ІІ Республикалық «Жас маман» байқауының ережесі (балабақша)

67
10572

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен  Martebe.kz ақпараттық білім порталы бірлесе отырып, республикамыздағы мектепке дейінгі мекемелердегі жас мамандар арасында өтетін ІІ республикалық «ЖАС МАМАН» байқауын жариялайды. Байқау биылғы жылы екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың оң бағасын алды.

Байқаудың мақсаты: жас тәрбиешілердің біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 9 қаңтар  мен 9 ақпан аралығында  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады. Осыған байланысты байқау шарттары туралы ақпаратты басшылардың, балабақша меңгерушілері мен әдіскерлердің, жас мамандардың назарына жеткізуді сұраймыз.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Martebe.kz ақпараттық білім порталы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

Байқау жеңімпаздары www. martebe.kz сайтында жарияланады.

 

 

ІІ республикалық «ЖАС МАМАН»  байқауының

        ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты

  • Жас тәрбиешілердің біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;
  • Республика бойынша жас мамандар ішінен ең үздігін анықтау;
  • Жас тәрбиешілердің республикалық деңгейде педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттырып, ғылыми қабілеттілігін жетілдіру.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар, ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының еңбек өтілі             5 жылға дейінгі жас мамандары  қатыса алады.
  1. Байқау тапсырмалары
  • ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала 5 (бес) білім беру салаларын қамти отырып, сапалы ұйымдастырылған оқу қызметі (word нұсқасы өту барысындағы суреттерімен қоса);
  • Тәрбиешінің жеке портфолиосының электронды нұсқасы (тәрбиешінің жеке басын куәландыратын құжаттарымен бірге слайд түрінде жетістіктері толық қамтылуы тиіс);
  • «Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі» тақырыбында эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Эссе көшірме болмауы керек.

Ескерту: Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.

 

 

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқауға келіп түскен жұмыстар іріктеліп Martebe.kz білім сайтында жарияланады.

Бас жүлде (1) — диплом,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған   статуэтка және  «Жас маман» төсбелгісі;

І орын – диплом, арнайы жасалған «Жас маман» төсбелгісі , куәлік;

ІІ орын – диплом, арнайы жасалған «Жас маман» төсбелгісі , куәлік;

ІІІ орын – диплом, арнайы жасалған «Жас маман» төсбелгісі , куәлік;

«Ең үздік портфолио» номинациясы – диплом;

«Үздік эссе» номинациясы – диплом;

«Үздік ұйымдастырылған оқу қызметі» номинациясы – диплом;

Жұмыстары жоғары деңгейде жіберілген қатысушыларға Құрмет грамотасы беріледі.

Барлық қатысушылар арнайы Мақтау грамоталарымен марапатталады.

 

Байқауға қатысу құны — 4000 тг. Байқауға келіп түскен қатысушылардың  эсселері жинақ болып жарық көреді. Жинақты сатып алу ақысы – 3000 тг. Алам деушілер үшін байқау жарнапұлымен бірге аударылуы тиіс.

 

Егер бір мектептен 10 маман қатысатын болса, балабақша басшысына және ұжымға алғыс хат беріледі.

 

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

КНП 859

Төлем мақсаты: «Жас маман»  байқауына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банктен немесе халық банк, казпочта арқылы төлеуге болады. Байқау тапсырмаларымен бірге төлем жасағандығы туралы түбіртек көшірмесі жіберілуі керек.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 87009785922; 8775-998-83-87;

 

Өтініш беру үлгісі

            «ЖАС МАМАН» атты республикалық жас мамандардың байқауына қатысу туралы өтініш

Аты – жөні, тегі
Еңбек өтілі
Облыс, қала, ауыл мекен – жайы, индекс (міндетті)
Жұмыс орны
Мекеме басшысының аты-жөні
Жетістіктері
Эл. поштасы
Байланыс нөмері

 

Ескерту! Өтінішті ворд нұсқасында көрсетілген үлгі бойынша толтыруларыңызды сұраймыз. Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.


