Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары\r\n\r\n( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде)\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nКІРІСПЕ\r\n\r\n \r\n\r\nЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Аграрлық салада жүргiзiлген реформа нәтижесiне екi тұрғыда баға беруге болады: бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешені өндiрiсінде көп укладты экономика қалыптасты, шаруашылық субъектiлерiне толық дербестiк берiлiп, олардың өз қызметтерiн өздерінің жүзеге асыруына және өндiрген өнiмдерiнің бөлуiне мүмкiндiк жасалынды, яғни нарықтық қатынастың, кәсiпкерлiктiң дамуының бiр орталықтан басқару жүйесiн толықтай дерлiк әлсiреттi; екiншiден, асығыс жүргiзiлген институционалдық өзгерiстер, агросектордағы экономикалық қатынастардың салааралық диспаритетін (теңсiздiгін) күшейтті. Агроөнеркәсiп кешенінде интеграция мен кооперативтік жүйенің дамуы үшiн жағдай жасаудың орнына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеушi және қызмет көрсетушi кәсiпорындарды жекешелендiру, ауылдық тауар өндiрушiлердiң басым бөлiгiн ұсақ, жеке өндiрiске бағыттады. Барынша тиiмдi ұйымдық құрылымдардың қалыптаспауы, қажеттi инфрақұрылымды қалыптастырмастан нарықты ығыстыруға, өңдеушi және сауда ұйымдарының нарықтағы монополиялық жағдайының күшеюiне алып келдi. Реформа барысында тиімді шешiмiн таппаған бұл мәселелер агроөнеркәсiп кешенiнде шаруашылық байланыстарды жаңаша қалыптастыру қажеттiлiгiн тудырып отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, оның өнiмдерiн өткiзудi және өңдеудi жоғары деңгейде ұйымдастыру-шаруашылық байланыстардың нарықтық экономикаға тән жаңа әдiстерiн барынша жетiлдiрудi және ол байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiн жасауды талап етедi. Онсыз ауыл шаруашылығы мен оған қызмет көрсетушi салалардың қажетті мәселелерiн оңды шешу мүмкiн емес. Сондықтан мемлекеттiк реттеу мен өзiн-өзi реттеудi үйлестiруге, тауар өндiрушiлердi ынталандыру мен протекционизмге негiзделген экономикалық механизм қажет. Оның негiзiн баға және қаржы-несие қатынастарының өзара байланысы құрайды, ал оның құрылымының басты элементтерi – баға, несие, салық, жоспарлау болып табылады.\r\n\r\n2008 жылғы 6-ақпан айында «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» тақырыбымен Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында айтылғандай: «Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолдаудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты. 2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті. Ауылдарымыз бен селоларымызда өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Қалыптасқан әлемдік үрдістермен қолда бар әулетті ескерер болсақ, агроөнеркәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін» -деген.\r\n\r\nСондықтан, шаруашылықтарда байланыстарды реттеуде экономикалық механизмнiң негiзгi элементтерiн қолдана отырып, ауыл шаруашылығы мен оған қатысты салаларды дағдарыстан шығарудың» мүмкiн жолдарын анықтау үшiн экономикада өтiп жатқан процестердi терең зерттеп, талдау қажет.\r\n\r\nАгроөнеркәсiп кешенiндегi шаруашылық байланыстардың экономикалық механизмi жөнiндегi және ондағы кәсiпкерлiктiң дамуы туралы мәселе ТМД елдерiнiң ғалымдары Л.Абалкин, П.Бунич, А.Калыныш, А.Козлова, В.Медведев, В.Новиков, В.Гончарук, В.Грузинов, В,Савицкая, В.Сергеев, В.Назаренко, А.Руцкой, Е.Строев, А.Чаянов, В.Фроловтың еңбектерiнде жан-жақты қарастырылған. Бұл авторлардың еңбектерi нақты зерттеулер үшiн негiз болып табылады және агроөнеркәсiптегi экономикалық механизм туралы мәселелердi оқып-үйренуде үлкен теориялық-әдiстемелiк маңызы бар.\r\n\r\nҚазақстанда бұл мәселеге көптеген ғалымдардың еңбектерi арналған. Атап айтқанда: Т.Ашимбаев, Р.Аутов, Л.Әбдильдина, Т.Есполов, Ө.Есқараев, Т.Есiркепов, В.Григорук, М.Кенжегузин, Ш.К. Көпешев, К.Кубаев, А.Ш. Куралбаева, Г.Қалиев, Ж.Қорғасбаев, А.Қошанов, А.Молдашев, А.Нұрсейiт, О.Сәбден, К.Сағадиев, С.Сатыбалдин, Ж. Сулейменов, М.Сигарев, А.Челекбаев және тағы басқа қазақстандық ғалымдардың еңбектерi, нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық сектордың кәсіпкерлік іс-әрекеттерін»ң дамуына терең баға беруге мүмкiндiк беретiндiгін оның маңызының зор екендігін көрсетіп отыр.\r\n\r\nОсы аталған мәселелер диссертациялық зерттеудiң тақырыбын, мақсаты мен шешу жолдарын анықтауға негiз болды.\r\n\r\nЗерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi нарықтық қатынастар жағдайында Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылық кәсiпорындары мен оған қызмет көрсетушi сала кәсiпорындарының арасындағы жаңадан қалыптасатын шаруашылық байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiн кешендi түрде талдау және соның негiзiнде – оны алдағы кезеңде жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау болып табылады.\r\n\r\nМақсатқа жету үшiн төмендегiдей мiндеттердi шешу алға тартылды:\r\n\r\n- кәсiпкерлiктi дамытудың жолдарын, шаруашылықтарда оны реттеудің экономикалық механизімінің мәнімен құрылымын теориялық және әдістемелік негіздерін ұсыну;\r\n\r\n-нарықтық қатынас жағдайында шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру ерекшіліктерін, ауыл шаруашылығыменен өнеркәсіп салаларының мүдделерін үйлестіру механизімінің жетілдірудін тұжырымдау;\r\n\r\n- агроөнеркәсіп кешенінің өндірісінің қазіргі жағдайын талдау және ауыл шаруашылығына қызмет көрсететін салалардың қатынастарының негізгі бағыттарын анықтау;\r\n\r\n- аграрлық саладағы шаруашылықты реттеудің құқықтық әдістері мен шарт жасаудың ерекшіліктерін, даму шараларын әзірлеу;\r\n\r\n- ауыл шаруашылық салаларында лизинг механизмін, баға, салық салу, қаржы-несие мәселелерді жетілдірудің кәсіпкерлікті дамытуға тигізетін әсері жөнінде ұсыныстар жасау.\r\n\r\nЗерттеу объектiсi: Оңтүстiк Қазақстан облысының агроөнеркәсiп кешеніндегі ауылшаруашылық тауар өндiрушiлері.\r\n\r\nЗерттеу пәнiне нарықтық қатынастарды тереңдету жағдайындағы Оңтүстiк Қазақстан облысы аудандарының агроөнеркәсiптiк өндiрiсi, ондағы жаңадан қалыптасқан шаруашылық байланыстарды реттеумен кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары жатады.\r\n\r\nЗерттеудiң теориялық-әдiстемелiк негiзiн агроөнеркәсіп өндірісіндегі кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмінің мәселесiне арналған ғалымдардың еңбектерi мен шетелдiк әдебиеттер, заң актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары, Үкiметтiң экономикалық мәселелер жөнiндегi қаулылары, аграрлық өзгерiстер жөнiндегi басқа да мемлекеттiк бағдарламалық құжаттар құрайды.\r\n\r\nЗерттеудің ақпараттық эмпирикалық базасы ретінде Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегi агенттiгi мен ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Оңтүстiк Қазақстан облысының экономика, ауылшаруашылығы департаментінің, облыстық статистикалық басқармасының мәлiметтерi, сондай-ақ монографиялық зерттеулер және жеке шаруашылықтардың жылдық есептеулері пайдаланылды.\r\n\r\nЗерттеу нәтижелерiн талқылау есеп-конструктивтiк, статистика-экономикалық, абстрактiлi-логикалық, салыстыру және басқа да әдiстердi қолдану арқылы алынды.\r\n\r\nЗерттеудiң ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында алынған төмендегi нәтижелер диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығын анықтайды:\r\n\r\n- кәсіпкерліктің ғылыми тұрғыдан түсінігі, көрсеткіштері, жұмыс істеудің механизмінің мәнімен құрылымы, баға белгiлеу, салық салу, қаржы-несие мәселелері бағытталды;\r\n\r\n- кәсiпкерлiк экономиканың аграрлық және индустриалды секторларының мүдделерiн үйлестiрудiң механизмдерi белгiленiп, шаруашылық байланыстарды қалыптастыру жолдары, тиiмдi әдiстерді өндіріске енгізу жолдары ұсынылды;\r\n\r\n- кәсіпкерліктегі инновацияны дамытуда кластерлік-желілік әдістерді қолданудың тиімді жолдары ұсынылды;\r\n\r\n-кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан құқықтық-нормативтік қолдау, дамыту кезіндегі аумақтық жүйеде қойылған міндеттерді шешу үшін тиімді бағыттар ұсынған;\r\n\r\n- кәсiпкерлiктегі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдеріне баға паритетін, салық салу мен қаржылық қолдау мәселелерін шешуде жаңа әдістік тәсілдер белгіленді;\r\n\r\n- нарықтық үлгідегі кәсіпкерлік құрылымдарды материалдық-техникалық жабдықтау – лизингтік қатынастарды пайдалану мен жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар жасалынды.\r\n\r\nҚорғауға шығарылған ұсыныстардың негізгі тұстары:\r\n
- \r\n
- кәсіпкерлікті ғылыми тұрғыдан дамытудың түсінігі, көрсеткіштері;
- шаруашылықтардағы кәсіпкерлердің байланыстарын реттеудің экономикалық механизмінің мазмұны, қалыптастыру жолдары;
- ауыл шаруашылығындағы тауар өндіруші кәсіпкерлердің бір-біріменен қатынастағы тиімді әдістері, қаржылық қолдау мәселелері;
- аграрлық кәсіпкерлердің материалдық — техникалық жабдықтаудағы, жоспарлаудағы өзара экономикалық реттеудің бағыттарын жетілдірулері.
