І Республикалық Ахмет Байтұрсынұлы олимпиадасы басталады

0
7576

   Олимпиадаға қатысып: диплом, стипендия және медальға ие болыңыз!
«SKILLS ACADEMY» ЖШС мекемесі мен Qaztest.kz республикалық онлайн интернет сайты біріге отырып,  республикалық жалпы білім беретін мекемелер арасында мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы І Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қашықтық олимпиадасын жариялайды.
    Байқаудың жеңімпаздары арнайы дипломдар, медаль және стипендиялармен марапатталады.
Олимпиаданың ө
ткізілу уақыты: 15 сәуірден 30 сәуір аралығын құрайды.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы Martebe.kz  сайты аталмыш білім додасының ақпараттық демеушісі және ұйымдастырушысы болып табылады.

І Республикалық А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасының өткізілуі туралы 

Республикалық интернет олимпиаданың нәтижесін қатысушылар бірден байқай алады. Сайт оқушылардың нәтижелерін қорытындылап, олимпиада жеңімпаздарын тестілеу уақыты аяқталғаннан кейін  бір апта ішінде qaztest.kz және martebe.kz сайттарында жарияланатын болады.

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндетіне:

  • Мектеп оқушыларының ана тілімізге деген құрметін арттыру;
  •   Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерін жастар арасында насихаттау;
  • Жас талапкерлерді ҰБТ сұрақтарына дайындап, теориялық алған білімдерін нығайту жатады.

Республикалық олимпиадаға  Республикамыздағы білім мекемелерінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәніне бейім 5-сыныптан 11-сынып оқушылары қатыса алады.
-Байқау қашықтықтан ғаламтор арқылы жүзеге асырылады;
-Интернет олимпиада сұрақтары «жеңіл, орташа, күрделі және өте күрделі» деңгейлерінен тұрады. Жеңіл  — 5 сұрақ  Орташа –8 сұрақ  Күрделі  — 7 сұрақ  Өте күрделі (оқу сауаттылығы бойынша)  — 4 сұрақ.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

* Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс.

* Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал.

* Барлық берілген сұрақтарға жауап беруге міндетті.

* Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды.

*  Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды.

* Сұрақтарға міндетті түрде жауап беру қажет.

*  Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды.  * Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@gmail.com почтасына қабылданады.

Олимпиадаға қатысушыларына төмендегі ұпай санына байланысты орындар белгіленеді;

* Шектік 25 балл жинаған қатысушылар І, ІІ, ІІІ орынға ие болады. Егер шектік балды алған оқушылардың саны көп болатын болса, қатысушылардың уақыты есепке алынады.

* Ең үздік деп танылған оқушыларға «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы» стипендия тағайындалады.

* 25 баллдан төмен жинаған қатысушылардың барлығына қатысушы сертификаты беріледі.

* Сертификаттар электронды түрде жіберіледі. Ал жеңімпаздарға казпочта арқылы жеткізіледі.

* Тістілеу уақыты шектеулі — 25 минут

Олимпиада қатысу құны — 500 теңгені құрайды

Төлем киви терминал арқылы  (Басқа қызметтер→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Төлем жасау туралы видеонұсқау qaztest.kz сайтында бар.
Олимпиадаға қатысу үшін төлем жасау жөнінде және басқа сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8 700 978 59 22; 8 727 978 59 22 (Жұмыс уақыты 9:00 – 20:00-ге дейін.)

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