« Ақпараттық технологиялар» түсінігінің оқу үрдісіндегі мәні

0

 \r\n

Төлебаева   Аралкүл   Қанатқызы 

\r\n

Информатика пәнінің мұғалімі

\r\n

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы 

\r\n

№94 орта мектеп

\r\n   Біздің  елімізде  оқу  барысы  ақпараттық-коммуникациялық  технологиямен  қамту  бұл  күнде білім  жүйесіндегі  кәдуілгі  жұмыстардың  біріне  айналды. Компьютерлер,  интернет,  электрондық  оқулықтар  оқуды  мейлінше  қызықты  ете  түседі. Көрнекілік-  оқу нәтижесінің  сапасына  оң  әсер  етері  сөзсіз.\r\n\r\nИнтернетке  қосылған  мектептердің  саны  жыл  сайын  артып  келеді.  Бүгінгі  таңда  еліміздің   барлық  мектептерінің ғаламторға  қосылып, осы  арқылы  өмірдің  кез  келген  саласынан  көптеген  ақпараттар  жиналған  мүмкіндік  жасалған. Ал  қашықтықтан  оқытуды  өндіріске  енгізуге  байланысты, оқыту теледидарын  пайдалануға  орай және  оқытушылар  мен оқушылардың  білім  порталы  қорына  ену  мүмкіндігі  жақсаруы  үшін республика  мектептерінде  интернеттің  кең  ауқымды, шапшаң  түрін  пайдалануға  көшіп  жатырмыз.  Тек  соңғы  айда  ғана  10 мың  мектепте  интерактивті  оқыту  жүйесін  енгізуге  орай  техникалық  мүмкіндігі  бар  мектептерде  интернеттің  кең  ауқымды  шапшаң  жүйесі  пайдалануға  берілді.  Қазақстанда  тұңғыш  рет  мемлекет  басшысының  қатысуымен  жалпы  білім  беретін  мектептер  үшін  онлайн  тәртібіндегі  интерактивті  сабақ  өтетін  болды. Мұндай  сабақты  ұйымдастыру,  сөз  жоқ, тәрбие  жұмысына  зор  ықпал  етпек.  Отанға  деген  сүйіспеншілік, өз  елің  үшін  мақтану,  оқушы  санасында  азаматтық  ұстаным  қалыптастыру  секілді  сезімдерге  түрткі  болатын  осынау  сабақтан  біздің  күтетініміз  мол.\r\n\r\nАқпарат  ертеректе  шешім  қабылдау  үшін  бюрократтық  жұмыстың  шектеулі   құралы  ретінде  саналды. Ал  бүгін  ақпаратты  қоғамның  дамуының  негізгі  ресурстарының  бірі  ретінде, ал  ақпаратты  жүйелер (АЖ)  мен  ақпараттық  технологиялар (АТ)  адамдардың  жұмысының  өнімділігін  және  тиімділігін  арттыратын  құрал  есебінде  қарастырылады.\r\n\r\nАТ  және  АЖ-лар – өндіріс,  басқару  және  экономика  салаларында  кең  түрде  қолданыс  тапты.  Оларды  басқа  салаларға да енгізіп  және  белсенді  түрде  қолдану  қажеттілігі  туындады.  Бұл  оларды  негізінен  қай  салада  пайдалануымыз  туралы  көзқарасымызды  анықтап  берді. АЖ   мен  АТ-ларды  қолдануда,  ең  бастысы  оларды  кез  келген  салада  өнімділікті  аттырып  және  шешім  қабылдауға  қолқабыс  құралы  ретінде  қарастырылуына  көңіл  аударылады.\r\n\r\nБүгінде,  Қазақстан  білімді модернизациялаумен  сипатталатын  өзінің  дамуындағы  маңызды   кезеңді   бастан  өткеруде  және  мемлекетіміздің  әлемнің  білім  кеңістігіне  кіру  жолдарын  іздеу  үстінде.  Ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар  қоғамының,  экономика  мен  әлеуметтік  салалардығ  барлығында  терең  орын  алуда.  Сол  себепті,  Президентіміздің 2004 жылы 19 наурызындағы « Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін, бәсекеге  қабілетті  экономика  үшін, бәсекеге  қабілетті  халық  үшін» атты Қазақстан  халқына  Жолдауы    [1]  негізінде  2004жылдың 11  қазанында  бекітілген « Қазақстан  Республикасында  білім  берудің 2005 -2010  жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы»  келіп  туды[2].  Бұл  бағдарлама  Қазақстан  Республикасының  2010 жылға  дейінгі  Стратегиялық даму  жоспарына  сәйкес  әзірленді.\r\n\r\nҚазіргі  кезеңдегі  білім  беру  саласында  ғылыми  негізделген  жаңа  технологияларды  қолдану АӘД оқытушы-ұйымдастырушысын даярлауға үлкен талаптар қояды.Г.А.Бордовский айтқандай,»….қазіргі кезде білім саласындағы маманға үздіксіз педагогикалық жүйесін жүзеге асыру үшін құрылымдық,мазмұны мен ұйымдастыру сапалары түбегейлі өзгертілген жаңа талаптар қойылады» (4,3-Б.).\r\n\r\nБілім проблемаларына назарды күшейту,оны жаңа биік деңгейлерге көтеру қажеттілігі бірқатар мемлекеттік құжаттарда атап көрсетіледі.Солардың бірі «Ақпараттындыру жайлы» ҚР-ның 2003 жылғы заңы (3)ҚР-ның 2002-2004 жылдарға білім жүйесін ақпараттындыру концепциясы және т.б.\r\n\r\nКонцепцияда дәстүрлі және жаңа технологияларды ұштастыра отырып,қазіргі заман талаптарына сай оқытудың ақпараттық ортасын қалыптастыру көзделген.\r\n\r\nПрезидентіміз бекіткен 2005-2010 жылдарға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей,«Нарықтық заманда жан-жақты білімді,өмір танымы кең,таңдалған салада жұмыс істеуге дағдыланған кәсіби даярланған педагогтар қажет.Ол технологиялардың жан дүниесін жақсы тани білуге,көп тілді және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды жете меңгерген болуы тиіс (2).Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар(АКТ)негізінде білім саласын жүйелі дамыту –ұлтымыздың ең басты тапсырмасы.АКТ-ларды қолдану әлемдік білім беру кеңістігіне кіру жолында,бәсекеге ұлттық жүйені  қалыптастыруда шешуші маңызды орын алады. Дегенмен, АКТ-ларын білім беру  жүйесіне енгізу  барынша  тиімді  болды деп айтуға  негіз  аз, себебі жаңа ақпараттық технологиялардың  (ЖАТ) бар  мүмкіншіліктерін іс жүзінде толық   пайдалана   алмай  отырмыз. Компьютерлік  технологиялар білім беру мекемелерінде   оқу   үрдісінде   емес, негізінен  есептік  құжаттарды дайындауға  ғана  қолданылып   жүр.Өйткені, біздіңше  білім  беру   мекемелерінің   материалдық-техникалық  базасын  нашар қамтылғандығында емес, оқытушылардың қазіргі ақпараттық технологияларды (ҚАТ) қолдануға жеткіліксіз даярлығында.\r\n\r\nҚоғамымызда, компьютер пәндік сабақтарды өту барысында  оқитындарды   дараландыру  және  жалпылық  оқытуда   оқушының  кейбір   функцияларын   орындайтын  дидактикалық   құрал   ретінде   қарастырылады. Бұлай  шектеулі  және  толыққандылықсыз  қабылдау қате. Отандық жәнешетел ғалымдарының зерттеулерінің нәтижелері  анықтағандай,компьютерлік  технологиялар   білім  беру  саласында  оқытудың  нысанын,мәні  мен  қалпын өзгерткен  жағдайда  ғана  тиімді  екен. Бұл  ретте  компьютер  тек  оқыту  құралы  емес,оқыту  үрдісінің  барлық  субьектілерінің  өзара  әрекеттесуін  ұйымдастыру  құралы  ретінде, оқытуда    даралық-бағыттылықты  жүзеге   асыру  үшін  қолданылуы  тиіс.\r\n\r\nҚазіргі  уақытта  білім   беруде  комьпютерді қолдану үшін  көрсетілген  ғылыми  көзқарас  оқытушылардың дайындығына аса көңіл  бөлу қажеттілігін айқындайды. Олар тек жаңа педагогикалық талаптарға ғана сай болып қоймай,сонымен  бірге оқитындардың  даралығын  дамытып,оның  творчестволық   қабілеттілігін   шыңдайтын   ақпарыттық  технологияларды  да   меңгеруі   қажет.Қазіргі  кезеңде  бұның  бәріне  ақпараттық  ресурстар  жайлы   білімінсіз,олармен  жұмыс  істеу  біліктілігінсіз  қол  жеткізу  мүмкін  емес.