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\nЗерттеу жұмысының ғылыми тәжірибелік маңызы. Жүргізілген зерттеу барысында жасалған қорытындылар, ауыл шаруашылығындағы құрылымдарда еңбек ұйымдастыру, тұрақты жағдайда өнім өндіруге басқада технологиялық мәселелерді жаңалауға теориялық-әдістемелік көмектесе отырып, бәсекелестікке қабілетті өнім өндіруге үлесін қосты. Сондай-ақ жоғарғы оқу орындарында «Кәсіпкерлік экономикасы», «Маркетинг», «Өндірістегі кәсіпорын», «Менеджмент», «Қаржы», «Статистика», «Агробизнес», «Экономикалық теория», «Экономиканы мемлекеттік реттеу», «Кәсіпорын экономикасы» тағы басқа пәндерін оқытуда пайдалануға болады.\r\n\r\nЗерттеу жұмысының нәтижелерін апробациялау және жаңалау. \r\n\r\nЖұмыстың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасының өзекті экономикалық жағдайларын дамыту және шешу жолдарына арналған, ғылыми тәжірибелік, халықаралық конференцияларда апробацияланған. Диссертация мәліметтері ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалған: «Региональные проблемы реализации рыночных реформ на постсоветском пространстве» (г.Актобе, 2001), «Қазақстан экономикасының тұрақтануынан кейінгі даму моделі» (Алматы қаласы, 2001), «10 лет реформа на постсоветском пространстве: Ожидания, результаты, перспективы» (г.Алматы, 2002), «Постстабилизационная модель развития Казахстана» (г.Алматы, 2001), «Становление рыночной системы в Казахстане в ХХІ веке» (г.Алматы, 2001), «Региональные проблемы реализации рыночных реформ на постсоветском пространстве» (г.Актобе, 2001).\r\n\r\nПубликациялар. Диссертация тақырыбы бойынша 11 ғылыми еңбек жарық көрген. Оның ішінде алты ғылыми еңбек Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен басылымдарда қалғаны ғылыми еңбек және халықаралық ғылыми — өндірістік конференцияларда жарияланған. Жалпы басылымның көлемі – 4,2 табақ бет.\r\n\r\nДиссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертация жұмысы кіріспеден үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың мазмұны 139 компьютер мәтінінде, оның ішінде – 28 кесте, — 29 сурет, қосымшалармен берілген.\r\n\r\nЖұмыстың бiрiншi тарауында кәсiпкерлiк байланыстарды реттеудiң экономикалық механизмiнiң теориялық негiздерi, экономикалық механизмнiң мәнi, агроөнеркәсiп өндiрiсiндегi кәсiпкерлiкті дамытудың негiзi ретiнде экономикалық мүдделерi жан-жақты қарастырыла отырып шаруашылықты ұйымдастыру тәсiлдері мен олардың ұйымдық-құқықтық негiздерiнiң қалыптасуы зерттелген.\r\n\r\nЕкiншi тарауда әр түрлi меншiк әдiсiндегi ауыл шаруашылық құрылымдарындағы кәсіпкерліктің материалдық-техникалық жабдықталу деңгейi, олардың өңдеушi сала кәсiпорындарымен байланыстарының даму барысының нәтижелерi және нарықтық қатынастар талабына сай ауыл шаруашлығы мен оған қатысты салалар арасында кәсiпкерлiкті реттеудiң экономикалық механизмiн дамытудың қажеттiлiгi негiзделген.\r\n\r\nҮшiншi тарауда агроөнеркәсiп кешенi құрамындағы әр түрлi меншiк жүйесіменен шаруашылық құрылымдардың арасындағы кәсiпкерлiкті дамыту жөнiндегi шаралар және ол шаралардың мейлiнше тиiмдi жүргiзудiң әдiстерi ұсынылды.\r\n\r\nЖұмыстың қорытындысында зерттеудiң негiзгi нәтижелерi тұжырымдалып, ұсыныстар берілді.\r\n\r\n \r\n\r\nНЕГІЗГІ БӨЛІМ\r\n\r\nКәсіпкерлік барлық дүниежүзіндегі өмір сүріп келе жатқан адам баласына\r\n\r\nтән, іскерлік белсенділігі, қабілеті. Өйткені, адамдар өмір сүру үшін қызмет етуі керек. Сол арқылы өзінің өмір сүруіне керекті мәселелерді азық-түлік басқа да керекті заттарды қамтамасыз ете алады. Кәсіпкерлік қызметінің дамуы дүниежүзінде орта ғасырдан басталған. Оған себеп болған факторлар: қоғамда көпестер, саудагерлер, қол өнеркәсібіндегі қызметкерлер пайда бола бастады. Былайша айтқанда, жай қарапайым жұмысшылардан басқа қоғамда білікті жұмыскерлер тобының бөлінуі. Олардың алғашқы дамуына себепкер болған, сол өздері жұмыс істейтін кәсіпорындарда, жұмыс істей бастағанынан бастап, құрал жабдықтарға иелік ете бастауы. Дүние жүзіндегі кейбір мемлекеттерде XVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдар құрылып, оларда акциялық капиталдар пайда бола бастады. 1554-жылы Англия мемлекетінде сауда компаниясы құрылды. 1660 жылы Индия мемлекетінде Ост — Индия компаниясы жұмыс істей бастады. Ал, XVII ғасырдың аяғында кейбір мемлекеттерде акционерлік банктер іске қосылып капиталдарын өндіріске қосты.\r\n\r\nКейінгі кездегі жарық көріп жатқан басылымдар кәсіпкерлікті, еңбек нарығын, бизнесті, кейбір ғалым экономистер бір ұғым деп санап жүр. Бұндай ойға қосылуға болады. Себебі, кәсіпкерлікте жұмыс істеуге күші бар, икемділігі мол адамдар іске асырады. К.Маркстік әдебиеттерде «жұмыс күші» деп осы адамдардың еңбекке қабілеттілігін айтады. Өйткені, басқа өндіріс факторларына қарағанда кәсіпкерлік еңбектің ерекшелігі сонда. Мұндағы ең бастысы еңбектің қай түрі болмасын адамның жұмыс істеу күшіне байланысты.\r\n\r\nСонымен, кәсіпкерліктің негізгі сипаттамаларына тоқталатын болсақ, оларды былай деп тұжырымдауға болады. Кәсіпкер өзі құратын немесе сатып алатын кәсіпорындарда өзінің меншікті құралдары мен уақытын жұмсай отырып, өнімнің жаңа түрін өндіруші. Ол өндіріске әр уақытта жаңалық ендіруші ретінде жұмыс істеуі тиіс. Өнім өндіру үшін кәсіпкер өз өндірісіне жаңа техника, технология немесе өнімді өткізу (сату) үрдістеріне жаңадан әдістер табуы керек. Міне сол жағдайда ғана ол өзінің ісін әр уақытта кеңейтуге және пайданы молайтуға мүмкіндік жасайтын шараларды ғана өндіріске енгізуге ынталы.\r\n\r\nҚоғамда кәсіпкерліктің түрлері атқаратын міндеттеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік кәсіпкерлік; саудалық (коммерциялық); қаржылық; делдалдық; қамтамасыздандыру; кеңес беру (консультациялық); тағы басқа да кәсіпкерліктер болуы мүмкін.\r\n\r\nАл, меншік түрі бойынша, кәсіпкерлік — жеке меншіктік, мемлекеттік меншіктік, муниципалды, қоғамдық құрылымдар. Экономикасы нарықтық бағытта дамып келе жатқан мелекеттер үшін, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін де, кәсіпкерлікті дамыту өзекті мәселе. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі, кәсіпкерлік – экономикасына, кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық экономиканы дамыту жолында жұмыс істейді, соның кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі теориялық, тәжірибелік тағы да басқа мәселелерді зерттеу және оны талдау қазіргі дүние жүзіндегі мемлекеттердің шаруашылықтарының жаһандану кезеңіндегі негізгі мәселелердің біріне айналуда.\r\n\r\nАграрлық кешенінде еңбек нарығын зерттеп жүрген экономист-ғалым С.