Өзін-өзі ынталандырудың 6 тәсілі

0
1562

         Өзін-өзі ынталандыру — бұл адамның табиғи дамуына әсер ететін, оның қызметінің өнімділігі үшін жауап беретін психикалық процесс. Бұл термин адамның белгілі бір іс-әрекетті жасауға деген ынтасын білдіреді.  Қазіргі таңда, адамдарға бір нәрсені жасау үшін шабыт жетпей жатады. Ал, шабытты адамдар көбіне өзгелерден іздейді. Дегенмен кей жағдайда біз  өзгелердің жасаған іс-әрекетінен шабыттанбаймыз. Міне, сондай уақытта адам өзін-өзі ынталандыру процессін бастауы қажет. Бұл процесс нәтижесінде кез-келген адам жетістікке жете алады. Келесі кезекте өзін-өзі ынталандырудың 7 тәсіліне тоқталып өтсек.

1.Нәтижеге жету үшін-еңбектену қажет.

   Өзін-өзі ынталандырудың ең маңыздысы — ештеңе бірден нәтиже бермейтінін түсіну. Өмірде барлық дүние сіздің қалағаныңыздай болмайды.Өзіміз қалағандай дүниені жасау үшін, көп еңбектенуіміз керек.Және де белгілі бір уақыт кезеңінен бастан өткізуіміз шарт. Ал, біз қалаған дүниенің орындалуы  мақсаттың күрделілігіне және мотивацияға байланысты. Кез-келген мақсат, жоба және т.б. уақыт пен күш жұмсауды талап етеді. Сондықтанда, әр жобаны жүзеге асыру барысында өзіңіздің күш жігеріңізді  қолдануға дайын болыңыз. Оған қоса, тек әрекет  ғана нәтиже беретінін ұмытпаңыз.

2. Өз мүмкіндіктеріңізді шектемеңіз.

  Сіз оңай қол жеткізетін  мақсат  жоспарламаңыз. Әйткенде, сіздің мақсатыңызға деген қызығушылығыңыз жоғалады. Себебі, сіз оған оңай жолмен қол жеткізесіз. Және де оның сіз үшін құны болмайды.Сонымен қатар, сіз күрделі мақсаттар жоспарлай алсаңыз, оған жету үшін барлық мүмкіндіктеріңізді пайдалануға тырысасыз.

3. Тез әрекет етіңіз!

  Егерде миыңызға жаңа идея келетін болса, оны 3 күн ішінде жүзеге асырыңыз. Сіз 3 күн ішінде алғашқы қадамдарды жасамасаңыз, онда сіз оны ешқашан жасамайсыз. Әр идея — бір нәрсені жақсы жаққа өзгерту үшіг мүмкіндік. Бірақ жаңа идеяларды көп адамдар жүзеге асыруды ұмытып кетеді. Сондықтан, адамдаға тез шешім қабылдап үйрену керек. Алайда,  тез шешім қабылдайтындар көп   қателесуі мүмкін. Дегенмен, қателесу, бұл шыңға жетудің жалғыз жолы екенін ұмытпаңыз.

4.Қорқынышты жеңу

     Іс-әрекеттен қорқу — бұл табиғи физиологиялық жағдай. Бұл жағдайда адам қорғаныс реакциясын қосады. Қорқыныш кез-келген маңызды оқиғаға немесе шешімге дейін пайда болады. Алайда, сіз оны жеңуге үйренуіңіз керек. Оны жеңу үшін қорқыныш сезімін бастан өткеруіңіз қажет. Және де  аффирмацияны қолдануыңыз қажет. Мысалы: «Мен бәрін оңай жасай аламын» / «Мен бәрін керемет басқара аламын» және т.б.

5.Түсінуге тырысу.

   Сіздің үлкен мақсатыңызды білу және оны орындау, әрдайым сізді ынталандырады. Сонымен бірге, өз өміріңіздегі оқиғаларды қадағалап, қателіктерге талдау жасауға көмектеседі. Осы орайда, өзіңізге жиі: «қазір мен не істеп жатырмын?»-деген  сұрақты жиі қойып тұрыңыз. Және өзіңіздің қазіргі таңда немен айналысып жатқаныңызды түсінуге тырысыңыз. Күнделікті мақсатыңызға қарай бір қадам жасап отырыңыз.

6. Өзіңізге ұнайтын нәрсені жасаңыз!

   Әйткенде, сіз ерте ме, кеш пе жасап жатқан жұмысыңыздан жалығатын боласыз. Себебі кез-келген сәттіліктің басты ережесі — сүйікті іспен айналысу.Бұл  шындықты барлық адамдар біледі, алайда бұл принципті кейбіреулері ғана қолданады. Өзіңіздің сүйікті  кәсібіңізбен айналысыңыз, оған күш пен жаныңызды салыңыз. Сонда ғана процесс сізге нақты нәтижелер әкеледі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