Аталған  мәселені   қарастырардан  бұрын  “ақпараттық  технологиялар”түсінігінің  оқу  үрдісіндегі  мәнін   анықтап  алған  дұрыс.[5]\r\n\r\nҒылыми  тұрғыдан  алып  қарағанда  “ ақпараттық  технолгиялар”түсінігіне  түрлі  көзқарас  бар.В.Ф.Шолховтың    анықтамасында  ақпараттық  технологиялар-адамдардың  білімін   кеңейтіп  және  олардың  техникалық  және  әлеуметтік  үрдістерді  басқару   мүмкіншілігі дамытатын  ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау,өңдеу,ұсыну  әдістері  мен техникалық  құралдардың   жиынтығы[ 6,364].\r\n\r\nН.В.Макарова  жаңа   ақпараттық   технологияларға “қолданушының жұмыс орнындағы дербес компьютерлер,компьютерлік желілер және байланыс  құралдар базасына сай  ақпараттық техникаларды”жатқызады[7].\r\n\r\nИ.В.Роберт жаңа ақпараттық  технологшиялар деп  микропроцессорлық,  есептегіш  техникалар  базасында жұмыс  істейтін   бағдарламалық —  аппараттық   құралдар   мен   құрылымдарды, сонымен  бірге қазіргі  уақыттағы  ақпарат  жинау,ауысу, қамтамасыз  ету , жинақтау , сақтау,өңдеу, ұсыну жүйелерін  сынайды  [8].\r\n\r\n“Ақпараттық технологиялар” жайлы  әртүрі түсініктерді  талдай отырып, В.Ф.Шолоховтың анықтамасының біздің зерттеумізге жақындығын  айқындадық.Ілгеріде біз педагогикалық  ақпараттық технологиялар  ретінде комплекттік оқыту  үрдісінде  ұштастырылып     қолданылған  компьютерлік  және  ақпараттық техникаларды  түсінеміз. Педагогикалық білім берудің   ақпараттық  технологиялар  құралдарына  кең  түрде  таралған  және  жиі қолданылатын: дара компьютерлерді ; аудио- бейне, кино- және  мультимедиа  жүйелерін;электрондық  оқулықтарды;элоктрондық кітапхана каталогтарын;деректер  қорымен  базаларын;электрондық  пошта  және т.б.  жатқызады.\r\n\r\nБеріллген  тақырып  жайлы  ғылыми –педагогикалық әдебиеттермен  танысу,ақпараттық технологияларды  қолданып  келешек  педагогты  даярлау  үрдісінде  біз  үшін  басты үш бағытты  анықтап  береді :интеллектуалды  оқыту  жүйелерін  ,жасанды   интеллект жүйелерін   қолдану  ;гипермедия жүйелерін,электрондық  кітаптарды ,оқулыққа     арналған  бағдарламалыққұралдарды  жетілдіру,автоматтандырылған оқыту жүйелерін   қолдануды;телекоммунациялыққұралдарды  қолданушы мен деректер  базасы   арасында ақпараттармен  ауысып  отыру  үшін(компьютерлік,телефондық,телевизиялық  және  спутниктік  байланыс)пайдалану[6].\r\n\r\nҚазіргі  уақыттағы  ақпараттық  технологиялардың  жоғарыда  көрсетілген артықшылықтарыбізге әлемдік  тәржірибені  және  білім  берудің  әлемдік  даму  деңгейін  ескере  отырып ,мамандар дайындау  үрдісінде  жаңа танымдық  құралдарын  кеңінен  қолдануға мүмкіншілік береді . Ал,педагоготардың күнделікті кезіктіретін  жжеткіліксіздіктер мен  қиыншылықтарды  атап  өтсек ,ол:\r\n\r\n-оқу  үрдісінде  қолдануға  болатын  ,күрделі сараптаудан  өткен және  рұқсат  етілген  бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  жоқтығы  (электрондық  оқулықтар,автоматтандырылған     оқыту  бағдарламалары  және т.б.);\r\n\r\n-соның  салдарынан  -бағдарламалау біліктілігін  қажеттідеңгейде  меңгермеген  пелагогтар   құрастырған,нашар  орындалған   элекктрондық  басылымдар  мен  авторлық  бағдарламалар;\r\n\r\n-бағдарламау  саласындағы   мамандар  бағдарламалық  қамтамасыздандыру  базаларын  құрастырғанда , әдетте  пән  оқытушылары  қатыстырылмайды, сол  себепті олардың     іс- жүзіндегі  қажеттіліктерікеректі  деңгейде  есепке  алынбайды;\r\n\r\n-ЖАТ-ларды құрастырып    және  оларды  оқу  үрдісіне  қолдану  мәселелеріжайлы  оқулықтардың  жоқтығы,т.т.\r\n\r\nБұл  мәселерінің  шешімі  бағдарламалау  ,педагогика және жаттану саласындағы   мамандардың бірігіп ,бағдарламалық  қамтамасыз  ету  базаларын  құрастыруда  жұмыла  еңбектенулерінен  көріп  отырмыз .Қазіргі  ақпараттық   технологияларды оқыту  үрдісінде   қолдану  өзектілігі   әлеуметтік -экономикалық,философиялық,ғылыми-педагогикалық  мәселерін  шешу  қажеттілігінен  туындап  отыр. Осыған  байланысты  педагогтың  ақпараттық  сауаттылығын   және  ақпараттық  мәдениеттілігін   қалыптастыру  қажет.\r\n\r\nАқпараттық       мәдиниеттілік   адамның  әлеуметтік    табиғатымен  тығыз   байланысты.Ол адамның  әр  түрлі  шығармашылық  қабілеттілігінің  жемісі  болып.Кез  келген   саладағы  маманның  ақпараттық мәдениеттілік   деңгейін  көтеру  жоғары  оқу  орындарында  (ЖОО)тек  бір  ғана  пән  аясының  мақсаты етіп  қана қоймай  ,арнайы  мамандырылған  әртүрлі  салалары  жаппай  дерлік  қамтылуы  тиіс.\r\n\r\nПсихологиялық-педогогикалық  цикліндегі  пәндермен  сабақ  жүргізгенде  ,біз  ақпараттық  технологияларды  болашақ  кәсіби  іс-әрекеттерінде  қолдана  білетін   және  оларды  оқытудың және  тәрбиелеудің тиімділігін      арттыру   үшін  үнемі  біліктілігін   жетілдіріп      отырататын   мамандарды   дайындау  мәселелерін  шешуге  тырысамыз.\r\n\r\nАқпараттандырудың  комплектілік   проблемаларын   шешу  үшін  ЖОО-рында  бірқатар  іс  -шаралар  атқарылуы  тиіс, соның  ішінде- оқитындардың   ақпараттық   даярлығын  жетілдіру.\r\n\r\nАқпараттық  даярлықтың  жалпы  міндеттері:\r\n\r\n-информатиканың  негізгі түсініктері  мен   әдістемелерін,ғылыми  тұрғыдан теориялық білімдерін  біріктіріп  және  оны  тереңдету ;\r\n\r\n-комьютерді  қолдана отырып ,ақпараттарды саралап және оның  негіздерін  ұсыну ,сақтау,жіктеу  тәсілдерін меңгеру;\r\n\r\n-дербес комьютерде жұмыс істей  алуын  және біліктілігін қалыптастыру;\r\n\r\n- ақпараттық  және  телекоммуникациялық  жұмыс істеу  әдістерін  меңгеру;\r\n\r\n-тағайындалуына  байланысты  мамандығына  сәйкес  жаңа   технологиялар  оқып-біліп  ,оны  қолдану  әдістері   мен тәсілдерін  меңгеру.\r\n\r\nАқпараттық дайындықтың, оқу жоспарлары мен бағдарламаларыныңжалпы  бағыттылығы  жоғары  деңгейлі  сипаттамаларға  сай   қалыптастырылып  және  жалпыға  бірдей  талаптарға  сәйкестендірілген-ақпарақтық  дайындықты  толық ұйымдастыруға  тиіс.\r\n\r\nАқпарақтық  дайындықтың  негізгікомпоненттерініңмазмұны   кез  келген  саладағы  маманның  ақпараттық  мәдениеттілігінің  базалықнегізін  қалыптастыру  қажет.\r\n\r\nАӘД оқытушы-ұйымдастырушыларының  ақпараттық  дайындығы  олардың  келешекте  атқаратын  іс-  әрекеттеріне  сай  ескеріле  отырып,бағыттандырылуы  қажет.ақпараттық  дайындықтың   келесі  түрлерін  ұсынамыз[9,328б]: базалық,өзектілік, пәндік, практикалық.\r\n\r\nӘдебиеттер:\r\n\r\n1.Назарбаев Н. Ә. «Бәсекеге  қабілеті  экономика  үшін,  бәсекеге   қабілетті  экономика  үшін,  бәсекеге  қабілетті  халық  үшін»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауы, 11.10.2004.-1б.\r\n\r\n2.Қазақстан  Республикасында  білім   беруді  дамытудың  2005-2010 жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдардамасы,  Астана, 2004.-8б.\r\n\r\n3.Қазақстан Республикасының  «Ақпараттандыру  жайлы» заңы, 2003.\r\n