Қ. Сұрағанова кәсіпкерлердің жұмыс күшінің анықтамасын былай деп түсіндіреді: «Жұмыс күші нарығы — транзиттік экономика жағдайында жиынтық жұмыс күшінің ұлғаймалы ұдайы өндірісі жөнінен кәсіпкерлер, еңбекшілер және мемлекеттер арасындағы меншік қатынастардың белгілі бір жиынтығы немесе жүйесі».\r\n\r\nЖоғарыдағы келтірілген анықтамалардан кәсіпкерлердің еңбек нарығын құрайтын төрт негізгі элементті атап көрсетуге болады. Олар: сұраныс, ұсыныс, бәсеке және нарықтық баға.\r\n\r\nҚазіргі өндірістерді индустриалды-интеграциялау кезеңіндегі кәсіпкерлік жұмыстар көп жақты құбылыс, оның мазмұнын түсінуде әртүрлі көзқарастырдың қалыптасқаны орынды. Бірқатар зерттеушілер өз көзқарастарын былайша дәлелдейді. Еңбек нарығы сұраныс пен ұсынысты білдіретін болса да, сатып алушылар мен сатушылардың арасында кеңістік байланыс болуын түсіндіреді. Бұл, айтылғандар, экономикалық георграфиялық түсінік. Ал, екіншілері — кәсіпкерлікті тиісті механизімдермен, мөлшерлермен (нормалармен), институттармен кәсіпкерлердің жұмыс күшін жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін экономикалық қатынастар жүйесі деп те түсіндіреді. Айтылған көзқарастарға келісе отырып, біз, кәсіпкерлікті, бәсекеге лайықты өнім өндіру жағдайында, кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылармен, мемлекет және қоғамдық ұйымдар арасындағы мүдденің теңесуіне жету мүмкіндігін жасайтын қатынас жүйесі деп түсінеміз.\r\n\r\nҚазіргі кездегі көптеген ғалым-экономистер кәсіпкерлердің еңбектерін сегментке бөлуге назар аудармайды. Біз кәсіпкерлердің еңбектерін зерттеу барысында, әсіресе ауыл шаруашылығындағы әртүрлі белгілері бойынша жіктеудің керектігі барына көңіл бөлдік. Оның басты себебі кәсіпкерлікпен әртүрлі деңгейдегі жұмысшы — қызметкерлер айналасуы мүмкін. Олар аумақтық белгісі бойынша, әлеуметтік статусы бойынша, біліктілігі бойынша, қызметтік белгісі бойынша, жұмыспен қамытылуы статусы бойынша тағыда басқа белгілері бойынша бөлінуі мүмкін ( сурет 1).\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСурет 1 — Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкер жұмысшы- қызметкерлердің жіктелуі\r\n\r\nЕ с к е р п е — автормен құрастырылған\r\n\r\n \r\n\r\nКәсіпкерлік-көп қатарлы және өте көлемді түсінік, ол бір мағанада емес. Американдық ғалымдардың оқулықтарында бұл жұмыс жүйесі, халықтың сұранысын қанағаттандыратын өнім өндіру, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, былайша айтқанда нарықтық экономиканың негізгі бағыты деп тұжырымдайды.\r\n\r\nЭкономикасы дамыған мемлекеттерде кәсіпкерлер экономикалық қарым-қатынас жасамай бір-бірімен өз жұмысын жүргізуі мүмкін емес. Кәсіпкер әр уақытта өз пайдасын ойлай отырып, басқаның да жағдайына зер салуы тиіс, өзімен қарым-қатынастағы кәсіпкерліктегі әріптестеріне, бұл көзқараста «пайда» сөзінің орнына «өзара пайда» деген сөзді қолданғаны жөн. Бұл жөнінде Англияның оқулықтарында кәсіпкерлік анықтамасы жұмыс, кәсіпкерлер, мекемелер арқылы табылатын табиғи игілік, өндірісті сату және сатып алу, қызмет немесе ақша, өзара пайда алып келетіндігін көздеген мекемелер немесе жеке тұлғалар деген тұжырымдаманы айтады. Сол себепті кәсіпкерлік бір тараптың екінші тарапты алдауына мүмкіндік бермейтін шындық қызмет.\r\n\r\nҚазақстан Республикасы өзінің егемендігін, тәуелсіздігін алғаннан кейін, мемлекетте әсіресе өндірістерде, қызмет көрсетуде, ауыл шаруашылығында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік алды. Бірақта, алғашқы кезде олардың тарихи дамуы қоғамда сапалы жүргізілмеді. Ал, қазіргі кезде бұл кәсіпкерлер экономиканың жасаушы күші ретінде қалыптасып келеді.\r\n\r\nАдамзат, кәсіпорындардың мөлшері бойынша топтарға бөлуде бай тәжірибе жинақтады. Бірақта, барлық елдер үшін ортақ шағын кәсіпорындарды бөлудің қандай да бір ортақ әмбебап өлшемі ғылыми түрде дәлелденген жоқ. Әр мемлекет өзінің ұлтынын ерекшелейтін, экономикасындағы салалық қызметіне байланысты кәсіпорындардың мөлшері бойынша бөлу өлшемдерін белгілеуде.\r\n\r\nАгроөнеркәсіп өндірісі мен оның салаларын да шаруашылық жүргізудің экономикалық механизімінің мәнін айқындауда зерттеуіміздің транзиттік экономика жағдайында іске асырылып отырылғанын назарға алуымыз керек. Өйткені, көптеген елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шаруашылықты жүргізудің бір жүйесінен екіншісіне ауысу барысында өндіргіш күштер мен өндірілген тауарларға меншік түрлерінің өзгеруін іске асыру арқылы жүргізіледі. Оны республиканың экономикасының бүгінгі сипаты айқынырақ көрсетіп отыр.\r\n\r\nЭкономикалық механизм – кәсіпкерлік шаруашылықты жүргізудің қағидаларына негізделген әдісі бола отырып, кез-келген кәсіпорындардың залалсыз қызмет істеуінің мәнін ашып көрсетеді. Экономикалық механизм ұғымына мұндай көзқарас кәсіпорындардың заңда белгіленген шеңберде жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды білдіреді.\r\n\r\nЭкономикалық механизм — кәсіпкерлік шаруашылық, өндірістік қатынастар жүйесі, өндіргіш күштер және қоғамның қондырмасы арасындағы өзара іс-қимылдарды көрсетеді. Яғни, ол ең алдымен өндірушілердің, содан соң тұтынушылардың және жалпы қоғамның экономикалық мүдделерін ескере отырып, әр түрлі өндіріс процестерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл жағдайда негізгі элемент: біріншісі үшін, залал шекпеу; екіншісі үшін, өнімді пайдалану тілегі; үшіншісі үшін, салық алу мен өркендетудегі өлшемі.\r\n\r\nАгроөнеркәсіп өндірісінде шаруашылық жүргізудің экономикалық механизмнің мән-мағынасы — экономикалық заңдарды негізге ала отырып, онда қалыптасқан шаруашылық байланыстарды реттеудің экономикалық әдістерінің жүйесі. Демек, экономикалық механизм, экономиканы қозғалысқа келтіретін жүйе болып табылады және оған экономикалық заңдар «қызмет істейді» деген көзқарас білдіруге болады (сурет 2).\r\n\r\nЭкономиканы модернизациялау жағдайында мемелекеттік реттеу мен экономикалық механизмнің маңызды элементтерінің бірі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, өңдеуді және өткізуді қамтитын жоспарлау болып табылатынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Жоспарлауды, кәсіпкерлік жүргізудің нарықтық механизмінің бір бағыты ретінде қарастыра отырып, «нарық жоспарлаумен үйлеспейді» деген жалған догмадан арылу керек. Нарықтың дамуы ғылыми болжамдаумен және бағдарламалаумен толықтай үйлеседі.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСурет 2 — Экономикалық механизм жүйесі\r\n\r\n \r\n\r\nАуыл шаруашылығын жоспарлау және материалдық-техникалық жабдықтау сала кәсіпорындарымен шаруашылық байланыстарды ұйымдасытру негізінде ұдайы өндіріс процесін жандандыруға мүмкіндік алады және олардың арасындағы қалыптасатын байланыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерінің барлығын ескере білуі тиіс. Әрине, жалпы өндірістік және экономикалық қарым-қатынас жүйесінің өзгеруі алдымен меншік түрлеріне және олардың өзгеру қарқынына байланысты екені белгілі. Нарық қатынасына өту барысында меншік түрлерінің жылдам қарқынымен өзгеруі, кәсіпкерлік- шаруашылық жүргізу үлгілерінің тез өзгеруіне себепкер болады (кесте 1).\r\n\r\nОбъективті экономика заңы мен заңдылықтарына сүйенсек, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың даму деңгейі, өндірісті шынайы қоғамдастыру заңы аграрлық саладағы шаруашылықтардың көбінің ірі шаруашылық болып қалыптасуына алып келеді.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1 кесте – Меншік түрлерінің кәсіпкерлік-шаруашылық жүргізу үлгілері\r\n\r\n \r\n
