Экология. Табиғаттың ластануы

0

Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.\r\n\r\nЛастануды жүйенің тепе – теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады.\r\n\r\nЛастану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:\r\n

    \r\n

  • шығу тегі бойынша:
  • \r\n

\r\nтабиғи және жасанды (антропогенді);\r\n

    \r\n

  • пайда болу көзіне байланысты:
  • \r\n

\r\nа) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;\r\n\r\nә) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсіп        орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);\r\n

    \r\n

  • әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;
  • \r\n

  • қоршаған ортаның элеметтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);
  • \r\n

  • әсер ететін жеріне байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физико – химиялық (аэрозольдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);
  • \r\n

  • әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті (өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың өнімдері);
  • \r\n

  • тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты – 100 және 1000 жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар), тұрақты – 5-25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың қостотығы, озон қабатындағы фреон).
  • \r\n

\r\nНеғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Мысалы, көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған ортаға түсетін көлеміне және ұзақ сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы және осыған байланысты парниктік эффекттің пайда болуы қамтамасыз етеді.\r\n\r\nӨндірілетін ресурстардың тек 2 – 3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).\r\n\r\nАдам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады. Тбиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн. – нан астам қосылыстарды синтездей алады. Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.\r\n\r\nЖер бетіндегі адам мекен етпейтін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2 тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы қабықшамен әлемдік мұхиттың бетінің 15 – 25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық двигательдер мен радиоактивтік қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік мұхиттың радиоактивті ластануы зор қауіп төніп отыр.\r\n\r\nТабиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.\r\n\r\nБиосфераның жылулық балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы, өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20 – 30% — ға тежейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық температурасы 1 – 30С – ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.\r\n\r\nҚазіргі кездегі озон қабатын бұзатын негізгі антропогенді фактор фреондар болып есептеледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғары қабатындағы озонның мөлшерінің кемуі байқалуда. Солтүстік жарты шардың орталық және жоғары ендіктерінде бұл кему 3% құраған. Мәліметтер бойынша озонның 1% — ға кемуі терінің қатерлі ісігімен ауру деңгейін 5 – 7% — ға арттыруы мүмкін.\r\n\r\nКөптеген мемлекеттер фреондардың өндірісін 50% кеміту және оларды басқа пропиленттермен алмастыру туралы міндеттеме қабылдады.\r\n\r\nСудың ластануы. Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әртүрлі дәрежеде ұшырайды.\r\n\r\nСудың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың  әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін амосфералық жауын – шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған беттік тұщы су көзі жоқ деуге болады.\r\n\r\nҚазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің  территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясында радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.\r\n\r\n \r\n\r\nҚолданылған әдебиет: Экология оқулығы.\r\n\r\n(Экономика 2002 баспасы)\r\n\r\nАвторлары: Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева

ТАҢҒАЖАЙЫП ТАҢБАЛЫ ТАС

0

Міне, еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды-көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспан астындағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен бел­гілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабалардың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болғанымыз. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына байланысты өз атаулары да бар. Жамбыл ауданының батысындағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймаққа жататын Қарабастау елді мекенінің жазықпен шектескен Таңбалы шатқалындағы талайды тамсандырған тастағы қашалған, бедерленген (петроглифтер) қазіргі кезде туризм көзіне айналып, халқымыздың бай мұрасы ретінде алыс-жақыннан келгендердің назарына ұсынылып, “біздерде мынадай бар, мынадай бар” деп ауыз толтырып айтуға, мақтанышымызға айналғаны да тәуелсіздікпен келген игілік.\r\n\r\n \r\n\r\nТарих өткен мен бүгінгінің арасындағы алтын көпір деп тегін айтылмаған. Осылайша ежелгі адамдардың табиғатпен ара қатынасы, тұрмысынан, өмір тіршілігінен хабар беретін жәдігерлер тас дәуірінен (палеолит) бастап, қола дәуірін қамтитынын тарихшылар айтып та, жазып та жүр. Осы мәселе жайлы ғалымдар бас қосқан жиынға да қатысқан едім.\r\n\r\n \r\n\r\nДегенмен Елбасының “Мәдени мұра” бағдарламасына байланысты көне жәдігерге деген қызығушылығым осы мекенге тағы да ат басын бұрғызды. Бұған дейін Б.Аубекерова “Отчет по теме “Подготовка научно-методической документации к проекту создания музея-заповедника в урочище Танбалы” деген қомақты еңбекті парақтауыма тура келген. Өйткені, алыстағы қыстаудағы қой тастардағы жазу бала кезден таныс, әрі оны Майтөбе жайлауларындағы Керегетастан да кездестіруге болады. Ел тарихының терең тамыры болған құнды жәдігер ата-бабалардың кезінде жазба белгілері болғанының дәлелі. Осынау көне тарихымыз туралы тарихшылармен қатар кейбір көкірек көзі ояу жандар ғана білетін. Керісінше, жастар ғана емес, ересектер үшін де бағалы мұрағаттың үлкен ағартушылық мәнге ие екендігін атап айтқан парыз.\r\n\r\n \r\n\r\nІзгі мақсатпен Таңбалыға жол тарттық. Жол ұзақ, әрі сағым ойнаған жазықтағы бетеге мен жусанның күзгі жауыннан соң көгі көтерілгені байқалады. Қураған шидің түбі де жап-жасыл. Бір қарағанда, көктем келгендей әсерге бөленесің. Қоңыр күзде де мұндай құбылыс қайталанатынына таңдандық. Тіпті, жатаған тау гүлдері бүршік атқан. Жер апшысын қуырған автокөлік кедір-бұдыр жолды жатырқағандай, жүргізуші жылдамдықты еріксіз баяулатып келеді. Жол-жөнекей сирек болса да тау бөктерлей орналасқан малшы қыстақтары болмаса айналада ұшқан құстан басқа тіршілік нышаны білінбейді.\r\n\r\n \r\n\r\nБабаларымыз еркіндік пен бостандық үшін осы өлкеде жастығын ала жатып, ұрпағына мұраға қалдырғаны бүгінгі буынға да зор жауапкершілік жүктейтіндей. Қазақ халқының мақтанышы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Батыр Баян, Малайсары, Нарбота, Жәпек, тағы басқалары бүгінгі бақытты өмірдің шаңырағын көтеріп, уығын бекітуге өмірлерін арнағаны да осы сәтте еске түседі. Мұндайда ойға не келіп, не кетпейді дейсің.\r\n\r\n \r\n\r\nЖолсерігіміз Горный орта мектебінің директоры, тарихшы, әрі туған жер жайлы әңгімемен құлақ құрышыңды қандыратын Тұрсынбек Әзімбаев және “Таңбалы” табиғи қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері болғандықтан жол қысқартатындай әсерлі пікірлерге ден қойдық.\r\n\r\n \r\n\r\n– Мына оң жақтағы Бурылшоқы биігі. Мұнда Аңырақай шайқасының 270 жылдығы кезінде ескерткіш орнатылған. Әне, алыстан көрінеді. Осы жазықтағы төте жолмен жүрсек, Таңбалыға да 50 шақырым қалды, деп көңілімізді көтеріп тастады.\r\n\r\n \r\n\r\n– Туған жердің тарихын жас ұрпақтың зердесіне орнықтыру – тарихшылар мен аға буынның міндеті. Таңбалытас жайлы зерттеулерді көп оқыдым, іздендім. Мұндағы петроглифтер 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Оңтүстік Қазақстан экспедициясының күшімен ашылған. Еліміздің тұңғыш кәсіпқой археологы Анна Максимова тарихи жәдігердің ашылуына бірінші болып үлес қосқан. Осылайша Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1052 қаулысымен 2003 жылы “Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастырылып, содан бергі кезеңде алыс-жақыннан келгендер қатары көбейді. Жүргізілген жұмыс нәтижесін қазір көресіздер, деді.\r\n\r\n \r\n\r\n“Таңбалы” мемлекеттік мекемесі Қарабастау кентінен солтүстік-батысқа қарай төрт шақырым жерде. Қорық-мұражай 2005 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Бүкіләлемдік мұралар тізіміне “Таңбалы археологиялық ландшафты жартас суреттері” Қазақстандық номинациясын енгізу туралы сертификатты ЮНЕСКО-ның бас директоры Кончиро Мацура қорық-мұражайдың бүгінгі директорына тапсырып, оның мән-маңызына деген ықыластың жоғарылығын айқындаған екен. “Таңбалы” шатқалының аумағында 100-ден астам әр уақыттағы ескерткіштер – қола дәуірінен б.з.д. XІV-XІІІ ғасырдың ортасынан XІX-XX ғасырларға дейінгі аралықты қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, жартас суреттері және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасса, ол еліміздің ертедегі және қазіргі кездегі халықтарының тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешен. Археологтардың айтуынша, Таңбалының көптеген жартас суреттері қола дәуіріндегі орталық Азияның жартастағы өнерінің бірегейлігі деуге болады. Сонымен бірге ежелгі Жібек жолының бір тармағы болғанын да тарихи орындар айғақтайды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі кезде Таңбалыда ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда. Қорық-мұражай ескерткіштерін археологиялық құжаттандыру, картаға, суретке түсіру, тас суреттерінің жиынтығын жасау, консервациялық жұмыстар, геологиялық зерттеулер жүргізіліп, бұл жұмыс одан әрі жалғасып, сала мамандарының қызығушылығын туғызуда.\r\n\r\n \r\n\r\nТабиғи қорық – мұражайды тікелей құзырына алған Мәдениет және ақпарат министрлігі оның қалыптасуына көп көмек беріп, ғылыми қызметкерлермен бірге қорықшылар, инженерлер, экскурсоводтар және туристік маршруттар бойынша гидтерді біріктірген 29 адамнан тұратын штат бірлігін бөлген. Нәтижесінде Қарабастау елді мекенінің жанынан арнайы мұражай салынып, онда тастағы суреттердің нақты көшірмесі мен бейіттерді қазу кезінде табылған қыш құмыра, ыдыстар мен тұрмыстық бұйымдар, тағы басқа жәдігерлер қойылған. Мұнда келгендер музейді көріп, одан әрі Таңбалы шатқалын жаяу аралайды. Осылайша біз де тарихи орынға жол тарттық.\r\n\r\n \r\n\r\nТаңбалыдағы суреттер бес топқа бөлініп, оны туристерге көрсету мәселесі қарас­тырылған. Кешеннің негізгі аумағы 3000-нан астам жартас суреттері бар жыра. Міне, осы қасиетті орында тұрмыз. Тарихшы сапарластарымыз бен Қарабастаудағы музей қызметкері Нұрахан Бақытжанов бізге әр суреттегі бейнеге байланысты әңгіме қозғады. Негізінен суреттер ата-бабамыздың ой-санасы, тіршілігі, қоршаған ортамен байланысынан мағлұмат береді. Мәселен, шатқалдағы биік жазық жартастағы “Күн құдайы” мен “Ай құдайы” бейнеленген суретте (петроглифтер) екеуін он екі жан қоршап, билеп жүр. Сурет өте анық, әрі бергі беттің өзінен де көзге шалынады. Күн мен Айға табынып, оны ұлы күш, құдірет деген адамдар санын 12 деп бейнеленуі де тегін емес. Әр мүшелді 12 жаспен түйетініміз, жылды 12 аймен атайтынымыз, әрі сол кездегі адамдардың осы санға тоқтағаны ата-бабадан бізге қалған ырым-жоралғы ма деп те қаласың. Қалай десек те екі ортада жанды байланыс бар.\r\n\r\n \r\n\r\nЖадағай ғана жартастың бетіндегі аша тұяқты аңдардың бейнесінде жан-жағына аса сақтықпен көз тіккен арқар, киік, бұғы мен қолына садақ ұстап, аң аулауға шыққан аңшы бейнесі, тағысын тағы суреттер ертедегі адамдардың ұшқыр қиялына арқау болғандығы. Сондай-ақ бұл олардың көшіп-қонып жүргенде малды негізгі кәсібіне, күнкөріс көзіне айналдырғанының дәлелі. Тастағы жәдігерлер жадымызға осыны әкеледі. Әр тасты айналып қарап, өткеннен сыр шертетін суреттердің мазмұнының бай екендігіне таңданасың. Тағы да осы құнды ескерткіштерді зерттеудің жаңа кезеңі басталғанына қуанасың. Өйткені, уақыт табы бейнелер салынған жартастарға өз таңбасын салып, тау жыныстары жарылып, кей жерлері құмша үгітіліп тұр. Қазіргі кезде 5000-нан астам (петроглиф) тастағы суреттер паспортталып, құжаттандырылып, көшірмелері жасалғаны, әрине, бұл жұмыстың бастамасы ғана. Әлі де тиянағы келтірілетін бағдарлы істер жеткілікті.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорық-мұражай ашық аспан астында болғандықтан, кейбірі көмескілене де бас­таған. Суық пен ыстық, қар мен жаңбырдың әсері болғаны байқалады. Тастағы қос аяқты арбаға мінген адамдар сұлбасы да көп жайды аңғартады. Демек, тұрмыстық қажеттілікпен көшіп-қонғанда көлік ретінде оны пайдаланған болар. Өйткені, халықтың тұрақтаған мекен-жайын осы шатқалдың таулы бөлігінен кездестіресің. Жер бедеріне байланысты мұндай мекендер шектеулі алаңды ғана алады. Аумағы 300-ден 1200 шаршы метрді құраса, тастан салынған тұрақжай қалдығы мен керамикалық заттардың пайдалану мерзімі б.д.д. XІІ-X ғасырлардан бастау алғанын ғалымдар дәлелдеген. Осылайша дамуымыздың түп-төркіні мен арғы тегі Таңбалы тастағы таңғажайып суреттермен сабақтас. Арғы тегіміздің Тәңірге табынғанын, төрт түлігін өсіріп, табиғаттың тылсым сырын ашуға алғашқы қадам жасауға пейіл-ниеті болғанын көреміз. Бұл ұрпаққа қажетті тағылым, сыры терең тәлім-тәрбие бастауы.\r\n\r\n \r\n\r\nЖермен-жексен болуға шақ қалған көне бейіттерді жоталардан да, жазық жерлерден де кездестіруге болады. Қазіргі кезде қола дәуір үлесіне тиетін бейіттер көбірек зерттелуде. Таңбалытас ІІ, ІV-V бөлігіне орналасқан бейіттер шатқалдың өн бойын алып жатыр, ол Таңбалы өзенінің оң және сол қапталын бойлай созылады. Тау етегіндегі жазықта Таңбалытас І және Қарақұдық ІІ үлесіне тиетін бейіттер бар. Олар 1957 жылы ғалым А.Максимованың жетекшілігімен толығырақ зерттелген. Бейіттердегі мола саны онша көп те емес: бес-жетіден, онға дейін. Жерлеу рәсімі нәрестенің құрсақтағы орналасуы бойынша жүргізілген деген болжам бар, әрі зерттеу кезінде бейіттен құмыра, тағы басқа құралдар шыққан. Рәсім отбасы, жеке топ бойынша да жерленгенін көресің. Ал Таңбалытас І, ІV, V, ІІ-дегі бейіттер аумағы 250-400 шаршы метрден аспайды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚола дәуірінің бейіттері екі топқа бөлінеді: терістігі шатқалдың аузында болса, оңтүстігі жазықтың кеңейер тұсына таман. Шатқалдың оңтүстік жағында Таңбалытас VІІ-нің қола дәуіріне келетін бейіттер орын тепкен. Ал ертедегі мыс дәуірінің үлесіндегі бейіттер шатқалдың өнебойынан табылатыны ғалымдар зерттеуінде айтылған.\r\n\r\n \r\n\r\nЖиырма-отыз моладан құралатын ірі бейіттер жота етегіндегі жазықта кездеседі, жекелеген қорғандар тобы таулы аймақтан бір шақырымдай жердегі қашықтықта. Кей жағдайда тасты-батпақты қорғандардың топ болып кездесуі де байқалады. Олардың диаметрі 15-20, ал биіктігі 1-1,5 метр болып келеді. 1957 жылы Таңбалытас ІІ-ден табылған “мұртты қорған” да бар. Бұндай қорғандар негізінен, Орталық және Оңтүстік Қазақстан өңірлерінде кездескен, ал Жетісуда ескерткіштің бұл түрінің кездесуі тек Таңбалытаста ғана екендігін ғалымдар атап айтады.\r\n\r\n \r\n\r\nШатқалдың жоғарғы жағындағы қорған бейіттер ұсақ топқа бөлініп, жер бедері бойынша әртүрлі орналасқан. Көп жағдайда таулы аймақтағы бейіттер көне мекен-жайлармен көршілес келеді екен.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорған бейіттерінің көпшілігінің мәдени-хронологиялық кезеңі әзірге аз зерттелген­діктен, толық белгілі бола қойған жоқ. Мұның кейінгі кезеңдердегі ескерткішке қатысы көп. Ал 1957 жылы А. Максимованың зерттеуіндегі қорытындыға сүйенсек, бейіттердің бірнешеуі біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырға және біздің дәуіріміздегі І ғасырға қатысты болып келеді де, сақтар мен үйсіндердің мәдениетін көрсетеді. Ал Таңбалытаста түріктік кезеңнің орта ғасырлық жерлеу рәсімдерін көрсететін бейіттер айқындалмаған. Қарақұдық І учаскесінде, яғни Қарабастау ауылының терістік батысында мұсылмандар бейіті зерттелген, оны Максимова XІV-XV ғасырлардың еншісіне жатқызып, бағалайды. Бәлкім, осы бейіт Моғолстан мен Қазақ хандығының құрылу кезеңіне қатысты болар деген болжам айтылады.\r\n\r\n \r\n\r\nТаңбалыдан әріректе Қопалы деген екі жағы құз жартас, биіктігі 20-25 метр болатын сай бар. Осы мекенде 1958 жылдары Қастек қой зауытының малшылары қыста кәдімгі төрт қанат киіз үйде қыстап, мал бағатын. Сайдың ішіндегі кереге тастарды қашап, аумағын үлкейтіп, ықтасын жасаған үңгір қабырғалары да жоғарыда айтып өткендей суреттерге толы. Осындай әлі де беймәлім жайларды еске алсақ, осы өңір, Таңбалы шатқалы ғылыми жағынан толық зерттелмегенін ашық айтуға тиіспіз. Жаңағы үңгірді қашау үшін қаншама күш, құрал-жабдық қажет екені айтпаса да түсінікті. Демек, Таңбалытас талай дәуірлерден бізге жеткен құнды тарихи орын, жәдігер, салт-дәстүр, мәдени құндылықтар жалғасы.\r\n\r\n \r\n\r\nКөргеніміз бен көңілге түйгеніміз жайлы ойымызды “Таңбалы” мемлекетік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражай директоры Сабырәлі Кемелбаевпен бөлісіп, алдағы жоспарлары жайлы пікірлестік. Бірден жинақталған құжатымен таныстырған басшы әңгімесін жалғастырып әкетті.\r\n\r\n \r\n\r\n– Таңбалы – аялап, қадірлейтін киелі мекен. Өйткені, ол келешек ұрпаққа ұлы рухтың мәңгілік символындай өткен мен бүгінгінің арасын жалғап жатқан ашық аспан астындағы тарихи құнды “кітап”. Мен өзім кезінде Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты басқармада жұмыс істедім. Алғаш аталған мұражайға қатысты құжаттарды реттестіріп, дайындауға қатыстым. Осының бәрі Мемлекет басшысының тікелей қолдауымен “Мәдени мұра” бағдарламасының аясында қолға алынғанын атап айтқым келеді. Сол кезден бері мекеменің басшылығы маған тапсырылып, ауылға атбасын бұруыма тура келді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі кезде Таңбалы аумағында 3800 гектар жер Үкіметтің қаулысымен визит – орталығы, мұражай салу мақсатында 24 гектар жерді пайдалану үшін заңдастырылды. Бас кеңсе Ұзынағаш ауылы Абай атындағы көшедегі еңселі көп қабатты үйден берілді. Осылайша халқымыздың өткен тарихы мен бай мәдениетіне қатысты маңызды мәселенің бірден шешілуі біздің құлшынысымызды арттыра түсті.\r\n\r\n \r\n\r\nАталған министрлік мұражайдың бүгінгі қалыптасуына ерекше қамқорлық көрсетіп келеді. Кеңседе есепшілер мен ғылыми қызметкерлер жұмыс істесе, қорықшылар, экскурсоводтар мен басқа да мамандар қорық-мұражайда туристік маршруттар бойынша келгендерді қабылдап, туған өлкенің өткенінен әсерлі әңгіме өткізеді. Соңғы кездері жергілікті жердегі мамандарды үйретіп, қатарымызды толықтырдық. Жаңа ғана өзіңізбен сөйлескен ғылыми қызметкерлер солар, деді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының Үкіметі ЮНЕСКО-мен келісімге отырып, осыған орай Норвегия үкіметі тарапынан қорық мұражайға айтарлықтай көмек жасалуда. Нәтижесінде екі жақты ғалымдардың қосылуымен тың ұсыныстар жүзеге асып, менеджмент-жоспар Париждегі штаб пәтерге жіберіліп, Таңбалының мәдени құндылығына байланысты шешім қабылданғанын да басшы мақтанышпен ортаға салды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорық-мұражайдағы суреттер бес топқа бөлінсе, оны көруге келгендерді шағын топпен апаруға арнайы автокөлік бөлінген. Негізінен мұндағы жұмыстың ғылыми негізде болуына назар аударылуда. Қазірдің өзінде Таңбалыға келгендер саны мыңдап саналады. Олардың қатары да әр алуан. Жақында ғана көршілес Қытай елінен келгендер қорық-мұражайдағы суреттерге қызығушылығын танытқан. Қарабастау елді мекеніндегі бас кеңседе келгендерді қарсы алып, одан әрі тау шатқалына жаяу сапарлары жалғасады.\r\n\r\n \r\n\r\nТаңбалыдағы мұражай ғимаратында спутниктік байланыс орнатылған. Қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен, қорықшылар дүрбімен, мініс аттарымен қамтылған. Ашық аспан астындағы тарихтан сыр шертетін құнды мұрағаттармен келушілерді таныстыру мақсатында көрнекі құралдар шығарылса, ұжымның тиянағын келтірер жұмыстары әлі алда. Өйткені, тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде Рославль кеңшарының мал қоралары мен үйлерін салуға осы мекеннің тастары пайдаланылған. Заңсыз салынған құрылыстарды бұзған кезде құнды жәдігерлері бар тастар табылып, ол қайтадан қорғауға алынуда. Оның біразы мұражайға қойылыпты.\r\n\r\n \r\n\r\n“Таңбалы” мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы Алматыдан 200 шақырымға жуық. Алматы-Бішкек бағытымен баратын автокөлік жолының біраз бөлігі жақсы болғанымен, дені – таптаурын жылдамдықты үдетуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан екі арадағы уақыт үш сағаттан астам. Мұражай аумағында жаяу жүретін туристік маршруттың ұзақтығы 900-1900 метр, ал көру мерзімі үш жарым сағатқа жуықтайды.\r\n\r\n \r\n\r\nТаңбалыда болған және ондағы қолға алынатын жұмыстар жайлы аудан әкімі Ләззат Тұрлашев та өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, алдағы уақытта музейдің айналасын көркейтумен бірге туристерге көрсететін қызметті жақсарту, ұлттық мәдениет, салт-дәстүрге байланысты мәселелердің де шешімін табатынын жеткізді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорық-мұражайға аудандағы мектеп оқушыларынан бастап, жергілікті халықтың өзі қызығушылық білдіріп, жиі экскурсияға шығып тұрады. Алғаш Аңырақай шайқасының тарихына байланысты да Қарабастауда белгі орнатуға белсене қатысқан облыстық мәслихаттың депутаты Марат Мырзағалиев талай жұмысқа ұйытқы болған. Ал, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, магистрант Жанна Далабаеваның ғылыми еңбегін осы өңірдің тарихын зерттеумен байланыстырғаны да қуантады.\r\n\r\n \r\n\r\n– Таңбалының тарихын нақты хронологиялық түрде бір арнаға түсіруге мүмкіндік туды. Бұл еліміздің тарихы. Қазақ педагогикалық және Целиноград педагогикалық институттары тарапынан құрылған экпедициялар А.Марьяшев пен А.Рогожинскийдің жетекшілігімен Таңбалытастағы І,ІІ,V орындарды зерттеп, қола дәуірінен жеткен көне жәдігерлердің сыры ашылған. Басталған жұмыс жалғасын табады. Бүгінгі музыка, ән әлемінен өзіндік бағасын алған “Азия дауысы” фестивалінің эмблемасы – “Күн шашақты Тәңір” таңбасы да осы жердегі таста бейнеленген. Осы жәді-герлерді тамашалап, туған халқымның тұнық тарихына бас идім, дейді жас ғалым.\r\n\r\n \r\n\r\nЕң бастысы, үш мың жыл бойы тарихи мәнін жоғалтпай келе жатқан петроглифтер кешеннің ең маңызды буыны болып саналады. Ал оның шатқал шектелген жерде орналасуының өзі де тау бедеріне байланысты, петроглифтерді жасаушылар аспан астындағы жартасты өте шеберлікпен пайдалана білген. Соған қарағанда, Таңбалытас қасиеті де адам мен табиғаттың бірлескен еңбегінің жарқын көрінісі. Мұның өзі адамзат қоғамының табиғи жағдайымен үндестік тауып келе жатқан эволюциясы десек қателеспейміз.\r\n\r\n \r\n\r\nҚасиетті орынның алғашқы реңі қола дәуірдегі петроглифтер сериясымен ерекшеленеді. Оның өзі техникалық-көркемдік тәсілдері ерекше, суреттерде тереңдеп ою, көлем үлкенділігі бойынша да, стильдік және иконографиялық тәсілді табанды түрде қолдану бойынша да, сол сияқты бейнелеу тәсілінің ерекшелігі бойынша да таңдандырады. Аталған ерекшеліктердің өте шеберлікпен жымдасуы Таңбалытаста алғаш рет ашылған петроглифтер сериясының маңыздылығын айқындайды.\r\n\r\n \r\n\r\nНақ Таңбалытас кешенінде Қазақстан мен Орталық Азиядағы қола дәуірінен белгілі жартастық өнер туындылары шоғырланған. Негізгі кейіпкерлерді бедерлеу тәсілі қола дәуіріндегі тайпалардың мифологиялық концепциясы болғандығын дәлелдей алады.\r\n\r\n \r\n\r\nОрталық Азиядағы алғашқы қауымдық дәуірдің мәдениетін білдіретін Таң­балытастың ерекшелігі де сонда, ол мифологиялық кейіпкерлермен қатар, белгілі бір жазу әдісін қолдана отырып, қола дәуіріндегі дала тайпаларының тілдік пантеонын да бейнелейтіндігі. Өлкенің көне мәдени байлығымен туристерді кеңінен таныстыру үшін ағарту, білім беру және ұйымдастыру қызметтерін ұштастыру арқылы ғана жүргізуге болатынын ұжым қызметкерлері басты мақсат етуде. Осы өлкетану жұмысына жастарды кеңінен тартып, көне мәдениет туралы білімді мектеп қабырғасында алып қана қоймай, білуге деген құштарлықтарын ұштастыра түсу парыз. Ол үшін үнемі ізденіс, екі жақты жанды жұмыс, байланыс қажеттігі туындайды.\r\n\r\n \r\n\r\nСапар барысында “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының орынбасары Балтабек Досмұхамбетов бастаған ағайынмен Таңбалытас шатқалындағы биікке партияның туын тігіп, жастардың туған жер мен оның тарихына деген қызығушылығын тудыру мақсатындағы іс-шара барысында кездестік. Олар да аспан астындағы мұражайға деген өз пікірлерін білдіріп, оған аса құмарлықпен қарайтындықтарын жеткізді.\r\n\r\n \r\n\r\nТарихи орыннан ұзаған сайын таңғажайып сырға толы Таңбалытас бізден алыстай берді. Бірақ біздің көңілімізде одан алған ыстық әсер, туған жердің тұнған сырына деген іңкәрлік пен оның ертеңіне деген алаңдаушылық көкейден берік орын алғандай.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.

