ІІ республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасы басталды

0
178
Үздік МДҰҚ

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында ІІ республикалық «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері» олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) жариялайды.

Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, әдіскері, тәрбиешілері мен барлық мамандары қатыса алады. Олимпиада сұрақтары 2018 жылғы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспары, мектепке дейінгі педагогика пәні бойынша беріледі. Олимпиада Qaztest.kz сайтында онлайн өтеді.

Олимпиаданың мақсаты: Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің біліктілігін тексеріп, оларды марапаттау.

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Өткізілу уақыты: 13 қаңтар мен 7 ақпан аралығы. Қорытынды 10 ақпан күні сайтта жарияланады. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Ең үздік нәтиже көрсеткен 15 балабақша қызметкерлеріне қаржылай стипендия тағайындалады.

Олимпиаданың ақпараттық демеушісі Martebe.kz республикалық білім порталы. Олимпиада туралы толық ақпаратты +7(727) 229-63-69; +7 700 978 59 22; +7 775 998 83 87 телефондары арқылы білуіңізге болады.

ІI республикалық  «Үздік мектепке дейінгі ұйым қызметкері»

олимпиадасының ережесі

  • Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
  • Олимпиадаға мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, әдіскері, тәрбиешілері мен барлық мамандары қатыса алады;
  • Тест сұрақтарын Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мектепке дейінгі білім беру кафедрасының мамандары дайындайды;
  • Тапсырмалар ұйымдастырушылармен бекітіледі.
  • Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.
  • Олимпиада 13 қаңтар мен 7 ақпан аралығында www.qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі;
  • Сұрақтар 2018 жылғы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу жоспары, мектепке дейінгі педагогика пәні бойынша дайындалған.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

  • Олимпиадаға қатысу үшін http://qaztest.kz сайтына тіркеліп аласыз;
  • Әр қатысушы жеке-жеке электронды почтасымен тіркеледі;
  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам 3 ретке дейін тест тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Қатысушылардың марапат қағаздары электронды почтасына автоматты түрде жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Өзге педагогқа орындатқаны белгілі болса нәтижесі жойылады.
  • Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
  • Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;
  • Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады. Толық нұсқаулық сайттың жоғарысында «Көмек» бөлімінде көрсетілген;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

OЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік тест – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта көрсетілген. Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады.     17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Ал олимпиаданың нәтижесінде уақыт көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтиже алған 15 педагогке 10 000 (он мың) теңгелік бір реттік стипендия тағайындалады (Егер бір мекемеден бірнеше педагогтың көрсеткіші жоғары болған жағдайда ұжымда  2 ғана қатысушы стипендия алады). Қорытынды нәтиже, яғни стипендия иегерлері сайтта 10 ақпан күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Стипендия иегерлерінің нәтижесі алған ұпайымен қоса уақытыда есепке алынатынын ескертеміз.

Бір ұжымнан 15 педагог қатысса ұйымдастырушы координаторға алғыс хат (эл. түрде) беріледі. Сонымен қатар 25 ұпай алған қатысушыларға Құрмет грамотасы беріледі. Алғыс хат алу үшін өтініш qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«АЛҒЫС ХАТ» ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ 

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

Ескерту! Координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest), QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Каспи, терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛСА, ОСЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ!

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)  Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті жұмыс уақытында қосып береді.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: Таңертеңгі 9:00 ден кешкі 18:00-ге дейін.

Түскі үзіліс 13:00 ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға жауап берілмейді.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

ПІКІР ҚАЛДЫРУ