Жіктелу белгілері | Шаруашылық айналыстардың түрлері |
Интеграцияның формасы бойынша | Сала ішіндегі, сала аралық |
Іс-әрекеттің ұзақтылығына қарай | Қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді |
Интенсивтілігіне қарай | Уақытша, тұрақты |
Қажеттілігіне қарай | Кездейсоқ, жоспарланған |
Мазмұнынға қарай | Ұйымдық, технологиялық, экономикалық |
Іс-әркеттің тәсілі бойынша | Тікелей, делдалдар арқылы |
\r\n \r\n\r\nҚазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясында жаңа технологияны өндіріске енгізу, жаңа жұмыс орындарын құруға бағдарланған кәсіпкерлікті дамыту мен жетілдіруге басты назар аударылған. Сонымен қатар, мемлекет пен кәсіпорындар арасында дәнекер болып табылатын кәсіпкерлер бірлестіктерінің мемлекет тарапынан тиімді жұмыс істеуіне көмек көрсетуде қарастырылған.\r\n\r\nОңтүстік Қазақстан облысы, республикадағы ауыл шаруашылық саласының дамыған аймақтарының негізгілерінің бірі. Бұл аймақта республика халқының 15%-дан асатын, былайша айтқанда 2,3 млн-нан артығы тұрады. Аймақта халықтың өсуі, оның ішінде еңбек жасындағы белсенді жұмысшылардың көбеюі, оған керісінше өндірістік күштердің баяу дамуы, әлеуметтік — экономикалық мәселелерді тұрақты шешуді қиындатып отыр.\r\n\r\nОсы жағдайды еске ала отырып облыс көлемінде әсіресе, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті дамыту өзекті мәселелердің біріне айналуда.\r\n\r\nКейінгі жылдары облыс ауыл шаруашылық өнімін өндіруде, оның көлемін өсіруде біраз табысқа жеткенімен, бұл салада әліде болса пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер жеткілікті. Осыларды іске қосуда кәсіпкерлікті мұнан әрі қарай дамыту керектігін өмір көрсетіп отыр. Бұл туралы мемлекеттің Призеденті өзінің 2007 жылғы халыққа жолдауында былай деген: — «кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасауын нақты қайнарына айналуға тиіс».\r\n\r\nОңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша 2006 жылы облыс бойынша кәсіпкерлік субъектілері 119,0 млрд. теңгенің өнімін (көрсетілген жұмыстар мен қызметтер) өндірген немесе өткен 2005 жыл мен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,3 пайызға артқанын көрсетеді (сурет 3).\r\n\r\n2006 жылы кәсіпкерлікті колдау мақсатында облыстық бюджеттен, «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелеу» бағдарламасы бойынша 30,0 млн. теңге қарастырылған. Аталған несиелік қаржының 9,5 млн. теңге ауыл шаруашылығына, 10,0 млн. теңге ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге, 0,5 млн. теңге жылыжай соғуға 10,0 млн теңге қызмет көрсету саласына бағытталған.\r\n\r\nСурет 3 — Кәсіпкерлік құрылымдардың өндірген өнімінің көлемі (млрд.тенге)\r\n\r\nЕ с к е р т у — Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған\r\n\r\n \r\n\r\n2006 жылдың басында кәсіпкерлік құрылымдарына екінші дәрежелі банктерден – 17,03 млрд. теңге, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамның аймақтық филиалы — 38,7 млн. теңге, «Несие беру» Қазақстандық қоры — 1,72 млрд. теңге және «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры» қоғамдық қорына — 57,1 млн. теңге несие каражаттарын бөлді.\r\n\r\nҚазіргі кезеңде облыста — 77 микрокредиттік ұйымдар құрылған немесе өткен 2006 жыл мен салыстырғанда 28,0 пайызға өсіп, бұл республикадағы микрокредиттік ұиымдардың үштен бір бөлігін құрап отыр (кесте 2).\r\n\r\n \r\n\r\n2 кесте — 2004-2006 жылдар аралығында шағын бизнес кәсіпкерлеріне берілген кредиттік қаражаттар (млрд.теңге)\r\n\r\n \r\n
Көрсеткіштер | 2004\r\n\r\n | 2005\r\n\r\n | 2006\r\n\r\n | 2006 ж 2004 .% |
Кредиттік қаражат беруші ұйымдар;\r\n\r\nсоның ішінде:\r\n\r\nа) екінші деңгейдегі банктер\r\n\r\nб) микрокредиттік ұйымдар\r\n\r\nв) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы\r\n\r\nг) ауыл несие серіктестіктері\r\n\r\nд)«Қазақстандық несие беру қоры» Шымкент филиалы\r\n\r\nе)«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерді қолдау қоры»\r\n\r\nж) Облыстық бюджет | \r\n\r\n \r\n\r\n14458,0\r\n\r\n312,0\r\n\r\n \r\n\r\n221,\r\n\r\n \r\n\r\n1476,0\r\n\r\n \r\n\r\n1119,\r\n\r\n21,0\r\n\r\n33,0 | \r\n\r\n \r\n\r\n16438,0\r\n\r\n342,0\r\n\r\n \r\n\r\n241,0\r\n\r\n \r\n\r\n1576,0\r\n\r\n \r\n\r\n1139,0\r\n\r\n26,0\r\n\r\n35,0 | \r\n\r\n \r\n\r\n19999,0\r\n\r\n794,00\r\n\r\n \r\n\r\n387,0\r\n\r\n \r\n\r\n2205,0\r\n\r\n \r\n\r\n1721,0\r\n\r\n57,0\r\n\r\n30,0 | \r\n\r\n \r\n\r\n138,5\r\n\r\n253,3\r\n\r\n \r\n\r\n175,3\r\n\r\n \r\n\r\n149,4\r\n\r\n \r\n\r\n153,9\r\n\r\n264,4\r\n\r\n90,9 |
Е с к е р т п е — Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған |
\r\nКестедегі мәлеметтердің көрсетуі бойынша 2006 жылы барлық қаражат беруші ұйымдардың ішіндегі, микро кредитті ұйымдар үш есеге жақын, Оңтүстік Қазақстан облысының фермелер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры 2004 жыл мен салыстырғанда 2,6 есе несие беруді жоғарлатқан.\r\n\r\nОңтүстік Қазақстан облыстағы кәсіпкерліктің даму жағдайын аудандар бойынша талдайтын болсақ, Шымкент қаласы мен Мақтаарал ауданының басым үлестері байқалуда. Шымкент қаласында тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің саны 2005 жыл мен салыстырғанда 2006 жылы 27,4% төмендеген, ал Мақтаарал ауданында керісінше 6,1% өскенін көрсетіп отыр.\r\n\r\nОблыста, ауыл шаруашылғының жалпы өнім көлемі 2006 жылы тұтас алғанда 100,4 млрд. теңгені (ағымдағы республиканың орташа бағасы мен) құрады. Бұл 2005 жылдың тиісті кезеңі мен салыстырғанда 11,6% артық, оның ішінде мал шаруашылығы — тиісінше 41,9 млрд. теңге, немесе 41,6 %, өсімдік шаруашылығы – 58,9 млрд. теңге, немесе 58,4% құраған. 2005 жыл мен салыстырғанда — 16,1 және 5,6% артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің басым бөлігі Мақтаарал ауданы – 18,9 % немесе, 17,1 млрд. теңге. Сарыағаш — тиісінше – 15,8 % немесе 14,2 млрд. және Сайрам ауданы 10,3 % немесе, 9,3 млрд. теңгені құрайды.\r\n\r\nОблыс бойынша 2006 жылдың аяғында 70,88 мыңнан асатын шаруа (фермер) қожалықтары тіркелді. Оның 80,7 пайызы, белсенді өнім өндіретін шаруашылықтар қатарына жатады. Шаруа (фермер) қожалықтарының басым көпшілігі агроөнеркәсіп кешеніндегі шитті — мақта өндіретін аудандарда. Мысалы; Мақтаарал ауданында мұндай шаруашылықтардың саны 21,1 мыңнан артығырақ немесе облыстағы барлық шаруашылықтардың 29,8 %; Сарыағаш ауданында тиісінше – 8,5 мың немесе 12 %; Шардарада – 5,3 % немесе 7,5%; Ордабасыда – 4,8 мың немес 6,8%; Түркістанда 7,4 мың немесе 10,4% құрайды. (кесте 3).\r\n\r\n \r\n\r\n3 кесте — Облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығындағы тіркелген шаруа (фермер) қожалықтар мен онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны (1.01.2007ж)\r\n
