Айтыс — өнер қазынасы

0
4269
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

 

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Айтыс жайлы түсініктерін кеңейту,Айтыс түрлерін ажырата білуге баулу. Айтыстың ішіндегі «аспаптар айтысына» тоқталып, балаларға аспаптарды ажырата білуге, аспаптарды соның ішінде домбыра аспабын қастерлеуге баулу. Айтысқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Білімділік: Балалардың айтыс жайлы түсініктерін кеңейтіп, айтыс түрлерін ажырата білуге баулу.

Тәрбиелілік: Балаларды ұлттық өнерге тәрбиелеу. Айтысқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, домбыраны қадірлеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын молайту, тіл байлықтарын дамыту. Өз ойларын толық жеткізіп айтуға, сұрақтарға дұрыс жауап беруге ынталандыру.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, елестету, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Аспаптардың суреттері, Тау, су,ағаш,тастардың макеті, домбыра аспабы, аспаптар айтысының видио ролигі.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қатармен музыка әуенімен түрлі би ырғағымен музыка залына кіреді.

  • Балалар сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр, амандасайық!
  • Сәлеметсіздерме! Здавствуйте! Гудмонинг!
  • Балалалар денемізді тік ұстап, қолымызды тіземіздің үстіне қойып, дауысымызды қыздыру үшін нота жаттығуларын жасайық!
  • До-до-до! Ре-ре-ре! Ми-ми-ми! Фа-фа-фа! Соль-соль-соль! Ля-ля-ля! Си-си-си! До-до-до!
  • Жарайсыңдар балалар!

 

Ал мен сендерге бір керемет ел туралы айтайын, сонау иір-иір жолдардың, қиыр-қиыр жерлердің аржағында «Аспаптар елі» бар екен, таудан асып, теңізді жүзіп өткеннен кейін ғана ол ел көрінеді. Анда көптеген көңілді шулы және музыкалық аспаптар бар екен, үрмелі, ұрмалы және ішекті аспаптар бар екен. Мен ол елге сендерді алып барып көп аспаптармен таныстырғым келіп тұр, сендер менімен бірге барасыңдарма? Иа барамыз!

Бірақ жолда кедергілер болу мүмкін, біз олардан қорықпаймыз, өйткені біз батылмыз солайма, балалар?  Иа қорықпаймыз!

Ол жақта күн жарқырап гүлдер жайнап жаз болып тұр екен.

Ендеше аттанайық. (Кемеге отырайық балалар, желкенді көтерейік!) таулы жерге келдік кемеден түсіп жаяу барайық. (Жолда тастан балалар аттап өтеді, суды баспай өтеді)

Балалар  орындарына жайғасады. Бір дыбыстар шығады. -Балалар бұл ненің дыбысы? Естіп тұрсыңдарма?  Иә деп тыңдайды!

Әуен деп айтайын десем әуенгеде ұқсамайды. Бұл дыбыстар сендерге ұнап тұрма? Ал, маған ұнамай тұр. Түсінбей тұрғаным. Кәне, тақтаға назар аударайықшы. (Аспаптардың айтысы көрсетіледі) -Балалар сендер түсіндіңдерме не болып жатқанын? Аспаптар айтысып жатыр!

Ал, енді түсіндім, әр ұлттың аспаптары мен мықтымын деп айтысып жатыр екенғо. Біздер мында босқа келмеппіз, аспаптарды татуластырайық. Сендер қалай ойлайсыңдар, ең мықты аспап қай аспап? Домбыра!

Ендеше қай аспап мықты екенін көрейік!

Айтыс туралы түсіндіру: Айтыс— ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы,жыр жарысы. Айтыс қазақ халқынан басқа түрік тілдес елдерде де бар. Қазақта қандай той болмасын,қыз ұзату,келін түсіру,наурыз,ауыл тойы болсын айтыс қалмаған.

