Экологиялық туризм туралы

0
5893
Freepik.com

Экологиялық туризм – сауықтырушылық, танымдық, қарым-­қатынастық қажеттіліктер ұштастырылатын туризмнің  түрі.

Бұған экологиялық тұрғыдағы көрнекті орындарды (ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері), табиғат қорғау проблемалары оңтайлы шешілген аумақтарды аралау, сонымен бірге экологиялық ұйымдардың, «жасылдар» қозғалысының бұқаралық шараларына қатысу жатады.

Экологиялық білім беру  және ағарту элементтері міндетті түрде қамтылады.  Экологиялық туризмнің өзекті үш бағыты бар, олар: танымдық (тарихи), ғылыми (зерттеушілік), оқиғалы (спорттық). Тарихи экотуризм жергілікті мәдениет пен қоршаған  ортаны тануға мүмкіндік береді. Ғылыми түрінде туристер
табиғатты зерттейді.

Оқиғалы экотуризм – табиғатта демалу  мен қозғалудың белсенді бағыты, оған жаяу, атты, велосипедті туризм, альпинизм т.б. жатады.

Экологиялық туризм «жұмсақ» туризм болып табылады,  себебі ол қоршаған ортадан пайда табуға бағытталмаған. 

Аталмыш туризм түріне мына қасиеттер тән: туристік аймақтарды мәдени тұрғыдан сауықтыруға қамқорлық жасау, табиғат ресурстарын аяушылықпен пайдалану, қоршаған  ортаға залал келтіретін жағдайлардың минималды болуына
бақылау жасау.

Экологиялық тур кезінде сіз жабайы табиғатпен тығыз  байланыста боласыз, бұл – басқа турлардың бірінде жоқ қасиет. Мұнда адам – табиғаттың әміршісі емес, оның бір бөлшегі ғана болады.

Амангелді Сопбеков

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