Табиғи ресустардың қоғамдағы рөлі

0

Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты.Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге  жұмсалатын шығын да әр түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады. Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы  әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда) өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75%  болады. Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп елдердің алдына өте шұғыл проблемалар  қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын, әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. өйткені «алдынғы күні» біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, «күні кеше» атом ядросында орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. әлі анық түсінбейтін күштердің «қоршауында» тұрғанымыз күмәнсыз. Бар керегі – адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы, өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.\r\n\r\n«Табиғи ресустар» деген терминмен қатар «табиғи жағдайлар» деген неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын шек  кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненты деп қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия алынатын ресурс.\r\n\r\nТабиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты. Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының мәнісі осы.\r\n\r\nРесустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі. Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал, жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі. Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай топтастырулар қолданылады.\r\n\r\nТабиғи ресустардың планета бойынша орналасуы біркелкі емес. Мұның өзі Жер шарындағы климаттық және тектоникалық процестердің айырмашылықтарына, өткен геологиялық дәуірлерде пайдалы қазбалар түзілу жағдайының әр түрлі болғанына байланысты. Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың  табиғи ресустармен қамтамасыз етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы ағаш сүрегі ресурстары мол.\r\n\r\nДүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия, Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті» жағынан олардан кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін, хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін тиімділігі де жоғары болмақ.\r\n\r\nДүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар болады деуге келмейді. өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары  қорларының жиынтығымен ғана өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен  еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық байлықты құрайды.\r\n\r\nМысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай, табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы жетістіктері мардымсыз көптеген мысалға келтіруге болады.\r\n\r\nТабиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан, халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.\r\n\r\nТабиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды барынша үнемдемейінше адамзат осылай «мәңгілік» өркендей береді деп үміттенуге болмайды.\r\n\r\nСонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты.                  

Еуропалық орта ғасыр әдебиеті

0

    Антик құл иеленушілік қоғамның ыдырауы бір кезде Рим империясымен біріккен Солтүстік Америка және Орта Азиядағы сансыз көп тағы тайпалардың көшуіне жол ашты (ирландықтар, славяндар, арабтар, монғолдар, түріктер). Осы тайпалардың негізінде орта ғасырлық феодалдық мемлекеттер және қазіргі заманның европалық халықтары құрылды.

