Орталық Қазақстан

0

                             Орталық Қазақстан

\r\n \r\n\r\nАумағы – 428 мың шаршы км\r\n\r\nҚұрамы – Қарағанды облысы\r\n\r\nХалқы – 1411,7 мың адам\r\n\r\nХалқының тығыздығы\r\n\r\n1 шаршы км-ге 3,6 адамнан\r\n\r\nҚала халқы – 86%\r\n\r\nҚР халқының 11%-дан астамы тұрады\r\n\r\n \r\n\r\nГеографиялық орны . Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық  Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін кө- мірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады,\r\n\r\nал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығысезінуіне себепші болды .\r\n\r\n \r\n\r\nТабиғат байлықтары . Тас көмір, мыс, темір және марганец кендері , полиметалдар, сирек және шашыранды металдар, әр түрлі отқа төзімді балшықтар, басқы да құрылыс материалдары бар .\r\n\r\n \r\n\r\nТабиғат жағдайлары . Орталық Қазақстанның табиғат жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті дамытуға онша қолайлы емес .Жердің климаты республиканың басқа аудандардың климатымен салыстырғанда неғұрлым континентті , жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз ,күшті жел соғып тұрады . Жауын-шашын аз жауады . Солтүстігінде Қарағанды және Қарқаралы ауданыңда жауын-шашынның мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суармайтын егіншілікпен айналысуға мүмкіндік береді .\r\n\r\nОсы жерден астық тұқымдастар өсетін құрғақ дала зонасының жіңішке алқабы өтеді, топырағы қоңыр қызыл, ал ауданның бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл қызғылт топырағы бар шөл дала зонасы алып жатыр, оңтүстік бөлігі жусанды , күйреуікті шөл зонасына өтеді, бұл зона, негізінен, мал жайылымы ретінде пайдаланылады .\r\n\r\n  Жер суаруғақажетті өзендер өте аз, ал ауданның оңтүстігі мен батысында көптеген аумақтарда ағын сулар мүлдем жоқ . Сондықтан Орталық Қазақстанды сумен қамтамассыз ету мәселесінің орасан зор халық шаруашылық маңызы бар . Ол ауданның өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын дамыту көп жағдайда осы мәселенің шешілуіне келіп тіреледі . Ауданның сумен жабдықталуынжақсарту үшін көптеген өзендерде бөгеттер салынған .\r\n\r\nМысалы, Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері, ал 70 жылдардың басында ұзындығы 500 км-ден асатын Ертіс-Қарағанды каналы іске қосылды . Ол Павлодар облысындағы Ақсу қаласының маңынан басталады.\r\n\r\nШаруашылық географиясы . Орталық Қазақстанның экономикалық негізін кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия құрайды, сонымен бірге машина жасау мен химия өнеркәсібі дамып келеді . Өнеркәсіптік тұрғыдан алғанда, өзара тығыз байланысты ірі кен өндірушіжәне өндеуші өнеркәсіптің дамуы Орталық Қазақстанда бірыңғай аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің қалыптасуына себепші болды . Оны, негізінен, 2 өнеркәсіп торап                                                                 (Қарағанды-Теміртау, Балқаш-Жезқазған ) құрайды .Орталық Қазақстандағы өнеркәсіпторабының ең қуаттысы әрі дамығаны  –  Қарағанды-Теміртау торабы.\r\n\r\n  Қара металлургия: Қазақстан экономикасының серпінді дамуын айқындайтын факторлардың бірі дамыған тау-кен металлургия кешенінің болуы болып табылады. Бұл ретте өндірілетін қара және түсті металлургияның айтарлықтай үлесі Қарағанды облысының аумағында орналасқан кәсіпорындарға тиесілі.\r\n Қарағанды облысы жеткілікті өңдеуші кәсіпорындар жинақталғандықтан металл өңдеу жөніндегі кластерінің кәсіпорындарын ұйымдастыру үшін барынша дайын, бұл олардың арасындағы тиісті ынтымақтастықты ғана емес, өз кезегінде өнім сапасын жоғарлатуға алып келетін бәсекелестіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.\r\n «Металлургия» пилоттық кластерін жасау және дамыту жоспарында ұсынылған іс-шаралар металлургияның 4-5 қайта бөліс өнімдерінің, машина жасау өнімдерінің экспорты өсімін ынталандыруға, сондай-ақ экономиканың осы секторына ірі металлургия корпорацияларымен бірігу қағидаты бойынша шағын және орта кәсіпорындардың мүмкіндігінше көбін тартуға бағытталған шойын, болат қорытып , прокат шығаратын Қарағанды-Теміртау комбинаты .\r\n\r\n  Түсті металлургия : Балқаш-Жезқазған кен металлургия комбинаты , вольфрам мен молибден өндіретін Қайрақты-Көктемкөл кен байыту комбинаты .\r\n\r\n  Машина жасау : кен шахта және металлургия жабдықтары , электр энергиясы жабдық тарын өндіру .\r\n\r\n  Химия өнеркәсібі : көмір өнеркәсібі мен қара металлургия бірлесу (кооперация) арқылы өркендеді . Синтетикалық каучук және резеңке-техникалық бұйымдар зауыты . Кокс химиясы өнеркәсібі азот тыңайтқыштарын, тас көмір смоласын, күкірт қышқылын өндіреді .\r\n\r\n  Жеңіл өнеркәсіп :  Қарағанды аяқ киім фабрикасы, жиһаз фабрикасы, сыртқы трикотаж, тігін және шұлық бұйымдары кәсіпорындары .\r\n\r\n  Тамақ өнеркәсібі : Қарағанды ет комбинаты, Қарағанды кондитер фабрикасы, диірмен комбинаты, Балқаш балық зауыты .\r\n\r\n \r\n\r\nАуыл шаруашылығы\r\n\r\n \r\n\r\n  Егін шаруашылығы : Қарағанды облысының солтүстік аудандарында жаздық дәнді-дақылдар егіледі .\r\n\r\n  Мал шаруашылығы : қой шаруашылығы жақсы дамыған . Сонымен бірге ірі қара, ешкі, жылқы, түйе және шошқа өсіріледі .\r\n\r\nКөлік географиясы .  Қарағанды облысының аумағын бойлық (меридиандық) бағытта 1205 км-ге созылатын Петропавлдан Қарағанды арқылы Балқашқа қарай трансконтиненттік теміржол кесіп өтеді . Аса маңызды жүк тиеу мен түсіру станциялары : Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Жарық, Мойынты, Осакаровка және т.б.\r\n\r\n \r\n\r\nПроблемалары \r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Жезқазған кешенін дамыту оны сумен қамтамассыз ету .
  2. \r\n

\r\n \r\n

    \r\n

  1. Кен орындарын игеру барысында табиғатта қалатын көң-қоқыс .
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n

Тарихы

\r\nҚарағанды облысының тарихы 1932 жылдан бастау алады. Сол жылы орталығы Петропавл қаласы болып белгіленген Қарағанды облысы құрылды. Арада төрт жыл өткенде ол екіге бөлінді. Біреуі Солтүстік Қазақстан аталып, екіншісі Қарағанды қаласы және 14 аудан қараған жаңа аймаққа айналды\r\n\r\n1944 жылдың 31 желтоқсанында Теміртаудағы Қазақ металлургиялық қайта өңдеу зауытының бірінші мартен пешінің қатарға қосылып, қазақстандық тұңғыш болат алынды.\r\n\r\n1947 жылы 12 миллион 565 мың тонна көмір өндіріліп, Қарағанды Одақтағы үшінші отын ошағы ретінде танылды. Қазақ металлургия зауытында екінші мартен пеші іске қосылып, экономиканың нығаюы басталды.\r\n\r\n \r\n\r\n1949 жылдың 16-21 маусымы аралығында қалада «Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеп, игеру проблемалары» жөніндегі Қазақ ССР Ғылым академиясының көшпелі сессиясы өткізілуі аймақ ғылымының дамуына тың қозғау салды. Геология басқармасы құрылып, жаңа кен көздерін іздестіріп табу істерін кең ауқымды жүргізу жолға қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\n1949 жылдың 29 тамызында Семей полигонында тұңғыш атом бомбасының сыналуы облыс тарихындағы қаралы таңба болып қалды. Төрт жылдан кейін Дегелең тауы тұсында сутегі қаруы жарылып, Егіндібұлақ аймағы өңірі тұрғындарына тағы ауыр зардап әкелді. 1949-62 жылдары бір кездегі әсем өңірдің ашық аспанында дүлей қарудың 266 жарылысы жасалды. Содан кейінгі уақытта да сынақтар тоқталмай, дала 300 рет ғаламат жарылыстардан сілкінді.\r\n\r\n 

Еуропалық орта ғасыр әдебиеті

0

Еуропалық орта ғасыр әдебиеті

\r\n   Антик құл иеленушілік қоғамның ыдырауы бір кезде Рим империясымен біріккен Солтүстік Америка және Орта Азиядағы сансыз көп тағы тайпалардың көшуіне жол ашты (ирландықтар, славяндар, арабтар, монғолдар, түріктер). Осы тайпалардың негізінде орта ғасырлық феодалдық мемлекеттер және қазіргі заманның европалық халықтары құрылды.\r\n\r\n       Орта ғасыр әдебиетінің тууы мен дамуына үш ең басты фактор әсер етті: халық ауыз әдебиеті, антик әлемі және христиандық дін.\r\n\r\n       Батыс Европада үстемдік алған варвар халықтарда сол кезде өздерінің өте жақсы дамыған поэзиясы болған. Сол поэзия кейінгі Европа әдебиетінің негізін салды.\r\n\r\n       Ежелгі поэзияның бір түрі – еңбек өлеңдері. Бұл өлеңдер еңбек процесін қостайтын әр түрлі дыбыстардан пайда болған. Еңбек өлеңдерінен әдет-ғұрып өлеңдері өріс алды.\r\n\r\n       Орта ғасыр әдебиетінің алғашқы дамуына католиктік шіркеу үлкен әсер етті. Сол кездегі бірнеше әйгілі әдеби жанрлар шіркеу әсерімен туған: діни гимндер мен өлеңдер, әулиелер өмірі, таурат парафразалар тағы да басқалар. Шіркеу ішінде діни драма да туды.\r\n\r\n       Орта ғасыр әдебиетіне едәуір әсер еткен екінші ірі фактор – антик әлемі (өнер мен әдебиет). Алғашқы кезде германдық жаушылар антик мұраның барлығын жойды. Бірақ және мәдениетті құру үшін негізгі материал керек болды. Үлгі ретінде жойылған антик мұраның қалдығын жинау басталды. Мемлекеттік заң және жоғарғы әкімшіліктің тілі ретінде латын тілі қабылданды.\r\n\r\n       Орта ғасыр әдебиетінің дәуірге бөлінуі сол кездегі Европа халықтарының қоғамдық дамуының кезеңдерімен бірыңғай келеді: 1) рулық қоғамның ыдырауы және феодалдық қатынастардың пайда болу кезінің әдебиеті, 2) өркендеген феодализмнің әдебиеті. Бірінші дәуір шамамен Х ғасырдың аяғына дейін созылады. Әр түрлі халықтардың тарихи және әдеби дамуы бірдей болған жоқ. Бәрінен бұрын ортағасырлық әдебиет Францияда дамыды. Ол елде феодализм негізінде ІХ ғасырда құрылған. Ал Германия, Европа елдері және Англия Франциядан біраз артта қалды. Даму жағынан соңғы орында қалған скандинавтар және кельттер басып алған Еуропаның шеткі солтүстік және солтүстік-батыстық аймақтары. І кезеңнің әдебиеті ІІ кезеңмен салыстырғанда біртұтас және бірыңғай болып көрінеді.\r\n\r\n       Ал, ортағасырлық әдебиеттің екінші кезеңіне келсек, Европа мен Англияда ХІ ғасырдан XV ғасырға дейін өркендеген феодализм дәуірінің әдебиеті әлдеқайда қиын жағдайда дамыды. Мұнда сол елдердің даму жолымен анықталатын әдеби творчествоның бірнеше кезеңдерін айыруға болады. ХІІІ ғасырға дейін қоғамдық-саяси күрес негізінде феодалдар мен шаруа, басқаша айтқанда, бұқара халық арасында жүрді. Бұлардың арасында дін басылары өзгеше орын алады.\r\n\r\n       Сонымен, ХІІІ ғасырға дейін үш ерекше әдеби ағым дамыды – халықтық, клерикалық және феодалдық-рыцарьлық әдебиет. Клерикалық әдебиет – шіркеудің әсерінен туған әдеби ағым. (клерикализм – шіркеудің саяси және мәдени үстемдігін күшейтуге бағытталған реакцияшыл ағым).\r\n\r\n       ХІІ ғасырда қалалар көбейіп, өркендей бастайды. Оларда ерекше (қалалық деп аталған) өнер мен әдебиет пайда болады.\r\n\r\n          Германдық эпос. Ежелгі германдық эпостың идеологиялық мазмұны сол кездегі барлық халықтарға тән. Батырлар жыры жауынгерлердің ерлігінің даңқын шығарады. Германдық эпоста кейіпкерлердің арасында жаңа қарым-қатынастар тағайындалады, бөлек-бөлек аңыздар циклдарға бірігеді.\r\n\r\n       Эпостық қаһарман ерекше күштің, сұлулықтың, батылдықтың өнегесі болып табылады. Әр түрлі адамдардың ерліктері бір эпостық қаһарманның ерлігі болып есептеледі.\r\n\r\n       Ежелгі германдық эпос арфаның қостауымен айтылған. Өлеңдерді (жырларды) орындаушы, шығарушылар және айтушылар – жасақшы – әншілер. Олар басқа жауынгерлермен бірге шайқастарға қатысып, солардың ерліктері туралы жырлаған. Сонымен қатар, жасақшы – әншілер ауыз әдебиетінде сақталған ескі, көне заманның оқиғалары туралы баяндаған. Жасақшы әншілер ерекше үлкен құрметке ие болған. Олар өздерінің айтқан немесе шығарған өлеңдері үшін бағалы сыйлықтарды алып тұрды (корольдің қазынасынан алтын сақиналар, білезіктер т.б.)\r\n\r\n       Ежелгі неміс әдебиеті пайда болғаннан бастап (VIII ғасыр) монастырлық оқу мен христиандық дінге қызмет етті.\r\n\r\n       Ежелгі германдық эпостың сақталған жалғыз ескерткіші – «Хильдебрант туралы өлеңнен» үзінді. Бұл өлең әкесі мен ұлының кездесуінен басталады. Мұндай сюжет басқа халықтардың эпосында кездеседі (мысалы, орыс былиналарда Илья Муромец пен Сокольниктің кездесуі, парсылар эпосында – Фирдоусидің «Шахнамесінде» – Рустам мен Сохрабтың кездесуі т.б.). Бұл аңыздарда қаһарманның ұлы басқа елде басқа әйелден туады (некесіз туған бала). Ол ер жетіп әкесін іздеуге кетеді. Көптеген сюжеттерде әкесі  шайқаста ұлын жеңіп, оны танымастан бұрын өлтіреді.\r\n\r\n       Ежелгі германдық эпостың сақталған ескерткіштерінің бірі – англосакс тілінде жазылған «Беовульф туралы поэма». Англосакс тілі деп ежелгі ағылшын тілін айтады. Бұл тілде V ғ. Британияны басып алған германдық тайпалар сөйлеген. «Беовульф туралы поэма» біздерге дейін тек жалғыз қолжазба түрінде жетті. Ол Х ғасырдың басында жазылған ежелгі өлеңдер. Поэма 2 бөлімнен және оларға кірген 3000 өлеңнен тұрады. Сол 2 бөлімді біріктіретін бейне – Беовульф бейнесі. Беовульф тарихи адам емес, поэмада тарихи оқиғалар көрсетілгенмен, көптеген эпизодтары басқа халық ертегілерімен салыстырмалы. Ежелгі германдықтар өзінің поэзиясын өлең түрінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жалғастырды.\r\n\r\n         “Эдда” деген сөздің мағынасы әлі күнге дейін анықталған жоқ. “Эдда” жинағына кірген батырлар туралы өлеңдердің көбі Зифгридке, Нибелунгтар өліміне, Эрманарик пен Сванхильдаға арналған. Бұл сюжеттер Германияда пайда болып, соңынан Норвегия арқылы Исландияға жетіп, қайта жөнделген.\r\n\r\n         IX – XIII ғғ. Норвегия мен Исландияда скальдтар өнері өркендейді. Скальд деп Скандинавияда жасақ көсемінің қарауындағы әншіні айтады. Скальдтар өздерінің заманы туралы және князьдар мен жасақшылардың ерлігін дәріптейтін өлеңдерді шығарды. Скальдтардың өлеңдері біздің уақытымызға дейін көбінесе үзінді түрде жетті.\r\n\r\n        Басқа ежелгі герман халықтарымен салыстырғанда исландықтардың өте бай прозалық әдебиеті болған. Бұл әдебиет ана тілінде шығарылған. Оны “сагалар” деп атайды. Бұл әдебиеттің негізінде Исландияның алғашқы тұрғындары туралы әңгімелер, рулық аңыздар жатады. Олардың көбі XII – XIII ғ аралығында жазылған.\r\n\r\n       Рулық сагалар тарихи фактілерді, адамдар мен қалалардың аттарын дәл көрсетеді. Әсіресе Исландия және Норвегияға байланысты оқиғаларды дәл көрсетеді. Рулық сагалар әдетінше бірнеше ұрпақтың тарихын, өмірін бейнелейді. Сагалар бас кейіпкердің өмірбаянынан басталады. Алдымен оның балалық шағы, алғашқы ерлігі туралы айтылады. Содан кейін оның теңіз саяхаттары, Норвегия королінің жасағына кіруі, теңіз жорықтарынан даңқы шығып, құрметпен еліне оралуы, үйленуі, бейбітшілікте өмір сүруі, атақты рулар арасындағы күндестігі мен өшпенділігі және солардың кесірінен тұған қанды шайқастар туралы баяндалады. Рулық сагаларда кейіпкерлер батырлар жырындағы қаһармандай дәріптелмейді.\r\n\r\n       Мифологиялық және қиял – ғажайып ирландық сагалармен салыстырғанда исландық рулық сагалар сол кездегі Скандинавия халықтарының тұрмысын, қоғамдық және жанұялық қарым – қатынастарды, әдет – ғұрыптары мен діншілдігін көрсетті. Исландық сагалар бұл жағынан германдықтардың этнографиясын зерттеу үшін таптырмайтын материал болып табылады.\r\n\r\n       Сансыз көп рулық сагалардың ішінде классикалық түрде жазылған және тарихи материалды дұрыс көрсеткен – “Эгил туралы сага”\r\n\r\n       Рулық және тарихи сагалармен қатар аңыздар мен фантастикаға негізделген сагалар да болды.\r\n\r\n       Халық поэзиясы. Қоғамның түрлі жеңілдіктерін пайдаланушы таптар өздерінің мүдделері мен көзқарастарын рыцарлық және клерикалық әдебиеттен тапты. ХІІ ғ. бастап қалалардың ролі күшейіп, олар өздерінің ерекше қалалық әдебиетін шығарды. Ал жазу білмеген бұқара халық  өз шығармашылығын орта ғасырлардың ортасына дейін тек қана ауызша жалғастырды.\r\n\r\n       Ортағасырлық әдебиеттің негізгі бағыттарының әлеуметтік тегі әртүрлі болса да, олар бір-бірімен байланысты болды. Халық ауыз әдебиеті жазба әдебиетіне өте бай материал беріп, оны өзінің сюжеттері мен бейнелерімен түрлендіріп, қамтамасыз етті. Халық поэзиясы  өте бай және өз бетімен дамыған әдебиет болса да, ол ауызша дамығанның кесірінен тек XIV-XV ғғ.  дейін өркендеді.\r\n\r\n       Халық өмірі туралы өлеңдердің авторы болған кәсіби әншілер. Оларды Францияда жонглерлер, Испанияда –  хугларлар, Германияда –  шпильмандар деп атаған. Жонглерлер ортағасырлық қоғамның барлық топтарына танымал болған. Олар жүргінші жолдармен жиһан кезіп, жолында кездескен қамалдарға, қалаларға және селоларға кірді. Жонглерлер  сол кездегі жаңалықтарды жинап таратушы болды. Олар өз заманының барлық оқиғаларына үн қосты. Оларсыз ешбір сарай салтанаты, жәрмеңке, діни я халық мейрамы өтпейтін болды.\r\n\r\n       Халық поэзиясының барлық түрлерінен ең жақсы сақталған батырлар жыры. Бұл жанр Ирландияда жақсы дамыған.  Оның негізінде рулық және жергілікті аңыздар жатады. Батырлар жырын орындайтын ақын жыршыларды бард деп атаған. Бард әнін музыкамен (сазбен) қостап, әртүрлі тарихи және аңыздарға айналған оқиғалар туралы, әр түрлі батырлар мен князьдардың құрметіне арналған өлеңдерді айтты.    \r\n\r\n      Француз батырлар жыры. Батырлар жыры туралы материал әсіресе Францияда жақсы сақталған. Бұл шығармалар жүзге жақын поэма түрінде сақталған. Олардың ең көне түрлері XI ғ. аяғында, соңғылары XIV ғ. жазылған.\r\n\r\n       Француз эпосының негізгі мазмұнын үш тақырыпқа бөлуге болады: 1) елін қорғау (мавр, норман, сакс жауларынан); 2) корольге адал қызмет ету; 3) қанды феодалдық шайқастар. Алдыңғы екі тақырып мейрімді және дана корольдың бейнесімен байланысты. Көптеген поэмаларда бұл король Ұлы Карл болып аталады. Карл поэмаларда шындыққа жатпайтын бейне: ол әрқашан мейірімді, әділ, ұрыстарда жеңімпаз, сатқындарға қатал король болып бейнеленеді.\r\n\r\n         «Роланд туралы жыр». Француз эпосының әйгілі шығармасы, ортағасырлық поэзияның шыңы болып есептелетін поэма – «Роланд туралы жыр». Бұл поэма 4002 өлеңнен тұрады, жазылу уақыты – 1100 ж. шамасы, алғашқы крестік жорығы кезіне дейін. Авторы белгісіз.\r\n\r\n       Поэма Ұлы Карлдың жиені граф Роландтың Ронсеваль шатқалында маврлармен шайқаста ерлікпен қаза тапқаны туралы баяндайды. Эпос Роландтың қазаға ұшырауына себеп болған өгей әкесі Ганелонның сатқындығы және Ұлы Карлдың Роланд және 12 пэр үшін кек алуы туралы баяндайды.\r\n\r\n       Роланд поэмада рыцарлық ерлік пен аса мейірімділіктің өнегесі болып көрсетілген. Роландта феодалдарға тән эгоизм, қомағойлық, қатыгездік жоқ. Ол өзінің отанына, халқына, короліне шын берілген рыцарь. Ол өзінің өмірін «сүйікті Францияға» арнаған.\r\n\r\n       Рыцарь болғанымен Роланд халыққа жақын, ол нағыз халық қаһарманы болды. Сондықтан «Роланд туралы жыр» тек қана Францияда емес, басқа Еуропа елдерінде де танымал болды. Поэманың аудармалары орта ғасырдың өзінде-ақ неміс, ағылшын, итальян, испан, скандинавтар, кельттер тілінде болған.\r\n\r\n          Клерикалық әдебиет. ХІІ – ХІІІ ғ. аяғына дейін халық поэзиясымен қатар клерикалық әдебиет өркендеді. ХІІ ғ. дейін тек дін басылары мен ақсүйектер ғана монастырлық мектептерде оқып білім алатын болған.\r\n\r\n          Клерикалық әдебиетте әулиелер өмірі мен әртүрлі діни аңыздар үлкен орын алады. Бұл аңыздар латын және басқа тілдерде елден елге, халықтан халыққа көптеген варианттарда тараған.\r\n\r\n          Әулиелер өмірі туралы әңгімелердің мазмұны әр алуан. Оны  3 топқа бөлуге болады.\r\n

    \r\n

  • бірінші топқа әр түрлі мұқтаждық, азап көрген, өзін өзі аштықпен, суықпен т.б қинаған, әулиелердің өмірбаяны ( мыс. Әулие Алексейдің өмірі ) ;
  • \r\n

  • әртү рлі тайпаларды, аймақтарды христиандыққа айналдыратын миссионерлердің өмірі туралы ( үстем шіркеудің басқа діндегілердің арасында өз дінін уағыздау үшін жіберетін адамы ).
  • \r\n

  • Құлдыққа түскен адамдарды қорғау және адамгершілік туралы әңгімелер ( мыс., Әулие Герман – ол өзінің барлық жинаған ақшасын тұтқындар мен құлдарды сатып алуға жұмсаған ).
  • \r\n