    \r\n

  1. 4. Бордовский Г.А Современные  требования  к  структуре  и  содержанию  непрерывного  педагогического  образования\\ Подготовка  специалистов  в  области  образования  (структура  и  содержание)- СПб: Образование,  1994-С.3-8.
  2. \r\n

  3. 5. Государственная программа  развития  образования  в  Республике  Казахстан  на 2005-2010 годы  \ Индустриальная  Караганда- 21 октября 2004г., С.5-10
  4. \r\n

  5. Шолохович В.Ф Дидактические  основы  информационных  технологий  обучения  в  образовательных  учреждениях: Дис …. д-ра  пед. наук.- Екатеринбург,  1995-364с.
  6. \r\n

  7. Макарова Н.В. Научные  основы  системы  обучения  новой  ИТ: Автореф. дис…  д-ра  пед.  наук.-СПб, 1992.
  8. \r\n

  9. Роберт И.В. Уч. курс  «Современные  информационные  и коммуникационные  технологии   в  образовании»\\ информатикаи  и  образование. – 1998. -№8.
  10. \r\n

  11. Козлов О.А. Теоретико-методологические  основы  информационной    подготовки  курсантов  военно- учебных  заведений: Монография. – М., МО, 1999.-328с.
  12. \r\n

Ұстаз Сәкен Қабыловтың шығармашылығы

1

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген аталы сөзіміз бар. Ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген мейірбан жандарымыздың қатарында ақын жанды ұстаздарымыз да аз емес. Соның бірі Қызылорда облысы, Қазалы ауданының шағын ғана Кәукей ауылының ұстазы Сәкен Қабылов. Сәкен «Жүректің сөзін сөйле, тіл!» өлең жинағының авторы  және әр түрлі деңгейдегі жыр- мүшайралардың жеңімпазы. Шәкірттері де бәйгеден құр қайтқан емес.

\r\n

Назарларыңызға ақын шығармашылығын ұсынсақ. Алдағы уақыттарда бұл іс жалғасын табады.

\r\n

Өшпес ерлік – елге мұра    

\r\n

 Мен соғысты көргем жоқ, майданды да,

\r\n

Оққа ұшып құшағын жайғанды да.

\r\n

Шинеліне орап ап жауынгерді,

\r\n

Қабіріне апарып қойғанды да.

\r\n

 

\r\n

Қан кешкенде майданда бабаларым,

\r\n

«Қан көрмесін ұрпағым — балаларым»

\r\n

Тілек еткен ұрысқа түсіп талай,

\r\n

Таңып алып қан-жоса жараларын.

\r\n

 

\r\n

Еске алып туған жер, ана, жарын,

\r\n

Биік ұстап абырой, намыс, арын.

\r\n

Отан үшін аянбай соғысты олар,

\r\n

Кеудесінен ұрса да отты жалын.

\r\n

 

\r\n

Бөгде елдің қырқа мен бұйратын да,

\r\n

Ұрыс салды, мерт болды — жаны пида.

\r\n

Есіл ерлер сүйегі қалды солай

\r\n

«Мәңгілік бауырластар» зиратында.

\r\n

 

\r\n

Қабіріне гүл шоғы қойылмаған,

\r\n

Қара тасқа есімі ойылмаған.

\r\n

Белгісіз есіл ерлер қалды қанша,

\r\n

Туған жерден топырақ бұйырмаған.

\r\n

 

\r\n

Менде бар зұлымдыққа айтар арман,

\r\n

Боздақтардың құнын бер, қайтар маған.

\r\n

Кешегі бабалардың ұрпағымын,

\r\n

Ешбір жауды аман-сау қайтармаған.

\r\n

 

\r\n

Жүректерге қағылған сына болып,

\r\n

Көңілдерді ортайтқан сұрақ болып.

\r\n

Сол жылдардың дегенмен өтеуіндей,

\r\n

Өшпес ерлік қалды елге мұра болып.

\r\n

 

\r\n

Жетті осылай қастерлі Ұлы  Жеңіс,

\r\n

Бейбітшілік орнатып елге тегіс.

\r\n

Ерлігімен ерлердің келген бақыт,

\r\n

Берекеге айналды болып теңіз.

\r\n

 

\r\n

Туған  өлкем

\r\n

Табиғат – туған  өлкем  тұнған  сырға,

\r\n

Кең  әлем  шұғылалы  шомған  нұрға.

\r\n

Сұлулық  жан-жағымда  көзді  арбайды,

\r\n

Тіл  жетпес  нақ  бір   арқау  болған  жырға.

\r\n

 

\r\n

Көзге  ыстық  құм  төбенің  жоталары,

\r\n

Сыр  шертер  сексеуіл  мен  бұталары.

\r\n

Желкілдеп  өркештері асыр  салар,

\r\n

Ойнақтап  малды  ауылдың  боталары.

\r\n

 

\r\n

Аңқыған  жусан  иісі  самал  тербеп,

\r\n

Қызғалдақ  қырға  біткен  ғажап  өрнек.

\r\n

Айдынға  аққу  қонса  мөлдір,  кәусар,

\r\n

Жарасқан  жарасымды  ажар,  келбет.

\r\n

 

\r\n

Қашаймын  жырдан  мүсін  Жер – анама,

\r\n

Шабыт  бер,  қанатты  ойлар  бер  балаңа.

\r\n

Белгісі  махаббаттың  қанға  бөккен,

\r\n

«Сараман»  әр  беріп  тұр  кең  далама.

\r\n

 

\r\n

Табиғат – туған өлкем,  жаннат  бағым,

\r\n

Арайлы  атқан  күліп  абат  таңым.

\r\n

Жырласам  өз  елімді  айып  емес,

\r\n

Арлы  өлең – шырқар  көкке қанаттарым.

\r\n

 

\r\n

Ауасы  туған  жердің  шипа  жанға,

\r\n

Нәр  берер  жүректегі  құйған  қанға.

\r\n

Аялы  алақаны  дәруі  мол,

\r\n

Жазылар  жан  жарасы  сипағанда.

\r\n

 

\r\n

Құстар  кеп  қиқу  салар көктемеде,

\r\n

Қыран  құс  қалықтайды – көкте  кеме,

\r\n

Бұл  жерге  жер  жетпейді  жер  бетінен,

\r\n

Тумасаң  бұл  өлкеде  өкпелеме.

\r\n

сараман

\r\n

 

\r\n

Сараман сыры

\r\n

Ішке бүгіп құпиясын, сырларын,

\r\n

Томсарумен жатыр белес, қырларым.

\r\n

Сараман тұр сан ғасырлар куәсі,

\r\n

Талай ақын жазып өткен жырларын.

