І Республикалық «Әдебиет білгірі» қашықтық олимпиадасы

0
1955
Әдебиет білгірі олимпиасы

І Республикалық «Әдебиет білгірі» қашықтық олимпиадасының
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  • Осы ереже І Республикалық «Әдебиет білгірі» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды; 
  • Олимпиадаға қатыстыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді;
  • Оқушылар ата-анасының келісімі негізінде олимпиадаға қатысады;
  • Олимпиадаға 5 – 11-сынып оқушылары қатыса алады;
  • Олимпиада сұрақтары жалпы білім беретін мектептерге арналған әдебиет  пәнінен және әдебиет пәніне қатысты көмекші оқу құралдарынан беріледі;
  • Олимпиада 13 мамыр мен 23 мамыр аралығында  www.qaztest.kz сайтында ұйымдастырылады.

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

  • Мектеп оқушыларының әдеби өрісін кеңейту;
  • Қазақ әдебиеті алыптарының еңбегін насиxаттай отырып, руxани кемелденуіне жол ашу;
  • Әдебиет теориялырының негізінде оқушының біліктілігін шыңдау және білімдерін нығайту.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам бірнеше рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 45 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;
  • Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.
Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
  • Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар kz@mail.ru почтасына қабылданады.

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1300 теңге, төрт реттік мүмкіндік – 1600 теңге.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ
Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:
І орын – 25-23 ұпай
ІІ орын – 22-20 ұпай
ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 25 оқушыға «Қазақстан үміті» төсбелгісі, 25 оқушыға «Ұлан», «Ақжелкен» республикалық балалар басылымының 6 айға жазылым түбіртегі сыйға беріледі (ұпайлары жоғары болған жағдайда бір мектептен 3 оқушы сыйақыға ілінеді). Қорытынды нәтиже, яғни сыйлық иегерлері сайтта 24 мамыр күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Бір мектептен 30 оқушы қатысып, 20 жүлделі орын шықса ұжымға  «Үздік ұжым» дипломы беріледі. Сонымен қатар,  10 оқушысы жүлделі орынға иеленген пән мұғаліміне Құрмет грамотасы беріледі. «Үздік ұжым» номинациясымен Құрмет грамотасына үміткерлер орын алған оқушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«Үздік ұжым» номинациясы үшін өтініш үлгісі
Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс номері
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)

Ескерту! «Үздік ұжым» номинациясы үшін өтініш жіберілмеген жағдайда диплом жіберілмейді.

Төлем жасау туралы ақпарат

Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Қатысушылар саны көп болса, осы төлем жасау түрін таңдаңыз! Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, біздің реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше адам қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1300 теңге.

Олимпиада жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное общество милосердие» қайырымдылық қорына (http://detdom.kz) аударылады. Аударымдардың нақты мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп сайтқа жарияланады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA
Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС
БИН/ИИН: 161240000269
KZ55551A127001275KZT
Кбе 17
Код 19
КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.
Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.
Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Қосымша реквизит:
Каспий голд:  5169 4931 3102 2470;
ИИН: 870327401578
Акгуль Зариповна (Тел: +77759988387)

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

Төлем түбіртегін жіберушілер үшін өтініш үлгісі

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест 700 теңге, 2 реттік тест 1200 теңге)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады. 

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз. Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

басқа да жаңалықтар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