\r\n          ХІІ ғ. ортасынан бастап құдайанаға табынумен байланысты оның жасаған таңғажайып істері туралы көптеген әңгімелер шығады. Сол кезде адамдардың өлгеннен кейінгі тағдыры туралы әңгімелер көп таралды. Осы әңгімелердің сюжеттеріне ортағасырлық адамдар көп назар аударған, өйткені ол әңгімелерде өлгеннен кейін мейірімді адам жұмаққа барады, ол дүниелік жазаны тартады деген. Осыны естіген ортағасырлық қанайған адамдар ол дүниеде қанаушылар жазаға тартылады деп сеніп, үміттенген. \r\n\r\n           Рыцарлық әдебиет. ХІ-ХІІ ғғ. Батыс Европада феодалдық қоғамның үстем табы біржолата құрылды. Рыцарьлар енді әскери-феодалдар ақсүйектердің ерекше ұйымына айналды. Олардың өздерінің жазылмаған заңдары, дәстүрлері, жүріс-тұрыстың ережелері (қағидалары), абырой мен айыбының идеалдары болған. Сол заң бойынша рыцарь ер жүрек, әділ, адал, мейрімді, мырза адам болуы керек. Ол шіркеуді, әлсіз, әйел адамдарды, жетімдерді қорғау керек, өз қожайына (сюзеренге) адал еңбек ету керек және бөтен діндегі адаммен күресу керек. ХІІ-ХІІІ ғғ. (рыцарьлар поэзиясының) осы идеалды шығаруда рыцарьлар поэзиясының ролі орасан зор болды.\r\n\r\n       Рыцарьлар әдебиеті әсіресе Францияда өркендеді, ол басқа европа елдерінің әдебиетіне өнеге болды.\r\n\r\n       Францияда ХІІ ғ. – ғылымның гүлдену кезеңі 1200 ж. Париж университеті құрылады. Ол ғылымның ірі орталығы болады. Әдебиетте әсіресе Аристотель, Вергилий, Овидий, Цицерон еңбектері оқылады.\r\n\r\n       Рыцарьлық әдебиет өз мүмкіндіктерін әсіресе лирика мен романда толық пайдаланды.\r\n\r\n       Ұлы Карл империясының күйреуінен кейін Францияның оңтүстігіндегі Прованс облысы солтүстіктен саяси тәуелсіз болды. Онда латын тілінен өз бетімен провансаль тілі өркендедеі. Ол сол кездегі әдеби тілдің дамуы болды. Прованс әдебиеті барлық халықтарға үлгі өнеге болды. Рыцарь идеалы бәрінен бұрын осы Прованста пайда болды.\r\n\r\n       Рыцарьлар лирикасының халық өлеңдерінен үлкен айырмашылығы болды. Рыцарьлар лирикасының ерекше техникасы  мен шеберлігі көрінеді. Прованс ақынды трубадур деп атаған. (трубадур – табу). Олар өлеңдерінің стиліне, әсіресе көркемдік формасына үлкен мән береді.\r\n\r\n       Сонымен қатар трубадурлар лириканың сан алуан түрлерін шығарған. Солардың негізгі түрлері: кансона (сүйіспеншілік өлеңдері), сирвента (саяси тақырыпқа жазылған өлең), тенсона (екі ақынның арасындағы мораль, әдеби т.б. тақырыпқа дауласу). Пасторелдер мен альбалар ерекше орын алады.\r\n\r\n       Трубадурлар арасында 30 шақты әйелдер болған.\r\n\r\n       Трубадурлар лирикасында жиі кездесетін сөздер – «қуаныш», «шаттық», «жастық». Негізгі тақырыбы – махаббат, соның ішінде бұл күйеуге шыққан әйелге сүйіспеншілік.\r\n\r\n       (Труба) Біздерге дейін трубадурлардың өлеңдерінен басқа ХІІІ ғ. құрылған олардың өмір-баяндарының жинағы жетті. Солардың ішіндегі ең әйгілі трубадурлар – Бернарт де Вентадорн және Бертран де Борн. Біріншісі махаббат тақырыбына, екіншісі – саясат тақырыбына жазған.\r\n\r\n       ХІІІ ғ. провансаль лирикасы төмендейді. Оның орнына қалалық поэзия келеді.\r\n\r\n       Жалпы прованс лирикасы европа поэзиясының негізін салушы болды.\r\n\r\n           Қалалық әдебиет. ХІІІ ғ. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ортағасырлық мәдениет өзінің жоғары деңгейіне жетеді. Сол кезде саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында, адамның ақыл-ойында үлкен өзгерістер пайда болады. Философия және басқа ғылымдар да өркендейді.\r\n\r\n       ХІІ ғ. қалалар туралы әдеби шығармалар шыға бастады. Әдебиетте өмірмен бірте-бірте байланысын үзген рыцарьлар поэзиясымен қатар жаңа, қалалық әдебиет дамыды. Ол күнделікті өмірді, қоғамның барлық таптары өкілдерін, әсіресе, шаруаларды, бейнелеуді мақсат етті.\r\n\r\n       Қалалық әдебиет рыцарьлар әдебиетімен байланысты болса да, оған негіз болған халық ауыз әдебиеті. Қалалық әдебиетте кездесетін ең жақсы образдар мен сюжеттер фольклордан алынған.\r\n\r\n       Қалалық әдебиет рыцарьлар поэзиясының кейбір жанрларын пайдалып, өздерінің өзгерістерін енгізді. Қалалық әдебиеттің жанрлары: публицистикалық, сатиралық лирика, өлеңмен жазылған қысқа тұрмыстық әңгімелер, үлкен сатиралық және аллегориялық романдар, әртүрлі дидактикалық (өсиетті) шығармалар. Қалалық әдебиеттің стилі де өзгерді. Ол рыцарьлар поэзиясының сыпайылығына, әсемділігіне, нәзіктілігіне қарсы халық тіліне жақын болды.\r\n\r\n       Францияның қалалық әдебиеті. Ортағасырлық қала тұрғыны өлеңмен жазылған күлкілі қысқа әңгімелерді жақсы көрді. Оның басты кейіпкері көбіне епті әрі қу қала тұрғыны немесе жайдары, тапқыр шаруа болды. Олар үнемі өзінің жауларын – тәкаппар рыцарьларды және қомағай монахтарды келекеледі.\r\n\r\n       Францияда өлеңмен жазылған ұсақ әңгімелер – фаблио қалалық әдебиеттің (ішінде) кең тараған жанрларының бірі болды. Ол күнделікті өмірден алынған қызықты, ерсі оқиғалар туралы әңгімеледі.\r\n\r\n       Фаблио 3 топқа бөлінеді. Оның қарапайым түріне анекдоттар жатады.\r\n\r\n       Фаблионың 2-ші тобына әлеуметтік бағытта жазылған, сюжеті жақсы дамыған әңгімелер жатады. Бұларда рыцарьдан гөрі қала тұрғынына тән қасиеттер дәріптеледі: тапқырлық, ұқыптылық, ептілік т.б. Типтік фаблиоға «Шаруа – емші» атты әңгіме жатады. Осы фаблио ХVII ғ. драматург Ж.-Б.Мольердің «Амалсыз емші болған» шығармасына негіз болды.\r\n\r\n       Фаблионың 3-ші тобына қоғамның әртүрлі таптарына, соның ішінде, қала тұрғындарына тән кейбір кемшіліктер әшкерленетін шығармалар жатады. Бұл әлеуметтік сықақ ауқатты қала тұрғындарының сараңдылығына, рақымсыздығына, мейірімсіздігіне, қомағойлығына, дін қызметшілерінің әдепсіздігіне, екіжүзділігіне, рыцарьлардың ақылсыздығына, дөрекілігіне, кәсіпқой алдамшылардың қитұрқы қылықтарына қарсы бағытталған.\r\n\r\n       Фаблионың ортасында – қала тұрғындары, олардың сол кездегі сауда-саттыққа байланысты дамыған жаңа қарым-қатынастар, қалалықтардың типтік белгілері. Бірақ қала тұрғындары екі жақты суреттеледі: бір жағынан, олардың ептілігі, икемділігі авторды таңқалдырады, ал екінші жағынан, сол қасиеттер адамды тонау немесе қанау үшін пайдаланатын болса, олар қатты әшкереленеді. Бұл сол кездегі қарапайым халықтың, шаруаның, қала тұрғындарының көзқарасы болды.\r\n\r\n       Көптеген фаблиолардың сюжеттері өзге халықтардың ертегілері, новелла, өсиетті әңгімелеріне жақын.\r\n\r\n       Ортағасырлық фаблио кейінгі француз әдебиетіне үлкен әсерін тигізді. Фаблионың сюжеттері Ф.Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романында, Ж.Б. Мольердің комедияларында, П.Лафонтеннің ертегілерінде, Ги де Мопассанның новеллаларында кездеседі. Фаблионы материал ретінде Д.Боккаччо және басқа да итальян жазушылары пайдаланған.\r\n\r\n       Франция қалаларында ондаған жылдар бойында мысалдар мен ертегілерден «Түлкі туралы роман» дастаны шығарылды. Дастанда аң бейнесінде жалқау ірі феодал – Аю, шіркеудің топас қызметкері Есек, жемтік іздеп шарқ ұрған жауыз рыцарь – Қасқыр (Изенгрим), ақылды, тапқыр қала тұрғыны – Түлкі көрсетіледі. Түлкі Қасқырмен тартыста үнемі жеңіп шығады. Ал Қораз, Қоян, Ұлу бейнесінде берілген кедейлерді ол жәбірлегенде оның өзі қиын жағдайға душар болады.\r\n\r\n 

