ІІ Республикалық «Жас маман» байқауының ережесі (мектеп)

68
11702

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен  Martebe.kz ақпараттық білім порталы бірлесе отырып,  республикамыздағы жалпы білім беретін білім ордаларындағы жас мамандар арасында өтетін ІІ республикалық «ЖАС МАМАН» байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: жас мамандардың біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін ояту және оларды ынталандыру.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 9 қаңтар мен 9 ақпан аралығында  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады. Осыған байланысты байқау шарттары туралы ақпаратты білім ордалары басшылары мен жас мамандардың назарына жеткізуді сұраймыз.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері, ең үздік қазақ тілді білім сайты Martebe.kz ақпараттық білім порталы байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

Байқау жеңімпаздары www. martebe.kz сайтында жарияланады.

            ІІ республикалық «ЖАС МАМАН»  байқауының

        ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты

  • Жас мамандардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;
  • Республика бойынша жас мамандар ішінен ең үздігін анықтау;
  • Педагогикалық тәжірбие жинақтау және кеңейту, жалпы білім беретін мектептерде қызмет атқаратын жас мамандардың мәртебесін көтеру.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар, ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген жалпы білім беретін ұйымдарының еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандары  қатыса алады.
  1. Байқау тапсырмалары
  • «Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі» тақырыбында эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Эссе көшірме болмауы керек.
  • Мұғалімнің жеке портфолиосының электронды нұсқасы (мұғалімнің жеке басын куәландыратын құжаттарымен бірге слайд түрінде жетістіктері толық қамтылуы тиіс);
  • Үздік ашық сабақ (word нұсқасы өту барысындағы суреттерімен қоса);

Ескерту: Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқауға келіп түскен жұмыстар іріктеліп Martebe.kz білім сайтында жарияланады.

Бас жүлде (1) — диплом,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған статуэтка және  «Жас маман» төсбелгісі мен куәлік;

І орын – диплом, «Жас маман» төсбелгісі мен куәлік;

ІІ орын – диплом, «Жас маман» төсбелгісі мен куәлік;

ІІІ орын – диплом, «Жас маман» төсбелгісі мен куәлік;

«Ең үздік портфолио» номинациясы – диплом;

«Үздік эссе» номинациясы – диплом;

«Үздік ашық сабақ» номинациясы – диплом;

Жұмыстары жоғары деңгейде жіберілген қатысушыларға Құрмет грамотасы беріледі.

Барлық қатысушылар арнайы Мақтау грамоталарымен марапатталады.

Байқауға қатысу құны — 4000 тг. Байқауға келіп түскен қатысушылардың      эсселері жинақ болып жарық көреді. Жинақты сатып алу ақысы – 3000 тг. Алам деушілер үшін байқау жарнапұлымен бірге аударылуы тиіс.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

КНП 859

Төлем мақсаты: «Жас маман»  байқауына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банктен немесе халық банк, казпочта арқылы төлеуге болады.

Байқау тапсырмаларымен бірге төлем жасағандығы туралы түбіртек көшірмесі жіберілуі керек.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 87009785922; 8775-998-83-87;

Өтініш беру үлгісі

            «ЖАС МАМАН»  атты республикалық жас мамандардың байқауына қатысу туралы өтініш

Аты – жөні, тегі
Еңбек өтілі
Облыс, қала, ауыл мекен – жайы, индекс (міндетті)
Жұмыс орны
Мекеме басшысының аты-жөні
Жетістіктері
Эл. поштасы
Байланыс нөмері

 

Ескерту: Өтінішті ворд нұсқасында көрсетілген үлгі бойынша қабылданады.  Өтініштің қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.


68 ПІКІРЛЕР

  1. Өте тамаша!!! Арнайы ұйымдастырғандарыңыз үшін рақмет!!! Қатысамын міндетті түрде. Жүлделі болуға тырысамын. Сайт әкімшілігіне алғыс!!!

