: “Біздің әуе армиясында Бигелдинов ең сайыпқыран ұшқыш-штурмовиктердің бірі деп саналды. Ол полкымыз үшін ғана емес, сонымен бірге дивизия, корпус және бүкіл әуе армиясы үшін және тіпті жаяу әскер бөлімдері үшін де барлау жүргізді. Мен нақ осы Талғат Бигелдинов басқарған барлау эскадрильясының ұшақтарын ұшуға дайындағанымды мақтаныш етемін”.\r\n\r\n Иә, алып-қосары жоқ риясыз сезім, батырға деген ізгі ілтипат осылай ақтарылған. Айлар өте берді. Талғат Воронеж, Далалық, 2-ші және 1-ші Украин майдандарындағы шайқастарға қатынасты. Ерлік қимылдары ұлғая берді, батырлығы мен батылдығына ешкім талас тудырмады. Соғыс жылдарында ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте І дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Ту, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ, “Қызыл Жұлдыз”, “Жеңіс” ордендерімен, Поляк Әскерінің “Алтын Кресімен” марапатталып үлгерді. Абайша толғасақ, сүйінерге жарар ұлды елі де сүйді. 1944 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Талғат Бигелдиновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 1945 жылдың 27 маусымындағы Жарлық оның төсіне екінші Жұлдызды жарқырата тақты. Бүкіл соғыстың өн бойында жау жайлаған жерлердің аспанында жалпы жиыны 500 сағаттан астам ұшқанда бір де бір рет бағытынан жаңылып көрмеген бағдаршыл болжампаз да біздің Бигелдинов болып шықты. Бірінші Украин майданында 420 жауынгерлік ұшуды шығынсыз атқарған оның эскадрильясы полкта бірінші орынды ұстап тұрды. Оның жауынгерлік іс-қимылының асқан тиімділігі мен пәрменділігін 158-ші истребительдер авиаполкының командирі, Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры Н.Лощак, 152-ші гвардиялық истребительдер авиаполкының командирі, екі дүркін Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры С.Луганский растап айғақтады, фотобақылаулар куәландырды. Оған Батыр атағы берілуін даңқты қолбасшылар, армия генералы Р.Малиновский мен маршал И.Конев және басқа сардарлар қызу қуаттап қолдады.\r\n\r\n Алғашқы Батыр атағына ұсынылған құжатта Талғат ағамыздың ұрыстағы қаһармандығы неғұрлым дәлірек сипатталған деп ойлаймыз. Онда былай деп көрсетілген: “Бірінші гвардиялық шабуылдаушы авиакорпустың 800-ші полкының құрамында Калинин, Воронеж, Далалық және 2-ші Украин майдандарындағы ұрыстарға қатыса отырып, 155 жауынгерлік ұшу жасады. Өзі басқаратын эскадрильясымен 1670 жауынгерлік ұшуды орындап, бірде-бір рет бағдардан жаңылмады, өз әскерлеріне жаңсақтан соққы жасау оқиғасын болдырмады. “Круг” ұрыс тәртібімен жауға соққы жасау жөніндегі тактикалық тәсілді тамаша меңгеріп, неғұрлым тиімді әрі шығынсыз шабуылды қамтамасыз ету үшін өз ұшқыштарын осы тәсілге күнделікті үйретіп отырды.\r\n\r\n Сәтті орындалған 155 жауынгерлік ұшуда көрсеткен ерлігі мен жаужүректігі, жаудың бес ұшағын атып түсіргені үшін, Александрия, Знаменск, Кировоград қалаларын азат ету жолындағы шайқастарда қаһармандық танытқаны үшін, біздің әскерлердің мемлекеттік шекараға шығуы кезіндегі ұрыстарға қатысқаны үшін, дұшпанның адам күші мен техникасына ойсыратқан үлкен шығын келтіргені үшін – Кеңес Одағының Батыры атағына лайық”.