Біздің ұжыммен бірге жұмыс жасауға шақырамыз

2
2942

Martebe.kz білім сайты Qaztest.kz сайтымен бірігіп сәуір айында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасын ұйымдастырғанын білесіздер. Алдағы оқу жылында өзге де пәндер бойынша пәндік олимпиада ұйымдастыруды жоспарлауда.

Осы ретте Qaztest.kz тест орталығы мен Martebe.kz білім порталы білікті мұғалімдермен жұмыс жасауды қолға алмақ. Qaztest.kz сайтының негізгі мақсаты — олимпиада арқылы ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу. Оқушы бойына тест тапсырмалары арқылы өткеніміз бен бүгінімізді санасына сіңіру, жаңашылдыққа баулу, уақытын басқара білуге үйрету басты міндет. Егер сіз оқушыларымызға қызықты жобалар мен олимпиадалық тест сұрақтарын дайындайтын автор болсаңыз, сізбен қуана жұмыс жасауға дайынбыз.

Бізге:

  • Өз ісіне асқан жауапты, уақытпен санаса білетін;
  • Өз ісіне деген сүйіспеншілігі жоғары;
  • Өз пәнінің бүге-шүгесіне дейін білетін;
  • Креативті, жаңа идеялар ұсына алатын;
  • Олимпиадалық сұрақтар жасауда тәжірибесі бар білімді мұғалімдер керек.

Біз сіздерге:

  • Жұмысыңызға қарай еңбекақы;
  • Порталдың құрмет грамотасы;
  • Сайтқа ұстаз туралы имидждік мақала жариялауға мүмкіндік сыйлаймыз.

Бізбен бірге жұмыс жасағыңыз келсе, түйіндемеңізді skillsacademy.kz@mail.ru пойчтасын жіберіңіз Түйіндемеде (аты-жөні, мекен-жайы, мектебі, пәні, атқарған жұмыстары, байланыс номері, ұсынатын жобасы, қоятын талабы) толық көрсетілуі керек. Қабылдаған соң редакция қызметкерлері сіздерге хабарласатын болады.

 


2 ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