  2. Сәлеметсіздер ме??? бізге портфолио мен эссеге қояр талаптарыңыз қажет еді. қиын болмаса….

  3. Портфолио жинақы, талапқа сай жасалуы керек. Дизайны, жасалуы барлығына мән беріледі. Эссенің түпнұсқалығы мен идеясына баса назар аударылады.

  4. Саламатсыздарма! Жаксы байкау екен, катысып багымды сынап коремин.

  5. 3 тапсырманын ушеуинде орындау керек пе, алде 1 номинация бойынша катысуга болама? Калай билуге болады?

  6. Қайырлы кеш! Мектебімізге АББ-нен «Жас маман» байқауы туралы ақпараттық хат келді, бірақ онда төлем жарнасы көрсетілмеген.Бұл қалай болғаны?

  7. Барлық тапсырманы орындау керек. Нәтиже шығарғанда барлығы бірге қарастырылады

  8. Қайырлы кеш! Қатынас хат 4 беттен тұрады. Мектеп әкімшілігінен немесе біздің почтаға жазу арқылы толық қатынас хатты ала аласыз

  9. Сәлеметсиздер ме? ағылшын тілі орыс тілі мамандары ЭССЕ ні қазақ тілінде жазуы шарт па әлде мамандығы бойынша жазылуы тиіс пе?

  10. Қайырлы күн! Қазақша немесе орысша жазу керек. Пән мұғалімдікке қатысы жоқ

  11. Саламатсыздарма Өте керемет байқау ! Ашық сабақ тек word түріндема алде видео болу керекпа?

  12. Салеметсізбе еңбек өтілімі 2 жыл болса қатыса алмайма?

  13. Саламатсыздар ма? Менің еңбек өтілім 9 жыл. Қатыса алмаймын ба ?

  14. өтінішті қатысуға қайда қалдырсам болады?

  15. Жаңалықты толық оқып шықсаңыз барлық ақпараттар жазылған. Почтаға бәрін бірге орындап жібересіз

  16. Салеметсизбе?сайысқа қатыспайтындар эссенің жинағын сатып ала алмаймызба?

  17. Сәлеметсіз бе! Өзіңіздің жұмыстарыңыз енбесе де жинақты сатып алғыңыз келе ме?

  18. Сәлематсыздар ма? Әлеуметтік педагогпын маған 5 ай болды қатысуға болама

  19. Сәлеметсіздер ме?! Портфолио слайд түрінде ppt форматта ма? Сабақтың әлі өтпегенін , болашақта өткіземін деп жоспарланганын жіберуге бола ма? Яғни өту барысындағы фотосыз жіберуге бола ма?

  20. Сәлеметсіздер ме?! Портфолио слайд түрінде ppt форматта ма? Сабақтың әлі өтпегенін , болашақта өткіземін деп жоспарланганын жіберуге бола ма? Яғни өту барысындағы фотосыз жіберуге бола ма?

  21. Cәлеметсізбе! Эссены орыс тілінде жазуға болама? Үздік ашық сабақтың жоспарына суреттерін тіркеп Word нұскасын жіберуіміз керек пе? Мен осы жерин түсінбедім(( Сонда слайд емес, тек жоспары керек па? Жауабыңызға рахмет!))

  22. ақша төленген чекті сканерлеп жібересізба

  23. Сәлеметсіз бе. Партфолияда жеке мәлімет пен марапаттаулар болса болды ма, әлде ішіндегі бар мәліметтер болуы керек па ?

  24. Сәлеметсіз бе! Орыс тілінде жазуға болады. Жоспар мен cабақтың өту барысынан фото есеп керек. Оны қандай форматта жібересіз өзіңіз білесіз. Жоспар ворд нұсқада жіберіледі

  25. Добрый вечер! Скажите,пожалуйста, на какой почтовый адрес отправлять материал для конкурса?Спасибо.

