ІІ республикалық «Педагогика және психология» пәнінен қашықтық олимпиадасы

0
2501
педагогика және психология олимпиадасы

 ІІ республикалық «Педагогика және психология» пәнінен қашықтық олимпиадасының ережесі

  • Осы ереже ІІ республикалық «Педагогика және психология» пәнінен қашықтық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
  • Олимпиада тапсырмаларын білікті жоғарғы оқу орнының оқытушылары дайындайды;
  • Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер мен балабақша қызметкерлері қатыса алады;
  • Олимпиада 10 мамырдан 23 мамыр аралығында qaztest.kz сайтында ұйымдастырылады;

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

  • Педагог мамандардың «педагогика және психология» пәні бойынша білім деңгейін тексеру;
  • Білім саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;
  • «Педагогика және психология» пәндерінен сұрақтар қою арқылы үздік мамандарды анықтау.
Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
  • Олимпиадаға қатысу үшін http://qaztest.kz сайтына тіркеліп аласыз;
  • Әр қатысушы жеке-жеке электронды почтасымен тіркеледі;
  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам 3 ретке дейін тест тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 45 минут беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Қатысушылардың марапат қағаздары электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
  • Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.
Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 25 мамыр күні сайтта жарияланады. 17 баллдан жоғары балл алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары
І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай
ІІІ орын – 19-17  ұпай

24,25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Ал олимпиаданың нәтижесінде уақыт көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтиже алған   20 ұстазға «Қазақстан ұстазы» төсбелгісі тағайындалады.

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында және олимпиада біткеннен кейін электронды түрде почталарына жіберіледі немесе «Менің сертификатым» бөліміне сақталады.

Бір ұжымнан 25 педагогтан көп қатысса, «Үздік ұжым» номинациясы беріледі. «Үздік ұжым» номинациясы электронды түрде почталарына  жіберіледі.  «Үздік ұжым» атағына үміткер мекемелер қатысушы тізімін толтырып, сайт почтасына өтініш жолдауы керек. Өтініштерді қабылдау почтасы: qaztest.kz@mail.ru.

«Үздік ұжым» номинациясы үшін өтініш үлгісі
Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс номері
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)

Ескерту! «Үздік ұжым» номинациясы үшін өтініш жіберілмеген жағдайда диплом жіберілмейді.

Төлем жасау туралы ақпарат

Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Қатысушылар саны көп болса, осы төлем жасау түрін таңдаңыз! Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, біздің реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше адам қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге, үш реттік мүмкіндік –1300 теңге.

Олимпиада жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное общество милосердие» қайырымдылық қорына (http://detdom.kz) аударылады. Аударымдардың нақты мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп сайтқа жарияланады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA
Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС
БИН/ИИН: 161240000269
KZ55551A127001275KZT
Кбе 17
Код 19
КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.
Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.
Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Қосымша реквизит:
Каспий голд:  5169 4931 3102 2470;
ИИН: 870327401578
Акгуль Зариповна (Тел: +77759988387)

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

Төлем түбіртегін жіберушілер үшін өтініш үлгісі

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест 700 теңге, 2 реттік тест 1200 теңге)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады. 

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз. Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

басқа да жаңалықтар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