Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?

0
1655
Иллюстрация: Freepik.com

Кез келген математика пәнін таңдап отырған жас түлек ҰБТ-де келетін 30 есепті шығару үшін міндетті түрде сан түрлі формулаларды есте ұстау керектігін жақсы біледі.

Математикаға икемі барлардың формулаларды есте сақтау мен қолдануда ешқандай қиындықтар тумайды. Ал математиканы дым ұнатпайтын, сонау 5 сыныптан бері оқымай келіп, 11 сыныпта таңдау пәндерінің арасында болғандықтан амалсыздан оқып жүрген жас түлекке қандай шаралар қолдану қажет?

Формулаларды есте сақтаудың қызықты тәсілдерімен таныстырамыз.

Формулаларды есте сақтау туралы мұғалімдерден кеңес сұрағанда, көбісі «Тек есеп шығара бер, сол кезде есте қалады» деп жауап қатады.

Бірақ механикалық «зубрежкадан» да басқа тәсілдер бар. Мысалы — мнемотехника.

Бұл тәсіл ыңғайсыз сияқты көрінуі мүмкін. Алайда формула есте сақтау кезінде осы бір ыңғайсыз әрі күлкілі сәттер саған көп пайдасын тигізеді.

Сонымен, іске көшейік.

Шеңбер ауданының формуласын есте сақтап көрейік:

Супермен (S) түп-түзу жолмен (=) өз-өзінен квадрат дәрежедегі радиация шығаратын (R²) тышқанды (π) қуып жүр.

Сөйлемде формулаға қатысты шамалар аталып өтсе жеткілікті. Пи санын тышқанға теңеуге болады, себебі ол кіші сан.

Дәл осылай логикалық түрде тез есте сақтауға болады, сонымен қатар ҰБТ-де отырғанда да еске түсіруге тым тамаша.

Енді қиындау формулаларды сынап көрейік. Мысалы, интегралдар.

Ньютон-Лейбниц формуласын жаттау тәсілі

А мен Б отырған болатын… Бұл жолы жәй трубкада емес, интегралды трубкада. Олардың қасында фантастикалық f үйшіктер бар-тұғын. Олар (x) қоршаумен қорғалған еді. Үйшіктерде өте бағалы нәрселер бар және А мен Б үнемі сол нәрселерді көруді армандайтын. Олар бұлардың бәрін теңістірді (=) (Ф)антастикалық зат (b)-ның айыру (-) (Ф)антастикалық зат (а). Ал практикалық тұрғыда (Ф)антастикалық бұл шетте тек (x) қоршаулар еді және А мен Б соларға қарап тұрды.

Формуланы осылай түрлендіріп есте сақтаған өте тиімді әрі сен бақылау уақытында ұмытудан аулақ боласын.

Тек фантазия ғана үлкен рөл ойнайды. Фантазияң мықты біреу болсаң, осы тәсілді сынап көр.

Басқа материалдар:

  1. Тұрақты ток. Қайда және не үшін қолданады?
  2. Өлшем бірліктерді SI жүйесіне келтіру
  3. Тербеліс түрлері
  4. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  5. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  6. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  7. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  8. Физика пәнінен кроссворд
  9. Тербеліс туралы түсінік


ПІКІР ҚАЛДЫРУ