67 ПІКІРЛЕР

  1. Саламатсызба. Жас мамандарға өте қажетті керек екен. Сиздерге сұрағым бар 3 тапсырманың биреуін орындау керекпа алде үшеуінда ма?

  2. Cәлеметсіз бе! 3 тапсырманың барлығын орындауыңыз керек. Егер толық орындамасаңыз орынға іліну мүмкіндігіңіз төмендейді.

  3. Салематсыз ба? Биздин балабакша орыс тилинде окытатын билим мекемеси. Сизден сурайын дегеним жумыстар тек казак тилинде кабылдана ма? Алде орыс тилинде окытатын балабакшалар катыса ала ма?

  4. Ол өзі жас маман болса жетістіктері жоқ болса қатыса алмайды ма?

  5. Сәлеметсіздерме бир сұрақ еңбек отили бес жыл болғандар ғана катсама әлде былтыр дан бастап жасап жүрген мамандарға да болама?

  6. Сәлеметсіз бе.менің мамандығым математика мұғалімімен садикте жұмыс істеп жүрмін.дошкольныйды оқып жатырмын.маған қатысуға боламболама

  7. Эссе тақырыбын орыс тілінде жазыңызшы. Орыс тобының тәрбиешілеріне нақты тақырып қажет етеді

  8. Cәлеметсіз бе! Мектепте немесе балабақшада жұмыс жасайтын дипломы бар мамандар қатыса алады.

  9. Сәлеметсіз бе! Еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатысады. Яғни, жұмысқажаңа тұрған мамандар да қатысады

  10. Байқау жас мамандарға жетістікке жетуге ынталандыру үшін жасалып жатыр. Сондықтан барлығы қатысуына болады

  11. Сəлеметсіз бе, 5 жылдан аскан кісілерге катысуға болама?

  12. Эссе тақырыбы орыс тілінде «Роль молодого специалиста на пути обновления» бола ма? Орысша дұрыс аудармасын жазыңызшы

  13. Эссенің орыс тіліндегі атауын ұзақ күттік қой. Бір орыс тілді балабақша ұжымы сұрап еді. жауап берсеңіздерші. Эссені нақты тақырыбы бойынша жазуға дайын

  14. Сәлеметсіз бе, портфолиодағы барлық 4 жылда жасаған жұмысымыздын бәрін жібереміз бе, әлде іріктеп алып жібереміз бе?

  15. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МАМАНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА БОЛАМА БАЛАБАҚШАДА ЖАСАЙТЫН?

  16. Қайырлы күн! Эссенің орысша тақырыбы: Роль молодого специалиста в сфере программы «Духовное возрождение»

  17. Өте қажетті байқау деп санаймын. Себебі осындай байқау барысында жұмысына дегеқызығушыықлық пайда болып жинап тергенинди бир портфолиога салып жи.ерсен содан лазщат аласын. Мартебе ужымына агыс. ???

  18. сәлеметсіз бе менің мамандығым бастауыш сынып мұғалімі бірақ қазіргі таңда тәрбиеші болып жұмыс жасап жатырмын 4ай болды,менің қатысуыма болады ма.

  19. Сәлеметсіз бе! Керемет өте қажетті байқау. Менің сұрайын дегенім мен балабақшада орыс тілі маманымын. Жалпы еңбек өтілім 5 жыл. соның ішінде соңғы 2 жылы осы мамандық бойынша өтілім. алдыңғы 3 жылында тәрбиеші қызметінде болдым. жалпы жас маман болып есептелемін. мен эссені орыс тілінде жазуым міндетті ме әлде қазақша жазуыма да бола ма? Алдын ала алғыс білдіремін.

  20. Салеметсіз бе! Өте қажетті байқау екен. Мен физика пәнінің мұғалімімін,яғни балабақшада жұмыс істемеймін..Жас маманмын. Бұл байқауға қатыса аламынба?

