Ұстаздарға арналған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өтеді

1
3063

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР–ТРЕНИНГ

САПА: «БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ»

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

     Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің қолдауымен ұлттық білім берудің оқу-әдістемелік сапасын жақсартып, балабақша тәрбиешілері, мектеп, колледж мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында 8-15 желтоқсан (2017 жыл) аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің Т.Қожакеев атындағы мәжіліс залында /№230 ауд / өтеді. Семинар-тренингке ЖОО, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатыса алады. Шараны ұйымдастырушы Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жидегүл Әбдіжәділқызы. Семинар-тренингке қатысқан ұстаздарға біліктілік арттыру курсынан өткенін растайтын сертификат беріледі. Соңғы тіркелу күні 7 желтоқсан. 

«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өткізеді. 
Семинар-тренинг аясында төмендегідей іс-шаралар бағдарламасы қамтылады: 
1. «ОНЛАЙН ЖҮЙЕДЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ ӘДІСТЕРІ»

  1. «АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ»
  2. «АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ».
  3. «ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ 5-7 — СЫНЫПТАҒЫ САБАҚТЫ ЖАҢА БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ЖАҢА ҮЛГІДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ (ПЕРИФРАЗ)»
  4. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДА КІМ ҚАНДАЙ РӨЛ АТҚАРАДЫ?»: (семинарға қатысушыларға арналған тренингтік ойын)

6.«ӨЗЕКТІ АҚПАРАТТЫ ӨМІРДЕ ҚОЛДАНУ ҚИСЫНДАРЫ»автордың кәсіби салада қызмет етіп жүрген шәкірттері теория мен тәжірибені ұштастыру жайында ойларын ортаға салады;

7.. «ХХІ ҒАСЫР ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ»

8 «ИНТЕРНЕТ ПЕН ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЖАС ҰРПАҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӨЛІ»

9.«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ИНТЕРНЕТ КӨЗДЕРІНЕН АЛЫНҒАН АҚПАРАТТЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ»  

  1. ҰЛЫ ДАЛА ШЕЖІРЕСІНІҢ ШИПАСЫ ( адам жанын ұлттық ою-өрнекпен емдеу терапиясы)

  2. «АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ БІЗ» (семинарға қатысушыларға жүргізілетін сауалнама)
  3. 72 сағат көлемінде жоспарланған бұл семинар – тренингтің қорытындысында республикалық оқу-әдістемелік кеңесі бекіткен кәсіби біліктілікті арттыру жөніндегі сертификаттар тапсырылады.

Семинар-тренингке бұқаралық коммуникация саласын зерттеуші ғалымдар, жоғары оқу орындарының дәріскерлері, балабақша тәрбиешілері, мектеп, колледж мұғалімдері, қазақстандық БАҚ өкілдері, журналистика факультетінің студенттері мен магистранттары, докторанттары қатыса алады. Қатысуға тілек білдірген тұлғалардың өтініштерін төмендегі нұсқада толтырып, abdyzhadylkyzy.zhydegul@gmail.com поштасына 2017 жылдың 7 желтоқсанына дейін жіберуін сұраймыз.

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ
1.Тегі,аты-жөні (толығымен)____________________________________
2.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________
3.Мекемесі, лауазымы____________________________
4.Мекен-жайы__________________________________
5.Телефон(халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)______________________________________
6.E-mail_______________________________________

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Қазақстан Республикасы, Алматы қ, әл-Фараби д., 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

e-mail: abdyzhadylkyzy.zhydegul@gmail.com ;, 
Телефон: (8-7273) 77 33 41 қосымша: 1351 .

Барлық сұрақтар бойынша төменде көрсетілген номерге хабарласасыздар! SKILLS ACADEMY мекемесі мен martebe.kz білім порталы шараны ұйымдастырушы болып табылмайды.

Жауапты: Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жидегүл Әбдіжәділқызы (87784559048)


1 ПІКІР

  1. Сәлеметсіздер ме! Басқа қаладан Ұстаздарға арналған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренингке қалай қатысуға болады? Онлайн қатысу бола ма?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