Сібір жұртындағы қыпшақтар

0

Сібір жұртындағы қыпшақтар\r\n\r\n(«Отан тарихы» журналынан — 2005/1)\r\n\r\n Шамшиденова Ф.М\r\n\r\n Б.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді.\r\n ІV ғасырда ғұндар батысқа кеткен соң, орман даласы тайпаларының едәуір тобы өз мәдениетінің ерекшеліктерін сақтағанмен, аз да болса солтүстік аудандарындағы орман халқы мен оңтүстігіндегі түрік тайпалары мәдениетінің элементтерін қабылдады. Бұлар VІ – VІІІ ғғ. Орман даласындағы угралар еді, әрі олардың Солтүстік-Шығыс Қазақстанда, Павлодардың Ертіс өңірінде, Түменде мекендегені белгілі. Батыс Сібірдің даласындағы угорлар ежелгі мадьярларға жатқан деген негіз бар [1. 304 б.].\r\n\r\n «Сібір тарихы» атты 5 томдық еңбекте ХІІІ ғасырда Ертіс өңірінің орманды алқаптарының оңтүстік бөлігінде этникалық өзгерістер болып, мұнда түрік-қыпшақтар баса-көктеп кіріп, ХІІІ ғ. монғол – татар шапқыншылығы нәтижесінде жартысы далалы жерден ығыстырылады деп жазылған [1.305 б.]. Жергілікті угор халқы төменгі Ертіс маңы солтүстік ауданы мен Нарым өлкесіне кетуге мәжбүр болды. Угорлардың қалған бөлігі сырттан келген тайпалармен араласып кетіп, ХV — ХVІ ғғ. Батыс Сібірде түркі тілдес «татарлар» этникалық жаңа топ пайда болды. Осындай тұжырымдамалар Батыс Сібірде түркі тілдес тайпалардың кейінгі орта ғасырда мекендеді деген жаңсақ пікірге әкеледі. Сондықтан күрмеуі көп осы мәселенің бір түйінін шешуге талпыныс жасап, біз өз мүмкіндігімізше талдап көрейік. \r\n\r\n Қыпшақтар жөніндегі алғашқы мәлімет жазба деректерде б.э.д. ІІІ ғасырда кездеседі [2. 40–41 бб.]. Б.э.д. 201 жылы Хун мемлекетінің негізін қалаушы Мөде Шаньюй солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше), динлин және гэгуньдер болған [3. 160–161 бб.]. Осындағы «кюйше» этнонимін «кыйчак» немесе «кыпшақ» деп қарастыруды алғаш рет Б.Карлгрен ұсынған болатын [4. 54 б.]. А.Н.Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен [5. 154 б.]. Батыс Түрік қағанатының жорығында цзюйше мен гэгу, яғни қыпшақтар мен Енисей қырғыздары аталады [6. 272 б.]. Мөденің Монғолиядан солтүстік-батысқа бағытталған жорығы, Дулу ханның Жетісудан солтүстік-шығысқа қарай жорығына мән берсек, екеуінің қиылысқан жерінде қыпшақтар мен Енисей қырғыздары мекендеген жер – Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далалары екенін байқауға болады. \r\n\r\n Қыпшақтар бір ғана территорияда 800 жылға жуық тұрған. Мұны М.П.Грязновтың жүргізген археологиялық қазба материалдары толық дәлелдейді. Ол Жоғары Обьтағы Большая Речка селосында жүргізген жұмыстары бойынша жоғары Обь мәдениетінің генетикалық жағы бір (б.э. ІІ – VІІІ ғғ.) одинцовский, переходный, фоминский деген кезеңдерін көрсетеді [7. 120 б.]. Нақ осы жоғары Обь мәдениетінде алғаш рет б.э. ІІ мың жылдығында шығыс Еуропа далаларында кең тараған ауыздық пен «сұрақ белгісіне» ұқсас ұзын өзекті сырғалар табылған. Әдебиетте бұларды «қыпшақтыкі» деп атаған.\r\n\r\n Қыпшақ мәдениетінің қалыптасуына көршілес Минусинск котловинасының таштык халқы да әсер еткен болу керек. І ғасырда олардың бір бөлігінің батысқа жылжуы Шөміштегі және жоғары Обь мәдениетінің молаларынан табылған заттар дәлелдейді. («Скифтік» кішкене қазандар, тарақтар, т.б.) [7.]. Обьтың жоғары жағында өлікті өртеу салты болған. Бұл жерге таштык мәдениетінің сарыны қандай жолмен енгенін дөп басып айту қиын, солай бола тұрса да ғалымдар солтүстік жолмен Енисей далалары арқылы Кузнецк Алатауын айнала Обь маңына келген деп топшылайды [4. 56 б.].\r\n\r\n ІХ ғасырдан бастап Солтүстік Алтай мен Батыс Сібірдің оңтүстік аудандарында сросткинск мәдениеті қалыптасады. Ол Бийск қаласы жанындағы Сросткинск селосында табылған қазбаға байланысты осылай аталған. Оны М.П.Грязнов тапқан болатын. \r\n\r\n ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениетіне тән өрнекті стиль осы солтүстік ауданда кең тараған, ал бұл жерде қыпшақтар қоныстанған. \r\n\r\n Таштык мәдениетімен қыпшақтардың туыстық қатынастары олардың европеоидтығы да көрсетеді, яғни оларды половцы, кұмандар, шары (сары) деп аталуы. Азиядағы европеоидтық нәсілдің бірі солтүстік динлиндер Минусинск котловинасында тұрған, мұнда тагар уақытының европеоидтық халқы мекендегенін палеантропологтардың мәліметтері дәлелдеген. Осындай нәсілдік белгімен қыпшақтар да ерекшеленген. Олар батыс динлин – тагарлықтардың көршілері болған, тіпті шығу тегі бойынша да байланысы болған болу керек [4.57 б.].\r\n\r\n Таштык мәдениетінің дәстүрі ұзақ өмір сүрді. Монғол дәуірінің мәдениетінде кейбір таштық формалары екінші рет көрінді. Оны өзегі майысқан сырғалар және жібі мен белдіктің құрсаулары өрнектердің кейбір түрлері және тұғырығы конусты кубиктің түрі, ал бұл кейінгі тагар мен таштык керамикасын қайталағаны дәлелдейді. Далалы алқаптағы аудандарда, таштык мәдениетінде де ежелден қалыптасқан мұндай дәстүр монғол дәуірінде бүкіл территорияда үстем болды [8. 76 б.]. Қыпшақ этногенезінде таштык компонентінің болуы қыпшақ тайпалары арасында бұл дәстүрдің ұзақ сақталғанын көрсетеді.\r\n\r\n Селенгі жазбаларында (VІІІ ғ. ортасы) қыпшақтар жөнінде «түрік – қыпшақтар бізді елу жыл бойы биледі», – деп жазылған [9. 38 б.]. Бұл жазба ұйғыр ханы Боян – чордың атына жазылған. Селенгі жазбаларында қыпшақтар ежелгі түріктер деп аталғандықтан, олар VІІІ ғ. бірінші жартысында ұйғырларға үстемдік жасады деген сөз. Ертеде Алтайда тұрған қыпшақтар Алашаньға қоныс аударып, болашақ Екінші қағанаттың «демографиялық негізін» қалады [10. 268 б.]. К.Ш. Шаниязов Екінші қағанаттың саяси өмірінде үлкен роль атқарған қыпшақтардың орхон тобын бөліп қарайды, ал оларға Батыс Монғолия мен Тувада тұрған ұйғырлар бағынған [11. 43–44 бб.]. Селенгі жазбаларын қайта зерттеген С.Г.Кляшторный ондағы «қыпшақ» этнониміне күдікпен қарады [12. 108 б.]. Бұл VІІІ ғ. бірінші жартысында Орталық Азяда қалыптасқан тарихи жағдайға сәйкес келетінін байқауға болады, яғни ұйғырлардың ежелгі түріктерге бағынған уақыты (688–741 жж.) шамамен жүз жыл құрайды, бірақ ешқандай жазба деректерде түріктер қыпшақтармен теңестірілмейді. Сонда Селенгі жазбаларын Кляшторный мен Сұлтановтың пікіріне сай есептемегенде, онда ең алғашқы түркі тіліндегі шығарма «Құтадғу білік» (1069 ж.) шығармасы болып табылады. \r\n\r\n ІХ – Х ғғ. қыпшақтардың қимақ мемлекетінің құрамына енгені жөнінде жазба деректер көп. «Қыпшақ» этнонимі Ибн Хордадбектің (ІХ ғ.), авторы белгісіз «Худуд ал – Аламда» (Х ғ.), Гардизи (ХІ ғ.), ал – Идриси (ХІІ ғ.) т.б. мұсылман деректерінде кездеседі. Көптеген авторлар қыпшақтар саяси жағынан қимақтарға бағынған дербес халық деп қарастырады. Бұл кезде қыпшақтар 9 тайпадан тұрған күрделі этникалық қауымдастық еді. «Худуд – ал – алам» бойынша қыпшақтар «қимақтарға қарағанда жабайы. Олардың патшаларын қимақтар тағайындайды» [13.].\r\n\r\n Б.э. І мың жылдығының басында қыпшақтардың мәдениеті Солтүстікке таман қалыптасып, сонда қоныстанды, ІХ ғ. ортасында араб географтары мен саяхатшылары олардың Батыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқанын жазды. Рашид-ад-диннің айтуынша қыпшақтар Оғызханның итбарақтарға қарсы жорығынан кейін пайда болды [14. 83 б.]. С.Ақынжановтың айтуынша, қыпшақтардың этногенезі Батыс Сібірдің орманды далаларында болды. Бұл Обь – Ертіс қос өзенінің орманды даласы деп пайымдаймыз. \r\n\r\n Солтүстігін «теңіз қоршап», «солтүстіктің адам тұрғысыз кеңістігі» жайлап жатты, ал оңтүстікте қимақтармен шекараласты. Батыс шекара өзгеріп отырды. Б.Е. Көмековтың айтуынша, VІІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. басында «қимақтардың оңтүстікке қозғалуымен қыпшақтардың Ертістен Батысқа жылжуы байқалады» [15. 56 б.]. Бұл кезде қыпшақтар Орал мен Арал маңы далаларына жетіп, ежелгі башқұрт тайпаларының құрамына кіріп, печенегтермен қақтығысады.\r\n\r\n Сросткинск мәдениетіндегі қимақтар мен қыпшақтар арасындағы шекараны нақты анықтау қиын. Обьтың жоғары жағында сросткинск мәдениеті жоғары обьтық мәдениеті алмастырып, М.П. Грязновтың пайымдауынша таулы Алтайдың көршілес аудандарынан келген, соған ұқсас Қурай, Тұяқты, Шибэнің кіші ескерткіші белгілі [7. 151 б.]. Сроткинск мәдениеті Алтайда емес, көрші жатқан Шығыс Қазақстан территориясында қалыптасқанын VІІ – VІІІ ғасырларға жататын ерте сросткинск кешенін бөліп қарағанда дәлелденеді [16. 101–102 бб.]. М.П.Грязнов атап кеткен сросткинск пен таулы Алтай ескерткіштерінің жақындығы белгілі, екеуін де қалыптастыруға телес тайпалары мен Шығыс Қазақстандағы яньмо тайпалары араласқан. Қимақ мемлекетінің құрылуымен сросткинск мәдениеті қимақ – қыпшақ территориясына кең тараған. Осы жерлердегі жергілікті мәдениетті, мысалы, Алтайдағы Жоғары Обь мәдениетін ығыстырған. Қыпшақ тайпаларының ортасын сросткинск мәдениетінің енгенін Бараба даласындағы Усть – Тартас және Челябинск облысындағы Синеглазова, т.б. қорғаны дәлелдейді [4. 61 б.]. Бүкіл территорияда сросткинск мәдениетінің таралғанын түрлі заттар дәлелдейді: сүйектен иілтіп жасалған түрлі заттар, үшкір тұмсықты қола және сүйек тоғалар, оқтың ұштары, ұзын белбеулер, әшекейлер, өрнекті стильдегі, т.б. Сросткинск мәдениеті ескерткіштерінің кең таралуы бұл этникалық мазмұнын жоғалта бастағанын, ал қимақ — қыпшақ бірлестігінде кең тарады деуге негіз бар. Ерте таптық мемлекеттік құрылымдарда И.С. Каменецскийдің анықтауынша түрлі мәдениеттер үстем еткен немесе мемлекеттік мәдениеттің ықпалымен тегістеліп жатады деген тенденцияны айтады. Осындай «мемлекеттік мәдениет» Батыс Сібірдің орманды далаларында ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениеті болды, ол қыпшақ елінің этникасы мен шаруашылығын қамтыды [17. 19 б.].\r\n\r\n Х ғасырдың ортасында қыпшақтар алғаш рет Ежелгі Русьтің шығыс шекарасына шықты. Ертеден белгілі Дешті – Қыпшақ ұғымы оңтүстік орыс далаларына тарай бастады. Бұл Дешті – Қыпшақтың шығыстағы шекарасының кішірейгені туралы ұғым қалыптастырды. Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қара теңіз өңірінен Солтүстік Алтайға дейін қоныстанған кезде болған күрделі этномәдени процестер жөнінде мәлімет береді.\r\n\r\n Х ғасырдың аяғында Сросткинск мәдениеті өмір сүруін тоқтатады, ал бұл кезде Қимақ мемлекеті де құлап, қыпшақ тайпаларының жаңа этноәлеуметтік қауымдастығы құрылады. Қимақ-қыпшақ федерациясындағы саяси биліктің ауысуы сыртқы жағдайларға да (найман тайпаларының Ертістің жоғары жағын алуы), ішкі жағдайда қыпшақтар әлеуметтік-экономикалық жағынан күшейді. В.Бартольдтың айтуынша, қимақтардың тарихи маңызы сонда, олардың арасынан қыпшақтар шықты [20. 549 б.]. Қимақтар біраз уақыт Ертістің сол жағында тұрады [15. 86-87 бб.].\r\nХІІ – ХІІІ ғғ. Оңтүстік орыс далаларына қоныстанған қыпшақтар сросткинск формаларына ұқсас мәдениетті (ауыздықты, белдікті, айылбас, үщ айыр, т.б.) әкеледі. Азиядағы қыпшақ кешенінің толық қалыптасуы сросткинск мәдениетінің жоғары шекарасы (Х ғ. аяғы) шығыс Еуропа далаларында (ХІІ ғ. басы) кең тараған кезеңімен анықтауға болады, яғни ХІ – ХІІ ғғ.\r\n\r\n Батыс Сібірдің оңтүстігі бұл кезеңнің ескерткіштері аз болғандықтан олардың тарихи жазбасын қиындатады. Олардың ішіндегі негізгісі Томск қаласының жанындағы Басандайка грунтовый могильнигі. Бұл кешеннің құрылысы жөнінде жазған авторлар (К.Э.Гриневич, А.П.Дульзон, З.Я.Бояршинова) оларды үш кезеңді қарастырды: Х – ХІІ ғғ. (монғол дәуіріне дейін), ХІІІ – ХІV ғғ. (Монғол дәуірі), ХVІ – ХVІІ ғғ. (Мұсылман молалары). Осының алғашқы екеуінің хронологиялық топтары мен түрлі жерлеу дәстүрлері тығыз байланысты екені айтылған (өлікті жерлеу, аттарды жатқызу, өртеу). «Түрік мәдениеті мен Камалық Чуд мәдениеті» араласқан, яғни жергілікті мәдениетпен сырттан келген оңтүстік мәдениетінің компоненттері болды. Табылған материалдарға сай сараптама жасалғанда Басандайка қабатының «жоғары енисей мотивтері» (оюлы әшекейлер, бір – біріне қарсы тұрған құстар, жүрек тәрізді подвески) ерте Басандайка кешенін сросткинск мәдениетімен байланыстырады. Жалпы жерлеу дәстүрі, сонымен бірге заттардың негізгі формалары Басандайка моласының көп бөлігі этникалық жағынан қыпшақтарға жатады деп анықтауға мүмкіндік береді; жоғары қабатындағы молаларды таштык мәдениетінің формалы заттары бар. В.И.Матющенко зерттеген Еловка І обасы Басандайка обасына ұқсас, ол ерте кезеңге жатады, мұнда сросткинск мәдениеті нақты бейнеленген [18. 156 б.]. Жерлеудің күрделі дәстүрі Басандайка дәстүріне ұқсас. Кейінгі дәуірге жататын Сылвенск мәдениетінің Пахомов обасы (ХІІ – ХІІІ ғғ.) авторлары угорлықтармен байлансытырып және қыпшақтардың шығыс тобымен – қимақтардың әсері болған, оның ішінде ежелгі Сібір рулары мен тайпалары болған [4. 65 б.]. Бұл кезде қимақтар мемлекеті болмағанын ескерсек, Сылвен мәдениетінің қыпшақ компоненті екені даусыз. \r\n\r\n Кең территорияда қыпшақ этномәдени қауымдастығының қалыптасуына байланысты күрделі этникалық процестер мен миграциялар жөніндегі ХІ – ХІІ ғғ. Оңтүстік және Батыс Сібірден табылған археологиялық ескерткіштер көрсетеді. Мысалы Пахомов моласындағы ескерткіштер Красноярскідегі Часовенногрск моласындағы ескерткіштермен ұқсас (ауыздық пен таға формалары, оюлы бляхи, т.б.), ал А.А.Гаврилова ондағы кейбір сросткинск элементтерін атап өткен [19. 182 б.]. Часовенной тауларындағы ескерткіштер ХІ – ХІІ ғғ. Тува мен Минусинск котловинасындағы мәдениеттің кейінгі кезеңіне жатады. Әрине, осының бәрі қыпшақтардың этникалық тарихына қатынасы болған. ХІ – ХІІ ғғ. Тувадағы обалар, Басандайка мен половецтердің грунтовый молалары, Шығыс Еуропа далаларында өз мүсіндерін жасаған, іс жүзінде бір келкі болған. Қыпшақтардың тас ескерткіштерінде Сібірдегідей заттар көп (екі тісті шанышқы, белдіктегі ілгіштер). Бұл б.э.д. ІІ мың жылдықтағы кейбір Сібір ескерткіштерінің қыпшақтарға жататынын дәлелдейді және монғол шапқыншылығына дейін Дешті Қыпшақтың түрлі аудандары арасындағы тығыз мәдени байланыстың болғанын көрсетеді.\r\n\r\n Қыпшақтардың шекарасына мән берсек, Батыс Дешті Қыпшақ шығыстан батысқа Жайықтан Днестрге дейін, оңтүстік пен солтүстікке Қара теңіз бен Каспий теңізінен кек қаласына дейін (қазіргі Саратов маңы) созылып жатты. Шығыс Дешті Қыпшақтың шекарасы шығыста – Ертіс, батыста – Жайық өзені, солтүстікте – Тобыл өзені, оңтүстікте – Балқаш көлі мен Сырдарияның орта ағысына енетін жерлер жатты. Осы шекараларға байыптап қарасақ, Сібірдегі Тобылдың жері де енгенін “Дотан батырң жырындағы мәліметпен де дәлелдеуге болады деп пайымдаймыз.\r\n\r\n …Ел сонда көшті дейді мақұл көріп,\r\n Қырық мың үй бір Дотанның соңына еріп\r\n Тобыл дейтұғын жерге қонды,\r\n Бір ай жарым арада көшіп келіп.\r\n\r\n Сарғуанның аяғы ұлан Тобыл\r\n Сол жерге келіп қонды көшкен ауыл\r\n Маңайына дұшпан жау жолатпастан,\r\n Дотан хан болып тұрды біррнеше жыл [22.209 б.].\r\n\r\n Шығыс Дешті Қыпшаққа он алты тайпа енген: бөрілі, тоқсоба, иетиоба, дуртоба, ал-арс, бөржоғлы, манқұроғлы, йимак, тағ, башқұрт, құманлы, базанак, баджна, қарабөріклі, үз, жортан. Батыс қыпшақтарға он бір тайпа енді: тоқсоба, иетиоба, бөржоғлы, елбөрілі, кангароғлы, анджоғлы, дурутоба, құлаоғлы, жортан, қарабөріклі, котан.\r\n\r\n Обь бассейнінің солтүстік жағасы мен оның сағасы Ертісте түркілену процесі жүрді. Бұл жерді мекендеген угра тілдес халыққа қыпшақ тайпалары үлкен әсер етті. Қыпшақтар орта Ертіс пен Тобылда мекендеген угорларды солтүстікке ығыстырып, біраз ассимиляцияланды. Тобыл және Бараба татарларының тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді [23. 473 б.].\r\n\r\n ХІІ – ХІІІ ғғ. Алтын Орда дәуірінде Половецская мәдениеті қалыптасты. Бұл кездегі ескерткіштерге Поволжье мен Қазақстандағы ХІІ – ХІV ғғ. Жошы монеталары жатады. Сонымен Батыс Сібірдің оңтүстік аудандары қыпшақ этногенезінің негізгі аймағы болды. Сросткинск мәдениеті оның әр кезеңінің тамырын құрады. \r\n\r\n ХІІІ-ХІV ғасырдың бірінші жартысындағы оқиғаларды сипаттайтын деректерде Жошы ұлысының көшпелі халқын “татарлар», “монғолдар», “түріктер», “қыпшақтар» деп атаған. Осылардың ішінен “татар» атауы көп қолданылды. ХV-ХVІ ғасырларда Орыс мемлекеті араласқан Қазан, Астрахань, Қырым және Сібір хандықтарын да “татарларң деп атаған, сөйтіп Қазаннан Астраханьға дейінгі, Қырым мен Батыс Сібірдің түркі тілдес халықтары “татарлар» деп аталды. Еділ бойы, Қырым мен Батыс Сібір татарларының этникалық негізін осы жерде бұрыннан тұрған түрік тайпалары мен қауымдастығы құрады. Ертіс, Тобыл және Тұра жерлері орыстар жаулап алғанша Сібір деген атпен белгілі болды [21. 195 б.]. \r\n\r\n Монғолдар келместен бұрын Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі сан жағынан көп тайпалар қыпшақтар еді. Сондықтан Алтын Орданы орыстар Қыпшақ Ордасы деп те атаған. 1237 жылы Батый Ресейдің шығыс және оңтүстік бөліктерін жаулағанда қыпшақтарды талқандады. Қыпшақтардың өз ішіндегі алауыздықтар монғолдардың тез жетістікке жетуінің бір себебі болды деуге болады.\r\n\r\n Сібірдегі “татарларң дегенде оның ішінде қыпшақтардың болғанын ескереміз. Орыс жылнамаларында да бұл кездеседі. Сібір жылнамаларындағы “Көшім хан» деген тарауда Көшімді “Қазақ Ордасынан келген Мұртаза ұлы…»,- деп жазған [24. 55 б.]. Демек, Көшім Қазақ Ордасының адамы болғандықтан Ібір-Сібір жұртының тарихы қазақ халқының тарихымен бірегей-бірлікте қарастырылады. Едігерді тақтан тайдырған Көшім құрған Сібір хандығының құрамына қыпшақтар да енген. Жалпы Ертістің жоғары жағы мен Омнан әрі, Бараба мен Құлындыда, Есіл мен Тобылдың жоғары жағында қазақтардың жазғы жайлаулары болған. Осы бір кеңістікте қыпшақ тектес халықтардың рухы басым болды десек қателеспейміз, өйткені Алтын Орданы, кейінірек Астрахань, Қазан, Қырым, Ноғай және Сібір хандықтарын жеке-жеке мемлекеттік құрылымдарға енгізгенмен, қыпшақ тектес бір ғана халық мекндегені белгілі. \r\n\r\n Батыс Сібірдің оңтүстігінде қыпшақтардың этникалық тарихы мен мәдениетінің төрт кезеңін бөліп көрсетуге болады: 1) VІІІ ғасырда қыпшақ этносының қалыптасуы; 2) ІХ-Х ғғ. қимақ мемлекеттік бірлестігіне қыпшақтардың енген кезеңі. Бұл кезеңдегі мәдениеттің негізі сросткинск мәдениеті болып, оның солтүстік аудандарында қыпшақтар қабылдады; 3) қыпшақ этномәдени қауымдастығының үлкен территорияда, оның ішінде Батыс Сібірдің оңтүстігінде қалыптасуы (ХІ-ХІІ ғғ.). Бұл мәдениет синкретті мәнде болды, алайда негізгі айқындаушы компоненті сросткин мәдениетінің дәстүрлері сақталды; 4) ХІІІ-ХІV ғғ. қыпшақтардың Монғол мемлекетінің құрамына енуі. Жошы ұлысының құрамында біртіндеп жаңа мемлекеттік мәдениет қалыптасады.\r\n\r\n Жоғарыда аталған Тобыл жерінде 1587 жылы Тобыл қаласы Мәскеудің бұйрығы бойынша Данил Чулковтың жетекшілігімен салынады. Мұндағы мақсаты Батыс Сібір орталығындағы түрік тілдес тайпалардың арасына бекініп, өз үстемдігін жүргізу еді. Көшім хандығы құлағаннан кейін оның орнына болған Сейтек ханды 1588 ж. Данил Чулков тұтқындап, Мәскеуге жібереді. 1590 жылы Тобыл Түменге бағынуын тоқтатып, Сібірдің дербес уездік қаласына айналады. Алғашқы кезде Тобыл уезіне Тобыл өзенінің төменгі жағынан басқа Ертіс, Обь, Тавда және Конда бойындағы барлық орыс иеліктері енді. Алайда ХІХ ғ. соңында Пелым, Березов, Сургут, Тара қалаларының салынуымен Тобыл уезінің жері едәуір қысқарды. ХVІІ ғ. Тобыл уезінде түрік тілдес халықтардың саны өскенін байқауға болады:\r\n\r\n Этникалық топ ХVІІ ғ. басы ХVІІ ортасы ХVІІ аяғы\r\n Түрік тілдес 3500 3900 4970\r\n Бұхарлықтар 240 44 280\r\n Остяктар 1700 1920 2630\r\n Барлығы 5440 6000 7880\r\n\r\n Б.О. Долгих түрік тілдес халықтарды татарлар деп жазған [25. 59 б.]. Олардың көпшілігі қыпшақтар болған деп пайымдасақ, оның көпшілігі Көшім ханмен бірге кеткен болу керек. 1598 жылғы Обь өзені бойындағы соңғы шайқаста Көшімнің 370 адамы өлді, 30 адамы қалып, Көшім отбасының 30 мүшесі (оның ішінде 16 әйел адам) тұтқындалды [25. 62 б.]. Көшіммен бірге 20 түтін көшіп жүрді. Бұл түтіннің әрқайсысында 5 адамнан болса, онда Көшім жеңілгенге дейін 630-640 адам болған, 50 бұхарлық саудагерлер болған. Сонда Көшіммен бірге кеткен адамдардың саны шамамен 1000 адам деп белгілесек, орыс тарихшылары жазып жүрген сібір татарларының саны аз болған болу керек, ал біздің пайымдауымызша әскерінің негізін қыпшақтар құрды. Тіпті орыстар келгенге дейін Көшімнің тұсында “сібір татарлары» деп отырған түрік тілдес тайпалардың саны ХІІ ғ. Басымен салыстырғанда 1000 адамға артық болған деп шамамен топшылауға болады. Көшімнің өзі де Қазақ Ордасынан келгендіктен Сібір жеріне жалғыз келуі мүмкін емес, нөкерлерімен келгені даусыз әрі Сібірде түрік тілдес қандастары болмаса келмеуі де ықтимал. Бұдан басқа Түмен татарлары да бар. Олардың да көпшілігі Көшіммен бірге кеткен, Көшім ұрпақтарымен байланыста болған. Оларды башқұрттардың табын руыныкі деп анықталып жүр. Бұл да терең зерттеуді қажет етеді деп есептейміз.\r\n\r\n Патша өкіметі Сібірді жаулағанда Көшім хан бастаған қол орыс отаршыларына қарсы тәуелсіздік үшін күресті алғаш бастады десек, оларға қарсы тұрған бірден-бір қол қыпшақтар болды десек қателеспейміз. \r\n\r\n Қорыта айтқанда қыпшақтардың тарихы Сібір жұртымен кейінгі орта ғасырда емес, ежелден-ақ тығыз байланыста болған.\r\n\r\n\r\n Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер:\r\n\r\n 1. История Сибири. Л., 1968.\r\n 2. Таскин В.С. Материалы по истории сюнну. Вып. 1. М., 1968.\r\n 3. Кызласов Л.Р. Таштыкская эпоха в истории Хакасско – Минусинской котловины. М., 1960.\r\n 4. Савинов Д.Г. Об основных этапах развития этнокультурной общности кыпчаков на юге Западной Сибири // история, археология и этнография Сибири. Томск, 1979.\r\n 5. Бернштам А.Н. Заметки по этногенезу народов Северной Азии // СЭ. 1947. №2. \r\n 6. Грум – Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край Т. 2. Л., 1926.\r\n 7. Грязнов М.П. История древних племен Верхней Оби // МИА. №48. 1956. С. 99 – 144.\r\n 8. Гаврилова А.А. Могильник Кудырге как источник по истории алтайских племен. – М. – Л., 1959.\r\n 9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности Монголии и Киргизи. М. – Л., 1959.\r\n 10. Гумилев Л.Н. Древние тюрки. М., 1967.\r\n 11. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…\r\n 12. Кляшторный С.Т., Султанов Т.И. Рецензия на книгу. Шаниязов К.Ш. К этнической истории узбекского народа…// Советская тюркология. 1975. №4.\r\n 13. Mіnorsky V. Hudіd al – Alam. London, 1937. § 21.\r\n 14. Рашид – ад – дин. Сб. л. Т. 1. Вып. 1. М. – Л., 1952.\r\n 15. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. По арабским источникам. Алма-Ата, 1972.\r\n 16. Арсланова Ф.Х. Памятники Павлодарского Прииртышья (ІІІ – ХІ вв.) // Новое в археологии Казакстана. Алма – Ата, 1968.\r\n 17. Каменецский И.С. Археологическая культура и ее определение // СА №2. 1970.\r\n 18. Матющенко В.И., Старцева Л.М. Еловский курганный могильник І периода железа // Труды ТГУ, Т. 206. Томск, 1970.\r\n 19. Гаврилова А.А. Сверкающая чаша с Енисея (к вопросу о памятниках уйгуров в Саяно – Алтае) // Древняя Сибирь. Вып. 4. Новосибирск., 1974.\r\n 20. Бартольд В.В. Кимаки. Статья из энциклопедии ислама. М., 1968. Т.5.\r\n 21. Миллер Г. История Сибири. Т.1. М.-Л., 1937. \r\n 22. Батырлар жыры. Т.2. Алматы, 1961.\r\n 23. Народы Сибири. Этнографические очерки. М.-Л., 1956.\r\n 24. Сибирские летописи. Спб., 1904.\r\n 25. Долгих Б. О. Родовой и племенной состав народов Сибири в ХІІ веке. М., 1960.