\r\nОрта ғасыр әдебиетінің тууы мен дамуына үш ең басты фактор әсер етті: халық ауыз әдебиеті, антик әлемі және христиандық дін.\r\n\r\nБатыс Европада үстемдік алған варвар халықтарда сол кезде өздерінің өте жақсы дамыған поэзиясы болған. Сол поэзия кейінгі Европа әдебиетінің негізін салды.\r\n\r\nЕжелгі поэзияның бір түрі – еңбек өлеңдері. Бұл өлеңдер еңбек процесін қостайтын әр түрлі дыбыстардан пайда болған. Еңбек өлеңдерінен әдет-ғұрып өлеңдері өріс алды.\r\n\r\nОрта ғасыр әдебиетінің алғашқы дамуына католиктік шіркеу үлкен әсер етті. Сол кездегі бірнеше әйгілі әдеби жанрлар шіркеу әсерімен туған: діни гимндер мен өлеңдер, әулиелер өмірі, таурат парафразалар тағы да басқалар. Шіркеу ішінде діни драма да туды.\r\n\r\nОрта ғасыр әдебиетіне едәуір әсер еткен екінші ірі фактор – антик әлемі (өнер мен әдебиет). Алғашқы кезде германдық жаушылар антик мұраның барлығын жойды. Бірақ және мәдениетті құру үшін негізгі материал керек болды. Үлгі ретінде жойылған антик мұраның қалдығын жинау басталды. Мемлекеттік заң және жоғарғы әкімшіліктің тілі ретінде латын тілі қабылданды.\r\n\r\nОрта ғасыр әдебиетінің дәуірге бөлінуі сол кездегі Европа халықтарының қоғамдық дамуының кезеңдерімен бірыңғай келеді: 1) рулық қоғамның ыдырауы және феодалдық қатынастардың пайда болу кезінің әдебиеті, 2) өркендеген феодализмнің әдебиеті. Бірінші дәуір шамамен Х ғасырдың аяғына дейін созылады. Әр түрлі халықтардың тарихи және әдеби дамуы бірдей болған жоқ. Бәрінен бұрын ортағасырлық әдебиет Францияда дамыды. Ол елде феодализм негізінде ІХ ғасырда құрылған. Ал Германия, Европа елдері және Англия Франциядан біраз артта қалды. Даму жағынан соңғы орында қалған скандинавтар және кельттер басып алған Еуропаның шеткі солтүстік және солтүстік-батыстық аймақтары. І кезеңнің әдебиеті ІІ кезеңмен салыстырғанда біртұтас және бірыңғай болып көрінеді.\r\n\r\nАл, ортағасырлық әдебиеттің екінші кезеңіне келсек, Европа мен Англияда ХІ ғасырдан XV ғасырға дейін өркендеген феодализм дәуірінің әдебиеті әлдеқайда қиын жағдайда дамыды. Мұнда сол елдердің даму жолымен анықталатын әдеби творчествоның бірнеше кезеңдерін айыруға болады. ХІІІ ғасырға дейін қоғамдық-саяси күрес негізінде феодалдар мен шаруа, басқаша айтқанда, бұқара халық арасында жүрді. Бұлардың арасында дін басылары өзгеше орын алады.\r\n\r\nСонымен, ХІІІ ғасырға дейін үш ерекше әдеби ағым дамыды – халықтық, клерикалық және феодалдық-рыцарьлық әдебиет. Клерикалық әдебиет – шіркеудің әсерінен туған әдеби ағым. (клерикализм – шіркеудің саяси және мәдени үстемдігін күшейтуге бағытталған реакцияшыл ағым).\r\n\r\nХІІ ғасырда қалалар көбейіп, өркендей бастайды. Оларда ерекше (қалалық деп аталған) өнер мен әдебиет пайда болады.\r\n\r\n          Германдық эпос. Ежелгі германдық эпостың идеологиялық мазмұны сол кездегі барлық халықтарға тән. Батырлар жыры жауынгерлердің ерлігінің даңқын шығарады. Германдық эпоста кейіпкерлердің арасында жаңа қарым-қатынастар тағайындалады, бөлек-бөлек аңыздар циклдарға бірігеді.\r\n\r\nЭпостық қаһарман ерекше күштің, сұлулықтың, батылдықтың өнегесі болып табылады. Әр түрлі адамдардың ерліктері бір эпостық қаһарманның ерлігі болып есептеледі.\r\n\r\nЕжелгі германдық эпос арфаның қостауымен айтылған. Өлеңдерді (жырларды) орындаушы, шығарушылар және айтушылар – жасақшы – әншілер. Олар басқа жауынгерлермен бірге шайқастарға қатысып, солардың ерліктері туралы жырлаған. Сонымен қатар, жасақшы – әншілер ауыз әдебиетінде сақталған ескі, көне заманның оқиғалары туралы баяндаған. Жасақшы әншілер ерекше үлкен құрметке ие болған. Олар өздерінің айтқан немесе шығарған өлеңдері үшін бағалы сыйлықтарды алып тұрды (корольдің қазынасынан алтын сақиналар, білезіктер т.б.)\r\n\r\nЕжелгі неміс әдебиеті пайда болғаннан бастап (VIII ғасыр) монастырлық оқу мен христиандық дінге қызмет етті.\r\n\r\nЕжелгі германдық эпостың сақталған жалғыз ескерткіші – «Хильдебрант туралы өлеңнен» үзінді. Бұл өлең әкесі мен ұлының кездесуінен басталады. Мұндай сюжет басқа халықтардың эпосында кездеседі (мысалы, орыс былиналарда Илья Муромец пен Сокольниктің кездесуі, парсылар эпосында – Фирдоусидің «Шахнамесінде» – Рустам мен Сохрабтың кездесуі т.б.). Бұл аңыздарда қаһарманның ұлы басқа елде басқа әйелден туады (некесіз туған бала). Ол ер жетіп әкесін іздеуге кетеді. Көптеген сюжеттерде әкесі  шайқаста ұлын жеңіп, оны танымастан бұрын өлтіреді.\r\n\r\nЕжелгі германдық эпостың сақталған ескерткіштерінің бірі – англосакс тілінде жазылған «Беовульф туралы поэма». Англосакс тілі деп ежелгі ағылшын тілін айтады. Бұл тілде V ғ. Британияны басып алған германдық тайпалар сөйлеген. «Беовульф туралы поэма» біздерге дейін тек жалғыз қолжазба түрінде жетті. Ол Х ғасырдың басында жазылған ежелгі өлеңдер. Поэма 2 бөлімнен және оларға кірген 3000 өлеңнен тұрады. Сол 2 бөлімді біріктіретін бейне – Беовульф бейнесі. Беовульф тарихи адам емес, поэмада тарихи оқиғалар көрсетілгенмен, көптеген эпизодтары басқа халық ертегілерімен салыстырмалы. Ежелгі германдықтар өзінің поэзиясын өлең түрінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жалғастырды.\r\n\r\n“Эдда” деген сөздің мағынасы әлі күнге дейін анықталған жоқ. “Эдда” жинағына кірген батырлар туралы өлеңдердің көбі Зифгридке, Нибелунгтар өліміне, Эрманарик пен Сванхильдаға арналған. Бұл сюжеттер Германияда пайда болып, соңынан Норвегия арқылы Исландияға жетіп, қайта жөнделген.\r\n\r\nIX – XIII ғғ. Норвегия мен Исландияда скальдтар өнері өркендейді. Скальд деп Скандинавияда жасақ көсемінің қарауындағы әншіні айтады. Скальдтар өздерінің заманы туралы және князьдар мен жасақшылардың ерлігін дәріптейтін өлеңдерді шығарды. Скальдтардың өлеңдері біздің уақытымызға дейін көбінесе үзінді түрде жетті.\r\n\r\nБасқа ежелгі герман халықтарымен салыстырғанда исландықтардың өте бай прозалық әдебиеті болған. Бұл әдебиет ана тілінде шығарылған. Оны “сагалар” деп атайды. Бұл әдебиеттің негізінде Исландияның алғашқы тұрғындары туралы әңгімелер, рулық аңыздар жатады. Олардың көбі XII – XIII ғ аралығында жазылған.\r\n\r\nРулық сагалар тарихи фактілерді, адамдар мен қалалардың аттарын дәл көрсетеді. Әсіресе Исландия және Норвегияға байланысты оқиғаларды дәл көрсетеді. Рулық сагалар әдетінше бірнеше ұрпақтың тарихын, өмірін бейнелейді. Сагалар бас кейіпкердің өмірбаянынан басталады. Алдымен оның балалық шағы, алғашқы ерлігі туралы айтылады. Содан кейін оның теңіз саяхаттары, Норвегия королінің жасағына кіруі, теңіз жорықтарынан даңқы шығып, құрметпен еліне оралуы, үйленуі, бейбітшілікте өмір сүруі, атақты рулар арасындағы күндестігі мен өшпенділігі және солардың кесірінен тұған қанды шайқастар туралы баяндалады. Рулық сагаларда кейіпкерлер батырлар жырындағы қаһармандай дәріптелмейді.\r\n\r\nМифологиялық және қиял – ғажайып ирландық сагалармен салыстырғанда исландық рулық сагалар сол кездегі Скандинавия халықтарының тұрмысын, қоғамдық және жанұялық қарым – қатынастарды, әдет – ғұрыптары мен діншілдігін көрсетті. Исландық сагалар бұл жағынан германдықтардың этнографиясын зерттеу үшін таптырмайтын материал болып табылады.\r\n\r\nСансыз көп рулық сагалардың ішінде классикалық түрде жазылған және тарихи материалды дұрыс көрсеткен – “Эгил туралы сага”\r\n\r\nРулық және тарихи сагалармен қатар аңыздар мен фантастикаға негізделген сагалар да болды.\r\n\r\nХалық поэзиясы. Қоғамның түрлі жеңілдіктерін пайдаланушы таптар өздерінің мүдделері мен көзқарастарын рыцарлық және клерикалық әдебиеттен тапты. ХІІ ғ. бастап қалалардың ролі күшейіп, олар өздерінің ерекше қалалық әдебиетін шығарды. Ал жазу білмеген бұқара халық  өз шығармашылығын орта ғасырлардың ортасына дейін тек қана ауызша жалғастырды.\r\n\r\nОртағасырлық әдебиеттің негізгі бағыттарының әлеуметтік тегі әртүрлі болса да, олар бір-бірімен байланысты болды. Халық ауыз әдебиеті жазба әдебиетіне өте бай материал беріп, оны өзінің сюжеттері мен бейнелерімен түрлендіріп, қамтамасыз етті. Халық поэзиясы  өте бай және өз бетімен дамыған әдебиет болса да, ол ауызша дамығанның кесірінен тек XIV-XV ғғ.  дейін өркендеді.\r\n\r\nХалық өмірі туралы өлеңдердің авторы болған кәсіби әншілер. Оларды Францияда жонглерлер, Испанияда –  хугларлар, Германияда –  шпильмандар деп атаған. Жонглерлер ортағасырлық қоғамның барлық топтарына танымал болған. Олар жүргінші жолдармен жиһан кезіп, жолында кездескен қамалдарға, қалаларға және селоларға кірді. Жонглерлер  сол кездегі жаңалықтарды жинап таратушы болды. Олар өз заманының барлық оқиғаларына үн қосты. Оларсыз ешбір сарай салтанаты, жәрмеңке, діни я халық мейрамы өтпейтін болды.\r\n\r\nХалық поэзиясының барлық түрлерінен ең жақсы сақталған батырлар жыры. Бұл жанр Ирландияда жақсы дамыған.  Оның негізінде рулық және жергілікті аңыздар жатады. Батырлар жырын орындайтын ақын жыршыларды бард деп атаған. Бард әнін музыкамен (сазбен) қостап, әртүрлі тарихи және аңыздарға айналған оқиғалар туралы, әр түрлі батырлар мен князьдардың құрметіне арналған өлеңдерді айтты.\r\n\r\nФранцуз батырлар жыры. Батырлар жыры туралы материал әсіресе Францияда жақсы сақталған. Бұл шығармалар жүзге жақын поэма түрінде сақталған. Олардың ең көне түрлері XI ғ. аяғында, соңғылары XIV ғ. жазылған.\r\n\r\nФранцуз эпосының негізгі мазмұнын үш тақырыпқа бөлуге болады: 1) елін қорғау (мавр, норман, сакс жауларынан); 2) корольге адал қызмет ету; 3) қанды феодалдық шайқастар. Алдыңғы екі тақырып мейрімді және дана корольдың бейнесімен байланысты. Көптеген поэмаларда бұл король Ұлы Карл болып аталады. Карл поэмаларда шындыққа жатпайтын бейне: ол әрқашан мейірімді, әділ, ұрыстарда жеңімпаз, сатқындарға қатал король болып бейнеленеді.\r\n\r\n «Роланд туралы жыр». Француз эпосының әйгілі шығармасы, ортағасырлық поэзияның шыңы болып есептелетін поэма – «Роланд туралы жыр». Бұл поэма 4002 өлеңнен тұрады, жазылу уақыты – 1100 ж. шамасы, алғашқы крестік жорығы кезіне дейін. Авторы белгісіз.\r\n\r\nПоэма Ұлы Карлдың жиені граф Роландтың Ронсеваль шатқалында маврлармен шайқаста ерлікпен қаза тапқаны туралы баяндайды. Эпос Роландтың қазаға ұшырауына себеп болған өгей әкесі Ганелонның сатқындығы және Ұлы Карлдың Роланд және 12 пэр үшін кек алуы туралы баяндайды.\r\n\r\nРоланд поэмада рыцарлық ерлік пен аса мейірімділіктің өнегесі болып көрсетілген. Роландта феодалдарға тән эгоизм, қомағойлық, қатыгездік жоқ. Ол өзінің отанына, халқына, короліне шын берілген рыцарь. Ол өзінің өмірін «сүйікті Францияға» арнаған.\r\n\r\nРыцарь болғанымен Роланд халыққа жақын, ол нағыз халық қаһарманы болды. Сондықтан «Роланд туралы жыр» тек қана Францияда емес, басқа Еуропа елдерінде де танымал болды. Поэманың аудармалары орта ғасырдың өзінде-ақ неміс, ағылшын, итальян, испан, скандинавтар, кельттер тілінде болған.\r\n\r\n          Клерикалық әдебиет. ХІІ – ХІІІ ғ. аяғына дейін халық поэзиясымен қатар клерикалық әдебиет өркендеді. ХІІ ғ. дейін тек дін басылары мен ақсүйектер ғана монастырлық мектептерде оқып білім алатын болған.\r\n\r\nКлерикалық әдебиетте әулиелер өмірі мен әртүрлі діни аңыздар үлкен орын алады. Бұл аңыздар латын және басқа тілдерде елден елге, халықтан халыққа көптеген варианттарда тараған.\r\n\r\nӘулиелер өмірі туралы әңгімелердің мазмұны әр алуан. Оны  3 топқа бөлуге болады.\r\n

    \r\n

  • бірінші топқа әр түрлі мұқтаждық, азап көрген, өзін өзі аштықпен, суықпен т.б қинаған, әулиелердің өмірбаяны ( мыс. Әулие Алексейдің өмірі ) ;
  • \r\n

  • әртү рлі тайпаларды, аймақтарды христиандыққа айналдыратын миссионерлердің өмірі туралы ( үстем шіркеудің басқа діндегілердің арасында өз дінін уағыздау үшін жіберетін адамы ).
  • \r\n

  • Құлдыққа түскен адамдарды қорғау және адамгершілік туралы әңгімелер ( мыс., Әулие Герман – ол өзінің барлық жинаған ақшасын тұтқындар мен құлдарды сатып алуға жұмсаған ).
  • \r\n

\r\nХІІ ғ. ортасынан бастап құдайанаға табынумен байланысты оның жасаған таңғажайып істері туралы көптеген әңгімелер шығады. Сол кезде адамдардың өлгеннен кейінгі тағдыры туралы әңгімелер көп таралды. Осы әңгімелердің сюжеттеріне ортағасырлық адамдар көп назар аударған, өйткені ол әңгімелерде өлгеннен кейін мейірімді адам жұмаққа барады, ол дүниелік жазаны тартады деген. Осыны естіген ортағасырлық қанайған адамдар ол дүниеде қанаушылар жазаға тартылады деп сеніп, үміттенген.\r\n\r\n          \r\n\r\n          Рыцарлық әдебиет. ХІ-ХІІ ғғ. Батыс Европада феодалдық қоғамның үстем табы біржолата құрылды. Рыцарьлар енді әскери-феодалдар ақсүйектердің ерекше ұйымына айналды. Олардың өздерінің жазылмаған заңдары, дәстүрлері, жүріс-тұрыстың ережелері (қағидалары), абырой мен айыбының идеалдары болған. Сол заң бойынша рыцарь ер жүрек, әділ, адал, мейрімді, мырза адам болуы керек. Ол шіркеуді, әлсіз, әйел адамдарды, жетімдерді қорғау керек, өз қожайына (сюзеренге) адал еңбек ету керек және бөтен діндегі адаммен күресу керек. ХІІ-ХІІІ ғғ. (рыцарьлар поэзиясының) осы идеалды шығаруда рыцарьлар поэзиясының ролі орасан зор болды.\r\n\r\nРыцарьлар әдебиеті әсіресе Францияда өркендеді, ол басқа европа елдерінің әдебиетіне өнеге болды.\r\n\r\nФранцияда ХІІ ғ. – ғылымның гүлдену кезеңі 1200 ж. Париж университеті құрылады. Ол ғылымның ірі орталығы болады. Әдебиетте әсіресе Аристотель, Вергилий, Овидий, Цицерон еңбектері оқылады.\r\n\r\nРыцарьлық әдебиет өз мүмкіндіктерін әсіресе лирика мен романда толық пайдаланды.\r\n\r\nҰлы Карл империясының күйреуінен кейін Францияның оңтүстігіндегі Прованс облысы солтүстіктен саяси тәуелсіз болды. Онда латын тілінен өз бетімен провансаль тілі өркендедеі. Ол сол кездегі әдеби тілдің дамуы болды. Прованс әдебиеті барлық халықтарға үлгі өнеге болды. Рыцарь идеалы бәрінен бұрын осы Прованста пайда болды.\r\n\r\nРыцарьлар лирикасының халық өлеңдерінен үлкен айырмашылығы болды. Рыцарьлар лирикасының ерекше техникасы  мен шеберлігі көрінеді. Прованс ақынды трубадур деп атаған. (трубадур – табу). Олар өлеңдерінің стиліне, әсіресе көркемдік формасына үлкен мән береді.\r\n\r\nСонымен қатар трубадурлар лириканың сан алуан түрлерін шығарған. Солардың негізгі түрлері: кансона (сүйіспеншілік өлеңдері), сирвента (саяси тақырыпқа жазылған өлең), тенсона (екі ақынның арасындағы мораль, әдеби т.б. тақырыпқа дауласу). Пасторелдер мен альбалар ерекше орын алады.\r\n\r\nТрубадурлар арасында 30 шақты әйелдер болған.\r\n\r\nТрубадурлар лирикасында жиі кездесетін сөздер – «қуаныш», «шаттық», «жастық». Негізгі тақырыбы – махаббат, соның ішінде бұл күйеуге шыққан әйелге сүйіспеншілік.\r\n\r\n(Труба) Біздерге дейін трубадурлардың өлеңдерінен басқа ХІІІ ғ. құрылған олардың өмір-баяндарының жинағы жетті. Солардың ішіндегі ең әйгілі трубадурлар – Бернарт де Вентадорн және Бертран де Борн. Біріншісі махаббат тақырыбына, екіншісі – саясат тақырыбына жазған.\r\n\r\nХІІІ ғ. провансаль лирикасы төмендейді. Оның орнына қалалық поэзия келеді.\r\n\r\nЖалпы прованс лирикасы европа поэзиясының негізін салушы болды.\r\n\r\n       \r\n\r\n \r\n\r\n         Қалалық әдебиет. ХІІІ ғ. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде ортағасырлық мәдениет өзінің жоғары деңгейіне жетеді. Сол кезде саяси және қоғамдық өмірдің барлық салаларында, адамның ақыл-ойында үлкен өзгерістер пайда болады. Философия және басқа ғылымдар да өркендейді.\r\n\r\nХІІ ғ. қалалар туралы әдеби шығармалар шыға бастады. Әдебиетте өмірмен бірте-бірте байланысын үзген рыцарьлар поэзиясымен қатар жаңа, қалалық әдебиет дамыды. Ол күнделікті өмірді, қоғамның барлық таптары өкілдерін, әсіресе, шаруаларды, бейнелеуді мақсат етті.\r\n\r\nҚалалық әдебиет рыцарьлар әдебиетімен байланысты болса да, оған негіз болған халық ауыз әдебиеті. Қалалық әдебиетте кездесетін ең жақсы образдар мен сюжеттер фольклордан алынған.\r\n\r\nҚалалық әдебиет рыцарьлар поэзиясының кейбір жанрларын пайдалып, өздерінің өзгерістерін енгізді. Қалалық әдебиеттің жанрлары: публицистикалық, сатиралық лирика, өлеңмен жазылған қысқа тұрмыстық әңгімелер, үлкен сатиралық және аллегориялық романдар, әртүрлі дидактикалық (өсиетті) шығармалар. Қалалық әдебиеттің стилі де өзгерді. Ол рыцарьлар поэзиясының сыпайылығына, әсемділігіне, нәзіктілігіне қарсы халық тіліне жақын болды.\r\n\r\nФранцияның қалалық әдебиеті. Ортағасырлық қала тұрғыны өлеңмен жазылған күлкілі қысқа әңгімелерді жақсы көрді. Оның басты кейіпкері көбіне епті әрі қу қала тұрғыны немесе жайдары, тапқыр шаруа болды. Олар үнемі өзінің жауларын – тәкаппар рыцарьларды және қомағай монахтарды келекеледі.\r\n\r\nФранцияда өлеңмен жазылған ұсақ әңгімелер – фаблио қалалық әдебиеттің (ішінде) кең тараған жанрларының бірі болды. Ол күнделікті өмірден алынған қызықты, ерсі оқиғалар туралы әңгімеледі.\r\n\r\nФаблио 3 топқа бөлінеді. Оның қарапайым түріне анекдоттар жатады.\r\n\r\nФаблионың 2-ші тобына әлеуметтік бағытта жазылған, сюжеті жақсы дамыған әңгімелер жатады. Бұларда рыцарьдан гөрі қала тұрғынына тән қасиеттер дәріптеледі: тапқырлық, ұқыптылық, ептілік т.б. Типтік фаблиоға «Шаруа – емші» атты әңгіме жатады. Осы фаблио ХVII ғ. драматург Ж.-Б.Мольердің «Амалсыз емші болған» шығармасына негіз болды.\r\n\r\nФаблионың 3-ші тобына қоғамның әртүрлі таптарына, соның ішінде, қала тұрғындарына тән кейбір кемшіліктер әшкерленетін шығармалар жатады. Бұл әлеуметтік сықақ ауқатты қала тұрғындарының сараңдылығына, рақымсыздығына, мейірімсіздігіне, қомағойлығына, дін қызметшілерінің әдепсіздігіне, екіжүзділігіне, рыцарьлардың ақылсыздығына, дөрекілігіне, кәсіпқой алдамшылардың қитұрқы қылықтарына қарсы бағытталған.\r\n\r\nФаблионың ортасында – қала тұрғындары, олардың сол кездегі сауда-саттыққа байланысты дамыған жаңа қарым-қатынастар, қалалықтардың типтік белгілері. Бірақ қала тұрғындары екі жақты суреттеледі: бір жағынан, олардың ептілігі, икемділігі авторды таңқалдырады, ал екінші жағынан, сол қасиеттер адамды тонау немесе қанау үшін пайдаланатын болса, олар қатты әшкереленеді. Бұл сол кездегі қарапайым халықтың, шаруаның, қала тұрғындарының көзқарасы болды.\r\n\r\nКөптеген фаблиолардың сюжеттері өзге халықтардың ертегілері, новелла, өсиетті әңгімелеріне жақын.\r\n\r\nОртағасырлық фаблио кейінгі француз әдебиетіне үлкен әсерін тигізді. Фаблионың сюжеттері Ф.Рабленің «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романында, Ж.Б. Мольердің комедияларында, П.Лафонтеннің ертегілерінде, Ги де Мопассанның новеллаларында кездеседі. Фаблионы материал ретінде Д.Боккаччо және басқа да итальян жазушылары пайдаланған.\r\n\r\nФранция қалаларында ондаған жылдар бойында мысалдар мен ертегілерден «Түлкі туралы роман» дастаны шығарылды. Дастанда аң бейнесінде жалқау ірі феодал – Аю, шіркеудің топас қызметкері Есек, жемтік іздеп шарқ ұрған жауыз рыцарь – Қасқыр (Изенгрим), ақылды, тапқыр қала тұрғыны – Түлкі көрсетіледі. Түлкі Қасқырмен тартыста үнемі жеңіп шығады. Ал Қораз, Қоян, Ұлу бейнесінде берілген кедейлерді ол жәбірлегенде оның өзі қиын жағдайға душар болады.\r\n\r\n 