Аудандар | Барлық тіркелген шаруашылықтар | Оның ішінде\r\n\r\nөнім\r\n\r\nөндіретіндері | Өнім өндіретін шаруашылықтардағы жұмысшылар саны мың адам | ||
саны | % | саны | % | ||
Облыс бойынша\r\n
\r\n \r\n \r\n \r\n \r\n \r\n \r\n \r\n \r\n |
70886\r\n\r\n1056\r\n\r\n7402\r\n\r\n24146\r\n\r\n4799\r\n\r\n2747\r\n\r\n8523\r\n\r\n5340\r\n\r\n19871 | 100,0\r\n\r\n1,4\r\n\r\n10,4\r\n\r\n29,8\r\n\r\n6,8\r\n\r\n3,9\r\n\r\n12,0\r\n\r\n7,5\r\n\r\n28,2 | 62906\r\n\r\n560\r\n\r\n5796\r\n\r\n20416\r\n\r\n4485\r\n\r\n1683\r\n\r\n8499\r\n\r\n4953\r\n\r\n16498 | 88,7\r\n\r\n53,0\r\n\r\n78,3\r\n\r\n96,5\r\n\r\n93,5\r\n\r\n61,3\r\n\r\n99,7\r\n\r\n92,7\r\n\r\n83,0 | 157,0\r\n\r\n1,7\r\n\r\n12,6\r\n\r\n71,2\r\n\r\n84,4\r\n\r\n4,7\r\n\r\n13,9\r\n\r\n15,1\r\n\r\n29,4 |
Е с к е р т п е — Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған |
\r\n \r\n\r\nҚазіргі нарықтық қатынас жағдайын, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерді материалдық — техникалық құралдар мен жабдықтайтын өнеркәсіп салалары мен байланыстыратын делдалдар арқылы жүргізілуде. Оның себебі ауыл шаруашылық өндірісінің өзіндік ерекшелігіне байланысты. Ол, материалдық-техникалық жабдықтаудағы ұйымдастыруы мен жоспарлаудағы өзгешеліктері. Осындай өзгешеліктердің бірі — ауыл шаруашылығында өндірістік кезеңнің жұмыс кезеңімен тура келмеуі. Мұнда өндірістік уақыт екі кезеңнен құралады: бірінші кезең — тікелей адам еңбегінің әсерімен жасалатын өндірістік процесс кезеңі, екіншісі — табиғи процестердің әсері мен жасалатын кезең. Осы процестер өндіріс нәтижесінде ауыл шаруашылығында, оның қоғамдық сипатына байланыссыз, ұдайы өндіріс табиғи процесі мен әрдайым бірігіп, тұтасып кетеді. Бұл жағдайлар ауыл шаруашылық өндірісі үшін маңызды экономикалық ерекшеліктер.\r\n\r\nСондықтан да, ауыл шаруашылығындағы барлық құрылымдардың, әсіресе кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеу үшін техникалық жарақтануы жоғары деңгейде болуы тиіс. Шаруашылықтардың кейінгі жылдардағы жабдықтану жағдайын мына төмендегі кестеден көруге болады (кесте 4).\r\n\r\n \r\n\r\n4 кесте — Облыстың ауыл шаруашылық кәсіпорындарының техникалық базасының көрсеткіштері (дана)\r\n\r\n \r\n
Көрсеткіштер | 2004\r\n\r\n | 2005 | 2006 | 2006 ж. %\r\n\r\n- 2004 ж. % |
Барлық маркалы тракторлар (арнайы машиналар қондырған тракторларды қосқанда) | 3379 2931 | 2199 | 2131 | 72,7\r\n\r\n |
Тракторлардың тіркемелері | 2399 | 2133 | 1825 | 76,1 |
Астық кептіргіштер | 405 | 3 10 | 153 | 37,8 |
Дестелегіштер | 230 | 190 | 121 | 52,6 |
Комбайндар:\r\n\r\nАстық жинайтын\r\n\r\nЖүгері жинайтын\r\n\r\nЖем-шөп жинайтын\r\n\r\nМақта жинайтын | 690\r\n\r\n57\r\n\r\n123\r\n\r\n313 | 671\r\n\r\n43\r\n\r\n82\r\n\r\n271 | 598\r\n\r\n35\r\n\r\n57\r\n\r\n198 | \r\n\r\n86,7\r\n\r\n61,4\r\n\r\n46,3\r\n\r\n63,3 |
Картоп қазатын және жинайтын машиналар | 15 | 13 | 12 | 80,0 |
Қызылша жинайтын машиналар | 2 | 2 | 2 | 100,0 |
Соқалар | 953 | 758 | 603 | 63,3 |
Трактор тырмалары | 154 | 117 | 87 | 56,5 |
Минералды тыңайтқыштарды шашатындар | 101 | 84 | 50 | 49,5 |
Тозаңдатқыштар | 158 | 83 | 87 | 55,1 |
Е с к е р т п е — Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментнің мәліметтерімен құрастырылған |
\r\n \r\n\r\nСоңғы кездерде, республикамызда ауыл шаруашылығын техникамен жарақтандыру деңгейін көтеру, ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру мен өңдеуді тұрақтандыру мақсатында бірқатар заңды және нормативтік актілер жарық көрді. Сондай құжаттардың бірі — агроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг жөніндегі қабылданған ережемен 2000 жылы қабылданған «Қаржы лизингі туралы» заң.\r\n\r\nАгроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг (агролизинг) — бұл уақытша пайдаланылмай жатқан немесе арнайы тартылған қаражатты инвестициялау есебінен, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының техникалық жарақтану деңгейін көтеру мақсатында машиналарды, жабдықтарды, көлік құралдары мен материалдарды тағы басқа өндірістік мақсаттарға тұрақты-жағдайларда ұзақ мерзімді жалдау. Яғни, лизинг — бұл арендалық операциялардың бір түрі, аренданың түрі (формасы) немесе басқаша айтқанда, ол құрылымы күрделі мүліктік қатынастар. Оны кәсіпкерлік қызметтің жаңа бір үлгісі деп те айтуға болады ( кесте 5).\r\n\r\n \r\n\r\n5 кесте — Оңтүстік Қазақстан облысының шитті-мақта өндіретін агроқұрылымдарда лизинг тәртібімен алынған техникалар, аудандар бойынша 2007 жыл көрсеткіші\r\n\r\n \r\n
Аудандар | Барлық\r\n\r\nалынған\r\n\r\nтехника\r\n\r\nсаны | Барлық\r\n\r\nқұны млн.\r\n\r\nтеңге | Оның ішінде | “БРК-Лизинг” АҚ-на техника тапсырылған сұраныстар | ||||
“КазАгро\r\n\r\nҚаржы” АҚ | Басқа меке\r\n\r\n-мелер арқылы\r\n\r\n | |||||||
дана | құны | дана | құны | дана | құны | |||
1.Арыс\r\n\r\n2.Мақтаарал\r\n\r\n3.Ордабасы\r\n\r\n4.Отырар\r\n\r\n5.Сарыағаш\r\n\r\n6.Түркістан\r\n\r\n7.Шардара\r\n\r\n8.Басқа аудандар\r\n\r\nОблыс бойынша барлығы | 6\r\n\r\n11\r\n\r\n16\r\n\r\n19\r\n\r\n28\r\n\r\n20\r\n\r\n20\r\n\r\n \r\n\r\n158\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n278 | 9,9\r\n\r\n25,9\r\n\r\n39,0\r\n\r\n9,2\r\n\r\n16,0\r\n\r\n21,2\r\n\r\n14,4\r\n\r\n \r\n\r\n194,6\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n330,2 | 5\r\n\r\n7\r\n\r\n6\r\n\r\n1\r\n\r\n3\r\n\r\n3\r\n\r\n4\r\n\r\n \r\n\r\n37\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n66 | 9,5\r\n\r\n24,3\r\n\r\n35,0\r\n\r\n2,0\r\n\r\n6,0\r\n\r\n14,0\r\n\r\n8,0\r\n\r\n \r\n\r\n146,2\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n245,0 | 1\r\n\r\n4\r\n\r\n10\r\n\r\n18\r\n\r\n25\r\n\r\n17\r\n\r\n16\r\n\r\n \r\n\r\n121\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n212 | 0,4\r\n\r\n1,6\r\n\r\n4,0\r\n\r\n7,2\r\n\r\n10,0\r\n\r\n7,2\r\n\r\n6,4\r\n\r\n \r\n\r\n48,4\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n85,2 | 7\r\n\r\n18\r\n\r\n56\r\n\r\n9\r\n\r\n48\r\n\r\n71\r\n\r\n15\r\n\r\n \r\n\r\n110\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n334 | 10,8\r\n\r\n74,5\r\n\r\n93,4\r\n\r\n18,1\r\n\r\n84,9\r\n\r\n123,1\r\n\r\n36,2\r\n\r\n \r\n\r\n264,1\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n705,1 |