  26. Сәлеметсіздерме! Қорытындысын қашан аламыз. 9 ақпан күні шығама, әлде қашан

  27. Банкке төлем төлгеннен соң қалай қайда жіберетін жұмыстарымды түсінбей отырмын. Қалай қай жерге өтініш толтырамын

  28. Саламатсызба! Портфолионы кай программамен жасаганымыз дурыс? Сонгы кабылдау куни 8 кандарма? алде 9 включительно ма?

  29. Жіберілген жұмыстың қабылданғаны туралы қалай білуге болады? Барлығын талапқа сай почтага жібердім.

  30. Сәлеметсізбе?! Мен бүгін төлем жасап үлгере алмай қалдым? Сіздерде көрсетіліп тұрған номерге xабарласа алмадым сөніп тұр( ертең төлем жасап жіберсем болама?

  31. Саламатсыдар ма? Мен осы жазылғандарды оқи отырып, портфолионы қайта слайд түрінде жіберген болатынмын. Негізінде байқауға заманауи үлгіде жасалған электронды сайт портфолио ұсынған едім. Жұмыстарымыздың қабылданды ма? Қалай білуге болады? Нәтижесін асыға күтудемін.
    Осындай жас мамандар үшін ұйымдастырып отырған байқау әрі қарай жалғасын тапса деген ұсынысым бар. Бұл байқау мені ізденістерге жетеледі. Сіздерге айтар алғысым шексіз!Алла разы болсын!

  32. Егер сізге «Хатыңызды алдық, қосылған соң жауап береміз» деген хат барса, қабылданғаны.

  33. Қайырлы күн! Мен «Жас маман» байқауына тапсырмаларды толық орындап, уақытылы жіберген болатынмын. Тек мектепке келген қатынас қағазда төлемақы жайында айтылмаған болатын. Байқау шарттары толықтай түсінікті болғандықтан, сайт бетіндегі шарттарды ашқан жоқпын. Мен енді төлемақыны кешіктіріп төлесем (байқау қорытындысы шықпай тұрып) байқаудан ысырылып қалмаймын ба?

  34. Бізге келген бұйрықта да төлемақы төлеу керектігі көрсетілмеген. Сондықтан төлем жасамадым. Енді не болар екен? Кеш қалдық па?

  35. Сәлеметсіз бе?! Байқаудың қорытындысы қашан шығады? оны қалай білсек болады?

    Рахмет!

  36. Сәлеметсіздер ме. Байқаудың қортындысы қай уақытта шығады екен. Тағатсыздана күтіп отырмыз

  37. Сәлеметсіздер ме, жеңістеріңіз құтты болсын ! жоғары деңгейде болыңыздар. Ұжымға алғыс айтамын! Сұрағым: мен екінші орын иегері атандым, мен индексті жазбаған едім, білмеген соң. Енді не болар екен!? Рахмет

  38. сәлеметсіздер ме! мен осы сайысқа қатысқан болатынмын. ең үздік деп табылған қысқа мерзімді жоспарды шығарамыз деген болатын. қайдан, қалай көруге болады?

  39. Қайырлы күн! Таңдаулы материалдар салынуда. Сайттан іздеп көрсеңіз болады, жоқ болса алдағы уақытта салынады

  40. мен орыс тили паги мугалимимин мен эссени орысша жазамын ба

  41. Сәлеметсізбе! Бұл өткен 2018 жылғы жарыстың ережесі. Алдағы жылғы енді жарияланады. Келер жылдың ақпанында ұйымдастырылады.

  42. Сәлеметсіздер ме?! Менде өтілген ашық сабақ жоқ, байқауға қатыса аламын ба?

  43. Қайырлы күн! Орын немесе номинация иелену үшін толық орындауыңыз керек. Толық орындамасаңыз да қатыса аласыз.

  44. Сәлематсізба! Infourok сайтынан берілген сертификаттар есептеледі ма?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