ІІІ республикалық «ҮЗДІК БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ» байқауына қабылдаудың бітуіне 4 күн қалды

23
3616

«SKILLS ACADEMY» мекемесі мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Үздік қазақ тілді білім сайты» сыйлығының жеңімпазы, ҚР Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі №17261-СИ куәлігімен тіркелген Martebe.kz ақпараттық білім порталымен біріге отырып, республикамыздағы мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілері арасында өтетін  мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері байқауын жариялайды.  Байқау жеңімпаздары «Үздік тәрбиеші» төс белгісімен марапатталады.

Байқаудың мақсаты: бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау және олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 1 қазан мен 10 қараша аралығында skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім порталы. Байқау  жеңімпаздары туралы ақпарат республикалық БАҚ беттерінде жарияланады.

          ІІІ республикалық «ҮЗДІК БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ»  атты тәрбиешілер байқауының

         ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты

  • Тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру;
  • Бала тәрбиесіндегі тәрбиешілердің алатын орны мен маңызын насихаттау;
  • Балабақша қызметкерлерінің шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту.

Байқаудың өткізілу тәртібі

  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады;
  • Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады;
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды;
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды;
  • Байқау қорытындысы қабылдау аяқталғаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде шығарылады;
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейінгі 10 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға республикамыздағы барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері қатыса алады.

Байқау тапсырмалары

  • «Менің портфолиом – педагогикалық бейнем» (тәрбиешінің іс-қағаздары слайд түрінде, 20 беттен аспауы керек)
  • Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі (технологиялық картасы, суретімен қоса)
  • Ата-анамен бірлескен шығармашылық жұмысы (отбасылық сайыс, іс-шаралар т.б. суретімен қоса)
  • «Балабақша – бақыт баспалдағы» тақырыбында эссе (шрифт Times New Roman, кегль 14; аралық -1,5 теңестіру — ені бойынша, бағыты-кітапша, барлық шеті 2 см, 1-3 беттен аспауы керек)

Бағалау критерийлері

  • Конкурс жұмысы мазмұнының конкурс бағыттарына сәйкестігі;
  • Өзектілігі, білім берудің заманауи талаптарына сай болуы, практикалық бағыттылығы және материалдың әдістемелік құндылығы;
  • Жібірелген жұмыстардың суреттермен сәйкес келуі;
  • Жұмыстардың түпнұсқалығы, көшірме болмауы;
  • Эссенің мазмұны, идеясы мен оқырманға эмоцианалды әсері.

Ескерту! Эссенің және жіберілген жұмыстардың түпнұсқа болуы маңызды. Интернеттен алынған жұмыстар тексерілу барысында төмен бағаланады.

 

Байқаудың марапаттау рәсімі

Бас жүлде – диплом, байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған статуэтка, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

І орын – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

ІІ орын – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

ІІІ орын – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Жаңашыл тәрбиеші» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Шығармашыл тәрбиеші» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Ізденімпаз педагог» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Заманауи тәрбиеші» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Ең жас тәрбиеші» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Ең үздік ұйымдастырылған оқу қызметі» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

 «Ең үздік эссе» номинациясы – диплом, «Үздік тәрбиеші» төс белгісі

«Ең үздік ұжым» номинациясы –ұжымнан 10 тәрбиеші қатысқан жағдайда «Ең үздік ұжым» плакеткасы және мекеме басшысы мен әдіскеріне «Қазақстан ұстазы» төс белгісі тағайындалады.

Барлық қатысушылар арнайы мақтау грамоталары және мекеме басшысы мен әдіскері арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

Барлық қатысушылардың марапаты казпочта қызметі арқылы түпнұсқа түрінде мекен-жайларына жеткізіледі.

 

Байқауға қатысу құны — 5000 теңге.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 861

 

Төлем мақсаты: «Үздік балабақша тәрбиешісі» байқауына қатысу үшін

Ескерту! Төлемді халық банктен және казпочтадан жасай аласыздар.

Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

 

Өтініш беру үлгісі

«ҮЗДІК БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІСІ»  атты республикалық  тәрбиешілер байқауына өтініш

 

Аты-жөні, тегі

(міндетті)

 
Мекен – жайы, индекс (міндетті)  
Жұмыс орны, мекеме атауы (міндетті)  
Мекеме басшысы және әдіскерінің аты-жөні  
Еңбек өтілі  

Эл. Поштасы

(міндетті)

 

Байланыс номері

(міндетті)

 

 

Ескерту! Өтініш word нұсқасында жіберілуі керек.

Барлық марапат қағаздар жіберілген өтініш бойынша толтырылады. Қате толтырылғаны үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.

Байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 87009785922; 87759988387.

Байқау ережесін алғыңыз келсе, пікірге электронды почтаңызды жазыңыз. Сайт қызметкерлері сізге ақпараттық хатты жіберетін болады.


23 ПІКІРЛЕР

  1. Өтінішті алдын ала толтырып жіберемізба?

  2. Салеметсиз бе ! Уздик тарбиеши байкауы корытындысы кашан шыгады?

  3. Қайырлы күн! Қабылдау 10 қараша ғана аяқталды. Қазір жиналуда. Келесі апта қазылар алқасы тексеретін болады. 10 жұмыс күні ішінде тексеріліп, осы сайтқа қортындысы жарияланатын болады. Қорытынды 24-25 қарашада шығарылады деп жоспарлануда

  4. Сәлеметсіздерме! Менб бұл конкурс жайында қазыр көріп отырмын, маған қатысуға бола ма, бұйыртса бір күн ішінде барлық тапсырмаларды орындап ертең түске жіберсем, мүмкін бе?

  5. Қайырлы кеш! Өкінішке орай қабылдау уақыты аяқталды. Қазір жұмыстар тексерілуде

  6. Erteń mindetti túrde jaýabyn shygaryńyzdarshy. Qandaı nátıjege jetkenimdi bilgim kelip júr. Uzaq tekserý, talqylaý bolyp ketken sıaqty

  7. Республикалық байқау болғаннан кейін жұмыстар мұқият тексерілуі керек. Қазір тексеріліп жатыр. Айдың соңы нәтиже сайтқа жарияланады.

  8. Кайырлы кеш! Қорытынды нешесі айтасыздар?

  9. Сәлеметсіз бе. Байқау қорытындысы енді қашан шығады.

  10. Сәлеметсіздер ма? Бұл жарыстың қорытындысы 20 қарашадан кейін шығады депкөрсетілген еді. Бірақ әлі қорытындысы шықпаған сияқты.Неге?

  11. Қайырлы күн! Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын толық егжей-тегжей жинап, қазылар алқасына тапсырды. Дәл қазір тексерушілердің соңғы күні жүріп жатыр. Ертең 28.11.2018 жылы осы сайтқа қорытындыны жариялайтын боламыз.

  12. Қайырлы күн! Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын толық егжей-тегжей жинап, қазылар алқасына тапсырды. Дәл қазір тексерушілердің соңғы күні жүріп жатыр. Ертең 28.11.2018 жылы осы сайтқа қорытындыны жариялайтын боламыз.

  13. Қайырлы күн! Ұйымдастырушылар қатысушылардың жұмыстарын толық егжей-тегжей жинап, қазылар алқасына тапсырды. Дәл қазір тексерушілердің соңғы күні жүріп жатыр. Ертең 28.11.2018 жылы осы сайтқа қорытындыны жариялайтын боламыз.

  14. Уздик Дене шыныктыру нускаушысы 2018 кашан болады?

  15. Уздик балабакша тарбиешисинин корытындысы кашан шыгады

  16. Сəлеметсіздер ме!Бүгін 28 қараша Үздіе тəрбиеші байқауының қорытындысын жариялаймыз дегенсіздер.Əлі жарияланбапты.Қашан жарияланады?Күтудеміз

  17. Неге корытындысы шыкпай жатыр. Асыга кутудемиз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