Парламент — заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi

0

Парламентзаңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi\r\n\r\nҚайрат АЙТБАЕВ,\r\n\r\nҚазГЗУ-дiң  Оңтүстiк Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы құқығы институтының ректоры, заң ғылымдарының кандидаты\r\n\r\n Өткен жылдың 4 желтоқсанында  болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа кезеңге қадам басты. Халқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта сайлады. Осы  кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды  стратегиялық мiндет етiп қойып отыр. Бұл  күрделi әрi аса  жауапты мiндет. Егер Қазақстан әлемдегi дамыған  елу мемлекеттiң құрамына кiрер болса, ол дамудың мүлде жаңа сапалық дәрежесiне көтерiледi.\r\n\r\nЕлiмiздiң қазiргi және болашақтағы дамуының негiзгi ұйымдастырушысы және кепiлi Президент Н.Ә. Назарбаев екендiгi баршаға белгiлi. Себебi, Қазақстан Конституция бойынша президенттiк басқару нысанындағы мемлекет.  Екiншiден, елiмiздiң Президентi  болып ерекше тарихи тұлға, мемлекет басқарудың терең бiлгiрi, халықаралық деңгейде мойындалған қайраткер Н.Ә. Назарбаев қызмет атқаруда.\r\n\r\nЕлбасы өзiнiң осынау қиын да, күрделi мемлекет басқару iсiнде мемлекеттiң басқа да атрибуттары – ең алдымен Парламентке, одан соң Үкiметке, Жоғарғы  сотқа, Конституциялық Кеңеске тағы басқа жоғарғы және жергiлiктi билiк органдарына сүйенедi. Соларға басшылық жасайды, олармен ынтымақтаса және ақылдаса отырып жұмыс жүргiзедi.\r\n\r\nРеспубликаның жоғарғы мемлекеттiк органдарының iшiнде Парламенттiң орны бөлек. Қазiргi заманғы демократиялық үрдiстердегi мемлекеттердiң  Парламентсiз қызмет етуi мүмкiн емес. Тiптi, кейбiр елдер Парламенттiк басқару әдiсiне ден қойған парламенттiк республика болып табылады.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы Парламентiнiң өзiнiң тарихи қалыптасқан жолы, үрдiсi бар. Парламент заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган. Өкiлдiк орган деп аталу себебi, ол халық сайлаған өкiлдер немесе халық өкiлдерi – депутаттардан тұрады. Ал, халық өкiлдерiмен санасу қазақ халқының тарихында ежелден қалыптасқан дәстүр.\r\n\r\nVI ғасырдың ортасында негiзi қаланған Көне Түрiк қағанатынан бастап — кейiнгi қазақ хандарына дейiн ел басшысы халық өкiлдерiнiң жиналысында сайланған. Қазақта ханды сайлауға халықтың игi жақсылары – рулар мен тайпа басшылары, сұлтандар, жаудың бетiн қайырған батырлар мен елдi аузына қаратқан билер, ақылман жыраулар мен елге беделдi өзге де азаматтар қатысқан. Олардың көбi ханның жанындағы кеңесшi орган хан кеңесiнiң мүшелiгiне сайланған. Бұлар жоғарғы өкiлдi билiктiң алғашқы нышандары болатын.\r\n\r\nҚазақ хандығы дәуiрiнде аса маңызды мемлекеттiк мәселелер халық өкiлдерiнiң жиындарында шешiлiп отырған. Олардың бiзге жеткен ең жарқын үлгiлерiнiң бiрi 1726 жылғы Ордабасы биiгiндегi қазақтың үш жүзiнiң өкiлдерiнiң бас қосуы. Бұл аса жоғары дәрежедегi өкiлдi  жиын-тын.  Осы жиында қазақтар бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарып, ынтымақ пен бiрлiктiң асқан үлгiсiн көрсетiп, бас сардарын сайлап алып, жоңғар басқыншыларынан жерiмiздi азат етудiң негiзiн қалады. Ордабасы жиыны бұған дейiн де бас қосып келген Дала парламентiнiң ерекше бiр көрiнiсi ғана. Қазақтар Ордабасыға дейiн де, одан кейiн де тұрақты түрде жиылып мемлекеттiк мәселелердi бiрiгiп талқылап, кеңесiп-пiшiп отырды. Бүкiл қазақ өкiлдерiнiң бас қосу орны – Мәртөбе, Күлтөбе тағы басқа орындар болған. “Күлтөбеде күнде жиын” деген сөз сол кезден қалған. Бұл да халқымыздың өмiр тарихындағы өкiлдi билiк тамырының тереңде жатқандығын аңғартады.\r\n\r\nАл, бұдан кейiнгi Қазақстанның Ресейге бодандығы дәуiрiнде өкiлдi билiктiң нышандары былай тұрсын, оның тәуелсiздiгi де түгелдей жойылды.\r\n\r\nКеңестiк кезеңде қазақтың алдымен автономиялы (1920-1936), одан соң Одақтас Республика (1936-1991) түрiндегi мемлекеттiлiгi құрылды. 1920-1937 жылдар арасында Кеңестердiң бүкiлқазақтық съездерi және осы съездер құрған Қазақ Орталық Атқару Комитетi жоғарғы заң шығарушы және жоғары өкiлдi органдар рөлiн атқарды. 1937-1995 жылдар арасында бiрден-бiр заң шығарушы және ең Жоғарғы өкiлдi орган болып Қазақ КСР-нiң (1991 жылдан Қазақстан Республикасының) Жоғарғы Кеңесi саналды. Кеңес Одағы құлағанға дейiн Жоғарғы Кеңес формальдi түрде қызмет атқарды. Мемлекеттiк билiк шын мәнiнде Коммунистiк партияның қолында болды. Парламенттiң рөлiн атқарған Жоғарғы Кеңес Компартияның шылауында болып,  айтқанына көнiп, айдағанына жүрдi. Сондықтан Кеңес дәуiрiндегi Жоғарғы Кеңестi бүгiнгi Парламентпен ешқандай салыстыруға келмейдi. Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 500-ге дейiн жеткенiмен ол тұрақты мемлекеттiк орган болмады. Оның сессиялары әрi кеткенде 2-3 күнге ғана созылды. Барлық заңдар формальдi түрде Жоғарғы Кеңес атынан қабылданып, бекiтiлiп жатты. Кеңес Одағы тұсында Жоғарғы Кеңеске билiктiң бiр тармағын беру, онымен билiктi бөлiсу принципке мүлде қайшы болды. Керiсiнше, кеңестiк өкiмет заң шығарушы және атқарушы билiктердi бiрiктiрiп жiбердi.\r\n\r\nҚазақстан және ТМД-ның өзге елдерi де коммунистiк партия тарағанымен тәуелсiздiкке бұрынғы Жоғарғы Кеңестер арқылы қадам басты. Ол кезеңде мәселен, Қазақстанда XII-шi сайланған Жоғарғы Кеңес қызмет атқарып жатқан едi. Осы Жоғарғы Кеңес алғаш рет Қазақстанның Президентiн сайлады, Мемлекеттiк Егемендiк туралы Декларацияны, Мемлекеттiк тәуелсiздiк туралы Конституциялық заңды, 1993 жылғы Конституцияны, мемлекеттiк рәмiздердi қабылдады. 1995 жылға дейiн ол бiрден-бiр заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган болып қала бердi және осы қызметiн сақтап қалу үшiн ақырына дейiн күресiп бақты.\r\n\r\nДегенмен, компартия мен социалистiк қоғамның туындысы болған кеңестер жаңа демократиялық қоғамға бейiмделе алмады. Себебi, оның табиғаты бөлек едi. Ол демократиялық, нарықтық қоғам үшiн “антитело” ролiн атқарды.\r\n\r\nҚазақстанда Жоғарғы Кеңес түрiндегi парламент екi рет үлкен дағдарысқа ұшырады. Алғашында 1993 желтоқсанда 12-шi сайланған Жоғарғы Кеңес өзiн-өзi таратқан болса, 1995 жылы наурызда 13-шi сайланған Жоғарғы Кеңес заңсыз сайланған орган ретiнде таратылды.\r\n\r\nМұның аяғы елдегi қоғамдық-саяси құрылысты мүлде өзгерткен 1995 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануына алып келдi. Жаңа Конституция бойынша елiмiз Президенттiк басқару нысанындағы республикаға айналып, мүлде жаңа сипаттағы қос палаталы Парламент құрылды.\r\n\r\nЖалпы адамзат қоғамының тарихына үңiлетiн болсақ, парламент пен мемлекет басшысының арасындағы текетiрестiң қандай қасiреттерге апарғанының талай мысалдарын көремiз. Мәселен, 1640-1648 жылдары Англияда мемлекет басшысы король мен Парламенттiң арасында қырғиқабақ келiспеушiлiк туындап, оның ақыры корольдiң басын шабуға апарып соқтырды. Осы сияқты 1793 жыл Францияның  сол кездегi парламентi Конвенттiң шешiмiмен елдiң королi Людовик XYI-ның басы гильотинада шабылды. 1918 жылы қаңтарда өкiмет басына келген большевиктер Ресейдiң тағдырын шешуге тиiс жаңадан сайланған ең жоғарғы өкiлдi орган Құрылтай жиналысын  алғашқы күнi-ақ күшпен таратып жiбердi. Бұл Ресейдегi төрт жылға созылған азамат соғысының басты себептерiнiң бiрi болды. Бұған ұқсас оқиғалар бүгiнгi кезеңде де кездесiп жатады.\r\n\r\n 1993 жылы қазанда Ресей Президентi мемлекеттiк төңкерiс жасап үлгерген елдiң Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттары орналасқан Ақ үйдi танкiлермен атқылап, оның басшылығын тұтқындады. 1993 және  1995 жылғы Қазақстандағы Жоғарғы Кеңес пен атқарушы билiк арасындағы дағдарыс бейбiт түрде шешiлiп, кеңестер тарих сахнасынан бiржолата кеттi. 2005 жылдың  ақпанында Қырғызстан Парламентiне сайлау барысындағы наразылықтарға орай Президент А. Ақаев тағынан кеттi. Ең жаңа мысал. Украина Президентi В. Ющенко сайлау барысында популистiк ұрандарға барып Украинаны Президенттiк Республикадан Парламенттiк-президенттiк республикаға айналдыру туралы уәде беруге мәжбүр болды және ол уәдесiн жүзеге асырды. Бiрақ, онысы өзiне соққы болып тидi. Украина Парламентi өзiне берiлген құзыреттi Президентке қарсы ұтымды пайдалана бiлдi. Украина Парламентi Президент В. Ющенко тағайындаған жаңа Үкiметтi оп-оңай отставкаға жiбердi. Мұнымен Украинадағы саяси дағдарыс бiте қойған жоқ.\r\n\r\nБiз ұзақ-сонар мұндай мысалдарды неге келтiрiп отырмыз? Бұлардың бәрi де тарихи жағынан  сабақ боларлық жәйттер. Олар  тұтас бiр мемлекеттердi шайқалтып жiберген оқиғалар. Оның басты сабағының бiрi Парламенттi саяси күрес алаңы емес, елдегi тұрақтылық пен ынтымақ үшiн қызмет ету органына айналдыру екендiгiн түсiнуде жатыр.\r\n\r\nБиыл онжылдық мерекесiн тойлап отырған қос палаталы Қазақстан Парламентiнiң табиғаты мүлде бөлек. Оның жұмысының негiзгi принципi заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган ретiнде мемлекеттiк билiктiң басқа салаларымен ынтымақ пен бiрлiкте қызмет ету. Билiктi тармақтарға бөлу принципiн сақтау және олардың арасында тежемелiк және тепе-теңдiк принципiне адал болу.\r\n\r\nПарламент екi палатадан – Мәжiлiстен және Сенаттан тұрады. Бұлай ету ең алдымен заңдардың сапалы қабылдануының кепiлi. Олай дейтiнiмiз, Парламентте заң терең сүзгiден өтедi, иi қанғанша талқыланады. Мәжiлiсте талқыланған заң жобасы Сенатта тағы да талқыға түседi. Сенаттан өтпесе екi палатаның келiсiм комиссиясы қайта қарайтын болады. Осындай талқылаулардан өткен заң ғана Сенат арқылы Президентке қол қоюға жiберiледi. Осы уақытқа дейiн екi палатаның арасында принциптi келiспеушiлiк, болмаса дағдарыс бола қойған жоқ. Екi палата да бiрi жоғары бiрi төмен емес теңдей құқықтарға ие. Осының арқасында елiмiзде қабылданған заңдар әлемдiк стандарттарға сәйкес келуде. Ең бастысы Парламент саяси күрестен аулақ, оның негiзгi қызметi сапалы заңдар қабылдауға бағытталған.\r\n\r\nЗаң демекшi, заңның рөлiне де тоқтала кетейiк. Заң аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеушi, Конституцияда көрсетiлген ерекше тәртiппен қабылданатын, ең жоғары күшi бар нормативтiк-құқықтық акт. Заңнан жоғары тұратын басқа нормативтiк акт болмайды. Осындай актiнi қабылдау Парламенттiң құзыретi. Егер заң қате, қисық қабылданып кетсе ол қоғамдық қатынастарды шиеленiстiредi. Өйткенi, заң қате-қисық болса да орындауға жатады.\r\n\r\nҚазақстан Парламентi өткен он жылда өзiнiң қарауына келiп түскен 1691 заң жобасының 1221-iн қабылдапты. Маңызды емес заң болмайды. Заң аса маңызды мәселелердi реттеу үшiн  қабылданады.\r\n\r\nОсы жерде заң жобаларын неге Үкiмет ұсынады деген сұраққа келейiк. Оның жауабы қарапайым. Мынаған қараңыз. Бiлiм туралы заңның бүге-шiгесiн Парламент депутаты терең бiле ме әлде бiлiм беру саласының мамандары бiле ме?  Әрине, бiлiм беру саласының қызметкерлерi сол саланың мамандары ретiнде өз саласын кiмнен болса да артық бiледi, қандай мәселенi заңмен реттеу қажеттiлiгiн терең түсiнiп, оны жетiлдiру туралы ұсыныс айта алады. Ал, бiлiм беру органдары Үкiметтiң құзыретiнде. Қорғаныс саласы да, iшкi iстер, денсаулық т.б. салалар да Үкiмет арқылы басқарылады. Оларды басқаратын әрбiр министр Үкiмет мүшесi. Осы тұрғыдан заң жобасын Үкiметтiң ұсынуы объективтi құбылыс. Бiрақ, Үкiметтiң де өз мүддесi бар. Сондықтан  кейде заң жобалары көбiрек Үкiметтiң мүддесi мен көзқарасы тұрғысынан ұсынылып жатады. Әйтсе де Парламент ол мүдделердi жалпы мемлекеттiк мүдделермен ұштастырады.\r\n\r\nЕгер заң жобаларын жасауды тек Парламентке берiп қойсақ, онда да асығыстық пен сыңаржақтылыққа жол берiлер едi. Себебi, Парламент депутаттары заң жобасын жасаушылар емес, оны електен өткiзiп, қабылдаушылар.  Осындай  қарапайым ақиқатты кейбiреулер дұрыс түсiнбейдi. Олардың ойынша заңдар жобасын Парламент өзi жасап, өзi қабылдауы тиiс.\r\n\r\nПарламенттiң заң шығару қызметiнен өзге жоғарғы өкiлдi орган ретiндегi басқа да құзыреттерi жетерлiк. Ол мемлекет басшысы Президентке импичмент жариялай алады. Президенттiң орнынан мерзiмiнен бұрын кету мәселесiн шешедi.\r\n\r\nСенат төрағасы Конституция бойынша мемлекеттегi Президенттен кейiнгi екiншi, Мәжiлiс төрағасы үшiншi тұлға. Бұлардан соң — Премьер-Министр.  Парламент Президенттiң, Премьер-Министрдiң қызметiне кандидатураға келiсiм бередi, немесе керi қайтарады. Парламент Үкiметтiң бағдарламасын бекiтедi, немесе бекiтпейдi. Ол мемлекеттiк бюджеттi бекiтедi әрi оның орындалуы туралы Үкiметтiң есебiн тыңдайды. Ата Заңымызда Парламенттiң басқа да өкiлеттiктерi бекiтiлген.\r\n\r\nЕлiмiздiң қос палаталы Парламентi өз қызметiнiң мүмкiндiктерi мен өкiлеттiктерiн Президент, Үкiмет тағы басқа Жоғары мемлекеттiк органдармен  текетiрес бағытында емес, ынтымақтастық бағытында пайдаланып келедi.\r\n\r\nПарламенттiң тағы бiр ерекшелiгi – оның кәсiбилiгi. Кәсiбилiктi екi тұрғыдан түсiнуге болады. Бiрiншiден, Парламент негiзiнен заң шығарумен  айналысатын өзiнiң құрылу табиғатынан кәсiби орган. Екiншiден, Парламентте депутаттар салалық комитеттерге, партиялық фракцияларға, депутаттық топтарға бiрiккен. Парламент заңдарды  талқылағанда әр саладан бiлiктi де кәсiби мамандарды тартып, олардың пiкiрлерi мен қорытындыларына сүйенедi. Қазiргi кезде Қазақстанда кәсiби Парламент қалыптасты деген пiкiрлер айтылып жүр.\r\n\r\nПарламенттiң тағы бiр ерекшелiгi, онда түрлi әлеуметтiк топтардың, саяси партиялардың, аймақтардың өкiлдерi бар. Сенаттың 7 депутатын Елбасы тағайындайды. Сенат төрағалығына кандидатураны Президент ұсынады. Олар – Елбасы мен Парламент арасындағы ынтымақтың негiзгi дәнекерi. Бұған қоса Парламент палаталарында Президенттiң өкiлдiктерi жұмыс iстейдi.\r\n\r\nҚазiргi кезең Парламенттiң өкiлеттiктерiн кеңейтумен сипатталады. 2005 жылы Президент “Қазақстан Республикасы Конституциясының мүмкiндiктерiн одан әрi пайдалану туралы” Жарлыққа қол қойды.  Ол бойынша Парламент палаталарының рөлi нығайтылды. Әлеуметтiк-экономикалық саланың министрлерi Мәжiлiс пен Сенаттың арнайы комитеттерiнiң мақұлдауымен тағайындалатын болды. Парламенттiң басқа да құзырет-мүмкiндiктерi артты.\r\n\r\nБолашақта Парламент депутаттарының санын арттыру және саяси партияларға  берiлетiн  мандаттардың санын көбейту сияқты өзектi мәселелердi шешу туралы ұсыныстар айтылуда.\r\n\r\nҚос палаталы Қазақстан Парламентi өткен он жылдықта өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете бiлдi. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Парламенттiң қызметiн жоғары бағалап, оның 10 жылдығына арналған құттықтауында: “…Бүгiнде бiз заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын жоғары өкiлдi орган ретiнде кәсiби қос палаталы Парламент iске асып қана қойған жоқ, сонымен бiрге уақыт сынынан ойдағыдай өттi деп нық сенiммен айта аламыз”,- деп атап көрсеттi.\r\n\r\nБүгiнде Парламент елiмiзде жүргiзiлiп жатқан ауқымды реформаларды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуде өз мiндетiн атқарумен қатар, өзге де  маңызды мемлекеттiк мәселелердi  шешуге белсене атсалысып келедi. Оның мемлекет пен  халықтың алдындағы  сiңiрген  еңбегi мен қызметiн тарих бағалайтын болады.\r\n\r\n \r\n\r\nРезюме\r\n\r\n \r\n\r\nВ статье, посвященной десятилетию Парламента РК, рассматриваются актуальные вопросы становления парламентских традиций в Республике Казахстан. Правовые основы парламентаризма нашей страны имеют свою историю, которая представлена определенными историческими периодами, обусловленными общественно-политическим строем.\r\n\r\n \r\n\r\nSummary\r\n\r\n \r\n\r\nIn this article, which is devoted to the tenth anniversary of the Parliament of the republic of Kazakhstan, the author examines actual questions of the settlement of the parliament traditions in the republic of Kazakhstan.  Legal basis of the parliamentary of our country have its own history, which is represented by great historical periods, conditioned by the social-political system.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиеттер:\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2003.\r\n\r\nМұхамеджанов О. Өркениетке жетелеген он жыл. Егемен Қазақстан газетi.  2006 жылғы  19 қаңтар.\r\n\r\nӘбiқаев Н. Қазақстан Парламентi: Тарихи дәстүрлер және қазiргi заман. Егемен Қазақстан газетi.  2006 жылғы 20 қаңтар.\r\n\r\nПрезидент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесi, Үкiмет, Республикалық референдум, Сайлау туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары. Алматы. Жетi Жарғы, 78-бет 1999.

Біздің мақсатымыз

0

Мәртебелі ұстаз бен үлгілі білім ордаларының мәртебесін көтеру, өзіндік имиджін қалыптастыру біздің ең басты мақсатымыз. \r\n\r\nТәуелсіздік алған 20 жылдан аса уақыттан бері «қазақ мұғалімінің» өзіндік имиджі қалыптасып үлгерді.  Оларды тек  басылымдардан ғана көреміз. Ал ғаламтор беттерінен оқта-текте кездестіргеніміз болмаса, аса мардымды ақпарат ала алмаймыз. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін біз не істеуіміз керек?!\r\n\r\nҒылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көк күмбезінен әрі асқан ғарышкер де, талантымен әлімді таңдай қақтырған әнші де, бәрі бәрі  ұстаздан тәлім алған.  Біз сабақ алған ұстаздарымыздың ішінде көпке үлгі ететін мейірбан жандар өте көп. Әрбір ұстаз құрметке лайықты.\r\n\r\nКез – келген білім ошақтарында күллі Қазақстанға үлгі ететін тағылымды ұстаздар болары сөзсіз. Ал енді сіз мына сұраққа жауап беріп көріңізші.\r\n

    \r\n

  • Қазақстанға танымал қандай ұстаздарды білесіз?
  • \r\n

  • \r\n

\r\nБірлі – жарымы ғана аузыңызға ілінер. Жауап беру өте қиын. Ендеше, бұл сұрақтың жауабын бірге іздеуге тырысайық.\r\n\r\nҚұрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздің білім ордаларыңызда да мұндай жандар өте көп. Олардың еңбегін елеп, неге дәріптемеске?! Ұстаз – бүгін мен болашақтың арасындағы алтын көпір. «Даңқ пен абыройға кенелуімде бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» деген екен даңқты қолбасшы А. Македонский. Өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялап жүрген ұстаздар қауымы қандай да болмасын құрметке лайықты.\r\n\r\nОлай болса, достар, әріптестер, бізбен бірге болыңыздар! Ұстаз бейнесін бірге қалыптастырайық!

ТМД-ғы интеграция тарихы

0

 \r\n\r\nКеңес Одағының жетпіс жыл бойы жүргізген саясаты сексенінші жылдардың орта кезінде шайқала бастады. Яғни, халық шаруашылығының экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларында тек тоқталу, тоқырау ғана емес, сонымен қатар құлдырау да етек ала бастады. Алғашқы оның нышаны ретінде Кеңес Одағы коммунистік партиясының XXVII съезінде сол заман бас хатшысы болған М.С.Горбачев мырзаның баяндамасынан-ақ қоғамды қайта жаңартуға бет алған негізгі қағидалар белгіленді. Олар: қайта құру, демократия, жариялылық, көп пікір таластығы т.б. болатын. Одан кейінгі уақыттарда біздің ойымызша, Кеңес одағының ыдырауына негіз болған экономикалық себептермен қатар, саяси себептерде бар еді. Оған Қазақстанда 1986 жылдың желтоқсан айында Кеңес Одағы коммунистік партиясы саяси бюросының ел басшысы етіп Қазақстанда бұрын тұрмаған және халық салт-дәстүрінен хабары жоқ немесе аз Г. В. Колбин мырзаны тағайындауын, Таудағы Карабахтағы ұлт аралық шиеленісін немесе Балтика Республикаларының экономикалық және саяси тәуелсіздікке жету жолындағы қозғалыстарын жатқызуға болады. Екінші жағынан алғанда Кеңес Одағының экономикалық жағдайы да мәз еместін. Жалпы алғанда, сексенінші жылдардың екінші жартысындағы экономикалық, саяси жағдайлар Кеңес Одағының тоқырауы мен күйреуіне негіз болса тоқсаныншы жылдарды бұрыңғы Кеңес Одағы республикаларының жаңа тәуелсіз мемлекеттер ретінде құрылуының алғашқы сатысы деп қарастыруға болады.\r\n\r\n80-інші жылдардың аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында бірқатар республикаларда қабылданған «егемендік туралы декларациялар» мен «экономикалық дербестік туралы» зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. 1991 жылдың август айында Кеңес Одағының болашақ құрылымы туралы келісімнің соңғы варианты дайындалғанды және ол барлық республикалар ойынан шығатындай-ақ еді. Бірақ, сол жылдың август айында Мәскеу қаласында болған көтеріліс бұл келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеді.\r\n\r\nОсыдан кейін-ақ Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру» туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын.\r\n\r\n1991 жылдый, 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады.\r\n\r\n1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен    Н.Назарбаев    Қазақстанда   бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда  Азербайджан,   Армения,   Белоруссия,   Қазақстан,   Қырғызстан, Молдова, Ресей,    Тәжікстан,    Түркменстан,    Өзбекстан    және    Украина басшылары     Қазақстанның   бұрыңғы     астанасында     кездесіп     «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Алматы Декларациясына қолдарын қойды.\r\n\r\nТМД құруға экономикалық негіз болған жағдайлар мыналар: сексенінші жылдардың ішінде КСРО экономикасының құлдырауы өз шегіне жетіп, халық шаруашылығының әр саласында төмендеу нышандары байқала бастады.\r\n\r\nТМД құруға ниет білдірген мемлекеттер мынандай айғақтарды;\r\n\r\n- жаңа Одақ шартын дайындау туралы келіссөздердің тұйыққа тірелгенін, республикалардың КСРО құрамынан шығу және тәуелсіз мемлекеттер құру процесінің шынайы факторға айналғанын;\r\n\r\n-   орталықтың   алысты   болжамайтын   саясаты   экономикалық   және   саяси дағдарысқа, өндірістің құлдырауына, қоғамның бүкіл салалары бойынша өмір деңгейінің күрт төмендеуіне әкеп соққанын;\r\n\r\n- бұрыңғы КСРО кеңістігінің көптеген аймақтарында әлеуметтік шиеленісушіліктің өсуі, адамдардың өліміне әкеп соққан ұлтаралық қақтығыстарға ұласқанын басшылыққа алған болатын.\r\n\r\nОсы және басқа да мәселелерді шешу мақсатында Беларусъ, Ресей және Украина басшылары «халықтардың тарихи бірлігі және олардың арасында орныққан байланыстарды негізге ала отырып, демократиялық құқықтық мемлекеттер орнатуға ұмтыла отырып және өзара қарым-қатынастарды дамытуға бағыт ала отырып Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруға шешім қабылдады»/5, 26./.\r\n\r\nБұл құжаттың ТМД-ға мүше боламын деген мемлекеттер (бұрыңғы КСРО мүшелері де бар) үшін ашық екені көрсетілген. Үш мемлекеттің 1991 жылдың 8 желтоқсанында жариялаған арызының соңғы тармағында ТМД мемлекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, бұрыңғы КСРО шарттары мен келісімдерінен тарайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге, ядролық қару және оның таралмауын қажағалауға  бағыт ұстайтынын да ашық айтқан.\r\n\r\nТәуелсіз   мемлекеттер   достастығының   құрылу   уақыты   екіге   бөлінеді. Алғашқысы  ретінде   1991   жылдың   8   желтоқсаны   /Белорусь,   Ресей  және  Украина/ болса, екіншісі ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде.\r\n\r\nТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу — 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және  Декларация. Бұл  құжаттар  өз  нысандары және  заңи міндеттері бойынша әртүрлі. Себебі, «келісім барлық қатысушы тарапынан бекітілетін  /ратификация   жасалатын/   болса,   декларация   үшін   оған   қол қойылса жеткілікті» /9, 33-346./. Дегенмен, бұл үш құжат толық біртұтастықты құрайды.\r\n\r\nЕнді, ТМД-ның даму жолдарына көз тоқтатып өтсек.\r\n\r\n1992 жылмен 1993 жылдың бас кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру құрылымы — мемлекеттер басшыларының кеңесі, үкіметтер басшыларының кеңесі, ТМД парламент аралық ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап Минск қаласында ТМД атқару хатшылығы қызмет істейді. Бұл уақыт ішінде сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі де құрылды.\r\n\r\n1993 және 1994 жылдар аралығында ТМД елдері өзара қатынастарының Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар жүзеге асырыла бастады. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Солардың арасынан сапалы бір құжат ретінде 1993 жылы қол қойылған «Экономикалық одақ туралы» шартты атап өтуге болады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді.\r\n\r\nЭкспортқа шығатын шикізатқа деген баға саясатындағы келіспеушілікте үлкен мәселеге айнала бастады және мұның бәрі де экономикаға өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Екінші жағынан алғанда, демпинг саясаты (рынокта бәсекелестерді ығыстырып шығару үшін тауарларды әдейі арзандатып сату) орнығып қалған шаруашылық байланыстарға тұрақсыздық енгізіп, бұл елдерді қажетті шараларды қабылдауына мәжбүр етті. Мұндай жағдай қазіргі кезде де байқалуда.\r\n\r\nӘлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыс ТМД  мемлекеттерінің барлығында да терендей түсті. Мұның салдары ретінде ішкі этникалық толқу  арта  түсті, тіпті  кейбір  елді  мекендерде   мемлекет  аралық  қақтығыстарға                  ұласты. Мұндай жағдай ТМД идеясын жоққа шығаруға барды және кейбір ТМД мемлекеттері бір-біріне қарсы (мысалы, Армения — Азербайжан) әскери қимылдарды да жүргізе бастады. Бұл кезенде көптеген міндеттемелер мен келісімдер де қабылданды, бірақ та олардың басым көпшілігі іс жүзінде орындалмады. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады.\r\n\r\nТМД өзінің құрылу сатысында сөз жоқ жағымды рөлін де атқарды, яғни КСРО республикаларының қирап, тоқтаусыз дағдарысқа  ұшырауынан             құтқарды. Дегенмен, мемлекеттердің экономикалық дербестігі олардың әрқайсысының ішкі мәселесі еместігі де айқын болды. Қазіргі дүниеде әр мемлекеттің әрқайсысының жеке, дербес дамуы қиын да болса шындық. Басқа ешқандай елмен қарым-қатынас жасамай мемлекеттің тек қана өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. Тек қана басқа елдермен бірігіп өзара ынтымақтастықта және дүние жүзі экономикалық қатынастарында болатын қоғамның өміршең болатындығы айдан анық.\r\n\r\n1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. Бұл кезенде бұрыңғы Кеңес Одағы кеңістігіндегі республикалардың даму бағытының салаларын анық та айқын               |\r\n\r\nәрі шынайы   белгілеудің   қажеттілігі   туындады. Осы   кезеңде Қазақстан\r\n\r\nПрезиденті Н.Назарбаев «Мемлекеттердің евразиялық одағын құру» идеясын            ұсынды. Бұл  жоба жайына жұмыстың соңғы тарауында толығырақ тоқталамыз.\r\n\r\nТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған «Кеден одағы туралы» келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті:\r\n\r\n- Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану;\r\n\r\n-   экономиканың, тауар  алмасудың және әділетті  бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету;\r\n\r\n-  өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету;\r\n\r\n- ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау;\r\n\r\n- Кеден одағы  мүше-мемлекеттерінің дүние  жүзі рыногына шығуы  үшін қолдан келетін бар жағдайды  жасау. Жоғарыда айтып өткен   Келісімнің бастауында мемлекеттер «Экономикалық одақ құру туралы»    шарттың ережелерін жүзеге асыруға талпынады, делінгенді. Сонымен қатар, тараптар Кеден одағын — ортақ кеден территориясы мен шаруашылықтың нарықтық экономикасын  ұқсас механизммен реттеуге негізделген,    мемлекеттердің экономикалық бірлестігі ретінде анықтайтындарын растайды.\r\n\r\nКеден одағын құруға бағытталған шаралар екі сатыға бөлінеді. Бірінші саты — 1994 жылдың 15 сәуіріндегі «Еркін сауда аймағын құру туралы» Келісім бойынша, өзара саудадағы тариф пен сан бойынша кездесетін шектеулерді алып тастау, сыртқы экономикалық қызметке қатысты сыртқы сауда, кеден, валюталық-қаржылық, салық және басқа да ұлттық зандарды бір қалыпқа келтіру болып табылады. Екінші саты — мемлекеттердің кеден территорияларын ортақ кеден аймағына біріктіру және Кеден одағының халықаралық құқық субъектілігі туралы сұрақты шешу болатын. Кеден одағының болашағы болатыны жайында оған кейіннен қосылған Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы куә.\r\n\r\nКеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан,   Қырғызстан және  Тәжікстан   қосылды.  Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша «Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін» ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес.\r\n\r\n»Ортақ экономикалық кеңістік» ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында «төрттік» (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев «қарапайым адамдарға деген 10 қадам» идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында «Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт» жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып «Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы»  Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады:  1993 жылың қыркүйек айында — «Экономикалық одақ туралы» Шартты және 1994 жылғы сәуірде «Еркін сауда аймағын құру туралы» Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында — «Кеден одағы туралы» Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан   қабылдады. Бірінші саты — еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты — ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында — «Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы» Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық  интеграцияны дамыту  болып табылады.\r\n\r\nДүние жүзілік қатынастар жүйесіне кіру үшін Достастықтың өз ішінде тұрақтылық болуы керек екені анықтала бастады, соның ішінде саяси, экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдыңғы орынға шықты. Сол кездердегі қателіктердің бірі ретінде-ұлттық мемлекеттілік пен интеграцияны бір-біріне қарама-қарсы қоюды айтуға болады. Олар, бір-біріне сыйымсыз, қарама-қайшы ұғымдар ретінде қарастырылды. Дегенмен, экономикалық жағдай, сонымен қатар сананың бірте-бірте өзгеруі бұрынғы Кеңес кеңістігінде орналасқан республикалардың ары қарай даму мәселелеріне басқа көзқараспен қарау қажеттігін де туғызды. Бұл тұрғыдан келгенде,  интеграцияны жүзеге асырудың бір сатысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық Азия Одағын құруын алуға болады. Мысалыға, бұл мемлекеттер арасындағы азаматтық алу мәселелерін тез арада шешу, басқа мүше-мемлекет аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрақтарына қатысты келісімдердің қабылдануы адамдар арасындағы психологиялық кедергі мен басқа да көптеген мәселелерді оң шешуге бағыт берді. Әлеуметтік экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық салалары бойынша сұрақтар да оң шешімін табуда. Қазақстан, Қырғызстан жөне Өзбекстан арасында қабылданған мұндай құжаттар ТМД қағидаларына еш қайшы келмейді.\r\n\r\nТәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экономикалық ынтымақтастық аясында қол жеткізген жетістіктердің бар екеніне мына мысалдар дәлел бола алады. Өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін шығару:\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

