«CREATIVE» шығармашыл жастарды дамыту орталығының ашылу салтанатына шақырамыз

0
1501

ПРЕСС-АНОНС 

Күні: 17.05.2017

Уақыты: 13.00

Орны: Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі 31 («CREATIVE» шығармашыл жастарды дамыту орталығы) 

2017 жылы 13 мамыр күні Қазантаев көшесі 31 мекен жайында Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЖАСТАР FEST-QYZYLORDA» шығармашыл жастарды дамыту орталығы қызметін ұйымдастыру (көше билері, рэп, брэйк-данс және т.б.) әлеуметтік жобасының аясында «CREATIVE» шығармашыл жастарды дамыту орталығының ашылу салтанаты өткізеледі.

Орталықтың мақсаты:

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру

Көше мәдениетінің өкілдеріне қолдау көрсету

Аймағымыздағы жастар саясатын дамытуға үлес қосу

Шығармашыл жастардың бас қосу алаңын құру

Орталық жанында  «Заманауи би», «Parkour», «Шахмат», «Үстел теннисі» үйірмелерінің жұмысы жүргізілетін болады. Өз саласының мамандары аталған үйірме жеткешілері қызметіне орналастырылды. Барлық ақпараттық жүйелерді қолдана отырып орталық жұмысы туралы хабарландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйірме жұмыстары барлық жастар үшін тегін, сапалы жүргізіледі.

Ұйымдастырушылар:  Қызылорда облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Сана» зияткер жастар мектебі» Қоғамдық Қоры

Байланыс: +7 747 460 28 43

sabirzhan.kenshilik@gmail.com


ПІКІР ҚАЛДЫРУ