Интелектуалды ұлт балаларын тәрбиелеудің шарттары талқыланды

0
1840

Алматыдағы І.Жансүгіров атындағы №130 гимназия басшылығы ата-аналардың жалпыұлттық жиналысын өткізді. Бұл Ғылым және Білім Министрлігінің 12-мамыр ата-аналардың жалпыұлттық жиналысын өткізу туралы шешімін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.

Жиын негізен – ата-ана мен ұстаздардың басын қосу, бала тәрбиелеудегі, білім берудегі мәселелерді бірлесе талқылап, жетістікке жету жолдарын ұсыну бағытында болды.

Елбасымыз жақында ғана жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында интелектуалды ұрпақ тәрбиелеу мәселесін көтерген болатын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында»,- деген болатын. Демек, ата-ана мен ұстаздар қауымының бірлесіп  ел іргетасын қалайтын балалардың келешегіне алаңдауы заңды құбылыс.

Жиында  «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» сияқты бағдарламалардың болашақ ұрпақты тәрбиелеудегі мәні анықталды. Бұл бағдарламалар  ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы екендігі түсіндірілді.

Гимназия директоры А.Р. Смағұлова өз сөзінде «Былтырдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілгендігін, алдағы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7-сынып шәкірттері оқитындығын» айтты.

Сондай-ақ жиын барысында биыл балалар ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсыратындығы түсіндірілді.  Сондай-ақ, Қамқоршылар кеңесінің жұмысын, кеңестің құқығы мен міндеттерін, қағидасы мен қызмет тетігін талқылады.

«Бірлесіп пішкен тон – келте болмас» деген қазақтың сөзін ескерсек, бүгінгі білім беру жүйесіндегі оң өзгерістер, жаңа бағдарламалар, олардың интелектуалды ұлт қалыптастырудағы орны мен ерекшеліктерін ата-аналарға түсіндіріп, пікір алмасу мол жетістіктерге жетелері анық. Мұндай жиындарды өткізіп тұру  кемел келешекке сауатты, көкірегі ояу азаматтарды тәрбиелеуге септігін тигізетіні анық.

Әйгерім Әлімжан


ПІКІР ҚАЛДЫРУ