Әлемді өзгерткен адамдар

0
3995
Freepik.com

Дүниені өзгертіп жатқандар – ақылды адамдар. Соңғы  уақытта данышпандарды интеллектілік коэффициенттерге  байланысты анықтайтын амалдар пайда болды.

Мұның қаншалықты дұрыстығын немесе бұрыстығын ешкім дөп басып айта алмас. Соңғы деректерге назар аударсақ, адамдардың 50%-­іне  жуығының IQ деңгейі төмен. Демек, жер шары тұрғындары  ақыл-ой деңгейі жағынан іріктелген. Жаңалық ашып, адамзаттың дамуы жолында тер төгіп жүргендер аз ғана бөлікті  құрайды.

Ең танымал ақылды адамдар:

Стивен Хокинг. Ол физика теориясын зерттеп, тіпті ғаламшар заңдылықтарын ашуға да септігін тигізген. Сонымен қатар ол – 7 бестселлер мен 14 марапаттың иесі.

Ким Унг-Йонг – Кореядан шыққан вундеркинд. «Гиннестің рекордтар кітабына» енген. Екі жасында екі тілді еркін меңгеріп, төрт жасында математикадан қиын есептерді шешкен. Сегіз жасында АҚШ-қа НАСА-да жұмыс істеуге шақырылған.

Пол Аллен – Майкрософт компаниясының қосалқы құрылтайшысы. Ақылын ақшаға айналдырып, 14,2 миллиард  доллар байлыққа ие болған.

Сэр Эндрю Уайлс – британдық математик. 1995 жылы Ферманың ұлы теориясын ашып, әлемдегі ең қиын есепті шешті.  Математика мен ғылымда әлемдік маңызға ие 15 марапаттың иесі атанған.

Америкалық Кристофер Хирата 14 жасында Калифорнияның технология  ниверситетіне түсіп, 16 жасында НАСА-да Марсты игеру жұмыстарына атсалысқан. 22 жасында астрофизика саласы бойынша ғылым докторы атанған.

Теренс Тао екі жасында математика негіздерін игере бастаған. Тоғыз жасында университет деңгейінде математика  курсына барған. 20 жасында Принстон университетінде доктор дәрежесін алған. 24 жасында профессор деңгейінде Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде дәріс беріп, 250 ғылыми жұмысын жария еткен.

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