Жас ақын Дина Бөкебайдың шығармашылығы

0

Болашағынан үміт күттіретін жас ақын қыздарыңыз Дина Бөкебайдың қаламынан шыққан төл туындыларын сіздердің  назарларыңызға ұсынып отырмыз. Дина Бөкебай Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы № 25 орта мектептің оқушысы. Бірнеше шығармалары республикалық басылымдарда жарық көрген. \r\n\r\n«Ақ самолет»\r\n\r\nШіркін шаттық, бала кез ғой кешегі!\r\n\r\nБала кезден бақыт лебі еседі.\r\n\r\nБалалық шақ – бақытты шақ – балғын шақ,\r\n\r\nБолмаушы еді-ау, аңғалдықтың еш емі!\r\n\r\nБалалықтың көрінісі – аңғалдық,\r\n\r\nАлдандық ә, біздер талай алдандық?!\r\n\r\nАнам әркез алдайтұғын мені де,\r\n\r\nАспанның ақ самолетін арман ғып.\r\n\r\n« Аспандағы аппақ – арман самолет,\r\n\r\nБолашаққа, мені алысқа ала кет».\r\n\r\nДеп айқайлап, адамдарға йтушы ем\r\n\r\n«Анау менің самолетім , қара» деп!\r\n\r\nАқ бұлттардың арасынан өткендей,\r\n\r\nТұла бойға қанат бітіп кеткендей…\r\n\r\nАқ самолет болмасам да, өзімді\r\n\r\nСезінуші ем қанат қаққан кептердей!\r\n\r\nАқ самолет ақ арманға ұласып,\r\n\r\nҰшып кетем дала кезіп, қыр асып.\r\n\r\nШық та қонсын, қырау бассын, тұман да,\r\n\r\nТұсау болмас арманыма, сірә, шық!\r\n\r\nАппақ бұлттар – арман тұнған су беті,\r\n\r\nЕстен кетпес ескі күннің құрметі.\r\n\r\nАспандағы самолетке айқайлау –\r\n\r\nБалалықтың ең әдемі суреті !\r\n\r\nСамолетті түсімде де көруші ем,\r\n\r\nЖырларымды, сырларымды төгуші ем.\r\n\r\nТек биікке, өрге қанат қағатын,\r\n\r\nАқ самолет – арманым сен, көгім сен!\r\n\r\nБалалық-ай…шіркін, қайта берілсе,\r\n\r\nКөз алдымда өткен күндер өрілсе.\r\n\r\nЕртеңімді, ертегімді ойға алам,\r\n\r\nАспанымнан ақ самолет көрінсе!\r\n\r\n                     «Қожабақым — киелім»\r\n\r\nДемеу болса өзімдегі сан ойға – ар,\r\n\r\nЖыр жазғанда жөнім жоқты абайлар.\r\n\r\nТек тұнықтың дүрсілі бар кеудемде,\r\n\r\nТектіліктің тамырымда қаны ойнар!\r\n\r\nБар байлығын арқаға асып шықты әлем,\r\n\r\nТуған жерім – бар қазынам, құптар ең.\r\n\r\nЖылап жүріп топырағыңда жас қалды,\r\n\r\nҚұлап жүріп, қасиетіңді ұққан ем!\r\n\r\nБасыма бақ  қасиетінен соң қонды,\r\n\r\nНеге іздеп ақтарайын том-томды?\r\n\r\nТартып кетем қожабақы еліме,\r\n\r\nӘлем сүйер қайтем Париж, Лондонды?!\r\n\r\nҚайтем, қайтем Парижіңе құмартып,\r\n\r\nСезім жоқ па менде соны ұғар түк?!\r\n\r\nТалай-талай тамашадан әлемдік,\r\n\r\nАуылымның топырағы мың артық!\r\n\r\nХалқым, егер берер болсақ жоққа мән,\r\n\r\nАуылымды таңдап, сосын тоқтаман!\r\n\r\nМенен артық табылар-ау перзентің,\r\n\r\nСенен артық ауылым, ел жоқ маған!\r\n\r\nҚиындықтар…қалады әлі көк тұман,\r\n\r\nАуыл жайлы бұл әлемде жоқты ұран!\r\n\r\nӘлі талай ауыл жайлы жыр жазып,\r\n\r\nМен әлемдік классика боп тұрам!\r\n\r\n        «Қорқамын мен..»\r\n\r\nКелте уақыт, келте ойлар, келте мұң,\r\n\r\nЕртегінің бәрі өтірік, бәрі аңыз.\r\n\r\nЕртегіден көретін ел ертеңін,\r\n\r\nҚиялилау болған екен бабамыз!\r\n\r\nЕртегілер адамзатты алдап па,\r\n\r\nБүгінгі күн  ертеңгіге жол ұлы.\r\n\r\nАлтын балық түсе ме деп қармаққа,\r\n\r\nҚиял түсті қия белге жорыды!\r\n\r\n«Минут сайын өсіп жортады…»\r\n\r\nЕртегісін бермейді екен неге оқып?!\r\n\r\nЕртегіні елең етпес қорқарым:\r\n\r\nЕртеңінен жүрмейікші жеп опық!\r\n\r\nЗамандардан сиқырлы сыр шертеді,\r\n\r\nЕртегісіз ой-қиялым маздап па?!\r\n\r\nАқиқаты – оқымаған ертегі,\r\n\r\nАрмандарға сене алмайды аздап та!\r\n\r\nБүкіл ғалам ертегіге жүгінді,\r\n\r\nҚиялыңды армандарға тұғыр ет!\r\n\r\nҚорқамын мен ұрпақтардан бүгінгі,\r\n\r\nОқымаған ертегіні бір рет!!\r\n\r\n \r\n\r\n «Ұлылықтың тәңірі»  (Ғани Мұратбаевқа арнау)\r\n\r\nКөзінде нұр, көкейінде басты арман,\r\n\r\nБір жалынды жарық күткен жастардан.\r\n\r\nҚазалыда туған еді бір өр ұл,\r\n\r\nТайсалмаған талай шыңнан, асқардан!\r\n\r\nҒани деген өр халықтың ұлы еді,\r\n\r\nОны Азия, оны әлем біледі!\r\n\r\nРеволюция қаһарманы ол және\r\n\r\nӨз ұлтының қаны, жаны, жүрегі.\r\n\r\nЖүректегі дүрсілі «елім» деп келді,\r\n\r\nЕлі үшін ерен еңбек еткенді.\r\n\r\nҚазалының Ғаниы емес ол жалғыз,\r\n\r\nҚазағының Ғаниы боп кеткенді!\r\n\r\n«Орта Азияны билеген» деп тегінде,\r\n\r\nЖанартаудай бұлқындың текті өлімге!\r\n\r\nТүкпірінде жүректің тұрсың және\r\n\r\nӨткен күннің өзгермес беттерінде!\r\n\r\nЕлін сүйген, өзгеге де «сүй» деген,\r\n\r\nСоны ойласам, бір ғажайып күйге енем!\r\n\r\n23-іңде жасындай боп кеттің-ау,\r\n\r\n20-ңда Орта Азияны билеп ең!\r\n\r\nБолашағым бақыт тұнып күлер нық,\r\n\r\nӨткен күннің өнегесін білерлік!\r\n\r\nАға, істерің ұрпақтарға – өнеге,\r\n\r\nАл өмірің, өрлік тұнған ұлы ерлік!\r\n\r\nҰлысың сен! Өрлігіңді білмес кім?!\r\n\r\nБастауысың талай көрме, жыр кештің.\r\n\r\nХалқың сені ұмытпайды ешқашан,\r\n\r\nӨйткені, сен елің үшін күн кештің!\r\n\r\nБіз, ұрпақтар саған лайық болсақ деп,\r\n\r\nХалық үшін қайғырсақ деп, тоңсақ деп.\r\n\r\nӨр рухыңнан жігер алып жүреміз,\r\n\r\nАрманымыз – елге бақ боп қонсақ деп!\r\n\r\nКеткеніңмен, Ғанилар бар тағы бір,\r\n\r\nСен сияқты : ойы — ізгі, жаны – нұр.\r\n\r\nТағдырында қаласың сен қазақтың,\r\n\r\nТарихында мәңгіліксің бәрібір !!\r\n\r\n \r\n\r\n             «Мен осылай әдемімін…»\r\n\r\nАманатқа мен қиянат етпеймін,\r\n\r\nКөрген емес ренжіп те бір пенде.\r\n\r\nҚарсы алдынан жолын кесіп өтпеймін,\r\n\r\nМен осылай әдемімін үлкенге!\r\n\r\nКөп нәрсеге жете бермес батылым,\r\n\r\nКүннің нұрын құйып келем санама.\r\n\r\nҚарсы шықпай, тыңдап әрбір ақылын,\r\n\r\nМен осылай әдемімін анама!\r\n\r\nБіздер үшін тәрк ететін тағдырын,\r\n\r\nТүсінікпен қарап әрбір қатеме.\r\n\r\nШын жүректен арналады ән жырым,\r\n\r\nМен осылай әдемімін әкеме!\r\n\r\nТағдырымда тарау-тарау сан жол бар,\r\n\r\nӨмір бізді сол жолдарда қосқан ба?!\r\n\r\nҚиындықта көмектесіп әр жолдар,\r\n\r\nМен осылай әдемімін достарға!\r\n\r\n«Сәлем» сөзбен сыйла бөгде-танысты,\r\n\r\nСыйластықтың мәні жатыр әріде.\r\n\r\nБойға жиып адалдық, ар-намысты,\r\n\r\nМен осылай әдемімін бәріне!\r\n\r\n \r\n\r\n                           «Өмірге мәңгі ғашықпын»\r\n\r\nЕңсемді кейде басып тым,\r\n\r\nЖылаттың үнсіз, жасыттың.\r\n\r\nКөңілге қырау шалдырар\r\n\r\nӨмірге мәңгі ғашықпын!\r\n\r\nШындығын айтып шын ардың,\r\n\r\nАлдымнан шығар мұнар күн.\r\n\r\nАқиқат қанат қақса егер,\r\n\r\nӨмір, мен саған құмармын!!\r\n\r\nКүйбеңмен атса құла таң,\r\n\r\nӨзімді бір сәт жұбатам.\r\n\r\nСондай бір сәтте дем берсең,\r\n\r\nӨмір, мен сені ұнатам!\r\n\r\nБақыт пен баққа сүйенген,\r\n\r\nТүсіме ғажап жиі енген.\r\n\r\nӨңімді кейде түс қылар\r\n\r\nӨмірді шексіз сүйем мен!\r\n\r\nКөңіл толқынын тасыттың,\r\n\r\nБолашаққа мен асықтым.\r\n\r\nСан қилы сүрлеу жолы бар,\r\n\r\nӨмірге мәңгі ғашықпын!!!\r\n

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,

\r\n

Қожабақы ауылы, №25 орта мектептің

\r\n

9 сынып оқушысы Дина БӨКЕБАЙ,

\r\n

Республикалық «Ұлан» газетінің жас тілшісі

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n 

Салық мәні,мазмұны және элементтері

0

Салық мәні,мазмұны және элементтері \r\n\r\n            Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.\r\n\r\nСалықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.\r\n\r\n«Салық»ұғымымен «салық жүйесі»ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.\r\n\r\n1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.\r\n\r\n1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы»1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі.\r\n\r\nСалықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.\r\n\r\nБарлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі.\r\n\r\nСалықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.\r\n\r\nӘр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.\r\n\r\nМемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.\r\n\r\nСалықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.\r\n\r\nСалықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:\r\n

    \r\n

  • реттеушілік;
  • \r\n

  • фискалдық;
  • \r\n

  • қайта бөлу.
  • \r\n

\r\nЖоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады.\r\n\r\nРеттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты — өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады.\r\n\r\nЖоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:\r\n\r\nа-егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;\r\n\r\nә-егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50   проценті аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;\r\n\r\nб-егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40   проценті мөлшері аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.\r\n\r\nСалықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.\r\n\r\nҚайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс — әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес салмағы 40 проценттен көбірек  болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы.\r\n\r\nМемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.\r\n\r\nҚазахстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, — жазылған.\r\n\r\nСалықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциалрда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фескалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы категориясының ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.\r\n\r\nФискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.\r\n\r\nСалықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.\r\n\r\nҚайта болу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы — 22,2 пайыз болды  (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз).\r\n\r\nСалық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.\r\n\r\nМемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.\r\n\r\nНарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.\r\n\r\nСалық жүйесі — өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.\r\n\r\nСалық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.\r\n\r\nЕнді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық.\r\n\r\nҚандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.\r\n\r\n        Салық салу элементтері мыналар:\r\n\r\nСубъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, — салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.\r\n\r\nЕнді осы әрбір элементке қысқаша түсінік берейік.\r\n\r\n        Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.\r\n\r\n        Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.\r\n\r\n*Салық көзі – салық салынатын табыс.\r\n\r\n*Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.\r\n\r\n*Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.\r\n\r\n*Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.\r\n\r\n*Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды.\r\n\r\n        Үдемелі немесе прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.\r\n\r\nРегрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады.\r\n\r\nПропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен тағайындалады.\r\n\r\nСалық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.\r\n\r\nСалық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.\r\n\r\nСалық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.\r\n\r\nСалық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.\r\n\r\nСалық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:\r\n

    \r\n

  • салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;
  • \r\n

  • заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
  • \r\n

  • салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.
  • \r\n

\r\nСалық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:\r\n

    \r\n

  1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
  2. \r\n

  3. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
  4. \r\n

  5. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
  6. \r\n

  7. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
  8. \r\n

  9. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;
  10. \r\n

\r\n \r\n\r\n 

Қазақстан Республикасының салық жүйесі

0

 \r\n\r\n  Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экоеомиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырады.\r\n\r\nНарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты— бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.\r\n\r\nСалық саясатының басты мақсаты-салық жүйесін құрү және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.\r\n\r\n        Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:\r\n

    \r\n

  • мемлекеттің саалық жүйесінің қалыптасуы;
  • \r\n

  • салық салу саламсында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
  • \r\n

  • арнайы салық органдарының жүйесін қалыптастыру;
  • \r\n

  • салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  • \r\n

\r\nСалық жүйесі де өз алдына сала болып қалыптасуы үшін, біршама қиындықтарды бастан кешіре отырып, көптеген өзгерістер мен толықтырулар жасалынып, қазіргі кезде тұрақты жүйеге түсті. Қазақстан Республикасынығ салық жүйесі реформалаудың үш кезеңінен өтті.\r\n\r\nБірінші кезең.\r\n\r\n \r\n\r\n1991 жылғы 9 шілдедегі Қзақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекетік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСР-нің басты мемлекеттік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекеттік және 27 жергілікті салық  түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.\r\n\r\n1991 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңына сәйкес сол кездегі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлеріне тоқталып өтейік.\r\n\r\n            /.Жалпы мемлекеттік салықтардың түрлері:\r\n