\r\n

 

\r\n

Бірақ әлі шешілмеген жұмбақ бұл,

\r\n

Жердің бетін жамандықтан қорғап тұр.

\r\n

Қасиетті, киелі де қастерлі,

\r\n

Сондықтан да адамзатқа қымбат бұл.

\r\n

 

\r\n

Қасқиып тұр қара нардай алыбым,

\r\n

Сырға толы тұла бойы, жаны — мұң.

\r\n

Жабырқаған сәттерімде сырласып,

\r\n

Төгіп шерді, жігерімді жаныдым.

\r\n

 

\r\n

Сараман тұр сан ғасырлар айғағы,

\r\n

Туған жердің жауға ұстанған айбары.

\r\n

Ақын болып туған ұрпақ шын болсам,

\r\n

Арналады асыл сөздің қаймағы.

\r\n

 

\r\n

Сараманым — дара шыңым, дарасың,

\r\n

Сар далама болып тұрған жарасым.

\r\n

Сан ғасырлық шежіре бар бойыңда,

\r\n

Аманат боп ұрпақтарға барасың.

\r\n

 

\r\n

Сырыңды ешкім шерте алмайды тап басып,

\r\n

Дерегіңді айта алмайды нақ ашып.

\r\n

«Тұрғызылған ескерткіш, — дер көне көз,-

\r\n

Екі жасқа құрбан болған боп ғашық».

\r\n

 

\r\n

Солай, солай дейді аңыздың жетегі,

\r\n

Естігенде жаның дір-дір етеді.

\r\n

Бұдан ХІ ғасыр астам шамасы,

\r\n

Қанға бөккен бұл төбенің етегі.

\r\n

 

\r\n

Солай, солай дейді аңыздың жетегі,

\r\n

Түршігеді, жаның дір-дір етеді.

\r\n

Қос ғашыққа пышақ ұрған төбені,

\r\n

Содан кейін көргің келмей кетеді.

\r\n

 

\r\n

Бірақ, бірақ!

\r\n

Қос ғашыққа белгі болған Сараман,

\r\n

Сан ғасырдан келе жатыр дін аман.

\r\n

Жас ғашықтар тәу етеді күн сайын,

\r\n

Жүрегінде сезімі от боп тараған.

\r\n

 

\r\n

Автор: Қабылов Сәкен

\r\n

MS DOS операциялық жүйесі

0

 

КІРІСПЕ
MS DOS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН ЖҰМЫС МОДУЛЬДЕРІ
1.1. Dos модулінің  процедуралары  мен  функциялар.
1.2. WinDos модулінің  процедуралары   мен функциялары.
1.3. Overlay модулінің процедуралары мен функциялары.
БУМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
2.1. Маршрут немесе  жол
2.2. DOS шақырмасы
2.3. DOS командалары (нұсқаулар)
2.4. Файл атының шаблондары
2.5. Команданы перне тақтадан енгізу
2.6. Бумалар үшін ішкі командалар
2.7. Буманы экранға шығару- DIR  командасы
2.8. Жаңа бума құру- MKDIR (MD) командасы
2.9.Буманы жою-RMDIR (RD) командасы
2.10.Ағымдық буманы өзгерту – CHDIR (CD) командасы
ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
3.1. Файлдарды көшіру-COPY командасы
3.2. Файл атын өзгерту –RENAME (REN) командасы
3.3. Файлды жою – DEL  командасы
3.4. Файл мәліметін экранға шығару – TYPE командасы
MS DOS-ТЫҢ  КӨМЕКШІ КОМАНДАЛАРЫ.
4.1. Дискісі форматтау
4.2. Дискеттерді көшіру.
4.3. DOS  версиясы.
4.4. Күн мен уақыт.
MS DOS ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  

КІРІСПЕ

Кітапханалық  модуль  әр  түрлі  бағдарламаларда  пайдаланылуы  мүмкін  жазбалар  мен  бағдарламалар  тобын  құрайды. Жиі  орындауға  тура  келетін  әрекеттерді  жүзеге  асыратын  жағдайда  модуль  құрамына  ішкі  бағдарламаны  қосуға  негіз  болады.  Мұндай  ішкі  бағдарламаны  бір  рет  жазып,  сақтап  қоюға  және  де  жиі  қолдануға  болады.  Бұл  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  жасау  процесін  жеделдетуге  мүмкіндік  береді.

Модульді  құрайтын  файл  модульдің  атымен  сәйкес  келетін  ат  алуға  міндетті.  Гиперболикалық  қызмет  жазбаларымен  модульді  мысал  ретінде  қарасатырайық.  Олардың  анықтамасын  еске  алайық:  Sinh(x)=(e^x­e^­x)/2,  Cosh(x)=(e^x+e^-x)/2  Tanh(x)=sinh(x)/cosh(x).  Паскаль  тілі  функциясында  құралған  қатарда  гиперболикалық  қызметтер  жоқ,  бірақ  бұл  қызметтер  қолданбалы  мақсаттарда  жиі  пайда  болады,  сондықтан  да  оларды  кітапханалық  модуль  құрамына  қосуға  негіз  бар.  Бұл  модульден  қызметтерге  шығуды  модуль  аты  көрсетілген  USES пайдалану  операторы  қамтамасыз  етеді.  Interface және  Implementation  резерителген  сөздері  маңызды  роль  атқарады.

Әрбір  модуль  осы  сөздермен  атау  алған  бөліктерге  ( секцияларға ) ие.  Interface секциясы  шақырылатын  бағдарлама  немесе  модульдан  жол  ашылатын  ауысулар  мен  процедуралар, типтер  констант  жазуды  құрайды (ол интерфейс секциясы  деп  аталады).  Immplementation (өткізу  секциясы) ішкі  бағдарламаның  шығу  кодын  құрайды.  Ол сондай – ақ  біздің  мысалдарымыздан  var t:Real; сияқты  локальды  жазбаларды  мазмұндай  алады.  Әрбір  модуль  Unit резерфтелген  сөзімен  басталып,  end сөзімен  аяқталады,  одан  соң  нүкте  қойылады.  Бұл  end үшін  оның  алдына  тікелей  тиісті  Begin сөзін  қоюға  болсада,  ол  талап  етілмейді.

Type операторы  бұл  жағдайда  Extended типіне  эквивалентті  Float  типіне  біздің  модуліміздің  басында  анықталады.  Тендік  белгісінен  оңға  қарай  кез  келген  заттық  типті  көрсетіп,  гиперболикалық  функцияларды  есептеу  дәлдігін  өзгертуге  болады.  Жоғарыда  көрсетілгендей,  стандарттық  бағдарламалар  мен  мәліметтер  кітапханасын  құру  үшін  пайдалануға  болады.

Turbo Pascal 7.0 – да  бірнеше  стандартты  модульдерге  біріктірілген  стандартты  бағдарламашылар  мен  мәліметтердің  көп  саны  бар.  Олар  бағдарламаны  жазу  процесін  онайландыруға,  IBM PC  типтегі  компьютер  мүмкіндігін  мейлінше  толық  пайдалануға,  MS DOS  операциялық  жүйесі  мүмкіндігін  пайдалануға  мүмкіндігін  береді.  Кітапханада  мынандай  стандартты  модульдер  бар:

System – негізгі  кітапхана;

Strings — ASCIIZ – пен – жолдарымен жұмыс;

Crt – консольмен жұмыс;

Graph – графикалық кітапхана;

Dos – MS DOS мүмкіндігін пайдалану;

WinDos – ASCIIZ – жолдарымен үндестікте MS DOS  мүмкіндіктерін  пайдалану;

Overlay – оверлейлік  құрылымды  ұйымдастыр;  Printer – принтермен  жұмыс;

Turbo3 – Turbo Pascal 3.0  бағдарламасымен  байланыс;

Graph3 – Turbo Pascal 3.0 графикасымен  байланыс;

Strings, Graph, WinDos, Turbo3 және  Graph3  модульдері  тиісінше  STRINGS.TPU, GRAPH.TRU,  WINDOS.TRU,  TURBO.TRU және  GRAPH3.TRU,  файлдарында, қалғандары —  TURBO.TRL.файлында орналасады.

