Qaztest.kz — Президент Қоры сыйлығының жеңімпазы атанды

3
3248

Астана қаласында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған «Үздік қазақтілді интернет сайт сыйлығы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда «Білім бұлағы» номинациясы бойынша Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты жеңімпаз атанды. Байқау осы жылы үшінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы аталмыш сыйлықты Martebekz ақпараттық білім порталы жеңген болатын.

Qaztest.kz — республикамыздағы қазақ тілінде білім беретін мектеп оқушыларына арналған онлайн олимпиада сайты.

Qaztest – білім әлеміндегі қашықтықтан ұйымдастырылған интернет олимпиадасы. Бұл жоба ұлттық құндылықтармен өз әдебиетімізге байланысты білім алушының білімін бағамдайтын еліміздегі таза қазақ тіліндегі алғашқы жоба. Сайтта оқушылар мен мұғалімдерге арналған олимпиадалар ұйымдастырылып отырады. Дәл қазір сайтта Республикалық Педагогика олимпиадасы өтуде. Олимпиаданың іріктеу кезеңі 30 қарашаға дейін жалғасады.

Марапаттау рәсіміне ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Сұлтан АЙТЖАНОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек СМАҒҰЛ, «ҚазИнформ» халықаралық агенттігі бас директорының кеңесшісі Махат САДЫҚ, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат ШАУЕЕВ, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Байқау мақсаты – интернет жүйесіндегі үздік қазақтілді ресурстарды анықтау мен насихаттау және интернет ресурстардың саны мен сапасын жақсартуға үлес қосып жүрген отандық қазақтілді сайттарды қолдау.
Байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын, қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттар қатысты. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.
Байқауға республиканың әр түрлі аймақтарынан 33 өтінім түсті. «Өткір тіл» — аталымы бойынша www.zheruiyq.kz порталы, «Рухани азық» – аталымы бойынша www.qamshy.kz порталы, «Терең ізденіс» — аталымы бойынша 247media.kz сайты, «Шынайы өмір» – аталымы бойынша kerekinfo.kz сайты, «Спорт тынысы» — аталымы бойынша ulttyqsport.kz және alzhan.kz сайттары, «Білім бұлағы» — аталымы бойынша qaztest.kz және kaz-tili.kz сайттары, «Жастар әлемі» — аталымы бойынша zhasatyrau.kz порталы, «Ойын- сауық» — аталымы бойынша baribar.kz жеңімпаз болып танылды.


3 ПІКІРЛЕР

  1. Салематсыздарма сайт ұжымы сіздерді шын жүректен құттықтаймын Биік белестерден көріне беріңіздер Шығармашылық табыс тілеймін??

  2. Республика бойынша азаматтардың мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін бағалайтын, соған сәйкес сертификат беретін қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі — ҚАЗТЕСТ тестілеуімен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ғана айналысады.
    Осыған байланысты Сіздер сайтарыңызды «қазтест, кз» деп елді шатастырып отырсыздар. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Ұлттық тестілеу орталығы ғана ҚАЗТЕСТ жүйесімен айналысады.

  3. Қайырлы күн Жазира ханым!
    Пікіріңіз үшін рахмет! Ол мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін бағалайтын kazakhtest.kz сайты. Ал біз qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтымыз. 2017 жылдан бері жұмыс жасап келе жатырмыз. Біз мемлекеттік тілді меңгеру бойынша тесттер өткізбейміз. Біздің сайтымыз оқушылар мен мұғалімдерге арналған олимпиадалар өткізеді. Және ҚР Білім және Ғылым министрлігінің олимпиадалар тізіміне енген сайт. Мемлекеттік БАҚ ретінде тіркелген және ҚР Президент қоры сыйлығының иегері атанған сайт.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