І Республикалық педагогикалық олимпиаданың екінші кезең ережесі

7
2198

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында ұйымдастырылып жатқан Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің І Республикалық Педагогика олимпиадасының іріктеу кезеңі аяқталды. Олимпиада ережесіне сәйкес екінші кезеңге іріктеліп 15 ұпайдан жоғары нәтиже көрсеткен 153 педагог маман өтті.

Ұйымдастырушылар алқасы мектеп мұғалімдеріне берілген тапсырмалардың күрделілігі мен қатысушылардың орташа ұпай көрсеткіштерін ескеріп, екінші кезеңге өту ұпайын 13 ұпайға дейін төмендетуді ұйғарды. Олардың еңбектерін ескеріп, қызметке деген ынтасын арттыру мақсатында екінші кезеңге өткізуді дұрыс деп шешті. Жаңа ережеге сәйкес екінші кезеңге 13 ұпайдан жоғары алған қатысушылар қатысады. 

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты 2017 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған «Ең үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы»   байқауында «Білім бұлағы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Астана қаласында SKILLS ACADEMY мекемесі мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры арасында меморандум жасалды. Мемлекеттік тілді дамыту қоры басшылығы SKILLS ACADEMY мекемесі ұйымдастырып жатқан жобаларға оң бағасын берді.

Екінші кезеңнің ережелері

Олимпиаданың екінші кезеңі 14 желтоқсанға дейін созылады. Екінші кезеңге қатысқан педагогтардың барлығына сертификат пен диплом беріледі. Дипломдары казпочта қызметі арқылы хатпен жеткізіледі. Сол себепті, қатысушылар жеке кабинетіндегі мекен-жайлары мен телефон номерлерін және индекстерін дұрыс толтыруларыңызды сұраймыз. Егер толтырмаған болсаңыз, қайта редакциялаңыз! Егер талаптар дұрыс орындалмаса, марапат тек электронды түрде жіберіледі.

Екінші кезеңнің қорытындысы қалай есептеледі?

Олимпиаданың қатынас хатында жазылған ережеге сәйкес екінші кезеңге өткен қатысушылардың ұпай нөлденеді. Конкурстың нәтижесі тек екінші кезеңнің қорытындысымен шығады.

І орын – 20-25 ұпай

ІІ орын – 15-19 ұпай

ІІІ орын – 10-14 ұпай

22 ұпайдан жоғары алған қатысушылардың ішінен бағалы сыйлықтардың иесі анықталады. Ең жоғары балл жинаған (ұпайлар тең болған жағдайда уақыт есепке алынады) ұстазға ноутбук табысталады. Жоғары нәтиже көрсеткен 5 ұстазға Мемлекеттік дамыту қорының арнайы дипломы табысталып, олардың есімі қордың ресми сайтында жарияланатын болады.

Тестілеу бағасы өзгеріссіз. Бір реттің тест — 900 тг, екі реттік тест — 1500 тг, үш реттік тест — 2000 тг.

Екінші кезеңнің ережесі де іріктеу кезеңіне ұқсас. Яғни, қатысу бағалары өзгеріссіз қалады. Екінші кезеңге қатысу үшін қалдық ақшаңызды және іріктеу кезеңінде сатып алынған мүмкіндігіңізді пайдалануыңызға болады. Егер сізде ақша болмаса, қайтадан төлем жасайсыз!

 


7 ПІКІРЛЕР

  1. Салеметсизбе, екинши кезенен бастап катысуга болмайдыма?

  2. Сәлеметсіз бе? Ақшасын төлесем, 1 кезеңнен бастап қатысуға бола ма? Рұқсат беріңіздерші….

  3. Сәлеметсіздер ме? Мен өткенде жазып едім. Тағы да олимпиада бола ма? Қандай конкурстар өтеді? Хабарлап жіберсеңіздер

  4. Алдағы уақытта конкурстар мен олимпиадаларды почталарыңызға жіберетін боламыз!

  5. Өткен ұстаздардың тізімін қайдан көруге болады?

  6. Мен 2 тур 13 балдан басталатынын енді біліп отырмын.14 бал жинаған едім 1 турдан.Енді тапсырсам меншіктімбе?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