Turbo Pascal 3.0 термендеріне  жазылған  ішкі  бағдарламалармен  бірлестіруді  қамтамасыз  ету  қажеттігі  қазір  нақты  туындамайды.

Turbo 3 және Graph3  модульдері  мұнда  қаралмайтын  болады.  Әр  модульды  жазуда  әуелі  модуль  элементтері  (константтар, ауыспалы, типтер, ішкі бағдарламалар)  туралы  келтіріледі  де,  сосын  ішкі  бағдарламалардан  қысқаша  сипаттамасы  беріледі.  Turbo Pascal 7.0 ортасында  құрылатын  бағдарламада,  әрбір  стандартты  ішкі  бағдарламада  тікелей  қолдануға  болатын  көп  санды  мысалдарды  қосқанда  көмектін  жақсы  дамыған  жүйесі  бар,  онда  оның  тақырыбы  ғана,  тағайындалуы,  басқа  ішкі  бағдарламаларымен  байланысы,  егер  соңғысы  болса,  өлшемдері  мен  авариялық  жағдайлар  жазбасы  келтіріледі.

1.1.Dos модулінің  процедуралары  мен  функциялар.  Exec – процедурасы  Procedure Exec (Path, CmdLine:String);  Берілген  командалық  жолдан  өлшемдерімен  берілген  бағдарламаны  орындайды.  Path – бағдарламамен  файлдың толық  аты;  CmdLine – командалық  жол;  Авариялық  жағдай  туындағанда  қателердің  мынандай  кодтары  белгіленеді:  2 – файл табылмады;  8 – қажетті жад  жоқ;  10 – құрал – жабдықта қате;  11 – форматта қате.  FindFirst процедурасы  Procedure FindFirst (Path::string;Attr:Word; var S: SearchRec);  Берілген  немесе  ағымдағы  файлда  берілген  атрибуттарымен  және  файлдың  толық  атауы  маскасымен  сәйкес  келетін  бірінші  файлды  іздейді.  Path – жол (қажет болғанда) мен  файл  атауына  тән  белгілерді  қосқанда  (мысалы, PAS – кеңейтілген  файлмен, PAS, ағмдағы  каталогте  орналасқан) файл  толық  атауының  маскасы.  Attr – файлдар атрибуттары;  – процедура  табылған  файлдың  өлшемдерін  жазатын  SearchRes  ауыспалы  типі.  Авариялық  жағдай  туындағанда  келесі  қателер  коды  белгіленеді:  3 – берілген  каталог  жоқ;  18 – файлдар  жоқ  \FindNext  процедурасы  Procedure FindNext(varS: SearchRec);   FindFirst – ке  соңғы  ашылымда  берілген  қанағаттанарлық  шартпен  келесі  каталог  файлын  табады.  – процедура табылған  өлшемдерін  жазатын   SearchRec  ауыспалы  типі.  Авариалдық жағдайлар туғанда 18 код-файл жоқ леген белгі белгіленеді.     FSplit процедурасы  Procedure FSplit(Path:PathStr;var Dir:DirStr;var Name:NameStr;varExt:ExtStr);  Файлдың толық атауын 3 бөлікке –файлдың жолы,аты және кеңеюі.  Path— файлдың толық атын құрайтын PathStr типі өлшемі;  Dir— процедурамен жолы жазылатын Dir Str–тің ауыспалы типі;  Name –процедурамен файл аты жазылатын NameStr ауыспалы типі;  Ext— процедурамен файлдың кеңеюі жазылатын  ExtStr ауыспалы типі.     GetCBreak процедурасы  Procedure GetCBreak(var Break:Boolean);  Ctrl+Break комбинациясымен жұмыстың белгіленген әдісін тексереді.  Break-процедура жұмысының нәтижесі жазылатын ауыспалы .Егер  False нәтижеге тең болса,  Ctrl+Break комбинациясын тексеру консоль,принтер немесе байланыс құрылымына кіру шығу операторларына ғана жүргізіледі.     DiskFree функциясы  Function DiscFree(Drive:Word):Loginti  Берілген тасымалдаушыда еркін байттардың санын қайтару.(-1бегер құрылым номеріне жол берілмесе).  Driver-мән қабылдайтын құрылымның шартты номері:  0-ағымдағы дискавод;  1-А құрылымы;  2-В құрылымы;     DiskSize функциясы  Function DiskSize(Drive:Word):Logint;  Орындалатын санау процесінен шығу көбін қайтарады.Кіші байт нәтижесі процеспен орындалатын кодты құрайды.Үлкен байт тең болады:  0-қалыпты аяқталу;  1-процесс Ctrl+C көмегімен үзіледі;  2-процесс қатеден үзіледі;  3-үзіліс Кеер процедурасымен шақырылады.     DosVersion функциясы  Function DosVersion:Word;  MC DOS версиясы номерін қайтарады.(версия номері –кіші байтте, модификация номері-үлкен байтте).     EvnCount функциясы  Function EvnCount:Integer;  MS DOS oртасы жол санын қайтарады.     EvnStr функциясы  Function EvnStr(Index:Integer):String;  Операциялық жүйе ортасының көрсетілген жолын қайтарады.  Index-жол номері;  Егер Index бірліктен кішіә немесе EvnCount-тан үлкен болса, (бұл процедураны қараңыз),  EvnStr функциясы бос жолды қайтарады.     FExpand функциясы  Function FExpand(Path:PathStr):PfthStr;  Файл атын жолда оған қоса отырып,толғанша кеңейтеді.  Path-файлдың бастапқы аты.     FSearch функциясы  Function FSearch(Path:PathStr;DirList:String):PathStr;  Каталог тізімінде файл іздейді (егер файл табылса,оған жеткізетін жолды қосып,файл аты нәтижесі болады,егер файл табылмаса,бос жол болады).  Path— типті ізделінді файл аты.  DirList-файлы бар каталогтар тізімі жекелеген жолдар нүкте үтірмен бір-бірінен бөлінеді.     GetEvn функциясы  Function GetEvn(EvnVar:String):String;  MS DOS көрсетілген ауыспалы ортаның мәнін қайтарады.  EvnVar-ауыспалы ортаның аты.  Егер MS DOS ауыспалы ортасы анықталмаса, GetEvn бос жолды қайтарады.