  21. Сəлеметсіз бе? Сұрайын дегенім егер мен 3 тапсырманы орындасам, төлем ақы жағы қалай болады? 3 тапсырманы жиберсем 4000тг ма? Алде 1 тапсырма 4000 ба?

  22. Қайырлы күн! Байқау шарты бойынша барлық тапсырманы орындау керек. Қатысу бағасы 4000 теңге. Әр номинация бойынша төленбейді

  23. Сыздерге алгысым шексыз!оте тамаша жоба уымдастырып отырасыздар унемы.мен алгынгы конкурс иегерымын.мына жобага да ат салыса катысамын!оте керемет!?

  24. Салеметсіз бе 5 білім беру саласын қамтып, 1 оқу қызметінің тех картасын немесе конспектісін ұсыну керек пе? Əлде 5 сала бойынша 5 тех карта/конспекті ме? Осыны айтып жіберіңізші. Тапсырмаларға берілген критерийлер бар ма?

  25. сәлеметсізбе өтінішті техкарта партфолио эссені бәрін және төлем жасаған қағазды фотоға түсіріп соңында почтаға жібереміз бе

  26. Сәлеметсіз бе, портфолио слайд түрінде болуп керек па ? әлде тек қана жетістіктер

  27. Сәлеметсіз бе! Өткізілген ашық оқу қызметтерін видео ретінде жіберсе болады ма?

  28. Салеметсизбе маган бугин 01.02.2018 толық 5жыл мен қатыса аламынба мамандығым тәрбиеші

  29. саламатсызба мен енди байкау туралы енди естидим мен катыса аламынба

  30. Салеметсізбе сұрайын дегенім 1 тапсырманы орындап жіберуге бола ма?

  31. Салеметсызбə! Жиберилген байқау қорытындысын қалай билсе болады? Басқа электранды пошта мен жибергем

  32. Кайырлы кеш!Эссені Рухани жаңғыруға байланысты жазамыз ба?

  33. Қайырлы кеш! Ия, Президент бағдарламасына жас мамандардың қосар үлесі, өз ойыңыз т.б.

  34. Қайырлы кеш! Қабылдау әлі аяқталған жоқ. 9 ақпан аяқталады. Одан кейнін екі апта ішінде тексеріліп, нәтижесі сайтта жарияланады

  35. Байқау талабы бойынша барлық тапсырманы орындауыңыз керек. Сол кезде орын алуға мүмкіндігіңіз жоғары болады

  36. Кеш жарык. Портфолио мен жеке тулганы куаландыратын құжат бари бир слайдта болама? алде калай

  37. Кешіріңіз мен бугін жібердим сагат 6ға қарай ол кабылданама?

  38. Өтініш толтырғанда индекс пен почтам жазылмай кетип калды ештеме етпейме?

  39. Сəлеметсіз бе! Мен кеше жіберген болатынмын, қайта түзеп қайта дұрыс вариантың жібердім, қабылданады гой..? Дұрыс вариантың тексерсеңіздер…

  40. Оны мен методистин почтасымен жибергем енди өз почтамнан жібере аламба?

  41. Сәлеметсізбе! Қабылдау уақыты бітіп қойды. Сол почтамен қабылдана береді

  42. сәлеметсіз бе байқау туралы қашан шығады және қалай қайдан көре аламыз айтып жібересізбе өтініш ,рахмет

  43. » Жас маман» байқауының нәтижесін қай уақытта және қалай білуге болады?

  44. Сәлеметсіз бе байқау қорытындысында шықпадымғой мен орын алсам деген үмітпен қатысып едім

  45. Салеметсиздер ме? Сиздерге коп коп рахмет жиберген грамоталарынызды алдым.Осындай байкаулар коп откизиле берсин,жумыстарыныздын жемисин кориниздер!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