    \r\n

  1. Қосылған құнға салынатын салық.
  2. \r\n

\r\n2.Пайдаға салынатын салық.\r\n\r\n3.Акциздер.\r\n\r\n4.Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық.\r\n\r\n5.Экспорт пен импортқа салынатын салық.\r\n\r\n6.Кеден тарифі және баж салығы.\r\n\r\n7.Пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына  байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым.\r\n\r\n8.Тіркелген (ренталық) төлемдер.\r\n\r\n9.Транспорт құралдарына салынатын салық.\r\n\r\n10.Автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық.\r\n\r\n11.Автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы.\r\n\r\n12.Заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық.\r\n\r\n13.Қазақстан  Республикасы азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы.\r\n\r\n14.Мемлекеттік баж салығы.\r\n\r\n15.Табиғат ресурстарына салынатын салық.\r\n\r\n16.Колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.\r\n\r\n//. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар:\r\n\r\n1.Жер салығы.\r\n\r\n2.Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық.\r\n\r\n3.Орман табысы.\r\n\r\n4.Су үшін төленетін ақы.\r\n\r\n5.Табысқа салынатын салық.\r\n\r\n6.Кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін алынатын алым.\r\n\r\n7.Кәсіпкерлік қызметтің субьектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым.\r\n\r\n8.Заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым.\r\n\r\n9.Елтаңбалық алым.\r\n\r\n10.Мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық.\r\n\r\n            ///. Жергілікті салықтар мен алымдар:\r\n\r\n1.Курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы обьектілер құрылысына салынатын салық.\r\n\r\n2.Курорттық алым.\r\n\r\n3.Азаматтардан алынатын мақсатты алым.\r\n\r\n4.Жарнамаға салынатын салық.\r\n\r\n5.Автотранспорт құралдарын,есептеу техникасы және жеке компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық.\r\n\r\n6.Автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым.\r\n\r\n7.Жергілікті символиканы пайдалану құқығы үшін алынатын алым.\r\n\r\n8.Ипподромдарда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым.\r\n\r\n9.Ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым.\r\n\r\n10.Ипподромдарда тотализатор ойынына қатысу адамдардан алынатын алым.\r\n\r\n11.Тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым.\r\n\r\n12.Аукциондық сатудан алынатын алым.\r\n\r\n13.Кино-телетүсірімдер өткізу құқығы үшін алынатын алым.\r\n\r\n14.Пәтер алуға берілген рұқсат қағаз үшін алынатын алым.\r\n\r\n15.Ит иелерінен алынатын алым.\r\n\r\n16.Спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқығы үшін алынатын лицензиялық алым.\r\n\r\n17.Жергілікті аукциондық өткізу және лотореялар ойнату құқығы үшін алынатын  лицензиялық алым.\r\n\r\n \r\n\r\n       Екінші-кезең.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру   көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және  бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Бұл өз қаржы жүйемізді құруға ықпал етті. Ең бастысы, салық төлеу жүйесі ықшамдалып,салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартылды.Оның ішінде бесеуі мемлекеттік,алтауы жергілікті салықтар.\r\n\r\n \r\n\r\n       Жалпы мемлекеттік салықтар:\r\n

    \r\n

  1. Эаңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы.
  2. \r\n

\r\n2.Қосылған құнға салынатын салық.\r\n\r\n3.Акциздер.\r\n\r\n4.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық.\r\n\r\n5.Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдері.\r\n\r\n \r\n\r\nЖергілікті салықтар мен алымдар:\r\n\r\n1.Жер салығы.\r\n\r\n2.Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық.\r\n\r\n3.Көлік құралдарына салынатын салық.\r\n\r\n4.Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым.\r\n\r\n5.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуқұқығы үшін алынатын алым.\r\n\r\n6.Аукциондардан алынатын алым.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасы Президентінің бұл Жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды.\r\n\r\nОсы кезде Қазақстан Республикасында салықтар,алымдар және басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлері қолданылды:\r\n\r\n1.заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;\r\n\r\n2.қосылған құнға салынатын салық;\r\n\r\n3.акциздер;\r\n\r\n4.бағалы қағаздар эмиссиясын  тіркегені және мемлекеттік тіркеуге жатпайиын акциялар эмиссиясының ұлттық бірыңғайландыру нөмірін бергені үшін алынатын алымдар;\r\n\r\n5.жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;\r\n\r\n6.әлеуметтік салық ;\r\n\r\n7.автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алымдар;\r\n\r\n8.жер салығы;\r\n\r\n9.заңды және  тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;\r\n\r\n10.-1 бірыңғай жер салығы;\r\n\r\n11.кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын алым;\r\n\r\n12.қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығын бергені үшін алынатын лицензиялық алым;\r\n\r\n13.аукциондық сатудан алынатын алым;\r\n\r\n14.Қазақстан Республикасының  базарларында тауарларды сату құқығын  бергені үшін алынатын алым;\r\n\r\n15.Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем;\r\n\r\n16.заңды және жеке тұлғалардың Алматы қаласының рәміздерін өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар таңбаларында пайдаланғаны үшін алынатын алым;\r\n\r\n16-1.заңды  және жеке тұлғалардың «Қазақстан», «Республика», «Ұлттық» деген сөздерді өздерінің фирмалық атауларында,қызмет көрсету таңбаларында пайдаланғаны үшін алым;\r\n\r\n17.жеке тұлғалардың ставкасы есептеу базасының 1 пайызынан жоғары белгіленбейтін қолма-қол шетел валютасын сатып алғаны үшін алынатын алым.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n        Үшінші- кезең .\r\n\r\n2001 жылы 12 маусымда Қазақстан  Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан   Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар.2005 жылы акциз салығын қосымша ретінде экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы қосылды.\r\n\r\nСалықтың түрлері:\r\n\r\n1.Корпорациялық табыс салығы.\r\n\r\n2.Жеке табыс салығы.\r\n\r\n3.Қосылған құн салығы.\r\n\r\n4.Акциздер.\r\n\r\n4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.\r\n\r\n5.Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері.\r\n\r\n6.Әлеуметтік салық.\r\n\r\n7.Жер салығы.\r\n\r\n8.Көлік салығы.\r\n\r\n9.Мүлік салығы.\r\n\r\n \r\n\r\nАлым  дегеніміз-белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.\r\n\r\nСонымен қатар алым-анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін төлем болып саналады.\r\n\r\n2002 жылы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап «елтаңбалық алым» алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: «жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым» және «кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемелекеттік тіркеу үшін» және туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдары қосылды.\r\n\r\n \r\n\r\n           Алымдардың түрлері:\r\n\r\n1.Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркегені үшін алым.\r\n\r\n2.Жеке  кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.\r\n\r\n3.Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.\r\n\r\n3.1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым(2005 жылдың 1қаңтардан)\r\n\r\n4.Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.\r\n\r\n5.Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.\r\n\r\n6.Теңіз,өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.\r\n\r\n6.1.Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу үшін алым (2005 жылдың 1 қаңтардан)\r\n\r\n7.Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.\r\n\r\n8.Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.\r\n\r\n8.1.Туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілеріне құқықтарды,туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лизензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым(2006 жылы 1 қаңтардан)\r\n\r\n9.Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.\r\n\r\n10.Аукционардан алынатын алым.\r\n\r\n11.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.\r\n\r\n12.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына  радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені алым.\r\n\r\n \r\n\r\n       Төлемақы-белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін  міндетті төлем.\r\n\r\nТөлемақының 9 түрі бар.2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде «қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.\r\n\r\n \r\n\r\nТөлемақының түрлері:\r\n\r\n1.Жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлемақы.\r\n\r\n2.Жер бетінде көзердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.\r\n\r\n3.Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.\r\n\r\n4.Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.\r\n\r\n5.Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.\r\n\r\n6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.\r\n\r\n7.Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.\r\n\r\n7.1.Қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы (2005 жылдың 1қаңтардан)\r\n\r\n8.Кеме жүретін су  жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.\r\n\r\n9.Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.\r\n\r\n \r\n\r\nМемлекеттік баж дегеніміз-уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.\r\n\r\nБаж салығы-алып келінген,сыртқа шығарылатын,сондай-ақ транзитті тауарлар,бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар.     1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң   салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат аді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының Үкімеі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап,онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді.\r\n\r\nОсыған байланысты Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қыстартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы ғ440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.\r\n\r\nСалықтардың,оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін. Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрл қағидаттар бойынша жіктеледі:\r\n\r\n-салық салу обьектілері бойынша;\r\n\r\n-салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билік жасайтын органға қарай;\r\n\r\n-пайдалану тәртібі бойынша;\r\n\r\n-обьектінің экономикалық белгісі бойынша.\r\n\r\nСалықтарды салу обьектісі бойынша олар тура және жанама салықтар болып бөлінеді.\r\n\r\nТура салықтар-салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.                                                                                                          Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй,жер,кәсіп,ақшалай капитал,және т.с.с.) салынады.                                                                                                                             Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар заңи ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.\r\n\r\nЖанама салықтар-бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық,  акциздер жатады. Жанама слықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі,экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.\r\n\r\nСалықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады.\r\n\r\nПайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты болып бөлінеді.\r\n\r\nЖалпы салықтар тиісті деңгейлердің бюджеттерінде шоғырландырады және жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдаланылады.\r\n\r\n    Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады (мысалы,знйнетақы төлемдерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын әлеуметтік салық).\r\n\r\nОбьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады.       Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсету тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.\r\n\r\nСалық салу обьектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады:кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.\r\n\r\nБірінші жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады.\r\n\r\n   Мағлұмдамада салық төлеушілердің табыстың көлемі, қажетті жеңілдіктерді,шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп, төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен,корпорациялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер  салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31-наурызына дейін береді.\r\n\r\nЖеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:\r\n\r\n*төлем көзінен салық салынбайиын табыстары барлар;\r\n\r\n*тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшін құрылыс материалдарын сатып алуды іске асырғандар;\r\n\r\n*Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар.\r\n\r\n*Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттрада ақшасы бар жеке тұлғалар;\r\n\r\n*Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдамада беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;\r\n\r\n*Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттары,судьялар табыс етеді.\r\n\r\n \r\n\r\nӘскери қызметшілер мен ішкі істер органдарының қызметкерлері жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ұсынады.\r\n\r\nСалық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бірақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзімін өзгертпейді.\r\n\r\nҮшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның,мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп,ұстайды.\r\n\r\nТөртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін тастайтын құжат.\r\n\r\nСалықтық есептің екі әдісі қолданылады:кассалық және есептеу әдісі.\r\n\r\n    Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау,қызмет көрсету,мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.\r\n\r\nЕсептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытында қарамастан жұмысты орындау,қызмет көрсету,тауарларды өткізу және кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу мезетінен бастап есепке алынады.Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық төлеушілері қолдануға қабылданған.Төлеушілер үшін оның кемшілігі-салық төлемдері жеткізіліп тіпті уақытында төленбеген жағдайда да аударылуы тиіс,бұл айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.\r\n\r\nҚазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың,алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын кірістіреді.