1.2.WinDos модулінің  процедуралары   мен функциялары.  СreatDir процедурасы.  Procedure GreatDir (Dir:Pchar);  Dir көрсеткішімен жолда берілген ерекшелігімен (жолымен және атауымен)каталог құрылады.  Dir-құрылатын каталогтың ерекшелігі (аты мен жолы)жазылған жолға сілтеме.  Авариялық жағдай туындағанда (дұрыс емес ерекшеліктер,ондай каталог қазір бар,түпкі каталогта ондай атпен файл бар,түпкі каталогта орын жоқ ,т.б.)қате коды ауыспалы DosError-ға көшіріледі.     FindFirst процедурасы.  Procedure FindFirst (Path :Pchar;Attr:Word;Var S:TsearchRes);  Берілген немесе ағымдағы каталогте берілген атрибуттармен және файл атындағы маскамен сәйкес бірінші файл ізделеді.  Path-файлдың толық атының ерекшелікті бөліктері мен жолын (қажет болғанда)қосатын файл атауындағы маска (мысалы,Pas-ағындағы каталогта орналасқан Pas кеңейтілуімен файлдар);  Attr -файлдар атрибуты.  S — процедура табылған файлдың өлшемдерін жазатын TsearchRes ауыспалы түрі.  Авариялық жағдай туындағанда қателердің келесі кодтары белгіленеді:  1- Жіберілген каталог жоқ.  18- файлдар жоқ.     FindNext  процедурасы.  Procedure  FindNext(Var S:TsearchRes);  FindFirst-қа соңғы ашылуында берілген қанағаттанарлық шартпен каталогтың келесі файлын табады.  S-процедура табылған файлдың өлшемін жазатын TsearchRes ауыспалы типі.  Авариялық жағдай туындағанда 18 код-файлдар жоқ белгіленеді.     GetFAttr  процедурасы  Procedure GetFAttr (var f; Var Attr:Word);  Файлдар атрибутын қайтарады.  F-әзірге ашылмаған нақты физикалық файлмен байланысты кез-келген типтегі не типсіз файлдық ауыспалы;  Attr-файл атрибуттарын жазатын процедура ауыспалы;нақты атрибутты бөлу үшін файл атрибуттары кодтарын-маскаларды пайдалануға болады.  Авариялық жағдай туындағанда қатердің төмнегі коды белгіленеді;  3-берілмейтін жол;  5-файл жіберілмейді;     Intr процедурасы.  Procedure Intr (IntNo:Byte;Var Regs:Tregisters);  Берілген бағдарламалық үзілістерді орындайды.  IntNo-үзіліс номері;  Regs-тіркеу туралы ақпаратты құрайтын Tregisters ауыспалы типі;  Процедураны орындау алдында бұл мәліметтер тіркеуге жүктеледі, процедура орындалған соң сақталатын тізімдер осы ауыспалыға орналастырылады.  SP немесе SS құрайтын регистірлерінің өзгерісі өтетін болса,процедураны пайдалануға болмайды.     MS DOS процедурасы.  Procedure MS DOS (Var Regs:Tregisters);  MS DOS функциясын шақыру жүзеге асырылады ($21 бөлу номерімен Intr процедурасын пайдаланумен эквивалентті).  Regs-тіркеу туралы ақпаратты құрайды.  Tregisters-ауыспалы типі, процедураны орындау алдында бұл мәліметтер тіркеуге жүктеледі, процедура орындалған соң сақталатын тізімдер осы ауыспалыға орналастырылады.  SP немесе SS регистрін құрайтын өзгерістер мұнда өтсе,онда процедураны пайдалануға болмайды.     FileExpand  функциясы.  Function FileExpand  (Dest,Name:Pchar):Pchar;  Оған жол қоса отырып,толғанша файл аты кеңейеді.Функция нәтижесі-атауды ұлғайтуға көрсеткіш.  Dest-толық атаулы орналастыру үшін жолға көрсеткіш.  Name-ізделетін файл атына көрсеткіш.  List-файл ізделетін үтірмен бөлінген нүкте каталогы  тізіміне көрсеткіш.     FileSplit функциясы.  Function FileSplit (Path,Dir,Name, Ext:Pchar):Word;  Файлдың толық аты үшін бөлімге бөлінеді:файл жолы,аты және кеңеюі.Нәтиже-топтық операциялардың (*немесе?)және файл аты тиісті бөлігінің болу белгілері.  Path-файлдың толық атын құрайтын жолға көрсеткіш;  Dir-жол жазылатын жолға көрсеткіш;  Name-файл аты жазылатын жолға көрсеткіш;  Ext-файл кеңеюі жазылатын жолға көрсеткіш.     GetArgCount  функциясы.  Function GetArgCount :Integer;  Командалық жолға бағдарламаға берілетін өлшемдер саны қайтарылады.     GetArgStr функциясы  Function GetArgStr (Dest: Pc har;Index: Integer; MaxLen: Word): Pchar;  Өлшемге командалық жол көрсеткіші Index номерімен қайтарады.  Dest— Index номерімен өлшем жазылатын жолға көрсеткіш;  Index-командалық жол өлшемі номері;  Егер Index=0,онда бағдарлама аты жазылады,егер Index керісінше немесе командалық жолдық өлшемдердің ең көп санынан көп болса,онда бос жазылады.  Maxlen –командалық жолдық табылған  өлшемі жазылған жолдық ең көп мөлшері.     GetCuzDir функциясы.  Function GetCuzDir (Dir:Pchar;Drive: Byte) Pchar;  Ағымдағы каталогтың ерекшелігін (жол  мен аты)алады.Нәтиже-ағымда каталогтың ерекшелігі (жолы, аты)орналасқан жолға көрсеткіш.  Dir-ағымдағы директория ерекшелігі (жолы мен аты)жазылған жолға көрсеткіш.  Drive-мән қабылдайтын құрылыстың шартты номері:  0-ағымдағы дисковод;  1-А құрылымы;  2-В құрылымы және басқалары.  Авариялық жағдай туындағанда қателік коды Doserror ауыспалылығы келеді.Егер болған құрылымның шартты номері көрсетілмесе, Dir көрсеткіші жолға “X:/”хабарламасы орналасады.

1.3.Overlay модулінің процедуралары мен функциялары.  OvrClearBuf  процедурасы  Procedure OvrClearBuf  Оверлейлі буферді тазартады.     OvrInit процедурасы  Procedure OvrInit (File Name:string);  Оверлейлер  диспетчерін анықтайды және оверлейлі файл ашады.  File Name-оверлейлі файл аты.  Авариялық жағдайда қателіктер коды қалыптасады.  -1-файлдың дұрыс емес форматы немесе файл оверлейлі болып саналмайды.  -2-оверлейлі файл табылмайды.  Қате болған жағдайда оверлейлі диспетчері белгіленбейді. OvrInit  оверлейлерді басқару басқа бағдарламашысына  қандай да назар аударғаны орындалуы тиіс.        OvrInitEMS процедурасы.  Procedure OvrInitEMS;  Оверлейлі файл жадтың  кеңейтілген облысына жүктейді.  Авариялық жағдайда қателік коды қалыптасады:  -1-процедурасы орындалмады немесе дұрыс орындалмады;  -4-оверлейлі файлды қосу-ажырату операциясын орындау кезіндегі қате;  -5-жадтың кеңейтілген аумағының драйвері жоқ;  -6-оверлейлік файлды орналастыру үшін жадтың жеткілікті аумағы жоқ.  Қате жағдайында оверлей диспетчері жұмысты жалғастыратын болады,бір файл дискіден оқылады.     OvrSetBuf  порцедурасы.  Procedure OvrSetBuf (BufSize:Longint);  Оверлейлі буфердің мөлшерін белгілейді.  BufSize-буфердің талап ететін мөлшері.  Процедураға назар аударғанда қозғалыстағы аумақ бос болуы тиіс.  Авариялық жағдайда қате коды қалыптасады:

  • 1 – OverInit процедурасы орындалмады немесе  дұрыс  орындалмады,  BufSize көлемі  мейлінше  аз  (буфер бастапқы  мөлшеріне  аз), жадтың  динамикалық  аумағы  бос  емес;
  • 3 – оверлейлі буфер  мөлшерін  ұлғайту  үшін  жадтың  жеткілікті  аумағы  жоқ.

 

Қате  болғанда  оверлейлік  буфер  мөлшері  өзгермейді,  ал  оверлей  диспечері  жұмысын  жалғастыратын  болады.     OvrSetRetry процедурасы  Procedure OvrSetRetry  (Size: Longint);  Оверлейлік  буфердің  сынақ аумағының  мөлшерін  белгілейді.  Size – аумақтың талап  етілетін  мөлшері  (қажет  мөлшері – оверлейлі буфердің 1/3 – нен ½ мөлшеріне дейін).  OvrGetBuf функциясы  Function Ovr Get Buf: Longint ;  Оверлейлік  буфердің  сынақ  алаңының  мөлшерін  қайтарады.

 

  1. БУМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

 

2.1. Маршрут немесе  жол  Файлдық жүйедегі маршрут немесе жол деп диск жинақтауышынан басталатын өзара бағынышты бумалар тізбегін айтады.Маршрутта осы элементтердің кез келгені болмауы мүмкін.  Маршрутқа мысалдар:  C:                    C:\EXEC:\WORK\PRO  Маршрут ылғи да белгілі бір бумаға жол сілтейді,бұл бума маршрут тізбегіндегі ең соңғы бума болып табылады.  Маршрут файл атының префиксі ретінде қолданылып,файлдың жатқан жерін толық анықтап береді.Әрине ,префикс-маршрут пен файл атын “\” таңбасымен ажыратады.  Префиксті файл аттарына мысалдар:  C:PROG1.PAS           \DOC\FORMAT.CJM  C:\WORK\DOC\HELP.TXT     Сонда мына өрнекті           [Ж: ][маршрут ] файл аты.[түрі]  Файлдың толық спецификациясы деп атайды.  Мұндағы ж:-файл орналасқан жинақтауыштың аты.  Егер жинақтауыштың аты жоқ болса,онда ағымдағы жинақтауыш алынады.Маршрут файл орналасқан буманы анықтайды.Егер маршрут көрсетілмеген болса,онда файл жинақтауыштың ағымдағы бумасында орналасқан деп есептеледі.Ат пен түр файлдың толық аты болып табылады.

