ІІ Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасы басталды

4
2679

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайтында ІІ республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасын ұйымдастырады. Олимпиадада сынып жетекшілерінің біліктілігін жан-жақты анықтау үшін тест сұрақтары беріледі. Олимпиада Qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиаданың мақсаты: Үздік сынып жетекшілерін тек мектеп қабырғасында ғана емес, республикалық масштабта насихаттау және оларды марапаттау.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Сайт олимпиадалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №226 бұйрығының конкурстар тізбесіне 257 жолға енгізілген.

Өткізілу уақыты: 21 қаңтардан 22 ақпан аралығы. Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Бірінші кезең нәтижесімен жүлдегерлер анықталады. Ең үздік нәтиже көрсеткен 20 ұстазға қаржылай стипендия тағайындалады.

ІІ республикалық  «Үздік сынып жетекшісі»

олимпиадасының ережесі

  • Осы ереже ІІ республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
  • Олимпиада тапсырмаларын білікті жоғарғы оқу орнының оқытушылары дайындайды;
  • Олимпиада 21 қаңтардан 22 ақпан аралығында qaztest.kz сайтында ұйымдастырылады;

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

  • Сынып жетешілерінің біліктілігін арттыру;
  • Сынып жетекшілерінің оқушыларды тәрбиелеудегі рөлін айқындау;
  • Педагогика және психология, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі пәндерінен сұрақтар қою арқылы үздік мамандарды анықтау.

Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

  • Олимпиадаға қатысу үшін http://qaztest.kz сайтына тіркеліп аласыз;
  • Әр қатысушы жеке-жеке электронды почтасымен тіркеледі;
  • Олимпиада тапсырмалары 25 сұрақтан тұрады.
  • Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;
  • Бір адам 3 ретке дейін тест тапсыра алады. Қатысушының ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;
  • Тестілеуден өту үшін қатысушыға 60 минут беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады.
  • Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;
  • Қатысушылардың марапат қағаздары электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Менің сертификаттарым» бөлімінде сақталады.

Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;
  • Жауаптың өзі дұрыс деп шешкен нұсқасын белгілегенде мұқият болғаны абзал;
  • Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;
  • Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;
  • Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;
  • Тестілеу қатысушының іс-әрекетінен кейін аяқталып қалғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді;
  • Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;
  • Олимпиадаға байланысты сұрақтар kz@mail.ru почтасына қабылданады.

Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 25 ақпан күні сайтта жарияланады. 17 баллдан жоғары балл алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Ал олимпиаданың нәтижесінде уақыт көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтиже алған 20 ұстазға 10 000 теңгелік бір реттік стипендия тағайындалады (Егер бір мекемеден бірнеше ұстаздарының көрсеткіші жоғары болған жағдайда тек 2 ғана адам стипендия алады).

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында және олимпиада біткеннен кейін электронды түрде почталарына жіберіледі. Ал сертификаттары «Менің сертификатым» бөліміне сақталады.

Бір ұжымнан 40 педагогтан көп қатысса, «Үздік ұжым» кубогы беріледі. «Үздік ұжым» кубогы мектеп мекен-жайына жіберіледі.  «Үздік ұжым» кубогына үміткер мекемелер қатысушы тізімін толтырып, сайт почтасына өтініш жолдауы керек. Өтініштерді қабылдау почтасы: qaztest.kz@mail.ru.

«Үздік ұжым» кубогы үшін өтініш үлгісі

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс номері
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)

Ескерту! «Үздік ұжым» кубогы үшін өтініш жіберілмеген жағдайда кубок жіберілмейді.

Төлем жасау туралы ақпарат

Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 700 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1200 теңге, үш реттік мүмкіндік –1500 теңге.

Олимпиада жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное общество милосердие» қайырымдылық қорына (http://detdom.kz) аударылады. Аударымдардың нақты мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп сайтқа жарияланады.

Реквизит арқылы төлеу тек командалық қатысушыларға арналады. Жеке қатысушылар онлайн немесе терминалдар арқылы төлем жасайды.

Қатысушылар саны көп болса, осы төлем жасау түрін таңдаңыз! Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, біздің реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше адам қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

Төлем түбіртегін жіберушілер үшін өтініш үлгісі

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест 700 теңге, 2 реттік тест 1200 теңге)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті жұмыс уақытында қосып береді.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз. Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22


4 ПІКІРЛЕР

  1. Тест сұрақтары қандай материал бойынша келеді

  2. және каспий голдпен төлеу мүмкіндігі боладыма

  3. Қайырлы күн! Педагогика және психология, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі пәндерінен сұрақтар беріледі. Банк картасы арқылы онлайн төлеу қарасытырылған. Сайттың видеонұсқау бөлімінен көресіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