ІІ Республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасы жалғасуда

16
7496

Құрметті сайт қолданушылары!

ІІI республикалық «Үздік сынып жетекшісі» атты сынып жетекшілерінің біліктілігін жан-жақты анықтау мақсатында Qaztest.kz сайтында олимпиада өтіп жатқанын хабарлаймыз. Олимпиада 10 ақпанға дейін жалғасады. 

Олимпиадаға қатысу

Олимпиаданың мақсаты: Үздік сынып жетекшілерін тек мектеп қабырғасында ғана емес, республикалық масштабта насихаттау және оларды марапаттау.

Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты – 2017 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ең үздік білім сайты» аталымының жеңімпазы атанды.  Сайт №17359-СИ тіркеу куәлігімен ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тіркелген.

Сайт олимпиадалары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы №226 бұйрығының конкурстар тізбесіне 257 жолға енгізілген.

Олимпиадаға қатысу

ІІ республикалық  «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасының ережесі

  • Осы ереже ІІ республикалық «Үздік сынып жетекшісі» олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды;
  • Олимпиада тапсырмаларын білікті жоғарғы оқу орнының оқытушылары дайындайды;
  • Олимпиада 21 қаңтардан 22 ақпан аралығында qaztest.kz сайтында ұйымдастырылады;

Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

  • Сынып жетешілерінің біліктілігін арттыру;
  • Сынып жетекшілерінің оқушыларды тәрбиелеудегі рөлін айқындау;
  • Педагогика және психология, тәрбие жұмыстарының теориясы мен әдістемесі пәндерінен сұрақтар қою арқылы үздік мамандарды анықтау.

Олимпиаданың марапаттау рәсімі

Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі 25 ақпан күні сайтта жарияланады. 17 баллдан жоғары балл алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.

Орын ұпайлары

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17  ұпай

25 ұпай алған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Ал олимпиаданың нәтижесінде уақыт көрсеткіші бойынша ең жоғары нәтиже алған 20 ұстазға 10 000 теңгелік бір реттік стипендия тағайындалады (Егер бір мекемеден бірнеше ұстаздарының көрсеткіші жоғары болған жағдайда тек 2 ғана адам стипендия алады).

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары мен сертификаттары «Менің сертификатым» бөліміне сақталады.

Бір ұжымнан 40 педагогтан көп қатысса, «Үздік ұжым» кубогы беріледі. «Үздік ұжым» кубогы мектеп мекен-жайына жіберіледі.  «Үздік ұжым» кубогына үміткер мекемелер қатысушы тізімін толтырып, сайт почтасына өтініш жолдауы керек. Өтініштерді қабылдау почтасы: qaztest.kz@mail.ru.

«Үздік ұжым» кубогы үшін өтініш үлгісі

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс номері
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті)

Ескерту! «Үздік ұжым» кубогы үшін өтініш жіберілмеген жағдайда кубок жіберілмейді.

Төлем жасау туралы ақпарат

Төлемдер QIWI және 24 касса терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы жүзеге асырылады. Терминалдар арқылы және онлайн төлем жасаған қатысушылар түбіртек жіберуінің қажеті жоқ. Олардың төлемі жеке парақшасына бірден түседі. «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме qaztest.kz сайтының «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 700 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1200 теңге, үш реттік мүмкіндік –1500 теңге.

Олимпиада жарнасының белгілі бір пайызы «Добровольное общество милосердие» қайырымдылық қорына (http://detdom.kz) аударылады. Аударымдардың нақты мақсатқа жұмсалғандығы туралы есеп сайтқа жарияланады.

Реквизит арқылы төлеу тек командалық қатысушыларға арналады. Жеке қатысушылар онлайн немесе терминалдар арқылы төлем жасайды.

Қатысушылар саны көп болса, осы төлем жасау түрін таңдаңыз! Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта және Халық банктері арқылы төлем жасай алады. Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, біздің реквизитті көрсету арқылы төлем жасайсыз. Егер бірнеше адам қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Код 19

КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деп және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек. Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті. 

Төлем түбіртегін жіберушілер үшін өтініш үлгісі

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест 700 теңге, 2 реттік тест 1200 теңге)
     

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Терминал арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті жұмыс уақытында қосып береді.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз. Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00 ден 18:00-ге дейін.
Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

Олимпиадаға қатысу


16 ПІКІРЛЕР

  1. 2 тестке 1200 теңге салып, біріншісін байқамай аяқтау деп басып қалыптым (((((

  2. Қайырлы күн! Сайт почтасына хат жазыңыз. Сол жерде сізге модераторлар жауап береді

  3. Сертефикатымда тегім қате жазылып қалыпты қалай түзесем болады (((

  4. кайырлы кеш. киви кошелектен төлей алмай отырмын. калай төлеуге болады

  5. Қайырлы күн! Төлемді терминалдар арқылы мекеме реквизитіне төлейсіз. Төлем жасау туралы нұсқаулық http://qaztest.kz/video
    Киви терминал арқылы сайтқа тіркелген почтаңызға ақша саласыз. Шотыңыз сайтқа тіркелген почтаңыз болып есептеледі

  6. Мен кеше төлем түбіртегін салып жібердім, аты-жөнімді, почта жазып, енді қашан қатыса аламын. Тестке

  7. Почтаға келген хаттың барлығына толық жауап беріліп жатыр. Сіз қайда жаздыңыз. Жауап алмасаңыз басқа жаққа жазуыңыз мүмкін. Біздің почта qaztest.kz@mail.ru хат жазыңыз

  8. саламатсыз ба! олимпиадаға 22 күні қатыссам бола ма?

  9. Жахмет Динагул Жақсыбекқызы
    олимпиадақа қатысқанмын сертификат келген енді шығарайын десем басқа біреудің атында тұр қайта жібере аласыз ба?

  10. ҚАйырлы күн! Почтаңызға хат жіберілді. Соған кері жауап беруіңізді сұраймыз.

  11. Саламатсыз ба? Үздік сынып жетекшілердің олимпиадасы қашан болады?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