Е с к е р т п е — Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған |
\r\n \r\n\r\nКестедегі көрсеткіштерге қарағанда лизинг шарт жасау жылдан жылға өріс алуда. 2007 жылға дейін лизинг шартымен барлығы 280-ге жуық техника алынса, 2008 жылдан бастап оның саны – 334-ке жетпек, ал құны 2 еседен артық (230,2-705,1).\r\n\r\nСонымен, ауыл шаруашылық құрылымдарда кәсіпкерлікті дамыту, материалдық-техникалық базаны жетілдіруді талап етеді.\r\n\r\nАуылдағы өндірістерде лизингтік қатынастарды ары қарай дамыту үшін және облыстағы машина трактор паркін жаңарту мақсатында «Ауыл көмек» жабық акционерлік қоғам құрылуда. Оның акционерлері — мемлекеттік мүлік пен коммуналдық меншік жекешелендіру басқармасының департаменті, «МТС агросервис», «Интеграция агрохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен «Алатау» жабық акционерлік қоғамы болып отыр.\r\n\r\nПрезиденттің кейінгі жылдардағы Қазақстан халқына жолдауларында экономиканың тұрақты дамуына бағытталған мәселелердің кең өріс алуы үшін жағдай жасау керектігін, әрбір іскер қазақстандық инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс және кәсіпкерліктің жаңа идеологиясын қалыптастыруын керек екенін атап өтті.\r\n\r\nОсындай жаңа инновациялық экономиканы құрудың арқасында кейбір ұйымдасқан өндірістік кооперативтердегі кәсіпкерлер өздерінің құрылымын өзгертуде және экономикалық көрсеткіштері өсуде. Оған мысал, кейінгі үш жылдағы (2004-2006ж.) «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің дамуы дәлелдейді (кесте 6).\r\n\r\n \r\n\r\n6 кесте — «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің динамикасы\r\n\r\n \r\n
Көрсеткіштер | Бірлік өлшемі | 2004ж | 2005ж | 2006ж | 2005ж %\r\n\r\n2004 жылға | 2006ж % 2005\r\n\r\nжылға | 2006ж\r\n\r\n%\r\n\r\n2004 жылға |
Сатылған өнім | Мың теңге | 47504 | 58945 | 75650 | 124,08 | 128,3 | 159,2 |
Сатылған өнімнің өзіндік құны | Мың теңге | 41455 | 48760 | 56445 | 117,6 | 115,7 | 136,1 |
Алынған табыс | Мың теңге | 6049 | 10185 | 19205 | 168,4 | 188,5 | 317,5 |
Қосымша шығындар | Мың теңге | 1245 | 2350 | 3640 | 188,7 | 154,9 | 292,4 |
Табыс салығы | Мың теңге | 483 | 814 | 1536 | 168,5 | 188,7 | 318 |
Таза табыс | Мың теңге | 4321 | 7021 | 14029 | 162,5 | 199,8 | 324,7 |
Рентабельділік | % | 9,1 | 11,2 | 18,5 | 121,7 | 165,2 | 203,3 |
Жұмыс істейтіндер | адам | 129 | 137 | 150 | 106,2 | 109,5 | 116,3 |
Орташа айлық еңбекақы | Теңге | 13000 | 17000 | 22000 | 130,7 | 129,4 | 169,2 |
Е с к е р т п е– «Ынтымақ» өндіріс кооперативінің мәліметтерімен құрастырылған |
\r\n \r\n\r\nҚазіргі кезеңде бұл бастамшылық стратегиясында қойылған мақсаттар бірлесіп тиімді жұмыс істеуге кірісе бастады.\r\n\r\nИндустриялық-инновациялық даму стратегиясы ісін жүзеге асыру нәтижесінде өнімнің бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың көлемінің өсіміне жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру, жаңғырту негізінде елдің экономикасының ұзақ мерзімді тұрақты өсімі қамтамасыз етілетінін тәжірибелер көрсетуде.\r\n\r\nРеспублика саяси және экономикалық тұрақтылық жағдайына, жету мақсатында ұзақ мерзімді стратегиялық саясаты негізіндегі инновациялық бағыттарға бет алған мемлекет болып табылады. Осыған орай, көптеген елдердің тәжірибесі қолда бар мүмкіндіктерден бастау қажет екендігін көрсетіп отыр. «Біз іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет», — деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан халқына жолдауында. Республиканың индустриясын-инновациялық дамытуда кластерлік-желілік әдістемені қарастыруымыз керек.\r\n\r\nКластер мен экономика өзара тығыз байланысты. Бұл әсіресе кәсіпкерліктің ұлғайып дамуына және өз потенциалын толық жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен, қатар құрылған тауар өндірушілердің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдағы – «Оңтүстік Арнайы Экономикалық Аймақ» болып отыр (сурет 4).\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСурет 4 — ОАЭА кәсіпкерлік субъектілерінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы кластерлік дамуы\r\n\r\nЕ с к е р т п е – автормен құрастырылған\r\n\r\nБұл, ОАЭА инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілерге кедендік құжаттарды рәсімдеуде және салық төлемдеріне арнаулы жеңілдіктер енгізу қолға алған. Бұл шаралар кәсіпкерліктегі жаңа кәсіпорындардың ашылуына позитивтік ықпал етіп, облыстағы нақтылы сектордың дамуына жаңа өріс береді. Ауыл шаруашылығындағы, әсіресе мақта өндірісімен айналысатын кәсіпкерлердің дамуына теріс әсерін тигізіп отырған негізгі мәселелердің бірі шаруа (фермер) қожалықтардың ұсақ құрылымдардың көптігі.\r\n\r\nБұл мәселе жөнінде мемлекет Президенті 2005 жылғы қаңтар айының 31 жұлдызындағы республикалық ауыл шаруашылық мәселелеріне арналған кезекті Кеңесте, ауыл шаруашылығының дамытудың жаңа кезеңі басталды деген сөзінде, — «қазір ауыл шаруашылығында ұсақ құрылымдар басым. Олар қазіргі замандағы аграрлық технологияны тиімді қолдана алмайды. Болашақта ауыл шаруашылығында орта және ірі тауар өндірушілердің көбеюіне сенім мол. Халқаралық тәжіребе оны растайды», – деген ойды айтты.\r\n\r\nОсыны ескере отырып, тұрақты және мол көлемде өнім өндіру үшін кейінгі жылдары ( 2007 жылдан бастап) Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда ұсақ шаруа қожалықтар өз еркімен біріктіріліп ірі және орта өндірістік кооперативтер ұйымдастыруды қолға ала бастады ( кесте 7).\r\n\r\n \r\n\r\n7 кесте — Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары бойынша мақта өндіретін құрылымдардың ірілену жағдайы 1.10.2007 жыл\r\n\r\n \r\n
Аудандар | Шаруа қожалықтардың барлығы | Оның ішінде іріленгенге қосылғандары | ||
саны | барлығы % | саны | барлығы % | |
\r\n
\r\n \r\n2.Мақтаарал\r\n\r\n3.Ордабасы\r\n
\r\n \r\n \r\n6.Түркістан\r\n\r\n7.Шардара\r\n\r\nОблыс бойынша барлығы |
