Табиғат ресурстарын сақтауға арналған 12 кеңес.

0
1678

   Адамдар үшін өмір сүру салтын экологиялық жолға бағыттау өте қиын. Өйткені олар көбіне табиғат заңдарына қайшы келетін дүниелер жасайды. Дегенмен сіз табиғат ресурстарын сақтауға бекінсеңіз, оны қарапайым ережелерден бастаған жөн. Ол үшін төменде көрсетілген 12 кеңестің біреуін орындауды күнделікті режимге қосыңыз. Нәтижесінде экологияны сақтауға, аз ғана болсын үлес қосқан боласыз.
Қуатты үнемдеу арқылы, сіз ақшаны да үнемдейтініңізді ұмытпаңыз    

1. Мүмкіндігінше, электр бұйымдарын қолданған кезде, төменгі температураны пайдалануға тырысыңыз. Егерде сіз температураны 60 градустан 40 градусқа төмендетсеңіз, электр энергиясын тұтынуды үштен бірге азайтасыз.Ал 30 градусқа дейін төмендету арқылы электр энергиясының 40% үнемдейсіз. Сонымен қатар, электрмен жұмыс істейтін бұйымдарыңыздың қызмет ету мерзімі артады.

2. Үлкен көлемдегі деректерді сақтау үшін WD Caviar Green жасыл жинақтауышын ( накопитель) пайдаланыңыз. WD Green Power технологиясымен жұмыс істейтін қатты дискілер стандартты дискілермен салыстырғанда 30% энергияны үнемдейді.

3. Жоғарғы қабатқа лифт орнына баспалдақтармен көтеріліңіз. Бұл арқылы сіз кішігірім энергияны үнемдейсіз. Оған қоса физикалық жаттығу арқылы, денеңіз серігіп қалады.

4.Көбірек жаяу жүріңіз. Немесе көп жағдайда қоғамдық көлік пен велосипедті пайдаланыңыз.Бұл энергия мен қоршаған орта тазалығын сақтауға көмектеседі. Оған қоса, жаяу жүру арқылы өз денсаулығыңызды сақтайсыз.

5 .Демалыс күндері отбасыңызбен жақын маңдағы ормандарға барыңыз. Онда таза ауамен демалып, ормандағы қалдықтарды жинаумен айналысыңыз. Бұл сіз үшін де, табиғат үшін де өте пайдалы дүние.

6 .Үнемі сағыздарды қоқыс жәшігіне тастаңыз. Себебі көгершін мен өзге де құстар көбінесе сағызды жеп қояды. Нәтижесінде олар өліп қалуы мүмкін.Сонымен қатар, сағыз ұзақ уақыт бойы сақталғандықтан, экологияға зиян келуі мүмкін.

7.Үнемі қолданылған жарық беруші лампаларды арнайы контейнарға салуды ұмытпаңыз. Өйткені лампаларды кәдімгі қалдықтармен араластыруға болмайды. Ол болашақта табиғатқа қауіп төндіруші элементке айналуы мүмкін.

8.Үйге немесе жұмысқа қажетті қағаздарды алған кезде, оның неден жасалғанына мән беріңіз. Көбіне қайта өңделген өнімнен жасалған қағаздарды алуға тырысыңыз.Сонда сіз ағаштардың аз жойылуына өз көмегіңізі тигізесіз.

9.Пластик пакеттер орынына арнайы эко-сөмкелерді қолданыңыз.Қазіргі таңда миллиардтаған политэлин пакеттер қалдығы жер бетін ластап жатыр. Оларды қайта өңдеу үшін біршама уақыт қажет.Ал, политэлин пакеттерді қоқысқа тастасаңыз, біршама жылдар бойы табиғатқа зиян келтіреді.

10 .Кәдімгі батериялар орнына қайта зарядталған батерияларды қолданыңыз. Қоқыс жәшігіне тасталған 1 ғана батерия шамамен 20 шаршы метр жерді ауыр металдармен ластайды.Ал, орман аймағында бұл екі ағаш пен екі кірпі және бірнеше мың ұсақ жәндіктер мекендейтін жерді жойғанмен тең.

11.Су мен жарықты сізге қажет емес жағдайда, өшіріп қойыңыз.Бұл арқылы сіз электр энергиясы мен ақшаны үнемдейсіз.Сонымен қатар, су және электр жарығы сарқылатын ресурсқа жасатынын ұмытпаңыз.Бір күні бұл ресурстар таусылып қалса не істейсіз? Және де әлемде миллиондаған адамдардың таза су мен жарықсыз өмір сүріп жатқанын еске түсіріңізші.Сондықтан табиғат берген ресурстарды сақтауға тырысыңыз.

12. Үйіңіздегі керек емес заттарды қоқысқа тастауға асықпағыз.Себебі, көптеген қалаларда ескі бұйымдар мен киімдерді қабылдайтын қайрымдылық қорлары бар.Олар сіздің бұйымыңызды қуана қабылдауы мүмкін. Сондықтанда, керек емес бұйымдарды қоқысқа тастауға асықпаңыз.Керісінше, оларға екінші өмір сыйлаңыз.Мысалы: жыртық джинсыдан сәнді эко-сөмке тігуге болады.Бұл арқылы сіз экологияға өз пайдаңызды тигізесіз.Және де қаражатыңызды үнемдейсіз

    Сөз соңында, сізге айтарым таңдау өз қолыңызда. Дегенмен сіз де қоршаған ортаның бір бөлігі болғандықтан, табиғатқа көмектесуді бүгіннен бастасаңыз, бек қуанар едім….


ПІКІР ҚАЛДЫРУ