ТМД елдері Өнім көлемінің индекстері (%)
өндіріс ауыл шаруашылығы
1995 1996 1995 1996
Қазақстан 91,8 100,3 77,1 99,2
Әзербайжан 82,8 93,3 93 105
Армения 102,4 101 105 107
Беларусь 88,3 103,2 95 102
Грузия 90,2 107,7 113 115
Қырғызстан 82,2 110,8 . 103
Молдова 96,1 91,5 103 90
Россия 96,7 95 92 93
Тәжікстан 94,9 80,2 85
Түркменстан 93,6 117,9 82 98
Өзбекстан 100,1 106,0 103 93
Украина \r\n

    \r\n

  1. 0
  2. \r\n

\r\n

94,9 96 92

\r\n \r\n\r\nБұл мәліметтерден Молдова мен Тәжікстанда өндіріс пен ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің ұлғайғанын емес, керісінше кері кеткенін байқаймыз. Бұған бірден-бір себеп ретінде осы елдердегі қарулы қақтығыстарды және соның салдары болып табылатын экономикалық құлдырауды айтуға болады.\r\n\r\nЕгер Европалық Одақ елдерінде әр адамға шаққанда ішкі жалпы өнімнің өсуін байқайтын болсақ, ТМД елдерінде 1990 жылдардың бастапқы жылдарында керісінше құбылысты көремізде, 1998 жыл соңына қарай оның артқанына көз жеткізуге болады. Мұның өзі ТМД елдеріндегі жақындасудың сөз жүзінде емес іс жүзінде жүзеге асуы әбден ықтимал процесс екеніне дәлел ретінде бола алады.\r\n\r\nТМД елдерінде әр адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім көрсеткіші:\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

\r\n

ТМД елдері % бұрыңғы  мерзімге қарағнда
1992 1993 1994 1995 1996 1997 1998
Қазақстан 94,2 90,9 88,2 92,9 104,0 102,7 97,3
Әзербайжан 76,4 76,2 79,7 87,6 100,7 105,1 110,1
Армения 57,0 90,1 105,0 106,5 105,5 102,8 106,3
Беларусь 90,0 92,0 87,4 89,8 103,1 111,3 107,7
Грузия 55,2 70,9 89,8 102,8 110,9 111,1 103,2
Қырғызстан 85,3 84,7 80,1 93,7 105,7 108,4 104,0
Молдова 69,1 98,2 92,3 99,8 90,2
Россия 85,5 91,4 87,4 96,0 96,8 101,1 95,5
Тәжікстан 82,7 77,2 86,3 82,0 100,2 105,6
Түркменстан
Өзбекстан 86,8 95,5 93,0 97,3 99,8 103,3 100,5
Украина 89,8 85,8 77,5 85,5 90,7 97,6 96,7
ТМД бойынша 85,7 90,3 85,8 94,7 96,8 101,0 97,3

\r\n \r\n\r\nМына кестеден көріп отырғанымыздай ТМД елдері халықтарының өмір сүру деңгейі мен мүше-мемлекеттердің арасындағы экономикалық   жақындасу жобамен алғанның өзінде көп алшақтық туғызбайтынын және ынтымақтастық та бірқалыпта екенін байқаймыз.\r\n\r\nТМД елдерінің сыртқы шекараларын қорғау, Достастық елдерінің территорияларындағы қақтығыстардың алдын алу мен реттеу, ТМД елдерінің Кеден одағы салаларында және құқықтық ынтымақтастық пен қылмыспен күрес саласындағы бірігіп қызмет атқару жөніндегі келісімдердің алар орны ерекше. Аймақтық ынтымақтастық келісімдердің қатарына 1999 жылдың 25 тамызында Бішкек декларациясына /11, 1б./ қол қойған «Шанхай бестігі» атауына ие болған Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы басшыларының ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті нығайтуды мақсат тұтқан декларацияны жатқызуға болады. Мұның өзі, бұрыңғы жеке-дара өркендеу мен қауіпсіздік мәселелерінің қазіргі уақытта ұжымдық, дәлірек айтсақ, аймақтық сипатқа айналуда екенін байқаймыз. Ал екі жақты келісімдерге келетін болсақ, олардың жалпы саны мыңнан асып кетеді, солардың қатарына 1997 жылғы 14 қазанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Украина Үкіметі арасындағы ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасы мен Грузия Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді немесе 1997 жылғы 10 маусымда жасалған жазасын әрі қарай өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды тапсыру туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы шартты (бұл келісімдерді Қазақстан Республикасы 1999 жылдың 30 желтоқсанында бекітті) және тағы да басқа көптеген келісім шарттарды жатқызуға болады (12, 26.). 1999 жылдың 8 желтоқсаныңда Беларусь Республикасы мен Ресей Федерциясы арасында «одақтық мемлекет құру» жөніндегі шартқа қол қойылды. Бұл шарттың негізгі мазмұнын екі тарауға бөлуге болады. Біріншісі саяси болса, екіншісі экономикалық сала болып табылады. Одақтық шарттың 6 бабына сай екі ел арасындағы саяси ынтымақтастыққа келетін болсақ, әр мемлекет өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін, территориялық бүтіндігін, мемлекеттік Құрылымын, конституциясын, мемлекеттік жалау, елтаңбаларын және басқа да мемлекеттік нышандарын сақтай отырып, екі мемлекет арасында келісілген өкілеттіктерді одақтық мемлекетке береді /13, 36/. Яғни, бұл ынтымақтастық негізінде (екі ел халықтарының тіл,  дін, тарих, мәдениет, т.б. ортақтығы арқасында) мемлекеттік ынтымақтастықтан ортақ ұлттық жүйе ынтымақтастығына көшу ниеті жатыр /14, 16/. Осы екі мемлекет арасындағы экономикалық ынтымақтастық Кеден одағына мүше бес мемлекет арасындағы 1999 жылдың 26 ақпанында қол қойылған шарт мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Яғни, олар тауар, қызмет, капитал мен еңбектің ортақ рыногын құру, ортақ баға, көлік, энергетика, экономикалық саясат жүргізу болып келеді.\r\n\r\nТМД елдері арасында ұйымдасқан қылмыспен ортақ күрес жүргізу және 1999 жылдың желтоқсан айында Достастыққа мүше елдер қол қойған терроршылдыққа, сепаратизмге қарсы шараларды бірігіп жүргізу бағытында жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Себебі, 1999 жылдың шілде айында Қырғызстанның Баткен ауданына қарасты тау өңірін жайлап, терроршылдық қызметтерін жүзеге асыруға кіріскен терроршылдардың ұйымдасқан ерекеттері, бұл мәселеге де ТМД елдерінің көңіл бөлуі қажет екендігін көрсетті. Қазіргі күнде ТМД-ның терроршылдыққа қарсы Орталығы құрылды/15,16/. Мұның өзі, терроршылдықтың дүние жүзінің дамыған мемлекеттеріне ғана күрделі мәселе емес, сонымен қатар, жаңадан аяқтарына тұрып экономикалық дәуірлеу сатысында тұрған ТМД елдері үшін де ауыр да қиын, бірақ шешімін табу міндетті болып табылатын мәселе екенін көрсетеді.\r\n\r\n2.2 Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының органдары.  Мемлекеттер басшыларынын кенесі және үкіметтер басшыларынын кеңесі.\r\n\r\nКеңес Одағы тоқырап, құлағаннан соң Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дүниеге келуінің өзі көптеген мемлекетаралық қатынастардың қиын да ауыр жағдайға ұшыраспауын септігін тигізді. Бұл тұрғыдан келетін болсақ, ТМД елдерінің тағдыры «югослав бағыты» бойынша кетуі әбден ықтималды. Яғни бір кезде бір үлкен мемлекет республикалары ретінде саналған, қазіргі кезде дербес тәуелсіз мемлекеттер арасында қанды қақтығыстар   болуы   мүмкінді.\r\n\r\nТМД-ны халықаралық құқық субъектісі ретінде тану ешкімнің де құманын туғызбасы анық. Себебі, Достастық Біріккен Ұлттар ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие. Бұл тұрғыдан келгенде, ТМД елдерінің саяси ынтымақтастығы регінде Мемлекеттер басшыларының Кеңесі мен Үкіметтер басшыларының Кеңесін жатқызуға болады.\r\n\r\n1991 жылдың 21 желтоқсанында бұрыңғы Кеңес одағының 11 республикасы арасында жасалған келісімге орай ТМД үйлестіру институттарының келісімі туралы айтылғанды. Сол жылдың 30 желтоқсанында «мемлекеттер басшыларының кеңесі және үкіметтер басшыларының кеңесі туралы» уақытша келісімде қабылданғанды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының ең жоғарғы органы ретінде мемлекеттер басшыларының кеңесі табылады (жарғының 21 бабы).\r\n\r\nМемлекеттер басшыларының кеңесі мүше-мемлекеттердің ортақ мүдделі Қызметіне қатысты қағидалы сұрақтарды талдайды және шешеді. Бұл кеңес мәжілісі жылына екі рет шақырылады. Кезексіз мәжіліс шақыру кез-келген мүше-мемлекеттің ынтасы және талабы бойынша болуы мүмкін. Жарғының 22 бабына сай үкіметтер басшыларының кеңесінің негізгі мақсаты мүше-мемлекеттер атқару органдарының ынтымақтастығын экономикалық, әлеуметтік және баска да ортақ мүдде салаларында үйлестіру болып табылады. Бұл кеңес мәжілісі жылына төрт рет шақырылады. Кезектен тыс мәжіліс шақырылуы кез-келген мүше-мемлекет үкіметінің қалауымен болады. Мемлекеттер басшылары кеңесінің шешімдері және үкіметтер басшылары кеңесінің шешімдері ортақ келісім-консенсус негізінде қабылданады. Әр мемлекет кез-келген сүрақ бойынша мүдцелілігі жоқ екенін білдіре алады және бүл басқа мемлекеттер тарапынан шешім қабылдау үшін кедергі деп қаралмауы тиіс. Қүжаттарды мүндай кеңшілік қағидасымен қабылдау қызықты салдарға да апаруда. Достастық көлемінде қабыхданған бір келісімдерге 1] мемлекет қол қойса, басқа бір келісімге 10 немесе 6 мемлекет қол қоюда. Мүндай жағдайда консенсус қағидасының өзі жоққа шыққандай және барлық мүше-мемлекет қабылдамаған қүжаттың орындалуъі да жартылай болып, жоғарыда айтып өткен кедестердің қызметіне де нүқсан келтіруде. Мемлекеттер басшыларының кеңесі және үкіметтер басшыларының кеңесі біріккен мәжілістер өткізе алзды. Мемлекеттер басшылары және үкіметтер басшылары кеңестердің можілістерінде достастыққа мүше-мемлекеттердің орыс алфавиті бойынша атауларына қарай кезекпен төрағалық етеді. Және мәжілістер негізнен алғанда, ортақ келісімге сай ТМД-ның кез-келген мүше-мемлекетінің астанасында өтеді.\r\n\r\nҚай кеңес болса да жүмысшы және қосымша органдарды түрақты және уақытша негізде қүра алады. Бүл органдар мүше-мемлекет өкілдерінен қажетті өкілеттілік беріле отырып қүрылады. Олардың мөжілістеріне қатысуға сарапшылар мен кеңесшілер тартылуы мүмкін. 1993 жылдың желтоқсан айында ТМД елдерінің басшылары ТМД төрағасы қызмет орнын тағайындады. Бүл қызмет әкілеттілігі бір жылға жарамды.\r\n\r\nТМД қүрылғалы бері ЙРИЧ жылдан астам уақыт етті. Және бүл уақыт\r\n\r\nішінде Достастық көлемінде қабылданған қүжаттардың саны мың үш жүзден асты. Бүл қүжаттардың әрқайсысына тоқталу тақырып мақсаты болып саналмайды және тоқталып, саралау мүмкін де емес Сол себептенде мсмлексттср және үкіметтер басшылары кеңестерінің бір-екі мәжілісінде каралған сұрақтарға токталып өтсек дейміз.\r\n\r\n1995 жылдың 26 мамырында Достастыққа мүше-мемлекеттердің басшылары мен үкіметтер басшылары кеңестерінің мәжілістері болып өтті. Мемлекеттер жоне үкіметтер басшылары непзінсн экономикалық сипаттағы сүрақтарды карадьг ал егерде толық келемде алсак, Достастық емір сүруінің күнделікті жәче болашақтағы багыттарына қатысты сүрақтар\r\n\r\n.!»—- — -\r\n\r\nмәжіліс тақырыбы болдн.\r\n\r\nМәжілісте қаралған екінші күрделі мәселелердің бірі «Достастыққа мүше емес мемлекеттермен ТМД мүшс-мемлекеттерінің шекараларын қорғау туралы шарт»/71, 34-366./ жайында болатын. Бүл сүрақ бүдан бүрын 1995 жылдың 10 ақпанында Алматы қаласында талқыланып толықтырылуға жіберілген болатын. въгр^рқы—і^т^р Ж.-ЧНР’ уг>риіііиі. мІІІІш ІрпІ’|ІІ—шскари әексрясрішң басшыларіл мамыр айыіш дойіп бүл-еүрнмы шара Іалдаи, ^ліен жцмыі жүргізгоиді. Можіліс соңында бүл қүжатқа жеті мүше-мемлекет қол қойды. Қосылмай қалған ме^пекеттер: Азербайджан, Молдова, Түркменстан, Озбекстан және Украина.\r\n\r\nМожілісте Абхазиядагы шиеленісті және Тәжікстандағы жағдайды реттеу сүрақтары да қаралып отті. Тожікстанда орналасқан бсйбітшілік күштерінің Қалу мерзімін үзарту тхралы шешім жоне жоғарыдағы шиеленісті реттеу Жоспарлары бекітілді. / Егер, Достастық үкіметтер басшыларының кеңес мәжілісінде талқылаған және қабылдаған келісімдерге келетін болсақ, олардың да саны өте көп. Бір, екеуіне тоқталып өтсек дейміз. 1996 жылдың 12 сәуір жүлдызында Достастықтың біркелкі көлік кеңістігін қүру саласына байланысты шараларды реттеу сүрақтары қарастырылды. Темір жол көлігін мемлекеттік қолдаудың үлттық багдарламаларын жүзеге асыруға бағыт берідді. Тариф саясатын өз-ара ыңғайластыруға көңіл белінді. Қауіпті және басқа да қалдықтарды шекара арқылы тасымалдауды бакылау туралы келісімге қол қойылды. 2000 жылға дейін үйымдасқан қылмыспен бірігіп күресу бағдарламасының жобасы бекітідді және экономика саласындағы қылмыстармен күресудегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Шекара мәселелеріне байланысты сүрақ сырткы шекараларды қорғау беріктігін нығайту түрғысынан қаралды. ТМД әуе шабуылдарына қарсы қорғаныстың ортақ жүйесін қүру және нығайтудың нормативтік қүжаттарына байланысты шешімдер қабылданды|»алык —мдсслслірі с—Ісатыстыжопс—оасқа да кшттгрен—еүрақтар Мінс бүл Достастыктың мемлекеттер жөне үкіметтер басшылары кеңестерінің екі-ақ мәжілісінде қаралған сүрақтар тізімі. Және жогарыда токталып откеніміздей мемлекеттер басшылары кеңесінің мәжілісі жылына екі рет, ал үкімеггер басшылары кеңссінің мәжілісі жылына торт рет жиналатынын еске алсақ, қаншама сүрақтар мен мәселелердің котеріліп, қаралатынын айтпасақ та түсінікті. Әрине ТМД-ның қазіргі даму сатысында Достастыққа мүше- мемлекеттер жөне үкіметтер басшылары кеңестерінің эртүрлі сипаттағы қүжаттары бойынша қабылданған шешімдсрі іс-жүзінде толықтай орындалуда, десек, артық айтқандық болар еді. Дегенмен, олардың интеграциялық процесстердің алға ілгерілеуінде атқарып отырған ролі зор екенін де айтқан абзал.\r\n\r\n-£2г Сыртқы істер министрлерінің кеңесі\r\n\r\nДостастық мемлекеттер басшыларының кеңесі мен үкіметтер басшыларының кеңесі шешімдерінің негізінде сыртқы істер министрлерінің кеңесі (СІМК) мүше-мемлекеттердің сырткы саяси қызметін, оның ішінде халықаралық үйымдардағы қызметі мен тараптарға мүдделі болып табылатын дүниежүзілік саясат сүрақтары бойынша қызметті жүзеге асырады (жарғының 27 бабы). Сыртқы істер министрлерінің кеңесі 1993 жылдың 24 кыркүйегінде мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшыларының кездесуінде бекітілген ереже негізінде жүмыс істейді/73, 39-406./. СІМК өз қызметінде БҮҮ жоне ЕҚЫК (Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі) жаргысын, ТМД жарғысын, Достастық колемінде қабылданған келісімдер мен шешімдер жөне жоғарыда айтып өткен ережені басшылыққа ала отырып оз қызметін атқарады. СІМК мүше рстінде Достастыққа мүше-мемлекеттердің сыртқы істср министрлері табылады. Оның мэжілістеріне ТМД-ның атқару хатшысы қатыса алады, сонымен қатар, СІМК шешімімен бақылаушы ретінде басқа мемлекеттердің сыртқы істер министрлері немесе олар өкілеттік берген адамдар қатыса алады. СШК жанында түрақты жүмыс істейтін бейбітшілік Қызметі бойынша консультативтік (кеңес) комиссиясы қүрылған. Мүндай Шешім 1994 жылдың 16 наүрызында қабылданды/74, 346./. Қауіпсіздік жоне Қарусыздану саласындағы халықаралық келісімдер мен басқа да шешімдердіаСЫру ЖӘНС бірігіп орекет етуді үйымдастырүды СІМК карусыздану бойынша өкілетті біріккен консультативтік комиссия арқылы жүзеге асырады. Бүл комиссия Бишкек қаласында 1992 жылдың 9 қазан жүлдызында қүрылғанды.^\r\n\r\n»1 СІМК үш айда бір оз мәжілістерін өткізіп отырады. Кезектен тыс можіліс мемлекеттер басшыларының кеңесі немесе үкімбттер басшыларының кеңесі, СІМК немесе бір мүше-мемлекеттің үсынысы бойынша\r\n\r\n*\r\n\r\nшакырылып   откізіледі.   СІМК   нсгізі   бойынша   қараған   сүрақтарының шсшімдері оның мүшелерінің ортақ кслісімі бойынша қабылданады. Кез-келген мүше өзінің кейбір сүрақтар бойынша мүддесі жоқ екенін ашық айтуга қүқылы жоне шешім кабылдау үшін бүл басқа мүшелер тарапынан бас    тарту    немесе    кедергі   ретінде    қарастырылмауы    тиіс.    СІМК-тің мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшылары кгңестерінің үйғарымь1 бойынша қабылдаған шешімдері, мемлекеттер басшылары кеңесі немесе ‘    үкіметтер басшылары кеңесі бекіткеннен соң ғана өз күшіне енедіК / ТМД-ның халықаралык үйымдар жоне форумдармен Ьіріккен әрекеттсрГ атты тақырып бойынша кабылданған шешімге қарай, ТМД үйлесімділік шараларын   ЕҚЫК  тығыз   орнатуы   керек   делінді.   Достастыққа   мүше-мсмлекеггер делегациясы ЕҚЫК бірігс отырып Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық  сүрақтары   бойынша   ойлары   мен   келісілген  өрекеттері жайында біріккен консультацияларды үдайы жүзгге асырады деп белгіледі.\r\n\r\nСыртқы істер министрлерінің кеңесінде ТМД-ның басқа да халықаралық үнымдармен қатынастарын дамыту үшін «Бейбітшілік мақсатындағы ссріктестік1‘ атты НАТО бағдарламасына қатысу мақсатында көптеген сүрақтар бойынша консультациялар өткізу туралы шешім қабылданды. Дегенмен соңғы кездерде НАТО тарапынан жүзеге асырылып жатқан Косово мәселесіне байланысты әскери-қарулы әрекеттер НАТО-ның шын мәніндегі бейбітшілік корушысы атына нүқсан келтіріп отыргандай,. Г ІМд\r\n\r\nмүше-мемлекепершің ортақ сыртқы саясат алаңында қол жеткізген жетістіктері бола түрса да. толықтай алғанда, ТМД-ға мүше-мемлекеттердің барлығы біріге, ортақтаса отырып бір мүдцеге саятын сыртқы саясат үстануда, Деп пікір айт>та әзірше ертерек. Жалпы алғанда, ТМД СШК-нің толық қанды жүмью атқаруына мүше-мемлекеттердегі сыртқы істер министрлігі дайындаған үсыныстардың атқарар ролі зор. (61\r\n\r\n2.3. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа да органдары.\r\n\r\n^ТМД   жарғысының  28   бабына   сай,   Үйлестіру-консультатцвтік  комитетінің\r\n\r\nч\r\n\r\nқүрылуы көзделген.  Және бұл орган Достастықтың тұрақты негізде жүмыс істейтін атқарушы жэне үйлестіруші органы ретінде белгіленген. Мемлексттер басшыларының кеңесі және үкіметтер басшыларының кеңесінің шешімдерін жүзеге асыру мақсатында Комитеттің атқаратын қызметі мыналар: .   Достастық    көлемінде    ынтымақтастық    саласы    бойынша    сүрақтарды\r\n\r\nдайындап, үсынады, әлергеттік—жономикалық байланыстарды дамытады; .   Экоіюмикалық      қарым-катынастардың     нақты      бағыттары     бойынша\r\n\r\nшарттардың орындалуына ықпал етіп, жағдай жасайды; —   Мемлскеттер     басшылары     мен     үкіметтер     басшылары     кеңестерінің\r\n\r\nмәжілістеріне үсынылатын күжаттар жобасының дайындалуы үшін окілдер\r\n\r\nмен с?рапшылардың жиналысын үйьшдастырадьі\r\n\r\nИнтеграциялық, шаруашылық, өндірістік-экономикалык байланыстарды қалпына кслтіру жоне дамыту үшін қүқықтық нсгізі рстінде 1993 жылдың 24 қырқүіісгіндс ТМД-ның тоғыз мемлскетінің «Экономикалық одақ қүру туралы шартқа» қол қоюы болып табылады. Ал 1994 жылдың сәуір айында ТМД Үйлестіру-консультативтік комитсті жанынан түрақты жүмыс істейтін Экономикалық одақтың комиссиясын қүру туралы шешім қабылданды. Бүл комиссияның негізгі функцпясы — экономикалық одақтың қызмстіне жағдай жасау жоне оны қамтамасьізетд’.(________-__________________\r\n\r\n(Мемлекетаралық  экономикалық   комитет   бірнеше   маңызды   конвенциялар дайындады:   ТМД-га   мүше-мемлекеттерде   халықаралық   кепіл   мәмілелерін     *\r\n\r\n/Л\r\n\r\nжасаудың біркелкі қағидалары туралы; халықаралық лизинг туралы; ТМД қатысушы-мемлекеггерінің салық саясаты туралы. Инвестор қызметінің қүқықтық негізін аныктайтын трансүлттық корпорациялар туралы жоне инвестор қүқықтарын қорғау туралы ковенциялар бекітілді^\r\n\r\n^ Мемлекетаралық экономикалық комитет тарапынан ТМД мемлекеттерінің энергетика кауіпсіздігін қамтамасыз ету, сол сияқты жылыту-энергетикалық кешендерінін, электр, газ және мүнай трансүлттык жүйелерінің, ортақ энергетика кеңістігінің дүрыс. қалыпты жүмыс істеуі үшін норматрштік негізін дайындау және қалау жүмыстары жүргізілуде.’КСЛІСКСН,   ҚабЫЛДаған   ЭКОНОМИКалык   бағыттағы атқаруда.І\r\n\r\nмоптеген ТМД мемлекеттері Ресейдің үжымдық қорғаныс жүйесін қүруға деген тілегіне қосылатындарын білдірді. Қысқа ғана уақыт ішінде ТМД-ның үжымдық қауіпсіздігі туралы, ТМД мүше-елдерінің қорганыс министрлер Ксңесі, оскери ынтымақтастықты үйлестіру Штабы, үжымдық бейбітшілік күштер туралы қүжаттарға қол қойылды. Қорғаныс сипатындағы үжымдық шараларға мүше мемлекеттердің кейбіреуі қатыспайды. Мысалы, Украина бүл түрғыдан келгенде өзінің ерекше саясатын жүргізуде болса, Түркменстан нейтралитет саясатын үстануда, Молдова да осы бағытта.\r\n\r\n, Үжымдық қауіпсіздік жүйесін қүру бірнеше сатыларға бөлініп тәсім жүзінде былайша көрінеді. Бірінші сатыға, мүше мемлскеттердің қарулы күштерін қүруды аяқтау және әскери-техникалық ынтымактастыктың бағдарламасын жасап жүзеге асыру, сол сияқты, үжымдық қауіпсіздік жүйесінің қалыпты жүмыс істеуін реттейтін қүқықтық актілерді дайындау мсн қабылдау жатады. Екінші сатыда, болуы ықтимал оскери басқыншылыққа тотеп тойтарыс бере алатын біріккен өскери топтарды қүру жоне оларды қолданудың жоспарын жасау, оуе шабуылына қарсы біріккен қорғаныс жүйесін қүру кіреді. Үшінші сатыда, мүше мемлекеттердің үжымдық қауіпсіздік жүйесін қүруды аяқтау..\r\n\r\n/ Шекара әскерлері басшылығының кеңесі мемлекеттер басшылары кеңесінің Достастыққа мүше-мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғау және шекаралардағы түрақты жағдайды қамтамасыз ету сүрақтарын реттейтін орган болып табылады (ТМД жарғысының 31 бабы). 1995 жылдың 26 мамырында мемлекеттер басшыларының Кеңесі «Достастық қүрамына кірмейтін мемлекеттермен шекаралас ТМД мүше мемлекеттерінің шекараларын қорғау Концепциясы» туралы шешім қабылдады. Концепцияға сай ТМД шекараларындағы саясатты үйлестіру және шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шекара ынтымақтастығын арттыру жонінде үсыныстар болды. ТМД елдері шекара саясатының негізгі мақсаттары былайша сипатталады. Шекаралардың түрақтығын, қауіпсіздігін жонс бүзылмайтындығын қамтамасыз ету, Достастықтың біркелкі экономикалык және кеден кеңістігін қалыптастыру үшін қажетті*\r\n\r\n. | Сыртқы шекаралардағы делимитация жоне демаркаци*Г жүмыстарының жағдайы туралы мәлімет:\r\n\r\n. Шекара маңындағы аудандарда экология^ийГқ, эпидемиоло£ЖОІық және эпизоотиялық жағдайлардың тез өзгерупгуралы мөлімет^,\r\n\r\n. Шекара сүрақтары бойынша мүше-мемлекетгел^юылданған нормативтік қүқықтық актілер мен^ц*?фттар туралы; .ій^караны өту үшін енгізілген қүжаттардың жаңа^уяпсі. оларды дайигңдау тәртібіндегі өзгерістер туралы; қорғану қүралдарының жаңа үдғісі туралы; шекара сүрақтары бойынша үлттық заддарды бүзушыларГа қарсы қолданылатын қүқықтық санкциялар турады мәлімет берулері тиіс. Көріп отырғанымыздай, ТМД елдерінің өскери сала бойынша қызмет атқаруының қүқықтық негіздері қаланған.\r\n\r\n/Гэкоь\r\n\r\nЭкономикалық сот.\r\n\r\nДостастық шеңберіндегі дамып келе жатқан интеграциялық процесті реттеу арбитраждық, шаруашылык және экономикалық соттардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету нақты да анық болуы шарт. Бүл түрғыдан келгенде ТМД экономикалык Сотына тоқталып өткен жөн.\r\n\r\nТәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты формалды түрде алғанда 1992 жылдың 15 мамырында қабылданған «ТМД мүше-мемлекеттерінің шаруашылық үйымдары арасындағы есеп айырысуды жақсарту шараларын қамтамасыз ету туралы» Келісіміне сай қүрылған болатын. Және бүл келісімнің 5 бабына орай, «Достастықтың шаруашылық соты» деп аталғанды. Келісімнің негізгі мақсаты ретінде, Достастыққа мүше-мемлскеттердің жоғарғы шаруашылық соттары қүзыретіне жатпайтын мемлекет аралық экономикалық дауларды шешу, көрсетілгеңд^ЦсгсимоІІІ, бүл Шйеш- бойыпша тиісті қүжаттар даііыпдалып жатқап ксздс, соттаң атауьШ’ озщ)ту үгтІТІтІІТгт.І да болды. Соның ноіижссі Оолып 1992″жылдың 6 шілдесінде\r\n\r\nҚабылданған «ТМД Экономикалық сотының мортебесі туралы» Келісім мен «Экономикалық сот туралы» Ереже /79, 386./ табылады. Осы келісімге мүше-мемлекет ретінде қол қоііған елдер мнылар: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қыргызстан, Молдова, Россия, Тәжікстан және\r\n\r\n|Экономикалық сот, мүше-мемлекеттер арасындағы экономикалық дауларды қараудан басқа, Достастық органдарының экономикалық бағыттағы келісімдері мен шешімдеріне түсінік береді. 1   Адам қүқықтары жөніндегі комиссия.\r\n\r\nАдам қүқықтары жөніндегі комиссия — Достастықтың консультативті органы болып табылады. Достастық мүше-мемлекеттерінің адам қүқықтары жөнінде алған міңцеттемелерінің орындалуын қадағалайды. Комиссияның орналасқан жері — Минск қаласы. 1995 жылдың 26 мамыр жүддызында ТМД-ға мүше-мемлекеттер «Адам қүқықтары мен негізгі бостандықтары туралы ТМД конвенциясын» қабылдады. Бүл ковенцияға Достастықтың жеті мемлекеті қол қойды. Конвенцияға қол қоймаған мемлекеттер: Азербайджан, Қазакстан, Түркменстан, Өзбекстан жоне Украина.’\r\n\r\nДостастықтың салалык ынтымақтастық органдары.\r\n\r\nТөуелсіз мемлекеттер достастығы келісім-шарттар негізінде экономикалық, өлеуметтік және баска да салаларда ынтымақтастық органдарын бекіте алады. Мүндай органдар олардың әртүрлі салаларға байланысты қағидалары мен міндеттерін жүзеге асыруға атсалысады. Салалық ынтьшақтастықтың кеңестері, комитеттері жөне басқа да органдары ТМД жарғысында көрсетілген сала аралық функцияларды жүзеге асырады. Бүл органдардың қүрамына ТМД атқару органдарының тиісті басшылары кіреді. Салалық ынтымақтастық органдары өз өкілеттігі аумағында үсыныстар қабылдайды, ал қажетті жағдайда үкіметтер басшыларының кеңесіне ұсыныстарымен кіреді. Сала аралық ынтымақтастық екі немесе көп тарапты болуы мүмкін_________\r\n\r\nІ Парламент аралық ынтымақтастық\r\n\r\nПарламент аралық Аесамблея Достастық көлемінде парламент аралық консультациялар өткізеді, ынтымақтастықтың сүрақтарын талқылайды, үлттық парламенттер қызметі саласында бірлескен үсыныстарды дайындайды (Жарғының 36 бабы) ‘ тг                                           ________\r\n\r\n~Ассамблея    туралы    келісім    1992    жылдың    27\r\n\r\n\ Парламент    аралык\r\n\r\nнаурызында қабылданан болатын. Жоне бүл қүжатга шешімдер консенсус\r\n\r\nнегізінде қабылданады, делінгенді. \V Интеграциялық комитет. түрақты жүмыс істейтін атқару оргапы ретінде кеңесші-үйлестіруші мемлекетаралык құрьыым оргаиы болып габылады. Сонымен қатар, бүл орган тікелей әсер етіп шешім қабылдайтын қүқыққа ие емес, сол себептен де өз қызметі мен өкілеттігін нақты анықтауды кажет етеді. 1998 жылдың 22 кдңтарында Достастық мүше-мемлекеттерінің басшылары Интеграциялық комитеттің мәртебесін көтеру қажеттігі жайында сөз етті. Бірақ әзірше үсыныстар ғана бар. Бүған байланысты, Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде интеграцияны басқару органдарының қабылдаған келісімдері мен шешімдеріне қарай КО мен ОЭК органдарына төмендегідей мәргебе беру жайында үсыныстар бар:|\r\n\r\nх Интеграциялық комитет жанындағы Кеңестер, (салааралық) комиссиялар оз ~» қүзыреті шеңберінде ведомствоаралық (үсыныс ретінде) сипаттагы шешімдерді қабылдайды,   егер   бүл   шешімдер   үкіметтер   басшылары   Кеңесі  тарапынан қоддау тауып бекітілетін бол:а, тараптар үшін мівдетті болып саналады.\r\n\r\nБасқару органдарының функцияларын бүлайша болу 1969 жылғы Вена конвенциясының ережелеріне жөне мүше-мемлекеттердің халықаралық шарттар туралы үлттық зандарына сай келеді. Қазіргі кезенде бүл үлт үсті органдар қүру дегенді біддірмейді, дегенмен, интеграция болашақта мүндай козқарасты да талап етуі әбден мүмкін.

