Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтары

0
8176

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: №174 мектеп-гимназия

Бөлім: 6.3. Заттар мен материалдар Күні:

Бөлімше: 6.3.3. Заттардың түзілуі және алынуы Мұғалімнің аты – жөні: Барманқұл Мақпал Қ.

Сынып: 6

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: §29. Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтары
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 6.3.3.4 – Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету.
Сабақтың мақсаты
  • Қазақстандағы пайдалы қазбалар өңдеу орталықтарының

орналасу факторларын анықтайды.

  • Пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтарының атауын біледі және оларды кескін картаға түсіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану, талдау, жинақтау
Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарына сүйене отырып пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалану барысында табиғатты қорғауға және экологиялық білім мен тәрбие беру құндылықтарына баулу.

 

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа қатысты мәтіндегі термин сөздерді мағынасын түсініп, күнделікті өмірде қолдана алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: Пайдалы қазбалар, өңдеу орталығы, байыту, концентрат, зауыт, комбинат, өнеркәсіп.

Үш тілде тіректі сөздерді еркін айтады, негізгі ұғымдарға сүйене отырып оның ерекшеліктерін біледі.

Байыту – Обогащение – Enrichment

Комбинат – Комбинат – Combine

Қайта өңдеу орталығы – Центр переработки – Center of processing

Өнеркәсіп саласы – Отрасль промышленности — Industry

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестері:

….. – пайдалы қазбаны байытудың күрделі технологиялық сызбасы арқылы жабдықталған, жоғары механикаландырылған кәсіпорын.

….. – металдың үлесін жоғарлататын немесе қоспалардан арылатын үдеріс.

Байытудың соңғы өнімі – …..

Бағалау критерийі
  • Пайдалы қазбалар өңдеу орталықтарының орналасу факторларын анықтайды.
  • Қазақстанның пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын кескін картаға түсіреді.
Белсенді оқыту әдістері «Сиқырлы сандық», «конверттегі сұрақтар», «топтастыру», «зымыран сұрақтар», «ес саусақ» әдістері
Саралау әдістері

Сабақ өту барысында оқушыларды жеке, жұппен, топпен және сыныппен жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

«А» деңгейі: Өнеркәсіп орындарының орналасуына факторлардың әсерін жазады.

«В» деңгейі: Пайдалы қазбаны байыту кезеңінде ұсақтау және майдалау операциясы не үшін қажет екенін түсіндіреді.

«С» деңгейі: Металлургия кәсіпорындарында не себепті энергия мен суды көп қажет ететінін анықтайды.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану – пайдалы қазбалар, зауыттар мен фабрикалар туралы түсініктер.

Бейнелеу өнері – шартты белгілерді кескін картаға түсіру.

Алдыңғы білім Қазақстанның жер қойнауы байлықтары туралы білім. Қазақстандағы пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу заңдылықтары туралы мағлұматтар.
Ресурстар Қазақстанның экономикалық картасы, Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы, оқулық, кескін карта, бейнежазба, топқа бөлуге арналған кеспе суреттер, топтық тапсырмалар, стикер, кері байланыс.
Дескрипторлар
  • пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтарын қарастырады;
  • өнеркәсіп орталықтарының орналасу факторын анықтайды;
  • өңдеу орталықтарының атауларын көрсетеді;
  • өңдейтін кәсіпорындарды кескін картаға орналастырады.
Жоспар
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

1. Ұйымдастыру.

— Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, дайындығын қадағалау.

— Психологиялық ахуал тудыру.

«Досыңа тілек» оқушы жанында отырған оқушыға жылы тілек білдіреді.

Топтарға бөлу: төменде көрсетілген пайдалы қазбалардың түрлерін таңдауына байланысты 3 топқа бөлінеді.

Картинки по запросу уголь Картинки по запросу золото полезное ископаемое Похожее изображение

Таңдаған пайдалы қазбалардың атын атап, ресурстардың кездесетін орындарын атайды.

