Ішкі миграция. Оң­түс­тік­тен сол­түс­тік­ке қоныс аудару

0
3058
Freepik.com

Ел үкіметі 2013 жылы қабылдаған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында жұмыс күшіне тапшы аймақтарға халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті отбасыларды көшіру туралы айтылған.

Нәтижесінде оңтүстіктен  солтүстікке көш түзегендердің саны артып келеді. Еліміздің
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарынан келген делегацияның қатысуымен Мақтарал мен Сарыағаш аудандарында жұмыссыздарға арналған «Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің» ұйымдастырылуы да бағдарлама шеңберінде жүзеге асуда.

Зерттеу нәтижесі бойынша, қазірден бастап халықтың орналасуында дисбаланс бар. Халықтың 38%-і оңтүстік  өңірлерде қоныстанған. Ал Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы халық саны 17%-ті құрайды.

Егер мұндай үрдіс  жалғаса беретін болса, 2050 жылға таман оңтүстік халқының саны 5,2 млн адамға жетеді. Бұл – солтүстіктегі тұрғындар  санынан 4 есе көп болады деген сөз.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі соңғы 10 жылдағы ішкі миграцияға талдау жүргізіп, нәтижесінде Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау және Алматы облысы
тұрғындарының бір бөлігін Шығыс Қазақстан, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарына көшіруді  арттыру қажеттігін анықтаған.

Айта кету керек, «Жұмыспен  қамту» бағдарламасын іске қосқаннан бері 19 мың адам солтүстік өңірге қоныс аударған. Оларға жоба аясында барлығы 5,4 мың қызметтік пәтер мен жатақханадан бөлме берілді.

Динара Мыңжасарқызы

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