Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы

0
1748
Иллюстрация: Freepik.com

Бұл жазбада ақпаратты есте сақтаудың тиімді әдістерімен бөлісеміз:

1. Хат жаз

Киото университетінде 2008 жылы өткізілген зерттеулер көрсетті: егер студент жаттауға кіріспестен бұрын 10-15 минут бойы соңғы кездері өмірінде орын алған жағымсыз жағдайлар мен жаман ойларды қағаз бетіне түсіретін болса, оның есте сақтау қабілеті кенет артатыны байқалған. Неліктен дерсің, өйткені адам баласы негативті нәрселерді жақсы есте сақтайды. Егерде сен негативті ойларды қағаз бетіне түсіріп барып, жаттауға кіріссең, ми оны серпінмен «негативті» деп қабылдап, жаттаған ақпаратыңды тез әрі ұзаққа есте сақтайтын болады.

2. Табиғатқа пайымдап қара

Мичиган университетінің психологтары қызықты ғылыми ашылумен бөлісті: табиғатқа зер салып, пайымдап қарау есте сақтау қабілетін 20% арттырады. Кезінде саяжайға барып, сессияға дайындалған студенттер қателеспепті. Айтпақшы, табиғатқа шығу міндетті емес, жай ғана 3-4 минут cұлу табиғат бейнеленген суреттерге зер салсаң да жеткілікті. Өз басым Исландия немесе Жапонияның табиғаты бейнеленген суреттерді үзбей қарап отырамын, есте сақтау қабілетім артып кетті демеймін, бірақ жан дүниеде тыныштық орнатып, көңіл-күй сыйлайды.

3. Қатты дауыстап айт

Ағылшын тілінде жаңа сөздерді қатты дауыстап айтып жаттасаң, оның есте сақтауға әсері зор. «Айғайлап» жаттаған кішкене ерсі көрінер, бірақ кезінде осы әдістің арқасында қазақ-орыс сөздігінің жартысынан астамын жаттап алған-тұғынмын. Сен де байқап көр, көмегі тиер.

4. Мәнерлі бол

Күрделі шет тілдерін үйреніп жүргендерге бір кеңесім бар: барлық жаттап жүрген жаңа сөздерді ишаратпен бейнелеңдер. Егер түсініктірек айтсам: егер «прыгать» деген етістікті үйреніп жатсаң — секір. Ал егер диалогты немесе күрделі фразаны есте сақтағың келсе, көрініс ойнатып жібер. Қара да тұр, әп сәтте есте сақтап алғаныңды байқамай қаласың.

5. Спортпен айналыс

Бұл тақырыпқа көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілген. Өзің де түсініп тұрған шығарсың, зерттеулердің барлығы дерлік спорттың есте сақтауда пайдалы екенін дәлелдеп отыр. Әсіресе, аэробты жаттығулар мидағы қанайналымды және есте сақтауды жақсартады. Кітап оқуға кіріспестен бұрын бірнеше рет физикалық жаттығулар жасап, әлде билеп алcаң қатып кетеді. Одан кейін «Евгений Онегин» жаттау түк болмай қалады.

6. Диктофонға жазып тыңда

Қандай да бір ақпаратты жаттап алған соң, диктофонға дауыстап айтып, жазып ал. Сосын бос уақытың болғанда немесе үйдің тірліктерін жасап жатқанда, құлаққапты киіп ал да, музыка қосқанша, оның орнына жанағы диктофонға жазылған ақпаратты қосып қой. Қазақстан тарихынан 50-100 сұрақ жаттау керек пе, бірінші өзің дауыстап оқып, жатта, одан кейін диктофонға жазып ал да, бірнеше рет тыңда. Көмектеспей қоймайтыны айдан анық.

7. Ортаны өзгерт

Егер кешкісін екі-үш пәнге дайындалатын болсаң, әрқайсысынан дайындықты әртүрлі бөлмеде жасап көр. Әртүрлі жағдайда есте сақталған ақпарат мида араласып кетпейді, ал бұл өз кезегінде өте маңызды!

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Контекстолог деген кім
  10. Копирайтер деген қандай мамандық?
  11. Контекстолог деген кім?
  12. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  13. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