2.2. DOS шақырмасы  Егер операциялық жүйе пайдаланушының қандай-да болмасын бір әрекетін күту жағдайында болса, онда ол экранға пайдаланушы командасын енгізуді күту шақырмасын береді.  DOS- тың бұл шақырмасында қай диск жинақтауышы ағымда екені өрсетіледі, сөйтіп біз қай дискімен жұмыс істеп отырғанымызды білеміз.  Мысалы:  А:>-A: жинақтауышын,  C:>-C: жинақтауышын көрсетеді.  Сонымен қатар шақырма қай буманың ағымдық бума екенін де көрсетеді.  Мысалы:  А:-бұл түпкі бума,  C:\WORK\PRO>  C:\WORK 12:20>

2.3. DOS командалары (нұсқаулар)  DOS командасы немесе DOS нұсқауы шақырмаға жауап ретінде перне тақтадан енгізіледі.  Команданың аты бар болады,және оның параметрлері болуы мүмкін.  Команда кіріктірілген немесе сыртқы команда болып екі түрге бөлінеді.Кіріктірілген команда ішкі команда болып табылып,оны DOS құрамына жататын командалық процессор орындайды.Сыртқы команданы  DOS құрамына жатпайтын кез келген бөлек программа орындайды.Мұндай программаның атын сыртқы команданың аты деп есептеуге болады.  Ішкі (кіріктірілген) командаға мысалдар:  DIR  TYPE CONFIG.SYS  COPY A:PRI.1PAS D:  Осындағы DIR, TYPE, COPY-команданың аттары,ал басқалары команданың параметрлері.     Сыртқы командаға мысалдар:  FORMAT А: DISCOPY A:B:  A:мен B:-параметрлер.

2.4. Файл атының шаблондары  Файл атының шаблоны бір команданы бірнеше файлға бірден қолдануды жүзеге асырады немесе  файлдар аттарын жазуды қысқарту үшін қолданылады.  Шаблонда “*” таңбасы осы жерден бастап файл атының немесе түрінің соңына дейін кез келген  таңба бар деп есептеуді қамтамасыз етеді.  Шаблонда сұрақ белгісі осы жерде кез келген бір таңба тұр деп есптеуді қамтамасыз етеді.  Шаблонның мысалдары:  AB *.*-аты АВ-дан басталатын барлық файлдар;  *.COM – түрі COM болатын ьарлық файлдар;  *.*-ағымдық буманың барлық файлдары;  ?????.ASM-ASM-типті аты бес таңбадан тұратын барлық файлдар.

2.5. Команданы перне тақтадан енгізу  Команданың аты оның параметрлерінен бір немесе бірнеше бос орынмен ажыратылуы тиіс.Параметрлер бір бірінен бос орынмен бөліктене енгізілуі керек.  Бір жолда команда енгізу мүмкін емес.  Команданы енгізу Enter пернесін басумен аяқталады.  Команданы енгізу барысында таңбаны өшіру үшін күнделікті әдістерді пайдалану керек.

2.6. Бумалар үшін ішкі командалар  DOS файл жүйесімен жұмыс жасау үшін бірнеше ішкі командалар бар.  Олар:  DIR-буманы экранға шығару.  MKDIR или MD— жаңа бума құру,  RMDIR или RD— буманы жою,  CHDIR или CD— ағымдық буманы өзгерту

2.7. Буманы экранға шығару- DIR  командасы  Команданың спецификациясы:  DIR [ж:][файл аты [.түрі]][/P][/W]     Команда буманың элементтері ішкі бумалар мен файлдар туралы мәліметтерді экранға шығарады.  Элементтің аты мен түрі, байт бойынша көлемі тек файлдар үшін, буманың белгісі <DIR> элементтің құрылған уақыты көрсетіледі.сонымен қатар дискінің аты мен ондағы бос орынның байтқа шаққандағы мөлшері беріледі.  /P  параметрі мәлімет экранның биіктігіне симай кетсе, оны бөлшектеп көрсетуді ұйымдастырады.  /W параметрі мәліметтің қысқаша түрін шығартуға қаолданылады.  DIR rомандасының параметрлерсіз қарапайым түрі экранға ағымдық буманы береді.Экранның кескіні,мысалы, мынадац болуы мүмкін:  C:/dir  Volume in drive C is TOM1  Directory of C:\  CONFIG            SYS118                                                  6-03-88     11:42p  AUTOEXEC      BAT994                                                 7-20-88     12:59p  COMMAND      COM    22042                                        8-14-88     8:00p   SYS                   <DIR>                                                    5-19-88     2:19p  EXE                    <DIR>                                                    2-25-88     4:44p  ABC                    <DIR>                                                   5-29-88      9:47а  DOC                   <DIR>                                                    4-30-88      9:43а  WORK               <DIR>                                                    1-20-88      4:44а  8 File (s)      65344 bytes free

2.8.  Жаңа бума құру- MKDIR (MD) командасы  Команданың спецификациясы:  MD [:] маршрут  Немесе  MKDIR [:] маршрут  Жаңа бума ағымдағы буманың ішінде құрылады. Кез келген буманың ішінде жаңа бума құруға болады.  Мысалы ағымдағы WORK бумасының ішінде PRO  деген жаңа бума жасау керек.Бұл үшін төмендегідей командасын енгізу жеткілікті:  C:\ WORK > md  pro  Жаңа буманы енді файлдармен толтыруға болады.

2.9. Буманы жою-RMDIR (RD) командасы  Команданың спецификациясы:  RD[ж:] маршрут  Немесе  RMDIR [ж:] маршрут  Жоюлуға тиіс бума бос болуы тиіс, яғни онда ешқандай элемент болмауы керек.  Әйтпесе ол буманы жоюға болмайды.Команданы енгізгенмен система оны орындамайды.  Ағымдағы және түпкі бумаларды да жою мүмкін емес.  Сонымен ішкі бумаларды ғана жоя аламыз.Және кез келген ішкі буманы жоюға болады.  Мысалы:  C:\ WORK>rd pro  Бұл команда ағымдық WORK бумасының ішкі бумасы  PRO-ны жойып жібереді.  C:\DOC>rd\work\pro   Бұл команда да сол PRO бумасын жояды,бірақ кәзір ағымдағы бума DOC-бумасы болып тұр.

2.10. Ағымдық буманы өзгерту – CHDIR (CD) командасы  Команданың спецификациясы:  CD[ж:][маршрут]  немесе  CHDIR[ж:][маршрут]  Команда көрсетілген жинақтауыштың немесе ағымдағы жинақтауыштың ағымдық бумасын өзгертеді.  Ағымдық буманы өзгерту-өте кең пайданылатын команда.  Мысалы мына команда:  C:\>cd doc\abc  арқылыC:\ түпкі бумадан екінші деңгейдегі  \doc\abc-бумасына көшу іске асады.  Бұл амалды екі команда арқылы да орындауға болады:  C:\>cd doc  C:\DOC>cd abc  Ішкі бумадан бір деңгейге жоғары көтерілу үшін мынадай команданы қолдануға болады.  cd…  Ең жоғары деңгейге, яғни түпкі бумаға көтерілу үшін мынадай команданы беру керек:  Cd\

  1. ФАЙЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

3.1.Файлдарды көшіру-COPY командасы  COPY командасының бірнеше түрі бар.  Бірінші түрі:   Атын өзгертпей көшіру.   COPY[ж:][маршрут]файл аты[.түрі]  [ж:][маршрут]  Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға өз атымен  көшіріледі.  Екінші түрі:  Атын өзгерте көшіру.  COPY [ж:][маршрут]файл аты[.түрі]  [ж:][маршрут]файл аты [.түрі]  Файл басқа жинақтауышқа немесе басқа бумаға жаңа атпен  көшіріледі.  Мысалдар:         C:\>copy a:*.*  c:  Бұл команда А:дискісінің барлық файлдарын С:дискісінің  ағымдық бумасына көшіріледі.      C:\>copy \work \DOS  Бұл команда WORK бумасының барлық файлдарын DOS  бумасына көшіреді.       C:\>copy \doc\abc \  Бұл команда ABC бумасының барлық файлдарын түпкі бумаға  көшіреді.            C:\>copy prl  pr2  Ағымдағы бума ішіндегі PR1 атты файл осы бумаға PR2  атымен көшіріледі.  C:\>copy \work\*.txt \dos\*.dos  WORK бумасынан DOC бумасына TXT типті барлық файлдар  көшіріледі және олардың типі DOC болып өзгереді.         

