Іскер журналист басқа тақырыптар туралы жазуы керек пе?

0
968

   Іскерлік журналистика тек экономика,бизнес, қаржымен шектелмейді. Мұның аясына экономиканың барлық нысаны кіреді.

Шоу-бизнестің көмегімен табыс тапқан Қазақстандық әншілер салық төлегісі келмейді. Бірақ олар да – бизнес нысаны.

Мысалы, Қайрат Нұртастың концерті өткені туралы жаңалық жазсаңыз, ол іскерлік журналистиканың нысаны емес, концертте қанша табыс тапқаны немесе жылдық табысы туралы ақпарат берсеңіз, ол іскерлік журналистиканың нысаны.

Спорт та табыс әкеледі. Головкиннің кезекті кездесуі өтетіні спорт журналистерінің азығы, сол кездесудегі табысы – іскерлік журналистиканың нысаны.

Іскерлік салада жүрген журналист саясат туралы жазуы керек пе? Қазақстанда саясаттың экономикаға ықпалы зор. Сондықтан саясат тақырыбын жазу маңызды, алайда саяси партиялардың бағдарламасы, саясаттанушылардың пікірімен әуестеніп кетудің қажеті жоқ.

Тек саяси жағдайдың экономикаға қатысын жазуға болады. «Нұр Отан» партиясының соңғы жиынында экономика туралы маңызды мәселелер айтылды. Онда айтылғанның экономикаға әсері қандай? Баға түсті ме, өсті ме? Жаңалық та, сұхбат та, сараптама да, журналистік зерттеу де жазуға сұранып тұр.

Немесе көшеге шеруге шыққан адамдардың нақты қала экономикасына қаншалықты әсері болды? Зерттеп көріңіз. Экономикаға әсері бар кез келген тақырып–іскерлік журналистиканың нысаны.

                                                           Ербол Азанбектің «Іскерлік журналистика»                                                                                                               кітабынан         


ПІКІР ҚАЛДЫРУ