«Инженер-электрик» мамандығын бітіруші түлектер мамандармен кездесті

0
1750

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас құрылысшылар» еңбек жасағы жастар арасында жұмыссыздық мәселелерін шешу және техникалық мамандығы бар жастардың жұмысқа орналасуына ықпал жасау мақсатында «Инженер-электрик» мамандығын бітіруші түлектер  «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның басшылығымен кездесуі өткізілді.

Кездесудің мақсаты жұмысшы мамандық түлектеріне қолдау көрсете отырып, жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасау, жұмыс барысы мен қатар жұмысқа орналасуы үшін жұмыс беруші мекемелердің талаптарымен таныстырылды.

Шараға түлектер  «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның басшылығы қатысып бос жұмыс орындары жайлы және қандай дәрежелі «инженер-электрик» керек екені айтылды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