Саз әлемінің сардары. Ахмет Жұбанов

0

А.Жұбановтың қазақ мәдениетіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. 1933 жылдың ақпанынан басталған еңбек жолы қазақ өнері мен мәдениетінің қалыптасуы, дамуы және өркендеуі жолында алтын әріптермен жазылған жемісті беттеріне айналды. Бұл кезең жаңадан қаулап пайда бола бастаған оқу, мәдени-өнер ордаларының құрылуы мен кәсіби ұжымдардың қалыптасу кезеңі болатын. Бүгінгі таңда құ­рылғанына 70, 60 жыл толған республикалық деңгейдегі: Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт-аспаптар оркестрі, Жамбыл атындағы филармония, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерватория және сол оқу орнындағы қазақтың халық аспаптар кафедрасы,  Ұлттық ғылым академиясы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрамындағы Өнертану секторы қазақ  мәдениетінің ірі қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың тікелей араласуымен және жетекшілік етуімен өмірге жолдама алған ұжымдар.\r\n\r\n \r\n\r\nА.Жұбановтың жетекшілігімен музыкалы-драмалық техникум жанынан ашылған қазақ фолклорын ғылыми тұрғыдан зерттеу кабинеті алғаш құрылған күнінен бас­тап, Алматыға кең-байтақ республиканың түкпір-түкпірінен жиналған өнерпаз­дардың орындауындағы ән-күйлерді нотаға түсіріп қор жинай бастады. Жазылып, жиналған бұл халықтың баға жетпес музыкалық байлығы халықтың өлмес мұрасы болып келер ұрпаққа қалды. Ұлттық музыка аспаптарын жетілдіру шеберханасы ұлт аспаптар оркестріне қажетті музыкалық аспаптар, домбыра мен қобыз, өзге де халық аспаптарының үлгілерін жинап, сол үлгіде жасау және олардың сапасын жетілдіру жұмыстарын жолға қойды. Кәсіби оркестрге сапасы жоғары музыкалық аспаптар қажеттігін уақтылы түсінген А.Жұбанов бұл мәселеге де ерекше мән береді. Осы саланың жауапкершілігін өз мойнына алған ол шеберханаға композитор Е.Брусиловскийді және ұлт аспаптарын жасаушы шеберлерді жұмысқа шақырды. Олардың қазақ музыка өнерін дамытуға, “қара домбыраның” үні жетіліп, әуезінің, дыбыс бояуының, диапозонының өсіп, бүгінгі таңдағы орындау мүмкіндігі мол аспапқа айналуына сіңірген еңбектері өзінше бір тақырып.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің негізін қалап, көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған А.Жұбанов дала салтында бұрын болмаған ұжымдық орындаушылық дәстүрінің негізін қалады. Алғашында саусақпен санарлық қана өзіндік орындаушылық мәнерлері бар жеке домбырашылардан жиналған ансамбль аз уақыт аралығында халық ілтипатына бөленді. Бұл еңбекке орынды баға берген Ғ.Мүсірепов: “Зерттеу жұмысымен айналысуға мүмкіндік берерліктей болмашы ғана  жағдайлар жасалғаннан кейін бірер жыл өтпей-ақ, күлден көтерілген Феникс сияқтанып қазақтың ұлт аспаптар оркестрі пайда болды. Мен Ахмет Қуанұлының көп дауысты ұлттық оркестрді құруы – аса елеулі, сонымен қатар тарихи еңбек деп санаймын. …Ұлт оркестрінің кіндік атасы – Ақаң.”-дейді [А.Жұбанов “ Ғасырлар пернесі” 6 б.]  Қазақ өнері мен мәдениетінің зор жетістігі болған Құрманғазы оркестрі 1936 жылғы алғашқы декададан бастап ұлттық мақтанышымызға айналды. Қазақ өнерінің қай саласына болмасын тән құбылыс болған қалыптасу кезеңі музыкалық ұжым құруда да айқын байқалады. Халық арасынан іріктеліп шыққан тума таланттардың алғашқы шоғыры: Махамбет пен Науша Бөкейхановтар, Дина Нұрпейісова, Лұқпан Мұхитов, Оқап Қабиғожин, Қали Жан­тілеуов, Қамбар Медетов т.б. сынды тамаша домбырашы-күйшілер халық музыка мәдениетінің таусылмас кені болатын. Олардың әрқайсысының шебер орындаған күйлері, оны шығарушы композитор және күйдің шығу тарихы жайлы айтқан әңгімелері Ахмет Қуанұлының болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының да тау­сылмас тақырыбына айналған секілді.\r\n\r\n \r\n\r\nӨзі қабырғасын қалаған және он жылдан аса көркемдік жетекшісі және бас дири­жері болған ұлт аспаптар оркестріне лайықты мұрагер табуда Ахаң көрегендік танытқан. Орындаушылық шеберлігі өсіп, өнерімен елге танылған оркестрді жас та болса бойында ұжымға жетекшілік етуге қабілеті бар, талантты да жігерлі музыкант­ты таба білді. Ахмет Қуанұлының берген ақ батасымен оркестрдің дирижерлік таяқ­шасын Шамғон Қажығалиев өз қолына алып, үзіліссіз 40 жылға жуық көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. Өткен ғасырдың екінші жартысындағы оркестрдің көтерілген көркемдік биігі, халық композиторлары мен классикалық, бүгінгі композиторлардың шығармаларын орындаудағы жетістіктері қазақ мәдениетінің тарихына алтын әріптермен жазылған кез.\r\n\r\n \r\n\r\nЕл арасында өнерпаз әнші-күйшілердің орындауында кең тараған халық компози­торларының ән-күйлерін жинап, жүйелеу ісі жиырмасыншы ғасырдың алғашқы жар­тысында кең қанат жайды. Осы жерде халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ауызша та­ралып келген мәдени мұраларын өзге халық өкілдерінен шыққан зерттеушілердің сұрыптап, жинаған қажырлы еңбегін ерекше атап өткен орынды. Қазақ музыкасының үлгілерін жинап, жазып, баспаға дайындауда А.Затаевичтің сіңірген еңбегі, қосқан үлесі ұшан-теңіз. Өз өмірінің 16 жылын қазақ музыкасына арнаған композитордың салып кеткен жинаушылық және өңдеушілік дәстүр қазақтың ауыздан-ауызға беріліп келе жатқан ән-күйлерін жүйелі түрде зерттеп-жазуға  жол ашты. Композитордың нотаға түсіріп, жеке кітап етіп баспадан шығарған “Қазақ халқының 1000 әні” және “Қазақтың 500 әні мен күйі” атты еңбектері кейінгі қалыптаса бастаған, қазақтың кәсіби музыка мәдениетінен сусындауға бой ұрған композиторлар мен музыка зерттеушілерін қанаттандыра түсті десек, А.Затаевичтің қазақ музыкасына арналған көлемді жұмысы Ахмет Қуанұлының ғылыми-зерттеу еңбектерінде жүйелі жалғасын тауып, толыққанды аяқталған формаға ие болады.\r\n\r\n \r\n\r\nРеспубликадағы музыкатану ілімінің негізін қалаған А.Жұбанов өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында қазақ халық композиторлық-орындаушылық мектебінің үздік өкілдерінің  өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеді. Қазақ халқының кең тараған аспаптық және ән орындаушылық дәстүрлерінің халық жадында қалған танымал тұлғаларының шығармашылық жолына арналған “Ғасырлар пернесі” және “Замана бұлбұлдары” атты монографиялық туындылары жеке кітап болып басылып шықты. Өмірлік тақырыбына айналған “Құрманғазы” монографиясы кезінде алғашқы буын зерттеушілерден кеткен олқылықтарды жан-жақты толықты­рып, ұлы күйшінің есімін биікке асқақтата көтерді.  Қазақ музыкатану тарихына, қазақ даласында қалыптасқан композиторлық, орындаушылық дәстүрлер жайлы мол мағлұматтар беретін А.Жұбанов қалдырған ғылыми, публицистикалық еңбектер біздің қымбат қазыналарымыз. Белгілі өнертанушы Б.Ғизатовтың “Ғасырлар пернесі” мен “Замана бұлбұлдары” қазақ музыкасына қойылған үлкен ескерткіш іспеттес” деп айтқан пікіріне алып қосарымыз жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nҚұдіретті күй өнері дегенде, бұл жанрда қайталанбас өзіндік із қалдырған Құрман­ғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Махамбет, Сейтек, Абыл, Дайрабай, Байсерке, Мәмен, Қазанғап, Түркеш, Тоқа, Сүгір, Дина сынды дүлдүлдер есімдері тілге алдымен оралады. Cолардың ішінен күй атасы Құрманғазы есімі ерекше. Десек те, Құрманғазының ұлан-ғайыр күйлерін жинақтап, оларды ғылыми тұрғыдан зерттеп, саралап, күйшінің шығармашылық жолы жайлы салихалы пікір айтқан академик Ахмет Жұбанов болатын. “Құрманғазы және оның өмірін зерттеудегі А.Жұбановтың қызметі” атты мақаласында өнер зерттеушісі З.Қоспақов “Көркем әдебиетте Абай бейнесін сомдаған М.О.Әуезов болса, ұлы домбырашы, күйші Құрманғазының музыкалық тұлғасын жасаған қазақ өнерінің көшбастаушысы, ака­демик Ахмет Қуанұлы Жұбанов болды. …Құрманғазыны айтқанда аузымызға Ахмет Жұбанов есімі қатар оралатындығы да сондықтан” дейді. [“Қазақтың әншілік өнері.” А. “Өнер” 1999 ж. 170 б.]\r\n\r\n \r\n\r\n1933 жылы Ленинградтан Алматыға келіп, музыкалық техникумда оқу процесіне же­текшілік жасай жүріп бастаған зерттеу-жинаушылық жұмысы Құрманғазы шығарма­шылығымен домбыраның қос ішегіндей қабаттаса өріліп А.Жұбановтың өмірлік тақырыбына айналды. Қазақтың көрнекті қаламгері Ғабит Мүсірепов замандасы Ахмет Жұбановтың  Құрманғазы жайлы зерттеулерін тілге тиек ете отырып: “Ұлы күйшінің сүйікті бейнесін жасау үшін ол өмір бойы жұмыс істеді десе болады. 1936 жылы шыққан кішкентай кітапшадан осы операға дейінгі аралықта Ақаң Құрманғазыны бір күн де жадынан шығарған емес” [А.Жұбанов “ Ғасырлар пернесі” 8 б.] дейді. Шынында да, әр жылдары жарық көрген көлемді мақалалар мен кітапшалар: “Қазақтың халық композиторы — Құрманғазы” /1936 ж./, “Құрманғазы туралы жаңа мәліметтер” /1942 ж./, “Құрманғазы жаңа зерттеу тұрғысында” /1952 ж./ атты еңбектері, сондай-ақ, жаңадан табылған тың деректер мен нотаға түсіріліп, сұрыпталған күйлер жинақтала келіп, ұлы күйші шығармашылығына арналған “Құрманғазы күйлері” (1960 ж.) атты жинағына арқау болып, баспадан шықты.\r\n\r\n \r\n\r\nАхмет Жұбановтың суреткерлік арманы – қуғын-сүргінді көп көріп, бас бостандығы үшін күрескен, зор қажыр-қайрат иесі, сахараның “ең үлкен жұлдызы Құрманғазы бейнесін музыкалық театр сахнасына шығару болатын” дейді қызы  Ғ.Жұбанова (Мир мой — Музыка, 34 б.)  Бұған дейін 1944 жылы Л.Хамидимен бірге ұлы “Абайды” опера сахнасынан сәтті сөйлеткен А.Жұбановтың келесі жолы “Құрманғазыға” тоқталуы заңдылық болатын. Біріншіден, бұл ұзақ жылдық зерт­теудің қорытындысы. Автор Құрманғазы өмірі мен шығармашылық жолын бүге-шігесіне дейін айқындап, жазылатын опера кейіпкерінің өмір сүрген ортасы мен тарихи кезеңін толық меңгерді. Екіншіден, опера либреттосын “…бір жазса, М.Әуезов жазады”  [бұл да сонда, 47 б.]   деген тұжырымға келуі болды. Себебі, өзінің алғашқы сахнаға қойылған “Абай” операсының сәтті шығып, бірнеше онжыл­дықты кейінге тастап, зор табыспен сахнада орындалып келе жатуына білгірлікпен жазылған М.Әуезов либреттосының маңызы зор болғанын композитор дұрыс бағалаған еді. Сахнада 62 жылдық тарихы бар қазақтың классикалық “Абай” операсы жайлы кезінде баспа бетінде көп жазылғасын, біз бұл шығармаға көп аялдауды жөн көрмедік. Заңғар жазушымен бірлесіп жазыла бастаған “Құрман­ғазы” операсының либреттосы көп ұзамай драматургтің денсаулығына байланысты іркіліп, кейін ол дүниеден қайтқанда мүлдем тоқтап қалды. Осындай себептермен аяқталмай қалған операны бітіруді перзенттік парызым деп білген Ғазиза  Жұбанова белгілі ақын Х.Ерғалиевпен бірге оны қазақтың тұңғыш радиооперасы етіп жазып (1971ж.), кейін оған қосымша сахналар кірістіріп, 1986 жылы үш актілі “Құрманғазы” операсының толық сахналық нұсқасын аяқтады.\r\n\r\n \r\n\r\nШығармадан-шығармаға жаңашылдық принциптерімен көріне білген Ғ.Жұбанова “Дала Моцарты” Құрманғазы бейнесін толымды етіп музыкалық театр сахнасына шығаруда алғаш рет қазақтың төл музыка аспабы домбыраға арналған күйлер негізінде опера жазуды жүзеге асырды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ күйінің табиғаты аспапта орындауға негізделген. Сондықтан домбыра, қобыз, сыбызғы күйлері симфониялық оркестрге арналған шығармаларға тікелей арқау болды. Ол бұған дейінгі аға буын композиторлар Е.Брусиловский, М.Төлебаев, т.б. опера шығармалары арқылы кеңінен белгілі. Күй сазы бұл композиторлардың операларында негізінен шығарманың оркестрлік кіріспе, би, аспаптық бөліктерінде кездесетін. Осылай дамыған күй жанры симфониялық, ұлт аспаптық оркестрлерінің репертуарынан кең орын алды.\r\n\r\n \r\n\r\nКүй атасы атанған Құрманғазының өмір жолы мен оның шығармашылығына ар­налған операда, жоғарыда айтқандай, қазақ композиторларының арасында жаңа сүрлеу жол салынды. Күй енді тек оркестрлік бөліктерде ғана емес, кейіпкерлердің ән-арияларында, вокалдық ансамбльдерде, хормен өтетін көлемді көпшілік сахналарда күйшінің “өз тілінде” қолданыс тапты. Ал кейбір жеке сахналар тұтас­тай бір күй тақырыбы негізінде жазылған. Күйші шығармаларының операда қолданылу тәртібі Ахмет Қуанұлының әдепкіде айқындаған жоспары бойынша сақталды. Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың осы операсымен құлаққа сіңісті болған “әннен-операға, күйден-симфонияға” деген дәстүрлі сөз тіркесінің көбесі сөгіліп, мән-мағынасы толысып, дәстүрлі музыка мен кәсіби музыканың өзара қатынасының көкжиегі кеңейе түсті.\r\n\r\n \r\n\r\n1985 жылы сәуір самалымен келген ұзақ жылдар бойғы тоталитарлық жүйенің үстемдігі әлсіреп, қоғам өміріне сілкініс әкелгені белгілі. Сөз жүзінде тереземіз тең болғанымен, іс жүзінде орталықтың әміршіл-әкімшілдік жүйесіне бағынышты “үлкен ағаға инабатты іні” болып келген одақтас республикалар ішінен бірінші болып қазақ жастары 1986 жылы бас көтерді. Олар Мәскеудің айтқанымен жүре алмайтынын паш етіп, Республика алаңына шыққан болатын. Бұл бас көтеру “не істесем де, өзім білемге” салған озбырлық ордасының мызғымастығына терең түсер сызаттың алғашқы қуатты дүмпуі болатын. “Құрманғазы” спектаклінің осындай қоғамдық-саяси маңызы зор оқиғалармен қабаттаса сахнаға дайындалып, көп ұзамай тұсауы кесілуі кеңестік жүйенің жазалау шаралары науқанының күшіне мінген кезінде, еңсесі түскен елге үлкен серпіліс әкеліп, қуат берген зор мәдени құбылыс болды. Композитор Ғ.Жұбанованың желтоқсан оқиғасына байланысты азаматтық, суреткерлік позициясы дәл осы сәтте айқын байқалды. Құрманғазы бойындағы қызуқандылық, жігер мен қайрат осы жерде де лезде көрініс берді.\r\n\r\n \r\n\r\nОпера партитурасы театрға 1986 жылы қабылданып, жекелеген орындаушылармен кластағы дайындық жұмыстарынан кейін желтоқсан айында репетицияның соңғы кезеңі – сахнада жүріп жатқан. Шығарманы қоюшы режиссерлер Б.Досымжанов пен Ә.Мәмбетов болатын. Опера авторымен, спектакльді алғаш сахнаға дайындаған әнші Ғ.Есімовпен осы кезең жайлы сұхбаттасқанымызда, қалың көпші­лік біле бермейтін мынадай фактілерге тоқталды. Операның бірінші көрініс, бірінші суретінде жорықтан келген Құрманғазының көтерілісшілерден  хабар күткен халқына қарата:\r\n\r\n \r\n\r\n“Ей, Махамбет жолдасым,\r\n\r\nАрыстан, жолбарысым.\r\n\r\nЖолымның білдім оңбасын,\r\n\r\nОңбаған емей немене.\r\n\r\nӨтірік сөзге алданып,\r\n\r\nБақытым ауып басымнан.\r\n\r\nӘскерім кетіп қасымнан,\r\n\r\n \r\n\r\nЖапанда жалғыз қалған соң” … — деп басталар Махамбет — Исатай жайлы баллада-термесінің сөзі Алматы қаласында желтоқсандағы басталған қанды оқиғалар әсерінен түгелдей өзгертіліп:\r\n\r\n \r\n\r\n“Ей, ағайын, ағайын,\r\n\r\nМен айтсам кәрі жасыңа.\r\n\r\nҚара күн туды басыңа,\r\n\r\nҚара күн демей не дейін.\r\n\r\nЕреуіл туы жығылды,\r\n\r\nОйран болды ой-сана.\r\n\r\nҚарғалар төніп өлікке,\r\n\r\n \r\n\r\nҚан жоса болды сай-сала, (“Құрманғазы” Опера клавирі. Қолжазба) – деген сөздермен ауыстырылғанын айтты. Өзіміз байқағандай, Құрманғазы балладасының алғашқы нұсқасында халқына алып келер жаңалық хабары, көтеріліс басшылары Махамбет пен Исатайдың жеке бастарына түскен ауыртпалықты ашына айтар болса, өзгертілген, екінші нұсқада “Ей, ағайын, ағайын, Мен айтсам кәрі жасыңа…” деп басталып, ауыр нәубеттің бүкіл халыққа салған ауыр салмағын нақтылы меңзейді. Дәл сол тарихи кезеңдегі дүбірлі күндердің жанды суретін айнытпай беретін өлең жолдары сол бір еңсені басқан  ауыр  күндердің хатқа басылған айғағы секілді тарихта қалды. Опера авторы елі, жері, халқының қамын ойлайтын кез келген ұлтжанды азаматтың іштен тынып, амалсыздан тұншыққан жан дауысын кеңестік жазалау машинасының қылышынан қаны сорғалап тұрған кезеңде Құрманғазыға айтқызуы — үлкен ерлік. Осы жерде әрбір жаңа қойылымды үтір, нүктесіне дейін зерттеп, қалт жібермей қадағалайтын кеңестік атышулы — цензура қайда дейтін сұрақтың туындауы заңды. Біріншіден, бұл шұғыл өзгертуді автормен бірге санаулы адамдар ғана білетін. Екіншіден, үкіметтің барлық идеология аппараты, тергеу, жазалау мекемелері түгелдей “ұлтшыл, нашақор” жастармен мұрнынан шаншыла “жұмыс істеп жатты”. Өнер саласынан, соның ішінде өнердегі ең консерваторлық “керенау” жанр болып есептелетін операдан, мұндай ұшқырлықты, әрине, күтпеген болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nА.Жұбановтың композиторлық қыры 30-шы жылдардың екінші жартысынан  бастау алады. Ұлт аспаптар оркестріне арнап өңдеген халық күйлері мен орыс және батыс композиторларының туындыларымен көрінеді. “Амангелді” атты қазақтың тұңғыш көркем фильміне арнап, М.Гнессинмен бірге шығармашылық одақта музыка жазды. Бұдан басқа да елге кеңінен танылған: фантазия, сюита, марш, увертюра, ән-романстар, хорлар мен камералық, аспаптық туындыларында композитордың лирикалық табиғаты жан-жақты ашылды. Жүректі жаулап алатын нәзік әуен ырғағы оның лирикалық шығармаларының бастау көзі.  Көлемді симфониялық оркестрге арналған туындылары қатарына 5 бөлімнен тұратын “Абай” сюитасын, “Төлеген Тоқтаров” фантазия-увертюрасын, М.Әуезовтің “Абай” спектакліне музыка, сондай-ақ Л.Хамидимен бірге “Абай” және “Төлеген Тоқтаров” операларын жазып шықты.\r\n\r\n \r\n\r\n“Абай” қазақ опера репертуарының маңдайалды классикалық туындыларының бірегейі. Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасының 62 жыл бойы  маусымдық ашылуын “Абай” операсымен бастауы қазақ өнері тарихында композитор А.Жұбанов қалыптас­тырған дәстүрдің негізі берік қаланғандығын көрсетеді. Бұл операмен қазақ әлемге өскен өнерімен мақтанып, қазақтың бірнеше ұрпақ әншілері сахнадан қайталанбас жұлдызды сәттерін басынан өткерді. Сахнадан қолына шам алып айналасындағы қараңғылыққа жарық шашуға ұмтылған /алғашқы қойылымның финалындағы режис­суралық шешім/ тұңғыш Абайды сомдаған Р.Абдуллиннен бастап, бүгінге дейінгі орындаушылардың бәрі де жұртын елдікке, бірлікке шақырып келеді. Ұлы Абайдың аузынан айтылар сөзі, әні, музыкасы бәрі де бүгінгі күннің тыныс-тіршілігімен терең астасып жатыр. Халқының жадында сақталып, ауыздан-ауызға беріліп келген музыкалық мұраларын келер ұрпақ үшін тірнектеп жиып-теріп, ұмытылмастай етіп хаттап кеткен А.Жұбановтың төл туындылары да сол дала абыздарының жолын жалғастырушы келешекпен байланысып жатыр.\r\n\r\nАртында өшпестей мұра қалдырған композитор А.Жұбановтың туындылары келер ұрпағымен бірге жасап, үшінші мыңжылдыққа да аяқ басты. Мұндай құрмет, мұн­дай шығармашылық табыс сирек болатын құбылыс. Өзінің барлық білімі мен ақыл-ойын, күш-жігерін қазақ кәсіби музыка өнерінің дамуына сарп еткен шынайы талант иесіне берілетін халқының нақтылы бағасы да осындай болса керек.\r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Аманкелді МҰҚАН, өнертанушы.

Мәмлүктердің төртінші сұлтаны немесе Бейбарыс сұлтан туралы не білеміз?