ТАРАЗ — ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТIНIҢ АЛТЫН БЕСIГI

0

Eжелгi Тараз — Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры iспеттес. Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет етiп келдi. Тараз — Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.\r\n\r\nVII ғасырда Тараз Ұлы Жiбек жолы бойындағы iрi қалаға айналды. Осы кезден бастап ол кеңiнен мәлiм болады. IX-X ғасырларда Тараз одан әрi өсе түстi. Оның дәл сауда жолы бойында, егiншiлiкке қолайлы бай алқаптың ортасында, Талас Алатауындағы күмiс кендерiне жақын жерде орналасуы экономикалық және мәдени өрге басуға жәрдемдестi. Х ғасырда Әл-Максиди былай жазған: «Тараз — бекiнiстi үлкен қала, бау-бақшалы, халқы көп, айнала ормен қоршалған, төрт қақпасы және рабады бар. Мәдина қақпасы алдынан өзен ағып жатады, ар жағында қаланың бiр бөлiгi орналасқан, оған өтетiн жол бар. Ал, базардың нақ ортасындағы үлкен мешiтi көрiнiп тұрады». Тараз қаласының орнын тұңғыш рет iрi ғалым Әлкей Марғұлан француз ғалымдары А. Ромоди, Шааванье Де Грата, академик Бартольд еңбектерiне сүйене отырып, көне екенiн дәлелейдi. Жазба деректер бойынша Таразда 568 жылы Византияның емшiсi Земархтың түркi қағаны Дизабулдың қабылдауында болуынан кейiн, бiр ғасырдан соң 630 жылы Қытайдың монахы Сюань «Цзянь-Июаньнан батысында (Долос) қаласы орналаскан, қаланың аумағы 8-9ш/км, онда әр елдiң саудагерлерi мен соғырлар тұрады», деп жазды. Осы кезден бастап қаланың аты тек өз өлкесiнде ғана емес, көршiлес мемлекеттерге белгiлi болды.\r\n\r\nТараз қаласының IX-X ғасырлардағы экономикасы мен мәдениетiнiң өркендеуiне негiзiнен ықпал еткен Талас аңғарындағы бай егiншiлiк алқап пен Талас Алатауының маңындағы күмiс өндiретiн кен орындарының дамуы болды. Тараз — Түркеш, Қарлық онан кейiн Қараханид мемлекеттерiнiң орталығы болып, өзiнiң бақыр ақшаларын шығарды. Ортағысырлық қалаға жүргiзiлген археологиялық қазбадан табылған қыштан жасалған су құбырлары, сәулет өнерiнiң дамығандығын дәлелейтiн құрылыс орындарының қалдықтары, тас төселген көшелер мен тротуарлар және қолөнер шеберлерiнiң қолынан шыққан көптеген бұйымдар, сөз жоқ, қаланың X-XII ғасырларда едәуiр гүлдене өскендiгiнiң куәсi. Қалада керуен сарайлары, iрi қоғамдық ғимараттар, қолөнершiлердiң шеберханасы, копестердiң дүкендерi мен көптеген қала тұрғындарының қажетiн өтейтiн кiшiгiрiм сауда орындары болған. Тараз қаласында мұсылман сәулет өнерiнiң iнжу-маржандары болып саналатын Әулие ата — Қарахан (XI ғасыр) және Дәуiтбек (XIII ғасыр) кесенелерiн айтуға болады. Тараз XIII ғасырдың аяғында моңғол империясының, одан кейiн Темiр империясының маңызды орталығы болып қала бердi. Кейiнiрек XVI ғасырда Жетiсуда Қазақ хандығы құрамына енген кезде де қала өз жалғасын тауып кеттi.\r\n\r\nҚала 1856 жылы — Әулиеата деп аталды, 1936 жылы — Мирзоян аты берiлдi, 1938 жылы жыр алыбы Жамбыл есiмiн иелендi. Ал 1997 жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республика Президентiнiң жарлығымен ежелгi аты қайтарылып, Тараз аталды. Тараз тарихы таусылмайтын тағлымға бай, тамыры тым тереңде жатқан көне қала. Ол әсiресе X — XII ғасырларда зор даму, гүлдену дәуiрiн басынан өткердi. Қарахан әулетi билеген тұста, ол осы бiр ертеғасырлық алпауыт мемлекеттiң астанасы болған. Тап сол кезеңде Тараз, түрленiп, түлеп күллi әлемнiң құрылымдық жүйесi, көше жолдары қала стилiндегi терең де бедерлi, сән — сәулетке ие болды. XII ғасырдың аяқ кезiнде бабамыз Қарахан дүниеден өткен кезде, оның қабiрi басына сәулеттi күмбез ғимараты салынады. Ол келе-келе қала тұрғындары мен қонақтарының бас иiп, мүнәжәт ететiн қасиеттi орынына айналған. Сөйтiп, мазар «Әулиеата» аталып кетедi. Бiрақ, кейiн монғолдардың жойқын шапқыншылығы кезiнде сол қасиеттi күмбез де, қала да тып-типыл болып қиратылған едi.\r\n\r\nКейiн жоңғарлардың «ақтабан шұбырындысынан» арылған, есiн жиған қазақтар 1809 жылы кесененi қалпына келтiрдi. Мiне, сол ғимарат Айша-бибi, Бабажа-қатын, Дәуiтбек (Шамансұр) ертеортағасырлық архитектуралық ескерткiштер күнi бүгiнге дейiн сақталып келедi. Айша бибi, Қарахан, Бабажа қатын, Тектұрмас сынды тарихи жәдiгерлерiмен әлемдi сүйсiнткен көне Таразды, шығыстың ұлы жұлдызы Фердауисидың жүрегiнен суырып алған, мына өлең жолдары тамсандырған бұл көне, қасиеттi Тараз. «Сергiтер жүрек жарасын, Мөп-мөлдiр көздер қарасын Тараздан ғана табарсың» деп оның табиғатына, тұрмыс тiршiлiгiне, тарихы мен салт-дәстүрiне, топырағына сүйсiнген. Осынау қасиеттi, шуақты Тараз қаласынан XI ғасырдың бiрiншi ширегiнде теңге сарайы табылған. Ортағасырлық қала тұрмысында түрлi қолөнер өндiрiсi: тоқыма, шыны үрлеу, зергерлiк, ұсталық ағашты және сүйектi бедерлеп ою маңызды роль атқарған.\r\n\r\nБабаларымыздың бұдан 2000 ж. бұрын да қала салып, металл қорытып, қыш ыдыстар ғана емес, құбырлар жасап су жүргiзгенiн, Тараз — Еуропа мен Азияны жалғастырған Ұлы Жiбек жолының ең елеулi қаласы болып, бүкiл түркi елiнiң экономикасы мен мәдениетiнiң дамуына зор үлес қосқан, әлемнiң бар түпкiрiнен саудагерлер ағылған, таразы сияқты салмақ өлшеу құралы да, ойлап табылған, Шейх Ахмет Тарази сияқты ғұлама ақын өмiр сүрген көне, мәдениетi жоғары дамыған, рухани байлықтың дiңгегi. Қазба жұмыстары нәтижесiнде Тараз тарихының әр түрлi дәуiрлерiндегi құрылыс комплекстерi мен жеке құрылыстары ашылды. 200 м2 — дей жердi қазған кезде шаһристанның шығыс жақ бұрышынан моншаның қалдығы табылды. Оның төбесi күмбезделiп жасалса керек. XI — XII ғасырларда, қала экономикалық жағынан дамыған кезде салынғанын дәлелдейдi. Осы жерден ұзындығы 12,8 м су құбыры табылды. Таразда 11-12 ғасырларда өте қызық тәсiлмен салынған пеш табылды. Оның пiшiнi күмбез тәрiздi, пеш сынап және жаңғыш заттар сақтайтын, ұзын мойынды, бүйiрлi ыдыстарды күйдiруге арналған болу керек. Пеш табылған жерден әр түрлi ас бұйымдарын тапқан. Тараздың орнын қазған кезде, ақ күңгiрт, жасыл және қызғылт шыныдан жасалған дискiлер табылған. Бұл дискiлердi үйдiң терезесiне орнату үшiн пайдаланған. Таразда әйелдерге керектi әсемдiк бұйымдарын құюға арналған үш қалып табылды. Ұсақ түйек бұйымдар жасау үшiн сүйекпен мүйiз кеңiнен пайдаланған. Бұғы мүйiзiнен жасалған бұйымдар да Тараздан табылған. Металл бұйымдар — шырағдандар мен оларды қоятын тұғырлар аса зор көркемдiкпен iстелген. Мiне, осы қазба жұмыстары нәтижесiнде табылған заттар, өрнектелген бұйымдар, тарихи ескерткiштер мәдениеттiң яғни рухани мәдениеттiң дамуына зор үлес қосты.\r\n\r\nҚазақстанның ең көне қаласы Тараз Ұлы Жiбек жолының ең басты, елеулi орталығы болды. Ұлы Жiбек жолында ғасырлар бойы бiздiң өлкемiздiң тарихы, әлемдiк құрамдықтың, тiршiлiктiң күре тамырына айналып, өз заманында Жiбек жолы бойындағы жетi жұртқа даңқы жайылған iрi сауда, қолөнер кәсiпшiлiгi дамыған орталық болғанын бүкiл әлем, осыдан бiрер жыл бұрын Қытай елiнiң ежелгi астанасы — Сиянь қаласында өткен Ұлы Жiбек жолына 2100 жыл толуы құрметiне арнап өткiзген халықаралық конференцияда мойындап оны, мақұлдады. Бұдан бiз олардың бiздiң қасиеттi қаламыздың тарихын тым терең бiлетiндiгiне көз жеткiземiз. Ұлы Жiбек жолы — адамзат тарихының дамуында бiздiң эрамызға дейiн II ғ. Батыс пен Шығысты байланыстыратын, құрылық аралық жол ретiнде қызмет еткен бiрегей тарихи ескерткiш. Бiздiң өлкемiз арқылы өтетiн басты бағытының iшiнде — Оңтүстiк бағыт-сауда орталығының шоғарлары, ғылымның дамуы мен, мемлекет аралық байланыстың күшеюi, олардың озық өркениетiнiң мәдениетiн өзара бiрлесiп байытуға орасан септiгiн тигiздi. Оның көп ғасырлық тарихы әлем мәдениетiнiң дамуына айтарлықтай үлес қосқан мұра болып табылады және адам баласының бiрнеше мың жылдар бойы жасаған тарихи мұралары қазiргi мәдениетiмiздiң тұғыры ретiнде келешек ұрпаққа сақталынуы қажет.\r\n\r\n20 жүз жылдықпен құрдас сияқты Тараз қаласының бүкiл әлем болып, атап өтетiн мерейтойы туралы ЮНЕСКО 1999 жылы шешiм қабылдады. Елiмiздегi ең көне қаласы, оның тарихы, мәдени ескерткiштерi сол күйiнде сақталып сәулетi мен сәнi арта түссе шеккi болмас едi. Иә, қала қайта жаңғыртуды күтедi. Сан қырлы сәулетi мен сәнi ескерткiштер ерекшелiктерiн сақтай отырып, XХI ғ. лайық жаңа түрмен байыта, бiртұтас мемориалдық кешен түзеу қаланың бас жоспарына алынған. Сұлу табиғаты мен, арықтарды сыңғырлап аққан суымен, қонақжайлығымен баурап алатын Тараз өңiрi дүниежүзiлiк туризм ағымынан шет қала алмайды. Қаланың келешегi зор, бүгiн де Тараз — ежелгi де жаңа қалаға айналды. Рухани байлықты паш ету Тараз қаласының 2000 жылын тойлаудың темiрқазығы болуы абзал. Сонда, ғана бiз мақсат биiгiнен көрiнемiз. Тараздың және осы өлкенiң бай тарихын, табиғатын, жерiн ұтымды көрсете бiлсек, көне ұлттар қатарына, оның қазақ мәдениетiнiң, қазақ өркениетiнiң дамуына қосқан үлесiн, тигiзген жетiстiктерiн әлемге паш етемiз. Ал, ендеше iске сәт «Ежелгi, Тараз»- қазақ мәдениетiнiң алтын бесiгi.\r\n\r\n \r\n\r\nКәнкиев Ә.Ш., Жүншеев Р.Е.\r\n\r\nТараз қ., М.Х.Дулати атындағы ТарМУ\r\n\r\nДереккөзі: http://taraz2000.tarazinfo.kz