Жалпы айтыс түрлері көп: Қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы, жігіттер айтысы, жар-жар айтысы, бәдік айтысы, өлі мен тірінің айтысы, жұмбақ айтыс,жануарлар айтысы,аспаптар айтысы болып бөлінеді. (электронды тақтадан суреттерін көрсетіп таныстыру)

Балалар мына жақтан бір дауыстар естіледі…..тыңдайды…. Бұлар кім болды екен? (Домбыра мен қобыз мен мықтымын, мен мықтымын деп айтысып,дауласып кіріп келеді)

Амансыздарма домбыра, қобыз сіздерге не болды дауласып?

Домбыра: Мен мықтымын  десем  қобыз  мен  мықтымын дейді!

Жарайды дауласпаңыздар кімнің  мықты екенін  балалар шешсін, сіздер айтысып көріңіздер! Солай ма балалар? ИӘ!

Қобыз: Жарайды айтыссақ айтысайық!

Домбыра  мен  қобыз айтысы!

Домбыра: Ата баба  дәстүрін,

Үйренуден қашпаймыз.

«Айтыс» десе сәнденіп,

Домбыра біздер бастаймыз.

Қобыз:       Домбыра  болып  аен  келсең,

Қобыз  деген  мен  болам.

Сәйгүлік  болып  сен  шапсаң

Аққу  құсың  мен  болам!

Домбыра:   Біз  домбыра  аспабы

Шетімізден  ақылды ақ

Ән  мен  күйдің  бәрін  де

Шертіп  берер  тақылдап.

Қобыз:       Мақтандыңғой  домбыра

Менде   сенен  қалам ба?

Күмбірлетіп  күй  шертсем

Домбыра  маған  таң  қалма!

Домбыра:   Қалып  қойсам  Қобыздан

Ұят  болар  қауымнан

Тағы   айтыса  жатармыз

Бата алайық  халқымнан!

Қобыз:      Айтысқан мен  не  пайда,

Достасайық  домбыра

Аспаптарын  пір  тұтқан

Қоштасайық  халықпен!

Ой  жарайсыңдар Домбыра,Қобыз! Керемет айтыс болды. Балалар  қай  аспап жеңді  деп ойлайсығдар?

Балалар: Екеуі  де  жеңді, достасты.

 

Дұрыс  айтасыңдар  балалар мінекей  біз «Аспаптар  еліне» қонаққа  келіп, аспаптарымыздың айтысын  көрдік. Домбыра  мен  қобыз  екеуінің  мен  мықтымын  деп  айтысқан  айтыстарын  өз көзімізбен  көріп,тыңдадық. Екеуі  де  мықты  аспаптар  екенін  дәлелдеп  тең  түсті, достық  жеңді! Енді  бойымызды  сергітіп, аспаптарымыздың  достығы  үшін «достық» биін  билейік!

Би билету: «Достық»

Ой  рахмет  балалар , аспаптар шынымен қуанып, екеуінің үні, дыбысы әдемі  екендігін біліп  татуласты!

Айтыс жайлы  не түсіндік,  сөзжұмбақ  шешіп көрейік!

Сөзжұмбақ шешу:

Ән үйрету: «Домбыра» балалар аспаптар  еліне  келген соң ән  айтпай  кете  алмаймыз. Қазақтың  ұлттық  аспабы  «Домбыра»  әнін  үйренейік. Сендерге  арнап  осын әнді  өңдеген және әнін  жазған Бота Бейсенова.

Қорытынды сұрақтар  қойып, оқу  қызметіне  белсене  араласқан балаларды  мадақтау! Біздер  қайда  бардық? Жолда  қандай  кедергілерден  өттік? Аспаптар  еліне  қандай  көлікпен  бардық? Сендер  ол елде  қандай  аспаптармен  таныстыңдар? Қандай  ән  үйрендік? Айтыс дегеніміз  не екен? Қандай  аспаптар айтысты?

Балалар барлығың  ат  салысып  қатысқандарың  үшін  рахмет айтып, аспаптар  елі  сандықша  қойып  кетіпті! Ішін  ашып  көрейік! ООО балалар  қараңдаршы домбыра  мен Қобыз  аспабының  макеттері, сендерге  сыйға  тарту етіпті. Әр балаға  таратып  беру.

Сау  болыңдар  балалар!

 

Накисбекова Сафура Сламгожаевна

Алматы қаласы, Алатау ауданы

№161бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