0

 \r\n\r\nЖамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен. Бейбарыс өмір бойы қыпшақ тілінде сөйлеген, Алдыңғы Азиядағы араб тілдес халықтармен тілмәш арқылы түсініскен.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбарыс Дамаскінің базарында 800 дирхемге құлдыққа сатылғаннан кейін жаңа қожайыны Айдакин Бундукдаридің атымен әл-Бундукдари деген есімге ие болды. Кейін Бейбарыстың ерекше қабілетін байқаған Айюби әулетінің сұлтаны Салих Нажумиддин оны өзінің жеке гвардиясының бір бөліміне сардар етіп алады. Сөйтіп ол енді жаңа әміршісінің атымен өзіне әл-Салихи деген есімді және қабылдайды. Ол осында жүргенде крест жорығына қатысушыларға қарсы күресте Египет әскеріне қолбасшылық етеді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕгипеттің жаңа сұлтаны Муиззәддин Айбек Айюби әулетінің соңғы бастаған кезде, Бейбарыс бас сауғалап, Сирияға қашып кетеді. Содан мамлюктер Айбекті өлтіргеннен кейін ғана ол Каирға қайта оралады. Мұнда таққа жаңа отырған Мұзаффар Сайфуддин Құтұз сұлтан оны әскеріне басшы етіп, Сирия жеріне ішкерлей кірген моңғолдарға қарсы күреске аттанады. Айн-Жалут түбіндегі шайқаста мамлюк қолы моңғолдардың тас-талқанын шығарады. Осы соғыста Бейбарыс ер жүректілігімен айрықша көзге түседі. Бірақ Құтұз, неге екені белгісіз, басқаларға сый-сияпат жасап, Бейбарысты елеусіз қалдырады. Осыған өкпелеген Бейбарыс өзіне ниеттес адамдармен келісіп, Каирға қайтар жолда Құтұзды өлтіреді. Жақтастары Бейбарысты Египеттің сұлтаны деп жариялайды. Сөйтіп ол әд- Мәлік әз-Заһир Руки-әд-Дүние вә-д-Дин Бейбарыс әл-Бундукдари әл-Салихи деген есіммен Египеттің тағына отырады. Билік басына келісімен Бейбарыс бар күш-жігерін крест жорығына қарсы шабуылға жұмсайды. Негізгі шабуыл 1265 жылы басталып, крест тағушы франктердің қамалдары бірінен кейін бірі алынады. Бұдан кейін Кіші армения патшалығына (1267 ж.) Кіші Азия селжұқтарына қарсы жорықтар жасап, берберлерді бағындырады.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбарыс медреселер салуға көп күш жұмсайды, каналдар мен бөгеттерді жөндетеді. Каир қаласында ол салдырған мешіттердің бірі қазір де «Бейбарыс мешіті» деп аталады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖат жұрттардағы қыпшақ әдебиетінің бүкіл Шығыс елдеріне кең тараған туындысы — қазақ сахарасының перзенті қыпшақ Сұлтан аз-Захир Бейбарыс жайлы қиссалар. Сұлтан аз-Захир Бейбарыс деген кім?\r\n\r\n \r\n\r\nАрабтың, «мамлюк» деген сөзінің көп мағынасының бірі – ақ құлдар. Ал осы мамлюктердің бір тобы қазіргі қазақ сахарасы мен Еділ, Жайық, Қара теңіз бойында монғол шапқыншыларымен болған қырғын соғыс кезінде тұтқынға алынған қыпшақтар болған. И. М. Фильштинский зерттеулеріне қарағанда, моңғолдар өзгелермен бірге қыпшақтарды да шетелдік көпестерге, әсіресе италиялық саудагерлерге сатып отырған. Ал олар мұндай өтімді «тауарды» Жерорта теңізінің арғы жағалауындағы Мысыр еліне апарып, артық бағамен қайта сататын болған. Тұтқындар ішінен қыпшақтардың батырлығына, ер жүректілігіне, төзімділігіне, шыдамдылығына қызыққан Мысыр сұлтандары оларды әскери қызметке тартқан, сарай жасақтары еткен. Біртіндеп жоғары әскери қолбасшы мәртебесіне қолы жеткен қыпщақтар жұрты қолдамаған сұлтандарды тақтан оп-оңай-ақ тайдырып отырған.\r\n\r\n \r\n\r\nМысырлық қыпшақтардың салтанат құруы, әсіресе, XIII ғасырдың екінші жартысынан басталады. Мысалы, 1250—57 жылдары Египетті түркінің бахрлықтар деп аталған Айбек бастаған қауымы билеген. Олардың бахралықтар деп аталуына себеп болған жайт қыпшақтардың әскери казармаларының Ніл өзені ортасындағы аралда болғандығынан еді. Сондықтан да олар «бахрлықтар», яғни «аралдықтар» деп аталып кеткен.\r\n\r\n \r\n\r\nМемлекет билігі қолдарына тигеннең кейін қыпшақтар күрдтер әулетін аластаған. Сөйтіп, олар Египетті ұзақ уақыт билеген. Олардың басын біріктіріп, жеңістерге жетелеген, күні бүгінге дейін аты халық аузында аңыз боп қалған қыпшақ текті сұлтан аз-Захир Рукн ад-Дин Бейбарыс болған.\r\n\r\n \r\n\r\nЖазба деректерге қарасақ, Бейбарыс 1223 жылы монғолдар ойрандаған Дешті Қыпшақ даласында дүниеге келген. Жетім қалған жас бала өзге де тұтқындармен бірге Мысырдық сол кездегі курд текті сұлтаны Салих Наджм ад-Динге сатылған.\r\n\r\n \r\n\r\nИ. М. Фильштинский еңбектеріне карағанда жас батыр әуелі Сириядағы әскери мектепте оқығаннан кейін, мамлюк жасақтарына жазылады. Әл-Мансур деген жерде болған алғашқы шайқаста-ақ ол ерлігімен көзге түскен.\r\n\r\n \r\n\r\nКрест тағушыларды талқандағаннан кейін Бейбарыс өзінің, негізгі қарсыласы Туран шаһ пен бақталасы Кутузды да тақтан тайдырған. Бейбарыс үкімет басына келген тұс монғолдардың 1258 жылы Бағдадты қиратып, Аббастан тараған халифалар әулетінің бірқатарын дарға асып үлгірген кезі болатын. Солардың тірі қалған біреуі соңынан Шамға қашып кеткен. Оны сол жерден Бейбарыс Мысырға алдырып, 1261 жылы әл-Мустансир деген атпен халифа етіп жариялаған. Сол жаңа халифаның қолынан өзі де сұлтан лауазымын алған.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбарыс енді Машриқ елдерін жаулап алып, Мысырға ұмтылған монғолдардың тас-талқанын шығарғаң. Әскер ішінде темірдей тәртіп орнатқан.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы қыпшақ батыры тұсында Мысырдың егін шаруашылығы мықтап дамыған. Суландыру жүйелері жөнделіп, қалпына келтірілген. Қыпшақ текті көптеген әскербасыларға Сирия мен Египеттен жер бөліп берілген. Бейбарыс басқарған жылдары Мысыр, сөйтіп, тез дами бастады. Египеттің әл-Искандария (Александрия), Дамиетта, Әл-Қаһира (Каир) секілді қалалары ірі-ірі сауда орталығына айнала бастаған. Сауданың өсіп-өркендеуіне Бейбарыс та барынша жағдай жасауға тырысқан. Мұнда Венеция Сицилия, Генуя, Индия, Орта Азияның сауда керуендері мен кемелері соқпай кетпейтін. Сол үшін де қыпшақтар олардан көп заттар алатын.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбарыс ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері, батыр да жігерлі қол басшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті халықтардың ежелгі жауы — крест тағушыларды талқандады. Монғолдарды Мысырға қарай қия бастырмаған.\r\n\r\n \r\n\r\nКөп ұзамай-ақ Бейбарыстың есімі де «Мың бір түн» хикаяларының негізгі кейіпкерлерінің бірі Аббас әулетінен шықкан халифа һарун ар-Рашид (786—809) секілді аңызға айналған, Өйткені, Бейбар-ыс жайлы риуайаттарда ол да халифа һарун ар-Рашид сияқты қарапайым киініп, түнгі Каирді аралап кетеді екен. Халық өмірімен жақын танысқандықтан, қылмыстыларды жазалап, күнәсіздерге көмектеседі екен. Міне, оның осы қырына мұхаддистер де ол туралы қиссаларға ерекше мән беріп, ұзағырақ  айтатын болған.\r\n\r\n \r\n\r\nАраб халкы шығарған Бейбарыс жайлы аңыздар, кисса, әңгімелер бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі. И. М. Фильштинский Бейбарыс туралы халык романдарына негіз болған деп қыпшақ батырының хатшысы әрі оның ғұмырнамасын жазған Мухий ад- Дин ибн Әбд аз-Захир (1223—1292), тарихшы-шежірешілер әл-Мақризи (1362—1442) мен Ибн Тагрибердилер (1409—1470) қалдырған мағлұматтарды атаған.\r\n\r\n \r\n\r\nЕгипетте біраз жылын өткізген ағылшын шығыстанушысы Э. У. Лэйн: «Каир каласында отызға жуық қиссашылар бар деседі. Олардың бәрі де тек «аз-Захирдің» («Сират аз-Захир» немесе «ас-Сира аз-Захирийа») ғұмырнамасы атты шығарманы жатқа айтады»— дейді.\r\n\r\n \r\n\r\nЕгипеттің осы заманғы тамаша ғалымы, классик жазушысы Таха Хуссейн (1889—1975) де өзінің «Аййам» («Күндер») деп аталатын өмірбаяндық жазбаларында бала кезінде өзінің ең көп естігені Бейбарыс батыр жайлы риуайаттар еді деп еске алады. Мұнда да бір белгілі шындық бар екені даусыз.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбарыс заманында өмір сүрген тарихшы Вильгельм Тайпольский де оған: «Бейбарыс— жауынгерлігі жағынан Гай Юлий Цезармен терезесі тең тұратын қаһарман» деген баға берген.\r\n\r\n \r\n\r\nХалық аузында Бейбарыс қапыда Қалауын деген уәзірдің қолынан қазаға ұшырайды. Ол жауыздықпен батырдың балаларына да у беріп өлтіреді. Жақын жолдастары мен зайыбын қуғын-сүргінге ұшыратады. Бірақ Қалауынның өзі де өлім құшады.\r\n\r\n \r\n\r\nОсындай қыпшақ батыры, жауынгер азаматы жайлы қисслардың бір нұсқасын шығыстанушы В. Н. Кирпиченко араб тілінен орыс тіліне тәржімалап, 1975 жылы Мәскеуде басып шығарған.\r\n\r\n \r\n\r\nИә, Бейбарыс жайлы осындай классикалық дүние өткен заман оқиғаларының сәулесін елестетіп қана қоймай, тарихи оқиғаларды суреттеу негізінде туған шынайы да көркем шығарма ретінде ғасырдан ғасырға жетіп, елеулі мұра ретінде ел аузынан түспей келеді.\r\n\r\n \r\n\r\nБейбарыс Хулагу әулетіне қарсы күресу мақсатымен Алтын Орда ханы Беркеге елші жібереді. Осыдан бастап Египет пен Алтын Орда арасында тұрақты дипломатиялық қатынас орнап, екі ел арасындағы одақтастық қашан Алтын Орда ыдырағанға дейін сақталады. Өйткені бұл байланыстың осыншалық ұзақ уақытқа ұласып, берік сақталуының негізінде египет елін билеген Бейбарыс сұлтанның бір кезде тағдырдың қатал кесімімен қол үзіп қалған туған жеріне, ата бабасының еліне жақындауды мақсат тұтқан арман тілегі жатқан еді. Бұл, сайып келгенде, Мысыр елін «Қыпшақ Египеті» атандырған мамлюк-қыпшақтардың ортақ мүддесі болатын. Сондықтан олар Бейбарыстан кейін де, қашан мамлюк қыпшақ әулетінен күш кеткенше «Алтын Орда» атанған қыпшақ елінен, өздерінің ата мекенінен қол үзбеуге ұмтылады. Берке ханмен байланыс және туыстыөқ қатынас орнатты. Қатал тағдыр желі тағы да олардың жолын кесті. Египетте мамлюк-қыпшақтар билік басынан қуылды, Қыпшақ даласында Алтын Орда ыдырап кетті.\r\n\r\n \r\n\r\nКезінде жат елге құл болып сатылып барса да, тектілігін танытып, қажымас қайраттың, мұқалмас жігердің үлгісін көрсетіп, билік басына көтерілген мамлюк қыпшақтардың рухы тек арада жеті ғасыр өткенде ғана барып, Бейбарыс есімі арқылы ата мекеніне оралды. Қазір өзінің кіндік қаны тамған жерінде – Жайық өзенінің жағасындағы Атырау қаласында биік тұғырға орныққан Бейбарыстың ескерткішке айналған алып тұлғасы тәуелсіз елдің арайлы таңын жерлестерімен бірге қарсы алып, өшпес айғағындай болып асқақ тұр.\r\n\r\n 