1 топ – Көмір, 2 топ – Алтын, 3 топ — Әктас

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Сиқырлы сандық» әдісі. Сандық ортаға алынады және оның ішінде өткен тақырыптарға байланысты түрлі сұрақтары бар. Әр топтан кезекпен алады, алған топтың оқушысы жауап береді, жауап дұрыс болса стикер сол топтың қоржынына түседі.

Қоржындағы сұрақтар:

1. Жер қойнауы дегеніміз не?

2. Пайдалы қазбалар қандай күйде кездеседі?

3. Табиғи ресурс дегеніміз не?

4. Пайдалы қазбалар кен орны дегеніміз не?

5. Метаморфты тау жыныстары қай аймақтарда таралған?

6. Шөгінді пайдалы қазбаларды ата.

7. Кенді пайдалы қазбалар қайда кездеседі?

8. Пайдалы қазбаның алабы дегеніміз не?

9. Жер қойнауында қанша химиялық элементтер анықталды?

10. Пайдалы қазбалар шығу тегіне қарай неше топқа бөлінеді?

Дескриптор: Сұраққа жауап беру арқылы өткен тақырыпты еске түсіреді.

«Стикер» арқылы бағаланады.

Картинки по запросу психологиялық ахуал

Топқа бөлуге арналған суреттер.

Похожее изображение

Картинки по запросу стикер

Сабақтың ортасы

20 мин

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға бастау үшін «Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтары» туралы бейнежазба көрсетеді. Бейнежазбаны көріп болған соң, бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады?

Сіз бейнебаян арқылы не байқадыңыз?

Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Топпен өз ойларын бөліседі. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді.

Еліміздің аумағында өнеркәсіп орындарын орналастырудың өзіндік жағдайы мен заңдылықтары бар (сызбанұсқада көрсетілген).

1-тапсырма. «Конверттегі сұрақ» әдісі

Әр топқа конвертке салынған сұрақтар беріледі. Топ арасында ақылдаса отырып жауабын айтады.

1-топ (А). Факторлардың өнеркәсіп орындарының орналасуына әсерін жазыңдар.

2-топ (В). Пайдалы қазбаны байыту кезеңінде не үшін ұсақтау мен майдалау операциясы қажет?

3-топ (С). Не себепті металлургия кәсіпорындары энергия және суды көп қажет ететін салаға жатады?

Дескриптор:

1. Өнеркәсіп орындарының орналасуына факторлардың әсерін жазады.

2. Пайдалы қазбаны байыту кезіңде ұсақтау және майдалау операциясы не үшін қажет екенін түсіндіреді.

3. Металлургия кәсіпорындарында не себепті энергия мен суды көп қажет ететінін анықтайды.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағаланады.

2-тапсырма. «Топтастыру» әдісі.

Берілген пайдалы қазбаларды оқушылар жұптаса отырып орналасу заңдылығына қарай топтастырады.

Дескриптор: Пайдалы қазбалардың орналасу заңдылығын ескере отырып топтастырады.

«Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

3-тапсырма. «Сәйкестендіру кестесі» интербелсенді тақтадан оқушыларға көрсетіледі. Әр оқушы берілген пайдалы қазбаларды өңдеу өнеркәсіп орындарын орналасқан орталықтарымен тура сәйкестендіреді.

Мыс балқыту зауыты Павлодар
Аралсульфат Тараз
Фосфор тыңайтқыш өндіріс Семей
Қарағанды металлургия комбинаты Балқаш
Қорғасын-мырыш комбинаты Теміртау
Цемент зауыты Өскемен
Алюминий зауыты Арал

Дескриптор: Пайдалы қазбаларды өңдеудің орталықтары мен өнеркәсіп орындарын сәйкестендіреді.

«Смайликтер» арқылы бағаланады.

