ҰБТ-ға жылдам дайындалу техникасы

0
907
Иллюстрация: Freepik.com

 1. Дайындықты жоспарлау. Біріншіден, өзіңіздің биологиялық ритміңізді анықтаңыз. Яғни ерте жатасыз ба, әлде кеш ұйықтайсыз ба? Осыған сәйкес кесте құрыңыз. Әр күні қандай тақырыптарды дайындайтындығыңызды нақты анықтап алыңыз. ҰБТ-ның алдында бір күн бұрын жақсылап демалып, таза ауада серуендеңіз.

 2. ҰБТ-ға дайындалуға арналған «3-4-5» техникасы. ҰБТ-ға дейін қалған уақытты (апта, ай, жыл) 3 бөлікке бөліңіз. Мысалы, өзіңізде бар 15 күнді бес-бестен бөліңіз. Алғашқы 5 күні барлық материалды 3 деген бағаға меңгеріңіз. Екінші 5 күнде ең нашар білетін тақырыптарыңызды жақсылап меңгеріп алыңыз. Ал соңғы 5 күннің ішінде біліміңізді тест көмегімен тексеріңіз.

ҰБТ кезінде есте сақтау қабілеті жақсаратын мезгілді де ескергеніңіз жөн. Таңертеңгі сағат 8-12 арасында адамның материалдарды меңгеру мүмкіндіктері артады. Бұдан кейінгі жақсы мезгіл – сағат 17-19 арасы. Бәрібір оқыған сабақтарыңыз есте қалмайтындықтан, сағат 13-15 арасында дайындалмаған абзал.

 3. Бірінші қиыны. Дайындықты әрдайым өзіңіз нашар білетін сабақты оқудан бастаңыз. Дайындық пен демалысты кезектестіріп отырыңыз: 40 минут дайындық, 10 минут үзіліс. Демалыс кезінде белсенді қозғалуға тырысыңыз. Үйдегі гүлдерге су құйыңыз, жаттығулар жасаңыз, душқа түсіңіз және 1 стақан су немесе көк шәй ішіп алыңыз. Сусын мидың жұмысын жақсартады. ҰБТ-ның алдында ең қиын сұрақтарды тағы да бір рет қайталап шығу үшін 1 күн қалдырыңыз.

4. ҰБТ тестілерімен дайындалу. Өзіңізден үлкен әпкелеріңіз бен ағаларыңыздан тест кітапшаларын сұраңыз. Интернет сайттарындағы тестілерді орындаңыз. Мұның көмегімен болашақта қандай сұрақтар болуы мүмкін екенін білетін боласыз.

5.Қысқаша конспект дайындаңыз. Өзіңіз білмейтін сұрақты тереңірек талдап, оны қағаз бетіне сурет арқылы немесе сызба арқылы түсіріңіз. Егер естігеніңізді есте жақсы сақтайтын болсаңыз, оқыған конспектілеріңізді аудиожазба ретінде жазып отырыңыз. Оларды автобуста, серуендеп жүрген кезде тыңдауға болады.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