Ұлттық мерекеміз құтты болсын!

1
2619

Құрметті Martebe.kz ақпараттық білім порталының оқырмандары!

Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 26 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай етіп жүрген ұстаздар қауымы мен дарынды жастарды Ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз. 

Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Жұмыстарыңызда табысты болыңыздар! Ұрпақ тәрбиелеу жолында жасап жатқан толымды еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Martebe.kz ақпараттық білім порталы қазақ тіліміздің өркендеуі үшін қызмет атқарып, ұстаздарымыз бен білімді жастардың мәртебесін көтеруде игі істер атқарып келе жатыр. 

Құрметпен, Martebe.kz ақпараттық білім порталы ұжымы


1 ПІКІР

  1. Рахмет Мəртебе ұжымы мереке өздеріңізге де құтты болсын Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін

ПІКІР ҚАЛДЫРУ