ТАЛАС ӨҢІРІНДЕГІ КӨНЕ ЖАЗБАЛАР – ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ЖАЗУ МӘДЕНИЕТІНІҢ БАСТАУЫ

0

Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды. Ғұн тайпалары алтай тілдес тайпалар қатарына жатқанымен, оның құрамында әртүрлі тілдерде сөйлейтін тайпалық одақтар мен шағын рулар да бар еді. Осындай тайпалық одақтардың түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі этногенезінің, яғни түркі тілдес тайпалық одақтарының бірігу процесі басталды.\r\n\r\nЗаманымыздың І мыңжылдығының басынан Евразия даласында біртіндеп этникалық өзгеріс етек алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың басқосуы, өз алдына мемлекет құрып дамудың жаңа бір процесін бастан кешуін ерекше айтуға болады. Ал І мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап тұрғындардың әлеуметтік жағдайының артуы және саяси, территориялық тұрақтылықтың нығаюы нәтижесінде жер тұтастығына байланысты бірнеше үлкен мемлекеттер пайда болғаны анық байқалады. Нақтырақ айтсақ, Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, төменгі Еділ жағалаулары мен Солтүстік Кавказ аймақтарына байланысты бірінші Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты мен Арал оғыздары хандығы бой көтереді. Осы аталған одақтастар дәуірі тарихта көне түркі дәуірі деп аталады. Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму,  ұлғаю, ірілену сияқты процестерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі де түркі ата тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды.\r\n\r\nОрталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп VІ ғасырдың орта шенінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы,  тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана әскер басылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тониұқұқ, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.\r\n\r\nТүркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайғы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр.\r\n\r\nБолашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Бірақ, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығынының қаншалықты екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі.\r\n\r\nТалас жазбалары Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлық мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзенді аймақтарда орналасқан. Сондықтан да қазақ және өзге түркі тілдес елдердің тарихын, көне мәдениетін, өркениеті мен мемлекеттігін, тілі мен діліне қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің қажетті екендігін байқауға болады.\r\n\r\nМемлекет тарихын бейнелейтін түркілік руханикалық жазуларды тілдік‚ әдеби, тарихи және саяси-этникалық жақтан жан-жақты зерттеу үшін көне мұралардың географиялық жағдайын жетік меңгеруіміз керек. Сонымен қатар, қазақ халқының көне мәдени ошақтары мен тарихи орындарын анықтау, оның мәні мен мағынасын, құпиялы ішкі сырын білу тек жекелеген зерттеуші ғалымдардың ғана емес, ол мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін міндетті түрде шешімін табатын проблема болуы керек. Қазақ халқының рухани байлығы оның тарихымен астасып жатады. Сондықтан да мұндай көнекөз жазба мұраларды зерттеу мәселесін еліміздің қазыналы оңтүстік өңірінен бастаған дұрыс. Өйткені, Қазақстанның аймақтарынан табылған тарихи жазба мұралар қазіргі уақытта облыстық мұражайлар мен арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем жоқтың қасы. Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-қыратты жерлерге экспедициялар ұйымдастыру мәселесі мүлдем назардан тыс қалып қойған. Қазіргі Тараз қаласы мен оның оңтүстігін, Алатау мен Қаратау бөктерлерін, орталық Қазақстандағы Ұлытау мен Болаттау аймақтарында арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ құрып, көне жазбаларды іздестірсе, ұрпақ білсін деген ниетпен ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жазу-сызулардың талайы табылары анық. Бұған айқын дәлел ретінде XІX ғасырдың екінші жартысынан бастан XX ғасырдың 70-жылдарына дейінгі іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады. Осы екі аралықта талас өзені мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан біраз қойтастар мен петроглифтер, руникалық жазулар табылды.\r\n\r\nТалас өңіріндегі түркілік көне мұраларды зерттеу мәселесі алғаш рет бүгінгі күнге дейін өз маңызы мен құндылығын жоймай өзекті проблемалардың біріне айнала бастағаны тіпті академик В.В. Бартольд еңбегінен де көрініс табады. 1893-1894 жылдары ғалым Жетісу өңірін зерттеп, түркітану ғылымына үлкен үлес қосқан-ды. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғызстанның солтүстік өңірлеріндегі көне түрік жазба ескерткіштері туралы құнды мәліметтер жинақтауда Ташкент қаласында құрылған Түркістан жас  археологтар бірлестігінің жасаған жұмыстары түркітанушы зерттеушілер тарапынан аса зор құрметке ие болып отырды. 1896-1897 жылдары Әулиеата уезінің басшысы В.А.Каллаур мен фин археологы Г.Гейкелдің бірлесе іздеу жұмыстарын жүргізудің арқасында қазіргі Тараз (бұрынғы Әулиеата) маңынан түркі руникасымен таңбаланған бес жазу табылса, кейінгі жылдары осы аталған территориялардан (1897 жылы Дмитриевск селосының маңындағы Терексай шатқалынан, 1898 жылы Айыртамой мекенінен, 1925-1926 жылдары Ыстықкөл маңындағы Қайсар шатқалынан) бірнеше көне жазулар мен тастарға ойылып салынған суреттер табылады.\r\n\r\nXX ғасырдың 30-шы жылдары Орталық Азия территориясынан көне түрік таңбалары салынған таяқша табылды. Бұл жазу жүйесі графикалық лингвистикамен айналысушы ғалымдардың көне жазуға деген қызығушылығын арттыра түседі. Өйткені, мұнда бұрыннан белгілі әріптерден бөлек бірнеше беймәлім таңбалар кездеседі. Аталған жазудың құпиясын ашуға бірнеше ғалым атсалысып, өз оқылу варианттарын ұсынған болатын: С.Е.Малов (1936), Х.Н.Оркун (1940), А.М.Щербак (1959), т.б.\r\n\r\n1970 жылдары Іле бойындағы Есік қорғанынан ежелгі сақ тайпасы мәдениетінің айнасы болып саналатын сол кезеңнің тұрмыс қажетін өтейтін бірнеше заттар табылғаны белгілі. Осындай қазба жұмыстарының нәтижесінде күміс тостағаншаға екі қатар ойылып салынған 26 таңбадан тұратын руникалық жазу табылады. Аталған сына жазуды оқып, оның мағынасы мен құндылығын ашу барысында ғалымдар арасында алуан түрлі тартыстар да болды. Сақ қорғанынан табылған бұл жазудың тарихи құндылығы күн санап арта түсті. Біріншіден, тостағаншаға таңбаланған әріптер өзімізге белгілі VІ-VІІІ ғасырларда кездесетін көне түркі жазуынан кейбір таңбалары сәл өзгеше, Екіншіден, табылған жазу, археологтардың анықтауы бойынша, сақ дәуірінің жемісі. Сондықтан жазу жүйесі алдыңғы табылған көне түркі әліппесіне қарағанда 5-6 ғасырға көне. Мұның өзі біздің жазу мәдениетіміздің қайнар бастауы дәуірінен сонау сақтар мен ғұндар дәуірінен бастау алатындығын дәлелдей түседі.\r\n\r\nОдақтық тоталитарлық жүйе бұзылғаннан кейін біртұтас түркі мемлекеттері жеке-жеке өз тәуелсіздігін жариялап, егемендікке қол жеткізді. Рухани байлығымыз — салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіліміз бен діліміз қайта жаңғырып жатқандығы баршаға мәлім. Соның нәтижесінде түркітану саласына деген көзқарас қайта өзгеріп, ғылымға біршама өзінің жаңа табыстарымен қайта оралды. Осы мақсатта ғылым саласы да өз зерттеу объектілеріне жең түре кірісіп, халық тарихы мен мәдениетінің қайнар бастауын көне заманнан іздеп, қазіргі уақытта көптеген табыстарға да қол жеткізіп үлгерді. Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй-тұрмысына қажетті заттар, қой тастар табылып жатыр. Олардық бойында талай құпиялар сақталуы. Мысалы, соңғы кезде Өзбекстанның Наманған, Ферғана, Башқадария аудандарынан бірнеше көне тайпалардың қолданған заттары табылған болатын. Аталған түркілік көне жазуларды өз зерттеулерімізде оқып, құпиясын ашып та көрдік.\r\n\r\n \r\n\r\n1998 жылы Қырғызстанның Қошқар өңірі Қарасу ауылы жанындағы Көксай, Тікбұған, Қызылбұлақ, Алғым өзенді, таулы-қыратты жерлерінен көне түркі рунасымен тас бетіне қашалып жазылған бірнеше құпия жазулар табылған болатын. Бұл өңірден табылған барлығы 8 руналық жазу өзімізге белгілі Талас жазба ескерткіштері қатарына жатқызылады.\r\n\r\nКөненің көзі болып табылатын асыл қазыналар Қазақстан жерінде де қаншама. Өйткені, шығысымызда Алтай мен Тарбағатай, батысымызда Орал таулы қыраттары, солтүстігіміз бен орталығымыздағы Ұлытау, Болаттау аймақтары, оңтүстігімізде Алатау мен Қаратау қатпарларында және басқа да өзенді көлді кең алқапты мекен еткен ата-бабаларымыз сол өңірлерге де өздерінің қолтаңбасын қалдырып кетпеді дегенге кім сенер?! Мұндай қол жетпес дүниелер ертеңгі күні егеменді еліміздің кез-келген жерінен табылуы мүмкін. Егер табылып жатса, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетінің дамуын, өркениеті мен мемлекеттігінің қайнар бастауын ғылыми түрде одан әрі дәлелдей түсуге өз септігін тигізері анық.\r\n\r\n \r\n\r\nӘдебиеттер:\r\n\r\n \r\n\r\nАманжолов А.С. История и теория древнетюркского письма. —Алматы, 2003.\r\n\r\nTomsen V. Іnscrіptіons de l(Orkhon Dechіffrees // Memoіres de  la Socіete Fіnno-Ougrіenne (MSFOu).  —Helsіngfors, 1896.\r\n\r\nTomsen V. Gozultmus Orhon yazіtlarі. —Ankara: Turk tarіh kurumu basіmevі, 1993.\r\n\r\nТомсен В. Дешифровка орхонских и енисейских надписей // Записки Восточного отделения Русского археологического общество (ЗВОРАО). Т. VІІІ. вып. ІІІ-ІV. —СПб., 1894.\r\n\r\nАкишев К.А. Древняя культура саков и усуней долины р. Или. —Алматы, 1963.\r\n\r\nЛитвинский Б.А. Древнейшие кочевники “Крыши мира”. —Москва, 1972.\r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Саурықов Е. Б.\r\n\r\nТараз мемлекеттік педагогикалық институты\r\n\r\n \r\n\r\n 

Темперамент жөнінде түсінік. Темперамент дегеніміз не?

0

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден — әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында.

Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы.

Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс — әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.

Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс — әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

Темперамент туралы теориялар

Темперамент жөніндегі ғылымның ірге тасын қалаған ежелгі грек дәрігері – Гиппократ.

Оның  тұжырымы бойынша, адамдар төрт «дене шырындарының» — қан, шырыш, өт, запыран — өзара қатынасымен ажыратылады. Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін жоғарыда аталған шырындырдың бірінің басымдылығымен байланыстырды.

Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі: сангвиник (sangius – қан), флегматик(phlegma – шырыш), холерик( chole — өт), меланхолик(melaschole – запыран). Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі  жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигізді.

Ежелгі дәуірлерден бастап зерттеушілер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметінің ерекшеліктерімен сай келетін көп түрлі әрекет – қылықтарды тастап, ретке келтіруге ат салысты. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұлардың ішінде назар саларлықтай тип – адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:

  1. Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
  2. Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
  3. Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
  4. Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.

 

Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған — Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны арықарай жалғастырған У. Шелден болды. Сонымен, әр адамның темпераменті әртүрлі, соған байланысты адамдар да әртүрлі.

Кіші оқушылар темпераменті

Егер сіз кіші оқушыларды қадағалайтын болсаңыз, олар сабақта да, үзілісте де, ойын үстінде де, еңбек, дене шынықтыру сабақтарында да олардың активтілігі және эмоциялары әртүрлі болады. Кейбіреуі тым қозғалғыш, сабақта өте белсенді, өзгерістерді елемей тез араласып кетеді және олардың эмоциялары өте айқын, ұстамсыз түрде көрінеді. Ал, екінші біреуі, байсалды, баяу жұмыс істейді, сөйлегені созылыңқы және бірқалыпты, эмоциялары мүлде көрінбейді деуге болады.Бұндай балалар өз жетістігі мен кемшіліктеріне мән бермейді.  Ал, енді кейбіреулері, еті тірі, сөзшең, өмірге риза, бірақ бейқам, қозғалғыш, сезімге тез берілетін балалар. Тұйық, ұялшақ, ақырын сөйлейтін, ренжігіш оқушылар да өздеріне назар аудартпай қоймайды. Бұл айтылған әртүрлі темперамент белгілері төрт оқушы типін көрсетеді:холериктер, флегматиктер, сангвиниктер, меланхоликтер. Темперамент қозғалғыштықты бейнелейді, ал қызығушылық пен көзқарасты бейнелемейді. Екі әртүрлі темперамент өкілдерін алайық, олардың жасаған іс- әрекеті де әртүрлі болады.

Оқушылар темпераментінің физиологиясы

Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Ол нерв жүйесінің қозу мен тежелуге негізделген.

  • Күшті қозуы тежелуінен басым
  • Күшті қозуы мен тежелуі тең;
  • Күшті қозуы мен тежелуі тең, қозғалысы баяу 

    Міне, бұл Павлов ұсынған үш тип. Бірінші типті адамдар жұмыскер, жүйке жүйесі күшті, ондай адамдар қысқа және ұзақ қозуды және тежелуді басынан өткізеді. Екінші типті адамдар өте ширақ болады. Үшінші типті адамдардың кейбіреуінде қозу мен тежелу теңеседі, ал кейбіреуінде не қозу, не тежелу болады. Және мұнда Павлов жүйке жүйесінің  күштілігі мен әлсіздігіне назар аударған. Күшті жүйке жүйесі бар адамдарды ол тағы екі типке бөлді:

  • Күшті, ұстамсыз
  • Күшті,ұстамды
  • Павлов өзінің ұсынған типтерін психологиялық темперамент типтерімен салыстырғанда, ол екеуінің тура келгеніне көзі жетті.

 

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы

Сангвиник

Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды.

Сангвиниктерді  оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.

3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында  есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Флегматик

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді.

Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да,  сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Холерик

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық  ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен  энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде,  кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.

Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды.  Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Меланхолик

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.

Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп  уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.

 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу

Әр мұғалім оқушының темпераментін білу керек. Холерик кіші оқушыда ұстамсыздықты тежеуді жаттықтыру керек. Оған талап қойған кезде, жұмсақ және байыппен сөйлеу керек. Еңбек сабағында ұқыптылыққа тәрбиелеу қажет.

Меланхоликтерде белсенділікті арттыру керек. Оларды қоғамдық жұмысқа барынша кірістіру керек.

Флегматиктерде де сондай қасиеттерді қалыптастыру керек.

Ал сангвиниктерде  тұрақтылықты  орнату қажет.

 