\r\n\r\n \r\n\r\nСоғыс жылдарының сарғайған парақтары осындай ерлік сырларын шертеді. Екінші Жұлдызға ұсынылған сипаттамада да жеке өзінің қаншама ұрыс техникасы мен жау әскерін жойғандығы жөнінде бұлтартпас деректер келтірілген. Бұл жолы да Львов-Сандомир операциялары кезінде жеке өзі және топ бойынша 420 сәтті жауынгерлік ұшуларда көрсеткен ерлігі мен өжеттігі және Висла, Шпрея, Нейса өзендерінен өтуді қамтамасыз еткендігі, осынау сайыпқырандықтың батыр атағына әбден лайықтылығы атап көрсетілген.\r\n\r\n \r\n\r\nТалғат Бигелдинов аспан шайқастарының саясат-сырларын, ұңғыл-шұңғылын жете меңгерген саңлақ болды. Польшаға кірген уақыт. Бір батальон Висла өзенінің ар жағына өтіп, Сандомир қаласы тұсынан шағын плацдарм алып бекініпті. Немістер қайткен күнде де осы плацдармды құртуды ойлайды. Талғаттың бір әдеті, барлауға түнгі уақытта шығатын. Бір жолы таң атып қалған кезде алыстан бұрқылдаған шаңды көреді. Анықтап қараса, 40 шамалы танк соқтыртып келе жатыр. Біздің плацдармдағы батальонға 50 шақырымдай қалған. Жетсе болды, тып-типыл қылып өтпек. Талғат дереу жерге хабарлайды: Резеда! Резеда! Мен – Бигелдинов! Осындай да осындай. Жақын маңдағы кез-келген аэродромға қонып, ұшақтар тобын алып шабуылдауға рұқсат етіңіз… Сол арада Талғат аэродромға қонып, жанармай құйғызып алады да, әзір тұрған 24 ұшақты бастап барып әлгі мұздай құрсанған танктердің тас-талқанын шығарады. Сонда танктер плацдармға 10 шақырымдай жақындап келіп қалыпты. Енді 10 минут кешіккенде батальонды құртады екен… Маршал Коневтің айрықша алғысын алып, ықыласына бөленгені осы жолы еді.\r\n\r\n Дәл Жеңіс күні, 9 мамырда соғыстың соңғы нүктесін қою құрметі де қазақ қыранының пешенесіне жазылыпты. Сол күні ертемен Талғат комдив Дольченкодан: “Бүкіл эскадрильяңмен Праганың күнгей шетінен жер бауырлап ұшып өт!” деген шұғыл жауынгерлік тапсырма алады. Сөйтсе, қаланың оңтүстік жағына орнығып алған бір эсэс дивизиясы “сөзсіз тізе бүгуді” мойындамай, қарсыласып жатқан көрінеді. Үстерінен қара бұлттай төніп Талғат эскадрильясының болат беренді сұңқарлары шүйіле қаптап ұшқанда жау жүйкесі бырт-бырт үзіліп, қолдарын көтеріп беріле бастады. Оқ жұмсамаған психологиялық әуе шабуылы діттеген мақсатына осылайша жетті. Сонда құлақтағы радиоқондырмадан: “Молодец, Бигельдинов! Задание выполнено! Возвращайся домой!” деген командирінің саңқылдаған шат дауысын естіген Талғат сұңқарларын соңынан ертіп, соғыстың соңғы нүктесін қойып, Дрезден түбіндегі тұрақтарына жеңіс жалауын желбіретіп оралып еді-ау.\r\n\r\n Соғыс біткеннен кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясында оқып, кеңес армиясындағы бөлімдер мен құрамалар командирі, штаб бастығы мәртебесін еншілеткен диплом алып шықты. Әскер қызметінде реактивті ұшақтарды игерумен шұғылданды. Бір жолғы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады, алты ай бойы ажалмен арпалысты. Асыл тек бұл ретте де арымады. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да, бейбіт өмірден өз орнын табуға құлшынды. Фрунзеден лайықты жұмыс бере қоймағасын, онсыз да туған ел, туған жерге бүйрегі бүлкілдей бұрып аңсап жүрген Талғат ағамыз ордалы отбасымен қотарыла көшіп, Алматыға келген. Бейбіт өмірдің де ой-шұқыры соғыстағыдан көп болмаса аз емес қой. Ақыры, Кеңес Одағының Азаматтық авиация бас басқармасына жағдайын айтып хат жазуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Қазақстанның Азаматтық авиация басқармасы бастығының орынбасары болуға Талғат Жақыпбекұлының келісімін сұраған сәлемхат та көп ұзатпай келіп қалды. Иә, әрине, келіседі! Бұл 1956 жыл болатын. Сөз басында айтқанымыздай, Бигелдиновтің маңдайына бұйырған ерекше тағдырдың екінші бір арналы тарауы, аса маңызды саласы осы тұста, туған елінің төрінде бастау алды.\r\n\r\n \r\n\r\nОл нендей тарау десеңіз, азаматтық авиацияның Қазақстандағы жай-күйі мүлдем нашар еді. Тіптен, республика басшылары Мәскеуге бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке жетеді. Ондағы әуежайда сағаттап сарыла күтіп, билет алып, содан кейін ғана ИЛ-18 ұшағымен Мәскеуге ұшады. Қайтарда тағы солай. Себебі, Алматыда ИЛ-18 ұшып-қонатын асфальтты, бетонды берік алаң жоқ. Бұл жағдайға намыстанбаса Бигелдинов бола ма! Батырлығына баспай тұра алмады. Басшыларға тынымсыз талап қойды. “Мынау сұмдық қой” деді Жұмабек Тәшеновке. Республиканың басқа басшыларына да мән-жайды баяндап, тиісті ұсыныспен шықты. Сөйтіп, көп ұзамай батырдың қамшылауымен, белсенді бастамасымен Үкімет республикада азаматтық авиацияны өркендетудің, оның негізін құрудың жоспарын әзірледі. Құдіреттің бұйрығымен осы тағдыршешті жоспарды жүзеге асырушы да еліміздің бас ұшқышы, бас қыраны Талғат Бигелдинов болғандығына қайран қалудың өзі де қисынға келмес. Оның басшылығымен һәм тікелей қатысуымен ауыр ұшақтарға арналған Алматы аэродромының, ондағы ұшатын және қонатын жолтабанның құрылысы қолға алынды. Жұмыс жоғары сапада, жедел қарқынмен жүргізілді. Жолтабан салу жөніндегі үкімет тапсырмасын мерзімінен бұрын табысты орындағаны үшін 1958 жылдың 18 қазанында Талғат Жақыпбекұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Батыр ағамызға Тәшенов сынды атпал тұлғаның қолынан алған осы бір грамота тым ыстық, Батыр Жұлдызынан кем санамайды. Осылайша Алматыдан Мәскеуге тікелей әуе жолын тартудың да бастауында Бигелдиновтің тұрғаны тегін емес, жазмышты нышан демеске лажымыз қайсы.\r\n\r\n \r\n\r\nОсыдан соң-ақ аэродромдар мен ұшып-қонатын жолтабандар салу бүкіл Қазақстан бойынша кең қанат жайды. Талғат Жақыпбекұлы бұл іске асқан жігер-құлшыныспен, жанкештілікпен кіріскені сонша, осы орайда өзіне республика тас жолдар бас басқармасы бастығының орынбасары Леонид Гончаров сынды пікірлестер, әріптестер іздеп тапты, облыстар мен қалалардың басшыларын осы замандық әуежайлар мен ұшақтарды қондырып-ұшыратын алаңдар салуға үгіттеді. Өзі жаңа мамандығын жете меңгеру үшін Мәскеудің инженерлік-құрылыс институтына сырттай түсіп, бітіріп алды. Ұшқыштығына қоса енді құрылысшы да болды. Аэродромдар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасаудағы, басқадай шаруаларын реттестірудегі Бигелдинов – Гончаров тандемі азаматтық авиациямызды дамытуда таңдай қағарлық толымды нәтижелерге қол жеткізді дей аламыз.