Алаш идеялары және тәуелсіз Қазақстан мұраттары. Ұрпақ сабақтастығы

0

 Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алашорда өкіметі және оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және та­­нымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nАрнайы партиялық тапсырмамен құрастырылған Шафиро, Мартыненко жинақтарында қасақана жасалған бұрмалаулар, жабылған өтірік жалалар жыртылып айырылады. Соған қарамастан, бұл кітаптардағы бірталай тарихи де­ректер мен құжаттар Алаштануға нақты қызмет ете алады.\r\n\r\n \r\n\r\nЖиырмасыншы жылдардың аяғында басталған репрессия алпыс жылдай Алаш қайраткерлерінің атын атасаң – аузыңды қарыды, жазсаң – қолыңды шапты. Орыс отаршылары, коммунистік идеология қанша қылышынан қан тамғанмен, қазақ санасынан Алаш идеясын сөндіре алған жоқ. Алаш ұранды әдебиетті оқып біліп өскен тұтас буын бар еді. Олар көптеген шығармаларды жатқа айтатын. Жазушы Тахауи Ахтанов Мағжанның “Батыр Баянын” композитор Ахмет Жұбановтан естіген. Сөз саптауға келгенде Жүсіпбек Аймауытовты ұстаз тұтатынын Ғабит Мүсірепов жасырмай айтатын болған. Большевизмнің ұраншысы Сәбит Мұқановтың өзі қыз­ды-қыздымен Мағжанның ғашықтық жырларын қалай жатқа айтып кеткенін байқамай қалатын. Әдеби сарындастық Мағжан – Ілияс – Қасым – Әбділда – Мұқағали болып жалғасты. Дала циклын, өлім туралы жырларды, өмір – өзен мотивін еске түсіріңіз.\r\n\r\n \r\n\r\nҚолда бар, кітапханада тұрған Алаш қайраткерлері шығармалары түгелге жуық жиналып, өртелгенімен, арнаулы қорларда олар бәрібір сақталды. Жандарын шүберекке түйіп, үкімет қаһарынан қорықпай кейбір адамдар үрейлі кітаптарды үйлерінде ұстады. Бұл қатарда өзіміз араласқан, білген жазушы Сапарғали Бегалин – Мағжан, Жүсіпбек, профессор Бейсенбай Кенжебаев – Ахмет, Міржақып еңбектерін алпысыншы жылдарда аспирант кезімізде оқып білуімізге мүмкіндік берді. Мұндай байланыс әртүрлі арнада өрбіді. Мысалы Мекемтас Мырзахметов болса Бауыржан Момышұлы, ал Әди Шәріпов Төкен Әбдірахманов қоймасында жатқан Алаш жазушылары шығармаларын оқыған. Университетке бізбен бірге түскен ақын Құрманбай Толыбаев Қытайдан жасырын алып келген М.Дулатовтың “Оян, қазақ!” жинағын студент кезімізде таныстырды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕрекше қызық тағы бір деректі айта кетейік. Алматыда Жазушылар одағы ғимараты жанындағы саябақта егде тартса да, сұлу өңі таймаған жұпыны киімді бір әйел дұрыстап сөйлесе білсеңіз, сұраған нәрсеңізді жан-жағына бір қарап қойып, қолыңызға ұстатар еді. Ол машинкаға басылып, түптелген Мағжанның бір томдығы, ол – әйел ақынның жары Зухра шешей болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ мемлекеттік университетінде 1966 жылы бір жиналыс өтті. Ұйымдастырған профессор Бейсенбай Кенжебаев пен профессор Хайролла Махмудов. Сөйлегендер профессор Темірғали Нұртазин, доцент Александр Жовтис, жазушы Тахауи Ахтанов. Әңгіме Мағжан, оның поэзиясы, кітабын бастыру туралы болды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚауіпсіздік комитеті қызметкерлері жиналысқа келген адамдардың бәрін тізімдепті. Сөйленген сөздердің бәрі магнитофонға жазылыпты. Кейін білдік, сол жиын туралы Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бюросы арнайы мәселе қараған. Татар Хайролла Махмудов, еврей Александр Жовтис партияда жоқ екен, ал коммунист қазақ Бейсенбай Кенжебаевқа партиялық қатаң сөгіс берілген.\r\n\r\n \r\n\r\nМағжан өлеңдерін орыс тіліне аударып, енді басқалы жатқан “Простор” журналының бас редакторы, жазушы Иван Шухов, осы әрекетті қолдаған мәдениет министрі Ілияс Омаров қызметтерінен босатылды.\r\n\r\n \r\n\r\n“Жастық шақты бойлап” деген естелік кітабында башқұрт жазушысы Сәйфи Құдаш Мағжан Жұмабаевты ұлы ақын деп мадақтады. Сол кітап КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылғанда біздің ағайындар башқұрт “ұлтшылын” әшкерелеп, арыз түсірді. Сыйлық берілмей қалды.\r\n\r\n \r\n\r\nТағы да сол Сәйфи Құдаш Мағжанның өмірі мен шығармашылығы туралы, оны ақтау керектігін дәлелдеп Қонаевқа 100 беттік хат-зерттеу жіберді. Бірақ одан ештеңе өнген жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш қозғалысы, Алашорда өкіметі, Алаш қайраткерлері туралы шетелдерде қазақ Мұстафа Шоқай, башқұрт Зәки Уәлиди Тоған, өзбек Баймырза Хайт, орыс, неміс, ағылшын, жапон ғалымдары еңбектері басылды. Анықтама, энциклопедияларда мәлімет берілді. Ең үлкен ерлікті Қытайдағы Такламакан шөлінен өтіп, Гималай тауларынан асып, Кашмир арқылы Түркияға жеткен көштің басшысы Қалибек хәкім Рахымбекұлының перзенті Хасен Оралтай жасады. Ол 1973 жылы Түркияда “Алаш – Орта Азия түркі қазақтарының ұлттық ұраны” атты кітап шығарды. Автор өз қолы жеткен құжаттар, деректер, суреттер, мәтіндер арқылы Алашорда, Алаш қайрат­керлері туралы қысқаша анықтамалық, миниэнциклопедия дерлік еңбек тудырған. Кейін бұл саладағы қызметтерін Хасен Оралтай “Азаттық” радиосында жал­ғастырды. “Елім-айлап өткен өмір” және “Елім-айлап өткен өмірден кейін” кітапта­рында толық тиянақтады.\r\n\r\n \r\n\r\nМәскеуде шыққан түркологтар туралы анықтамалық кітапқа Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяндық деректерін бергені үшін (оның өзі М.Дулатовтың 1923 жылғы мақаласынан көшіріп алынған) академик А.Кононов үстінен қазақтар арыз айтты. Ол аз болғандай В.Колбин алдында 1987 жылы сөйлеген бір тарихшы профессор: “Біз өз ұлтшылдықтарымызбен өзіміз-ақ күресе алатын деңгейге әлдеқашан жет­кенбіз”, деп шіренгенін “Торжество ленинской национальной политики в Казахстане” деген кітапшадан оқи аласыздар. (Алматы, 1987, “Қазақстан” баспасы.)\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш қайраткерлерінің түпқазық идеясы – қазақ мемлекеті. Ол үшін ата-баба қанын төгіп қорғаған, сақтап қалған, мыңдаған жылдар бойы ешқайда көшпей, тұрақты мекен еткен жерді бөлшектемей, жатжұртқа таптатпау, сатпау, жерден айрылғаның барлық байлықтан, дәулетіңнен, құт-берекеңнен айрылу, өлу, өшу деген сөз; мемлекеттік басқару дәстүрлерді сақтай отырып, алдыңғы қатарлы Еуропа, Америка, Жапония үлгісіндегі қағидаттарға негізделген демократиялық сайлаушылар арқылы жасалған жүйелермен жүру керек; бұл ретте ешкімнің нәсіліне, жынысына, дәулетіне байланысты шектеу жоқ; шикізат емес, ұқсатып жасаған, пайда әкелетін өнім шығару мемлекет әрекетінің ең бірінші шарты; қазақ тілін дамыту, оқулықтар, сөздіктер жасау, мектептер, университеттер ашу; өз ақшасын шығару, әскер құрып, елді – мемлекетті қорғау керек.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақы дәстүрлерді берік ұстану, шариғат шарттарына адалдық, әлемдік ақсүйектік әдептерді жете меңгеру, достық, қарызға беріктік ең бастысы, ұлт мүддесі үшін бәрін құрбан ету сияқты асыл қасиеттерді Алаш қайраткерлерінің баршасының бойынан табуға болады. Қазақ елінің пайдасына қызмет етер деген үмітпен Әлихан – Кадет партиясына, Ахмет пен Мұхтар коммунистік партияға мүше болды. Бұл үміт үзілген соң, үшеуі де ол партиялар қатарынан өз ерік­терімен шығып кеткен. Олар мансапқа сатылу, билік алдында құлшылық ету, дүниеге, байлыққа ұмтылу дегенді мүлде білмеген. Біреудің ала жібін аттау жоқ. Ашаршылыққа ұшыраған қазақтарға жиналған жылу малды есепсіз шашты, ағайын­дарына берді деген жаламен жауапқа тартылып Қызылордада көп алдына шыққан Жүсіпбек Аймауытов сүттен ақ, судан таза екенін оп-оңай дәлелдеп берген.\r\n\r\n \r\n\r\nХалыққа аты мәшһүр, ұлтқа: “Оян!” деп ұран тастаған ұлы Міржақып еліне қаламымен еңбек етемін деп, Думаның депутаттығынан бас тартқан ғой. Жөн-жосығын ешкім білмейтін, қарақан басы болмаса әлеуметке жасаған тырнақтай еңбегі жоқ, сайлау десе атын борбайлап шаба жөнелетін қазіргі далбаңбайлар осыдан үлгі алса етті.\r\n\r\n \r\n\r\nТарих қадірін білген ағалар: Әлихан, Ахмет, Міржақып, Халел, Мұхамеджан – алдымен Абылайды, Шоқанды, Абайды, Махамбетті, Кенесарыны таныды. Бір-бірінің орнын ерекше ұқты. Әлиханды серке деп мойындады. Сұлтанмахмұт, Шә­кәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтар сөзі бір жерден шықты. Мұндай рухани табысу, бағалау, емірене сүю Ахмет – Міржақып, Ахмет – Мұхтар, Мағжан – Жүсіпбек, Әлихан – Ахмет араларындағы бауырластық сыйластық құрметтен көрініп тұр. Олар басқа ұлт өкілдерімен де мұраттастық негізде құшақ жайыса білген – Щербина – Ә.Бөкейханов, Потанин – А.Байтұрсынов, Брюсов – М.Жұмабаев.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш қайраткерлерін ақтау үшін құрылған арнаулы комиссия 1988 жылы орасан зор құжаттарды, деректерді, сот хаттамаларын, айыптау актілерін, көркем шығармаларды, зерттеу еңбектерін, газет-журнал материалдарын, түрлі арыз-шағымдарды, әртүрлі қорытындыларды түгел қарап, зердеден өткізіп, ақырында ұлтымыздың алып тұлғаларын өзіне қайтарды. Бұл іске белгілі ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты.\r\n\r\n \r\n\r\nСол шешімнен кейін тез арада газет-журналдар, баспалар алпыс жылдан астам темір құлыптың аржағында жатқан асыл дүниелерді жариялай бастады. Зерттеушілерге мүмкіндік туды. Кітаптар шықты. Диссертациялар жазылды. Алаш арыстарының еңбектері орта мектептерде, жоғары оқу орындарында оқытылатын болды. Алаш зерттеуші ғалымдардың үлкен шоғыры қалыптасты десек, заңгерлер С.Зиманов, М.Құл-Мұхаммед, Ө.Озғанбаев, С.Өзбекұлы, философтар Ж.Әбділдин, Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, тарихшылар М.Қозыбаев, К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев, Е.Сыдықов, Х.Әбжанов, әдебиетшілер Қ.Мұхаметқанов, Ш.Сәтбаева, Р.Нұрғали, Б.Әбдіғазиев, Ш.Елеукенов, М.Базарбаев, А.Еспембетов, Т.Жұртбай, Р.Тұрысбек, Д.Қамзабекұлы, Ө.Әбдиманов, тілшілер Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, Ш.Құрман­байұлы, баспагерлер Ғ.Әнес, Д.Әшімханов, Е.Тілешов, Т.Шаңбай еңбектері толық дәлел бола алады. Бұған Алматыда, Астанада, Семейде ашылған, жұмыс істеп жатқан Алаштану орталықтарын қосыңыз. Арнаулы журнал шыға бастады. Семейде “Алаш” энциклопедиясы дайындалып жатыр.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш қозғалысының әлеуметтік істердегі салған арнасы азат Қазақстан мұраттарымен сабақтас болса, рухани, шығармашылық мұраттары көркем шығармашылығымызбен кіндіктес.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ әдебиетінің жан-жақты дамып, барлық жанрларда қарыштап өскен, ұлттың рухани сұранысына жауап берген бай-бағылан дәуірін тудырған ХХ ғасыр қаламгерлері, олардың ғұмыры, тағдыры, шығармалары туралы бүгінге дейін айтылып келген пікір, талдау, зерттеу енді жаңа тұрғыда толығып, соны пайым, жинақтау тұжырыммен қоюлана түспек.\r\n\r\n \r\n\r\nЖасыратыны жоқ, Кеңес өкіметі құлап, Компартия билігі құрығанға дейінгі жетпіс жыл бойы әдебиет, өнер, гуманитарлық ғалымдар марксизм-ленинизмнің аузына қарады. Бейнелі өнер, ишарамен сөйлейтін әдебиет тұп-тура саясат шапанын кие алмайды, бірақ әдебиеттану, сын саласында зорлықпен енгізілген қисындар көп болатын. Сондықтан да ХХ ғасыр әдебиетін жаңаша пайымдау, оның кезең-ке­зеңіндегі стильдік-жанрлық ізденістеріне, бейне, көркемдік қазынасына баға беру, талантты қаламгерлер шығармаларының эстетикалық байлығын анықтау, бір сөзбен бос топырақтан кенді аршып алу – жеңіл-желпі шаруа емес, бұл – көп қажыр-қайрат жұмсауды талап ететін ұзақ шиыр.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақ халқының ұлттық рухының тамырына балта шабу үшін коммунистер ең алдымен осы қозғалыстың бастау көзінде тұрған Алаш көсемдерін, олардың ізбасар шәкірттерін бір қырып тастады да артынан большевизмді жақтаған, Кеңес өкіметін мадақтаған коммунист зиялылардың өзін де сыпырып әкетіп, көзін жойды. Аман-есен қалған оқығандарды үнемі үркітіп-қорқытып отырды, анда-санда науқан жариялап, солардың ішінен де біреулерді жұлып алып, түрмеге тығумен болды.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес өкіметі, партиялық органдар қаншалықты қаталдық жасап, қырағылық көрсеттім дегенмен, Алаш идеялары, ұлттық азаттық рухы, тәуелсіздік сарындары, әсіресе әдебиетте, өнерде, ғылымда жойылып кеткен жоқ.\r\n\r\n \r\n\r\nПартия қаулы-қарарларымен ой нысанасын, тақырып жүйесін, бейне бағытын, әдіс-тәсілін белгілеп берген Кеңес дәуірі әдебиетінің алғашқы өкілдерінің бәрі де Алаш ұранды әдебиет шығармаларымен ауызданған, жазу-сызудың әліпбиін солардан үйренген.\r\n\r\n \r\n\r\nТарихшылар, әдебиетшілер еңбектерінде, оқулықтарда, түрлі құжаттарда, көркем шығармаларда, кинофильмдерде күні кешеге дейін партия, үкімет тарапынан қадағаланып, жоспарлы түрде бағытталып отырған арнаулы саясаттың салдарынан Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда өкіметі туралы тарихи шындық бұрмаланып, қып-қызыл өтірік айтылып келді. Ең бастысы, Алаш қайраткерлері қазақ ұлтының қас дұшпаны болып көрсетіліп, олардың шығармаларына тыйым салынды.\r\n\r\n \r\n\r\nӘділіне келгенде, Алаш қозғалысына қатысқан азаматтардың басым көпшілігі ұлт мүддесіне арналған күнделікті аршынды іс, қарымды әрекеттермен айналыса жүріп, қуғын-сүргін азабына қарамастан, әдебиет, публицистика, ғылым, аударма салаларында орасан бай мұра қалдырды.\r\n\r\n \r\n\r\nКейін қолдарынан билік кетіп, халыққа қызмет етудің бір-ақ жолы – оқу-ағарту саласы ғана қалған аз уақыттық тыныс шақта ұлт тілінде ғылымның барлық жүйесі бойынша оқулықтар жазуға кірісті. Алаш ұранды әдебиетті жасаған қаламгерлердің жеке басына, шығармаларына тән ортақ, сапалы белгілер олардың тағдырын, мұрасын біртұтас құбылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді.\r\n\r\n \r\n\r\nҚоғамдық белсенді әрекетке, негізінен ХХ ғасыр басында шыққан бұл толқын 1905 жылғы алғашқы орыс революциясы, 1917 жылғы ақпан, қазан революциялары, өкімет басына большевиктердің келіп, Кеңес өкіметінің орнауы секілді аспан жарылып, жер сілкінгендей ғаламат жарылыстар тұсында қайрат көрсетті. Осы ұлы ағыстардың баршасы олардың жеке өміріне, қоғамдық, шығармашылық тағдырына ықпал жасап, терең із тастады.\r\n\r\n \r\n\r\nТабиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте тербетіліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған: Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік, инженер­лік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық иелері. Түркі, славянды былай қойғанда, араб-парсы, ағылшын, неміс, француз секілді жеті жұрттың тілін меңгерген. Күрес жолына шыққан кезде бұл ерлердің бес қаруы сай еді. Сол замандағы кез келген озық елдің зиялыларынан асып түспесе, кем соқ­пайтын, әр түрлі ғылым негіздерін меңгерген, сегіз қырлы, бір сырлы тұлғалар еді. Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайраткерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. Отаршылдықпен шайқас, артта қалушылыққа қарсылық, надандықты мансұқтау, азат, тәуелсіз демократиялық, дербес мемлекет құруды биік нысана ету, белгілі бір тап мүддесі емес, жалпы ұлт мақсаты үшін күресу, өркениетті нысана тұту – бұл ағымда болған ұлылы-кішілі азаматтардың баршасының дү­ниетанымына ортақ, етене қасиет сапалар болатын.\r\n\r\n \r\n\r\nОсы идеялар қазақ әдебиетінде бұрыннан бар үлгілермен қоса жанрлық формалар арқылы жүзеге асырылып, роман, драма, публицистиканың соны түрлері туды. Әлем әдебиетінің классикалық шығармалары аударылды. Сөйтіп, әсіресе Абай сабақтарын нысана тұтқан, бұрынғы озық дәстүрлерді жалғастырған жаңа сапалы Алаш ұранды әдебиет тарихымыздағы ерекше кезең болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nКеңес өкіметі мен Компартия тап тартысы, саясат, шаруашылық саласында ғана емес, ғылым, білім, идеологияның да тізгінін қатал тартып ұстап отырды. Дәлірек айтқанда, марксизм-ленинизм ілімін темір заңға айналдырды, бұра тартқандардың басын шапты, тілін кесті. Орасан зор мақсатты іске асыру үшін арнаулы ұйымдар құрылды (Пролетар жазушылардың ассоциациясы, Жазушылар одағы). Партия, қауіпсіздік комитеттерінде өнер қызметін бақылап, бағыттап, тексеріп, жазалап отыратын арнаулы бөлімдер болды. Бұлар жазушы, әнші-күйші, суретші, компо­зитор, сәулетшілердің жазған-сызған, істеген-жасағанын ғана емес, жүрген-тұрғаны, ішкен-жегені, ымдаған-сөйлегеніне дейін түгел аңдып, жіпке тізіп, біліп отырды. Тап тартысы, орыс үстемдігі, коммунистік мұратқа көлеңке түсіретін сәл нәрсенің өзі қырқылып, өшіріліп, жойылды. Бұл үшін жоғарыдан қаулы-қарарлар түсірілді, оларды талқылайтын, жан беріп, жан алатын жиналыстар өтті, “күнәһарларға” тас боран жасалды. Кеңестік идеология санасына әбден сіңген, соған ұйыған, Алланы ұмытқан, мұсылмандықтан безген, обал-сауапты, рахым-қайырды білмейтін қаныпезерлер әулеті қалыптасып, олар ел тарихын мансұқтап, отаршылар алдында бас шұлғып, ұлттық игіліктерден безіп шығып, санаткерлер төбесіне әзірейіл қамшысын үйірді.\r\n\r\n \r\n\r\nУақыт өтті. Заман өзгерді. Кешегі бай, кедей, завод, фабрика, колхоз, совхоз, 8 март, 23 февраль, 1 май, Халықтар достығы, Октябрь революциясы, Ленин, коммунист, азамат соғысы, колхоздастыру, индустрияландыру, Отан соғысы, шаруашылықты қалпына келтіру, тың шабуылы, космосты игеру секілді тақырып қуалап, саяси тапсырыспен өнер заңдарын мансұқ етіп, соцреализм талаптарына жауап ретінде жазылған дәмсіз, нәрсіз, өтірік шығармалар бүгінде жер жастанды.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш тарихын 1917 жылдан бастау шындыққа келмейді деп білеміз. Тұтастай алғанда қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының нақты әрекеттері, әдебиеті мен музыкасындағы сарын-мотивтер, данагөйлерінің ой тағылымындағы сан ғасырлық рухани қуат 1905 жылы жанартаудай атылды. Бұл әйгілі Қарқаралы құзырхатында (петициясында) көрініс берді. Қазақ елі орыс патшалығына қарағаннан кейінгі әлеуметтік – саяси жағдайға толық баға берілген. Жер-суға, экономикаға, мемлекеттік құрылысқа, мәдениетке, дінге, мектепке қатысты талаптар нақты айтылған. Осы көкейкесті ойлар 1913 жылдан шыға бастаған “Қазақ” газетінің негізгі арнасын құрады, 1917 жылы құрылған Алаш партиясы бағдарламасының жұмыс жүйесіне айналды.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш қайраткерлері шоқ жұлдыз іспетті Қазақ елінің барлық өлкелерінде туған аса дарынды, жан-жақты таланттар. Олар партиялық ұйымдастыру істерінде, құрылтайлар өткізуде, бағдарлама жасауда, көркем әдебиетте, публицистикада, ғылымда, педагогикада, дипломатияда қатар, тең еңбек ете білді. Партияға мүше болған, ұлт үшін жандарын қиған мыңдаған қатардағы қаракөз тағы бар.\r\n\r\n \r\n\r\nАлаш мүшелерін түгелдей қырып тастағанмен, олардың идеялары қазақ халқының санасында, жаужүрек перзенттерінің іс әрекетінде жалғасып жатты. Бұл ретте Алаштың бас шығармасын тудырған Мұхтар Әуезов, коммунист бола жүріп Алаш идеяларын іске асырған Смағұл Садуақасов, Ілияс Омаров, Бауыржан Момышұлы, Ілияс Есенберлин, Ермұхан Бекмаханов, Бейсенбай Кенжебаев, Жұмабек Тәшенов, Өзбекәлі Жәнібеков ерліктері ұмытылмақ емес.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nАвторы: Рымғали НҰРҒАЛИ, академик. Астана.