ҚАЗАҚТЫҢ ТЕКТІ ҚЫРАНЫ. ТАЛҒАТ БИГЕЛДТИНОВ ТУРАЛЫ

0

Талғат Бигелдиновтің еншісіне ерекше тағдыр бұйырған\r\n\r\nОл тағдыр – қазақтың текті қыранының тағдыры. Қыран бүркіт қашан да мәрт келеді. Қыран мекені қияда. Қыран аңсары – күн астындағы шексіз, шетсіз кеңістік. Қыран самғауы зеңгір көктің төрінде. Қыранның шырқау биікті көксемейтін күні жоқ. Мұзбалақ қыран тұғыры – мәңгілік мұзарттар. Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұланы Талғат Бигелдинов даңқының, соны сүйіншілеп қуанған халық мерейінің биігі екі дүркін Кеңес Одағы Батыры жұлдыздарының сөнбес жарығымен сараланады.\r\n\r\n \r\n\r\nҚарт қыран бүгінде сексеннің жетеуінде. Әлі де сол мұзарттағы тұғырында. Мәшинесін өзі айдайды. Көптен бергі сүйікті хоббиі – бал арасын бабымен ұстап, омартасын Алатау аңғарларында мұқияттап сайлайды. Жетпістен асқанда күркіреп жауға шапқан баяғы Бөгенбай бабасындай “Бетін аулақ қылсын, бірақ күн туа қалса ұшаққа отырып қайтадан самғауға әзірмін!” деп ширығуынан-ақ қайтпаған батыр сұсы білінгендей. Соған қарамастан батыр көңілі баладай риясыз. Күркірей күлімсіреген батыр ағаның бала мінезінен қилы-қияпат жылдарға мойынсұнбаған жан тазалығын танығандай жадырай түсеміз. Осынау қыран қазақпен аз-кем де болса әңгімелескен адам оның сөзінен, мінезінен ертегі батырларының ерекшелігін байқамай тұра алмас еді. Өзіміз байқадық.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы Кеңес Одағының Батыры атағын бір емес, екі рет алған қазақ аз ба, көп пе? Мүлдем қисынға келмейтін сұрақ. Екеудің бірі де емес, бірдің өзі, нағыз дүрдің өзі Бигелдинов Талғат. Мұны айтып елдің есіне салғанда Американы қайтадан ашқалы отырған жоқпыз. Тек сонау қаһарлы соғыс жылдарында Сталиннің жарлығы бойынша 80 жауынгерлік ұшуды табысты орындаған ұшқышқа Батыр атағы бері­летін болып белгіленген екен. Ал біздің Талғат ағамыз болса, 305 мәрте жауын­герлік тапсырмамен ұшып шығып, жауға  соншама рет ойран салып шайқасқан, соншама рет өліммен беттесіп, арпалысып айқасқан. Қарапайым арифметикаға сал­сақ та, төрт немесе, кем дегенде, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры болғандай екен! Әрине, екі Жұлдыз да тақиямызға тар келмес. Күпірлік болмасын, бірақ көңілде күмән барын қайтіп жасырайық. Қазаққа одан артықты қимаған, осы да жетер деген кердең пиғыл да болмай қалмаған-ау деп шамалаймыз. Ал мына екі мәрте Батыр атағын бермеске де Талғаттай өреннің бірінен бірі асқан, үдемелеген ерен ерлігі ерікке қоймаған. Шабытты шағындағы болат топшылы қызылшыл қыран қайтпас қайсарлығымен Жұлдызды жұлып алған, іліп түскен. Қиян-кескі сол күндердің өзінде неміс-кеңес майдан шебінің екі жағында да қысық көзді азиат Бигелдиновтің жаужүрек жалыны мен ұшқыш ретіндегі шеберлік  шалымы аңызға айналғанын көзкөрген куәлар хатқа түсірген, құжаттарда таңбаланып қалған. Шабуылдағы қазақ сұңқарының айла-тәсілі, қабілет-қарымы, ұшақты қапысыз меңгеруі, ұрыстағы ұрымталдығы, өжеттігі өзгелерден оқ бойы озық болып дараланғанын да сарғайған құжаттар, ескірмес естеліктер жырдай қып жеткізген. Осылайша жердегі жаяу әскердің жортуыл-жорықтарында ғана емес, қазақ аты аспандағы айқастарда да бірден-бір Бигелдиновтің арқасында айдай әлемге әйгілене танылып, туған халқына мерей-мақтаныштың кенен олжасын асқан бір дарқандықпен молынан салғанына алғыс-рахметіміз де әрқашан айтыла беруі керек-ақ.\r\n\r\n \r\n\r\nСол бір отты күндерден бері де  алпыстан астам жыл өтіп, соғыс жаңғырығы алыстап барады. Бір майданда, бір елдің қосыны болып тізе қоса соғысқан Ресейден де ірге ажыратып, дербес байрақ көтергенімізге де жиырма жылға таяп келеді. Ендеше, осынау, дүниені тітіренткен сұрапыл соғыстың сол кездегі бас қаһармандарының бірі, қазіргі қарт қыраны, ардагер жауынгер Талғат Бигелдинов хақында жаңа пайымды жүрекжарды сөзді еліміздің бас газетінің бетінде айтқан жөн сияқты. Алға озған уақыт, өркендеп өрлеген заман Батыр орайындағы  көзқарас-бағаны бір қағып-сілкіп, шаң-тозаңнан тазартып, өмір жолын көз алдымызға елестете, оған деген ілтипат-құрметіміздің деңгейін сыни тұрғыдан тағы бір бағамдап өтуге ишара ететіндей.\r\n\r\n \r\n\r\nЖә, олай болса, аспан шайқастары ақиығының тәңірім жарылқап тарту еткен талайлы тағдыры қалай, қай жерде, қашан басталып еді?\r\n\r\n \r\n\r\nБұрынғы Ақмола-Қараөткел төңірегіндегі атақоныс, қазіргі Астана әуежайының орнындағы ескі Майбалық ауылында, Бигелді қарттың әулетінде қазақтың болашақ даңқты ұшқышы Талғат Бигелдинов дүниеге келеді. Сол бір аумалы-төкпелі заманда Майбалықтан басталған хикая Қордайдан асып, қырғыз жеріне қарай бет алады. Ғали деген татар байының көп малын айдаған Бигелді балалары Жүсіпбек пен Жақыпбек Пішпек қаласының маңына жетеді. Ғали байдың өзі жоқ, қашып кеткен. Малшылардың бастығы ағайынды жігіттер сол арада қызыл әскербасы Михаил Фрунзенің корпусына тап келіп, өзіне жолығады. “Ғали байдың малын айдап келдік, өзі жоқ, малды не істерге білмей тұрмыз” дейді. “Сендер кімсіңдер?” десе, “Бигелді балаларымыз” дейді. Фрунзе: “Ғали бай Қытайға қашып кетті, малды бізге тапсырыңдар” дейді. “Олай болса, мейлі, алыңыздар, – дейді Жүсіпбек, – тек, әй, русский нәшәндік, бізді мал берді деп пиши бумага, пиши бумага!”. Фрунзе сөзге келместен дереу: “Я, главнокомандующий Туркестанским военным округом М.В.Фрунзе, принимаю скота Гали бая от чабанов Бегельдиновых Жусупбека и Жакупбека и других, в составе: 20 тыс. овец, 500 крупного скота” деген мағынадағы қолхат жазып, мөрін басып береді. Малшыларды да қанатының астына алып қолдарына бір-бір мылтық ұстатады, етік, шинель, буденновкамен жарылқап, әскерше киіндіріп қойып, малды одан әрі қаратады. Сойыс-мұқтажға мал сұраса беріп тұрыңдар деп тапсырады. Ал мұның нағыз әуселесі басқада. Тағдыр жазуының ғажабына қараңызшы, қызыл сардар Фрунзенің нақ осы қолхаты он сегіз жыл өткенде жасөспірім Талғаттың ұшқыштар мектебіне оқуға қабылдануына бірден-бір шарапат-септігін тигізген ақжолтай құжат болды.\r\n\r\n \r\n\r\nБатырдың балалық шағы қалай өтті дегенде, соншалықты бір тауқымет, қиын­шылық көрді деуге келмес. Ел қатарлы күн кешті. Бәлкім, басқа құралпыластары­нан бақуаттырақ та болған шығар. Атасы Жүсіпбек “Кожа-Синдикат” мекемесінде жұмысшы боп, кейін мал базарында істеді, әкесі Жақыпбек арбакеш болды. Екі отбасы Пішпектің шет жағында, бөлектенбей, бір қорада тұрды. Асып кетпегенмен, ашқұрсақ емес. Береке-бірлікте, тату-тәтті. Мейір де жеткілікті. Төрт-бес бала. Ең кішкентайы Талғат. Райхан, Рахима, Кәрім деген бауырларымен ойнайды. Сол кезде Пішпекте орыс, ұйғыр, татар мектептері болып, қырғызша және қазақша мектептер болмаған екен. Сөйтіп, Талғат татар мектебіне барып тіл сындырады. Осы жағдай қазақшасына ара-тұра қырғыз және татар мәнерін араластыра сөйлейтін Талғат ағамыздың лексиконынан әлі күнге байқалады. Әрі сонысы, батырдың тағы бір ерекшелігіндей, құлаққа әуезді де жағымды естіледі.\r\n\r\n \r\n\r\nБигелді атасының 101 жасап қайтқан қарындасы – Қадиша әжесі кішкентай Тал­ғатты керемет жақсы көрді, бар мейірімін төге тәрбиеледі. Әкелері 1931-1932 жылдардағы ашаршылық қысыңқыраған уақыттарда еттірілік танытып, колхоздан жалға жер алып, тау жақтағы ай далада пияз, жүгері екті. Үй іші алты ай жаз бойы тайлы-тұяғымен түгелдей егістік басында болады. Сонда әжесімен бірге қалып үйді қарайтын, бие мен сиырды бағып, сауатын да Талғат еді. Өстіп еңбекке, елгезектікке баулынды. Қара жұмысқа қаршадайдан қатып-пісіп шынықты.\r\n\r\n \r\n\r\nОсындай шыныққан шымыр жасөспірімнің Фрунзе аэроклубында үздіктер қатарында болуы таңданарлық та жайт емес-тұғын. Тек аэроклубтың ұшу даярлығы жөніндегі бастығы Цурановтың: “Тамаша ұшады. Нағыз жас қыран! Барлау авиациясы мектебіне жіберсе, тіптен жақсы” деп қолдап мақтағанына қарамастан, ұшқыштар мектебіне іріктеу үшін келген комиссияны басқарушы капитан шалбары жамау, көзге қораштау бұған қарап: “Ей, ты, байский сын, тебя не возьмем!” дейді. “Какой я байский сын” деп жылап жіберердей тұра жүгірген бойы құстай ұшып үйіне келеді. “Әке, сен бай болған екенсің ғой! Мені алмай жатыр анда!”. “Айналайын, балам-ау, ана күзгінің артында қағаз бар, соны апарып көрсетші”, дейді әкесі Жақыпбек. Сол арада Талғат Фрунзе берген қолхатты тауып алып, аэроклубқа қайтадан жүгіреді. Екі лейтенантымен бірге әлгі капитан отыр екен, алқынысы басылмай: “Никакой я байский сын! Вот! Скот сдавал  советской власти. На-те!” деп дауысы қаттырақ шығып, қолхатты алдарына атып ұрады. Аналардың көздері адырайып кетті дейді. Қолхатты бірінен соң бірі алып оқып, бір-біріне қарап, ұзақтау үнсіздіктен кейін капитан айтады:\r\n\r\n \r\n\r\n– Бигельдинов, ты принят в летную школу!\r\n\r\n \r\n\r\nҚыран самғауының алғашқы ақ жолы атақты Фрунзе берген бір жапырақ қағаздың арқасында осылай ашылып еді. Ол кездерде қазақ баласына тым сирек бұйырған бақыт болатын бұл.  Әуелі Саратовтың арнайы барлаушылық ұшқыштар авиамек­тебіне оқуға жіберілді. Оны бітірген соң Чкаловтағы 3-ші бомбалаушы және 1-ші жойғыш авиациялық ұшқыштар мектептерінде аспан қыраны мамандығының қыры мен сырын тәптіштеп меңгерді. Одан соң ИЛ-2 шабылдаушы ұшағында ұшуға үйренуден өтті. Осының бәріне ұзын-ырғасы екі жарым жыл шамасында уақыт кет­ті. Тек содан кейін ғана, 1942 жылғы желтоқсан айында Талғат Бигелдинов кейіннен 144-ші гвардиялық деп аталған алғы шептегі 800-ші шабылдаушы авиа­полкке келіп қосылып, соның құрамында соғыстың соңғы күндеріне дейінгі бүкіл от-жалынды бастан өткере кешіп өтті.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы арада Талғаттай қыранның пырағы – ИЛ-2 ұшағына сипаттама берудің кезі келген сияқты. Жалпы авиация шабуылдаушы, қырып-жойғыш, бомбалаушы, барлаушылық деп бірнеше түрге бөлінеді ғой. Соның ішінде шабуылдаушы авиа­цияның негізгі міндеті жер бетіндегі жаудың адам күші мен техникасын құрту бо­лып табылады. Осы міндетті атқарушы ИЛ-2 ұшағы екі зеңбірек, екі пулеметпен жабдықталған. Жеткілікті мөлшерде “Катюша” атымен реактивті снарядтары мен бомбалары бар. Зеңбірек гашеткаларын басып оқ атқан кезде сырт-сырт еткен фотоқондырғылар қоса жұмыс істейді. Сөйтіп, ол кездегі ИЛ-2 дегендеріңіз алапат күш-қару саналып, оларды көргенде жаудың үрейі ұшатын. \r\n\r\n \r\n\r\nАтап көрсететін бір жағдай сол, болашақ батырдың ұшу-техникалық даярлығының ғаламат тиянақтылығы мен тыңғылықтылығы. Бигелдиновке берілген сипаттама-мінездемелерден оның қырандық қасиетінің қалыптасқан нышандары бай­қалғандай. “ИЛ-2 ұшағын меңгеруі тамаша. Ұшуды жақсы көреді, ұшқан кезде шаршамайды. Еңбексүйгіш. Үйренудегі ұғымталдығы ғажап. Әуеде сабырлы, се­німмен ұшады” деген бағаларға лайықтылығын ол соғысқа кірген алғашқы күн­дерде-ақ дәлелдейді.\r\n\r\n \r\n\r\nБір ғажабы, Бигелдинов үшін соғыста үйрену кезеңі, біртіндеп бейімделу мерзімі болған жоқ. Алғашқы шайқастан-ақ жауға жасындай тиді. 292-ші шабылдаушы авиадивизияның бұрынғы командирі, авиация генерал-полковнигі, Кеңес Одағының Батыры Н.Каманиннің куәлігіне жүгінсек, тұңғыш жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде-ақ оның салған беттен нысанаға сәтті шүйілгендігі сонша, бомбалар бензин қоймасына қолмен қойғандай дәлдікпен түсіп, ал екінші мәрте шүйілгенде қару-жарақ қоймасының күлін көкке ұшырып өртеп жібереді. Кәнігі ұшқыштардың өздерінде де мұндай тас-түйін шалымдылық сирек кездеседі екен. Ал, Бигелдинов болса бірден-ақ кемел шеберлікке жеткен. Сорғалап құйылғанда түлкінің ғана емес, арлан қасқырдың да белін үзіп жіберетін қазақ қыранының алғырлық қасиеті осындай болса керек-ті.\r\n\r\n \r\n\r\nМайдандағы қазақ қыраны тынымсыз ұшты. Ол шабуыл соққыларының қапысыз шеберіне, мүлтіксіз мергеніне, өткір жанары қиядағыны шалатын аспан бар­лаушысына айналды. Көк тәңірісі қыран бүркіт десек, сол қанқасап соғыстың аспандағы айқастарының құдіретті қыран бүркіті осы Талғат еді. Келе-келе оны ұрыстарға топтың сардар серкесі етіп салатын болды. Нақ 1943 жылы майдангер ақын Қасым: “Білмеймін, қайда жоғалттым Сескену, қорқу дегенді!” деп тура дәл осы шақта жау аспанында нажағайдай жарқылдап, жасын ойната шаңқылдаған жас қыран інісі Талғатқа арнап айтқандай екен. Жаңағы жарқын тұлға Каманин: “Қазақ халқының осынау даңқты ұлы күрес пен жеңістердің тамаша жолынан өтті. Мен үшін оның марапатқа, офицерлік атаққа ұсынылған қағаздарына қол қою да бір ғанибет болатын еді” дейді. Бұдан біздің қайсар батырдың от кешкен ортасындағы сыйлы-сүйкімділігі де аңғарылғандай.\r\n\r\n \r\n\r\nҮш жүз бес рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып, ұрыс салып майдандасты деп айтуға ғана оңай. Басты гәп жан алып, жан берісе жағаласқан сол жанталастарда жеңіп шығу болса, Талғат соғыста 305 рет жеңіске жетті, жауынан мерейін 305 рет үстем етті. Ерліктің мақсаты әрдайым жеңіске жетіп отыру болса, сол қасиетті мақсат биігіне Бигелдинов мәрттікпен көтеріле білді. Ол жер жастандырған жау саны, талқандаған техника мен жабдық-жарақ, дұшпанды ойрандатқан шығын молая берді. Бір өзі алғашқы он ұшу жорығында-ақ дұшпанның Демьян тобындағы 10 автомәшинесін, 2 зеңбірек, 4 дзотын, 100 шақты гитлершіл мен бір жойғыш-қырғиын құртып жіберген. Сол ерлігі үшін ең алғаш рет Екінші дәрежелі Отан соғысы орденін алды.\r\n\r\n \r\n\r\nХарьковтегі жау аэродромын шабуылдау кезінде жағдайдың  аса күрделі қиын­дығына қарамастан, Талғат Бигелдинов зениткалардан жауған қалың оқтың ара­сынан аман өте біліп, жеке өзі фашистік екі истребительді жойып, бірнеше бом­балағышын зақымдап, қатардан шығарды. Осы Харьковтың түбінде өз ұшағы құла­тып түсірілгенде тіршілік тайталасындағы қыңбас қайсарлығы тағы танылды. Жау тылында адаса жүріп, азапқа төзген жаралы сайыпқыран өзін әлдеқашан өлдіге санаған үйіріне қайта қосылып, сауыққан соң шайқас көгінде, сайыс төрінде қайтадан қиқулап самғады, жау көзіне әзірейілдей көрініп, ажал төндірді. “Мені атып түсірген ер кім, соны көрсетіңдерші” дейтін неміс офицерінің сол кездерде Талғаттың өнеріне табынды демесек те, таң қалғаны шындық. Бигелдинов бара-бара ұрыстарға штурмовиктердің үлкен топтарын бастап шығатын болды. Қиян-кескі қатал ұрыстардың от-жалынында шыныға түсті,  шайқастағы шеберлігін шар­болаттай шыңдай түсті, шабуыл соққысының нағыз сойқан көкдауыл перісіне айналды. “Ұшатын танк” атандырып, ИЛ-2 ұшағына да дем салып, даңқын шығарушылар осы Талғаттар. Ал неміс солдаттары ИЛ-2-лерге “Қара ажал” деп ат қойған екен.\r\n\r\n \r\n\r\nСоғыста ерлік көрсеткіші жауға келтірілген шығынмен есептеледі. Тек Днепрдің оң жағалауынан плацдарм алу жолындағы ұрыстарда ғана Т.Бигелдинов 10 танкті, 32 автомәшинені, 18 атарбаны, 8 зеңбіректі жоқ қылып, 180 неміс солдатын жер жастандырды, әскери қоймаларда жойқын өрт шығарды. 1943 жылдың жел­тоқсанында Талғаттың звеносы Шевченко қаласы маңында 16 истребитель қорғаған, әскер, техника мен қару-жарақ әкеле жатқан үш эшелонды талқандап, жау ұшақтарының үшеуін құлатты. Жол істен шығарылып, пойыздар қозғалысы тоқтап, соның нәтижесінде дұшпанның белгілеген қарсы шабуылын болдырмай тастады.\r\n\r\n \r\n\r\nАйта берсе, мұндай мысалдар көп. Жермен-жексен етілген танк колонналары, автомәшинелер керуені, қару-жарақ пен бензин қоймаларында қисап жоқ. Бұл ғажап ерліктердің барлығы Талғат аға штурмовигі фотоаппаратының суреттерінде паш етілген, Ұлы Отан соғысының жәдігерлі шежіресіндегі өлмес, өшпес жырдай қатталып сақталған. Күллі адамзаттың жан-жүрегіне алапат жара түсірген сол қанды қырғын, қияпат соғыста неше неміс өлтіріліп, қанша паровоз бен қару-жарақ қоймасы қиратылып, неше “мессершмит” атып түсірілгенінің дәл есебіне бәрібір жете алмаспыз. Оны тізбелей бергенмен, ерлік  киесін солдаттың ғашық жары жолдаған кестелі орамалдың шетіне сусардай түйе де алмаспыз. Бізге де Бигелдиновтің қанша жауды өлтіргені қызық емес, сол арқылы қанша отандас бауырларының өмірін сақтағаны қымбатырақ. Қыран ерлігінің ұрпақ жатқа айтар өмір жырына айналуы да сондықтан болар. \r\n\r\n \r\n\r\nСол жырдан бір мысал келтірсек, 144-ші гвардия авиаполкінің ардагері Я.Шапочка Талғат ағамыз жөнінде былай деп тебіренеді: “Біздің әуе армиясында Бигелдинов ең сайыпқыран ұшқыш-штурмовиктердің бірі деп саналды. Ол полкымыз үшін ғана емес, сонымен бірге дивизия, корпус және бүкіл әуе армиясы үшін және тіпті жаяу әскер бөлімдері үшін де барлау жүргізді. Мен нақ осы Талғат Бигелдинов басқарған барлау эскадрильясының ұшақтарын ұшуға дайындағанымды мақтаныш етемін”. \r\n\r\n \r\n\r\nИә, алып-қосары жоқ риясыз сезім, батырға деген ізгі ілтипат осылай ақтарылған. Айлар өте берді. Талғат Воронеж, Далалық, 2-ші және 1-ші Украин майдан­дарындағы шайқастарға қатынасты. Ерлік қимылдары ұлғая берді, батырлығы мен батылдығына ешкім талас тудырмады. Соғыс жылдарында ІІ дәрежелі Отан соғысы, екі мәрте І дәрежелі Отан соғысы, екі рет Қызыл Ту, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ, “Қызыл Жұлдыз”, “Жеңіс” ордендерімен, Поляк Әскерінің “Алтын Кресімен” марапатталып үлгерді. Абайша толғасақ, сүйінерге жарар ұлды елі де сүйді. 1944 жылдың 26 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Талғат Бигелдиновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 1945 жылдың 27 маусымындағы Жарлық оның төсіне екінші Жұлдызды жарқырата тақты. Бүкіл соғыстың өн бойында жау жайлаған жерлердің аспанында жалпы жиыны 500 сағаттан астам ұшқанда бір де бір рет бағытынан жаңылып көрмеген бағдаршыл болжампаз да біздің Бигелдинов болып шықты. Бірінші Украин май­данында 420 жауынгерлік ұшуды шығынсыз атқарған оның эскадрильясы полкта бірінші орынды ұстап тұрды. Оның жауынгерлік іс-қимылының асқан тиімділігі мен пәрменділігін 158-ші истребительдер авиаполкының командирі, Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры Н.Лощак, 152-ші гвардиялық истребительдер авиаполкының командирі, екі дүркін Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры С.Луганский растап айғақтады, фотобақылаулар куәландырды. Оған Батыр атағы берілуін даңқты қолбасшылар, армия генералы Р.Малиновский мен маршал И.Конев және басқа сардарлар қызу қуаттап қолдады.\r\n\r\n \r\n\r\nАлғашқы Батыр атағына ұсынылған құжатта Талғат ағамыздың ұрыстағы қаһар­мандығы неғұрлым дәлірек сипатталған деп ойлаймыз. Онда былай деп көр­сетілген: “Бірінші гвардиялық шабуылдаушы авиакорпустың 800-ші полкының құрамында Калинин, Воронеж, Далалық және 2-ші Украин майдандарындағы ұрыстарға қатыса отырып, 155 жауынгерлік ұшу жасады. Өзі басқаратын эскадрильясымен 1670 жауынгерлік ұшуды орындап, бірде-бір рет бағдардан жаңылмады, өз әскерлеріне жаңсақтан соққы жасау оқиғасын болдырмады. “Круг” ұрыс тәртібімен жауға соққы жасау жөніндегі тактикалық тәсілді тамаша меңгеріп, неғұрлым тиімді әрі шығынсыз шабуылды қамтамасыз ету үшін өз ұшқыштарын осы тәсілге күнделікті үйретіп отырды.\r\n\r\n \r\n\r\nСәтті орындалған 155 жауынгерлік ұшуда көрсеткен ерлігі мен жаужүректігі, жаудың бес ұшағын атып түсіргені үшін, Александрия, Знаменск, Кировоград қала­ларын азат ету жолындағы шайқастарда қаһармандық танытқаны үшін, біздің әскерлердің мемлекеттік шекараға шығуы кезіндегі ұрыстарға қатысқаны үшін, дұшпанның адам күші мен техникасына ойсыратқан үлкен шығын келтіргені үшін – Кеңес Одағының Батыры атағына лайық”. \r\n\r\n \r\n\r\nСоғыс жылдарының сарғайған парақтары осындай ерлік сырларын шертеді. Екінші Жұлдызға ұсынылған сипаттамада да жеке өзінің қаншама ұрыс техникасы мен жау әскерін жойғандығы жөнінде бұлтартпас деректер келтірілген. Бұл жолы да Львов-Сандомир операциялары кезінде жеке өзі және топ бойынша 420 сәтті жауынгерлік ұшуларда көрсеткен ерлігі мен өжеттігі және Висла, Шпрея, Нейса өзендерінен өтуді қамтамасыз еткендігі, осынау сайыпқырандықтың батыр атағына әбден лайықтылығы атап көрсетілген.\r\n\r\n \r\n\r\nТалғат Бигелдинов аспан шайқастарының саясат-сырларын, ұңғыл-шұңғылын жете меңгерген саңлақ болды. Польшаға кірген уақыт. Бір батальон  Висла өзенінің ар жағына өтіп, Сандомир қаласы тұсынан шағын плацдарм алып бекініпті. Немістер қайткен күнде де осы плацдармды құртуды ойлайды. Талғаттың бір әдеті, барлауға түнгі уақытта шығатын. Бір жолы таң атып қалған кезде алыстан бұрқылдаған шаңды көреді. Анықтап қараса, 40 шамалы танк соқтыртып келе жатыр. Біздің плацдармдағы батальонға 50 шақырымдай қалған. Жетсе болды, тып-типыл қылып өтпек. Талғат дереу жерге хабарлайды: Резеда! Резеда! Мен – Бигелдинов! Осындай да осындай. Жақын маңдағы кез-келген аэродромға қонып, ұшақтар тобын алып шабуылдауға рұқсат етіңіз… Сол арада Талғат аэродромға қонып, жа­нармай құйғызып алады да, әзір тұрған 24 ұшақты бастап барып әлгі мұздай құр­санған танктердің тас-талқанын шығарады. Сонда танктер плацдармға 10 шақы­рымдай жақындап келіп қалыпты. Енді 10 минут кешіккенде батальонды құртады екен… Маршал Коневтің айрықша алғысын алып, ықыласына бөленгені осы жолы еді.\r\n\r\n \r\n\r\nДәл Жеңіс күні, 9 мамырда соғыстың соңғы нүктесін қою құрметі де қазақ қы­ранының пешенесіне жазылыпты. Сол күні ертемен Талғат комдив Дольченкодан:  “Бүкіл эскадрильяңмен Праганың күнгей  шетінен жер бауырлап ұшып өт!” деген шұғыл жауынгерлік тапсырма алады. Сөйтсе, қаланың оңтүстік жағына орнығып алған бір эсэс дивизиясы “сөзсіз тізе бүгуді” мойындамай, қарсыласып жатқан көрінеді. Үстерінен қара бұлттай төніп Талғат эскадрильясының болат беренді сұңқарлары шүйіле қаптап ұшқанда жау жүйкесі бырт-бырт үзіліп, қолдарын көтеріп беріле бастады. Оқ жұмсамаған психологиялық әуе шабуылы діттеген мақ­­­сатына осылайша жетті. Сонда құлақтағы радиоқондырмадан: “Молодец, Бигельдинов! Задание выполнено! Возвращайся домой!” деген командирінің саңқылдаған шат дауысын естіген Талғат сұңқарларын соңынан ертіп, соғыстың соңғы нүктесін қойып, Дрезден түбіндегі тұрақтарына жеңіс жалауын желбіретіп оралып еді-ау.\r\n\r\n \r\n\r\nСоғыс біткеннен кейін Талғат Жақыпбекұлы Әскери-әуе академиясында оқып, кеңес армиясындағы бөлімдер мен құрамалар командирі, штаб бастығы мәрте­бесін еншілеткен диплом алып шықты. Әскер қызметінде реактивті ұшақтарды игерумен шұғылданды. Бір жолғы сынақ ұшуы кезінде апатқа ұшырады, алты ай бойы ажалмен арпалысты. Асыл тек бұл ретте де арымады. Екінші топтағы соғыс мүгедегі болса да, бейбіт өмірден өз орнын табуға құлшынды. Фрунзеден лайықты жұмыс бере қоймағасын, онсыз да туған ел, туған жерге бүйрегі бүлкілдей бұрып аңсап жүрген Талғат ағамыз ордалы отбасымен қотарыла көшіп, Алматыға келген. Бейбіт өмірдің де ой-шұқыры соғыстағыдан көп болмаса аз емес қой. Ақыры, Кеңес Одағының Азаматтық авиация бас басқармасына жағдайын айтып хат жазуға мәжбүр болған. Сөйтіп, Қазақстанның  Азаматтық авиация басқармасы бастығының орынбасары болуға Талғат Жақыпбекұлының келісімін сұраған сәлем­хат та көп ұзатпай келіп қалды. Иә, әрине, келіседі! Бұл 1956 жыл болатын. Сөз басында айтқанымыздай, Бигелдиновтің маңдайына бұйырған ерекше тағдырдың екінші бір арналы тарауы, аса маңызды саласы осы тұста, туған елінің төрінде бастау алды.\r\n\r\n \r\n\r\nОл нендей тарау десеңіз, азаматтық авиацияның Қазақстандағы жай-күйі мүлдем нашар еді. Тіптен, республика басшылары Мәскеуге бару үшін сағатына 200 шақырымдық ЛИ-12 ұшағымен әуелі Ташкентке жетеді. Ондағы әуежайда сағаттап сарыла күтіп, билет алып, содан кейін ғана ИЛ-18 ұшағымен Мәскеуге ұшады. Қайтарда тағы солай. Себебі, Алматыда ИЛ-18 ұшып-қонатын асфальтты, бетонды берік алаң жоқ. Бұл жағдайға намыстанбаса Бигелдинов бола ма! Батырлығына баспай тұра алмады. Басшыларға тынымсыз талап қойды. “Мынау сұмдық қой” деді Жұмабек Тәшеновке. Республиканың басқа басшыларына да мән-жайды баяндап, тиісті ұсыныспен шықты. Сөйтіп, көп ұзамай батырдың қамшылауымен, белсенді бастамасымен Үкімет республикада азаматтық авиацияны өркендетудің, оның негізін құрудың жоспарын әзірледі. Құдіреттің бұйрығымен осы тағдыршешті жоспарды жүзеге асырушы да еліміздің бас ұшқышы, бас қыраны Талғат Бигел­динов болғандығына қайран қалудың өзі де қисынға келмес. Оның басшылығымен һәм тікелей қатысуымен ауыр ұшақтарға арналған Алматы аэродромының, ондағы ұшатын және қонатын жолтабанның құрылысы қолға алынды. Жұмыс жоғары сапада, жедел қарқынмен жүргізілді. Жолтабан салу жөніндегі үкімет тапсырмасын мерзімінен бұрын табысты орындағаны үшін 1958 жылдың 18 қазанында Талғат Жақыпбекұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Батыр ағамызға Тәшенов сынды атпал тұлғаның қолынан алған осы бір грамота тым ыстық, Батыр Жұлдызынан кем санамайды. Осылайша Алматыдан Мәскеуге тікелей әуе жолын тартудың да бастауында Бигелдиновтің тұрғаны тегін емес, жазмышты нышан демеске лажымыз қайсы.\r\n\r\n \r\n\r\nОсыдан соң-ақ аэродромдар мен ұшып-қонатын жолтабандар салу бүкіл Қазақстан бойынша кең қанат жайды. Талғат Жақыпбекұлы бұл іске асқан жігер-құлшыныспен, жанкештілікпен кіріскені сонша, осы орайда өзіне республика тас жолдар бас басқармасы бастығының орынбасары Леонид Гончаров сынды пікірлестер, әріптестер іздеп тапты, облыстар мен қалалардың басшыларын осы замандық әуежайлар мен ұшақтарды  қондырып-ұшыратын алаңдар салуға үгіттеді. Өзі жаңа мамандығын жете меңгеру үшін Мәскеудің инженерлік-құрылыс институтына сырттай түсіп, бітіріп алды. Ұшқыштығына қоса енді құрылысшы да болды. Аэродромдар құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасау­дағы, басқадай шаруаларын реттестірудегі Бигелдинов – Гончаров тандемі аза­маттық авиациямызды дамытуда таңдай қағарлық толымды нәтижелерге қол жеткізді дей аламыз.\r\n\r\n \r\n\r\nАлматыдан соң Балқаштың әуежайын қолға алған. Одан соң Бигелдиновтің басшылығымен Ақмолада, Павлодарда және Гурьев пен Оралдан басқа барлық облыс орталықтарында сол уақыттардың талабына әбден сәйкесетін ұшу-қону алаңдары бар аэродромдар салынды. Қазақстан үшін бұл жағдайдың әрі экономикалық та, әрі әлеуметтік әрі моральдық-психологиялық та маңызы зорлығын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан да Талғат Жақыпбекұлын 1963 жылдың 9 ақпанында марапаттаған өз Құрмет грамотасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы “республикада азаматтық аваицияны өркендетуге белсенді қа­тысқаны үшін” деп айрықша атап көрсеткен болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы арада Талғат Бигелдиновке тәңір тарапынан ерекше бақыт бұйырғанын тағы бір қайталап айтпай кете алмаймыз. Ақмола төңірегін зерттеп, тексеріп қарай келгенде әуежай құрылысын салуға барлық параметрлері бойынша Талғат ағаның туған ауылы Майбалықтың маңайы сәйкес боп шықты. Құдай әдейі аэродром салуға арнап жаратқандай! Құрылысын да қыран перзентінің өзі жүргізді. Мәскеуден алғаш ИЛ-18 ұшағы келіп қонғанда Майбалық ауылының кемпір-шалда­рын, келіншектері мен балаларын ұшаққа отырғызып, Ақмола аспанында серуендеткен сері күндер-ай десейші! Еліміздің бас қаласы Астананың әуежайы халқымыздың бас ұшқышы, батыр қыранының ауылына осылай орнаған. Мұны қалай тәңірдің бұйрығы, тағдырдың сыйы демессің.\r\n\r\n \r\n\r\nБұдан соң құрылысқа құсы түскен Бигелдинов тағы да Үкімет тапсырмасымен Лисаков кен байыту комбинатының құрылысына кірісті, одан соң Жамбыл суперфосфат комбинатын, Алматыдағы Республика сарайын, республикалық кітапхана ғимаратын салды. Осы жылдарда өзінің құрылысшылар ұжымымен барлық облыстарда автодромды автомектептер тұрғызды. Осынау адамның осындай таусылмас қажыр-қайратына кім де болсын тәнті болғандай. Сөйтіп, 1972 жылы шаруашылық органдардағы белсенді жұмысы үшін берілген Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы да көп күттірмеді. Осылайша Талғат Бигелдинов ағамыздың республикаға сіңірген ерен еңбегі, еңбектегі ерлігі майдандағы қыран қаһармандығымен парапар болды деп айта алсақ керек. Өнеге, ғибрат осындай-ақ болар.\r\n\r\n \r\n\r\nБүгінде Талғат Жақыпбекұлы тәуелсіз елінің өркендеріне қуанулы. Халық құрметіне бөленген. Елбасы да ілтипатынан әсте қалдырмайды. Егемен елінің де марапаттарынан кенде емес. “Отан”, І дәрежелі Даңқ ордендерімен мерейленуі соның айғағы. Ақтөбе Жоғары азаматтық авиация ұшқыштар институты мен Қарағанды  республикалық авиациялық училищесіне екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдиновтің есімі берілген. Бірнеше қалалардың құрметті азаматы. Ел өмірін қадағалап, үн қосып отырады. Кейбір өкпе-назы болса ішінде шығар, сыртқа шығармайды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрекше тағдыр еншілеген қазақтың осындай текті қыраны болғанына мың шүкір. Қарт қыранға қарап бой түзейтін ұлан-ұрпақтарымыз мол болғай…\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Қорғанбек АМАНЖОЛ.