\r\n\r\n \r\n\r\nАлматыдан соң Балқаштың әуежайын қолға алған. Одан соң Бигелдиновтің басшылығымен Ақмолада, Павлодарда және Гурьев пен Оралдан басқа барлық облыс орталықтарында сол уақыттардың талабына әбден сәйкесетін ұшу-қону алаңдары бар аэродромдар салынды. Қазақстан үшін бұл жағдайдың әрі экономикалық та, әрі әлеуметтік әрі моральдық-психологиялық та маңызы зорлығын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан да Талғат Жақыпбекұлын 1963 жылдың 9 ақпанында марапаттаған өз Құрмет грамотасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы “республикада азаматтық аваицияны өркендетуге белсенді қатысқаны үшін” деп айрықша атап көрсеткен болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы арада Талғат Бигелдиновке тәңір тарапынан ерекше бақыт бұйырғанын тағы бір қайталап айтпай кете алмаймыз. Ақмола төңірегін зерттеп, тексеріп қарай келгенде әуежай құрылысын салуға барлық параметрлері бойынша Талғат ағаның туған ауылы Майбалықтың маңайы сәйкес боп шықты. Құдай әдейі аэродром салуға арнап жаратқандай! Құрылысын да қыран перзентінің өзі жүргізді. Мәскеуден алғаш ИЛ-18 ұшағы келіп қонғанда Майбалық ауылының кемпір-шалдарын, келіншектері мен балаларын ұшаққа отырғызып, Ақмола аспанында серуендеткен сері күндер-ай десейші! Еліміздің бас қаласы Астананың әуежайы халқымыздың бас ұшқышы, батыр қыранының ауылына осылай орнаған. Мұны қалай тәңірдің бұйрығы, тағдырдың сыйы демессің.\r\n\r\n \r\n\r\nБұдан соң құрылысқа құсы түскен Бигелдинов тағы да Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен байыту комбинатының құрылысына кірісті, одан соң Жамбыл суперфосфат комбинатын, Алматыдағы Республика сарайын, республикалық кітапхана ғимаратын салды. Осы жылдарда өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер тұрғызды. Осынау адамның осындай таусылмас қажыр-қайратына кім де болсын тәнті болғандай. Сөйтіп, 1972 жылы шаруашылық органдардағы белсенді жұмысы үшін берілген Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы да көп күттірмеді. Осылайша Талғат Бигелдинов ағамыздың республикаға сіңірген ерен еңбегі, еңбектегі ерлігі майдандағы қыран қаһармандығымен парапар болды деп айта алсақ керек. Өнеге, ғибрат осындай-ақ болар.\r\n\r\n Бүгінде Талғат Жақыпбекұлы тәуелсіз елінің өркендеріне қуанулы. Халық құрметіне бөленген. Елбасы да ілтипатынан әсте қалдырмайды. Егемен елінің де марапаттарынан кенде емес. “Отан”, І дәрежелі Даңқ ордендерімен мерейленуі соның айғағы. Ақтөбе Жоғары азаматтық авиация ұшқыштар институты мен Қарағанды республикалық авиациялық училищесіне екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің есімі берілген. Бірнеше қалалардың құрметті азаматы. Ел өмірін қадағалап, үн қосып отырады. Кейбір өкпе-назы болса ішінде шығар, сыртқа шығармайды.\r\n\r\n Ерекше тағдыр еншілеген қазақтың осындай текті қыраны болғанына мың шүкір. Қарт қыранға қарап бой түзейтін ұлан-ұрпақтарымыз мол болғай…\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Қорғанбек АМАНЖОЛ.\r\n\r\n