1342\r\n\r\n21186\r\n\r\n4304\r\n\r\n3188\r\n\r\n8186\r\n\r\n7346\r\n\r\n5340\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n50880 | 2,6\r\n\r\n41,6\r\n\r\n8,5\r\n\r\n6,3\r\n\r\n16,1\r\n\r\n14,4\r\n\r\n10,5\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n100,0 | 233\r\n\r\n3739\r\n\r\n928\r\n\r\n313\r\n\r\n1229\r\n\r\n1940\r\n\r\n1362\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n9744 | 17,4\r\n\r\n17,9\r\n\r\n21,6\r\n\r\n10,0\r\n\r\n15,4\r\n\r\n26,4\r\n\r\n25,5\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n19,2 |
Е с к е р т п е- Оңтүстік Қазақстан облыстық статистикалық басқармасының мәліметтерімен құрастырылған |
\r\n \r\n\r\nКестедегі көрсеткіштерге қарағанда 2007 жылдың соңына таман облыстағы 51 мыңға жуық мақта өндіретін шаруашылықтардағы, шаруа қожалықтарының 19,0 пайызынан асатыны ірі және орта өндірістік кооперативтерге өз еркімен, өз жеке меншік пайларымен бірге бастаған. Олардың бірігуі, ондағы жұмыс істейтін кәсіпкерлердің тиімді жұмыс атқаруына, сапалы, мол көлемде өнім өндіруіне мүмкіндік жасай бастады. Мысалы; Ордабасы ауданындағы мақта өндіретін өндірістік кооперативтегі кәсіпкерлер, К.Спатаев атындағы 2007 жылы өздеріндегі 240 гектарлық мақталық егістіктен, әр бір гектарынан 29,4 центнерден шитті-мақта өнімін өндіріп коллективтің тиімділігін 46,1 пайызға көтерді. Ал, Шардара ауданындағы (Бірлік) өндірістік кооперативіндегі кәсіпкерлер әрбір гектардан 36,4 центнерден мақта өнімін өндіріп, өндірістің тиімділігін 53,2 пайызға жеткізді т.б.\r\n\r\nКәсіпкерлердің тиімділігін арттыратын, бәсекелікке лайықты өнім өндіретін мәселелердің бірі — өндірістік кооперативтерді тездетіп ұйымдастыру керектігі туып отыр. Бұл жөнінде мемлекеттің Президенті 2007 жылғы наурыз айының 5 жұлдызындағы агроөнеркәсіп кешеніндегі мәселелеріне арналған республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде бұл жөнінде тағы да тоқтала келіп быйлай деді: -«Республикамызда әзірге ұсақ тауарлы қара дүрсін технологияны пайдаланатын бытыраңқы өндірістер көп болып тұр. Ал, енді айтарлықтай экспорттық әлеуеті бар бірде-бір консерн жоқ».\r\n\r\nОсыны ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауыл шаруашылығындағы, 2007 жылдың басындағы, 67,5 мыңға жуық кіші шаруа қожалықтары өз еркіменен біріктіріліп, іріленген 9170 өндірістік кооперативтер ұйымдастырылды. Бұл процесс кәсіпкерлердің тиімді, сапалы жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтын жолдың бірі, оны көптеген кооперативтердің тәжірибелері көрсетіп отыр. Бұған мысал ретінде «Ынтымақ» өндіріс кооперативінің 2007-2009 жылдарға арналған экономикалық болжам көрсеткіштерін айтуға болады\r\n\r\n( кесте 8).\r\n\r\n \r\n\r\n8 кесте — «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің экономикалық қаржылық жағдайына болжам (млн. теңге)\r\n\r\n \r\n
№\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1\r\n\r\n2\r\n\r\n \r\n\r\n | Негізгі\r\n\r\nкөрсеткіштер | 2004-2006жж\r\n\r\n(орта есеппен) | Орташа\r\n\r\nжылдық өсім | 2006ж нақты | 2007ж\r\n\r\nнақты | 2008ж\r\n\r\nжоспар | 2009ж\r\n\r\nжоспар |
Сатылған өнім | 60,699 | 14,073 | 75,150 | 93,500 | 120,104 | 151,322 | |
Алынған Табыс | 11,813 | 65,78 | 19,205 | 34,901 | 60,808 | 108,023 | |
\r\n\r\nТаза табыс | 8,457 | 4,854 | 14,029 | 25,305 | 45,012 | 85,523 | |
Е с к е р т п е – «Ынтымақ» өндіріс кооперативінің мәліметтерімен құрастырылған |
\r\n \r\n\r\nКестедегі көрсеткендей 2009 жылы сатылған өнімнің өсуі екі еседен артады, 2004-2006 жылдарға қарағанда. Ал, алынатын таза табыстар сәйкесінше 14 пайыздан 85,5 пайызға өседі.\r\n\r\nСоныменен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындардағы жұмыс істейтін (өнім өндіретін) кәсіпкерлердің жұмысын зерттеу және талдау барысында, олардың агроқұрылымдардағы ерекшілігін ескере отырып тиімді және тәртіпті түрде мәселелерін шешу үшін ұтымды бағдарламалар қабылданып оларды жүзеге асыру мәселесі өзекті жұмыстардың біріне айналуда.\r\n\r\nҚОРЫТЫНДЫ\r\n\r\n \r\n\r\nЖұмысты қорытындылау барысында, негізгі тұжырымдамалар жасалынып, зерттеу нәтижелерінен ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің істерін (бизнесін) дамыту үшін мынандай ұсыныстар тұжырымдалды:\r\n
- \r\n
- Нарықтық қатынас жағдайында, кәсіпкерлік – күрделі және көп мағыналы мәселе. Ауыл шаруашылығындағы бұл жұмыс, агроөнеркәсіп кешенінің экономикасын дамыту үшін, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) арасындағы нақты қарым қатынастар жиынтығы және ол тікелей мемлекеттің, кәсіпорындардың ықпалында болады. Осыны ескере отырып, зерттеу барысында ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлікті қалыптастыру заңдылықтары және оның көп тармақты экономикадағы негізгі факторлары мен әдістемесі талданған.
- Ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлікті реттеу (жетілдіру) барысында дүние жүзіндегі экономикасы дамыған мемлекеттердің бағдарламалары мен үлгілері зерттеліп, олардың негізінде республикадағы, оның ішінде аймақтардағы ұтымды кәсіпкерлікті жетілдірудің мынандай бағыттарын ұсынуға болады:
\r\n
\r\n
\r\n-кәсіпкерлікті жетілдіруге бағытталған еңбек заңдарының тұрақтылығын негіздеу, ол үшін кәсіпкерлерден алынатын салық мөлшерін төмендету,ал кейбір кәсіпкерлерге салынатын салық мөлшері 0,1 пайыздан көтермеу және салық төлеуден толық босатуды қарау;\r\n\r\n- республикадағы кәсіпкерлік қатынастарды дамыту, халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) қолдауымен, халықаралық стандартқа сәйкестігін қамтамасыз ету;\r\n\r\n- мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі керектігін жандандыру, халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын дамытуға айрықша назар аудару;\r\n\r\n-кәсіпкерлік жұмысты дамыту үшін әлеуметтік әріптестік институттарын, олардың жүйесін тұжырымдау, әдістемелік, теориялық және тәжірибелік негіздерін құру;\r\n\r\n-жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауда белсенді шаралар қолдау негізінде, оларды тиімді бағалау қажет.\r\n
- \r\n
- Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық саласының кәсіпкерлік ерекшеліктерін айқындай отырып, осы кезеңдегі саланың дамуы жағдайындағы жұмыспен қамтылғандар үлесі қалаларға қарағанда ауылдық жерлерде төмендеу болып отыр. 2007 жылы кәсіпкерлік жұмыстың тиімділігі бұрынғы жылдармен (2004-2006) салыстырғанда 48,4% — дан аспаған. Мұның басты себебі, әлде болса ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне толық жағдай жасалмаған. Мысалы; тозған техникамен жұмыс істеуі, жаңа техника алуға қаржының жетіспеуі, техниканың қымбат бағалылығы, еңбек ұйымдастырудағы және еңбек ақы төлеудегі кемшіліктер, ерекшеліктер, шаруа (фермер) қожалықтарында жаңа технологияны және техниканы қолданбауы тағы басқалар.
- Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлердің жұмысын реттеуді жетілдіру, ондағы жұмысшы – қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын қорғау үшін кәсіби жағынан оларды дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын қабылдаудың қажеттілігі тууда. Сонымен бірге, кәсіпкерлікпен айналысатын тауар өндірушілердің тиімді жұмыс істеуіне мемлекет тарапынан қолдау жасау, кәсіпкерлікке мамандандыру, оған инвестиция тарту.
- Ауыл шаруашылығында тауар өндірушілердің өнімдерін өңдеумен қайта өңдеудің кластерлік жүйесін қалыптастыру барысында, жаңа жұмыс орындарын ашудың мүмкіндіктерін қарастыру. Сонымен бірге, кәсіпкерлікті келешекте дамыту үшін ауыл шаруашылығындағы құрылымдарымен ұйымдардың қазіргі кезеңдегі өндірістік қуаттарын толық және тиімді пайдалану.
- Агроөнеркәсіп кешенді реформалауда республикадағы ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлерге шаруашылық жүргізудің өз жолын таңдауға мүмкіндік беру. Меншік иелеріне экономикалық дербестілігін сақтай отырып, өзінің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғайтын ірі құрылымдарды (өндірістік кооперативтерді) ұйымдастыру. Интиграцияның мұндай жолы кәсіпкерлердің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайтынын дүние жүзіндегі экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Бүгінде әлемде жетпістен астам мемлекеттің, жүз жетпіс ұлттық одағын біріктіріп халықаралық кооперативтік альянсқа бірігіп алты жүз млн — нан аса кооперативтер жұмыс істеуде.
- Ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлердің материалдық — техникалық жабдықтау жүйесін дамыту үшін:
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n
\r\n- техника, энергетика және материалдық ресурстардың бағасының жоғары болуына байланысты, ауылдық тауар өндіруші кәсіпкерлердің төлем қабілетін көтеру үшін, ресурстар өндіруші салалардың қуаттылық деңгейін толық пайдалану мақстатында, лизинг негізінде қызмет көрсету заңын “Қаржы лизингі туралы”, заңын жетілдіру қажеттілігі туып отыр;\r\n\r\n- өндіріс құрал — жабдықтар нарығында бәсекелестіктің болмауы жағдайында ресурс өндіруші сала кәсіпорындардың монополистік үстемдігін сақтауда. Осыны жою үшін, ресурс өндіретін кәсіпорындардың санын көбейту, сол арқылы өнеркәсіп өнімдері мен ауыл шаруашылық өнімдері арасындағы баға паритетін теңестіру;\r\n\r\n- лизингке берілетін техникалардың пайызын кәсіпкерлер үшін төмендету және лизинг беру мерзімін ұлғайту;\r\n\r\n- ауыл шаруашылығында тауар өндіруші кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан техника жөнінде сараптамалық бағдарлама қабылдау, ол үшін біртұтас техникалық саясатты жүргізу.\r\n
- \r\n
- Оңтүстік Қазақстан облысында «Еркін Экономикалық Аймақ» (ЕЭА) құру, сол арқылы мақта кластерін жетілдіру, облыстың экономикалық дамуына оң әсерін тигізумен қатар, бүкіл республиканың әсіресе, мемлекеттің дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ ) кіруіне және экономикасы дамыған елу мемлекеттің қатарына енуіне мүмкіндік беретін, отандық ауыл шаруашылық өнімдерін бәсекелікке қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік жасайтынын ескере отырып, банк жүйесіндегі микрокредиттік жүйені жетілдіру керектігі туып отыр.
\r\n
\r\nБұл мәселе ауыл шаруашылығындағы өнім өндіретін және қызмет көрсететін кәсіпкерлер үшін, жергілікті ауылдық жерлерде “Бір терезе қағидасы” бойынша қаржы маркетингін қалыптастыру, бизнесті қолдайтын арнаулы алаңдар, инновациялық және ғылыми венчурлық өндірістерді құру олардың өндірістегі кәсіпкерлермен байланысын реттеуді жолға қоюға мүмкіндік береді.\r\n
- \r\n
- Мемлекет Президентінің наурыз айының бірінші жұлдызындағы 2007 жылғы, Қазақстан халқына жолдауындағы кәсіпкерлерді дамыту жөніндегі қойған талабын іске асыру үшін, ауыл шаруашылық саласында жоғарғы ірі техниканы тиімді пайдалану, кәсіпкерлік жүйені ұқыпты түрде іске қосу үшін, несиелерді, басқада ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығындағы тауар өндіруші кәсіпкерлерді өндірістік кооперетив жүйесінде жұмыс істеуге ұйымдастыруды мемлекет тарапынан қолға алу, ұсақ тауарлы өндірістерге бағытталған құрылымдарды қысқарту, ақпараттық – маркетингтік жүйесін дамыту, бұл жөнінде “Ынтымақ” өндірістік кооперетивінің тәжірибесін пайдалану ұсынылады. Бұл жүйе қорларды пайдалану, лизингі жүйесін дамытуды, машина технологиялық станциялардың тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасап, кәсіпкерлердің еңбек ұйымдастыруына және еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.
\r\n
\r\n \r\n\r\nДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАСПАҒА ШЫҒАРЫЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ТІЗІМІ\r\n\r\n \r\n\r\n1 Кәсіпкерліктегі инновацияны дамытудағы негізгі қатынастарға әсер етуші жағдайлар. // С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университет «Ғылым жаршысы» журналы № 2(49) / — 2008 жыл 7 б.\r\n\r\n2 «Ынтымақ» өндірістік кооперативінің 2007-2010 жж. Арналған қаржылық жағдайының болжамын талдаудың маңызы. // С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университет «Ғылым жаршысы» журналы № 3(50) / — 2008 жыл 7 б.\r\n\r\n3 Основные направления научно-технического прогресса и его роль в развития агропромышленного комплекса (на материалах ЮКО хлопководства) // Международная научно-практическая конференция «Качество образования: менеджмент, кредитная система обучения, достижения проблемы» в рамках Y Сатпаевских чтений, посвященная 15-летию независимости РК 12-14 апреля 2006 года 4 п.л.\r\n\r\n4 Агроқұрылымдарда кәсіпкерлікті дамытудағы қаржылық жағдайының болжамын талдаудың маңызы.// Гумелев атындағы ЕҰУ «Хабаршы» журналы № 1(63) экономикалық серия 2 шығарылым — 2008 жыл 11б.\r\n\r\n5 Ауыл шаруашылық өндірісте еңбекті ұйымдастыру, ақы төлеуді жетілдіру. //Халықаралық бизнес университеті «Хабаршы» журналы №3 2008 ж 5б.\r\n\r\n6 Агроқұрылымдағы кәсіпкерлерде шаруашылық механизімін жетілдіру.// Қ.А.Ясави атындағы Халықаралық Қазақ Түрік унверситеті «Хабаршысы» журналы № 1 (61) 2008 жыл 5б.\r\n\r\n7 Повышение эффективности агропромышленного комплекса в ЮКО (на примере хлопководства) // Труды международной-научно практической конференции Ауезовские чтения -3 Южно-Казахстанский Государственный Университет именим М.О.Ауезова том –IY 27-30 ноябрь, Шымкент 2001 год 6 п.л\r\n\r\n8 Состояние и некоторые вопросы развития сельскохозяйственного производства.// Алматинский институт экономики и статистики. 10 лет независимости Казахстана матриалы международной научной конференции «Региональные проблемы реализации рыночных реформ на постсоветском пространстве» І-часть Актобе 2001г 7 п.л.\r\n\r\n9 Аграрлық өндірістік кешенінің даму жолындағы ғылыми техникалық прогрестің әсері // Халықаралық ғылыми конференция Қазақстан экономикасының тұрақтануынан кейінгі (кейбір) даму моделі, 1 бөлім, маусым 6-7. Алматы 2001 ж 5 б.\r\n
- \r\n
- К вопросу развития мирового хлопка и роли в ней стран СНГ // Научные труды ЮКГУ им. М.О. Ауезова Шымкент № 2-3 2002 г. 4 п.с 6 п.л
\r\n
\r\n11 Особенности рынков сбыта и положение в них отечественных товаропроизводителей // Научные труды ЮКГУ им. М.О. Ауезова Шымкент № 2-3 2002 г. 4 п.с