3.2. Файл атын өзгерту –RENAME (REN) командасы  Команданың спецификациясы:  REN[AME] [ж:][маршрут аты]файл аты[.түрі]файл аты[.түрі]  Бірінші аргумент файлдың бұрынғы аты да,екіншісі –жаңа  аты.  Бірінші аргументтің алдына өзгеріс қай бумада жүретінін көрсететін префикс-маршрут қоюға болады, әйтпесе өзгеріс ағымдағы бума ішінде болады.  Мысалдар:           С:\WORK>ren  a:*.txt *.doc  Файылдардың түрлері өзгереді.           С:\>ren prl.asm  pr2.asm  Файылдың аты PRL-ден PRI2-ге өзгереді.

3.3. Файлды жою – DEL  командасы           Команданың спецификациясы:  DEL [ж:][маршрут]файл _аты[.түрі]     Егер файлдың аты көрсетілмесе, онда берілген бумадағы немесе ағымдағы бумадағы барлық файлдар жойылады.  Мұндай жағдайда ( және *.* шаблоны көрсетілген кезде) DOS  жоюды орындауға рұқсат сұрайды.  DEL командасының аргументінде маршрут, шаблон немесе белгілі бір файлдың атын енгізуге болады.  C:\>del\work\*.txt- бүкіл  TXT- типті файлдар жойылады.

3.4. Файл мәліметін экранға шығару – TYPE командасы  Команданың спецификациясы:  TYPE[[ж:][маршрут]файл_аты[.түрі]  Файл атында * және ? таңбаларын қолдануға болмайды. ргументтің алдында файл қай бумада екенін көрсететін префикс- маршрут қоюға болады.  Бұл командамен тек ASCII кодында жазылған текст мәтіні бар файлдарды ғана экранда көре аламыз.  Мысалдар:  C:\type prog1.asm  C:\>type\ work\ docum.txt   

 

  1. MS DOS-тың КӨМЕКШІ КОМАНДАЛАРЫ.

 

4.1. Дискісі форматтау.  Команданың негізгі спецификасы:  FORMAT [ж:][/S]  Форматтау дискіде бар бұрынғы барлық мәліметті жойып жібереді.  /S параметрі форматтаудың соңында дискіге DOS  жүйелік файлдарын жаздыру үшін қажет.  Мысал:      a:>format b:

4.2. Дискеттерді көшіру.  Команданың спицификасы:      DISKCOPY [ж: [ж:]]   Егер команда жинақтауыштың біреуі немесе екеуі де көрсетілмесе, оның орнына ағымдағы жинақтауыш алынады.  Егер жинақтауыштар бірдей болса, онда дискетті ауыстыру туралы нұсқау беріп DOS тоқтап  тұрады.  Егер жазылатын дискет форматталмаған болса, онда ол алдымен форматталу операция-  сынан өткізіледі.  Мысал:  a:\>diskcopy b: c:

4.3.   DOS  версиясы.  Команданың спицификасы:  VER

4.4. Күн мен уақыт.  Команданың спицификасы:           DATE  [ mm- dd- yy]  Белгілеулер:   mm- ай;            dd- күн;            yy- жыл.  Параметр көрсетілмесе DATE  командасы DOS сағатындағы күнді экранға берумен шектеледі.  Келесі команданың спицификасы:           TIME [ hh:mm[:ss[.xx]]]  Белгілеулер:  hh- сағат;  mm- минут;  ss- секунд;  xx- секундтың жүздік бөлігі.  Параметр көрсетілмесе TIME  командасы  DOS сағатындағы уақытты экранға берумен шектеледі.

 

  1. MS DOS ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ.

 

 MS DOS  мынадай бөліктерден тұрады:

  1. жүйені алғашқы жүктеу блогы (дискінің алғашқы секторы),
  2. BIOS-пен арақатынас модулі (IO.SYS файлы),
  3. үзулермен ( прерывания) жұмыс модулі ( MSDOS.SYS файлы),
  4. командалар процессоры ( COMMAND.COM файлы),
  5. сыртқы командалар ( программалық файлдар),
  6. құрылғылар драйверлері,
  7. SYS файлы,
  8. BAT файлы.

 

Бірінші, екінші және үшінші пунктер MS DOS- тың ядросын құрайды.  Алғашқы жүктеу блогы  Жүйелік дискінің түпкі бумасының алғашқы екі файлы IO.SYS пен  MSDOS.SYS екенін тексеріп, оларды дискіден оқып жадқа жүктейді, сосын басқаруды MS DOS- қа береді.  IO.SYS  Бұл резидентті ( әрқашан компьютер жадында отыратын) модуль машинаның BIOS- мен байланыс орнатып, сол арқылы құрылғыларды басқарып отырады.  MSDOS.SYS  Бұл да резидентті модуль. Ол файлдық жүйені басқарып, басқа программалардың файлдық жүйемен жұмыс жасауын ұйымдастырды.  Командалар процессоры (COMMAND.COM)  Перне тақтадан пайдаланушының нұсқауларын қабылдап,соларды орындауды ұйымдастырды. Комьпютер жадына сыртқы командаларды орындайтын программаны жүктеп,сонан соң басқаруды соған береді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Кейбір функциялар Паскаль тілінде құрылған функциялар саныда жоқ , бірақ бұл функциялар қолдашбалы есептерде жиі көрінеді,сондықтан оларды кітапханалық модуль құрамына қосуға негіз болады. Бұл модульмен функцияларға өтуді Uses пайдалану операторы қамтамасыз етеді,онда модуль аты көрсетіледі.  Interface және implementation резерителген сөздері мұнда маңызды роль  атқарады. Әрбір модуль осы сөздермен атау алған бөліктерге (секцияларда)болады.  Interface секциясы шақырылатын бағдарламадан немесе модульден ыңғайлы константтарды, типтерді, ауспалы және процедураларды жазуды құрайды. Implementation (өткізу секциясы) секциясы бағдарлама асты бастапқы кодын құрайды. Ол сондай-ақ біздің мысалымыздан var  t: Real секілді локальды жазуды ұстайды.  Әрбір модульды жазуда әуелі модуль элементтері (константтар, ауспалы, типтер, бағдарлама асты), сосын бағдарлама астының қысқаша сипаттамалары беріледі.  Turbo Pascal   7.0. ортасында көмектің жақсы дамыған жүйесі, басқа да көп санды мысалдар бар, оларды тікелей құрылатын бағдарламада, пайдаланады әрбір стандартты бағдарлама астында оның тақырыбы, мақсаты, басқа да бағдарлама астыларымен байланысы, егер ондай болса, авариялық жағдай мен өлшемдер жазбасы (қателер коды  Г қосымшасында берілді) келтіріле қолдануға болатын көп санды мысалдарды қосқанда көмектін жақсы дамыған жүйесі бар, онда оның тақырыбы ғана, тағайындалуы, басқа ішкі бағдарламаларымен байланысы, егер соңғысы болса, өлшемдері мен авариялық жағдайлар жазбасы келтіріледі.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Герхард Франкен, Сергей Молявко “MS-DOS 6.2…для Пользователя”,  Киев, ВНV,1994, Москва, БИНОМ,1994.
  2. “DOS3 Техническое руководство”. Методическое материалы.
  3. Фигурнов В.Э.”IBM PC для Пользователя” г.Уфа, НПО “Информатика и Компьютеры”, 1993г.
  4. Справочные Руководство по IBM PC. Методические материалы. Часть 1. ТПП “СФЕРА”. М. 1991г.
  5. Брябрин В.М. “Программное обеспечение персональных ЭВМ”. М.” НАУКА,” 1990г.
  6. Г. Л. Семашко, А. И. Салтыков “Программирование на языке паскаль” — Москва “Наука”, 1988.
  7. О. Н. Перминов “Язык программирования паскаль” — Москва “Радио и связь”, 1989.
  8. Фаронов “Turbo Pascal 0”