4-тапсырма. Қазақстанның пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтарын кескін картаға түсіріп, атауларын жазыңдар. Кестеде берілген орталықтарды кескін картада шартты белгімен көрсетіңдер.

Дескриптор:

1. Кескін картаға барлық оқушылар кестеде берілген орталықтарды түсіреді.

2. Шартты белгілермен сызып көрсете алады.

«Стикер» арқылы бағаланады.

https://bilimland.kz

Похожее изображение

Картинки по запросу Қазақстанның экономикалық  карта

Похожее изображение

Похожее изображение

Картинки по запросу пайдалы қазбалар карта

Картинки по запросу шапалақ

Похожее изображение

Оқулық және кескін картамен жұмыс

Картинки по запросу қазақстан кескін карта

Картинки по запросу стикер

Сабақтың соңы

10 мин

Сабақты қорытындылау.

«Зымыран сұрақтар» әдісі

Сабақты бекіту үшін сұрақтар қою.

1. Қандай пайдалы қазбаларды өңдеу орталықтарын білесіңдер?

2. Өнеркәсіп орталықтарының орналасу факторларын ата.

3. Пайдалы қазбаны өңдеу кезеңдерін ата.

Дескриптор:

1. Пайдалы қазбалардың өңдеу орталықтарын көрсетеді.

2. Өнеркәсіп орталықтарының орналасу факторларын атайды.

3. Пайдалы қазбаларды өңдеу кезеңдерін реттілікпен көрсете алады.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағаланады.

Үй тапсырмасы. §29 оқу. Өздері тұратын аймақтағы ірі өнеркәсіп орталықтарына сипаттама жазу.

Бағалау. Өзін-өзі бағалау оқушы өзінің қандай деңгейде тұрғанын бағалап отырады.

Картинки по запросу промышленность без отходный

Сабақта жақсы жұмыс істедім, бәрін түсініп, барлық тапсырламаларды қатесіз орындадым.

Картинки по запросу промышленность без отходный

Сабақ ұнады, бәрін түсіндім, бірақ кейбір тапсырламаларда қиналдым.

http://sam-otdelochnik.ru/wp-content/uploads/2017/01/%D0%9F%D1%80%D0%BE%D0%BC%D1%8B%D1%88%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D0%B5-%D0%BE%D1%82%D1%85%D0%BE%D0%B4%D1%8B-300x190.jpg

Бұл тақырыпты түсіну үшін маған тағы да жұмыс істеу керек.

Кері байланыс «Бес саусақ» әдісі

Похожее изображение

  • Бас бармақ – басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды.
  • Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым.
  • Ортаң терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
  • Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
  • Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім.

Оқулық

Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы

Картинки по запросу басбармақ

Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Оқушыларға арналған тапсырмалар А, В, С деңгейлеріне бөлінген.

«А» деңгейі: Өнеркәсіп орындарының орналасуына факторлардың әсерін жазады.

«В» деңгейі: Пайдалы қазбаны байыту кезеңінде ұсақтау және майдалау операциясы не үшін қажет екенін түсіндіреді.

«С» деңгейі: Металлургия кәсіпорындарында не себепті энергия мен суды көп қажет ететінін анықтайды.

Бағалау — оқушыларда өзіндік пікір қалыптастыруды жеке, жұптық, топтық және ұжымдағы бір-бірінің пікірін ескере отырып, бірлесе орындауда қолданған қалыптастырушы бағалау:

  • «Стикер» арқылы
  • «Басбармақ» әдісі
  • «Смайликтер» арқылы
  • «Шапалақ» арқылы
  • «Бағдаршам» әдістерін қолдану.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулар мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.

Сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

1.Сабақ кезінде сыныпта техника қауіпсіздігі ережесін сақтау;

2. АКТ-ны дұрыс қолдана білу;

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды.

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді.

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландым.

Сабақ туралы рефлексия жасау үшін «Бес саусақ» әдісін пайдаландым.

Похожее изображение

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