І Республикалық «Жас интеллектуал» қашықтық олимпиадасы

1
8414
Жас интеллектуал

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті жас зияткерлерді анықтау мақсатында жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында І Республикалық «Жас интеллектуал» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға 5-11-сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады.

Олимпиада сұрақтары оқушылардың интеллектуалды ойлауын дамыту мақсатында логика, елтану, тарих және әдебиет салалары бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында қазақ тілінде өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен өткізіледі. Олимпиаданың өтетін уақыты: 2020 жылдың 16 қараша мен 20 желтоқсан аралығы. Қорытындысы 21-22 желтоқсан күні сайтта жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Ең жоғары ұпай жинаған 35 қатысушыға «Жас интеллектуал» төсбелгісі беріледі және 24, 25 ұпай алған барлық қатысушылар «Жас интеллектуал» грамотасымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты 8(727) 229-63-69; 8(700) 978 59 22 телефондары арқылы білуіңізге болады.  

І Республикалық «Жас интеллектуал» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

 1.1.           Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

 

1.2.           Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz және martebe.kz сайттарында жарияланады; 

1.3.           Олимпиада qaztest.kz сайтында 2020 жылдың 16 қараша мен 20  желтоқсан аралығында онлайн өткізіледі; 

1.4.           Қатысушылар олимпиадаға 20 желтоқсан күні сағат 23:59-ға дейін қатысып үлгіруі керек. Төсбелгі иегерлерін анықтауда осы уақытқа дейінгі қатысушылардың нәтижесі есепке алынады;  

1.5.           Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептердің 5-11-сынып оқушылары ерікті түрде қатыса алады. 

1.6.           Тапсырмалар олимпиаданың ұйымдастырушы комитетімен бекітіледі; 

1.7.           Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.  

1.8.           Олимпиада барысында сыбайлас жемқорлыққа және құқық бұзушылыққа жол берілмейді.  

 

 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.           Оқушылардың интеллектуалды әлеуетін дамыту;

2.2.           Күрделі деңгейлі тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы оқушылардың коммуникативті-ақпараттық дағдыларын қалыптастыру;

2.3.           Оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және білімге деген қызығушылықтарын арттыру;

2.4.           Республикамыздағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету.

 

 3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.           Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.

3.2.           Әр тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.           Олимпиадаға қатысы жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен қатыстырылады.

3.4.           Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.5.           Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.6.           Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7.           Қатысушы тестті аяқтағаннан кейін тестілеудің нәтижесі автоматты түрде шығарылады;

3.8.           Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.           Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.           Қатысушының атынан біреудің қатысқандығы құрылғының ID номері арқылы тексеру арқылы анықталады. Расталған жағдайда марапаттар берілмейді;

4.3.           Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4.           Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5.           Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6.           Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7.           Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8.           Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады;

4.9.           Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10.       Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

 

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге. Төлемдер әр кезеңге жеке-жеке жасалынады. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

 

Бірінші кезең қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушылар екінші кезеңге жолдама алады, ал екінші кезең нәтижесі бойынша  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Ең жоғары ұпай жинаған 35 қатысушыға «Жас интеллектуал» төсбелгісі тағайындалады (бір ұжымнан 2 адам ғана ілінеді) және 24, 25 ұпай алған барлық қатысушылар «Жас интеллектуал» грамотасымен марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни сыйлық иегерлері сайтта 2020 жылдың 24-25 желтоқсан күндеріжарияланады.

Ескерту!  Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

 

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

Ескерту! «Үздік ұжым» дипломы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

 

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасай алады. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17; Код 19; КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банк бөлімшесінен және казпочтадан жасай аласыздар.  Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деген белгімен және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек.

Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті.  

 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)  Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Kaspi.kz, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