ІІ Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» олимпиадасы басталды

0
10054
Абай әлемі

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында қазақтың ұлы ақыны, философы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында мұғалімдер мен оқушылар арасында  ІІ Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері және 5-11 класс оқушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша беріледі.  Олимпиада qaztest.kz сайтында қазақ тілінде өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2021 жылдың 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіледі.

Қорытындысы 14 желтоқсан күні жарияланады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер мұғалімдерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка тағайындалады. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 қатысушыға М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының төрт томдығы сыйға табысталады және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Үздік Абайтанушы» грамотасымен марапатталады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегер оқушыларға  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка тағайындалады. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 30 қатысушыға «Жас Абайтанушы» төсбелгісі мен А.Құнанбайұлының қара сөздері сыйға табысталады және 24-25 ұпай жинаған қатысушылар «Жас Абайтанушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

ІІ Республикалық «Абай әлемі және рухани мұрасы»

қашықтық олимпиадасының ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1.           Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2.           Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz және martebe.kz сайттарында жарияланады;

1.3.           Олимпиада qaztest.kz сайтында 2021 жылдың 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өткізіледі;

1.4.           Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері  және оқушылар қатыса алады.

1.5. Олимпиада тапсырмалары А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша беріледі;

1.6.           Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.

1.7.           Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады. 

  1. Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.           Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау;

2.2.           Мұғалімдердің теориялық білімін тексеру;

2.3.           Республикамыздағы үздік Абайтанушы ұстаздарды марапаттау;

2.4.           Күрделі деңгейлі тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы оқушылардың коммуникативті-ақпараттық дағдыларын дамыту;

2.5.           Оқушыларды патриотизмге баулу және ұлттық мәдениетімізге деген құрметті дәріптеу;

2.6.           Республикамыздағы үздік Жас Абайтанушыларды анықтау және оларды марапаттау.

  1. Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:
  • 1. Олимпиада бір кезеңнен, барлығы 25 тест тапсырмасынан тұрады.
  • 2. Әрбір тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • 3. Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • 4. Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады және нәтиже экран бетіне шығарылады;
  • 5. Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • 6. Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом»бөлімінде сақталады.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Мұғалімдер үшін олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

Оқушылар үшін олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары жинаған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар тағайындалады.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың марапаттары олимпиада барысында жеке парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

 

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22, +7 775 998 83 87


ПІКІР ҚАЛДЫРУ