ІІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының ережесі

0
2506

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты атанған Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып, білікті педагогтарды анықтау және оларды қолдау мақсатында ІІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

Олимпиадаға мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері қатыса алады. Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңмен өткізіледі. Олимпиада 2 қазан мен 31 қазан аралығында өтеді. Қорытындысы: 4 қараша күні анықталады.

Олимпиада жүлдегерлеріне І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы кубок беріледі.

Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 педагог бір реттік қаржылай стипендиямен, 40 педагог «Қазақстан ұстазы» төсбелгісімен және 24,25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты 8(727) 229-63-69; 8(700) 978 59 22 телефондары арқылы білуіңізге болады.

ІІ Республикалық «Үздік педагог» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. 1.      Жалпы ереже

1.1.        Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада); 

1.2.        Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz сайтында жарияланады. 

1.3.        Олимпиада 2 қазан мен 31 қазан аралығында qaztest.kz сайтында онлайн өткізіледі; 

1.4.        Олимпиадаға білім беру ұйымдарында қызмет жасайтын оқытушылар, мұғалімдер және балабақша қызметкерлері қатыса алады. 

1.5.        Тапсырмалар Ұйымдастырушылармен бекітіледі. 

1.6.        Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.  

 

  1. 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.        Педагог мамандардың «Педагогика» пәні бойынша білім
деңгейін тексеру;

2.2.        Білім саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру;

2.3.        Республикамыздың үздік білім беру саласы қызметкерлерін анықтау.

 

  1. 3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

 

3.1.        Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.

3.2.        Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.        Бір адам ең көбі 3 рет тест тапсырады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4.        Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

3.5.        Тестілеуден өту үшін қатысушыға 45 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.

3.6.        Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.7.        Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.8.        Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

 

  1. 4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.        Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.        Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.3.        Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.4.        Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.5.        Координатор бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады;

4.6.        Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.7.        Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru  почтасына қабылданады.

 

ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта көрсетілген.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі. Олимпиадада ең жоғары нәтиже көрсеткен 40 педагогке «Қазақстан ұстазы» төсбелгісі беріледі (Төсбелгіге бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі). 24-25 ұпай алған қатысушыларға «Құрмет грамотасы» беріледі. Қорытынды нәтиже, яғни төсбелгі иегерлері сайтта 4 қараша күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады.

Бір ұйымнан 40 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын шықса ұжымға  «Үздік ұжым» кубогы және ұйымдастырушы координаторға алғыс хат беріледі. Сонымен қатар,  24-25 ұпай алған қатысушыларға Құрмет грамотасы беріледі. «Үздік ұжым» кубогына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

«ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

 

Ескерту! «Үздік ұжым» дипломы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

 

ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ КӨП БОЛСА, ОСЫ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТҮРІН ТАҢДАҢЫЗ!

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Қосымша реквизит:

Каспий голд:  5169 4931 3102 2470; ЖСН (ИИН): 870327401578 Акгуль Зариповна (Тел: 87759988387). Жуық арада каспи қосымшаға қызметтерімізді қостыру жоспарлануда.

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

 

Қатысушының аты-жөні  Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)  Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


ПІКІР ҚАЛДЫРУ